Қазақ тілі | Құрмалас сөйлем оның түрлері жіктелуі
Мазмұны
І Кіріспе.
І Тарау
1.1. Құрмалас сөйлем.
1.2. Құрмалас сөйлем түрлері
ІІ Тарау.
2.1. Салалас құрмалас сөйлем.
2.2. Салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары.
2.3. Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері
ІІІ Тарау
3.1. Сабақтас-құрмалас сөйлем.
3.2. Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары.
3.3. Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері.
IV Тарау.
4.1. Құрмалас сөйлемнің тыныс белгілері.
4.2. Қорытынды.
4.2. Пайдаланылған әдебиеттер.
Екі немесе одан да көп жай сөйлемдерден құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлемдерді құрмалас сөйлем дейміз. Құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен салаласа және сабақтаса байланысады. Салаласа байланысқан құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып келіп, бір-біріне тәуелді болмай, тең дәрежеде байланысады. Жай сөйлемдер бір-бірімен ұласпалы интонация, кейде жалғаулықты шылаулар арқылы байланысады.
Сабақтаса байланысқан құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақсыз болып келіп, бірі екіншісіне бағына, сабақтаса байланысады.
Құрамындағы жай сөйлемдердің салаласа, сабақтаса байланысуына орай құрмалас сөйлемдер: с а л а л а с құрмалас, сабақтас құрмалас және аралас құрмалас болып үш түрге бөлінеді.
Аралас құрмалас сөйлемнің құрамында кемінде үш жай сөйлем болады, олар бір-бірімен салаласып та, сабақтасып та байланысады.
Құрамындағы жай сөйлемдерінің баяндауыштары тиянақты болып, өзара тең дәрежеде байланысқан құрмалас сөйлемнің түрін салалас құрмалас дейміз.
Мысалы: Айгүл аттан тусіп еді, су қайта таязданып қалғандай екен. (Ғ.М.)
Жер қара, күн жылы кезінде бұл қалада болған адам өзен ортасындагы арал орманды жақсы. біледі, өйткені қаланың тұрғындары жазғы демалыс күндерінде бұл арага қауырт. келеді. (Ә.Көш.) Салаластың құрамындағы біріншіші жай сөйлемдерінің баяндауыштары {түсіп еді, біледі) екінші жай сөйлемдерінің баяндауыштары сияқты (таязданып қалғапдай екен, келеді) тиянақты, сондықтан олар тең дәрежеде (салаласа) байланысып тұр.
Салаластың кұрамындағы жай сөйлемдер өзара екі түрлі жолмен байланысады:
Мағыналарының жақындығына карай, іргелес тұрып, ұласпалы (тиянақсыз) интонация аркылы байланысады. Мысалы: Берден бұдан гөрі де шұбалта сөйлемек еді,—әлденеден сүйрептеде жатқан қозылары шу ете түсті. (Ғ.М.) Қойдың күзетінде отыарган Әмдіжан екеуіміз таң білінгеншее, кірпік қаққанымыз жоқ: аузымыз кеңесте, құлағымыз дыбыста. (С.М.) Алғашқы салалас құрмаласта бірінші жай сөйлемдегі ойға екінші жай сөйлемдегі ой қарама-қарсы айтылу арқылы құрмаласкан. Екінші салалас құрмаластағы жай сөйлемдердің арасында ондай қарама-қарсылық жоқ, тек бір мезгілде болған іс-оқиғаны баяндайды. Салалас құрмаластардағы жай сөйлемдердің мағыналық жағындығына карай, іргелес тұрып байланысуы деп, міне, осындай қарым-қатынастарды айтамыз. Олардың ұласпалы (тиянаксыз) интонация арқылы байланысында бірінші жай сөйлем аякталған жерде дауыс ырғағы бәсеңдемей, кетеріңкі калыпта айтылады да, тиянаксыз болып тұрады; одан кейін сәл кідіріс (пауза) жасалып, екінші сөйлеммен ұласа байланысып тұрады.
Салаластың құрамындағы жай сөйлемдер өзара жалғаулық шылаулар аркылы байланысады. Олар 1) да, де, та, те, әрі, және деген сиякты ынғайлас мөнді жалғаулық шылаулар арқылы; 2) біраз, алайда, дегенмен, сонда да, әйтсе де деген сиякты қарсылық мәнді жалгаулык шылаулар аркылы; 3) өйткені, себебі, сондықтан, неге десеңіз деген сиякты еебеп-салдар мәнді жалғаулык шылаулар арқылы; 4) не, және, я, яки, не болмаса, болмаса, яки болмаса, әлде деген сиякты талғау мәнді жалғаулык шылаулар арқылы; 5) кепде, бірде, біресе деген кезектес мәнді жалғаулық шылаулар арқылы байланысады.
Салалас құрмалас сөйлемнің кұрамындағы жай сөйлемдер сан жағынан тек екеу емес, одан да көп болуы мүмкін. Олардың арасындағы мағыналық қарым-қатынас бірыңғай болмай, әр алуан болып келуі мүмкін. Мысалы: Жуық арада екінің бірі болуға тиісті: не станцияның жерін кеңіту керек, не станцияны осъі аудандағы ұжымның біреуінің карамағына беру керек. (С.М.) Бұл сөйлемнің құрамыңда үш сөйлем бар: біріншісі соңғыларымен түсіндірмелі қатынаста болса, екінші мен үшінші сөйлемдер талғау мәнді қатынаста түр.
Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері
Салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің бір-бірімен мағыналық қарым-қатынасы әр түрлі болады.
Мысалы: Бұл уқыттың ішінде ел де өзгеріп кетті, адамдар да өзгерді (Б.Б.) Мен өзімді көпті көрген көнемін деп шамалайтын едім, — баланың батыл жауабынан қысылып қалдым. (Ә.Көш.) Оның бұл халіне өзгеден гөрі Гулнәрдің тынышы кетті, сондықтан ол Қызылордадан Алмалққа біржолата көшіл келді. (С.М.)
Алғашқы салаластағы жай сөйлемдер оқиғанын, істің бір бағытта, бір ыңғайда болғандырын білдіреді: бірінші жай сөйлемдегі ойдьң жүзеге асуга сәйкес екінші жай сөйлемдегі ой да жүзеге аскан. Екінші салалас күрма-ластағы жай сөйлемдер бір-біріне карама-қарсы мәнде айтылған: өзі көп білетін болса да, баланың жауабынан кысылады. Соңғы салаластағы жай сөйлемдер өзара себеп-салдар мәніндегі қарым-қатынаста тұр: Гүлнәрдің Алмалыкка көшіп келуінің себебі бірінші жай сөйлемде баяндалған.
Құрамындағы жай сөйлемдерін бір-бірімен мағыналық қарым-қатынасына карай, салалас құрмалас сөйлем алты түрге бөлінеді: ыңғайлас салалас, себеп-салдар салалас, қарсылыкты салалас, түсіндірмелі салалас, талғаулы салалас және кезектес салалас.
Ыңғайлас салалас
Құрамындағы жай сөйлемдерінің бірінде айтылған ойға екіншісінде айтылған ойдың мезгілдес, бағыттас, ыңғайлас мәнде қарым-қатынаста болуын ыңғайлас с а л а л а с дейміз. Мысалы:
Қостың ар жағынан қара кер аттың басындағы жүрген сылдырлады, шөп суылдады (Ғ-С) Көмірден май да шығады, темір қорытатын кокс те шығады. (Ғ.Мұст.) Мен бұл арада үндемедім және үндеуді қажет те көрмедім. (М.И.).
Бастапқы ыңғайлас салаласта жүгеннің сылдырлауы мен шөптің суылдауы бір мезгілде болғандығы туралы айтылған. Екінші ыңғайлас салаласта бірінші жай сөйлемде айтылған ойдың екінші жай сөйлемге де ортақ екендігі байқалады және екі сөйлемнің баяндауышы да шығады деген сөз болып тұр. Соңғы ыңғайлас салаластағы жай сөйлемдер істің оқиғаның жүзеге аспауы жағынан бірыңғай біркелкі айтылған. Мұндағы жай сөйлемдердің баяндауыштары (үндемедім, қажет те көрмедім) етістіктің болымсыз түрімен берілген.
Ыңғайлас салаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен жалғаулық шылаулар арқылы да, жалғаулық шылаусыз, іргелес тұрып та байланыса береді. Жалғаулық шылаулардың қатысу-қатыспауына қарап, ыңғайлас сала-ластарды жалғаулықсыз ыңғайлас салалас және жалғаулықты ыңғайлас салалас деп екіге бөлеміз.
Жалғаулықсыз ыңғайлас салаластағы кейбір жай сөйлемдер бір мезгілде қатар болған я болатын істерді білдіреді. Мұндайда олардың баяндауыштары көбінесе бір шақта тұрады.
Тысқа Төрекеңмен ере шықтым. Ол кісі ойға қарай шубатылған жолмен төмен кетті, мен жарға асылған жолмен жоғары кеттім. Жастардың қолы қырықтықта, аузы әнде. (С.М.)
Ыңғайласа байланысқан кейбір жай сөйлемдер бірінен соң бірі болатын я болған істерді білдіреді.
Күн батты, тауды қара көлеңке басты. (П.П.) Екі құшақ жүнді Молдақым мен Әндіжан таразыға апарып өлшеп еді, жеті кило он төрт грамм болды. (С.М.)
Жалғаулықты ыңғайлас салалас және, да/де, әрі деген ынғайлас мәнді жалғаулықтардың қатысуы арқылы жасалады. Мұның өзінде да, әрі жалғаулықтары ыңғайлас салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің әрқайсысымен қайталанып немесе қайталанбай, олардың арасында бір-ақ рет келіп те тұра береді.
Ал және жалғаулығы ешқашан да қайталанбай, құрмаласқан жай сөйлемдердің арасында бір-ақ рет келіп тұрады.
Себеп-салдар салалас
Құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысының немесе соңғысы алдыңғысының себебін білдіретін салалас құрмаластың түрін себеп-салдар с а л а л а с дейміз. Жайлаудың көлдеріне сене беруге болмайды, құрғақшылық жылы олардың көбі тартылып қалды (С.М.) Қайыр сөзді әрі қарай тереңдеткісі келмеді, сондықтан әңгіме желісін бұрып жіберді. (З.Ш.)
Бірінші құрмаласта соңғы сөйлем алдыңғы сөйлемнің себебін білдіріп тұрса, екінші құрмаласта алғашқы сөйлем соңғы сөйлемнің себебін білдіріп тұр.
Себеп-салдар салаластағы жай сөйлемдер жалғаулықсыз іргелес те, жалғаулық шылаулар арқылы да байланысады. Ол жалғаулықтар мыналар: өйткені, себебі, сондықтан, неге десеңіз.
Салаласа байланысқан себеп мәнді құрмаластың құрамындары жай сөйлемдер өзара былай орналасады:
1.
Себеп мәнді Сондықтан Салдар мәнді
жай сөйлем Сол себепті жай сөйлем
2.
Салдар млнді Өйткені Себеп мәнді
жай сөйлем Себебі жай сөйлем
Неге десеңіз
Қазір ол сақалын да қырған, киімін де өзгерткен, сондықтан кескін-кейпі де өзгерген. (С.М.) Сен танкіге үйренген адам едің, тракторға кетіп барасың. (М.И.) Жойқын алыптарды үңгірде, көрде тұрғызу — салт-сананың ең ескі түрінің бірі: үңгір — адам баласының ежелгі тұрағы. Кешен, кешене, кесене — қазақ ортасында қолданған сәулет өнерінің бір түрі, өйткені ерте заманда биік жерге жеке салған күмбездердің барлығы "кесене" деп аталған. (Ә.Марғ.)
Себеп-салдар салаластағы жай сөйлемдердің орындарын ауыстырып айта беруге болады. Жалғаулықсыз себеп-салдар салаласта жай сөйлемдердің қайсысы бұрын тұрғанын тыныс белгілері арқылы айырамыз. Егер себеп мәнді сөйлем салдар мәндіден бұрын тұрса, арасына үтір қойылады. Керісінше, салдар мәнді сөйлем себеп мәндіден бұрын айтылса, арасына қос нүкте қойылады.
Бұл егіннің дәнін қолымнан мен септім ғой, өзгеңнен гөрі менің жаным қаттырақ ауырар еді. Өзгеңнен гөрі менің жаным қаттырақ ауырар еді: бұл егін дәнін қолымнан мен септім ғой. (С.М.)
Жалғаулықты себеп-салдар салаласта жай сөйлемдердің қайсысы бұрын тұрғанын шылауларына қарай білеміз. Егер сондықтан, сол себепті деген жалғаулықтар тұрса, себеп мәнді жай сөйлем бұрын орналасып, салдар мәндісі соң орналасқан болады.
Қарсылықты салалас
Құрамындағы жай сөйлемдердің біріндегі іс, оқиға екіншісіндегі іс, оқиғаға қарама-қарсы болатын салаластың түрін қарсылықты салалас дейміз.
Алғашқы салаластың бірінші сөйлемінде әннің басылып қалғаны туралы ой айтылса, екінші жай сөйлемінде гитара сазының тоқталмағандығы жайында ой айтылып, бір-біріне қарама-қарсы қатынаста тұр. Екінші салаластың құрамындағы жай сөйлемдер қарама-қарсы мәнде айтылған: бірінші жай сөйлемде істің жүзеге асуы туралы ой айтылса, екінші жай сөйлемде оның орындалмай қалғандары баяндалады.
Салаласа байланысқан жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып келіп, өзара іргелес тұру арқылы да, бірақ, алайда, дегенмен, сонда да, әйтсе де деген жалғаулық шылаулар арқылы да байланысады. Мысалы: Жүзінде қайғы да жоқ, қасірет те жоқ, — қорқыныш қана бар. (Ғ.М.) Бас болмақ оңай, бірақ бастамақ қиын. (Мақ.) Біріншісінде жай сөйлемдер жалғаулықсыз байланысқан, ондай жағдайда үтір мен сызықша қойылады; екінші мысалда жай сөйлемдер бірақ деген жалғаулық шылаумен байланысқан, мұндайда араларына үтір ғана қойылады.......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: курстык Құрмалас сөйлем оның түрлері жіктелуі жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Казак тили курстық жұмыстар, Құрмалас сөйлем оның түрлері жіктелуі