Педагогика | Қазір мектепте оқушы ұжымы

 Педагогика | Қазір мектепте оқушы ұжымы

Мазмұны
КІРІСПЕ..............................................................................................................3
І Бөлім Оқушылар ұжымын қалыптастырудың теориялық негіздері
1.1. Педагогикалық және психологиялық әдебиеттерінде ұжым проблемасы..................................6
1.2. А.С. Макаренконың ұжым туралы тағылымы.............................11
ІІ Бөлім Қазір мектепте оқушы ұжымын қалыптастыру жолдары
2.1. Мұғалім мен балалар ұжымының педагогикалық процестегі ынтымақтастығы...........................................17
2.2 Оқушылардың ұжымдық-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру жолдары......................................22
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................27
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................................................................29

КІРІСПЕ
«Жаңа адамды қалыптастырудың негізгі жағдайы ұжым болады», - деді А.В.Луначарский. Оның айтуынша, адамды тәрбиелеу, демек, ол адам біздің заманымызда ұжымшыл, қоғамдық мүддені жеке басының мүддесінен жоғары санайтын болуы тиіс. Тұлға ұжым негізінде ғана дамиды.
Н.К.Крупская: «Тұлғаның дамуы мен қалыптасу ортасы - ұжым» -деді.
Барлық уақытта да өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешуде оқушыларды тәрбиелеу үлкен мүмкіндіктерге ие болған. Қазіргі заманғы өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешудегі ерекшелігі – ата-ананың білім және жалпы мәдени деңгейінің жоғары болуы. Балалардың тәрбиесі оның белгілі бір тұрақты әлеуметтік институт ретінде анықталады, ол ұжым мүшелері арасындағы өзара қатынастардың қалыптасуы мен дамуына септігін тигізетін адамдардың жақындығы, туыстық қатынастар, өзара тұрмыстық өмір. А.С.Макаренко баланың ұжымдағы қарым-қатынасындағы қызмет әрекетін ұйымдастыру және салауатты өмір салтын құру, мектеп пен ұжым арақатынасы туралы түсініктеме жазған.
Оқушылар ұжымы - тәрбиенің шешуші факторы және біздің қоғам жағдайында бала өмірін ұйымдастырудың негізгі формасы. Жеке тұлғаның дамуы үшін ұжымда қолайлы жағдайдың болуы қажет. Тұлға жан-жақты даму мүмкіншілігін ұжымынан алатын болғандықтан ұжымда тұлғаның бас бостандығы болуы басты шарт болып табылады. Балалар ұжымын ұйымдастыру қажеттігі қоғамның өзі біртұтас ұжым ретінде өмір сүретіндігінен туындайды.
Осы жағдай талабына сай ұжым балаларды қоғамдық өмір мен өндіріске дайындаудың мүмкін болатын бірден-бір құралына айналады. Оқушылар ұжымы баланың өмірін, оқуын, еңбегін, жасампаздығын, күш-қуат мәдениетін, ойын ұйымдастырудың ең тиімді құралы.
Ұжым проблемасын педагогика ғылымының қайраткерлері және халық ағарту органдарының озат өкілдері А.В.Луначарский, Н.К. Крупская, А.С.Макаренко, П.П.Блонский, С.Т.Шацкий, В.А.Сухомлинский аса зор көңіл аударып зерттеді.
Біздің елімізде қазіргі қоғамның маңызды ұясы – мектеп ұжымы баланы дамытуда және қалыптастыруда үлкен роль атқарады. Мектептегі оқушылар ұжымы – бұл іс-әрекетімен (оқу, еңбек т.б.) бірігіп топтасқан балалардың мақсатқа бағытталған тұрақты бірлестігі.
Мектеп ұжымының негізінде бірнеше өзара байланысты оқушылар ұжымдарының типтері пайда болады. Олар: мектеп сыныбы, ұзартылған күн тобы, клубтар, секциялар, оқушылардың еңбек бірлестіктері т.б. Бұлардың барлығын бастауыш ұжымдар деп атайды.
Оқушылар ұжымы балаларды ұжымшылдыққа тәрбиелеудің маңызды құралы. Ұжымшылдық адам мүддесінің қоғам мүддесімен мызғымас байланыстылығын көрсетеді.
Оқушылар ұжымын тәрбиелеудің маңыздылығы, мектеп қабырғасынан шыққаннан кейін олар әртүрлі ұжымға тап келеді. Сондықтан да олардың сынып және мектеп ұжымдарында жеке бастарының қаншалықты үйлесіп, қалыптасуына байланысты оның кейінгі уақыттардағы психологиялық жағдайы сәйкестенеді, қайсібір әрекеті нәтижелі болады. Сынып ұжымында бала өзінің үлкендермен қарым-қатынастағы қабілетін тәрбиелейді. Соған орай ұжымдағы өзара қарым-қатынас жүйесі бір-бірімен байланысты іскерлік және достық жағдайында болып келеді. Олар негізінен ұжым болып қалыптасу кезеңінің алғашқы мерзімінен бастау алады. Аристотельдің айтуынша, адам баласы қоғамның тірі организмі болғандықтан, тек қоғамда ғана ол өзінің табиғатын дамыта алады. Олай болса, ол қарым-қатынас жасау барысында өмір сүріге және ғылымға қатысты білімдерді алады, әр түрлі әрекетке қатысты білік пен дағды қасиеттерін меңгереді, қоршаған ортаның тылсым құбылыстарын түсіне бастайды және соған өзгелер де бейімделеді.
Адам ұжымда өз күшінің, өз қабілетінің керек екенін түсінеді. Сондықтан оларды үнемі дамытып, жетілдіріп отыру педагогикалық ұжымның оқыту және тәрбие жұмысын шығармашылықпен ұйымдастыруына байланысты. Қорыта айтқанда, ұжым - тәрбиенің маңызды құралы.
Курстық жұмыстың мақсаты: оқушылар ұжымы арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру жолдарын қарастыру
Курстық жұмыстың міндеттері:
-Педагогикалық және психологиялық әдебиеттерде ұжымды қалыптастыруды қарастыру;
- А.С. Макаренконың ұжым туралы тағылымын қарастыру;
- Мұғалім мен балалар ұжымының педагогикалық процестегі ынтымақтастығын айқындау;
- Ұжымда оқушылардың ұжымдық-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру жолдары қарастыру.
Зерттеу көздері: Зерттеу мәселесі бойынша педагог –ғалымдардың әлеуметтанушылардың, психологтардың еңбектері; ҚР «Білім беру туралы» Заңы; Елбасшысының халыққа жолдаған «Қазақстан - 2030» үндеуі; «Кәусар бұлақ» бағдарламасы; «Атамекен» бағдарламасы; Қазақстан Республикасында жалпы орта білім беру тұжырымдамасы; ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы теориялары, ұлттық тәлім-тәрбие туралы ғылыми зерттеулер мен теориялық әдебиеттері негіздеріне сүйеніп жасалған.
Зерттеу әдістері: тақырыпты зерттеу барысында қолданылған педагогикалық және психологиялық әдебиеттерге, ғылыми мерзімді басылымдарға ғылыми талдау жасау, анкета және интервью әдістері;.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
І Бөлім Оқушылар ұжымын қалыптастырудың теориялық негіздері
1.1. Педагогика және психология әдебиеттерінде ұжымды қалыптастыру проблемасы
Жеке тұлға және ұжым проблемаларын философтар, әлеуметтанушылар, әлеуметтік психологтар, педагогтар айналысуда. Бұл аталған проблеманың педагогикалық ғылым мен практиканың шеңберінен әлдеқашан шығып кеткендігінің дәлелі. Ұжымның педагогикалық теориясын дамытуға П.П.Блонский, Л.С.Выготский, Н.К.Крупская, П.Н.Лепешенский, В.И.Сорока-Росинский, С.Т.Шацкий және т.б. өз үлестерін қосты.
Ұжымдағы жеке тұлға теориясын құрудың негізі А.С.Макаренко еңбектерінде жатыр. Ол ұжымда жеке тұлғаны тәрбиелеудің басты нәтижесі оның қоғамдық бағытылығы деп есептейді. А.С.Макаренко ұжымның басты белгілерін нақты тұжырымдап берді: ұжым – басқа ұжыммен органикалық байланыста болатын қоғамның бір бөлігі; қоғамдық маңызы бар мақсаттың болуы; ұжым мүшелерінің қызметін ұйымдастыру; ұжым мүшелері арасындағы өзара жауапкершілікті қарым-қатынас орнату; өзін-өзі басқару органдарының болуы.
А.В.Луначарский: «Жаңа адамды қалыптастырудың негізгі жағдайы ұжым болады» - деді. Оның айтуынша, адамды тәрбиелеу, демек, ол адам біздің заманымызда ұжымшыл, қоғамдық мүддені жеке басының мүддесінен жоғары санайтын болуы тиіс. Тұлға ұжым негізінде ғана дамиды.
Н.К.Крупская: «Тұлғаның дамуы мен қалыптасу ортасы - ұжым» -деді.
Мектептегі қоғамдық ұйымдарға, олардағы балалардың қарым-қатынастарына үлкен мән береді. Балаларды ұжымда өмір сүре және жұмыс істей алатындай етіп тәрбиелеудің қажет екендігін ескертті. Ол балалар қозғалысына байланысты бірсыпыра мәселелерді атап көрсетті. Олар: балалардың ұжымдық іс-әрекетінің формалары мен әдістері, өзін-өзі басқару және оны ұйымдастырудың әдістері т.б..
А.С.Макаренко ұжымда жеке адамды тәрбиелеудің бір ізді педагогикалық теориясын жасады. Оның идеялары осы уақытқа дейін құндылығын сақтауда және іс-әрекеті, қарым-қатынас, дәстүр сияқты тәрбие проблемалары ұжым өмірінде шығармашылық дамудың негізі болды.
Қазіргі кезеңде А.С.Макаренко идеясын дамытуда И.П.Ивановтың «Коммунар әдісі» игі әсер етуде. Коммунар әдісінің мәні, ұжым өмірінің айқын бейнесін ұйымдастыру. Онда барлығы өнегелік принципіне, шығармашылыққа негізделеді. Ұжымдық шығармашылық біріккен іс-әрекетінің әдісіне ұжымдық жоспарлау және жүзеге асыру, күнделікті іс-әрекеттері, ұжымдық талқылау, шешім қабылдау және баға беру кіреді. Бұл мәселелер И.П.Ивановтың «Коллектившілерді тәрбиелеу» атты еңбегінде қарастырылған.
Сонымен ұжым - бұл көзделген мақсатқа жетудегі ұйымшылдық пен мақсаттылық іс-әрекетімен сипатталатын адамдар тобы.
В.А.Сухомлинский балалар ұжымын дамыту теориясына айтарлықтай үлес қосты. Оның терең ойлары бірсыпыра ғылыми еңбектеріндет «Мудрая власть коллектива», «Коллективтің құдіретті күші» т.б. баяндалды.
В.А.Сухомлинский пікірі бойынша әрбір бала тәрбиесі ұжымда негізгі тәрбие құралы болады. Балалар мен тәрбиешілер арасындағы рухани қарым-қатынас ұжымдық қатынастың даму процесі. В.А.Сухомлинскийдің қарым-қатынас жайындағы идеясы жаңашыл мұғалімдердің идеяларымен ұштасып жатыр. Демек, ынтымақтастық балалармен қарым-қатынас жасаудың нәтижесінде туды. Ынтымақтастық идеялары жаңашыл мұғалімдердің еңбектерінде ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қарастырылған.
Ұжым проблемасын зерттеушілер қазір оны зерделеудің әр түрлі әдіс-тәсілдерін жасауда. Л.И.Новикова әрбір баланың тұлғалық қасиеттерін жан-жақты дамыту құралы ретінде балалар ұжымын басқарудың барынша тиімді жолдарын зерттеуде. Т.Е.Конникова ұсынған ғылыми бағыт ұжымның басты қызметін оқушының құлықтық дамуымен байланыстырады.
Р.С.Немов, А.Г.Кирпичник өз жұмыстарында балалар ұжымының қызметін жүйелі бағалауға үлкен мән береді.
Педагогика ғылымында оқушылар ұжымын ұйымдастыру қажеттілігін, оның тәрбиелік қызметін ашуды негіздеу ғана емес, оны жасаудың теориялық негізі де бар. Ұжым тәрбиелік ықпал жасау үшін оның дамуы, ілгері жылжуы керек. Балалар ұжымы олардың өмірі мен қатынастарының жүйесі ретінде бір орында тоқырап қала алмайды. Даму, ілгері қозғалу - ұжым өмірінің заңы. Бұл жерде қозғалыстың себебін, дамудың мүмкіндіктерінің сырын ашып алған жөн.
Мұндай психологиялық күш – болашақ үміт дүниесі. Адамның болашаққа ұмтылуы, өмірге үміт артуы адам мен ұжым дамуының маңызды сәттерінің бірі. Болашақ үміт дүниесінде адам қажеттігінің мәдени және материалдық жиыны, оның даму деңгейі бүкіл моральдық бейнесі айқындалады.
А.С.Макаренко болашақ үміт дүниесінің педагогикалық маңызды ерекшеліктерінің бірі - баланың алдында мақсат жүйесі ретінде ашылып, ол баланы тілеген нәтижеге жету мүмкіншілігімен еліктіреді, өзінің және ұжымның болашағын құруға қатынасу ынтасын, қуанышты көңіл-күйі мен ілгері ұмтылуын туғызады деп есептеді. Қалыптасқан қажеттіліктерді, тілектерді, мүдделерді қанағаттандыруға ұмтылу оқушының іс-әрекетін әлеуметтік құнды арнаға жұмылдыру мен бағыттау болып табылады.
Педагогикалық тұрғыдан болашақ үміт дүниесі деп тұтас ұжым балалар тобы, баланың тұлғалық мәні дамуының ішкі қажеттіліктерін қанағаттандыратын, ұжым мүшелерінің даму деңгейіне, олардың жас және дербес ерекшеліктеріне қоғам талабына сәйкес келетін міндеттерді, мақсаттарды, істерді түсінуіміз керек.
Оқушылардың тәрбие ұжымын және тұлғалық мәндерін қалыптастыру мақсатында болашақ үміт дүниелерінің жалпы сипаттағы ерекшеліктері болады. Олар:
- міндетті ұжым болып орындау жолындағы күрес бейнесінің қиялдан туындайтын тікелей бала қызығуына, қуанышына негізделген істердің еліктіруі;
- нақты істер міндеттерінің, мақсаттарының қоғамдық пайдалы құндылығы және олардың біздің халқымыздың бүкіл күресімен байланысы, болашақ үміт дүниесі үшін күрес барысының нақты ұйымдастырылуы;
- оқушыларда нақты моральдық сапаларды тәрбиелеудің педагогикалық мақсатқа сәйкестігі.
Мұғалімнің міндеті болашақ үміт дүниесі жүйесін құру, яғни іс әрекет жүйесін құру, осы іс-әрекет барысында балаларға қажетті сапаларды тәрбиелей отырып, бір міндет шешімінен екіншісіне ұжымдық қозғалту.
Ұжымның жасампаз істері қазіргі кездері тәрбие жұмысы құралдарының ішінде ең өзектілерінің бірі. Шындығында, мәселен, еңбек мерекесі, ән-жыр көктемі, тақырыптық кештер т.б.. Мектепте үйреншікті құбылыстарға айналды. Осындай іс-әрекеттер түрлі жастағы оқушылар жігерін біріктіріп аға ұрпақ өкілдерінің бірлескен қатынастарын дамытуға көмектесуде. Бұл бірлік ұжымдық жасампаз істер жүйесін оқушылармен тәрбие жұмысында нәтижелі пайдаланудың шарты болып отыр.
Мектеп кештерінде, арнайы ұйымдастырылған кездесулерде, мұражай және көрмелерге баруда аға ұрпақ өкілдерімен тікелей қатынасып оқушылардың танымдық мүддесін қанағаттандырады және тереңдетеді, ой өрісін кеңейтеді, талғамды құлықтық көзқараспен қабылдауын және үндестігін, пейілін және зейінін дамытады.
Мектеп тәжірибесі болашақ үміт дүниесін алға қоюдың төмендегідей екі жолы бар екенін көрсетеді:
- оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп, мұғалімнің өзі олардың алдына болашақ үміт дүниесін міндет етіп қояды және міндетті шешудің жолдарын көрсетіп, балаларды еліктіреді;
- өздеріне болашақ үміт дүниесі ретінде алдына қойған мақсатқа жету жөніндегі оқушылар бастамасын мұғалім қуаттап, оған жету жолдарын табуға көмектеседі .
Түрлі болашақ үміт дүниесін ұйымдастырудағы негізгі әдістемелік тәсіл нақты мақсатқа жету жолындағы күреске балаларды даярлау. Ол даярлыққа болашақ үміт дүниесіне жетудегі көмектесетін жоспарды, жобаны, ұсыныстарды талқылау мен одан туындайтын ұйымдық және практикалық жұмыстар кіреді. Бұл жұмыс – тәрбие ұжымын және біріктіру барысындағы ең бір маңызды кезең. Ортақ іс-әрекетке барлық оқушылардың қатысуын қамтамасыз ету керек және ол қатынасу белсенді, жасампаз сипатта болған жөн.
Ұжым мүшелеріне тапсырмаларды орынды бөлу - балаларды еліктірудің, болашақ үміт дүниесі істеріне қатынастырудың негізгі жолы. Тапсырма топқа және жеке оқушыға берілуі мүмкін. Кез-келген іс баланың ақыл-ойын ғана емес, оның сезіміне әсер ететіндей, тек еңбегі мен қылығына ғана емес, әсемділікке талғамды көзқарасын тәрбиелейтіндей ұқыпты ұйымдастырылған, сәулетті безендірілген болуы керек. Әсіресе, мерекелер сәулетті және салтанатты ұйымдастырылуы қажет. Бұларға ата-аналар, қонақтар қатынасуы, өту барысында балаларға силықтар тапсырылуы, жарыс қорытындысы жарияланғаны өте жақсы.
Белгіленген болашақ үміт дүниесі жүйелерін жүзеге асыруда әсіресе сынып жетекшісінің зор ұйымдастыру жұмысы қажет. Оның болашақ үміт дүниесін тауып қоя білуі, оны жүзеге асыруды ұйымдастыру іскерлігі, балаларды еліктіру, қиялын ояту, оның өз ынтасына оқушыларды сендіруі, болашақ үміт дүниесін айқын, ..........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру