Экология | Қоршаған ортаның тазалығын бақылау жүйесін жақсарту

 Экология | Қоршаған ортаның тазалығын бақылау жүйесін жақсарту

Мазмұны

Кіріспе
Негізгі бөлім

1. Қоршаған ортаның тазалығын бақылау жүйесіне жалпы сипаттама.
2. Қоршаған ортаның тазалығының қазіргі жағдайы.
3. Қоршаған ортаның тазалығын бақылау жүйесін жақсарту жолдары мен болашағы.
4. Табиғаттың нарық жағдайындағы экономикалық нысандары.
5. Қоршаған ортаны пайдаланудың экономикалық механизмі (кесте-1).

Қорытынды мен ұсыныстар.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.


1. Қоршаған ортаның тазалығын бақылау жүйесіне жалпы сипаттама.

Барлық тірі табиғат соның ішінде жүгірген аң, жорғалаған жәндік пен ұшста, жалпы бүкіл тірі организмдер ауамен дем аламыз, су ішіп, онымен жуынамыз. Бұлар бізді қоршаушы ортаның басты үш құраушысы болып табылады. Ғылымда оны биосфера, яғни тіршілік ортасы деп атайды.
Биосфера – түрлі тірі организмдер мекен ететін жердің үстіңгі қабаты мен судан, өзендер мен көлдерден, теңіздер мен мұхиттардан, яғни жердің асты – үстіндегі су мен будан және 2-3 шақырымға дейінгі тереңдіктегі жер қойнауынан тұратын нәзік қана өмір әлемі. Сондай-ақ ауа 12-15 шақырым биіктігіне дейінгі аралықты қамтитын және тропосфера деп аталатын төменгі қабаты да осы тіршілік аясына кіреді. Биосферадағы тепе-теңдік, ондағы заттық және күш қуаттық алмасулар,онда тұрушы барлық тіршілік иелерінің өмір сүруінің нәтижесі болып табылады. Бүгінгі таңда тіршілік аясының аумағы бірнеше кеңейе түсуде.
Табиғи орта миллиардтаған жылдарғы даму барысында қалыптасқан өте күрделі құрылымды жүйе. Оның құрылымды бөліктеріне ұсақ организмдер, саңырау құлақтар, өсімдіктер, жан-жануарлар, адамзат, топырақ, қызу, жарық, басқа ғаламшарлар, жұлдыздар, түрлі тартулы күштері, магнитпен электр өрістері жатады.
Тірі табиғат пен тірі емес табиғат өзара тығыз байланыста болады. Бұл байланыс бірінші кезекте атомдардың ары бері сапырылысуы,яғни заттар мен күш қуат түрлерінің шексіз айналымға түсіп, табиғатта үнемі қайтадан таралып тұруы түрінде көрінеді және оның өзі тіршілік етушілердің ат салысуымен жүзеге асырылады.
Адам табиғаттың сан-алуан кен байлықтарын пайдалана, өңдей отырып, оларды түрлі қалдықтар түрінде кері қайтарады. Яғни, адам мен табиғат арасында белгілі бір алмасу орнайды. Осы қатынас барысында заттардың табиғатта таралуы мен шоғырлануы елеулі өзгеріске ұшырайды. Әрине, ол заттардың үнемі қозғалыста болып, бір орыннан екінші орынға жылжып отыруы табиғи жайт. Алайда адам қатысында бұл қозғалыс шапшаң түрде өтетін болады. Аз уақыт ішінде заттар мен атомдар бір жерде азайып, екінші жерде күрт көбейе түседі. Заттардың бірі тарыдай шашылып кетіп, екіншісі шоғырлана бастайды. Мысалы: адам кеніштердегі миллиондаған жылдар бойы қалыптасқан қандайда қазбаны аз жылдың ішінде-ақ әлде бір затқа айналдырып, жер жүзіне таратып жібереді. Немесе ол кенді өңдеп, пайдаға жаратамын деп жүріп сол өңдеген жердің маңайына ауасын, суын, табиғатында екінші бір заттардың шоғырлануын туғызады. Бұған қоса адам өте көп мөлшерде түрлі жанғыш заттар бөлінетін күш-қуаттарын пайдаланады. Оларды тіршілік аясының әр тұсына немесе одан тыс жерлерге жинақтап, табиғи тепе-теңдіктің бұзылуын тудырады.
Ал осның бәрі адамның ішіп - жеуге байланысты қажеттіліктерін ғанғ емес, бірінші кезекте күннен күнге еселей өсіп бара жатқан әлеуметтік тұтыныстарын қанағаттандыруға бағытталған. Ғаламшардың тіршіліктік қорлары мен көздері адамның тамақ ішіп тірі жүруі, өмір сүруі үшін қажет болса, жер қойнауындағы кендер мен қуат қорлары адамның, қоғамның алуан түрлі тауарлық өндірістерінің көзі болып отыр.
Қоршаған ортаның ластануы.
Соңғы елу жылдағы ғылыми-техникалық төңкеріс ықпалымен өндіріс технологиялардың күрт дамуына орай бірнеше жүздеген мың жаңа химиялық, табиғатта бұрын болмаған, өз бетінше тумаған жасанды заттар шығарылып, жан-жақты қолданылу үстінде.
Қоршаған ортадағы улы заттар үлесінің тынымсыз артып отыруы ең әуелі адамның өзіне ауыр, денсаулығына жүк болады. Мұнан соң ауыл шаруашылығы өнімдері мен дақылдарының сапасын аздырып, түсімділігін төмендетеді. Ормандар мен су қоймаларының қуатын әлсіретіп, құнарлығы төмен жаңа жерлерді айналысқа түсіру қажеттілігін туғызып, оларды өңдеуге кететін шығын мөлшері артады.
Өзендер мен көлдерге мұнай және оның түрлі өкілдері органикалық улы заттар құйылады. Мұның бәрі де біз өмір сүріп отырған ортаның тазалығын төмендетіп, адам денсаулығына қауіп төндіреді. Сндай-ақ былғанған ауа мен судың, ластанған топырақтың мұндай кері әсерлері бүгінгі күнмен бітпейді. Олар кен қазу жұмыстары тоқтағаннан кейінде, ұзақ уақыт бойы сақтала береді.
Табиғатты сақтаудың экологиялық тұрғысы адамның жер үстінде, қазір де, болашақта да қайғы-мұңсыз, аман-есен жайлы өмір сүруін тікелей қамтамасыз етуді мақсат тұтады. Бұл үшін өсімдік пен жан-жануарлар дүниелерінің жойылып кетпей,табиғатпен тұтаса өмір сүруіннің негізгі сақталуы шарт. Халықтар санының артып, өсімдік жамылған жер қыртысының азаюы және көптеген кен байлықтары қорының шектеулі болуы бұл мәселені айрықша назарда ұстауды талап етеді. Бұл үшін адам тұрғылықты даму тұжырымын сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде де мойндап, оны тікелей ұстануы, айналасындағылырды осыған көндіре білуі қажет.
Техника-экономика тұрғыда өндірісті жүргізудің ұтымды технологиялары мен құралдарын дұрыс талдап, табиғатты сақтау шараларын жүзеге асырудың арзан және пәрменді жолдарын табуды талап ету.
2. Қоршаған ортаның тазалығының қазіргі жағдайы.

Қазақта бұрыннан келе жатқан « Адам мен табиғат егіз » деген қағида бар болса, қазіргі күні сол адам мен қоғамның табиғатпен, қоршаған ортамен қарым-қатынасы ерекше күрделене түсті. Адамдардың табиғатқа ұмтылуын арнаулы ұйымдастыру мәселесі толықтай терттелмеген. Сонда да төмендегідей заңдылықтарды атап өтуге болады:
Қалада тұратын адамдардың табиғи ортада демалуға ұмтылуы соңғы жылдары күрт өсіп, қала маңының жер бедеріне теріс әсерін тигізе бастады.
Әлеуметтанушылық зерттеулер қала сыртында демалушылырдаң арасында жеке адамдардың аз болып (4-5,5%-ы), отбасылық (54-55%-ы) және көңілдес (39-40%-ы) топтардың басым екендігін дәлелдейді.
Қала тұрғындары қала сыртына барғанда уақыт өткізуді қолайлы ететін жағдайларға үлкен көңіл бөледі.
Қала сыртында пошымдық қатынастардан гөрі, адамның өзін-өзі еркін сезінуі жоғары қойылады.
Жалпы жер шарындағы халық санының жедел өсуі және көптеген елдерде өндірістің күрт дамуы адамның табиғатқа ықпалын күшейтті. Мысалы, 1700 жылы планетада 620 миллион адам болса, 1850 жылы оның саны 1 миллиард 200 миллионға жетті. Яғни екі есеге көбею үшін 150 жыл қажет болады. 1950 жылы жер шары халқының саны 2 миллиард 500 миллионға жетті және 1850 жылдан кейінгі кезекті еселенуге 100 жыл уақыт кетті. 1986 жылдың орта шенінде жер бетінде 5 миллиард адам өмір сүріп жатты. Сонда еселену не бары 35 жыл ішінде жүріп өтті. БҰҰ-ның болжамы бойынша 2050 жылға қарай планета халқының саны 11,9 миллиардқа жетеді. Халық санының жылдам өсуі табиғатқа деген «тұтыну қысымын» өсірді. Қазірдің өзінде табиғат ресурстары өзін-өзі қалпына келтіре алмайтындай дәрежеде пайдаланылуда. Сондай-ақ, елімізде материалдық өндірістің көлемі еселеп өсіп келеді. Соған орай, шикі затқа деген сұраныс мөлшері де артты. Республикамыздағы экологиялық ауа бассейнінің нашарлауы, ауа ағынының тежелеуі, жоғары деңгейдегі табиғи қолданыс пен ауа қозғалысының өзгеруінен, үйлер мен алаңдардың ойластырылмай салынуынан, яғни зиянды заттардың жердің беткі қабатында қалуынан деп есептейміз. Әсіресе, көшедегі автокөліктердің шектен тыс көбейіп кетуі қаладағы ауа бассейні ластануының негізгі көзі болып отыр. Мысалы, ауа кңістігіндегі ластанудың 80%-ы автокөліктер үлесіне тиеді екен. Айталық Алматы облысында 2005 жылы әуені былғауға қатысушы тұрғылық тұтынушы көздерінің саны 4243 болса, қозғалысты ұшынды көздері, яғни облыс аумағында тіркелген автокөлік саны 138 мыңға жетті және осы жыл ішінде әуге тұрғылықты көздерден 69 мың тонна (2004 жылы 71 мың тонна) қозғалысты көздерден 130,9 мың тонна ұшынды бөлініп шыққан. Келтірілген 4243 тұрғылықты ұшынды көздері ішінде Қарасай, Іле аудандарындағы ,Алматы 2-ЖЭС, Қзмырыш Текелі қуатты кешені, «Талдықорған жылу қызмет», Қарасай; Іле аудандары мен Қарабұлақ, Балпық би аудандарындағы қант зауоттары әуеге бөлініп жатқан ұшындының басым бөлігін шығаратындардың ең ірілері болып табылады.
Өткен жылы ауа кңістігіндегі зиянды заттардың салмағы 184,5 мың тонна болды. Бұл мәліметтермен қоса, бір ғана Алматыдағы жанар-жағар май стансаларының саны 300-ге жетіпті. Жыл сайын елімізде 2,5 мың түп ағаш кесіліп отырылады екен. Өкінішке қарай, халық алғашқы кездегі өзінің қадір-қасиеті кеңістікті, парасатты ойлай білуде екендігін енді-енді дұрыстап түсініп келе жатыр. «Өссін десең өркенің, қамын ойла ертеңнің» демекші, ата-баба мекенін ұрпаққа амманнатқа қалдырғанынан қызармас үшін түрлі әрекеттерді қолға алады.
Сондай-ақ, табиғатқа ірілі-ұсақты өндіріс орындары да қатты қиянат жасап келеді. Тек 2000 жылы ғана өндіріс орындарынан 2,49 миллион тонна зиянды қалдық заттар шығарылыпты. Әсіресе, ірі өндірістік аймақ саналатын Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстары қоршаған ортаны ластау жағынан рекорттық дәрежеге жеткен. Мұнай мен газ өндіретін Атырау, Маңғыстау, Қызылорда және Ақтөбе облыстарындағы экологиялық жағдай да жылдан-жылға асқына түсуде. Ғалымдардың есебі бойынша жыл сайын атмосфераға 250 миллион тонна көміртегі тотығы, 150 миллион тонна күкірт тотығы, 120 миллион тонна күл, 50 миллион тоннаға жуық көмірсутегі, көп мөлшерде фтор, сынап тарайды. Біріккен ұлттар ұйымының мәліметтерінше, осыларға қосымша жыл сайын ауаға 2,5 млрд. тонна шаң-тозаң, 1,2 млрд. тонна азот шығарылады екен. Жер бетіндегі тіршілік өрісіне ғаламат залал әкелетін химиялық қосылыстардың 65%-тен астамы мұнай және мұнай өнімдерінен тарайды. Қазіргі мұнай өндірудің жүз жылдық тарихында жер бетінде 5 миллион тоннадан астам мұнай жойылып, ол жерлерде тереңдігі 2 метрден 8 метрге жететін топырақ қабаттары істен шыққан. Соның салдарынан мұнайлы аймақ Атырау, Маңғыстау облыстары жерінің төрттен бірі өлі топыраққа айналып отыр.
Расында да, қазірдің өзінде табиғат ресурстары өзін-өзі қалпына келтіре алмайтындай дәрежеде. Табиғаттың ластанып, кері реакция беруіне ең бірінші адамдар өздері кінәлі.
География ғылымының докторы, профессор Әлия Бейсенованың айтуынша « Адам әрекеттерінің зиянды әсері атмосфера қабатарының бірі стратосфераға да тиіп жатыр. Атмосфераның бұл бөлігінде жердегі барлық тіршілікті радияциялық ультракүлгін және инфрақызыл сәулелерден қорғайтын озон қабаты орналасқан. Соңғы кезде осы дұрыс озон қабатының бұзыла бастағаны туралы жиі айтылып жүр. Оның бұзылуына тропосфера мен стратосфера шекарасында ұшатын түрлі ұшақтар санының көбеюі себепкер болып отыр. Олардан бөлінетін газдар озон қабатының бұзылуына әсер етеді. Қазақстан териториясында озон қабаттарының бұзылуы космос ғарыш аймағы орналасқан Орталық Қазақстанда байқалған. Сол маңайдағы жайылымдар шөбінің құрамының өзгеруі, сол жерді мекендейтін қарақұйрық етіндегі радиациялық элементтер мөлшерінің шамадан тыс көбеюі осының салдары », - деген екен.
Шынында, экологиялық шешімі қиын мұндай мәселелер төңірегінде бұқаралық ақпарат құралдары арасында әңгімелер жиі айтылып, проблемеда көтеріліп жүр. Әйтсе де, құр айғаймен мәселенің шешіле салмайтыны айдан анық нәрсе.
«Табиғат пен адам егіз» деген жоғарыдағы қағидаға қайта оралар болсақ, бүгінгі табиғат басынан кешіп отырған мүшкіл халді, адамзат басынан өткеріп жатыр деуге негіз жетерлік. Ауаның ластануы, экологиялық бақытсыздықтар (атом бомба сынақтарының жарылуы, радиациялық қалдықтардың ауаға жайылуы) адамзаттың өзіне көптеген бақытсыздықтар әкелуде. Өмірге неше түрлі кемістігімен немесе мүгедек ұрпақтар келуде. Өкінішке қарай, олардың еш кінәсіз бола тұра бейкүнә қалпында адамзат басына төнген қатердің алғашқы құрбандарына айналғандығына жүрегің ауырады.
Мұндай экологиялық мәселелер біздің елді ғана емес, бүкіл әлемді толғандырып отырғаны бәрімізге белгілі. Мәлелен, Қытайда жүрегі сол жағында емес, оң жағында, бауыры да оң жақта емес сол жақта, сондай-ақ ми шарларының орны ауысқан нәресте дүниеге келген. Оның жүрегі, қанды, сағат тілі бағытында емес, керісінше айдайды екен. Дене ағзалырындағы клеткалардың бәрі де оңды-солды шатысып кеткен, бірақ, қытайлықтар мұны ауру емес, сирек кездесетін ерекшелік ретінде есептейді.
Табиғат пен адамзаттың бүкіл күллі тыныс тіршілігі біртұтас, өзектес. Сондықтан да бұл қатер адамзаттың да басына төнген кесапат. Бұл кесапаттың көбін адам өз қоламен жасайды. Бірақ, алдыңғы буынның істеген залалын жаңа ғана дүниеге келген ұрпағы неге тартуы тиіс. өз істеген қателігін түсінген буын қазір жан-дәрмен әрекеттер істеуде. Бұл әтине, дұрыс шаруа. Солай жасалуы міндетті де. Ара-кідік болса да әр жерде «Туған табиғатты қорғайды!», «Таза ауа – жан,а дауа!», «Табиғат – таусылмас байлық!», «Таза ауа – денсаулық кепілі!» секілді ұрандар көтеріліп, плакаттар ілініп жүр. Халық саны жағынан бізді бірнеше мәрте орайтын кейбір елдерде автокөліктер қатаң бақылауға алынған. Қала тазалығы, жалпы аймақ тазалығы да басты назарда. Оларда ескі машина қолданысқа жіберілмейді немесе оларға ауаны зиянсыздандырғыш қондырғылар орнатылады. Бұл бастамалар бізде де қолға алынып жатыр. М. Хайдеггер айтқандай, «Болмыс біздің үйіміз десек, рнда осы кңістікті көркейтуге кірісуіміз керек». Ғылымда мұны экологиялық дизайн деп атайды. Дизайн жетілген үлгі, мұрат – мақсат түсінігінен басталып, оған жетудің оңтайлы бағдарламасын қабылдаумен жалғасады. Бұл мәселені, тіпті XIX ғасырдың 30-жылдарында К. Риттер көтерген болатын. Расында, адам мен табиғат ажырамас тіркесте. Сондықтан да, өзімізді - өзіміз қорғайық.......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру