Саясаттану | Мемлекеттің бәсәке нарығындағы монополияға қарсы саясаты

 Саясаттану | Мемлекеттің бәсәке нарығындағы монополияға қарсы саясаты

[quote]
Мазмұны
Кіріспе
І.Монополия түсінігінің негіздері
1.1.Монополия және оның түрлері
1.2.Монополиялық билік
ІІ.Мемлекеттің бәсәке нарығындағы монополияға қарсы саясаты
2.1.Монополияға қарсы қолданылатын заңдар мен ережелер
2.2.ҚР-ң монополияға қарсы заңдары
Қортынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Нарық құрылымының ерекшеліктерін сипаттайтын ең басты көрсеткіштердің бірі, осы қарастырылып отырған нарықтағы фирмалардың саны болып табылады. Жетілген бәсекелес нарығында тауарды сатушылар және сатып алушылар саны өте көп болады, сондықтан олардың әрқайсысы жеке түрде тауардың нарықтық бағасына әсер ете алмайды. Тауардың бағасы нарықтағы сұраныс пен ұсыныс арасындағы байланыс арқылы анықталады. Осының салдарынан тұтынушылар мен сатушылар жетілген бәсеке нарығында тауардың бағасын тұрақты деп және өздерінің бақылауынан тыс деп қабылдайды. Өнім өндірушілердің басты мақсаты пайданы ең жоғары деңгейге жеткізу, сондықтан олар әрдайым ұтымды өнім көлемін анықтауға ынталанады.
Монополиялық өндірісте ірі фирмалардың жұмыс істеуі тиімді, себебі ірі өндірістің шығындары ұсақ өндірістің шығындарынан гөрі төмен болатыны практика жүзінде дәлелденген. Мысал ретінде табиғи монополияны айтуға болады.
Монополияны тек қана экономикалық шектеулер емес, сонымен қатар құқықтық шектеулер де қорғайды. Құқықтық шектеулердің көп тараған түрі - жеке меншік құқығы. Егер бір фирманың меншігінде өте сирек кездесетін шикізат болса, онда бұл фирма монополист болады. Легальды тосқауылдарға патенттер мен авторлық құқықтар жатады. Жаңалық ашқан адам патент алмаса, онда ол өзіне берілетін ерекше жеңілдіктерге ие бола алмайды. Легальды тосқауылдың негізгі мәнін былай түсінуге болады: патентің болса - құқығың бар, ал патент жоқ болса — құқығы да жоқ. Бұл жағдайдың біздің мемлекетіміз үшін маңызы зор, өйткені Кеңес үкіметі кезіндегі ойлап тапқан жаңалықтардың көбінің мемлекетаралық патенті жоқ болды, сондықтан да бұл жаңалықтарды шет елдің адамдары тегін пайдалануда.
Монополия түсінігінің негіздері
1.1.Монополия және оның түрлері
Монополия (грек - mono - жалғыз, polіo - сатамын) жеке өндіруші тауар рыногын бақылап және сол рынокта үстем орын алған кезде пайда болады.
Монополияның мақсаты - рынокта баға мен өндіріс көлемін бақылау арқылы мүмкін болатын жоғары табыс алу. Мақсатқа жету құралы болып орташадан жоғары пайданы қамтамасыз ететін монополиялық баға құрылуын ұсынады.
Монополия бірнеше компаниялардың қосылуы арқылы құрылады және мынадай ұйымдық формалары бар:
Картель - шығарылып отырған өнім мен өткізу рыногын бөлу туралы келісім квотасы (саны).
Синдикат - өнімді бірлесіп өткізуді ұйымдастыру мақсатымен бірігу.
Трест - монополияға енетін фирмалардың меншік, өндіріс және өнімді өткізуге байланысты бірігуін айқындайды.
Концерн - қаржы орталығы бір, бірақ жалпы технологиясы кірген әр түрлі фирма, салалардың ұйымдық формалары кіретін монополия.
Конгломерат - басты фирманың қызмет өрісімен өндірістік және технологиялық байланысы жоқ ірі корпорациялардың салаға кіруіне негізделген бірлестік. Монополияның пайда болуы бәсекені жетілмеген (жетілмеген бәсеке рыногы) сипатта дамытады.
Жетілмеген бәсеке деп еркін бәсекенің шарттарының кем дегенде біреуі орындалмайтын рынокты атайды.
Жетілмеген бәсеке үш типке бөлінеді: монополиялық бәсеке, олигополия, таза монополия.
Монополиялық бәсеке кезінде рынокта сатушылар мен сатып алушылардың саны бірнешеу болады. Бірақ жаңа құбылыс пайда болады - өнімнің дифференциациясы, яғни өнімнің даярлығы оны басқа бәсекелестің ұқсас тауарларынан айырып тұратын қасиетінің болуы. Ондай қасиеттер: өнімнің жоғарғы сапасы, әдемі орамы, сатудағы жақсы шарттар, дүкеннің жағымды орынға орналасуы, жоғары деңгейдегі сервис және тағы басқалары болып табылады.
Осындай артықшылықтарға ие бола отырып, дифференциалданған өнімнің иесі белгілі бір деңгейде монополист болады және бағаға әсер ету мүмкіндігіне ие. Бірақ, әрбір сатушының сату көлемі жоғары болмағандықтан, бірде монополист - фирмалар көп болады да, олардың әрбіреуі рыноктық бағаны шектелген түрде бақылай алады - бұл монополиялық бәсекенің ерекше белгісін көрсетеді.
Таза монополия рынокта ешқандайсыз бәсекелестерсіз бір ғана сатушы болған кезде пайда болады. Оның ерекшелігі, сатушы өз бағасын өте кең шектікте ауыстыра алады, ал максималды жоғары баға тек төлем қабілетін сұраныспен шектеледі. Кейбір жағдайда рынокта тек бір ғана сатып алушы болады. Ол монопсония деп аталады (жалғыз сатып аламын).
мемлекет бәсекені қолдай отырып, монополизмге қарсы тұруға ұмтылады. Бұл үшін маңызды құрал болып антимонополиялық заңдар қолданады, яғни бәсеке мен монополияның арасындағы тепе-теңдікті мемлекеттік қолдау құралы болып табылатын зандар пакеті қабылданады.
Антимонополиялық заңдар 1880 ж. АҚШ-та қабылданған. Қазіргі аңтимонополиялық заңдар екі бағытта жұмыс істейді: бағаны бағалау және компаниялардың қосылуын бақылайды.
Қазақстанда 1996 ж. Бәсеке және сауда рыногындағы монополиялық -қызметі шектеу туралы заң қабылданды және антимонополиялық саясат бойынша мемлекеттік комитет құрылды. Бірақ, заң әлі жетілмеген және толық қолданылмайды,
1.2.Монополиялық билік
Нарық құрылымының ерекшеліктерін сипаттайтын ең басты көрсеткіштердің бірі, осы қарастырылып отырған нарықтағы фирмалардың саны боп табылады. Жетілген бәсекелес нарығында тауарды сатушылар және сатып алушылар саны өте көп болады, сондықтан олардың әрқайсысы жеке түрде тауардың нарықтық бағасына әсер ете алмайды. Тауардың бағасы нарықтағы сұраныс пен ұсыныс арасындағы байланыс арқылы анықталады. Осының салдарынан тұтынушылар мен сатушылар жетілген бәсеке нарығында тауардың бағасын тұрақты деп және өздерінің бақылауынан тыс деп қабылдайды. Өнім өндірушілердің басты мақсаты пайданы ең жоғары деңгейге жеткізу, сондықтан олар әрдайым ұтымды өнім көлемін анықтауға ынталанады.
Бәсекелесу деген сөздің өзі экономикалық пайданы бөлу және тұтынушының таңдауының бар екендігін көрсетеді. Дәл осы себептен де өндірушілер тұтынушының сұранысын арттыру үшін әрекеттер жасайды. Ал монополия жағдайында тұтынушының алдында бір ғана ірі өндіруші тұрады. Тұтынушы қаласа да, қаламаса да монополистің өнімін пайдаланып, оның тағайындаған бағасын қабылдауға мәжбүр болады. Монополистің үлкен билікке ие болуына оның тауарының ерекшеленуімен қатар, осы тауардың алмастырушысы аз болуы да әсерін тигізеді. Бұл 1-суретте бейнеленген.
1-сурет. Монополияның ерекшеліктері.
Берілген тауарды өндіретін тек бір ғана жеке фирма бар және осы тауарды ауыстыратын басқа тауарлар жоқ деп ұйғарсақ, онда мұндай нарық - монополия, ал фирма - монополист деп аталады. Монополист берілген тауарды өндіретін жалғыз фирма болғандықтан оның сұраныс қисығы бір мезгілде нарықтың сұраныс қисығы болып табылады және ұсынылған тауардың шамасының бағасын анықтайды. Монополист өзінің ерекше жағдайын пайдаланып, тауардың бағасын бәсекелес бағасынан әлдеқайда жоғары деңгейде белгілейді және де бәсекелес фирмаға қарағанда тауарды аз мөлшерде ұсынады. Егер сатушы өз тауарының шығару көлемін өзгерту арқылы нарықтық бағаға әсерін тигізе алса, онда ол монополиялық билікке ие болады деп айта аламыз
Егер нарықта жеке өндірушінің монополиялық билігі орнықса, онда қоғам жалпы белгілі шығындарға ұшырайды, себебі тұтынушылар тауарды тұтынудың көлемін азайта отырып, тауарға жоғары баға төлейді. Сондықтан да дүние жүзінің көптеген елдерінде нарықты монополиялауды шектейтін монополияға қарсы заңдар қабылданып, іске асырылуда. Бұл заңдарға қарамастан әлемнің барлық елдерінде өндіруші-монополистер бар. Экономикалық тұрғыдан қарағанда тиімді болады деп есептелетін кейбір нарықтарды монополиялауға да мүмкіндіктер туғызылады. Оларды монополиялық нарыққа енудің тосқауылы деп атайды. Және де олар кез келген жаңа өндірушінің нарыққа кіруіне мүмкіндік бермейді.
Бұл шектеулер төмендегідей:
1) ірі өндірістің басымдылығы;
2) легальды тосқауылдар (шикізат қорын, жерді ғылым мен техниканың жетістіктерін монополиялық түрде иелену, тауарды жеке өндіру үшін өкіметтен алынған ерекше ерекше құқықтар);
3) бәсекелесуді әділетсіз жүргізу.
Ірі өндірушілердің ұсақ өндірушілермен салыстырғанда өте көп артықшылықтары бар. Мысалы, ұсақ бәсекелестердің шикізат көзіне, несиеге, нарықтық ортаға шығуына ірі өндірушілер тосқауыл қоя алады.
Легальды тосқауылдың тағы бір түрі жеке өндірушіге мемлекет тарапынан белгілі бір тауарды өндіруге ерекше түрде (монополиялық) құқық беру. Бұндай жағдайда елдің ұлттық қауіпсіздігі көзделеді. Көп жағдайда арақ-шарап өнімдері, қару-жарақ шығару, дәрі-дәрмек шығаруда қолданылатын есірткілік заттар бір мемлекеттік фирмада өндіріледі.
Бәсекені әділетсіз түрде жүргізудің негізгі түрі - демпинг - бәсекелесін ығыстыру мақсатында өнімді өзіндік құнынан төмен бағамен сату. Ірі фирмалар - олар мүмкіндігі мол монополистер. Олардың қаржы мүмкіндіктері де жоғары. Сондықтан да тауарларды өздеріне тиімсіз бағамен ұзақ уақыт сату арқылы, ұсақ фирмаларды нарықтан ығыстырады. Ұсақ фирма шыдамай нарықтан кеткен соң, ірі фирма бағаны көтере отырып, өз шығынын қайтарып алады. Өкімет тарапынан бәсекені әділетсіз жүргізу қадағаланады.
Нарықты монополиялаудың негізгі себептеріне байланысты монополияның төмендегідей түрлері болады:
1) Жабық монополия. Ол бәсекелестіктен заңды шектеулер көмегімен қорғалған.
2) Табиғи монополия. Белгілі бір көлемдегі өнімді бір фирмада өндіру, оны екі немесе одан да көп фирмаларда өндіргеннен арзанға түсетін өндіріс саласы.
3) Ашық монополия. Берілген тауарды өндіретін тек қана бір фирма болып және оның бәсекелестіктен ешқандай арнайы қорғанышы жоқ болатын жағдай.
Монополистің өнім көлемін белгілеуі
Монополистің өнім шығарушы ретінде бәсекелес фирма сияқты өндіріс мақсаты — пайданы ең жоғары деңгейге жеткізу болып табылады. Монополист жалғыз өндіруші болғандықтан, нарықтық жағдайды толығымен бақылап, өз шешімі бойынша тауардың нарықтық бағасын белгілей алады. Монополистің сұраныс қисығының бұрыштық коэффициенті теріс сан болады. Сондықтан да, монополист төменгі бағаны белгілей отырып, өнімнің мөлшерін нарықта арттыруы мүмкін. Монополист тауар бірлігінің бәріне бір баға белгілейтін болғандықтан, тауардың бағасы монополистің орташа түсімін көрсетеді. Демек, монополиялық фирманың сұраныс қисығы орташа түсімінің де қисығы боп табылады. Өнім бірлігінің бағасы монополиялық жағдайда өзгермелі шама болады және өндіріс көлемінің функциясын көрсетеді:
Р = P(Q).
Монополист өндірушінің пайдасы төмендегідей формуламен анықталады:
Енді пайданы барынша көбейту шартын анықтаймыз:
немесе MR = MC.
Бұдан монополистің пайдасы өндірістің шекті шығындары (МС) шекті түсімге (MR) тең болғанда ғана ең көп болатынын көреміз.
Өндірушінің жалпы түсімі ТR = P(Q) * Q формуласы бойынша анықталатынын біле отырып, шекті түсімді есептеп шығарамыз:
Сұраныстың бағалық икемділігі былай анықталатыны белгілі: немесе
Бұдан, пайданы мейлінше көбейту шартын мына түрде көрсетуімізге болады:
Жалпы жағдайда сұраныстың икемділік коэффициенті Е < 0, демек монополиялық нарықта тауардың бағасы өндірістің шекті шығынына қарағанда жоғары болады, яғни Р > МС. Монополиялық нарықта Р = МС тендігі Е = О болғанда ғана орын алады, ал басқа жағдайларда Р > МС. Бұл монополистің белгілейтін бағасы шекті шығыннан сұраныс икемділігіне кері пропорционал шамаға артық болатынын көрсетеді. Шекті түсімнің формуласынан, монополист өндірушінің жалпы табысы тауардың бағасы мен сұраныс икемділігіне байланысты екенін көрдік. Осы байланысты талдау үшін, сұраныс икемділігі өзгеруіне сәйкес жалпы табыстың қалай өзгеретінін сипаттайтын кесте құрамыз:
№1-кесте
Осы кестенің берілгенін пайдаланып сұраныс, шекті түсім, жалпы түсім және сұраныс икемділігі арасындағы қатынастарды көрсететін график тұрғыза аламыз.
2-суреттен көрініп тұрғандай, егер монополистің сұраныс қисығы түзу формада болса, онда шекті түсім қисығы көлденең осьте сұраныс қисығының жартысын қиып өтеді. Бұл ереже сұраныс қисығы түзуден өзге формада болатын жағдайда қолданылмайды. Ешқандай өндіріс шығынсыз болмайтыны белгілі. Демек, өндірістің кез келген монополистің шекті шығындары көлемі үшін МС > 0 болады.
2-сурет. TR, MR, AR, Е арасындағы байланыс.
Монополист барынша көп пайдаға МС = MR болғанда жететін болғандықтан, өндіріс көлемі ұтымды болу үшін, ол кез келген өнім көлеміне сәйкес болатын шекті түсім оң сан болатын жағдайды көздейді, яғни
MR > 0 немесе
Егер өнімге деген сұраныс икемді болса, шекті табыс оң болады, яғни ∞ < Е
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру