Экономика | Қаржы нарығы. Бағалы қағаздар және Қор биржасы.
Мазмұны
Кіріспе
1. Қаржы нарығының мәні және оның құрылымы Экономикадағы қаржы нарығының мәні Қаржы нарығының көрінісі мен құрылымы
2 Бағалы қағаздар нарығы- қаржы нарығының құрамдас бөлігі
2.1 Бағалы қағаздардың ресурстары мен олардың мәні, қызметі
2.2 Бағалы қағаздардың жіктелуі
3.Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығының қызмет ету механизмі және оны жетілдіру жолдары
3.1 Қор биржалары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қоғамдағы соңғы 6-7 жылда болған өзгерістер Қазақстан Республикасының нарық қатынастары арқылы демократиялық ел болуға бет алғандағы өтпелі дәуір кезеңдерінің өзгерістері. Нарық қатынастары өркениетті елдерде ежелден дамып, соңғы 70-жылда «социализм» мен «капитализм» деген екі жүйенің бәсекесінде өзінің өміршеңдігін, экономикалық және әлеуметтік тиімділігін дәлелдеді. Сол «капитализм» экономиканың жеке және мемлекеттік секторларын қолайлы үйлестіру арқылы уақыт талабына сай әлеуметтік бейімделген нарықтық шаруашылық құра білді. Қаржы-несие институттары демократиялық негізде құрылған қазіргі нарық –адамзат дамуының ең жоғарғы жетістігі. Одан әрі даму және өркендеу кезінде оның инститтутары мен салалық құрылымдары, басқару әдістері мен қызмет ететін субъектілері және т.с.с. нарыққа қатысушылары өзгеруі мүмкін. Бірақ ол өзгерістер нарықтың түп негіздеріне әсер ете алмайтын жеке тұрғыдағы өзгерістер.
Нарық – күрделі, әрі жан-жақты қызмет атқаратын қоғамдық қатынастар жиынтығы. Ол бір жағынан тауар және көрсетілген қызмет нарығын қамтыса, екінші жағынан қор жинау нарығын қамтиды. Соңғысы, өз кезегінде, қаржы нарығы мен қозғалмайтын мүлік нарығынан тұрады. Осы аталған нарықтардың өзара байланысы ұлттық экономикалық механизмді құрайды. Ал бұл механизм несиеге негізделген.Басқаша айтқанда, нарыққа қатысушылардың басым көпшілігі іскерлік шартқа қол қойып, өздеріне бағалы қағаз түрінде міндеттеме алады. Кәсіпкерлердің өзара жасаған дәл осы міндеттемелері – экономикалық механизмнің тұрақтылығының кепілі.
Бағалы қағаз нарығының субъектілерінің қатынастары экономикалық- құқықтық механизмге негізделеді. Бұл бағалы қағаздардың материалдық түрі ретінде оның маңызын дәлелдейді. Бірақ бағалы қағаздардың маңызы онымен шектеліп қоймайды. Бағалы қағаздар кез-келген мемлекеттің төлем айналымында маңызды орын алады, себебі олар арқылы мемлекеттің инвестициялық қызметі жүзеге асырылады. Дәлірек айтқанда, бұл күрделі қаржы тікелей халық шаруашылығының ең тиімді саласына жіберіледі, яғни оларды нарық жүйесіндегі ең өміршең субъектілер ғана ала алады. Өзінің ұйымдық және құрылымдық ерекшеліктеріне орай бағалы қағаздар қаржы институттары, қаржы нарықтары мен оларды реттейтін құқықтық ережелермен қатар мемлекеттің қаржы жүйесінің тұтас бір бөлігін құрайды. Мұндай жүйе біздің мемлекетімізде нарық қатынастарын қалпына келтіру қажеттілігі туындаған кезде, яғни 90 –шы жылдардың басында құрыла бастады.
90- шы жылдардың экономикалық тәжірибесі дәлелденгендей шаруашылықты жетілдірудің нарықтық әдістерін қалпына келтірудің және оны одан әрі дамытудың басты құралы – бағалы қағаздар екені талассыз ақиқат. Бағалы қағаздар ақша түріндегі капиталға да, заттай капиталға да меншік құқын бекітіп, тек бағалы қағаздар арқылы ғана мемлекетік меншікті акционерлік қоғамдардың, яғни жекеменшік иелері- халықтың меншігіне айналдыру мүмкін. Бағалы қағаздар нарығында өзіне тән қаржы институттары жүйесі қалыптасып, оларда экономикалық өрістеудің қаржы көздері шоғырланып және инвестициялық қорларды бөлу қатынастары жүзеге асады. Қазіргі өндірістің жалпы құлдырап, қысқаруы кезінде мемлекеттік жалпы ұлттық өнімдегі өндірістік инвестицияның үлесін арттыру бағалы қағаздар нарығының потенциалды қорларын пайдаланбай іске асуы мүмкін емес. Қазақстан Республикасының мемлекеті бағалы қағаздар нарығын құру және одан әрі өрістету мақсатында қажетті шараларды жасауда. Қазақстандағы меншікті мемлекет иелігінен алу және жекеменшіктендірудің Ұлттық бағдарламасы бағалы қағаздар нарығының негізгі элементтерін құру процесін жеделдетті. Мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлік қоғамдар түрінде қайта құру оларды инвестиция тартудың ең бір тиімді механизмдерінің бірі- акция шығарудың пайдалану мүмкіндігін ашты. Бағалы қағаздар нарығының механизмі экономиканың барлық субъектілеріне инвестиция көздерін алуға мүмкіндік жасайды. Акция шығару осы ресурстарды шектеусіз алуға мүмкіндік туғызса, ал облигация шығару ақша ресурстарын, оларды банктерден алудан гөрі, тиімді жағдайда алуға мүмкіндік береді. Мемлекет бюджет кемшілігін толтыру мақсатында да ақша белгілерін эмиссияламай, мемлекеттік бағалы қағаздар шығарумен шұғылданады. Өркениетті мемлекеттерде экономикалық өрлеуді қаржыландырудың басты жолы бағалы қағаздар нарығы болып табылады. Бағалы қағаздар нарығының күрделі ұйымдық – экономикалық жүйесі көптеген өзара байланысты элементтерден тұрады:
• Эмитенттер, яғни әртүрлі бағалы қағаздар шығаратын шаруашылық субъектілері;
• Инвесторлар, яғни уақытша бос ақша иелері – заңды және жеке тұлғалар;
• Бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары: брокерлер, дилерлер, инвестициялық басқарушылар және т.б.;
• Инвестициялық компаниялары, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары және т.б. қорлар;
• Қор биржалары, депозитарийлер, клирингтік және басқа да қағаздарды тіркейтін, сақтайтын ұйымдар.
Осы күрделі құрылымдардың қызметін ұйымдастыратын, басқаратын және реттейтін заңдар мен ережелер және мемлекеттік органдар қажет. Айтылған мәселелердің барлығы мемлекетіміздің экономикалық дамуының бүгінгі кездегі сатысында Қазақстан халқының жас буыны алдында жаңа, тіпті ерекше бағыт, яғни бағалы қағаздарды шығару және сол қағаздар нарығындағы операцияларды меңгеру міндетті пайда болғаның анықтады. Бұл өте терең экономикалық және құқықтық білімді, математикалық және бағдарламалық жағынан қамтитын және жинақталған дағдыны ұғынуды талап ететін күрделі де қиын кәсіпшілік. Сонымен бағалы қағаздармен қызмет жасайтын жоғары білімді мамандар дайындау- уақыт талабы. Әрине бұндай істе нақты көмекті қазіргі батыс және отандық авторлардың ғылыми еңбектерін оқып, үйренуден алуға болады. Сонымен бірге өткен тарихқа да оралу, оны білу – алға басудың кепілі.
1. Қаржы нарығының мәні және оның құрылымы
1.1 Экономикадағы қаржы нарығының мәні
Қаржы нарығы- бұл, ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтық институттарының, мемлекеттің және халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтық қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, кредит, сақтық, валюта және басқа рыноктармен (капитал, жұмыс күші, тұрғын үй, жер, алтын және т.б. рыноктармен) етене байланысты.
Кез-келген субъектінің қаржы ресурстарына қажеттілігі және оны қанағаттандырудың нақты көздерімен тура келмеуі қаржы нарығының жұмыс істеуінің объективті алғышарттары болып табылады. Қаржы нарығы жұмыс істеуінің алғышарттары мыналар жатады:
1. Бәсекенің дамыту мен монополизмді шектеу мақсатындағы материалдық өндіріс сферасының бастапқы шаруашылқ буындарының- меншіктің барлық нысандары кәсіпорындардың, соның ішінде мемлекеттік сектордың да кең дербестігі
2. Қаржы ресурстарын қайта бөлудегі мемлекет рөлінің қысқаруы: өндірістік күрделі жұмсалымдарды орталықтан қаржыландырудың, қаражаттарды кәсіпорындар арасында ішківедомостволық қайта бөлудің азаюы
3 .Шаруашылқ жүргізуші субъектілер мен халықтың бағалы қағаздарға және басқа активтерге инвестицияланатын ақшалай табыстылығының өсуі бюджет тапшылықтарын қаржыландыру үшін несие қорын пайдалануды тоқтату республикалық, сондай- ақ жергілікті бюджеттің тапшылықтары мемлекеттік қарыздарды шығару арқылы жабылуы тиіс.
Қайсы бір ел болмасын, оның экономикалық жүйесі ең алдымен өзара байланысты үш жүйеден тұрады: мемлекеттік қаржы, экономикалық бастапқы буынының қаржысы (кәсіпорындар, ұйымдар және т.б.) және халықтың қаржысы. Бұдан басқа экономиканың қаржы жүйесіне, шаруашылықтың – бірлестіктер, трестер, ассоцияциялар, концейерндер сияқты әртүрлі типтерінің, сондай- ақ қоғамдық ұйымдардың қаржылары да жатады. Өндірістің салалық ерекшеліктеріне байланысты өндіріс қаржылары, құрылыс қаржылары, сауда қаржылары, әлеуметтік сала қаржылары және т.б. болып та бөлінеді. Осы қаржы жүйесінің маңызды буындарын қысқаша сипаттайық.
Мемлекеттік қаржы – бұл мемлекеттің өзіне міндетті қызметін атқару үшін қажетті (халық шаруашылығын басқару, қорғаныс, заңдылықты және құқықтық тәртіпті қорғау және т.б.), ақша қорларының жүйесі.
Экономиканың алғашқы буындарының қаржылары – бұл кәсіпорынның өндіріс пен ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз ететін, оның шаруашылық шеңберінен аспайтын ақша қорларының жүйесі.
Халықтың қаржысы – бұл тұрғындардың еңбек ету, шаруашылық жүргізу және басқа қызметтер негізінде алатын табыстарынан қалыптасатын ақша қорлары. Халық бұл қорларды өзінің меншігі мен әл – аухатын жоғарылату мақсатында жұмсайды. Соңғы екі жүйенің есебінен мемлекеттік қаржы үшін қаражаттар жиналады. Бұрын кері байланысы бар: мемлекеттік қаржыда шоғырланған қорлар көлемді инвестиция, субсидия және дотация түрінде халық шаруашылығына қайта оралып келеді. Сондықтан барлық қаржы жүйесінде мемлекеттік қаржы шешуші роль атқарады.
Қаржы нарығы бағалы қағаздар, қарыз, валюта және капитал нарығынан құралады. Оны жасаудағы басты мақсат уақытша бос ақша қаражаттарын мемлекеттің, кәсіпорындардың және акционерлік қоғамдардың мұқтаждарына жұмылдырып жұмсау болып табылады. Әкімшілік- әміршілдік басқару жүйесі жағдайында қаржы нарығының қызметін мемлекеттік бюджет, министрліктердің қаржы жоспары, банктердің несие жоспары және т.б. атқарған болатын.
Экономикалық реформа, кәсіпорындардың дербестігін арттыру және шаруашылық жүргізудің жаңа нысандарына өту жағдайында қаржы ресурстарының әдеттегі әдістерін қолдану шектеле бастады. Сонымен қатар, қаржы ресурстарын министрліктер арқылы салааралық бөлу біршама қысқарды. Бұның өзі кәсіпорындардың қосымша қаржы ресурстарын өз бетінше тұтыну және оларды сату арқылы қаржы нарығын құруға қолайлы жағдай жасады.
Қаржы нарығы өзіне тән инфрақұрылымы және жаңа принципті ақпаратты ағымы бар күрделі экономикалық қатынастар саласы. Сондықтан қаржы нарығын құру үшін бағалы қағаздарды эмиссиялау, қаржы инфрақұрылымын құру және ақпаратпен қамтамасыз етуге байланысты жүйелі мәселелерді зерттеу қажеттілігі пайда болды. Өтпелі кезеңде қаржы нарығының дамуы қаржы-несие жүйесін қайта құру проблемасын туғызады.
Бүкіл дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отырғанындай, нарықты экономикаға тән қаржы қатынастарының екі типі- бюджеттік және нарықтық бір- бірімен тығыз байланыста болады. Мемлекеттік бюджет пен басқа деңгейдегі бюджеттер, сондай- ақ кейбір бюджеттік емес орталық қаржы қорлары кәсіпкерлік табыс және азаматтардың табысының бір бөлігін алу жолымен құрылады және оны мемлекеттің мақсатына сәйкес қайтарылымсыз бюджет қаражатымен бөлу арқылы пайдаланылады.
Ақша ресурстарын бюджеттік пайдалану нарықтық пайдаланумен толықтырылуы қажет. Қаржы нарығында ақша толыққанды тауар ретінде көрінеді және оны пайдаланудың бағасы нарық заңына сәйкес, сұраным мен ұсыным негізінде орнығады. Қаржы нарығы жағдайында – кәсіпорындар, ұйымдар және адамдар ақша қорлары арқылы жасалған табыстарын, ал халық шаруашылығы қосымша қаржы көздерін тұрақты алуға талпынады. Бұндай нарық капиталынсыз кәсіпорындардың шын мәніндегі өзін - өзі қаржыландыруы мүмкін емес.
Қаржы нарығы жоқ жағдайда ақша –ресурстарын бюджеттік әдіспен пайдалану басым болады. Ондай әдіс біздің осы уақытқа дейін жүргізілген шаруашылық механизміне тән болады. Ақша ресурстары мемлекеттің қолында шоғырланды және мемлекеттік бюджет арқылы ұлттық табыстың үштен екісі қайта бөлінді. Несие жүйесінде тек мемлекеттік банкілер жұмыс істеді, ал олардың қызметтерінде кәсіпкерлік белсенділік болмады. Бюджет қаражаттары және несие ресурстары, оларды пайдаланудың тиімділігі ескерілмей «тек жоспар бойынша ғана» бөлінді. Осындай саясаттың нәтижесінде шығынмен жұмыс жасайтын рентабелділігі (табыстылық) төмен кәсіпорындар қаржыландырылды, жұмысты ұқыпсыз жүргізу жасырылды, сөйтіп мемлекеттік бюджеттің тапшылығы күшейді. 1965 жылы басталған шаруашылық реформалардың нәтижесінде кәсіпорындардың қаржы ресурстары едәуір өсті, бірақ оларды пайдалану қатаң бақылауда болды. Қаражаттарды кәсіпорындар, кәсіпорындар мен адамдар, кәсіпорындар мен банкілер арасында қайта бөлуге тиым салынды. Кәсіпорындардың қаржылары олардың банкідегі есеп шоттарында процентсіз сақталды.
Бізге қаржы нарығын қалыптастыруда батыл қадамдар жасау міндеттері, яғни бағалы қағаздар нарығын құру, несие жүйелерін коммерциялық және кәсіпкерлік негізге көшіру, сондай- ақ қаржы нарығының инфрақұрылымын дамыту қажеттігі тұр.
1.2 Қаржы нарығының көрінісі мен құрылымы
Нарық қазір өз алдында қызмет ететін жүйеге айналды да, оның басты тетіктері «сұраныс», «баға» және «ұсыныс» болады, олардың бірлігі «нарық» деген ұғымды құрайды.
«Нарық экономикасы» - деген ұғым «өндіріс» «тұтыну» дегенді білдіреді.
Нарық экономикасындағы қаржылар ондағы нарық экономикасына, яғни сұраныс, баға, ұсыныс, өндіріс және тұтынуға реттеуші механизмді тікелей және жанама қоса тіркейді. Нарық бірінде сатып алу, сату объектісіне тән дәстүрлі тауарлар мен бірге қызмет көрсету, еңбек, ақша, капитал, бағалы қағаздар, информация және интеллектуалды жетістіктерді біріктіреді. Соңғы жылдары өте ерекше твауарлар, оларды сатып алу, сату рыноктың жаңа сапада болуын талап етеді. Ол нарықтық материалдық- техникалық жүйесі. Сатушы мен сатып алушылардың кәсіпкерлік білімі және айырбастың механизміне де сапалық өзгерістер енгізеді.
Мемлекет тарапынан экономикалық процестерді реттеу кез келген қоғамдық жүйенің, соның ішінде қаржыны басқарудың ажырағысыз элементі болып табылады.
Экономиканың қаржылық қатынастары әдетте екі нысанда- өзін өзі реттеу мен мемлекеттік реттеу нысанында жүргізіледі. Қоғамдық өндірістің түрлі буынджарында қаржы базасын қалыптастырудың шаруашылық жүргізуші субъектілердің өздері жасап, пайдаланатын әдістерімен сипатталады. Екінші нысаны қоғамдық өндірістің даму пройесіне мемлекеттің сан алуан экономикалық тетіктері, соның ішінде қаржы тұтқалары арқылы араласуын бейнелейді.
Нарықтық экономиканы қаржылық реттеу- бұл макроэкономикалық тепе-теңдікке және экономиканың жұмыс істеуінің әрбір нақтылы кезеңінде оның үдемелі дамуына әсер ету үшін, сондай-*ақ қаржы ресурстарын шебер пайдаланудың күнделікті процесін қамтамасыз ету үшін шаруашылық жүргізуші субъектіге мемлекеттің қаржылық ықпал жасауының нысандары мен әдістерін мақсатты жәнпе дәйекті қолдану процесі ретінде сипаталады.
Нарықтық экономикадағы м емлекеттік қаржылық реттеуді жүзеге асырудың алғышарттары:
- Қоғам дамуының объективті экономикалық заңдарының іс-қимылын есепке алу.
- Қоғамның барлық мүшелерінің түпкілікті мүдделерін білдіретін қоғам дамуының ғылыми негізделген саратегиялық бағдарламасын әзірлеу.
- Көзқарастарды білдіретін демократиялық жүйенің болуы және халықтың барлық жіктерінің, әлеуметтік, ұлттық топтарының мүдделерін еркін білдірудің мүмкіндіктеріне арналған олардың демократиялық институттарының болуы.
- Шаруашылық қызметте қылықтың нормасы мен ережесінен шегіністі айқын және жедел сезінетін елде жасқы жолға қойылған заңнамалық жүйенің болуы.
Нарықтық экономикадағы мемлекеттік қаржысын реттеудің нақтылы жүзеге асырудың шарттары мыналар:
- экономиканы құрылымдық жағынан қайта құру;
- Басқарудың барлық деңгейлерінде және меншіктің барлық нысандарында шаруашылық процестер мен құрылымдарды монополиясыздандыру;
- Нарықтық бастамаға, коммерциялық қызметтің, заңдағы ескертпелерден басқа қызметтің бірдей барлық түрлеріне еркіндік беретін барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер меншігінің бүкіл нысандарының шынайы теңдігін жасау негізінде бәсекені, кәсіпкерлікті дамыту;
Нарықтық экономикадағы қаржыны экономикалық, соның ішінде қаржылық нысандар мен әдістер арқылы жанама реттеме іс-әрекет етеді. Дүниежүзілік практика мынадай реттеушілерді жасады: салық салуда-салықтардың мөлшерлемелері, салық салу жөніндегі жеңілдіктер мен санкциялар, табыстарды, мүлікті, активтерді мағлұмдамалау, аванс төлемі және басқалары; бюджеттен қаржыландыру кезінде- шығыстарды нормалау, қаражаттардың пайыздық аударымдары, бюджет тапшылығын қаржыландырудың әдістері, бюджет артығын пайдалану; амортизацияның нормалары, кәсіпорындардың, фирмалардың қорларына аударылатын аударымдардың норативтері, әлеуметтік қамсыздандырудың нормативтері және басқалары. Бұл реттеушілер ақша (қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалар, эмиссияның көлемі, валюталық бағам), кредит (кредит үшін сыйақылары, есеп мөлшерлемесі мен ұлттық банктердің резервтік талаптары, ашық нарықтағы ұлттық банк операцияларының ауқымы), баға (реттелмелі бағалардың деңгейі, еркін және тіркелген бағалардың арақатынасы, рентабелділіліктің шекті деңгейі) реттеушілерімен толықтырылады.
Нарықтық экономикадағы мемлекеттік қаржылық реттеу валюталық-қаржылық реттеудегі негізгі әдістері болып табылады: валюталық бағам, ақша капиталының пайыздық мөлшерлемелері, халықаралық төлем қаражаттары мен бағалы қағаздардың бағамдары, валюталық тәуекелдіктерді сақтандырудың сан алуан әдістері.
2. Бағалы қағаздар нарығы – қаржы нарығының құрамдас бөлігі

Қазақстан Республикасының жоспарлы экономикадан түбегейлі жаңа, нарықтық, мемлекет реттейтін экономикаға өтуі елімізде қаржы нарығын және оның қызметін қамтамасыз ететін институттардың құрылуын талап етеді. Бұл өте күрделі және ауқымды мақсат. Көптеген жылдар бойы елімізде шын мәнінде ия қаржы нарығы, ия оның инфрақұрылымы, яғни жеке коммерциялық және инвестициялық банктер, биржалар, сақтандыру қоғамдары болған жоқ. Қаржы саласының барлығын мемлекет айрықша құқықпен (монопольно) өзіне қаратып, барлық кіріс көздерін халықтың қажетін өтемейтін міндеттерге жұмсап отырды. Оған дәлел мынадай мысал, ұлттық жалпы өнімнің заттай құрылымының 3/4 бөлігі өндірістік құрал- жабдықтарды өндіруді ұлғайтуға жұмсалған. Негізгі құрал- жабдықтар соғыс- өнеркәсіп кешеніне жұмсалғандықтан халық игілігіне қолдануға болмаған. Елімізде «ұзаққа созылған тапшылық экономикасы» қалыптасып, ол тек тұрмыстық игіліктің өткір кемшілігін ғана емес, сонымен қатар үнемі рухани кемшіліктіде тудырды. Сондықтан, шаруашылықты ұйымдастыру мен оны басқаруды жаңа әдіспен жүргізу объективті қажеттілік еді.
Нарақтық экономика- адамзат өркениеттілігінің ең жоғарғы жетістігі және өндірісті ұйымдастырудың ең тиімді түрі екендігін дүниежүзі мемлекеттерінің көпшілігінің өркендеу тәжірбиесі дәлелденген ақиқат шындық. Ал ҚР үшін шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістеріне өту ғана емес, сонымен бірге, мемлекеттік экономикалық саясаттағы субъективизмнен (әділетсіздіктен) бас тарту.
Шаруашылықты нарық әдістерімен жүргізу қаржы нарығының мол мүмкіндігін пайдалануды талап етеді. Қаржы нарығы – мемлекеттің бүкіл ақша қорларының жиынтығы. Бұл қорлар экономиканың әртүрлі субъектілерінің сұранысы мен ұсынысы әсерінен өзгеріп және үнемі қозғалыста болады. Қазіргі кезде дүниежүзінде АҚШ-тың Еуропа бірлестігі мен Жапонияның қаржы нарығы ең үлкен қорларды иемденуде. Ал Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өтпелі кезеңінде оның қаржы нарығының қоры мол, өз өркендеуіне жетеді деуге әзір ерте. Жалпы қаржы нарығы біріне- бірі байланысты және бірін –бірі толықтырып тұратын, бірақ әрқайсысы өз алдына қызмет жасайтын үш нарықтан тұрады.....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: курстык жумыс Қаржы нарығы. Бағалы қағаздар және Қор биржасы. курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар экономика жобалар курстық жұмыстар