Экономика | Өнеркәсіптік кәсіпорындарының бәсеке қабілеттілігі

 Экономика | Өнеркәсіптік кәсіпорындарының бәсеке қабілеттілігі

Мазмұны

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

1 КӘСІПОРЫН ӨНІМІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ................................................................................3
1.1 Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігінің экономикалық мәні.............5
1.2 Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін бағалаудың әдістемелік негіздері....9

2 «ҚАЙСАР - СҮТ» ЖШС-НІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АХУАЛЫ МЕН ӨНІМІНІҢ БӘСЕКЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ТАЛДАУ............................................14
2.1 «Қайсар-сүт» ЖШС жалпы сипаттамасы және өндірістік қызметін талдау
2.2 Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін талдау.................................................21

3 «ҚАЙСАР-СҮТ» ЖШС-НІҢ БӘСЕКЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДЫ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ.........................................................................................28
3.1 Қазақстан Республикасы тамақ өнеркәсібінің кластер ретіндегі дамуы...
3.2 Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін арттыруда маркетингтік жүйені пайдалану тиімділігін арттыру.............................................................................32

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................37
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................39


1 КӘСІПОРЫН ӨНІМІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігінің экономикалық мәні

Ұлттық экономикадағы нақты саланың дамуын қамтамасыз етуде, отандық өндірушілердің өнімдерін әлемдік нарықтың сұранысына сәйкестендіру бағытында атқарылатын іс-шаралардың тобына шығарылатын өнімдердің бәсекелік қабілетін қамтамасыз ету мәселесін жатқызуға болады.
Бәсекеге қабілеттілік дегеніміз ─ кез-келген экономикалық объектілерге тән қасиет. Физикалық табиғатына және атқаратын қабілетіне қарамай, барлық тауарлар, сондай-ақ оларды өндіру, пайдалану жүйелері бәсеке мәселесі шеңберінде қарастырылады, тіпті мұндай талдау аспектісі абстрактілі емес, нақты экономикалық қызметтің практикалық мәні.
М. Эрлих және Дж. Хайн пікірлері бойынша бәсеке қабілеті ─ фирманың өз тауарын сату қабілеті.
Бәсекеге қабілеттілік ─ өнеркәсіптік өнімнің құндық және сапалық параметрлерін ғана қамтымай, сондай-ақ кәсіпорын қызметіндегі инвестиция мен инновациялық басқаруға, менеджмент деңгейіне тәуелді жан-жақты ұғым.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің сипаттамалары қандай? Оның негізгі құрауыштарын атап өтейік:
1. Негізгі құрауышы өнімнің өзімен тікелей байланысты және оның сапасына көп көңіл аударылады. Көптеген зерттеулер нәтижесінде өнімді сатып алу туралы қорытынды шешім (30-35%) оның сапалық сипаттамаларымен байланысты екенін көрсетеді.
2. Екінші құрауышы өнімді сату мен сервисімен байланысты. Тұтынушы көбіне өнімнің сапасы төмен, бірақ сенімді және қымбат емес сервиспен (мысалы, авто-мототехника) сатылатын тауарды таңдайды.
3. Үшінші құрауыш бұл тұтынушыға, субъективті фактор ретінде жағымды немесе жағымсыз әсерін тигізетінің бәрі.
Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігін модельдеудің мақсаты бәкелес кәсіпорынның өнімдері арасында нарықты бөлудің нарықтық механизмін модельдеуге келіп тіреледі. Мұның негізінде өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің қалыптасуының механизмі жатыр (сурет 1).
Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігі белгілі бір фактордардың ықпалымен қалыптасады. Олардың арасындағы негізгілері: баға; cапалық; жаңалық; жарнама; пайдалану сенімділігі; көркемдеу, мәнерлеу; буып-түю, т.б.

Өнімнің сапасы
Тұтынушылардың талғамдары



Төлемқабілетті сұраныс


Өндіріс шығындары
Өнімнің тұтынушылық құны


Аналогтар


Өнімнің бағасы




Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі



1 — сурет Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің қалыптасуының механизмі

Өнімнің бәсекеге қабілеттілік мәселесі қазіргі жағдайдағы әлемде әмбебаб сипатқа ие болды. әрбір мемлекеттің тұтынушының экономикалық және әлеуметтік өмірі оның қаншалықты табысты шешілуіне қарай байланысты. Бәсекеге қабілеттілік – мемлекеттің, өндірушінің өнім шығару мен өткізудің мүмкіншілігінің жиынтығы десек те болады. Бәсекелік факторының өзі мәжбүрлік сипатқа ие, нарықтан ығыстыру қорқынышы өндірушілерді өз тауарлардың бәсекеге қабілеттілігі мен сапа жүйесімен тоқтаусыз шұғылдануға мәжбүр етеді, ал нарық олардың қызметінің нәтижелерін объективті және қатал бағалайды.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің зерттелуі оның өмірлік циклының фазаларына тығыз байланысты үздіксіз және жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. Әрбір тауар нарыққа шыққаннан кейін өзінің бәсекеге қабілеттілік әлуетін бірте-бірте жұмсай бастайды. Бұл процесті баяулатып, уақытша ұстап тұруға болады, бірақ оны тоқтату мүмкін емес.

Бәсекелестер мақсаттары мен талаптарының диагностикасы

Бәсекелестердің нарықтық
үлесін талдау және бағалау

Бәсекелестердің тауарлық саясатының формалары мен әдістерін зерттеу
Бәсекелестер бағаларының өзгерісін зерттеу
Бәсекелестер өткізу торабының құралуын және олардың өткізуді ынталандыру құралдарын талдау


Бәсекелестердің қаржылық қуаты мен тұрақтылығын бағалау

Нарықтық бәсекелестік картасын құрастыру

2 — сурет Нарықтағы бәсекелестер іс-әрекетінің құрылымдық талдауы

Тауар өндіруші өзінің нақты бәсекелестерін, олардың мүмкіндіктерін, артықшылықтары мен кемшіліктері ғана емес, сондай-ақ таңдаған нарықтағы бәсекелестірдің жалпы жағдайын, яғни осы нарықтың бәсекелестік сипатына байланысты типін, өзінің салалық нарығындағы бәсекелестіктің қозғаушы күштерін өте жақсы білуі керек (сурет 2).
Нарыққа жаңа бәсекелестердің енуі барысында белгілі бір тосқауылдар болуы мүмкін. Олардың негізгілері: өндіріс қажеттіліктерінің үнемделуі; өнімнің жіктелуі мен сатып алушылардың да сол кезеңдегі шығындары; тарату каналдарының салыстырмалы жетіспеушідігі; саладағы артықшылықтардың болуымен белгіленетін тосқауылдар.
Нарықта әрекет етуші компаниялар арасында бәсекелестіктің қарқандылығы мынандай факторлармен анықталады:
• бәсекелестердің сан жағынан көп болуы және олардың күштерінің теңдігі;
• саланың салыстырмалы баяу өсуі;
• үстеме шығындар немесе тауарлы-материалдық қорлар құны түріндегі тұрақты шығындардың жоғары деңгейі;
• дифференциацияның жоқтығы (және тиісінше – конверсия шығындары);
• қуаттардың секірмелі өсімі;
• жоғары деңгейге шығу тосқауылдары.
Бәсеке сипаттамалары және оларды анықтайтын факторларды шартты түрде микродеңгейлі (өнімнің сапасы мен бағасын көрсететін), мезодеңгейлі (салалардың қолда бар өнлірістік қорларын тиімді қолданудың көрсеткіштерін жақсартатын) және макродеңгейлі (шаруашылық жүйелердің жалпы қалпын, олардың балансын, инвестициялық климатын, салық тәртібін, тариф кедендік саясатын және т.б. көрсетеді) болып бөлінеді.
Экономикалық әдебиетте бәсекені оның әдістері бойынша бағалық (баға негізіндегі бәсеке) және бағадан тыс бәсекеге (тұтынушылық құнның сапасы негізіндегі бәсеке) бөлуге болады. Бағадан тыс әдістердің санына фирманы басқарудың бүкіл маркетингтік әдістері жатады. Олардың негізгілері: тауардың жаңартылуы, сапа, жарнама, халықаралық стандарттарға сәйкес келу, т.с.с.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалаудың бірнеше әдістері бар. Бірақ барлығының да бір ортақ кемшілігі бар, онда тұтынышыны қызықтыратын өнім бағасы мен сапаның қатынасы ескерілмейді, тек тауардың басқа қасиеттерінің жиынтығы ретінде анықталады.
Тауардың өмірлік циклының өсу этапында ғана өндіріс, маркетинг шығындары айтып, білінетін табыс алуға болады.

1.2 Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін бағалаудың әдістемелік негіздері

Өнімнің бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ету оның сандық бағалауын қажет етеді. Әрбір таңдалынатын тауар бойынша бәсеке қабілеттілікті бағалаудың өз әдістері бар. Ол сәйкес тауар нарығы мен ғылыми-техникалық прогрестің негізгі тенденцияларының қалыптасу ерекшеліктерін есепке алады.
Өнеркәсіп тауарларының бәсеке қабілеттілігін сипаттауда мына параметрлерді бөліп көрсетеді: техникалық (нормативті, эргономикалық, эстетикалық, және т.б.); экономикалық (тұтыну бағасын қалыптастыратын) және ұйымдастырушы (жеңілдік жүйесі, төлем және жеткізу шарттары, жеткізудің кешендігі, кепілдік мерзімі мен шарты және т.б.).
Өндірілген және нарықта талап етілген өнімнің салыстыру базасын таңдау келесілерден тұрады:
- өнімнің бәсеке қабілеттілігін бағалау мақсатын қою және берілетін өткізу нарықтарын талдау;
- нарық жағдайын, көлемін, сұраныс пен ұсыныс құрылымы мен факторларын, бәсеке қабілеттілігін белгілі бір кезеңге өзгеру болашағын талдау;
- бағаланатын және бәсекеге түсетін өнімнің сатып алушылар қажетттіліктерінің параметрлер мөлшерін қою және номенклатураны таңдау.
Жалпы негізгі бәсекелестерді анықтауды келесі бағыттар бойынша жүргізу керек.
1. Нарық: нарық сыйымдылығы және оның негізгі сегменттері: нарыққа бәсекелестердің кіру жолдары; берілген нарықта бәсекелестердің басымдылықтарын қарастыру; бәсекелестердің нарықтық стратегиясының икемділігі мен бейімделуі; нарықтың белгілі бір сегменттеріндегі бәсекелестердің тұрақтылық жағдайы; бәсекелестердің мүмкін болатын нарықтық жағдайларға әсіресе, нарықтық диверсификацияға, бағалардың өзгеруіне және т.б. әсері.
2. Нарық және көрсетілген қызметтер: жаңалық деңгейі; сапа (көрсеткіштердің барлық жиынтығы бойынша), әмбебаптылығы, пайдаланудағы көпварианттылық, габариттері, қораптау, қызмет көрасету деңгейі; кепілдендірілген мерзім, сауда маркасының престижы және т.б.
3. Баға және тұтынушылармен қаржылық қатынастар: прейскуранттық баға, өткізудің нарықтық бағасы; жеңілдік баға және жеңілдетілген түсімдер деңгейі; төлем формалары мен мерзімдері; несие шарттары; шығарылатын өнімдер мен көрсетілген қызметтер қатынасындағы бәсекелестердің баға құру саясаты.
4. Өткізуді және таратуды ұйымдастыру: өткізу формалары (тікелей жеткізу, сауда өкілдері, көтерме жеткізушілер – дилерлер, дитрибьюторлар, комиссионерлер, агенттер); өткізу каналдары, нарықты қамту дәрежесі; қойма орындарын орналастыру тиімділігі; запастарды бақылау жүйелері, тасымалдау жүйелері және т.б.
5. Өнімдер мен қызметтердің нарықта жылжуы: тұтынушылар және сауда өкілдері үшін жарнаманы пайдалана отырып маркетингтік коммуникациялар түрлерін және формаларын пайдалану; жеке сату формалары: тұтынушылар үшін ынталандырулар, бұйымдар үлгілерінің көрмесі, персоналды оқыту жән дайындау, сауда каналдары бойынша жылжыту ( жәрмеңке мен көрмелерді ұйымдастыру, бәсекелік негіздегі сатылым, сауда делдалдарына сыйақылар, купондар, тауарлардың көрмесі және оларды пайдалану бойынша ұсыныстар, электронды жарнама мен коммерцияны пайдалану) және т.б.
Бәсекелік ортаны, өнім бәсеке қабілетілігін және бәсекелес кәсіпорындардың қызметін зерттеу кәсіпорынның бұл ортадағы жағдайын, оның әлсіз және күшті жақтарын анықтауға мүмкіндік береді.
Жалпы тауарлардың бәсеке қабілеттілігін бағалау үшін мынадай келесі әдістемелерді қолдануға болады.
- Тауарлардың бәсеке қабілеттілігін талдаудың көпбұрышты және экспертты әдістемесі. Көпбұрыш бойынша тауарлардың бәсеке қабілеттілігін талдау тәртібі келесідей:
1) тауардың бәсеке қабілеттілік көрсеткіштернің тізбегі орнатылады;
2) тауардың бәсеке қабілеттілік көрсеткіштерінің нормативтік мәндері орнатылады;
3) бәсеке қабілеттілікті қамтамасыз етудегі тауардың бәсеке қабілеттілік көрсеткіштерінің маңыздылығынан шыға отырып олардың салмақтылығы орнатылады;
4) тауарлардың бәсеке қабілеттілік көрстекіштері туралы бастапқы ақпарат жинақталып талданады;
5) тауарлардың бәсеке қабілеттілігінің көпбұрышы құрастырылады: нормативтер, 20% -ке көбейтілген, радиалды сәулелеріндегі ішкі бұрыштар – тауарлар бәсеке қабілеттілігінің келтірілген мәндері.
- Тауарлар бәсеке қабілеттілігін бағалаудың эксперттік әдістемесі. Бұл жерде бәсеке қабілеттілікті бағалау үшін факторлардың салмақтылығын ескере отырып саны 5 адамнан төмен болмайтын жоғары білікті мамандардан жинақталған эксперттық топ құрылады (басшылардың бірі немесе менеджер, конструктор, маркетолог, технолог, экономист).
Баллдау жүйесінде бәсеке қабілеттіліктің әрбір факторына эксперт 1-ден 5 баллға дейін бере алады.
- Тауардың бәсеке қабілеттілігінің 1111-5555 жүйесі бойынша талдау әдістемесі. Жалпы тауардың бәсеке қабілеттілігін келесідей төрт басты статикалық факторлар бойынша анықтау керек: тауарлардың сапасы, тауардың бағасы, нақты нарықтағы тауардың қызмет көрсету сапасы; тауарды пайдалануға эксплуатациялық шығындар.
Тауардың бәсеке қабілеттілігінің интегралды көрстекіштерін эксперттық жолмен екі әдіс бойынша анықтауға болады:
1) факторлар салмақтылығын ескермей;
2) факторлар салмақтылығын ескере отырып.
Кез келген жағдайда бұл әдістер бағалауды нақты сандық әдістерін қолдану мүмкін болмаған жағдайда қолданылады. Ғалымдармен факторлардың келесідей салмақтылығы ұсынылған: өнім сапасына - 4, оның бағасына - 3, нақты нарықтағы тауардың қызмет көрсетуіне – 2 және тауарды пайдалану бойынша эксплуатациялық шығындарға – 1балл. Соңғы фактор 1 баллға бағаланып отыр, өйткені эксплуатациялық шығындар көбінесе тауардың сапасын және оның қызмет көрсетуімен анықталады.
- Бір параметрлі машиналар мен құрал-жабдықтардың бәсеке қабілеттілігін бағалау әдістемесі. Талданатын объектінің бәсеке қабілеттілігін (тауардың, қызметтің) сандық түрде бағалау керек, ол оның деңгейін бағалауға мүмкіндік береді.
Пайдалы эффект — бұл объектті беру, нақты қажеттілікті қанағаттандыратын объект сапасының жеке көрсеткіштерінің нақты жағдайында пайдаланылатын жүйе ретіндегі интегралды көрсеткіші. Басқаша айтқанда, пайдалы эффект – бұл нақты тұтынушымен нақты жұмысты орындау үшін пайдаланылатын объект қасиеттерінің жиынтығы, ал сапа – бұл тұтынушылардың бірнеше тобы үшін потенциалды эффект. Объект сапасы мен пайдалы эффектісінің интегралды көрсеткіштерінің арасындағы мәнді түрдегі үзіліс объекттің пайдалы мүмкіндіктерін толығымен пайдаланбауға әкеледі, ол дұрыс емес. Сондықтан, сапаның интегралды көрсеткіштерінің 0,8-0,9 тең нақты жағдайлар үшін пайдалы эффектпен объектті жобалау (жасап шығару, қалыптастыру) қажет.
Пайдалы эффектті болжаудың негізгі әдістері: нормативті, эксперименталды, параметрлік, экспертті. .....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру