Экономика | Қазақстанның сақтандыру нарығы

 Экономика | Қазақстанның сақтандыру нарығы

Кiрiсiпе
Қазақстанның сақтандыру нарығы қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы, сақтандырылушы – клиенттердің төлем қабілеттілігі, сақтандыру заңнамасының жағдайы және ондағы мемлекеттік реттеудің тиімділігі сияқты тенденциялардың жиынтығымен сипатталады.
Сақтандыру рыногын дамытудың негiзгі мiндетi - қазiргi заманғы ұлттық сақтандыру индустриясын қалыптастыру, сақтандыруды шаруашылық субъектілерiнiң мүдделерiн және халықты әртүрлі тәуекелдерден қорғаудың тиімді тетігі және ұзақ мерзiмдi iшкi инвестициялар ретiнде белсендi пайдалану.
Марк Твеннен бақытсыздықты болжайтын балгерлерден қорқасыз ба деп сұрағанда, жазушы «өзіне сенімді екенін, өзінің өмірі сақтандырылғанын, әрі сақтандыру компаниялары маған өлуге жол бермейді» деп жауап береді.
Бұл - әрине, ұлы адамның әзілі. Бірақ та шындығында, қаржы нарығында заңды және жеке тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау бойынша азаматгық-құқықтық қатынастар жүйесіне, олардың өмірі мен денсаулығына, ақша қорланымдарына жәй ғана емес, аса стратегиялық рөл беріледі. Қазақстан дербестік алғаннан кейін бұл маңызды сегментті ақша-қаржы кеңістігінде реформалауы табиғи нәрсе.
Ұлттық сақтандыру жүйесінің қалыптасуы мен дамуын талдау арқылы, оның негізгі кезендерін анықтау керек. Нарық жағдайында қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына тәуекелдіктердің сан алуандығы және көптігі тән. Және де мүмкін болатын ысырап ықтималдығы артады, бірінші кезекте, жағымсыздықтарды ұлттық экономиканың түрлі сатылы деңгейлерінде, тәуекелдіктерді реттей отырып басқару арқылы, мейлінше азайту қажеттілігі туады. Алайда, мемлекеттік сақтандыру әлеуметгік, қоғамдық тәуекелдіктерді реттей отырып басқарумен, сақтандыру қатынастарының тәртібін, түрлерін және шарттары заңдық негіз арқылы реттеумен шектеледі. Сондықтан тәуекелдіктерді басқару проблемасы — шаруашылық жүргізетін субъектілердің бірінші кезектегі міндеттері. Мұндай жағдайда кәсіпқой сақтандырушылар арқылы сақтандырудың мәні арта түседі. Нарықтық реформалардың бастапқы кезеңдерінде сақтандыру үдерісін анықтайтын ережелер болмады, бұл сақтандыру қызметінде тәжірибесі жоқ көптеген компаниялардың пайда болуына әкелді. Көптеген компаниялар сақтандыру қызметтің көп түрінің бірі ғана деп есептеді. 1994 жылдан 1998 ж. дейін олардың саны 22-ден 71-ге дейін өсті. Одан кейін бес жыл ішінде қүлдырау жүрді. 2004 жылдың басында барлығы 34 компания жұмыс істеді. Сөйтіп, әлеуетті сақтандырушылар тараптарынан мүдделілік танытқан кезде сақтандыру қызметтерінің нарығы Қазақстанда өзін-өзі реттеді. Әлі де ол әрі республикалық, әрі аймақтық деңгейлерде ұйымдастырудың осы заманғы түрлерін, аймақтық деңгейлерін іздестіруде.
1.1 Сақтандыру қызметі
Ұлттық нарықтағы құрылымдық-атқарымдық сақтандыру қызметтері әлеуметтік-экономикалық қатынастардың даму деңгейіне және нарықтағы өзара қатынасушыларға бейімделген заңдық сақтаңдыру негізінің жағдайына тікелей байланысты. Сақтандыру нарығының ауқымдарына байланысты, оны қосалқы жүйе мен сегменттерге бөлуде қатысушылар қызметін реттеуде түрлі тәсілдер қолданылады. Нарықта сақтандыру қызметтері дамыған елдерде, әдеттегідей, әрбір қатысушының әрекетіне айқын анықтама беріледі. Сақтандыру жүйесі азырақ дамыған мемлекеттердің зандарында сақтандыру қызметтері нарығын кұру және негізгі қатысушылар әрекеті туралы түсіндірілулер беріледі. Бұл Қазақстанға да қатысты: «Сақтандыру қызметі туралы» занда сақтандыру нарығы құрылымдық-атқарымдық өзара байланыстары айқын көрсетіліп толық анықтамасы келтірілмейді. Тек қана сақтандыру қызметіне қатысты занды және жеке тұлғалардың құрылымдалмаған тізімі ұсынылады.
003 жылғы 10-шілдедегі «Сақтаңдыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы заңының 10-бабына сәйкес сақтандыру нарығына қатысушыларға мыналар жатады:
• сақтандыру (қайта сақтандырушы) ұйымдары;
• сақтандыру қоры;
сақтандыру агенті;
• сақтанушы, сақтандырудан пайда алушы;
• актуарий (сақтандыру жарнасын есептеуші маман);
• уәкілетті аудиторлық ұйым (уәкілетгі аудитор);
• өзара сақтандыру қоғамы;
• сақтандыруға байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге
асырушы өзге жеке және заңды тұлғалар.
Бұл институттардың өзара іс-қимыл нысандары сақтандыру нарығы қосалқы жүйесінің ауқымын, мазмүнын және негізгі міндеттерін баламалы түрде көрсетуі тиіс: сақтандыру саласындағы мемлекетгік органдар мен ұйымдарды, сақтанушылар мен сақтандырушыларды, сақтандыру қызметтері инфрақұрылым нарығының объектілерін, бірақ өкінішке қарай, бұлар заңда жоқ. Біздің пікірімізше, сақтандыру ісінде мемлекеттің қатысуы мемлекетгік сақтандыруды дамыту мен сақтандыру бизнесін реттеу сияқты бағыттарда көрінуі тиіс.
2.1 Сақтандыру қызметінің түрлері, оның маңыздылылығы
Нарықтық экономика есігімізден кіріп, төрімізге жайғасқалы біраз уақыт болды. Нарықпен бірге халықтың санасына көп¬теген жаңа түсініктер еніп, оның заңдары мен құбылыстарына “етіміз” үйреніп те қалды. Дегенмен, нарықпен бірге жаңаша түрленіп келген түсініктердің бірі – сақтандыру халықтың түсінігінде әлде де болса тиісті орнын таппауда. Сонымен сақтандыру дегеніміз не? Қарапайым тілмен айтқанда ол – халықтың жеке және шаруашылық өмі¬ріндегі мүліктік мүдделерін табиғи апаттар немесе басқа да белгісіз төтенше жағдайлар салдарынан болатын шығындардан арнайы мақсатты қорлар құру арқылы қорғау. Сақтандыру қорларын құрудың негізгі қай¬нар көзі – сақтандырушылардың сақ¬тан¬дыруға төлеген ақылары болып табы¬лады. Мемлекеттің сақтандыру саласында жүр¬гізген күрделі реформалары нә¬ти¬же¬сінде қазіргі кездегі еліміздің сақтандыру қатынастарын мемлекеттік реттеу мен бақы¬лау жүйесі бұрынғы кеңестік кеңіс¬тіктегі елдермен салыстырғанда әлдеқайда дамыған. Сақтандыру компанияларының қаржылық тұрақтылығын, төлем қабілет¬тілігін қамтамасыз ету үшін және сақта¬ну¬шылардың мүдделерін қорғау мақсатында көптеген заңдармен басқа да нормативтік- құқықтық актілер қабылданған. Заң жүзін¬де қойылған талаптардың толықтай сақталуын мемлекет тарапынан Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын жане қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі қамтамасыз етеді. Сақтанушылардың мүд¬делерін қорғау мақсатында аталмыш агент¬тіктің құрамында арнайы басқарма қызмет істейді. Егер сақтанушылардың заңды құқықтарын сақтандыру компаниялары бұзатын болса, жоғарыда аталған басқармаға шағымдануға болады.
Қазіргі кезде еліміздегі сақтандыру міндетті және ерікті болып екіге бөлінеді. Міндетті сақтандыру заңмен бекітіледі және оның талабын орындауға барлық адамдар міндетті. Мысалы, барша жұртқа белгілі көлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауап¬кершілігін сақтандыру, жолаушы тасымал¬даушылардың жолаушылар алдындығы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақ¬тандыру, жұмыс берушілердің жұмысшылар¬дың алдындағы азаматтық-құқықтық жауап¬кершілігін сақтандыру және т.с.с. Яғни мін¬детті сақтандыру – адамдардың белгілі бір-іс әрекетпен айналысуына қойылатын заң жүзіндегі міндетті талаптардың бірі болып табылады.
Сақтандырудың екінші нысаны ерікті сақтандыру адамдардың жеке өмірі және шаруашылық жағдайындағы мүліктік мүдделерін әр түрлі төтенше жағдайлардан (сақтандыру оқиғаларынан) қорғауға деген қажеттіліктен туындап, олардың тілек-ниеттерінің негізінде жүзеге асырылады. Ерік¬ті сақтандыру сақтандырудың нысанда¬рына қарай жеке және мүліктік сақтандыру болып екі топқа бөлінеді.
Жеке сақтандыруға азаматтың өмірін, денсаулығын, еңбекке қабілеттілігін және жеке басына байланысты өзге де мүліктік мүдделерін сақтандыру жатады. Оның мынадай негізгі түрлері бар:
* жазатайым жағдайлардан сақтандыру;
* аурудан сақтандыру (медициналық сақтандыру).
* аннуитеттік сақтандыру;
* өмірде белгілі бір оқиғаның баста¬луына байланысты сақтандыру;
* өмірді сақтандыру.
Қазіргі кезде жеке сақтандырудың бір бөлігі – өмірді сақтандыру Қазақстандағы сақтандыру саласын дамытудың басым бағыттарының бірі болып отыр. Респуб¬ликамызда өмірді сақтандыру саласында қызмет көрсететін төрт сақтандыру компа¬ниясы бар. Олардың біреуі мемлекеттік –“Мемлекеттік аннуитеттік компания” АҚ, үшеуі жеке меншік - “БТА Өмірді сақтан¬дыру” АҚ, “Валют-транзит Lіfe” АҚ және “Халык-Lіfe” АҚ.
Ал енді мүліктік сақтандыруға келетін болсақ оның төмендегідей негізгі түрлері бар:
* мүлікті сақтандыру;
* жауапкершілікті сақтандыру
Мүлікті сақтандыру – бұл заңды және жеке тұлғалардың жылжымайтын мүліктерін, көліктерін, малын, үй мүліктерін, ауыл шаруашылық өнімдерін, тасымалданатын жүктерін, қондырғыларын, шикізаттарын және де басқа мүліктерін сақтандырудан туындайтын қатынас.
Жауапкершілікті сақтандыру – бұл көлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкерші¬лік¬терін сақтандыру, жұмыс берушілердің жұмысшылардың алдындағы жауапкерші¬ліктерін сақтандыру, кәсіпорындардың үшінші бір тұлғаларға тигізетін залалдарын сақтандыру (экологиялық сақтандыру), жүк тасымалдаушылардың азаматтық-құқықтық жауапкершіліктерін сақтандыру және басқа да заңды және жеке тұлғалар¬дың заң жүзінде туындайтын азаматтық-құқықтық жауапкершіліктерін сақтанды¬руға байланысты қатынас.
Қазіргі кезде республикамызда ерікті мүліктік сақтандыру жеке сақтандыруға қа¬ра¬ғанда жақсырақ дамыған. 2005 жыл¬дың қорытындысы бойынша жиналған жалпы сақтандыру сыйақысының 69%-ы мүлікті сақтандыру үлесіне тиеді. Айта кету керек, оның басым бөлігі ірі заңды тұлғалардан жиналған қаржылар. Яғни, жеке тұлғалар мен шағын кәсіпкерлер өз мүліктерін сақтандыруды әлі де болса дұрыс қолға алмауда. Яғни, халықтың мү¬лік¬тік мүдделері әртүрлі төтенше жағдай¬лар салдарынан болатын қауіптерден тиісті дәрежеде қорғалмаған. Өзінің мүлкін сақтандырмаған адам жоғарыда айтылған қауіпті жағдайлар бола қалған жағдайда орны толмас шығынға ұшырары сөзсіз. Сол себепті де, нарық заманында сақтан¬дыру халықтың әлеуметтік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі құралдардың бірі болып табылады.
Егер банктік сақтандырудың жалпы картинасы түсінікті десек, «Альянс-Полис» АҚ және «Еуразия СК» АҚ-тың даму қарқыны нарықтық сақтандыру саласында бірыңғай емес. Осы төңіректе сақтандыру қызмет көрсету бағыты бойынша белгілі фавориттерді атап өтуге болады. Олар – алғашқы орынды иеленіп келе жатқан авто және жолаушыларды тасымалдау саласындағы – «Алтын Полис» АҚ және «ИНТЕРТИЧ» медициналық қызмет сақтандыру компаниясы. Осыдан кейін жаңа сақтандыру үлгісін алып келген «Виктория СК» АҚ болса, «НСК» сақтандыру компаниясының да көрсеткіштері де жаман емес.
Корпоративті қоғамда нарықтық компаниялардың арасында «Аманат іnsurance» СК, «Premіer сақтандыру» АҚ және «Номад Иншуранс» СК көшбасшылық етіп отыр. Аталмыш тұлғалар 2006 жылдан бастап жүктерді, теміржол көліктерін мүліктерді сақтандыра бастап, өз қызметтерінің ауқымын кеңейтуде үлес қосып келеді. Қазіргі уақытқа дейін олардың қатарына «Лондон – Алматы» АҚ сақтандыру компаниясы да кірді. Осы жерде аталмыш компаниялардың БТА құрылымына кіргеннен кейінгі банкілік санатқа ауысқанын ескеру керек.
Басты назар аударатын жайт, нарықтық компаниялардың тек әлеуметтік бағыттағы жобаларға сақтандыру қызметін жүргізгенімен қоймай, олардың сақтандыру жинағының көрсеткіштері 30 пайызға жетті. Олардың қатарына «Алтын Полис» АҚ мен бірге «Комеск Өмір» АСК және «ИНТЕРТИЧ» енеді.
2.2 Сақтандыру нарығының жағдайы
Ағымдағы жылдың 12 айы ішінде жиналған сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық көлемі 28,9 млрд. теңге болды, бұл 2002 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 27,1 %-ке көп.
Сақтандыру сыйлықақысының түсімі
млн. теңге
Сақтандыру сыйлықақысының түсуі 01.01.03 жылға 01.01.04 жылға 2003/2002ж. өзгеруі,
%-пен
Сомасы үлесі %
Барлығы, оның ішінде: 22719,3 28 870,2 100,0 27,1
Міндетті сақтандыру бойынша 1 201,8 2 841,6 9.9 136,4
Ерікті жеке сақтандыру бойынша 1 913,0 2 778,4 9,6 45,2
Ерікті мүліктік сақтандыру бойынша 19604,6 23250,2 80,5 18,6
Кестені қарағанда 2004 жылғы 1 қаңтарға міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі өткен жылдың дәл сол көрсеткішінен 136,4%-ке өскені көрінеді. Ерікті жеке сақтандыру бойынша ұлғаю 45,2%, ерікті
мүліктік сақтандыру бойынша 18,6% болды.
Өткен желтоқсан айы кезеңіндегі жиналған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 2,7 млрд. теңге болды. Мұндайда аталған соманың 74,8%-і (2,0 млрд. теңге) ерікті мүліктік сақтандыру бойынша сыйлықақыны құрайды, олардың ішінде көлікті сақтандыруды қоспағанда, 42,4% мүлікті сақтандырудан, 13,5% жүктерді сақтандырудан және 12,5% шарт бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандырудан түскен.
1.01.2004ж. жағдай бойынша сақтандыру кластары бойынша сақтандыру сыйлықақыларының түсуін қарау кезінде мыналарды ескеруге болады:
міндетті сақтандырудағы автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақыларының түсімі 91,4% (2,6 млрд. теңге) болып келеді.
ерікті жеке сақтандырудағы сақтандыру сыйлықақылары түсімінің 45% -і (1,3 млрд. теңге) – медициналық сақтандыру бойынша түскен түсім бойынша, 31,7%-і (0,88 млрд. теңге) жазатайым жағдайдан және науқастан сақтандыру бойынша, 15,5%-і (0,43 млрд. теңге) өмірді сақтандыру бойынша болып келеді.
ерікті мүліктік сақтандырудағы сақтандыру сыйлықақылары түсімінің 35,1% -і (8,2 млрд. теңге) мүлікті сақтандыру бойынша, 22,8%-і (5,3 млрд. теңге) залал келтіру бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру бойынша және 13,7%-і (3,2 млрд. теңге) жүктерді сақтандыру бойынша болып келеді.
Сақтандыру салалары бойынша (life, non-life) жиналған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі былайша көрініс алады:
млн. теңге
Сақтандыру салалары бойынша сақтандыру сыйлықақыларының түскен түсімдері 1.01.03 жылға 1.01.04 жылға 2003/2002жж. салыстырғ. %-пен
Сомасы Үлесі, % Сомасы Үлесі, %
Сақтандыру салалары бойынша барлығы 22 719,3 100,0 28 870,2 100 27,1
Өмірді сақтандыру 204,6 0,9 430,2 1,5 110,3
Жалпы сақтандыру 22 514,7 99,1 28 440,0 98,5 26,3
"Өмірді сақтандыру" саласы. 2003 жылғы кезең үшін «өмірді сақтандыру» класы бойынша жиналған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 430,2 млн. теңге ($3,1 млн.) болды, бұл өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 2 есеге көп. «Өмірді сақтандыру» саласы бойынша есепті күнге жиналған сақтандыру сыйлықақыларының үлесі 2003 жылғы 1 қаңтарға 0,9%-ке қарсы 1,5 % болды.
"Жалпы сақтандыру" саласы. "Жалпы сақтандыру" саласы бойынша 2003 жылғы кезең үшін жиналған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 28,4 млрд. теңге ($204,0 млн.) болды, бұл 2002 жылғы осы кезеңнен 26,3 %-ке артық. "Жалпы сақтандыру" саласында негізгі үлес алатын сақтандыру кластары арасында мыналарды белгілеуге болады:
"мүлікті сақтандыру" класы – 28,7% (8,2 млрд. теңге);
"залал келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру" класы - 18,6 % (5,3 млрд. теңге);
"жүктерді сақтандыру" класы – 11,2% (3,2 млрд. теңге);
"көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру" класы – 9,1% (2,6 млрд. теңге).
2004 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша үлесіне жиынтық сақтандыру сыйлықақыларының 63,3%-і келетін сақтандыру сыйлықақыларын жинау бойынша негізгі 5 сақтандыру компаниялары-көшбасшыларының арасында өткен айлармен салыстырғанда кейбір өзгерістер болды. Олардың ішінде: "Казахинстрах" шетелдік сақтандыру жөніндегі компания” ЖАҚ-ы - 19,9 %, "БТА" СК ААҚ-ы - 13,7%, "Мұнай сақтандыру компаниясы" ААҚ-ы - 10,6 %, "Казкоммерц - Полис" СК ААҚ-ы - 10,5 %, "Еуразия" СК” ААҚ-ы - 8,5%.
ҚР резидент еместерінің қатысуымен сақтандыру компанияларының 1.01.2004 ж. жағдай бойынша жинаған сақтандыру сыйлықақыларының үлесі 37,5% (10,8 млрд. теңге) болып отыр.
Қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 16,8 млрд. теңге немесе сақтандыру сыйлықақыларының жиынтықты көлемінің 58 %-і болып отыр. Мұндайда резидент еместерге қайта сақтандыруға сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық көлемінің 54,0 %-і беріліп отыр.
Қайта сақтандыру
млн. теңге
Қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақылары 01.01.03жылға 01.01.04жылға ............
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру