Экономика | Қаржы жүйесін ұйымдастыру
Мазмұны
Кіріспе..................................................................................................................3
Ι Қаржы жүйесін ұйымдастыру......................................................................5
1.1 Қазақстандағы қаржы жүйесін ұйымдастыру............................................5
1.2 Қаржы жүйесін ұйымдастыру барысындағы шетелдік тәжірибеге шолу....................................................................................................................10
ΙΙ Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесінің субъектілері.......16
2.1 Қаржы министрлігі және оның құрылымы..............................................16
2.2 Мемлекеттік қаржы жүйесіндегі бюджет.................................................23
ΙΙΙ Қазақстанда инфляцияның ерекшеліктері және инфляцияға қарсы саясат....................................................................................................29
Қорытынды......................................................................................................41
Қолданылған әдебиеттер...............................................................................44
Ι Қаржы жүйесін ұйымдастыру
1.1. Мемлекетің қаржылық қызметі және оны реттеу
Мемлекеттің қаржылық құрылысы өзара байланысқан 1. тиісті қаржылық-экономикалық институттармен көрсетілген мемлекеттің ақшалай қорларының жиынтығы ретіндегі мемлекеттің қаржы жүйесінен 2. мемлекеттің қаржылық органдарының жүйесінен 3. мемлекеттік қаржылық реттеуден тұрады.
Мемлекеттің қаржы жүйесін құрайтын қаржылық - экономикалық институттар: бюджет жүйесі, бюджеттен тыс мақсатты қорлар, мемлекеттік сақтандыру қаржылары, мемлекеттік банктердің қаржылары, мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің және мемлекеттік басқару органдарының қаржылары түрінде көрініс табады.
Мемлекеттің қаржылық құрылымын арнайы мамандандырылған және өздеріне тиесілі қаржылық өктем өкілеттіліктерін жүзеге асыратын мына мемлекеттік органдар:
1. ҚР Қаржы министрлігі;
2. ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті, Қаржы дақылау комитеті және Қазынашылық комитеті;
3. ҚР Қаржы министрлігінің құзырындағы аудандық қаржы бөлімдері мен облыстық қаржылық басқармалар;
4. ҚР Ұлттық банкі;
5. ҚР Ұлттық банкінің банктік және сақтандыру қадағалау департаменті, бағалы қағаздар рыногын реттеу департаменті, төлемдік баланс және валюталық реттеу департаменті;
6. ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі құрайды.
Мемлекеттік қаржылық реттеу мемлекеттің қаржы жүйесінің ойдағыдай қызмет атқаруын, сондай-ақ оның құрылымдық бөлімдерінің өзара қарым-қатынастарын айтарлықтай деңгейде қамтамасыз ету мақсатында оған ұйымдастыру сипатында және бағытталған түрде ықпал ету болып саналады.
Қаржылық реттеудің әдістеріне: мемлекеттің қаржы жүйесінің құрамын қалыптастыру; қаржы жүйесінің құрамына кіретін ақшалай қорлардың түрлері мен бағдар-бағыттырын айқындау: мемлекеттің кірістерді қаржы жүйесі буындарының арасында бөлу: мемлекеттік шығыстарды қаржы жүйесі буындарының арасында бөлу; өз қарамағына бекітілген ақшалай қордың функциясын қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың құзыреттерін белгілеу; ақшалай қорларды қалыптастыру және бөлу процестерін жоспарлау; мемлекеттік қорлардан бөлінетін ақша қаражаттарын пайдалануды ұйымдастыру; мемлекеттің ақша қаражаттарының пайдаланылуына бақылау жүргізу; қаржылық заңдарды бұзғаны үшін қаржылық – құқықтық жауапкершілік белгілеу және заңда белгіленген тәртіппен осы жауапкершілікке тарту жатады.
Ақша жүйесінің құқықтық негіздері еліміздің ақша жүйесінің, соның ішінде ұлттық валюта жүйесін белгілейтін, сондай-ақ оның қоғам мен мемлекет мүдделеріне сай тиісінше қызмет атқаруын қамтамасыз ететін қаржылық құқықтың институты болып табылады.
Осы институт реттейтін обьект ретінде мына: ақша жүйесінің құрылымы; ақша жүйесін ұйымдастырудың қаржылық – құқықтық аспектілері; валюталық реттеу сияқты үш элемент көрініс табады.
Ақша жүйесі деп тарихи қалыптасқан және тиісті ұлттық заңдармен бекітілген еліміздегі ақшалар айналымын ұйымдастыру нысанын айтамыз. Ақша жүйесінің элементтеріне: ресми ақша бірлігі, ақша түрлері, ақшаларды шығару тәртібі, валюта айналымы режимі, ақша айналымын ұйымдастыру жатады.
Ақша бірлігі еліміздегі барлық тауарлардың бағасын өлшеу жөніндегі қызметті атқаратын және ұлттық валюта аталымын көрсететін мемлекет тарапынан белгіленген ақша, яғни ҚР Ұлттық валютасы – Қазақстан теңгесі болып табылады.
Ақшалардың түрлері дегеніміз заңды төлем құралы болып табылатын ақшалар мен олардың номиналдары.Ақшалар қағаз ақшалар және металл монеталар түрінде көрініс табады.
Мемлекетіміздегі бірден-бір негізгі эмиссиялық орталық алтынмен қамтамасыз етілмеген банкноттарды және ұсақтаушы монеталарды мемлекет атына шығаруды жүзеге асыратып Қазақстанның Ұлттық банкі болып табылады.
Ақша айналамы тауарлар, сондай-ақ тауарсыз төлемдер мен есеп айырысу айналысына қызмет көрсететін қолма-қол және қолма-қол емес нысандағы ақшалардың қозғалысын білдіреді. Ақша айналымын реттеу әдістеріне ақшалай операцияларды жүргізу тәртібі мен қағидаларын белгіеу, нақты ақшалай операцияларды реттеу және ақшалай операцияларды жүзеге асыру тәртібін айқындау жатады.
Мемлекеттік қаржылар аясындағы ақшаларға тән функциялар қаржылық міндеттемелер бойынша есеп айырысу құралы және мемлекеттің ақша қорларына жұмылдырылуына байланысты қазына жинақтау құралы сипатында болады.
Ақша айналымын тұрақтандыру ақша реформаларын жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
Ақша реформаларын жүргізу кезінде: нуллификация, деноминация, девальвация және ревальвация сияқты әдістер қолданылады.
Нуллификациялау – айналымнан құны жойылған ақшаларды алып тастап, оның орнына жаңа валюта енгізу, деноминациялау – айналымдағы ақшаларды белгілі бір ара қатынастарын қолдана отырып жаңадан шығарылған ақшаларға айырбастау, ақшалар құнын өзгерту және массасын азайту, девальвациялау – айналымдағы ұлттық валютаның ресми курсын төмендету, ревальвациялау – ұлттық валюта курсын, басқа елдердің валюталарымен салыстырғанда ресми түрде жоғарылату сипатында жүргізіледі.
Ақша жүйесінің құрамдас бөлігіне ұлттық валюта жүйесі жатады. Ұлттық валюта жүйесі деп халықаралық валюталық құық нормаларын есепке ала отырып ұлттық валюталық заңдармен бекітілген валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу нысанын айтамыз.
Ұлттық валюта жүйесі халықаралық валюталық жүйемен тығыз өзара қарым-қатынаста және еліміздің экономикасы мен сыртқы экономикалық байланыстарының даму дәрежесіне тәуелді болады.
Халықаралық валюта жүйелердің тарихи даму кезеңдеріне орай мынадай түрлері болған:
1. Париж валюталық жүйесі (1867 ж)
2. Генуя валюталық жүйесі (1922 ж)
3. Бреттон-Вуд валюталық жүйесі (1944 ж)
4. Ямайка валюталық жүйесі (1976 - 1978 ж)
5. Европалық валюталық жүйесі (1979 ж)
Ұлттық валюта айналымына, сондай-ақ шетелдік валюталарға қатысты мемлекет тарапынан белгіленіп, қойылған шеектеулер валюта айналымының режимі деп аталады.
Валюталар толығымен айналыста болатын, жартылай айналатын, айналысқа түсетін болып бөлінеді. Қазақстан валютасы жартылай айналыста болатын валюталар қатарына жатады.
Валюталық монаполия валюталық құндылықтармен мәміле жасау жөнінідегі текекмемлекеттің құзырындағы нарықтық айрықша қатынастар мен халықаралық валюталық қордың талаптарына сәйкес шектелген құқық болып табылады.
Қазақстандағы валюталық құндылықтарға: шетелдік валюта, номиналдары шетел валютасымен көрсетілген төлем құжаттары мен бағалы қағаздар, толығымен тазалау процесінен өткен алтын құймасы және резиденттер мен резидент еместердің арасындағы операцияларды жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын ұлттық валюта, сондай-ақ номиналдары ұлттық валютамен көрсетілген бағалы қағаздар мен төлемдік құжаттар жатады.
Мемлекеттің валюталық монополиясының обьектілері ретінде мынадай төлемдік құжаттар мен бағалы қағаздар:
1. Шетелдік банктердің чектері, аккредитивтері және пластикалық карточкалары;
2. Шетелдік банктердің депозиттік сертификаттары;
3. Шет мемлекеттердің заемдық облигациялары;
4. Шет мемлекеттердің қазыналық бондары мен вексельдері;
5. Шетелдік акционерлік қоғамдар мен компониялардың акциялары;
6. Шетелдік заңды тұлғалардың облигациялары түрінде көрініс табады;
Валюталық реттеудің негізгі әдістері: валюталық реттеу обьектілерін айқындау; валюталық операцияларды жүргізудің қағидаларын белгілеу; мемлекеттің валюталық монополиясының обьектілерін айқындау; мемлекеттің валюталық монополиясының обьектілерімен жасалатын операцияларды жүзеге асыруға хақы бар мемлекеттік органдардың құзыреттерін белгілеу; валюталық операцияларды, оның ішінде шетелдік валютамен жасалатын операцияларды жүзеге асыруға хақы бар заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу; валюталық операцияларды жүзеге асыруға байланысты қызметтерді лицензиялау: резиденттердің тысқары жерлерден шетел валютасымен беретін және алатын ссудалары мен кредиттерін тіркеу; валютамен жасалатын операцияларға бақылау жүргізу; белгілі бір валюталық операцияларды жүргізуге салынатын тыйымдар мен қойылатын шектеулерді белгілеу сипатында жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қаржылар саласындағы басқару мемлекеттік қаржыларға қатысты тиісті қызметтерін жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік және арнайы қаржылық органдардың жүйесін айқындайтын, сондай-ақ олардың осы саладағы құзыреттерін белгілейтін қаржылық – құқықтық институт болып табылады.
Мемлекеттік қаржылар саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар жүйесінде:
А. Мемлекеттегі өкілді билік органдар:
1. Жоғарғы заң шығарушы және өкілді орган – ҚР Парламенті.
2. Жергілікті өкілді органдар – Мәслихаттар.
Ә. Мемлекеттің атқарушы билік органдары:
1. Жалпы құзыретті орталық атқару органы – ҚР Үкіметі.
2. Орталық салалық құзыретті органдар – ҚР министрліктері мен ведомствалары.
3. Жалпы құзыретті жергілікті атқару органдары - Әкімдіктер.
4. Жергілікті салалық және функционалдық органдар.
5. Министрліктер мен ведомствалардың аумақтық органдары.
6. Жергілікті әкімдіктердің бөлімдері мен басқармалары.
Б. Мемлекеттің арнайы мамандандырылған қаржылық – экономикалық органдары:
1. ҚР Қаржы министрлігі, оның құрылымдық және аумақтық бөлімшелері.
2. ҚР Ұлттық банкі; оның құрылымдық бөлімшелері мен оған бағынышты кредиттік – қаржылық ұйымдар.
3. ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі көрініс тапқан.
Мемлекеттік қаржылар саласындағы басқару деп мемлекеттік қаржылар аясындағы өзекті мәселерді шешуге, алға қойылған мақсат – міндеттер мен күтілетін нәтижелерге қол жетізу үшін қаржылық механизмінің ынталандыру тәсілдері мен басқа да жолдарын және санкцияларын қолдану арқылы мемлекеттің қаржылық қызметінің аясындағы барлық субьектілердің, сондай-ақ қарамағында мемлекеттің ақша қаражаттары бар уәкілетті органдардың жүріс-тұрыстары мен іс-қимылдарына жоспарланған және бағдарланған негізде реттеуші-ұйымдастырушы ықпал етуді айтамыз.
Қаржылық жоспарлаудың құқықтық негіздері қаржылық жоспарларды әзірлеу, қарау, бекіту, атқару және жабу жөніндегі негізгі қағидаларды белгілейтін қаржылық – құқықтық институт болып табылады.
Қаржылық жоспарлау мемлекеттің ақшалай қорларын қалыптастыру, бөлу және қайта бөлу жөніндегі экономикалық процестерді, сондай-ақ қаржылық жоспарларды әзірлеу, қарау, бекіту және атқарылуын ұйымдастыру процестерін жоспарлы түрде басқару, немесе қаржылық жоспарларды әзірлеу, қарау, бекіту және атқару жөніндегі мемлекеттік уәкілетті және арнайы мамандандырылған органдардың тиісті заңдарда көзделіп, белгілеген қызметтері түрінде көрініс табады.
Қаржылық жоспарлау обьектісі ақшалай қор болып табылды. Ал ақшалай қорлардың жиынтығы мемлекеттің қаржылық ресурстарын құрайды.
Қаржылық жоспарлардың міндеттері: ақшалай қорлардың қалыптастырылу көздері мен жалпы көлемін анықтау, ақшалай қорларды пайдаланудың басымды бағыттарын айқындау, қажетті қаржылық резервтерді құру, орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қаражаттары мен экономика секторлары мен салаларының және әкімшілік – аумақтық құрылымдардың арасында бөлудің ұтымды пропорциясын белгілеу болып табылады.
Мемлекеттік қаржылық бақылаудың құқықтық негіздері деп қаржылық бақылауды жүргізуге уәкілетті органдардың жүйесін айқындайтын және олардың мемлекеттік қаржылық бақылау аясындағы құзыреттерін белгілейтін, сондай-ақ қаржылық тексерулерді жүргізу тәртібі мен нысандарын белгілейтін қаржылық – құқықтық институтын атаймыз.
Мемлекеттік қаржылық бақылау мемлекеттік бюджет пен бюджеттен тыс қорлардың атқарылуын, ақша айналымының ұйымдастырылуын, кредиттік ресурстардің пайдаланылуын, мемлекеттің ішкі және сыртқы қарызы мен мемлекеттік резервтердің жайын қаржылық және салықтық жеңілдіктердің берілуін тексеру түрінде жүзеге асырылатын қызмет болып табылады.
Мемлекеттік қаржылық бақылаудың негізгі міндеттеріне: 1. қаржылық заңдардың сақталуын қамтамасыз ету; 2. қаржы жүйесінің тиісінше қызмет атқаруын қамтамасыз ету; 3. қаржылық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету; 4. мемлекеттің қаржылық ресурстарын заңды және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету; 5. қаржылық тәртіптің бұзылуын жою; 6. мамандандырылған қаржылық органдардың өздеріне жүктелген міндеттерді бұлжытпай атқаруына қоолғабыс ету; 7. қаржылық қатынас субьектілерінің мемлекет алдындағы өз міндеттемелерін уақтылы және мүлтіксіз орындауларына қолғабыс ету жатады.
1.2 Қаржы жүйесін ұйымдастыру барысындағы шетелдік тәжірибеге шолу.
Франция, США және Германияға қарағанда унитарлы мемлекет және бюджет жүйесі екі буыннан тұрады;
- Мемлекеттік бюджет;
- Жергілікті бюджет;
Елде бюджеттік жүйені бірлігі жоқ. Барлық бюджеттер формалды оқшауланған. Әрбір административтік бірліктің бюджеті атқарушы билік органмен бекітіледі. Францияның қаржы жүйесінде мемлекеттік (орталық) және жергілікті бюджеттерден басқа бюджеттен тыс қорлар мен мемлекеттік кәсіпорын қаржысы кіреді.
Францияда бюджет түсінігінің өзі 1862 жылы Декркт «қаржы туралы заң» және «бюджет туралы заң» түсініктерін нақты шектеді. Біріншісі экономикалық және қаржылық тепе-теңдікті есепке ала отырып, мемлекеттік шығындар және ресурстардың көлемін белгілеу анықталады. Екінші мәселе – қаржы туралы заңның жалпы жағдайын бөлшектеу және мәнін ашу болып табылады.
Мемлекеттік бюджет.
Франция бюджеті – мемлекеттік қаражаттарды басқарудың маңызды инструменті. Мемлекет бюджеттік жүйе арқылы ЖІӨ-нің 20% дейін және ұлттық табыстың 50%-ын қайта бөліп, қалыптастырады. Француздық қаржылық жүйесінің барлық табыстар мен шығындардың шамамен 80%-ы мемлекеттік бюджет бөлігіне тиесілі.
Орталық бюджет екі бөлімнен тұрады:
I. 90% - соңғы сипаттағы операциялар (қайтарымсыз қаржыландыру), яғни ағымдағы, азаматтық, капиталдық және әскери шығындар болып бөлінеді;
II. 10% - уақыт сипатындағы операциялар (несиелер).
Орталық бюджет шығындары тағы екі бөлікке бөлінеді:
* ағымдағы, бұл өз кезегінде әскери әлеуметтік және т.б. болып бөлінеді;
*капиталдық, бұл әскери (әскери объекттердің құрылысы, әскери техникаларды сатып алулар), шетелдік істерге байланысты шығындар (емшілікті құру, шекарадан тыс консульствалар сонымен қатар халықаралық қаржы – немесе мекмелеріне салымдар) және т.б. кіреді.
1998 жылы Францияның мемлекеттік бюджет шығындардың негізгі баптары келесідей пайыздық (%) прапорцияларда болды:
* орта және жоғарғы білім – 27,8;
* қорғаныс – 19,8;
* әлеуметтік министерстволар (жұмысбастылық, соғыс ардагерлері) – 17,6;
* құрал - жабдық, транспорт, үй – 10,4;
* қаржылық қызметтер – 3,9;
* ғылыми зерттеулер және технологиялар – 3,3;
* ауыл шаруашылығы, балық кәсіпшілігі – 3;
* әділеттілік – 2,1;
* шетел істері және қызметтестік – 1,7;
* өнеркәсіп -1,4;
* мәдениет пен байланыс -1,3;
* басқа да министрліктер -1,4;
Мемлекеттік бюджетте ерекше орынды ірі ғылыми - зерттеулер және экономикалық бағдарламаларды қаржылындыру жатады және озық техникалар мен технологиялардыңдамуына аса көңіл бөлінеді. Басты осындай бағдарламаларға «ЭСПРИТ» (ESPRIT), «РЭЙС» (RACE), «БРАЙТ» (BRITE), «ЕВРОМАТ» (EVROMAT), «ЭВРИКА» (EVRIKA) жатады.
Соңғы он жылдықта мемлекет экономика өміріне араласуды күшейте түсті. Егер ХІХ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың басында ЖІӨ-дегі мемлекеттікшығындар бөлігін 10-15% (1870 жылы – 12,6%, ал 1913 жылы - 17%) құрса, ал 1960 жылда бұл көрсеткіш 34,6%-ға өсті, 1998 жылы 54.3%-ды құрады.
Мемлекеттік бюджет кірісі 90% салық есебінен құрылады, яғни қару – жарақты сатудан түскен түсімнен, мемлекеттік кәсіпорын қаражаттарынан, заемдар және басқа да көздерден түскен түсімдер есебінен құрылады.
1975 жылдан бастап Францияның орталық бюджеті теңестірілмеген болды және осы күнге дейін созылмалы дефицитпен жабылып келеді. Егер 1991 жылы шығындардың кірістерден асып түсуі ЖІӨ -нің – 19% құрса, ал 1993 жылы 4,9% көрсетті. 1997 жылы Маастрихстік келісім талаптарына сәйкес бюджет тапшылығы – 3% құрды.Басқа европа елдерінің үкіметі сияқты Франция үкіметі мемлекеттік бюджет дефицитімен байланысты конвергенция бағдарламасын жүзеге асырды. Осы бағдарлама негізінде мемлекеттік қарызды төмендету және жұмыссыздықты қысқарту мақсатымен байланысты жеке іс-шараларды .....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: курстык Қаржы жүйесін ұйымдастыру жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Экономика курстық жұмыстар, Қаржы жүйесін ұйымдастыру