Тарих | Мемлекеттік реттеудің тоталитарлық варианты (Италия негізінде)
Мазмұны
Кіріспе 3
Мемлекеттік реттеудің тоталитарлық варианты (Италия негізінде)
1. 1922 жылғы билік басындағы саяси дағдарыс және фашистік
диктатураның орнауы 6
2. Италиядағы империалистік теңденцияның күшеюі және
фашистік диктатураның күйреуі 18
Қорытынды.................................................................................................... 25
Пайдаланылған әдебиеттер........................................................................... 27
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Германия жәнс Италия елдерінің тарихы дүниежүзілік тарыхтың құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл екі мемлекеттегі әлеуметтік, экономикалық, саяси жағдай фашизмнің орнауына мүмкіндік тудырды. Италияда алғашқыда демократия барлық проблемаларды шешудің кілті болып есептелінген еді. Алайда, демократия дегеніміз жалпы сайлау құқы, бостандық, көппартиялық, өзімен-өзі жұмыссыздықты, бағаның өсуін, өндірістің қүлдырауын жоя алмайтындығы айқындалды. Кей жағдайларда демократияның орнауы мемлекеттік өкімет билігін әлсіретті. Демократия көңіл толмағандық та бірден жалпы сипат алды. Осылайша, Италияда фашизм орнады.
Дүниежүзі халықтарының сұрапыл қанды қырғынға ұшыратқан Италия және Германия фашизміне біршама сипаттама берсек: Фашизм (итальянша fascisma деген сөзден шыққан. Байланыс, одақ деген мағынаны білдіреді.) -реакциялық саяси ағым. Оның негізгі идеологиясы шовинистік, агрессиялық бағыт болып табылады. Ол өзінің пайда болу кезінен бастап адамзат прогресіне қауіп төндірді. Фашизмнің билік басына келуімен буржуазия ашық террорлық іс-әрекет жүргізген фашистерге жол берді. Барлық фашистік режимдерге тән сипат, ол күресудің террорлық әдісімен антикоммунистік және антисемиттік бағыт ұстанды.
Ең алғашқы фашистік ұйымдар - «Фаши ди комбаттименто» (ағымның атауы осыдан шыққан.) Италияда 1919 жылы наурызда пайда болды. Ол билік басына монополистік буржуазияның және монархияның қолдуымен билік басына 1922 жылы қазанда келді.
1919 жылдың басына қарай Германияда фашистік партия пайда болды. Ол 1933 жылы 30 қаңтарда монополистік буржуазияға, рейхсвердегі реакцияшыл топтарға, юнкерлік - дворяндық топтарға сүйене отырып билік басына келді.
Осылайша билік басына келген Италия және Германия фашистік режиммінің негізгі сыртқы саясаты дүниежүзінде үстемдік құру болатын. Олар жаулап алған жерлерінде бейбіт тұрғындарға қарсы оқ атып, әлем алдында кешірілмес қылмыс жасады.
Фашизм - XX ғасырдағы көбінде Еуропалық саяси қозғалыс, мемлекетті басқарудың арнайы түрі. Ол дүниежүзі халықтарына теңдесі жоқ азап әкелді. Нақты айтқанда, Германия мен Италия сияқты фашистік мемлекеттер екінші дүниежүзілік соғыс отын тұтандырушылардың басты айыптылары болды. Осылайша, Италия мен Германия дүниежүзінің тарихи дамуына үлкен ықпалын тигізді.
Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 61 жыл уақыт өтсе де, оның зардабы әлі ұмытыла қойған жоқ. Адамзат тарихындағы үлкенді-кішілі соғыстардың ішінде фашистік Германия мен Италияның тұтандырған екінші дүниежүзілік соғысы ерекше орын алады. Бұл соғыс 50 миллион адамның өмірін қиып кетті. Адамзат тарихында үлкенді-кішілі 14,5 мың соғыстар болған екен. Бұл соғыстар 4 млрд адамның өмірін жалмап кетті. Олардың ішінде 7 жылдық, 30 жылдық, тіпті 100 жылдық соғыстар болды. Бірақ ең көп қан төгілген және ең сорақысы - 6 жылдық II дүниежүзілік соғысы. Бұл соғысқа жер шарындағы халықтарының 5/4 бөлігі қатысты. Қарулы қақтығыс Еуропаның, Азияның және Африканың 40-тан астам елінде орын алды. Бұл соғыста жаңа заман талабына сай әскери қару-жарақпен жабдықталған бірнеше миллион әскер қатысты. Егер фашистер бастаған басқыншылар жеңіске жеткенде адамзат тарихында түнек пен жабайылық орын алар еді. Бұл тарихта ең көп қан төгілген, Еуропаны қираған үйіндіге айналдырған ең аяусыз соғыс болып табылады.
Тақырыптың мақсаты мен міндеті. Дипломдық жұмыстың мақсаты Италия мен Германиядағы фашизм ерекшеліктерін, оның билік басына келу жолын егжей-тегжейлі зерттеу.
-Италиядағы 1922 жылғы билік басындағы саяси дағдарыстың алғышартын;
-фашистік диктатураның билік басына қалай келгендігін;
-фашистер өз кабинетін құрғаннан кейін Италияда империялық теңденцияның күшеюін талдау;
-Германиядағы фашистік режимнің ерекшеліктеріне келер болсақ, Германиядағы фашистік қозғалыстың пайда болуы;
-Адольф Гитлердің үкімет басына келуі мәселесіне талдау жасау;
-Екінші дүниежүзілік соғыс өртін Германия және Италия сияқты фашистік мемлекеттер не себепті тұтатты? Фашистік Германияның агрессиясы қай елдерге бағытталды? Соғыстан кейінгі жалпы халықаралық жағдайдың жай-күйі қандай болды? Міне, осы секілді сұрақтарға дерек көздерін пайдалана отырып жауап беру диплом жұмысының мақсаты болып табылады.
Тақырыптың тарихнамасы. Италия және Германиядағы нацизм мәселесі бойынша арнайы. еңбектер жеткілікті. Еуропадағы және Германиядағы фашизмді егжей-тегжейлі зерттеуде әдебиеттер екі топқа бөлінді:
І.Италия және Германиядағы фашизмге анализ жасаған арнайы әдебиеттер.
2.А.Гитлер және Муссолинидің билікке таласы, олардың сыбайластары жөнінде жан-жақты жазылған монографиялар мен мақалалар.
Д.М. Проэктор, П.Ю. Райхшмир, Л.А. Безищенский өз еңбектерінде Гитлердің билікке келгеннен кейінгі ішкі және сыртқы саясатына талдау жасаған. Дипломдық жұмысын жазу барысында А. Гитлердің жеке басына сипаттама беру үшін және оның билікке қалай келгендігін ашып көрсету мақсатында Л.Чернойдың «Коричневые диктатуры» [1] еңбегі пайдаланылды.
Германия мен КСРО арасындағы соғыс яғни Ұлы Отан соғысы жөнінде А.И.Еременконың Москва қаласын "Наука" баспаханасынан шыққан "В начале войны" атты кітабы бар. Бұл кітапта соғыстың алғашқы кезеңіндегі Кеңес әскерлерінің сәтсіздіктері, соғыс барысы қарастырылды. Германия фашистік партиясының көсемі Адольф Гитлердің елді басқарып отырған жылдардағы мақсаты, КСРО-ны алуды міндет етіп қоюы, әйгілі "Барбаросса" жоспары, Ұлы Отан соғысының алғашқы кезеңдері П.А. Жилиннің Москвадан 1984 жылы шыққан "А войне и военной истрии" атты кітабында жазылған. Италияда 1919 жылы алғашқы рет фашистердің пайда болуы, оның билік басына келуі, ұстанған ішкі және сыртқы саясаты және Германиядағы фашизмнің ерекшелігі, оның билік басына келгеннен кейінгі ұстанған сыртқы агрессиялық саясатына қысқаша шолу Москвадан шыққан "Великая Отечественная Война" атты энциклопедиялық еңбекте қарастырылған.
Жалпы Германиямен болған соғыста КСРО-ның құрамындағы барлық Социалистік Одақтас республикалар соғыс ауырпалығын жан аямай көтергені баршаға мәлім Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі КСРО құрамындағы Қазақстан майданға Қызыл Армия қатарына көптеген қазақстандықтар жіберді. Қазақстаннан барған жауынгерлер отан үшін аянбай отқа түсті. Міне осы жөнінде, яғни Қазақстанның Ұлы Отан соғысы жеңісіне қосқан үлесі туралы С.Н. Покровскийдің Алматыдан 1968 жылы шыққан "Казахстан в Великой Отечественной Войне" атты еңбегінде егжей-тегжейлі жазылды. Сонымен қатар Кеңес халқының тылдағы ерен еңбектері, Кеңес әскерлерінің майдан шебіндегі аңыз боларлық батырлықтары, соғыс барысындағы жағдайлар А.А. Гречконың, А.А. Эпищев, П.А. Жилиннің, М.Т Иовчкутің, В.Г.Куликовтың, С.К. Куроткинның, П.И.Феодосевтің Москва қаласы "Наука" баспаханасынан 1976 жылы шыққан "Великая победа Советского народа" атты кітаптарында жазылған.
1945 жылы 8 мамырда Германияның сөзсіз тізе бүгуі туралы пактіге қол қойғаннан кейін, соғыс қорытындылары, герман құрамындағы жаулап алынған жерлердің яғни Шығыс Еуропадағы бірнеше мемлекеттер, Африкадағы, Азиядағы отар жерлердің АҚШ, КСРО, Англия сияқты Ұлы державалық елдердің арасында бөліске салынуы, соғыс біткеннен кейінгі дүниежүзінің екі жүйеге бөлінуі және т.б. мәселелер В.А. Андреевтің Москвадан 1965 жылы шыққан "Великая Отечественная Война Советского Союза" атты кітабында жан-жақты зерттеліп, зерделеніп қарастырылған. П.Н. Поспеловтың және т.б. көрнекті ғалымдардың қатысуымен жазылған "Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы" атты кітабында фашизмнің шығуы, оның Кеңес Одағы территориясына 1941 жылы 22 маусымда шабуыл жасағаны, Кеңес халқының фашистік басқыншыларға қарсы күресі, тылдағы ерен еңбектері қамтылған.
Ал, Италия фашизмнің тарихнамасына келер болсақ, Муссолинидің жеке тұлғасын зерттеуде "Италия тарихы" [2] (С.И. Дорофеев) еңбегі пайдаланылды. Сонымен қатар, Италияда режим орнағаннан кейін фашистердің агрессиялық саясатында қарсы қозғалыстарды көрсету мақсатында Л. Лонгоның "Интернациональные бригады" [3] атты еңбегінен деректер алынды. Сондай-ақ фашистерге қарсылық көрсеткен Италияның коммунистік партиясының көрнекті қайраткері Антонио Грамшидің қызметін көрсету мақсатында және фашистік Италияда жұмысшылардың жай-күйін, антифашистік қозғалыстардың жағдайын талдау мақсатында Л.Ломбардо - Радиченің және Дж. Карбоненің Мәскеуден 1953 жылы шыққан "Жизнь Антонио Грамши" [4] атты еңбектері пайдаланылды.
Жалпы Италия және Германияның фашизм кезеңіндегі әлеуметтік, экономикалық, саяси жағдайын зерттеу үшін 1 .Дәуірбаеваның Түркістаннан 2004 жылы шыққан "Еуропа мен Америка елдерінің тарихы" [5] атты еңбегі, профессор В.К.Фураевтің "Новейшая история зарубежных стран Европы и Америки" [6] атты кітабы, Н.И. Саморукованың "Новейшая история стран западный Европы и Америки" [7] атты кітабы пайдаланылды.
Сондай-ақ фашистік Германияның КСРС-ға шабуылының басталуы, жоспары туралы С.А.Стегарьдің "Практикум по новейшей истории" [8] атты еңбектен алынды. КСРО мен Германияның 1939 жылғы ынтымақтастық жөніндегі келісім шартын талдау мақсатында М.Е.Главацконың "Россия которую мы не знали" [9] атты еңбегі пайдаланылды. Сонымен қатар, Германияда фашизмнің күйреуі, одақтастардың екінші майдан ашуын көрсету үшін А.М. Самсоновтың "Крах фашистской агрессии" [10] атты еңбегі пайдалынылды.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. 1922 жылғы билік басындағы саяси дағдарыс және фашистік диктатураның орнауы.
Италиядағы фашистік диктатура контрреволюциялық сипатта болды. Фашистер жергілікті социалистік және коммунистік партия ұйымдарына ғана емес, соған қарамастан, буржуазиялық, республикалық және либералдық партия ұйымдарына қырғидай тиді. Фашистердің осындай іс-әрекеттері билік басындағы либералдық буржуазияны да мазаламай қоймады. Бұл өз кезегіндегі билеуші топ арасында фашизмге деген көзқараста алауыздық тудырды. Кейбір буржуазия өкілдері фашизмнің көмегі арқылы ашық реакциялық мемлекет құруға тырысса, кейбірі елдегі революцияны басуға пайдалануға тырысты. Соңғыларының қатарына премьер-министр Джолитти жатады. [11].
Міне осы жағдайда фашистерге қарсылықты ұйымдастыру күрделі болды. Антифашистік қозғалыстардың кең тараған тұрі еруілдер мен шерулер болды. Алғашқы ереуілдердің бірі 1921 жылы 25 қаңтарда Флоренцияда болып өтті. Мұндай ірі ереуілдер Пизеде, Мортареде. Ливорнада болып өтті. Туриндер фашистер еңбек палатасын өртеп жіберуіне жауап ретінде ірі ереуіл болып өтті. Жұмысшылар қаланың ірі кәсіпорындарын басып алды. Ереуіл қалаға артиллерия мен әскердің бір бөлігі келгеннен басылды. Антифашистердің және фашистердің қозғалысы Римде үйреншікті жағдайға айналды. Алайда фашистер барлық қақтығыстарда үстем болып шықты. Себебі қала полициясы және қару-жарағы сай болмады.
Антифашистік қозғалыстарда жалпы еңбек конфедерациясы үлкен роль атқарды. Алайда бұл ұйымдар күрестің кәсіподақтық әдісін қолданды, яғни ереуілдерге шықты. Қатардағы социалистер және коммунистер антифашистік қозғалыстарды ұйымдастыруда маңызды орын алды. Алайда бұл партияның басшылары фашизммен күресу үшін жалпы саяси жүйені жасай алмады. Себебі, фашистер барлық қақтығыстарда үстем болды. Себебі қала полициясы және қару-жарағы сай болды. [12].
Фашизм ең алдымен кәсіподақ ықпалымен күресу қажет болды. Италияның социалстік партиясының басшылары фашизмге қарсы әлсіз қарсылықтар көрсетті.
Коммунистік партия басшылары елдегі жағдай бойынша былай жауап берді: "Біз дайындыққа дайындықпен, қарулануға қаруланумен, күшке күшпен жауап береміз"-деді.
1921 жылы мамырда парламент сайлауы өтті. Бұл сайлауға Италияның коммунистік партиясы (ИКП) және социалистік партиясы жеке дара түсті. Сонымен қатар Халық партиясы және Италияның ұлттық партиясы сайлауға түсті. Ұлттық партияның құрамында буржуалистер, демократтар, фашистер болды. Бұл партияның жетекшісі Джолитти еді. Джолитти фашистерді блокқа енгізудегі негізгі мақсаты өз ықпалын күшейткісі келді және өзінің саясатын жүргізуде тілалғыш құрал ретінде пайлаланғысы келді. Алайда оның үміті ақталмады. Солшылдардармен біріккен фашистер парламентке 35 кандидат қана өткізе алды, ал социалистер мен коммунистер 138 және Халық партиясы 108 орын алды. Сайлаудың нәтижесі Джолиттидің үлкен жеңілісі еді. Маусымның соңында ол отставкаға кетті. Оның орнына Джолитти тұсында соғыс министрі болған және қарулы фашистік отрядтардың қалыптасуына атсалысқан бұрынғы социалист Бономи отырды [13]. Ол фашистердің қызу саяси іс-әрекеттерін яғни террорлық істерін басуға тырысты. Муссолини жұмысшы ұйым басшыларымен ымыршылдыққа баруға ұсыныс жасады. Италияның социалистік партиясы бұл ұсынысқа келісті. Осылайша 1921 жылы 3 тамызда бір-біріне деген жауласуды тоқтау туралы пактіге қол қойылды. Алайда фашистер еңбекшілерге қарсы террорлық іс-әрекеттерін жалғастыра берді. Фашистердің бұл пактіге қол қоюы жай ғана маневр еді, яғни еңбекшілердің қарсылығын басып, билеуші буржуазия арасында қолдауға ие болу болатын 1921 жылы экономикалық дағдарыс кең етек жайған тұста кәсіпкерлер жұмысшыларға қысым көрсете бастады. Кәсіпкерлер коллективтік келісімнің мерзімінің аяқталуын сылтаулатты және оны қайта жаңартуға қарсылық көрсетті. Осы жерден шарулардың наразылығы туындады. Кәсіпкерлер қысым көрсету фашистердің қысым көрсетуімен дөп келді. 1921 жылы фашистердің қозғалысы күшейе бастады. Олардың құрамында 300 мыңнан астам мүше болды. Фашистік қозғалыстың құрамында ауылшаруашылығы жұмысшылары, қолөнершілер, саудагерлер болды.
Фашистік қозғалыстың басшылары фашизмнің идеологиялық принциптік негізін жүйелеуге тырысты.
1921 жылы қарашада фашизмді конституциялық партияға айналдырды. Қайта құрылған фашистік партия негізі ұлттық идея болып табылатын жаңа программамен шықты. Фашистер қазіргі қоғамды, әлеуметтік ұйымдарды тап емес, ұлт билеу керек екендігін дәлелдеді. Бағдарлама: "Ұлт - өзінің кұрамына өткен қазіргі және болашақ ұрпақты біріктіретін ағза болып табылады" деп жазылды. Жеке адамдар өткінші кезең болып есептелді. Осыдан жеке және топтың мүдделері ұлт мүддесін жоғарғы қоюы қажет деген көзқарас туды. Бағдарламада фашизм деген саяси экономикалық, әскери ағза болып табылады делінген.
1921 жылы съезден кей фашистер өздерінің бағыттары бойынша белсенді тұрде жүргізе бастады. Саяси күресте фашизм өздеріне қарсылас болып табылатын парламентке және демонстрант мүшеге кедергі келтіруге тырысты. Фашистер халық партиясының оң және сол қанаттарын жауластыруға әрекеттенді. 1922 жылы қаңтарда Пия 11-нің таққа келуімен фашистер Ватикан мемлекетімен жақындасу мүмкіндігі туды. Ағылшын жылнамашысы Гвин: «Жаңа Рим папасы Милан архиепископы кезінде-ақ фашистердің мадағына, сеніміне ие болған адам» деп жазды.
Фашистер әскери облыста партия құрумен әскери күшті орталықтандыруға қол жеткізді. Жеке әскери отрядтар (скавадрылар) фашистердің милициясына айналды. Оның уставына әскери маман генерал Гандольфо құрды. Сквадрлар партияға бағынышты болды. Осылайша фашистік басшылар маңызды мақсаттарды іске асыру үшін жеке әскери отрядтарын құрды. Муссолини билікті басып алуға тырысты.
Әсіресе фашистік партия кәсіподақтарының қозғалыстарды ұйымдастыруда үлкен жетістікке жетті. Болоньеде 1922 жылы қаңтарда фашистер тұрған кәсіподақтардың съезі болып өтті. Съезде фашистік партияның өкілдері болды. Шешім бойынша фашистер тұрған кәсіподақтар фашистік партияларға бағынышты болуы тиіс болды.
Фашистік кәсіподақ ең алдымен ұлттық мүддені алға қоюы тиіс болды. Буржуазия мен жұмысшы тап арасында саяси диолог ұйымдастыруды көздеді.
1922 жылдың бастарында фашистер жастар арасында әсіресе, ұсақ буржуазияның оқымыстылардың арасында ықпалын күшейте бастады. Муссолини өз партиясын жастардың партиясы деп мәлімдеді. Муссолини өзінің үндеуінде салтанатты тұрде жастарды ескі партияға қарсы қойды.
1922 жылыдың басында Италиядағы экономикалық дағдарыс өз дегеніне жетті. Осы жылдың январында жұмыссыздардың саны 607 мыңға жетті. Ірі елі монополиялық бірлестік шығынға ұшырады. (Ильва және Янсольдо). Елдің ең ірі банкісі Банно итальяно ди сконто банкротқа ұшырады. Бұл банк пен елдің ірі өндіріс магнаттарына байланыстарына байланысты болатын. Олар үкіметтен банктың шығынын ұлттық бюджет қорынан жабуды сұрады. Бірақ Бономи бұл қадамға бармады, соның нәтижесінде оның алып өндірісшілерінің арасында абыройы жоғалды.
1922 жылы 2 қаңтарда Бономи үкіметі отставкаға кетті. Италияның бірігуінен кейін оның жағы биліктегі дағдарысты жуды. 25 ақпанда үкімет басына коалициялық үкімет келді. Оның басында Факт тұрды. Бұл премьерді кейінірек Ромул Августоли деп атап кетті. Бұдан артық абыройсыздық жоқ еді. Ақпанда үкімет дағдарысы кезінде фашистер Бономиде, Римде, Флоренцияда шерулер өткізді. Шерулер «Жасасын диктатура», «Парламент тарасын» деген лозунг астында өтті. Муссолини «Біз диктатураға барамыз ба?» деген тақырыпта мақала жазды. Оның ойы бойынша фашистік демонстрацияның Бономидегі лозунгілері болашақта бүкіл Италияны қамтиды. Фашистер билеуші либералдарға ашық түрде қарсы шыға бастады. Муссолини: «XIX ғасыр,- деп жазды,- «бәрі» деген демократияның ұранымен толды. Енді «азшылық» және «таңдаулылар» деген сөзді айтатын уақыт келді»-деді. Либералдық билеуші таптың саяси үстемдігі, елді билеу мүмкіндігі таусылуы да мүмкін. Енді фашистердің антидемократиялық сипаты айқындала бастады. Италияда демократияға деген немқұрайлы пікір қолайлы болды [14].
Жұмысшы тап фашизммен күресу үшін демократияны емес пролетариаттық бірлікті көздеді. Жұмысшы тап қозғалысында демократияны қорғау және антифашистік құралды табу идеясы болмады. 1922 жылы ақпанда жұмысшы тап қозғалысының антифашистік "Еңбек одағы" атты кәсіподақтық ұйымы құрылды. Оны құруды жалпы еңбек конфедерациясының басшылары және еңбекшілердің автономды, таптық, кәсіподақтық ұйымдары маңызды роль атқарды. Олар бірігуге әрекет жасады. Алайда бұл бірігу фашизммен күресуде әлсіз болды. "Еңбек одағының" басшылығында еңбекшілердің әскери комитеті реформа жасаушылары тұрды. Олар бұл кезде елде қандай да демонстрациялар жасауды дұрыс көрмеді.
Еңбекшілердің кәсіподақтық ұйымдарының антифашистік күресінің әлсіз болуына екі пролетарлық партиялардың бірлігінің болмауы да әсер етті. Социалистік партияның фашистерге қарсы қандай да бір позитивті бағдарламасы болмады. Срциалистік партия фашизмге қарсы қарулы қарсылықтың өріс алуына қарсы шықты. Ал коммунистік партияға келетін болсақ, 1922 жылы наурызда ол тағы да сектанттық жүйесін таңдады. Бұл сектанттық жүйе Римдік тезистің символына айналды. Ол бойынша: "Фашизм мен буржуазиялық демократияның арасында ешқандай да айырмашылық жоқ. Бұның бәрі буржуазия диктатурасының формалары. Партияның тактикасы сыртқы жағдайларға байланысты өзгермеуі тиіс. Тезис Италияда пролетарлық диктатураның орнына Советтік биліктің орнауын шақырды." Жұмысшылардың антифашистік күресі сәтсіздікке ұшырады. Жұмысшы қозғалысының өз ішінде фашизмге қарсы қырқысудың нәтижесінде әлсіреді. Новарадағы, Ломбардиядағы және Рим пролетариаттарының ереуілдері (1922 жылы көктем және жазда) осы халге ұшырады[15].
1922 жылы фашистік террордың өсуі жаңа үкімет дағдарысын тудырды. Италияның социалистік партиясында реформистер мен максималистердің арасында келіспеушілік туды. Олар алғаш рет буржуазиямен келісімге келу арқылы фашизмді жоюды мақсат тұтты. Алайда бұл келісімнің негізін қалай жасау керектігін анықтай алмады.Үкіметтегі дағдарысқа ықпал етуге және үкімет құруға тырысқан еңбек одағы жалпы ұлттық ереуіл ұйымдастырды. Ол 1922 жылы 1 тамызда басталды. Еңбекшілер фашистік террорға бейбіт, заңды антифашистік сөздермен шектелуге шақырды. Бүған қарамастан ереуілшілер фашистермен қарулы қақтығыстарға барды. Пармде қантөгіскен күрес болды. Алайда Факттың екінші кабинеті құрылғаннан кейін Еңбек одағы ереуілді тоқтату туралы бұйрық берді. Бұл бұйрық тамыз ереуілін тоқтатты. Бұл кезде пролетариат өзінің әскери мүмкіндігін көрсеткен болатын. Тамыз ереуілінен кейін жұмысшы қозғалысы өзінің дағдарысын басынан кешті. Еңбек одағы тамыздың соңына қарай тарап кетті [16].
1922 жылы қазанның басында Социалистік партияның 18 съезі шақырылды. Мұнда партияның фашизмге қарсы саясаты жалпы партияның болашақ күрестері бойынша максималистер мен реформистердің арасында қызу пікірталас туды. Көптеген максималистердің өз сөздерінде реформистерді партиядан шығару керек екендігін алға тартты. Реформистерді партиядан шығару туралы резолюция 29119 дауысқа қарсы 32106 дауыспен бірауыздан қабылдады. Социалистік партиядан шыққан реформашылар өз алдарына Унитарлық социалистік партияны құрды. Бұл кезде коммунистік партия фашизмге қарсы тағы да бір әрекет жасап жатты. 1922 жылы 8 қазанда КПИ кәсіподақтың комитеті ВКТ сол қанатын съезге шақырды (Милан). Съездің құрамына максималистер, коммунистер, революциялық синдикалистер кірген комитет құрды. Бірақ енді шет болатын, Италияның жұмысшы таптың ішкі ынтымақтастығының жоқтығы, басшылықтың фашизмге қарсы бірыңғай саяси ұстанымының болмауының нәтижесінде халықты өз жанына жинауға кедергі келтірді. Фашистер өздерін Факттың ықпалсыз үкіметі жанында еркін сезінді. 1922 жылы тамыздағы оқиғадан кейін Италиядағы қос үкімет туралы сыбыстың шығуы негізсіз емес. Факт үкіметінің аңқаусыздығының нәтижесінде фашистер өз биліктерін провинцияларға орната бастады. 16 қазанда фашистердің құпия жиналысында билікті әскер күшімен тартып алу жөнінде шешім қабылдады. 17 қарашада Муссолинидің билік басына әскери төңкеріс арқылы келуге дайын екендігі айқын болды. Оқиға шапшаң дамып жатты. 24 қазанда Неопальде Сан-Карло театрында фашистік съезд шақырылды. Бұл қалаға делегаттардан басқа тұрлі елдердің түкпір-түкпірінен 40 мың фашист келді. Съездің ашылуында сөйлеген Муссолини сөзі үкіметке жарияланған ультиматум болды. "Біз, қазіргі палатаның төрағанын қалаймыз ұлттық және антиүлтшылдық күресті сақтап отырған Шутов нетралитетінен шығуды талап етеміз. Біз сыртқы істер министрлігінің, әскери, теңіз, еңбек, қоғамдық жұмыс министрліктерінің болуын талап етеміз. Бұл талапты ешкімнің де шектен шыққандық деп санамайтындығына сенімдімін".
Сол күні 40 мың фашист трибунада тұрған Муссолинидің алдынан өтеді. "Мен, салтанатты тұрде мәлімдеймін,-дейді ол,-бізге үкімет билігін береді немесе біз оны өзіміз тартып аламыз. Италияның барлық аумағында бірдей іс-әрекет етіп, билеуші топтың алқымынан алуылыз керек"-дейді. Парадтағы сөзінен кейін Муссолини "Везувий" қонақүйіне барады. Ол жерде Муссолини жақтастары мен елдегі барлық фашистерді мобилизациялау туралы және қазанның 27-28 күндері шабуыл жасау туралы шешім қабылданды. Муссолини Неопальдан Миланға шүғыл тұрде аттанды. Ал жорықта ұйымдастыру жөніндегі фашистік штаб Перуджиге орналасты. Алайда 28 қазанға дейін Муссолини Фактқа өзінің үкіметке қатысты екендігі туралы мәлімдеді. Бұл кезде елдің әр аумағынан Римге жорық басталған болатын. Факт Саландра бастаған солшыл либералистердің ықпалымен отставкаға кетті. Саланда Муссолинимен бірге өз үкіметін құруға үміттенді.
28 қазанда таңертең Факт корольге барады. Мақсаты корольге отставка жөнінде мәлімдеу, қысып таяң шақтан шығу туралы декретке қол қойдыру болатын. Яғни фашистерге қарсы тойтарыс беру болатын. Бірақ Факт корольдің келісміне мүдделі болмады. Король қысыптаяң шақтан шығу туралы декретке қол қоймады. Факт декретке қол қою туралы корольді онша қыстамаған болу керек. Факт Муссолини фашистердің құрған кабинетінде билік етуден үмітін үзбеді. 28 қазанда таңертең Муссолини өте толқулы болды. Ол корольдің қысылтаяң шақтан шығу декретке қол қоймағанын білмейтін еді. Сондықтан Саландрамен комиралистік келісімге келуге сәл-ақ қалды Ол бойынша Саландра бастаған құрамда фашистер бар үкімет құрмақшы болды. Муссолини жақтастары Бұл комиралистік келісімге келуге жібермеді. Корольдің қысыптаяң шақтан шығу туралы декретке қол қоймағанын естіген Муссолини қайта батылданды. 29 қазан түсте корольдің адъютанты Ген Читтадини Муссолиниге телефон арқылы келуге шақырып жатқанын хабарлады. 30 қазанда 10 сағат 42 минутта Рим вокзалына келіп түседі. Бұл кезде Римге елдің әр аумағынан фашист колонналары келіп кіріп жатты.
Фашистер еш қарсылық көремегенмен, олар соғыс даласында жүгендей болды. Олардың қарулы отрядтары көшелерде шеп құрып тұрды. Муссолини корольге бармас бұрын әскери фашистік форма: қара көйлек, сүр-жасыл шалбар және крага киді. Өзінің ойынша тарихта қалатын сөзі: "Ұлы мәртебім, мен кешірім сұраймын қара көйлек киіп келгенімен, мен ғана соғыс даласынан келдім. Мен сізге Виторио Венетто уақытындағы Италияны қайтарамын. Сіздің құзырыңыздың адал қызметшісі болып қаламын." Муссолини мен Виктор Эмануэлбдің сағатқа жуық сұхбатынан кейін, "салтанатты көңіл-күйдегі қауым" олардың балконға шығуын сұрады.
Келесі күні 31 қазанда Муссолини бастаған жаңа үкімет құрамын құру міндеті тұрды. Әрі примьер, әрі сыртқы істер министрлігін басқарған Муссолиниден басқа 13 министрдің 3 ғана фашист болды. Сондықтан Халық партиясы өкілдері, армия және флоттың жоғарғы лауазымды азаматтары болды. Үкімет коалициялық болып жаралғанмен, оның мүшелері тұрлі топтар мен партия өкілдерінен шақырылмады. Үш министрлер ірі өндіріс басшыларымен тығыз байланыста болды. Бұл ірі буржуазия тарапынан үкіметке қолдауды күшейтті. Жаңа үкімет құрылғанан кейін өндіріс ..........

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: курстык жумыс Мемлекеттік реттеудің тоталитарлық варианты (Италия негізінде) курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар тарих жобалар курстық жұмыстар