Бағдарламалау | Мәліметтер қоры және мәліметтер қорын басқару жүйес
Мазмұны
Кіріспе
1 Мәліметтер қоры және мәліметтер қорын басқару жүйесі
1.1 Мәліметтер қоры өрістерінің қасиеттері
1.2 Мәліметтер типін анықтау
1.3 Мәліметтер қорының объектілері
2 «Гулнур-МН» ЖШС-нің қызметі, мақсаты және мәні
2.1 «Гулнур-МН» ЖШС
2.2 «Гулнур-МН» ЖШС жұмысшыларының жарналарын МҚБЖ-де іске асыру
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Қосымшалар
Кіріспе
Ақпараттардаң құрылымы мен қасиеттерін біліп, оны іздеп табу, ақпаратты алу, жинақтау, сақтау, өңдеу, тарату және күнделікті тіршілікте керегінше пайдалана білу өркениет өріне бет бұрудың негізі.
Қазіргі уақытта адам іс-әрекетінің барлық салаларында компьютерлік технология кеңінен қолданылатын болды және оның маңыздылығы барған сайын арта түсіп отыр. Осыған байланысты, жаңа программалардың тасқыны, көптеген адамдарға кәсіптік-ақпараттық технология құралдарын жоғары дәрежеде білу қажеттігін көрсетеді. Бұл салаға мемлекеттік тұрғыдан да барынша көңіл бөлінуде. Осы орайда жоғары және орта кәсіптік мамандар үшін информатика және компьютерлік техника пәнінің ана тілімізде оқытылуы, қазақ тілінді компьютер программаларының жасалуы бүгінгі өмірдің өзекті қажеттілігіне, сұранымына айналды.
XXI ғасыр адамзат дамуының жаңа сатысы – ақпаратты қоғамға өтуімен сипатталады. Сондықтан да, таза қазақ тілінде сөйлеуге тиісті салалардың бірі – информатика және компьютерлік техника.
Ақпараттың қазіргі әлемдегі маңызы бұрын-соңды болмаған дәрежеге жетті. Осы тектес жұмыстардың сапасы мен тиімділігі экономикамыздың сапасы мен тиімділігін анықтай бастайды. Академик А.А.Харкевичтың есебі бойынша ақпараттық ағынның жалпы мөлшері орташа есеппен өндірістік потенциалдың квадратына пропорционал түрде өсіп отырады. Басқаша айтқанда, еліміздегі өндірістік күштердің екі есе өсуі ақпараттық ағынның төрт есе өсуін қажет етеді. Барған сайын ұлттық дамудың барысы ақпараттық ресурстардың жағдайына тәуелділігі арта түседі. Соғыстан кейінгі дәуірде ең бірінші болып «ақпараттық революцияның» жемісін өз пайдасына қолдана білген халық –жапондықтар болды.
XXI ғасырдың бас кезіндегі адамзаттың даму процесі информациялық қоғамның қалыптасуымен ерекшеленеді, оның негізгі бағыты информация және оны өңдеу ұғымымен анықталады. Осыған байланысты бірінші кезекке қарапайым еңбек құндылығы мен табиғи байлықтар емес, білім құндылығы шығады. Информация мемлекеттің даму деңгейін анықтайтын стратегиялық ресурсқа айналып, ақпараттық мәдениетті қалыптастыру, яғни мәлімет өңдеу мен оны тасымалдау ісін атқару өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылады.
«Ақпараттық революцияның» негізінде басымыздан өткеріп отырған қазіргі кездегі микропроцессорлық техника мен оның технологиясының қарқынды өсуі жатады. Көшірме машиналардан бастап телекске дейін, электронды – есептеуіш машиналардан (ЭЕМ) бастап байланыс серіктеріне дейін әр түрлі техниканы өндіретін ақпаратты – индустрия қарқынды дамуда.
Соңғы кездегі жеке пайдаланылатын компьютерлердің өндірісте, бизнесте кеңінен қолданыла бастауы жалпы көпшілікке кәсіби информациялық технологияларды пайдалана білудің аса қажеттігін көрсетеді. Біздің қоғамымызда болып жатқан өзгерістер орта білім беру саласының дамуына да өзгерістер енгізуге себепші болды. Айта кету керек, еліміздегі мыңнан аса мектептерге интерактивті тақталар орнатылды. Міне, осының бәрі ақпараттық қоғамның жоғарылағанын, дамып келе жатқандығын, әлі де дами беретіндігін көрсетпей ме?!
Ақпараттық қоғамға көшу перспективалары әлеуметтік, құқықтық және техникалық сипаттағы көптеген мәселелерге қозғау салды. Мысалы, өндірісте автоматтандырылған техниканы пайдалану адамның қатысуына бағдарланған бүгінгі технологияны толық өзгертуге әкелді деуге болады. Мұндай технологияларды жасау ісі басталып та кеткен. Жаңа қоғам мүшесін өз бетінше өмір сүруге дайындау да өзгеріп келеді. Оқытудың жаңа түрлерін жасаудағы ізденіс жұмыстары да жанданып келеді. Олар келешекте бүгінгі дәстүрлі түрлердің орнын баспақ. Мамандықтар, кәсіпкер номенклатурасы мен еңбекті ұйымдастыру әдістері де толығынан өзгерістерге ұшырамақ.
Американдықтар ең соңғы ғылыми – техникалық жетістіктерді біліп отыру үшін қазіргі таңда «шет елдерде барлық маңызды зерттеулер бойынша шығатын ақпараттарға иелік жасау керектігін» мойындап отырғандай. Ақпараттық тұрғыдағы надандық бұл күндері технологиялық банкроттыққа, ұлттық тоқыраушылыққа соқтырады, Елді шикізаттық колонияға және көнеленген технологияны үйіп тастайтын қоқыс алаңына айналдырады.
Жаңа технологияның маңыздылығы – оның көптүрлілігінде және барлық саланы қамту сипатында. «Ақпараттық экономика теория ғана емес, өндірісте немесе қызмет көрсету аясында экономикаға бет бұрмаған бір де бір сала жоқ», - дейді американдық экономист П. Хауке. 70-жылдар шамасында Батыс елдеріндегі ғылыми және техникалық прогрестің көшбасшылары «ақпараттық қоғам» туралы бір ауыздан айтқан еді. Бүгінде пайда болған сол қоғамның қазіргі талабы мен ұраны: «Неғұрлым көбірек және тезірек ақпарат алу» болып отыр.
Өмір ағымының жылдамдауы, автоматтандыру нәтижесінде өндіріс процесін интенсификациялау, білімді жылдам жинақтау – осының барлығы А. Тоффлердің айтуынша жіберіп алған уақыттың экономикалық маңызын арттырады. Бұл белгілі футуролог «Келешекпен бетпе – бет келу» атты кітабында : «Ақпарат пульсі бұрынғыға қарағанда анағұрлым жалдамырақ соғуы керек» дейді.
« Ақпараттық жаңа әлемде » бәрінен бұрын екі кезең нақты болып шықты. Біріншіден, қоғамның бұрын болмаған дәрежеде ақпараттық техникаға қол жеткізуі. Бұл салада: өкіметтік мекемелерде және іскерлік кеңселерде, ауруханалар мен кітапханаларда, зауыттар мен ғылыми – зерттеу институттарда, мектептер мен университеттерде, банктер мен дүкендерде, аэропорт пен полиция бөлімшелерінде жүріп жатыр. Екіншіден, мұның қызмет етушілері мен адаптерлерінің саны көп есе өсіп кетті. Дерек көздерінің көрсетуінше, 1975 жылдан бастап-ақ істеген американдақ азаматтардың жартысынан көбі негізінен ақпаратты өңдеумен немесе соған байланысты жұмыстармен айналысқан.
Әлем қазіп ақпараттық қоғам табалдырығында тұр. Ондай қоғамда ақпаратты тарату, сақтау және өңдеу жүйесі аса маңызда рөл атқарады. Уақыты келгенде әлемдік байланыс жүйесі сияқты әлемге ортақ ақпараттық орта пайда болып, олар адамзат баласы жинаған ақпараттан кез келген адамның өзіне қажетті ақпаратты алуын қамтамасыз етеді. Компьютердің интеллектуалдық роботтармен қатар адам іс-әрекеттерінің барлық саласына енуі адамдар тіршілік ететін дәстүрлі ортаны түбегейлі өзгеріске ұшыратады. Ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу және қорғаумен кәсіби тұрғыда адамдар саны көбеюде. Ақпарат аса бағалы тауар болып отыр, ақпарат индустриясы болашақ қоғамда бұдан да маңызды құбылыс болмақ.
Дүниежүзілік тарихтың мойындағанында үш ірі ағын тоғысатындай: технология ағыны, ақпарат ағыны және осының бәрін жасаған және олардың бәріне қызмет етуші адамдар ағыны. Белгілі мөлшерде ақпараттық тұрғыда бұрынғыдан жаңа, анағұрлым зор өркениет туралы айтуға болады. Бұл өркениетте мың жылдық тарихы мен дәстүрі бар кәсіптер көз алдымызда жойылып, бұрын белгісіз жаңа мамандықтар пайда бола бастайды. Адамдардың қызметі мен міндеттері де, олардың еңбектерінің сипаты да өзгеруде. Адамдар қатынасында, басқару мен ұйымдастыру түрлерінде де өте үлкен өзгерісте болып жатыр.
1. Мәліметтер қоры және мәліметтер қорын басқару жүйесі. Мәліметтер қорының негізгі түсінігі
Ақпараттарды реттеу үшін ақпараттардың тақырыптары, өзара қисынды біріктірілген арнайы анықтамалар, каталогтар, картотекалар, энциклопедиялар және т.б. бар. Сонымен қатар, ақпараттардың ағымы үнемі ұлғаюда және бүгінгі күнде ешқандай анықтамалар ақпаратты үнемі және өз уақытында жаңартып отырмақ түгілі, оны сыйғыза да алмайды. Бұл проблеманы шешу үшін көмекке компьютерлік технологиялар келеді. Компьютерде есептеуді жүргізетін, графикалық бейнелерді, мәтіндерді құруға арналған бағдарламадан басқа, үлкен көлемді ақпараттарды сақтау, өңдеу және іздеу үшін арнайы бағдарламалар бар. Мұндай бағдарламалар мәліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ) деп аталады. Ол туралы айтпас бұрын, мәліметтер қоры деген түсінікті қарастырайық. Қандай да бір тасушыда, мысалы, қағазда, кино – таспада, магниттік дискіде сақталған арнайы ұйымдастырылған мәліметтердің жиынтығын мәліметтер қоры деп түсінуге болады. Бір қорда орналасқан мәліметтер қоры қисынды болуы керек. Бұл нақты параметрлері, қасиеттері бойынша, яғни бір – біріне қатысының белгілері бойынша мәліметтерді біріктіру жолымен іске асырылады.
Мәліметтер қорының жіктелуі
Мәліметтер қоры негізінен үш белгісі бойынша жіктеледі. Бірінші белгісі – сақталынған информацияның сипатына қарай мәліметтер қоры фактографиялық және құжаттық болып бөлінеді.
Фактографиялық мәліметтер қоры қатаң анықталған пішімде ұсынылған, жазылған объектілер туралы қысқаша мәліметтерден тұрады.
Құжаттық мәліметтер қоры әр типтегі: мәтіндік, графикалық, мультимедиялық, дыбыстық кең көлемдегі информациядан тұрады. Құжаттың мәліметтер қоры – бұл архив.
Екінші белгісі – информацияларды сақтау әдісі бойынша мәліметтер қоры орталықтандырылған және бөлектелінген болып бөлінеді. Орталықтандырылған мәліметтер қорында барлық информациялар бір компьютерде сақталады. Бөлектелінген мәліметтер қоры компьютердің жергілікті және ауқымды желілерінде қолданылады және информацияның әртүрлі бөліктері бөлек компьютерде сақталуы мүмкін.
Үшінші белгісі – информацияны ұйымдастыру құрылымы бойынша мәліметтер қоры реляциялық, иерархиялық және желілік болып бөлінеді.
Реляциялық мәліметтер қоры деп өзінің құрамды бөліктерінің өзара байланысынан құрастырылған мәліметтер қорын атайды. Қарапайым жағдайда ол бір тікбұрышты кесте құрайды. Күрделі реляциялық мәліметтер қоры көптеген тікбұрышты кестеден тұрады. Бұдан мәліметтер қорының екінші аты туындайды – кестелік мәліметтер қоры.
Кестелердегі мәліметтердің арасында қатынастың өте кең тарағаны және әсіресе жиі қолданылатыны – қатарларында объектілер туралы информациядан, ал бағандарында объектінің жеке қасиеттерінен тұратын қатынасы бар «объект – қасиет» типі болып табылады.
Реляциялық мәліметтер қорында қатарлар жазбалар деп, ал бағаналар өрістер деп аталады.
Кестенің әрбір өрісінің аты бар, мысалы, фамилиясы, аты, туған жылы, жынысы, ұлты деп те өріске ат беруге болады.
Бір жазба мәліметтер қорының бір ғана объектісі туралы информациядан тұрады. Біз өрістердің аттары болады деп айттық және олар осымен бір – бірінен ерекшеленеді. Ал, жазбалар бір – бірінен немен ерекшеленеді? Жазбалар бір – бірінен өрістің түйінді мәнімен ерекшеленеді. Мәліметтер қорының кілті деген – басқа жазбаларда қайталанбайтын мәндері бар өріс.
Реляциялық мәліметтер қорында өрістердің негізгі төрт типі қолданылады: сандық, символдық, күн, логикалық.
Сандық тип мағынасы тек сандар: бүтін, бөлшек, ондық (салмақ, адамдар саны, арақашықтық және т.б.) болатын өрістерден тұрады.
Символдық тип символдық информациясы бар өрістерден тұрады, бірақ символдық информация цифрлардан, мысалы, реттік нөмір, телефон нөмірлері, т.б. тұруы мүмкін. Сонда бұл өрістерге символдық тип беру қажет.
Күн типінің күнтізбелік күндерден (кк/аа/жжжж) тұратын өрістері бар.
Логикалық тип «Иә» - «Жоқ» немесе «Ақиқат» - «Жалған» деген екі мәнді қабылдай алатын өрістерден тұрады.
Мәліметтер қоры құрылғаннан кейін жазбалармен мынадай келесі операцияларды: жазбаларды қосуға және өшіруге, оларды түзетуге, сұрату бойынша есептерді сұрыптауға, пішімдеуге, информацияларды іздеуді іске асыруға болады. Информацияларды іздеу – іздеудің шарты бойынша іске асырылады. Іздеу шарты логикалық өрнек формасында жазылады.
Информацияларды жылдам іздеу үшін мәліметтер қорының жазбасын сұрыптап алған жөн. Жазбаларды өрістер бойынша өсу немесе кему ретінде немесе алфавиттік ретте сұрыптауға болады, сонда өзімізді қызықтыратын информация аламыз.
Мәліметтер қорын құрастырғанда оған қандай мәліметтер енгізіледі, олар қалай сақталады, қандай өрістер түйінді болады, өрістердің типі қандай болатынын анықтап, сонымен қатар, оларға қатынауды қалай орындауға болатынын нақты ойластыру қажет. Бұл процесс мәліметтер қорын жобалау деп аталады. Жобалау компьютердің көмегінсіз іске асырылады. Жобалау дегеніміз – мәліметтер қорын теориялық түрде тұрғызу.
Мәліметтер қоры дегеніміз ақпаратты сақтауға және жинақтауға арналған ұйымдасқан құрылым. Ең алғаш мәліметтер қоры ұғымы жаңадан қалыптасқан кезде онда шындығында мәліметтер сақталатын. Бірақ қазіргі кездегі көптеген мәліметтер қорын басқару жүйелері өздерінің құрылымдарында тек мәліметтерді ғана емес, сонымен қатар оның олардың тұтынушылармен және басқа да ақпараттық - программалық кешендермен қарым - қатынасының әдістерін де қамтиды. Сондықтан біз қазіргі заманғы мәліметтер қорында тек мәліметтерді ғана емес, ақпарат та сақталады деп айта аламыз.
Осы айтылғанды мысалмен түсіндіре кетелік. Үлкен банкінің мәліметтер қорын қарастыралық. Мұнда тұтынушы туралы, оның адресі жайлы, қаржылық амалдары, несие алу тарихы және т.б. мәліметтер бар. Бұл мәліметтер қорына көптеген банк қызметкерлері қатынай алады, бірақ олардың іштерінде тұтастай базаға кіріп, оған өзгерістер кіргізе алатын қызметкер жоқ. Сонымен қатар, әрбір қызметкердің өзіне берілген нақты мәліметтермен жұмыс істеуін қамтамасыз ететін мәліметтер қорының әдістері мен құралдары да бар.
Мәліметтер қорын басқару жүйесі дегеніміз - жаңа мәліметтер қорын құруға, оны мәліметтермен толтыруға, оның мазмұнын редакциялауға, оларды реттеуге, безендіруге және басқа құрылғыларына шығаруға немесе байланыс арналарына жөнелтуге арналған программалық құралдар кешені.
Дүние жүзінде мәліметтер қорын басқару жүйелерінің түрлері өте көп. Олардың әр біреуінің түрлі объектілермен жұмыс істеу ерекшеліктеріне, қолданушыға ұсынатын қызмет түрінің өзгешелігіне қарамастан, оларда ортақ ұғымдар кешені қалыптасқан. Сондықтан бізге бір ғана мәліметтер қорын басқару жүйесін қарастырсақ жеткілікті. Солардың ішінен Місrosoft Office программасының құрамына кіретін Місrosoft Ассеss 2010 мәліметтер қорын басқару жүйесін тандап алдық.
Қарапайым мәліметтер қорының кұрылымы
Қорға ешқандай мәліметтер енгізілмеген жағдайда ол мәліметтер қоры болып қалады. Өйткені, онда мәліметтер болмаған күннің өзінде де, қандай да ақпарат бар - бұл мәліметтер қорының құрылымы. Ол мәліметтерді енгізудің және сақтаудың әдістерін анықтап береді. Мәліметтер қоры көптеген объектілерден тұрады. Бірақ, олардың ең негізгісі кесте болып табылады. Ең қарапайым мәліметтер қоры тек бір ғана кестеден тұрады. Сәйкесінше ең қарапайым мәліметтер қорының құрылымы сол кестенің кұрылымымен анықталады.
Біз білеміз, екі өлшемді кестенің құрылымы жолдар мен бағандардан құрады. Олардың аналогы ретінде қарапайым мәліметтер қорында өрістер мен жазбаларды айтамыз. Өрістердің құрамы мен қасиеттерін өзгерту арқылы мәліметтер қорының құрылымын өзгертеміз......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: курстык жумыс Мәліметтер қоры және мәліметтер қорын басқару жүйес курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар бағдарламалау жобалар курстық жұмыстар