Мемлекет және құқық | Мемлекет және демократия

 Мемлекет және құқық | Мемлекет және демократия

Мазмұны
1. Кіріспе..............................................................................2-3
2. Негізгі бөлім.
I тарау. Демократия қоғам мен мемлекеттің өркениетті дамуының негізі.................................................4-14
II тарау. Сайлау – демократияны жүзеге асырудың негізгі құралы.......................................................15-21
III тарау. Мемлекет және жергілікті өзін - өзі басқару.............................................22-40
IV. Қорытынды..................................................................41-42
V. Пайдаланылған әдебиеттер........................................43-44

Кіріспе
Демократия – грек тіліндегі «халық билігі» деген ұғымынан шыққан сөз. Осы сөздің төркіні айтып тұрғандай, халық өзін - өзі басқаратын қоғам құру. Яғни, қазіргі қалыптасқан бұл құрылым бойынша, халық өзін - өзі басқаратын бір адамды сайлап алып, оған сенім білдіртіп басқарту. Сондықтан демократиялық елде халыққа қажетті заңдарды шығару, сол елдің сенім білдіріп өздерін сайлаған депутаттары арқылы келісіп, жүзеге асырады. Сол халық сенім артып сайланған депутаттары арқылы заңдар шығарылып, соған халық бірдей бағынады.
Бұл демократиялық қоғамда халықтар өздері сайлаған президенттің, депутаттарының билігін артырып жатқан жұмысын бақылай алады. Демократиялық елде теңдік, бостандық жариялық басты бағыт болып, заң алдында бәрі бірдей болып, қоғамның құрылымына бағынады. Демократия осындай ел басқаруды жақсартуға бағытталған ой саралық тұжырымдамаларымен жоғары бағалатын құрылым.
Демократияның негізгі принципі - әділдік. Әділдікті – адамдардың көріп, естуі түсінігімен, айналада болып жатқан құбылысты сезінумен байқайды.
Әділдік негізі – теңдікте жатыр. Теңдік бұзылған жағдайда, қоғамдық әділсіздік жаулайды. Ал, демократияның мақсаты – адамдар арасындағы теңдікті қалыптастыру. Егер адам құқығы сақталмаған жерде немесе сөз жүзінде сақтап, іс жүзінде жүзеге сапаған жағдайда халық билігі құқықтық демократия дегеніміз бос сөз болып қалады. Адамның табиғи құқығы сақталмаған жерде демократияның болуы мүмкін емес. Ал адам құқығының өмір сүріп, бұзылмауына елдің коституциясы мен ел президентінің қызметі кепілдік болуы тиіс.
Демократияны іс жүзінде асырудың алғашқы қадамы – демократиялық мәдениетін меңгеру. Бұл кезде қарапайым қазақтың ұлттық мәдениетімен үйлеседі, бір – біріңді тыңдай білу, барлық адамды қызметімен лауазымына қарамай, теңдей көру т.с.
Демократия ел мәдениетінің дамуын суреттейді. Демократия принциптері тең адамдар арасында, қоғамда мәдени қарым – қатынаста жүзеге асырады. Қоғамда өмір сүру жақсы жұмыс істеу үшін - өзара келісім керек.
Түрлі көз қарастағы қарсы пікірлер ашық айтылмайтын жерде ешқандай демократия болмайды. Көзқарас, ашық пікір айтылса қандай істің де келешегі түзеліп, жөнделе бастайды. Егер ел демократиялық деп сыртқа айтылып, ал іс жүзінде оның негізгі принциптері орындалмайтын болса, онда оны демократиялық қоғам құрылым деп айта алмаймыз. Яғни, демократиялық қоғамның негізгі принциптері жүзеге аса бастаса, оны өзгеріп, алға жылжытуына септігі тигізеді.
Осы кезге дейін демократиялық жүйенің өз артықшылықтары мен кемшіліктері болып келеді. Бұл құрылым - әр елде өзінің жағдайына қарай бұдан кейін де дамып, өз табиғатына байланысты өзгеретін, алға жылжып, өзін - өзі толықтырып отыратын демократиялық қоғам.
Тақырып мемлекет және демократия. Бұл тақырып төрт тарауда жазылып отыр, біріншісі демократияның принциптері мен дамыуның жолдары, екіншісі мемлекет және мемлекеттің басқару жүйесі, үшіншісі демократиялық жаңарту жолда түскен мемлекеттік құрылым жайлы. Бұл екі тарауда мемлекеттік құрылым мен демократиялық принциптері ұштастырылып дәлелдейді айғақтармен жазылған. Көбіне демократияны басқа жүйелерден (тоталитарлық, авторитарлық және т.б.) артықшылықтарын көрсете отырып, айырмашылықтары нақты келтірілген.





































I – тарау.
Демократия – қоғам мен мемлекеттің өркениетті дамуының негізі

Адамзат бірлесе өмір сүре бастаған мыңдаған жылдар бойында «қой үстіне бозторғай жұмырқалайтын» молшылық заманды армандайды. Сонымен бірге осындай тамаша заманның алғашқы шарты қоғамдағы адамдардың арасындағы келісім, өздерін - өздері билеп, қызмет көрсету екені де белгілі болатын. Тарихтың беттерінде талай қоғамдық жүйенің түрлері мемлекетті басқарудың жолдары қалды. Халық та, хан да барлық адамдардың көңілінен шығатын, еркіндік пен молшылықты қатар қамтамасыз ететін, азаматтар мен өкіметтің арасындағы қарым қатынасты ретткейтін жан – жақты жүйені ойлап табуға ұмтылыс жасады. Әр адамның әрбір топтың, ұлттың, таптын өз көз қарасы бар қоғамдық өмірде барлық жақтың да көңілінен шығатын жаңа жүйе табу, оны орнату оңай емес жұмыс.
Елу жыл бойы өзінің құнын жоймай келе жатқан бұл анықтамадан екі мәселені аңғаруға болады.
Біріншіден, демократияны – азаматтардың бәрінен де көңілінен шығатын, өмір бойы армандаған асыл мұрат деп түсінбеуміз керек. Демократияны артықшылығы да осындай – ұлт өзінің кемшіліктерін, әлі де шешімін таба алмай жатқан мәселелері бар екені ешқашан жасырмайды. Сол бір қиын түйіндерді қоғамның барлық мүшелері бірлесе отырып шешуге мүмкіндін туғызуда. Сондықтан демократияны «Құран сөзі» деп қабылдайтындар қатты қателеседі.
Екіншіден, шынында да талай тәжіибелерді алдымызға жайып беретін тарих бетінде бүгінге дейін демократиядан артық, одан қолайлы ешқандай жүйе жоқ. Демократияның заңдары догма емес, ол кез келген өзгеріске дайын және қоғамнан бірге жетіліп, дамып отырады.
Демократиялық басқару жүйесінің ең негізгі және тиімді жол болып отырғанының себепі неде?
Себебі біреу – ақ : демократиялық қоғам орнаған жерде азаматтар өзін - өзі басқаруды жүзеге асыра алады, азаматтардан – ұлттар, ұлттардан халық, халықтан келіп қоғамдық қатынастар туындайды. Олар бір – біріне тәуелді немесе билік иелеріне бағынышты болмайды АҚШ президенті Авраам Линкольн «демократия – халық үшін, халық арқылы жүргізілетін халықтың билігі», деген сөзді бекер айтпаса керек. Бұл әрине демократияға берілген анықтамалардың ішінде, біздің жиі естейтін, барлығымызға да түсінікті жалпы ұғым. Дегенмен, осы анықтаманы кеңірек талдайтын болсақ екі сұрақтан туындайтыны анық:
1. Халық билігі халықтың өздері шығарып өздері бекіткен заңдар арқылы ғана жүзеге асырады. Көп жағдайда демократия ұғымы бостандық, «Еркіндік» сөздерімен қатар қолдануына болады. Мағыналары жақын болғанымен бұл сөздер бір ұғымды білдірмейді. Әрине, демократия еркіндіктің негізінде өмір сүреді, бірақ оның жүзеге асуының басты шарты сол қоғамдағы заңдардың жиынтығы болып табылады. Демократиялық қоғам – мемлекеттік заңдарды мойындайтын азаматтардың қоғамы. Қысқасы демократия еркіндіктің заңмен берілетін (немесе шектелетін) көрінісі.
Мемлекеттің барлық түрі заң арқылы өмір сүреді. Шексіз билік иелері – патшалар мен диктаторлар да, императорлар мен карольдар да заң арқылы билік құрды, өздерінің әділетсіз істерін де жарлықтарының қалқасында жүргізеді. Сондықтан заңның бәріне бас иіп, соның айтқанымен жүру барлық уақытта жақсылық бере бермейді. Мемлекет жарияланған заңның бәрі халық шығарған заң болып табылмайды. Тек қана халықтың қатысуымен өмірге келген заңдар ғана демократия жүйесінің кепілдігі болып саналады. Кейбір жағдайларда билік иелері, халықтың талқасынан түспеген, қолдау алмаған заңдарда да өмірге ендіріп, азаматтардан сол заңды толық ұстануды талап етеді. Ондай заңдарды орындамауға, оны өзгертуге күш салуға азматтардың толық құқығы бар.
2.Халық өзінің билігін өздері сайлаған өкілдері арқылы жүргізеді. Халықтың өкіметті басқаруы – аса күрделі мәселе. Мемлекеттің барлық азаматтарын топырлап үкімет орындарына немесе заң шығару орындарында отыруын көз алдымызға елестеде де алмаймыз. Және мойындаумыз керек, мемлекетті басқару оңай жұмыс емес, кез келген адамның қолына келе бермейді. Олардың міндеті – халықтың ұсынған мәселесін, көрсеткен жобасын жүзеге асыру. Халықтық мемлекет билігіне араласуын қолдамайтындар «машинаны бірнеше адамның бір мезгілде басқарғанын көз алдымызға елестетіп көріндерші, - деп дау айтады, - біреу рульды бұрып, енді біреуі жылдамдықты басып, үшіншісі – тежегішті жібермей келе жатса, не болады?. Одан да басқаруды бір адамға тапсырайық, қайда баратымызды, қалай жүретімізді соның өзі білсе жетіп жатыр. Ал басқаларымыз сол машинаны ішіндегі жолаушылары боламыз...»
Бір қарағанда, бұл сөздің де жаны бар. Бірақ, сол жүргізушілерге басқару өкілдігін халық қана бере алатын есіңізден шығармайық. Үкімет парламент басқаратын жандар мен қоғамның өмір сүру заңдарын дайындайтын, оны бақылайтын адамдардың тобы сайлау арқылы бекітіледі, оларға нақты жауапкершілікті жүктеу арқылы ғана жүзеге асырады. Сонда ғана олар халық өкілдері болып саналады. Талай билік иелері мен көсемдер халықты бақытты өмірге жеткіземіз деп «рульді» қолдан жібермей, мықтап ұстағанын тарихтан жақсы білеміз. Сол бағыттың дұрыстығына күмән келтірген немесе қателік көрсеткен жандарды басқаларға сабақ болсын деп, машинадан лақтырып кеткендері де белгілі.
3. Халық өздеріне берілген құқықтарды пайдалана отырып, өздері сайлаған жандардың билігін бақылай алады. Халық бақылауының жолдары көп. Бірақ ең негізгі жол – қоғамдағы жариялықтың сақтауы. Мемлектте қандай жаңалықтары болып жатқанын білу - әр адамның табиғи құқығы, ал сол ақпараттарды үзбей жариялап отыру - үкіметтің халық алдындағы міндеті болып табылады.
Жариялылықтың басты механизмі – ерікті ақпарат құралдары. Газеттер мен журналдар, теледидар мен радио қызметкерлері, журналистер қоғамды әр – бір құбылысты қалт жібермей аңдып отырады әсіресе билік орындарын жіберген қателіктері, жасаған заңсыздықтары, қылмыстары халықтың көзінен таса болмау керек.
Бұл бағытта азаматтардың өздері ұйымдастырған сан түрлі қоғамдық бірлестіктер де үлкен жұмыс істейді. Адам құқығын қорғау ұйымдары мемлекеттегі адамдардың жеке басының еркіндігінің бұзылмауының бақылауға алса, саяси партиятар билік түтқасын ұстап отырған саяси күштің бағдарламасынан бастап сайлау кезіндегі берген уәдесіне дейін жіпке тізіп, тексеріп отырады. Сонымен қатар әрбір мемлекеттік тұлғаның, саяси қайраткерлердің моральдік адамкершілік бейнесі жұртшылықтың көз алдында болады. Сөз жоқ, мұндай «бақылау» билік орындарында отырған жандарда ұнай қоймайды. Кейбір елдер үкімет орындарын, олардың іс қимылына сын айтатын хабарларды көрсетпеуге күш салады. Билік орындарының не істеп, не қойып жатқанын қарапайым халық білмеген уақытта, олардың бақылаудан кеткен деп толық айтуға болады.
Үкімет жұмысын бақылау, оны жіберген қатесін көрсету, қажет деп тапқан жағдайда есеп талап ету – оған «қара күйе жағу», «жамандау» болып табылмайды. Жаң - жақты дәлелденген сындарды сын халыққа да көптеген мәлімет береді. Олар өздері сайлаған өздері ақша беріп, жұмыс істеп отырған қызметшілердің, иә - үкімет халықтың қызметшісі, егер оны көпшіліктен жоғары тұрған төре бастық деп түсінсек халық билігі ешқашан орнамайды, салтанат құрмайды, қай дегенде де қалай жұмыс істеп жатқанын әрқашан біліп отыруға құқылы.
Үкімет орындарының жұмысын биліктің тағы бір буыны – сот орындары да бақылап отырады. Демократиялық қоғамдағы сот жүйесі сол кезенде жұмыс істеп тұрған Заңнан басқа ешкімге де бағынбайды. Сол алдыңда, заң алдында атақ та, даңқ та, қызмет пен лауазым да ешқандай роль атқармайды – азаматтардың бәрі тең.
Қысқасы демократиялық қоғамда үкіметінде, президенттің де іс – қимылы халық өкілдері қабалданған заңмен қатаң шектеледі, мемлекеттен бастап жеке азаматтарға дейін сол заңдардың сақталуын бақылауға алады.
«Демократия» деген сөздің аудармасын бәріміз білеміз, «халық билігі». Қазір бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады:
1. Мемлекеттің тұрпаты мен жалпы саяси жүйесі.
2. Қоғам мүшелерінің теңдігіне, басқару органдарының мерзімдері сайлауы және көпшілік дауыспен шешімдер қабылдау принциптеріне негізделген кез – келген ұйымның ұйымдастыруы түрі;
3. Қоғамдық құрылымның арасан – ансары және соған сәйкес көз қарастар демократияның көпшілік бірыңғай анықтамасы жоқ. Әр дәуірдегі ойшылдар оны әр басқа түсінген. Оның үстіне, әр алуан елдерде олардың ұлттық тарихи және т.б. ерекшеліктеріне байланысты демократия сан түрлі рең алуы мүмкін. Дегенімен, демократиялық мемлекеттердің көптүрлігіне қарамастан, олардың ортақ белгілері болады.
Оңдай белгілерге төмендегілер жатады:
1.Халықтың заң жүзінде мемлекеттік биліктің бірден – бірі бастауы саналуы. Ол мемлекетте ұйымдастурышы конституциялық биліктің халыққа тән екендігіне сөз жеткізеді. Ол жоғары органдарына өз өкілдерін сайлайды және жүйелі түрде ауыстырып отырады. Бірталай мемлекеттерде халықтың бастамасымен, референдум арқылы заңдар жетілдіреді және қабылданады. Сондықтан, АҚШ- тың төртінші президенті Авраам Линкольн демократияға «халық үшін халық сайлаған халық билігін» жатқызады.
2.Халық билігін орнату үшін оған жағдай жасау керек. Ондай жағдай теңдік болған жерде ғана болады. Б.д.д.V ғасырда өмір сүрген гректің атақты тарихшісі Геродот сол кездегі өзінде демократия деп теңдікке негізделген мемлекетті айтатынын алға тартқан еді. Теңдік барлық салада – халық жиналысында, мемлекеттік істерге қатысуда, заң шығаруда. Оны орындауда және т.с.с. – болуға тиіс.
3.Табиғатына, әлеуметтік, саяси, мәдени және т.с.с. ерекшеліктеріне байланысты адамдар әр – түрлі келеді. Солардың бәрін қалай тендестіруге болады? Ол үшін заң, құқық алдындағы тендік болу керек. Бұл екеуі жалпы және барлығына бірдей қоғамдық, саяси өмірдегі демократиялықтың негізгі һәм қорғаушысы есепті. Олар қоғамды қатынастарды реттейді, қажетті деген іс әрекеттерге рұқсат етеді. Ал бұған керекті қимыл әрекет аталуы тыйым салады, тәртіп бұзғандарда жазалайды.
Бірақ қоғам біреулерге рұқсат етілгенді, екіншілерге рұқсат етпеуі, біреулерге басымдық беріп, басқаларға қысым көрсетпеу де мүмкін. Билік иелері (күштілер, байлар, ақсүйектер) заң мен құқық өз мақсаттарына пайдаланғылары келеді. Сондықтан құқықтық теңсіздікті болдырмау керек. Оны қалай жасауға болады?
4. Оның кепілі - әділеттілік, әділеттіліктің де бірыңғай ұйымы жоқ. Ол жөнінде әр түрлі тарихи дәуірлерде әр қоғамның өзіндік түсінігі болады. Мысалы, алғашқы қауымдық қоғамда қарт, ауру адамдарды өлтіру әділетілікке жатты. Инквизицияны жақтаушылар үшін діннен безгендерді тірідей отқа жағу әділетті деп саналды. Кеңес заманында еріксіз ұжымдастыру барысында қазақ халқының жартысына жуығы қырылып, біразы басып кетті. 1986 жылғы желтоқсанда жастарды қырғынға ұшырату біреулерге, «әділетті» көрінсе керек. әйтпесе сол жазушылар жазасын тартулары тиіс емес пе?! Сайып келгенде әділеттілікті қоғамдық қатынастармен, қоғамдағы саяси құрылыспен, оның мемлекеттілігінің тұрпатымен, саяси мәдениетімен дәрежесімен айқындалады.
5. Ал қазақ жастары желтоқсан көтерілісінде бостандық еркіндік үшін алаңға шыққан еді ғой. Бұл демократияның бірінші белгісі. Қазақ халқы еркіндікке жеткізу үшін демократияға шектейтін,тендікпен әділдңікті бұзатын, канайды, тәуелділіктің барлық түрлерінен ақат етілуі үшін мыңдаған жылдар бойы көрсетуге, реформалар, революциялар, өзгерістер дүрбіленіне килігіп «мың өліп, мың тірілуге» тура келді. Тендікке, әділеттікке, еркіндікке, демократияға, олардың принциптеріне сәйкес өмір сүруге үйрету және үйрену керек. Құқық пен заң адамды құлдық көңіл ауданынан, қорқыныштан, заңсыздықтан құтқаруға міндетті. Сайып келгенде, осының бәрі еркіндік, бостандыққа байланысты. Халық мемлекеттің қатаң бақылауында елдерге демократиялық алғашқы лебі келгенде, сол ұғымды басым көпшілік еркіндік сезіммен байланыстыра қабылдады. Бұл түсінікті де. Бірақ демократияның мағынасынамән бермегендердің көпшілігі Еркіндік Анархиямен шатастыратын сияқты. Сонымен көрінісі, тотаритарлық билік жүйесінің басында отырған жандар халықтың демократиядан аластату, үркіту үшін Еркіндікті – адамның ойына келгенін жүзеге асыратын заңсыздық, бассыздық есебінде көрсетті. Осы ойдың санаға сіңіп қалғаны соншалық тамаша ұғым мүлде басқа сипат алады. Осыған мысал, қазіргі қоғам адамдары демократияға көштік, ал соның нәтижесі не болды, қылмыстың күшеюі, сыбайлас жемқорлық, кедейшілік пен жұмыссыздық және басқа да кері ағымды процестер байланыстырады. Бұл үлкен қателік. Себебі бұның бәрі сол саясаттағы жүргізіп отырған мемлекетке байланысты, оның экономикасы, әлеуметтік жағдайы және мәдекни дамуы мұндай қателіктер сол мемлекеттің өз азаматтарынан туындайды, себебі әр – бір сол қоғамның мүшесі болып табылады. Ендігі дәлел, бұл қоғамда, адамдардың ортасында өмір сүргеннен кейін «шексіз» еркіндіктін болуы мүмкін емес. Сөз жоқ өзіне тиісті, қажетті іс - әрекеттер істеуге толық еріктісін, бірақ бюұның қзі басқа біреунің еркіндігіне кедергі болмауы керек бұл – оксиома. Егер оны түсіне білсен – мәдениеттілік болады да, түсінігінің келемесе – сенің еркіндігінің қоғам заң арқылы шектейді. Бірақ оны адам еркідігі шектеу деп түсіну керек, ол сенің басқалардың еркіндігіне бөгет болғаны үшін жауап беруін болып табылады.
Тағы бір мысал келтіремін: «сотта өзінің көршісін сабап, мұрның бұзған тентекті ісі қаралып жатыр. «мен ерікті азаматпын, - деп ақталмақ болады тендік – сондықтан да жұтырығымды қай бағытқа сілтесем де ерік өзімдігі»». Оның бұл дәлісміне соттың төрағасы: «сіздің қолыңыздың еркіндігі көршіңіздің мұрнының қасында шектеледі» деп жауап береді. Бұл мысалдардан адамдардың арасында шексіз еркіндік болмайды екен деген ой тумысын. Адам құқығына қатысты барлық мәселерге шексіз еркіндік беріледі, әңгіме оны реттей отырып, белгілі бір тәртіпке салуда. Тәртіп өзі тек заң арқылы жүзеге асады – бұл демократиялық қоғамның бір белгісі. Адамзат барлық қоғамда, тарихи әр кезеңдерінде Еркіндік пен теңдікке ұмтылған, сол үшін талай жандар өз өмірлерін құрбан қылған. Алайда өкінішке орай, көп жағдайлар тендік пен еркіндікті жариялай отыр, күнделікті өмірде осылардың әрқашан бұзылып отырғаның көреміз.
Біздің конституциямызға осылардың толық бар болғаны мен өмірде, қоғамда көріністаппаған, бұның өзі нақты іс – жүзінде атқарылымай Ата заңға қайшы келетіні мәлім.
Сонымен, халықтың мемблекеттік билікті жүргізуге қатысу керектігі, құқық, теңдік, еркіндікжөнінде жазылады. Осы принциптердің төрт құбылысы түгел кезде әділдік болады. Ал әділдік болған жерде заңда, тәртіп те сақталады. Бұл - өркениетке жетудің алғы шарты. Бұл әділдіктің демократиялық түсінігі осылай. Ол, өкінішке орай, адамзаттың басқа да арман аңсалары сияқты, бірден толық орындала бермейді.
Жоғарыда көрсетілген белгілермен қатар, демократиялық принципке жүйелі түрде мемлекеттің негізгі орындарын сайлау да жатады. Ең алдымен, жоғарғы заң органы сайланбалы болуға тиіс. Одан соң, томеңгі өзін - өзі басқаратын органдарға дейін сайланбалы болғаны дұрыс. Соңдай – ақ шешім қабылдағанда азшылықтың көпшілікке бағынуы ерте заманнан – ақ демократиялық жол саналады. Кейінрек мұндай өрдіс шектеледі, азшылықтың өз пікірі болуы, оны сайлау, онымен санасу керектігі мойындалады. өркениетке бет бұрған қазіргі заманда мұндай демократиялық рәсімдер де қарастырылған; барлық сайлаушылардың тең дұрыс құқығы, балама үміткердің болуы тізім бойынша сайламау, демократияның үздіксіз қоғамдық бақылау аясында болуы, мемлекеттің даудамай, шиеліністерді реттеугі ықпалды тетіктерін табуы және т.с.с.
Демократияны орнуы үшін саяси, экономикалық, құқықтық, мәдени, идиологиялық жүйесі болуы шарт. Оның маңызды кепілдігіне әр – түрлі демократиялық елдерде қалыптасып жатқан азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттер жатады. Сонымен, демократия деп халық билігі, теңдік, құқық, әділдік еркіндік принциптеріне негізділген мемлекеттік құрылысты айтамыз.
Халықтың билігі ретінде демократия көбіне қиялдағы арман аңсарды білдіреді. Кейбіреулкер оған жақындайды, кейбіреулерге көкжиекте көрініп тұрғандай көрінеді, біреулерге оған жету жолы оңайрақ, кейбіреулерге қиынға түседі. Дегенмен ол – шындық, өмірдегі бағдар, нысана, қоғамның саяси дамуының мақсаты. Ағылшының көп жылдар премьер - министрі болған Уинстон Черчельдің айтуы бойынша «демократияның көп кемшіліктері бар, бірақ оның ең құндылығы сонда – бұған артықты бүгінге дейін ешкін ойлап тапқан жоқ».
Алуан түрлі (плюрализмнің) нышандары демократияның классикалық қисының жасаушылардың еңбектерінде байқалған.
Оған ең алдымен Дж.Лонн мен Ш.А.Монтенсье атап көрсеткен биліктің тармақтану теориясы кіреді. АҚШ Конституциясы авторлардың бірі Дж.Мздисон (1751-1836) мынадай идеяны ұсынды: қоғамда өзіндік мүдделері бар әртүрлі топтар болған сайын, олардың ішіндегі тір топ басымдық ету қауіпі азаяды да, басқа топтар сенімді қорғалауына кепілдік көбейеді. Ол антикалық полистегі саяси тәртіптің жаппай барлығын қамтитын бірпікірлігінен іс жүзінде бас тартты. Оның орнына демократиялық дарашылардың және либералдық ой мұратын ұштастырған мемлекеттік билікті алға тартты. өйстіп, саяси теорияда тұңғыш рет, халық, яғни көпшіліктің билігін дәріптеудің орнына, азшылықтың мүддесін қорғау идеясына қадам жасалды.
Демократияның алуан – түрілік теориясы саясат ісіне барлық азамат тікелей қатысу ойынынан бас тартты. Демократияның антикалық және классикалық теориларында жеке азамат бас кейіпкер болатын. Енді тек дауыс беруге ғана қатысады. өкілдік демократия оның шешімдер қабылдаудан ығыстырады. Яғни азамат саяси барысында басты тұлғасы болуында қалады. өйткені бұл қисін саясат жұмысының өзін бұрынғыдай жеке адамдардың қатынасы ретінде ғана емес, топтардың және топ мүдделерінің өзара қатынасы ретінде қарайды. Сонымен осы көз қараста жақтауышылар қазіргі демократиялық мемлекетті саясат серкесі – жеке тұлға емес, халық емес, топ деп тұжырымдайды. Бұл ой – түйін дарашылық және ұжымдық байламалар арасында ортаңғы орынды алыпа тұрғандай. Қоғамда экономикалық әулеметтік, саяси, мәдени және т.б. көп деген мүдделер туындайдыны белгілі соларға байланысты әр – түрлі топтар.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру