Экономика | Макроэкономика
Мазмұны
Кіріспе......................................................................................................3
1 тарау. Тауар нарығындағы макроэкономикалық тепе-теңдік.
Кейнс үлгісіндегі табыстар және шығындар теориясы.
1. Тауар және игіліктер нарығындағы тепе-теңдік. Ресурстардың толық қамтылуы және жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс тепе-теңдігі................................................5
2. Іс жүзіндегі және жоспарланған шығындар.Кейнс қисығы.
Өндірістің тепе-теңдік көлеміне жету механизмі...............13
3. Тепе-теңдік өнім деңгейінің экономикалық әлует айналысындағы тербелісі. Автономды шығындар мультипликаторы..................17
2 тарау. Макроэкономикалық реттеудің үлгілері
1. Кейнсиандық үлгі: рыноктық механизм мен мемлекеттік реттеуді біріктіру арқылы басқару.............................................24
2. Қаржыландыру мен толық жұмыспен қамтуды ынталандыру несие-ақшалай және қаржы-бюджеттік саясаты......................28
Қорытынды............................................................................................34
Пайдаланылған әдебиеттер.................................................................35
Кіріспе
Классикалық мектептің экономистері нарықтық жүйе ұзақ мерзімді кезеңде экономикадағы ресурстарды толық пайдалануды қамтамасыз етеді деп пайымдаған болатын. Оның өзінде анда-санда туып қалатын сәйкессіздіктер нарықтың автоматты түрде өзін-өзі реттеу негізінде шешіледі. Соның арқасында, ең соңында, жұмыспен толық қамтамасыз етілу нәтижесінде экономикада өндірістің тиісті деңгейіне қол жетеді.
30-шы жылдардың «Ұлы тоқырауы» мұндай көріністерді жоққа шығарды. АҚШ-та 1930 жылдан бастап, төрт жыл қатарынан, өндіріс көлемі мен нақтылы табыс ұдайы қысқарып отырды.
1929 жылы мен 1933 жылдардың арасында АҚШ-тан жан басына шаққандағы табыс әуелі 30%-ға құлдырады. Әсіресе жұмыссыздық американдықтардың есінде сақталынып қалды. 30-шы жылдары жұмыссыздардың орташа үлесі 19 %-дан астамды құрады. 1933 жылы құлдыраудың ең төменгі нүктесінде жұмыссыздар ресми түрде өздерінше тіршілік етуші халықтың 25%-ы болып саналды.
30 жылдардың тәжірибесі классиктердің баға және жалақы, әсіресе қысқа мерзімді кезеңде, болар-болмас өзгереді деген ойларының дұрыстығына күшті күдік тудырды. Шындығында да, ХХ ғасырдың алғашқы онжылдығында-ақ монополиялар мен кәсіподақтардың, ең аз жалақы туралы заңнаманың және басқа факторлардың болуы баға мен жалақының сырғымалығын тоқтатуға қол жеткізді.
Кейнсиандық модель баға мен жалақы, әсіресе қысқамерзімді кезеңде, болымсыз өзгереді дегенге негізделген.
Кейнсиандық тұжырымдама, сонымен бірге классикалық теорияның ұсыным өз сұранысын тудырады деген ережесін де жоққа шығарды.
Кейнсиандық тұжырым нарықтық экономикадағы мемлекет рөлінің жаңа әдісінің теориялық негіздемесі болып табылады. Экономикадағы мемлекеттің бейтараптығы туралы классикалық идеяның орнына, «инфляциясыз толық жұмысбастылыққа» жету үшін нарықтық экономикаға мемлекеттің үйлестіргіштік араласуының қажеттілігі деген идея келді.
Менің курстық жұмысымның мақсаты келесі 2 тараудан тұрады:
Тауар нарығындағы макроэкономикалық тепе-теңдік.

Макроэкономикалық реттеудің үлгілері
Бүгінгі таңда, қандай да бір ел құлдырау немесе инфляция кезеңіне ілінгендігі байқалған шақта, экономистер мен жұртшылық ең алдымен жағдайды түзететін мемлекеттік шаралар туралы ойлай бастайды. Сол уақыттан бастап «Кейнсиандық төңкеріс» барысында ұсынылған қандай да болмасын идеялар өзінен өзі түсінікті болып шықты.
Тауар және игіліктер нарығындағы тепе-теңдік. Ресурстардың толық қамтылуы және жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс тепе-теңдігі.
Тауарлар және игіліктер нарығындағы тепе-теңдік жағдайын сипаттаудың екі түрлі әдісі бар. Бірінші – кейде ол макроэкономикада неоклассикалық көзқарас деп аталады – баға нарықты тепе-теңдік жағдайға әкелетін құрал деп жорамалданады. Мұнда «баға» деп тауарлар мен игіліктер деңгейлерінің ақшалай бірлікте көрсетілуі ғана емес, сонымен қатар, пайыздық мөлшерлеме, нақты еңбекақы қарастырылады. Осындай жағдайда нақты және ақша секторлары бір-біріне ықпалын тигізбейді.
Екінші белгілі бір уақыт аралығында кейбір бағалар өзгертуге бейім емес, мұндай жағдайда тепе-теңдік жұмысбастылық көлемі есебінен және жалпы ішкі өнім көлемінен мүмкін болады. Бұл осы көзқарасты сынаған Дж. Кейнс атымен кейнстік көзқарас деп аталады.
Екінші көзқарасты жақтаушылар пайымдаудың басқа жолын ұсынады. Оларда кейбір баға аз өзгермелі (белгілі бір уақыт аралығында) дегенде жол беріледі. Бұл жағдайда тепе-теңдік айырбасталатын көлем – тауарлар мен қызмет көрсету (ЖҰӨ) және жұмысбастылық көлемі есебінен орнайды.
Бұл көзқарастар түбегейлі әр түрлі қорытындыларға әкелуіне қарамастан, олар бір негізін қалаушы үлгіге негізделді. Соңғысын талдаудың екі графикалық құралдарымен синтездеуге болады: тауар нарығы мен ақша нарығының өзара әрекеттесуін көрсететін IS-LM үлгісі, еңбек нарығы және тауарлар мен қызмет көрсетуді өндіретін және оларды тауар нарығында сататын фирма іс-әрекетін сипаттайтын сұраныс-ұсыныс үлгісімен.
Алдымен кең анықталған тауар нарығын қарастырайық, яғни, тауарларды ғана емес, сонымен қатар қызмет көрсетуді де қамтитын нарықты қарастырайық. Талдаудың бастапқы нүктесі – тұтыну және инвестициялық игіліктерге сұранысты білдіретін үй шаруашылықтары. Бұл бөлімде басты назар қысқа мерзімді кезеңге аударылады.
Жабық экономикада соңғы шығындардың саны ретінде алынатын ЖІӨ жеке тұтынуға, жеке инвестицияға және мемлекеттік сатып алуға бөлуге болады. «Бірінші кезеңде» бұл мынаны білдіреді.
Y1=C1+I1+G1 (1)
1-ші кезеңдегі тұтыну және инвестициялардың функциялары мынандай:
G1=C(Ω, Yd) (тұтыну функциясы) (2)
I=I (r1) (инвестиция функциясы)
G1=G (мемлекеттік сатып алулар)
T1=T (таза салықтар)
Тұтыну (С) жеке байлықтан (Ω) және қолдағы табыстан Yd=Y-T оң тәуекелділікте.
Нақты пайыздық мөлшерлемесінің тұтынуға ықпалы тұрақты оң немесе теріс болмағандықтан, мұнда тек жанама ықпалы қарастырылады: пайыз мөлшерлемесінің өсуі үй шаруашылығының байлығын, соның әсерінен оның тұтынуын да азайтады. Инвестицияны қарапайымдандыру мақсатымен – инвестиция функциясы пайыздық мөлшерлемеден ғана тәуелді деп қарастырылады: нақты пайыздық мөлшерлемені үлкейту капиталдың баламалы құны есебінен инвестиция тартымдылығын азайтады.
(1) теңдеу – тауар нарығындағы тепе-теңдіктің шарты. Сол жағы шығарылатын ұсынысты көрсетеді, ал оң жағы – оның сұранысының сипаттамасы болып табылады. Ұсыныс экономиканың сипаттамасы болып табылады. Ұсыныс экономиканың өндіргіш күштерімен, яғни капитал қорларымен, жұмысшылардың бірліктігімен және техникалық даму деңгейімен анықталады.
Тауарларға және қызмет көрсетулерге сұраныстың талдауын ұсынысты қарастыру арқылы толықтырайық. Өндіріс факторлары және өндіріс функциясы өнім шығару көлемін анықтайды:
Y=F(K, L) = Y
Енді өндірілген өнімге сұранысты және ұсынысты сипаттайтын осы теңдеулерді біріктірейік. Егер біз ұлттық шоттар теңдеуіне тұтыну функциясы мен инвестициялық функцияның оң жағын қойсақ, онда мынаны аламыз:
Y=C (Y-T) + I (r) + G
G және T айналымаларының мәндері экономикалық саясатта берілетін болғандықтан, ал өндіріс деңгейі берілген өндіріс факторларының қоры мен өзгермес өндіріс функциясы жағдайында тұрақты болғандықтан, былай жаза аламыз:
Y = C ( Y – T) + I (r) + G
Бұл теңдеу өнім ұсынысы өнім сұранысына, ал ол өз кезегінде тұтыну, инвестиция және мемлекеттік сатып алулар сомасына тең екендігін көрсетеді.
Пайыз мөлшерлемесі r маңызды рөл атқарады, ол тауарға сұраныстың оның ұсынысына теңдігіне кепіл бере алатындай өзгеруі керек.
Пайыз мөлшерлемесі жоғарылаған сайын, инвестиция көлемі азаяды, демек тауарға сұраныс және ұсыныс та азаяды. C+I+G. Егер пайыз мөлшерлемесі жоғары болса, инвестициялар өте төмен және тауарға сұраныс ұсыныстан төмен болады. Егер пайыз мөлшерлемесі төмен болса, инвестициялар жоғары және сұраныс ұсыныстан асып кетеді. Пайыз мөлшерлемесінің тепе-теңдік жағдайында тауарларға және қызмет көрсетуге сұраныс олардың ұсынысына теңеледі.
Классикалық экономика теориясы екі негізгі жобаға негізделеді. Біріншіден, ресурстардың толық жұмсалуымен өндірілген өнімді сатып алу үшін жиынтық шығын деңгейі Y = C+I+G+Xn (яғни AD ≠ AS жағдай болуы мүмкін еместігіне сенімділік білдіреді).
Екіншіден, егерде осы жағдай болса да, онда еңбекақы, баға және нарықтық пайыз мөлшерлемесі тез өзгереді және жиынтық сұраныстың төмендеуінен кейін, жағдайды тұрақтандыратын тез және болымсыз өндірістің құлдырауы болады. Ақша нарығы әрқашан инвестициялар мен қор жинақтарының теңдігіне, яғни ресурстардың толық қамтылуына кепілдік береді. Тек табиғи деңгейдегі «ерікті» жұмыссыздық болуы мүмкін. Бұл AD және AS тепе-теңдік нүктесінде, өндіріс көлемі Y мен әлуетті Y* теңдігін білдіреді.
Кейнстік экономикалық теория бұл өзін-өзі реттеу механизмінің болуын сынайды. Сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі ресурстардың толық қамтылуымен әдетте, сәйкес келмейді: А нүктесінде AD=AS теңдігі орнайды, бірақ тепе-теңдік өндіріс көлемі Y0 < Y*.....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: курстык жумыс Макроэкономика курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар экономика жобалар курстық жұмыстар