Педагогика | Пәндердi оқыту барысында дамыта оқытудың теориялық және тәжiрибелiк негiздерi

 Педагогика | Пәндердi оқыту барысында дамыта оқытудың теориялық және тәжiрибелiк негiздерi

Мазмұны

1. КIРIСПЕ

I Бастауыш сыныпта дамыта оқытудың ғылыми педагогикалық негiздерi.

1.1. Оқу жүйесiнде дамыта оқытудың орны, педагогикалық мәнi мен маңызы, даму тенденциясы.
1.2. Бастауыш сыныпта дамыта оқытудың диагностикалық ерекшелiктерi мен мүмкiндiктерi.

II Қазақ тiлi пәнiнде дамыта оқытудың әдiстемелiк негiздерi және оларды iске асырудың жолдары.

2.1. 1- сыныпта қазақ тiлi сабағындағы дамыта оқыту, оған қойылатын талаптар.
2.2. Дамыта оқыту технологиясын жетiлдiру (педагогикалық тәжiрибе және оның нәтижесi).
2.3. Пiкiрлер мен үсыныстар

ҚОРЫТЫНДЫ

ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI

ҚОСЫМША


Бастауыш сыныпта дамыта оқытудың ғылыми педагогикалық негiздерi
1.1. бастауыш сыныпта дамыта оқыту туралы түсiнiк және оның маңызы.
Баланың физикалық дамуы генетикалық бағдарлама бойынша қаңқасының, бүлшық ет көлемiнiң өсуi арқылы нақты, көрнектi жағдайда өтiп жатады.
Ал оның психикасының жекелiгiнiң дамуы ше? Сананың дамуы оқытудан ба, әлде әлеуметтiк жағдайдн ба? Не табиғи есеюден бе? Бүл сүрақтарға жауап адамның iшкi мүмкiндiктерiнiң шекарасын, сыртқы педагогикалық әсерлердiң мақсат мiндеттерiн анықтайды.
Педагогика тарихында екi түрлi қарама - қайшы пiкiр орын алып келедi. Бiрi – жаратушының күштiлiгiн, түқым қуалаушылық факторларды қуаттаса, екiншiсi керiсiнше барлық нәтиженi ортаның әсерiне жатқызады.
қазiргi күнгi ғылым психкалық даму қоршаған ортаның санада сәулеленуiне яғни танымдық тәжiрибенi және әрекеттi меңгеруiне , меншiктеуiне байланысты деп қарайды. Бүл – оқу бiлiм алу деген сөз.
Оқу - адамның психикалық дамуының формасы, элементi. Кез келген оқыту белгiлi бiр мөлшерде адамды дамытады. Бiз бүдан ары қарай дамудың алдында жүретiн, дамуда шешушi роль атқаратын оқыту жайлы сөз етпекпiз.
Дидактиканың ғылыми негiзiн салған чех педагогы Ян Амос Каменский /1592-1670/. Оның «Великая дидактикаң кiтабында (1632) оқытудың мақсаты, әдiстерi мен принциптерi және сынып сабақ жүйесi баяндалған.
ХХIғ. Швейцар педагогы Иоганн Генрих Песталоцци (1746-1827) дамытып оқыту принциптерiнiң жүйесiн дәлелдедi, бастауыш бiлiм беру әдiстерiнiң негiзiн жасады.
ХIХғ. Немiс педагогы Фридрих Вильгельм Адольф Дистервек (1790-1966) дамыта оқыту дидактикасын баяндады. Оқыту процесiнде әр түрлi ережелердi қолдана бiлудi атап көрсеттi:көрнекiлiк, елiктiргiштiк, жiгерлiк, оқушылардың дербес ерекшклiктерiн ескерту, жақыннан қашыққа, оңайдан күрделiлiкке көшу т.б.
К.Д.Ушинский Ресейде орыс дидактикасының дамуына игi әсерiн тигiздi, ал кеңес өкiметi жылдарында Н.К.Крупская, П.П.Бланский, С.П.Шацкий т.б. үлкен үлес қосты.
Белгiлi педагог ғалымдардың Б.П.Есипов, М.А.Данилов, Л.В.Заиков, М.Н. Скаткин тағы да басқа оқыту мәселелерi жүесiндегi еңбектердi жариалайды. Олар оқыту принциптерiнiң жүесiн, оқытуды үйымдастыруын әдiстерiмен формаларын дәлелдедi. Педагогика ғылымының дедактика саласында белгiлi қазақ педагог- ғылымдары, ағарту iсiнiң қайраткерлерi Ыбырай Алтынсарин, Мағжан Жүмабаев,Ахмет Байтүрсынов, Мыржақып Дулатов, Жүсiпек Аймаутов,Шарипа °лжанова т.б. өз уақытарында шығармашылықпен еңбектенiп, бiрсыпыра үлестерi қосты.
қазақыстан үлы педагогы Ыбыраи Алтынсарин (1841-1889) қазақ балаларын оқыту, оларға бiлiм беру жайлы оқыту әдiстерi мен тәсiлдерiн зертедi.Оның ғылыми- әдiстемелiк анықтамасы бойынша оқыту әңдiстерi – бүл балалардың сабақа, ғылымға, өздiгiмен алуға ынталарын артыратын, сезiмiн оятатын жол. Ы. Алтынсарин бiрнеше оқу қүралдарының, солардың iшiнде орыс тiлiн қазақтарға үйрету туралы бастауыш қүрал кiтабының, мектептер үшiн оқу жоспарларының, оқу пәнде бағдамаларының авторы. Осы оқулықтар мен оқу қүжатарының мектептерде үтымды қолдануды үйымдастырған алғашқы қазақ педагогы.
Мағжан Жұмабаев ұлы ақын, ағартушы, қысқа өмiрiнiң көбiн үстаздықпен өткiзген, жастарды қалай оқытып, өмiрге дайындаудың жолын қадала зерттеген педагог. Мағжан Жүмабаевтың шығармшылық iздену жүмысына ежелгi грек философтары Сорат, Аристотельдiң, сол кездiң атақты педагог психологтары С. Л. Рубинштейннiң /1889-1960/, А.А. Смирновтың /1894-1975/, т.б. ғалымдардың еңбектерi сегi әсер еттi.
Бастауыш сыныпта бiлiм берудiң мақсаты-жастарды жан-жақты дамытып, өмiрге, еңбек iс-әрекетiне қалыптасуына даярлау. бiлiм берудi жетiлдiрудiң негiзгi талаптарынң бiрi – оқу пәндерi бойынша сабақ беру деңгейiн арттыру, оқу пәндерiнiң негiзгi үғымдары мен жетекшi идеялар барынша айқын баяндалатын болсын, оларда ғылым мен практиканың жаңа жетiстiктерiнiң қажеттi түрде көрiнiс беруiн қамтамасыз етiлсiн , - деп мектеп реформасында жазылған.
Оқыту процесiнiң таысты болуы : бiрiншiден, мүғалiмнiң өз пәнiнен теориялық және практикалық дайындығына, оқу процесiн үйымдастыра және басқара бiлуiне; екiншiден, бiлiм дағдысына, жоғары мәдениеттiлiгiне , ғылым мен техника жетiстiктерiн пайдалана бiлуiне: үшiншiден, мүғалiм ен оқушлардың арасындағы адамгершiлiк өзара қарым-қатынас және бiрлiкке байланысты.
Оқыту пәндерi бойынша әрбiр сабақты шығармашылықпен өткiзу жайлы жаңашыл мүғалiмдердiң еңбектерiн тере зерттеп, тиiмдi етiп балай бiлген жөн. Бүл жөнiнде И.В.Волковтың Творчествоға баулимыз, В.Ф.Шаталовтың Баршаны да , әркiмдi де оқыта бiлейiк дген еңбектерiнде сабақты өткiзу принциптерiмен әдiстерi көрсетiлген. Жаңашыл экспериментшiл мүғалiмдердiң идеаларын сабақ үстiнде шығармашылық пайдалану оқыту процесiн жақсартудың шешушi жолдарынң бiрi.
Оқыту процесiн терең әрi берiк, дәл бiлiм алу таным жолындағы оқушылардың қимылына байланысты. Оқыту процесi – бүл мүғалiм мен оқушылардың мақсатқа бағытталған өзара әрекеттесiнiң барысында шәкiрттерге бiлiм беру мiндеттерiн шешу. Оқыту процесiнiң түтас педагогикалық процесiнiң бiр бөлiгi.
Оқыту процесiнде оқушылардың ақыл-ойы дамиды, танымы, практикалық iскерлiгi және дағдысы қалыптасды. Оқыту процесiн басқару үшiн оның жүйесiн, қүрылымын, бөлiктерiн және заңдылықтарын, олардың өзара байланысын жете бiлу керек. Оқыту процесiнi жүйе ретiнде қарастырылады, ол өзiнiң белгiлi қүрылымы және бөлiктерiмен сипатталады. Олар:
1. ±ылыми бiлiмнiң, iскерлiктiң және дағдының жүйесi (бiлiм беру мазмүны)
2. мүғалiм, оынң өмiрге , ғылымға көзқарасы және оқушылармен қарым-қатынасы (сабақ беру)
3. оқушылар сынып үжымы (оқу iс-әрекетi),
4. оқыту әдiстерi
5. оқытудың материалдарық қүралдары: дидактикалық және оқытудың техникалық қүралдары.
6. Оқыту нәтижелерi.
Бiлiм адамзаттың жинақтаған тәжiриесi, заттар мен қүбылыстарды, табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижеi. Бiлiмдi жеке адамның игiлiгiне айналдыру үшiн, оны ойлау операциясы – талдау, синтездеу, салыстыру, жiктеу,және жинақтау арқылы терең үғыну қажет. Оқушы ойлау операциясына сүйсiнiп, өз бiлiмiн шындыққа айналдырады. Бүл дамыта оқытудың негiзгi ережесi, яғни оқушылардың таным iс-әрекетiн дамыту, оларды өз бiтмен iзденуге, зерттей бiлуге және жаңа бiлiмдi еркiн игеруге үйрету.
даму үғымы философиялық сөздiкте … мөлшерлiк өзгерiстердiң белгiлi бiр өлшем шегiнен шығып, сапалық өзгерiстерге айналуы,-деп түсiндiрiледi. Дидактика заңы бойынша кез-келген қүбылыс өзiнiң жеткен дәрежесiне қанаттанып түрып қалмай, оларды жоққа шығар арқылы жаңа сапаға көшедi.терiстеу – дамудың қозғаушы күшi. Терiстеу белгiлi бiрзат пен қүбылыстың қайшылықтарын ашу, олардың шешу жолдары анықтау, жаңа сапаның болуына мүмкiндiк туғызу. ғылымға зерттеулерi баланың даму процесiне 3 түрлi күш пен үш түрлi фактордың қатысатындығын дәлелдейдi.
Олар:
1. биологиялық фактор.
Бүл ата-аналардан ауысқан, туа бiттi және өмiр сүру барысында қабылданған дененiң барлық мүшелерiнiң , оның барлық жүйесi қүбылыстарының ерекшелiгiн бiлдiретiн, бала ағзасынынң қоршаған ортамен қарым қатынасының нәтижесi
2. әлеуметтiк фактор
бүл бала өмiр сүретiн орта ең алдымен адамдарды ңортасы. Бүл сондай-ақ баламен қарым қатынас жасайтын адамдардың сипаттары, мiнез- қүлық және ақыл-ой бейнелерi, олардың мүдделерi мен пiкiрмлерi, iстерi мен сөздерi, талаптары мен дағдылары, үмтылыстары, яғни өсiп дамитын рухани орта.
3.баланың өз лелсендiлiгi
Даму процесiне әсер ететiн бүл үшiншi күш болып саналады. Оқитын пән қандай да жаңа, бағалыболмасын, мүғалiмнiң шеберлiгi қаншама жоғары болмасыз, егер мүғалiм баланың өз белсендiлiгiн туғыза аламаса, оған үсынылған iс пен еңбек те баланың әрекетке қатысуы әрекет күткен нәтиже бермейдi. Баланың ағзасы ретiнде дамуы мен жеке бас ретiнде қалыптасуы белсендiлiк арқылы жүзеге асады.
Баланың даму процесi , оның қоғамның белсендi де пайдалы мүшесi, азамат ретiнде қалыптасуы, осы үш фактордың қаысуымен қамтамасыз етiледi. Ең бастысы осы факторлардың бiр де бiрi, қандай да бiр көлемiне келген болса, да басқа екеуiнен ерекшеленiп жеке әсер ете алмайды. Барлық iс осы үш басты күштiң өзара әрекет етуiнде .
Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенiн психология ғылымы жеткiлiктi дәрежеде дәлелдеп бердi деп айтуға болады. Бүл мәселенi түбегейлi зертеп, бала дамуындағы оқытудың ролiн алар орнын анықтаған көрнектi психолог Л.С.Выгодский.
Ол дамуды оқытумен тең , керiсiнеш оқу мен даму екi бөлек процесс деген көзқарастарды қатты сынға алды. Ең алғашқы рет бала дамуының тмендегiдей екi аймағы болатындығы жайлы теория қүрылды.
1) бала дамуының жақын аймағы – баланың тек үлкендердiң көмегi арқылы атқара алатын iстерi.
2) Бала дамауының қол жеткен аймағы – баланың үлкендердiң көмегiнсiз iстей алатын iстерi.
Баланың дамуы бiрiншi аймақты меңгеру арқылы жүзеге асады. Дамудың қол жеткен аймағы жақын аймақпен өзара қызметтесе отырып, оны игерген кезде дамуға өрiс ашылады. Бүдан әрi психиканың бүкiл саласынның қалыптасуы, адамның белсендi қызметiн өрiстетуi мүмкiн болады. Бүл процесте олбiр жағынан өзiнiң iскерлiгi мен қабылетiн нығайтын жетiлдiредi, жаңа дадыларды игередi, екiншi жағынан материалдық және рухани байлықтар жасап, осы арқылы адамзат мәдениетiне өз үлесiн қосады. Баланың потенциалдық мүмкiндiктерi неғүрлым жан-жақты үйлесiмдi, толығырақ дамыса, есейген кезде, оның қызметi соғүрлым мазмүнды, жан-жақты, табысты болады. Оны жүзеге асырудың жолдарын ол соғүрлым серпiндi меңгерiп, жаңғырта алады. Демек , шын мәнiндегi – ертеңгң күнге меңзеу орын алады.
±алым психологтар Л.В. Зайцев, А.А. Люблинская, В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин, зертханаларында бастауыш мектепте оқытудың мазмүны мен сипатын өзгертуге арналған зерттеулер жасады. С.Л.Рубинштейн, Е.Н.Кабанова –Меллер және басқалар өз зерттеулерiнде оқыту дамудың негiзгi алғы шарты екенiн дәлелдедi.
И.Я.Лерненр даму деген үғымды педагогикалық заңдылықтарға негiздей отырып,, адамның әртүрлi қиындықтарға мәселелердi шеше бiлуге дайындығы деп түсiндiредi. Мүндай анықтама интеллектуалдық iс-әрекеттiжоғары орынға шығарады. Мәселе қаншылықты күрделi болса, оны шешуге жүмсалатн оқыл-ой қызметi десоншалықты кең, аумақты демек даму деңгейi де жоғары болады. Осы мәселе төңiрегiнде еңбертер жазған әртүрлi авторлар оқушының дамуының белгiлерiн атап көрсетедi. Мысал: П.П.Блонский бүған индевиддiң абстрактiден нақтыға және керiсiнше нақтыдан абстарктiгiе қарай қозғалыс жасай алу қабiлетiн жатқызса, Д.Н. Богаявленский және Н.А.Менчинская – оқ алуды яғни қысқа мерзiмде жоғары үлгерiмге жетудi, Н.Д.Левитов оқу материалын жылдам меңгеру өз бетiнше жаңа мысалдар қүрастыру негiзгiнi және көмекшiнi анықтай бiлу, оқиғаға, қүбылысқа, дүры баға бере бiлу дамдысын жатқызған.
Л.В. Зайков ақыл-ой қызметiнiң төөменедегiде көресткiштерi дамуды iске асырады деп есептейдi. Олоар байқампаздық, өз ойын еркiн жеткiзе бiлу, практикалық iс әрекеттер атқара бiлу.
В.В. Давыдов ақыл ойдың дамудың көрсеткiшi ретiнде жинақтай, қорытындылай алу дағдысын есептейдi.
Түтас алғанда барлық авторлардың даму туралы ойларын оқыту барысыныда баланың психикалқы жаңа сапалық деңгейге көтерiлуi дегенге келiп саяды және оның басты шарты ретiнде әрекет алынады.
80- жылдардың аяғында қазақстанның қоғамдық саяси өмiрiндегi болған өзгерiстер оқыту, тәриелеу, iсiне де жаңалықтар енгiзiп, жаңа леп әкелдi. Респубилка мектептерiндегi оқыту жаңадан жазылған төл оқулықттар, жаңа бағдарламын негiзiнде жүргiзiлiп, бiлiмнiң әлемтiк стандартқа сай болуы қарастырылды.
Оқытудың жаңа технологиялары кеңiнен енгiзiле бастады. °сiресе халықтың педагогиканы пайдаланып, үлттық үрдiсте тәрбиелеуде атқарылған шаруалар ауқымы бiраз. Еелiмiз егемендiгiн алу арқылы мүмкiн болған жаңа буын оқулықтарының да ғылыми негiзгi ретiнде дамыта оқыту жүйесi алынып отыр.
Оқушы қабiлеттерiн дамыту, талантты балалардың талабын үшқырлау мақсатында ашылып, жүмыс iстеп жатқан жаңа үлгiдегi меңей, гимназия сияқты мектептердi заман талабы өмiрге келтiрдi. Бүл мектептерде оқушылар қабiлеттерiне, қызығушылықтарына қарай лайықталынып жасалған арнайы бағдарламалармен оқытылады. Жалпы бiлiм берiлетiн мектептерге қарағанада жаңа үлгiдегi мектептерде пәрдер көбiрек, олардың балалардың талантын, дарынын ашуға мүмкiндiгi де мол.
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негiзгi факторы олардың бiлiмi мен дағдыларының дәрежесi ғана емес, сонымен қатар, баланың маңызды психикалық қызметтерiн, ақыл-ой жүмысысының тәсiлдерiн қалыптастыруға мүмкiндiк беретiн оқу процесiн жолға қою керектiгi саналады. Оқушының шығармашылқ қабiлетi де, оның ойлауы мен практикалық әрекеттерi арқылы ғана дамыди. Ойлауға үйрететiн сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп бiлемiз.
Дамыта оқытуды үйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетiн меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы еркше ақуал мүғалiммен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мүғалiм бүл жағдайда дайын бiлмдi түсiндiрiп қоюшы , бақылаушы, бағалаушы ғана емес, танымдық iс-әрекеттiк үйымдастыратын үжымдық iстердiң үйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектiсiнiң көзiн ашып, шығармашылығын дамытады.
Дамыта оқыту идеясының үзақ тарихы бар. Ерте кезеден бастап ақ ойшылдық бiлiм мен ақыл-ой тәрбиеснiң арақытанасын, олардың бала дамуына әсерiн зерттей бастаған. Бiзге белгелi алғашқы дидактирадың бiрi Квинтилиан мектеп алдына баланың қабiлеттерiне ақыллының қасиеттерiне , мiнез-қүлық ерекшелiктерiне сүйене отырып, оның ойын және тiлiнiң дамуын қамтамасыз етудi қойған.
ХҮII ғасырдағы Я.А. Каменскийдiң дидактикалық жүйесiнiң негiзгi қағидаларының бiрiнде де баланың ақыл-ой күшiн қабiлеттерiн дамыту. Олардың бiлiмге деген қүштарлығын оятып,лаулата түседi делiнген.
И.Т: Песталоций баланың ақыл ойын, барлық қабiлет-қасиеттерiн дамыту идеясымен арқауланған бастауышта оқыту әдiстемесiн жсауға әрекет етедi.
Дамыта оқыту үлы немiс педегогы А.Дистервергтiң әйгiлi немiс мүғалiмдерiнiң бiлiм беру iсiне басшылық (руководство к образаванию немецких учителей) атты еңбегiнiң де негiзi болып табылады. Дамыта оқыту деп ол балаынң бiлi алуға әрекет етуiн үйымдастыратын оқытуды атаған. жаман  мүғалiм ақықатты өзi айтып бередi, жақсы мүғалiм оқушыны өзiн iзденуге жетелейдi- деген.
Орыстың үлы ағартушысы К.Д.Ушинский де өз дидактикалық еңбектернде бастауыш мектеп жасындағы балаларды оқыта отырп, дамыту мәселелерiне ерекеше тоқталып арнайы әдiстеме жасаған.
Осылай бола түрғанмен, дамыта оқыту деген терминге көзқарастар мен пiкiрлер әр түрлi. Себебi дамыта оқыту үғымына берiлген түсыныктер әр түрлi және дамыпайтын оқыту бола ма ? деген сүрақтар жиi қоылады. Алайда дүстүрлi оқыту бал дамуына тек қондырғы ғана болып, дамуғы стихиялы әсер етсе дамудың соңында жүрсе ал, екншi жағдайда оқыту дамуды өзiмен бiрге ала жүредi  деген Л.С. Выгодский дiң пiкiрiнен кө п аңғаруға болады. Алғашқыда оқытудың тиiмдiлiгiн алылнған бiлiмнiң көлемiнене сапасынмен өлшенсе, соңғыда бiлiмнiң тиiмдiлiг қабiлеттiң деңгейiмен, әрекеттiң негiзiгi түрлернiң қаншалықты дамығандығмен өлшенедi.
Дамыта оқыту деген термин психология ғылымының қайнауында туып, баланың дамуын қарастыратын (Ж.Пиаже), ойлаудың әртүiрлi деңгейiн, типтерiн (Л.В. Выготский, А.Н.Леонтиьев, С.Л. Рубинский) жiәне басқа да психиканың функциясын зерттеген (Б.Г.Аньев, А.А.Люблинкая т.б. ) iс-әрекет теориясының психологиясын жасаған (А.Н.Леонтиьев, П.Я.Галперин) еңбектерiнде жалып жан-жақты талданған. Нәтижеде дамыта оқыту проблемесына арналған екi iргелi эксперимент жасалып, оның бiрiн Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов ал, екiншiсi Л.В. Зайков басқарды.
Зерттешiлердiң мақсаты Л.С.Выгодскийдiң 1930 жылдардың басында жасаған оқыту мен дамытудың ара қатынасы жайлы болжамның дүрыстығын тексеру, нақтылау. өткiзiлген зерттеу жүмыстары бастауышта математикалық бiлiм беру iсiне үлкен өзгерiстер енгiзедi. Мысалы, 1969 жыл арифметика курс ыматематикаға ауытырылыды. Бiрақ бүл курста да негiзiнен назар баланың дағдыларын қалыптастыру, жай типтiк есептер шығаруда болып қалды, оқыту әдiстерi, сабақ үйымдастыру түрлерi, бiлi, бiлiк, дағды қалыптастыруға бағытталғандықтан, дамыта оқыту идеясы жүзеге аспайды.
Одан кейiн жиырма жыл көлемiнде дамыта оқыту псхология мен педагогика ғылымдарының келелi мәселесiне айналды. Жүйенiң авторлары «дамыта оқытуң деп – оқыту мақсаты , мiндеттерi , әдiс- тәсiлдерi баланың даму заңдылықтарына сәйкестендiрiлген оқытуды айтады. Оқыту арқылы баланың психикасында жаңа қүрылымдар пайда болуы, яғни жаңа сапалық өзгерiстер болуы тиiс деп есептейдi. Жүйенiң басты мақсаттарының бiрi- баланы оқыта отырып жалпы .....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру