Психология | Мектептегі оқу тәжірибесінде балаларды жазбаша сөйлеуге үйретуде шетелдік әдістерді қолдану

 Психология | Мектептегі  оқу  тәжірибесінде  балаларды  жазбаша  сөйлеуге  үйретуде  шетелдік  әдістерді  қолдану

Мазмұны
Кіріспе..........................................................................................3-4
І Тарау. Сөйлеудің ерекше бір түрі жазбаша сөйлеу.
1.1. Жазбаша сөйлеудің зерттелу тарихы.................................5-7
1.2. Баланың жазба тілінің даму тарихы.................................8-14
ІІ Тарау. Жазбаша сөйлеудің дамуында шетелдік тәжірибелердің қолданылуы.
2.1. Бала тілінің дамуында Г.Гетцер тәжірибесінің қолданылуы........................................................................................15-19
2.2. Жазбаша сөйлеудің дамуында М.Монтессори тәсілінің атқаратын рөлі...................................................................................20-27
Қорытынды....................................................................................28
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Курсттық жұмыстың өзектілігі:
Тіл мен сөйлеу ежелден бері жеке адамның да, қоғамдық ой-санасын дамытып жетілдіруде аса маңызды роль атқарады. Сөз ойлы да, мәнерлі болуы тиіс. Әйтпесе, ол көздеген мақсатына жете алмайды. Халқымыз мәнді сөйлейтіндерді «сөзі мірдің оғындай екен» дейді. Ескі қазақ жұртының ғұлама ғалымы Жүсіп Баласағұн «Ақылдың көркі - тіл, тілдің көркі сөз» - деп тауып айтқан. Тіл арқылы жеке адамның тәжірибесі, санасы ұжымның басқа мүшелерінің игілігіне айналады. Ал жеке адамның жеке санасы да сыртқы ортаның ықпалымен, оқу-тәрбие процесінің әсерінің нәтижесінде үздіксіз дамып отырады. Бұл екеуінің дамуы бір-бірімен шарттас. Адамдардың арасында қатынас құралы ретінде тілдің қызмет атқаруы, оның негізгі қызметі. Тіл сондай-ақ адам сана сезімінің, оның психологиясының көрсеткіші де. Тіл адамды қимыл әрекетке де итермелейді. Бұл - оның атқаратын екінші қызметі.
Әрбір адам кішкентай кезінен бастап айналасындағы адамдар мен пікірлеседі, өзінің күнбе-күнгі сөйлеу тәжірибесінде тілдің мағыналық жағын меңгереді, біртіндеп сөздік қоры молайып отырады. Алғашқы кезде бала көптеген дыбыстарды, жеке сөздерді үлкендерге еліктеу арқылы үйренеді. Осы кездегі сөздері көбінесе жеке, нақты болып келеді. Өсе келе өз ана тілінің негізгі сөздік қорын, сол тілдің ішкі заңдылықтарын үйренеді, кейін есейе келе тілдің дамуы қоғам дамуының көп ғасырлық тарихи кезеңдерінде қалыптасып отыратын құбылыс екенін аңғарады.
«Сөйлеу» мен «тіл» ұғымдары бірдей ұғымдар емес. Сөйлеу дегеніміз - адамдардың тіл арқылы басқа адамдармен қарым-қатынас жасау әрекеті. Бұл қарым-қатынасты әр адам өзінше, бірақ та сол ұлттың қолданып жүрген тіл құралдары арқылы іске асырады. Ал тіл болса осы құралдардың (дыбыс, сөз, сөйлем, осылардың арасындағы байланыс) жүйесі, яғни дыбыс қоры және сөздіоры және сөздіақ грамматикалық формалар болып табылады. Тіл қоғамдық өндірістің даму барысында, адамдардың өзара сөйлесу процесінде пайда болады, сөйтіп адам дайын тілді игереді.
Сөйлеудің ерекше бір түрі – жазбаша сөйлеу. Жазбаша сөйлеу арнаулы әдістер арқылы меңгерілетін сөйлеудің түрі. Мұны игеру адамға оңайлықпен түспейді. Осы жазбаша сөйлеудің грамматикалық ережелерін кейінгі ұрпаққа үйрету курстық жұмысымыздың өзектілігі болып табылады.
Зерттеу мақсаты:
Мектептегі оқу тәжірибесінде балаларды жазбаша сөйлеуге үйретуде шетелдік әдістерді қолдануды ұйымдастыру.
Міндеттері:
1. Мектеп жасындағы балаларды жазбаша сөйлеуге үйрету;
2. Баланың жазбаша сөйлеуге үйретуде Г.Гетцер тәжірибесін қолдану;
3. Бала үшін жазбаша тілді меңгеру ерекше және аса күрделі символдық белгілер жүйесін меңгеру әдістемесін ұйымдастыру.
Зерттеудің әдістері:
Білім беру жүйесінде балаларға жазбаша сөйлеуге үйрету әдістемесін ұйымдастыру.
Теориялық маңызы:
Балаларды жазбаша сөйлеуге үйретудің тиімді үлгілерін ұйымдастыру және жалпы жазбаша сөйлеу әрекетін жүзеге асыра отырып дамыту.
Практикалық маңызы:
Балаларға білім беру мекемелерінде жазбаша сөйлеудің грамматикалық ережелерін ескере отырып, оларға жазбаша сөйлеу тілін үйретудің үйірмелерін ұйымдастыру.
І Тарау. Сөйлеудің ерекше бір түрі жазбаша сөйлеу.
1.1. Жазбаша сөйлеудің зерттелу тарихы.
Мектептегі оқу тәжірибесінде жазуға, баланың мәдени дамуында алатын басты рөлімен салыстырғанда, осы уақытқа дейін өте аз көңіл бөлініп келеді. Әлі күнге дейін жазуға үйрету тәжірибеде аз қолданылып отыр. Балаға әріп танытып, одан сөздер құрастыруға үйретеміз, бірақ жазуға үйретпейміз. Оқу механизмнің алға шығып кететіні соншалық, тіпті жазуға бөгет болдады, осыдан келіп жазу мен оқу механизіміне үйрету осы механизмді саналы қолданудан басым түседі. Осы сияқты оқиға керең-мылқау балаларды ауызша сөйлесуге үйрету барысында болған, осы жағдайда мұғалімдердің бар назары баланың артикуляциясын дұрыс дағдыландыруға, жекелеген дыбыстарды «қию» мен оларды анық айтуға бағытталады. Дұрыс айту техникасының көлеңкесінен керең-мылқау оқушы ауызша сөйлеудің өзін байқай алмаған. Осыдан сақаулану пайда болады.
Осы әдіске қарсы болғандар баланы ауызша сөйлеуге емес, сөзді айтуға үйреткенін дұрыс байқаған. Мұндай жағдайлар жазуға үйреткенде де болады. Мектеп оқушыларын жазбаша сөйлеуге емес, сөзді жазуға үйретеді, сондықтан белгілі бір дәрежеде жазбаша сөйлеуге үйрету дәстүрлі таза және көркем жазу деңгейінен әлі көтеріле қойған жоқ. Бұл жағдай алдымен тарихи себептермен түсіндіріледі: оқу мен жазуды оқытудың көптеген тәсілдерінің бар екеніне қарамастан, практикалық педагогикада балаларды жазуға үйретудің жеткілікті рационалды, ғылыми және іс жүзінде нақтыланған әдістері әлі де жасалған жоқ. Сондықтан бұл сауал әлі күнге дейін ашық күйде қалып отыр. Баланың өзі игеретін ауызша сөйлеуді үйренуімен салыстырғанда, жазбаша сөйлеуге үйрету жасанды дағды негізінде қалыптасады, ал бұл мұғалім мен оқушы тарапынан көп көңіл бөлуді керек етеді және осының салдарынан өзіндік мәні бар нәрсеге айналып, жазбаша сөйлеу соңғы жоспарға ығыса береді. Жазуға үйрету әлі күнге дейін баланың табиғи даму қажеттілігі мен іс-әрекетіне негізделмей, рояльда ойнау дағдысы секілді техникалық дағдыны игеруді еске түсіреді. Мұндай жағдайда оқушы саусақтарының шапшаңдығын арттырады, нотаны оқиды, клавиштерді басады, бірақ ол музыканың тылсым күшіне мүлдем бойлай алмайды.
Жазу механизммен бір жақты ғана әуестену тек іс жүзінде ғана емес, сауалды қоюдың теориялық жағынан да әсер етеді. Психология ғылыми да қарапайым жазуды күрделі техникалық дағды, қолдың ұсақ бұлшық еттерінің өсуі, ұзын және қысқа сызықшалар мәселесі т.б. түрінде қарастырып келеді.
Жазбаша сөйлеу проблемасы – символдар мен белгілердің ерекше жүйесін меңгеру тұрғысынан баланың бүкіл мәдени дамуында күрт өзгерістерінің кезеңі болса да, психологияда өте аз зерттелген мәселе.
Қазіргі кездегі зерттеулердің көптігіне қарамастан, баланың жазбаша тілі дамуының толық түрдегі тарихы туралы айтарлықтай орынды ештеңе жаза алмаймыз. Біз оның тек негізгі кезеңдерін белгілеп, басты даму сатыларына ғана тоқтала аламыз. Бала үшін жазбаша тілді меңгеру – белгілердің ерекше және аса күрделі символдық белгілер жүйесін меңгеру болып табылады.
А.Делакуруа айтқандай, бұл жүйенің ерекшелігі бірте-бірте тура символизм болып қалыптасатын символдық мәндердің 2-ші деңгейі. Бұлай дейтініміз: жазбаша тіл өз кезегінде шынайы заттар мен қатынастардың белгілері болып табылатын, ауызша сөйлеудің сөздері мен дыбыстарының күрделі белгілер жүйесінен тұрады. Біртіндеп аралық байланыс, әсіресе ауызша сөйлеу жойылып, жазбаша тіл белгілі заттарды тікелей және оның арасындағы байланыстарды білдіретін белгілер жүйесіне айналады.
Мұндай белгілердің күрделі жүйесін меңгеру механикалық түрде сырттан, жай айтылудан жасанды жаттығу жолымен іске аса қоймайтыны бәрімізге белгілі. Сонымен қатар жазбаша тілді меңгеру, мектептегі дағдыландырудан тыс болса да, шындығында, баланың әрекетінің жоғары функцияларының дамуының жемісі екені белгілі. Жазбаша сөйлеуге үйретуді тарихи тұрғыдан қарау арқылы, яғни бұл кезеңді баланың мәдени дамуының бүкіл тарихымен байланыстырсақ қана жазу психологиясы жөнінде дұрыс шешімге келе аламыз.
Баланың жазбаша тілінің даму тарихы зерттеуде үлкен қиындық тудырады. Қолда бар деректерге қарағаңда , жазбаша тілдің дамуы алдыңғы формалармен сабақтасатындай еш бірыңғай сызықпен жүрмейді. Баланың жазбаша тілінің даму тарихында небір кездейсоқ метаморфозалар, яғни жазба тілінің бір формасының екіншісіне ауысуы кездеседі. Болдуиннің бейнелеуі бойынша, онда инволюция сияқты эволюция да бар. Яғни біз даму, алға жылжу және жаңа формалардың туындауы процесімен қатар, әр қадамымызда ескілердің қайта жасалуын, жойылуын, жасалып шығуын белгілей аламыз.
Сөйлеудің ерекше бір түрі - жазбаша сөйлеу. Жазба сөйлеу - естумен қабылданатын тілдік дыбыстардың, көрумен танылатын әріптер мен адамның тілдік әрекеттерінің күрделі байланысынан құрылатын процесс. Жазбаша сөйлеу арнаулы әдістер арқылы меңгерілетін сөйлеудің түрі. Мұны игеру адамға оңайлыққа түспейді. Жазбаша сөйлеу адам баласы хат танырлықта дәрежеге жеткенде, ауызша сөйлеудің біршама дамыған кезінде ғана пайда бола бастайды. Жазбаша сөйлеудің кейбір ерекшеліктері:
1)Жазатын адамның қасында сөйлесетін адам болмағандықтан, мұнда ешбір ым-ишара қолданылмайды;
2) Жазбаша сөйлеудің логикалық жағына аса қатаң талап қойылады. Мәселен, белгілі тақырыпқа шығарма жазған кезде адам осындай талаптарды орындауға тырысады, көп ойланып, толғанады. Өйтпейінше бұдан нәтиже шығару қиын;
3) Жазуда грамматикалық ережелері де қатты ескеріледі;
4) Жазу кезінде адам қатты зейін қойып, әр сөзін ойлап құрастырады, мағыналы сөз іздейді. Бұл үлкен ой жұмысын қажет етеді. Мәселен, адам өзінің туысқандарына, таныстарына хат арқылы ойын білдіргенде осы жағдай байқалады. Жазбаша сөйлеудің түрлері мен стильдері әр алуан. Олардың бастылары ғылыми, публистика, көркем әдебиет, іс-қағаздық т.б. сөздер.Сөйлеудің жазбаша түрінде сөйлеген сөзді жандандыра түсуге қажетті сөз ырғағы, мимика, қол қимылдарын пайдалана алмайсың. Сондықтан да жазбаша сөйлеудің түрінде қиыншылықтар көп кездеседі. Егер сөйлеу кезінде тыңдаушы түсінбегенін баяндаушы адамнан әр уақытта сұрап, айқындап алуға мүмкіндігі болғандықтан, ауызша сөйлеу қысқа баяндалса, сөйлеудің жазба түрін мейлінше толықтырып кеңінен түсінікті етіп құру қажет.
Ауызша және жазбаша сөйлеу адамдарға әр түрлі талап қояды. Кейбір адамдар шешен сөйлеп, жазуға шорқақ болса, ал енді біреулер өз ойын тамыза жазады, бірақ сөйлеген сөзінде кемшіліктер кездесіп отырады (ол әсіресе халық алдында, аудитория алдында сөйлегенде).
1.2. Баланың жазба тілінің даму тарихы.
Баланың мәдени даму тарихындағы сияқты, мұнда біз дамудың секірмелі өзгерістерімен, дамудың бұзылуымен немесе үзілуімен жиі кездесеміз. Баланың жазбаша тілінің даму сызығы кейде жоғалып кететін сияқты, содан соң қайтадан шығады, белгісіз жаңа жол басталады, бір қарағанда, бұрынғы және жаңадан басталғандардың арасында ешқандай сабақтастық байланыс жоқ сияқты көрінеді. Жекелеген ұсақ өзгерістердің бірте-бірте жинақталуы, бір форманың екіншіге өтуі секілді эволюциялық процестер өтіп жатқан процестердің шынайы мәнін біздің көзімізге көрсетпеуі мүмкін. Дамудың барлық процесін өсу процесі деп түсінетіндер жоғарыда айтылған баланың жазба тілінің даму тарихының метаморфозаларына және үзілістеріне, өшіп қалуына қарамастан, дамудың бірыңғай жолы ретінде, өсіп-өну процесі ретінде қарауға қарсы.
Баланың мәдени даму процесінің барлығы, оның психикалық даму процесі сияқты, революциялық даму бейнесін көрсететінін білеміз. Мәдени орта мен баланың органикалық пісіп жетілуінің күрделі әрекетінен туындайтын адам мінез-құлқындағы мәдени дамудың типі әр қадамында осындай революциялық дамудың мысалдарын көрсететінін жоғарыда байқадық. Жалпы ғылым үшін революциялық даму типі жаңа нәрсе емес, ол бала психологиясы үшін жаңа нәрсе, сондықтан жеке, батыл зерттеулерге қарамастан, балалар психологиясында баланың жазбаша тілінің дамуы тарихын, тарихи процесс және біртұтас даму процесі ретінде бере аламыз.
Жазуды меңгерудің психологиялық жақтары бала мінез-құлық формасынан тыс таза сыртқы, механикалық емес, мінез-құлық дамуының белгілі кезеңіндегі генетикалық мүмкіндіктерге байланысты болуы керек. Жазба тілінің дамуы алғашқы, біршама анық мәдени даму жолына қатысты, себебі ол адамзаттың мәдени даму процесінде туындаған және жасалғанфакторлардың сыртқы жүйесін меңгеруге байланысты, Бірақ факторлардың сыртқы жүйесі баланың өзінің психикалық функциясы, оның мінез-құлқының ерекше формасы болуы үшін, адамзаттың жазба тілі баланың жазба тілі болуы үшін дамудың күрделі процесі қажет. Қазір біз соның жалпы белгілерін айқындауға тырысамыз.
Осы айтылғандардан жазба тілінің дамуы өте күрделі және бала мектепке келгенге дейін жазуды үйренуді қалай бастайтыны жайындағы ұзақ тарихты көрсетеді. Ғылыми зерттеудің алғашқы міндеті: бала жазба тілі тарихының бастапқы тарихын ашу, баланы жазуға не итермеледі, бұл тарихтың алдындағы жағдайлар қандай маңызды кезеңдер арқылы болады, оның мектептегі оқымен ара қатынасын көрсету. Баланың жазба тілінің ілкі тарихы мен жазудың дамуын дайындайтын сатыларды арнаулы талдаусыз ашып көрсету мүмкін бола бермейді. Әдетте, ол сатылар қолайсыз сыртқы жағдайлардың әсерінен баяу, жеке дамуы мүмкін, сондықтан олардың әркез байқап, анықтау қиынға соғады. Сол себепті де жазба тілдің бастапқы тарихын ашудың жинақталған маңызды сәттерін нақты тәсілдермен көрсету эксперименттік зерттеу болып табылады. Бізді қызықтыратын құбылысты зеттеу үшін оны туындатып, жасап, оның қалай өтетінін қарастыруымыз керек. Басқаша айтқанда, мұнда жабық қысқартылған, тереңге кеткен, ал кейде зерттелетін процесс бөлімдерінің жай бақылануы жетіспейтін жағдайларды анықтау үшін генетикалық зерттеудегі эксперименттік әдістерді қолдану принципі орын алады.
Жазудың даму тарихы баладағы алғашқы көру белгілерінен пайда болуынан басталады да, белгілердің туындауының табиғи тарихына негізделеді. Ал ым (жест) баланың болашақ жазуының болашақ дінгегі алғашқы көру белгісі болып табылады. Ым (ишара) ауадағы жазу болып табылады, ал жазу белгісі – ыммен жай бекіген нәрсе.
В.Вундт суреттің немесе пиктографиялық жазудың ыммен байланысын көрсеткен. Вундт бейнелеуші ым жай графикалық белгінің жаңғыртылуын білдіретінін көрсетеді. Басқа жағдайда, керісінше, белгі ымның белгіленуі мен бекуі болып табылады. Үнділердің суреттік жазуы көп жағдайда қолдың қимылы немесе сұқ саусақты көрсететін біріктіруші нүктені әр кезде әр нүктені ауыстырады. Пиктогрфиялық жазуға айналатын сілтеуші бағыт сұқ саусақ қимылының бекуін көрсетеді. Суретті жазудағы осы барлық символикалық белгілерді, - дейді Вундт, - ым тілінен шығару арқылы ғана түсіндіруге болады, ол символдар кейін олардан бөлініп, өз бетімен өмір сүреді. .....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру