Экономика | Қазақстан Республикасының сауда саттықты реттеу

 Экономика | Қазақстан Республикасының сауда саттықты  реттеу

Мазмұны

КІРІСПЕ.....................................................................................3

I-БӨЛІМ. Сыртқы саудада тауарларды сату-сатып алудың
мәні............................................................................................7
1.1. Сауда саласындағы ынтымақтастық..................................7

1.2. Халықаралық сату-сатып алу келісім шарты.......................................................................................11

1.3. Халықаралық сыртқы саудадағы экономикалық қатынастардың құқықтық реттелуі.....................................................................................20


II-БӨЛІМ. Қазақстан Республикасының сауда-саттықты реттеудің тәжірибесі.................................................................29

2.1. Әлемдік саудадағы Қазақстанның орны мен ролі............................................................................................31
2.2. Қазақстан Республикасындағы экономикалық қызметтің реттелуі мен сыртқы сауда айналымы.................................................................................37


III- БӨЛІМ. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу ережесі…………….…..55


ҚОРТЫНДЫ.............................................................................66


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................71


І-БӨЛІМ. Сыртқы саудада тауарларды сату-сатып
алудың мәні.

1.1.Сауда саласындағы ынтымақтастық.

Сауда қатынасы–бұл мемлекеттердің экономикалық ынтымақтасты- ғының маңызды саласы болып табылады.
Қазақстандық тәжірибе мен доктринада сыртқы экономикалық келісім түсінігі жоқ ,сондықтан сыртқы экономикалық келісімде: біріншіден, "Сыртқы экономикалық келісімдер жасалатын саланың қатынастар аясы анықталады".[3]
Сыртқы экономикалық келісімдерге- подряд келісімі; айырбас келісімі; түрлі өндірістік объектілерді салудағы техникалық жәрдем көрсету жөніндегі келісімдер жатады.[5]
Кез келген мемлекеттің сыртқы сауда саясаты ішкі саясатпен тығыз байланысты. Сондықтан оның мазмұны сол елдегі ұлттық шаруашылық шеңберінде шешілетін нақты қоғамдық қатынасымен, өндірістік күштердің даму деңгейімен анықталады. Сыртқы экономикалық саясаттың басты мақсаты елдің ішкі кеңейтілген қайта өндірісіне қолайлы сыртқы жағдайлар жасау болып табылады.
Халықаралық сауда құқығының негізгі көзі- елдер арасындығы сауданың халықаралық- құқықтың принциптерімен жағдайларын анықтайтын сауда келісімдері болып табылады.
Сауда келісімдері келісушілер жақтардың бір- біріне көрсететін құқықтық тәртіпті қалыптастырады. Неғұрлым жоғары дәрежеде қолайлы жағдай туғызу негізінен кедендік салық пен хаттау, салық салу немесе ішкі рыноктағы тауардың сату-сатып алу, тасымалдау, бөлу мен импортталған тауарларды пайдалану ережесін қамтиды .
Сонымен қатар келісімдерде түрлі ұйымдар мен өнеркәсіптер арасындағы сауданы мадақтау туралы, ынтымақтасудың маңызды бағыттары туралы, өкілдіктерді ашу туралы, өзара есеп айырысу туралы, сауда саласындағы белгілі бір шектеуліктерді енгізу жағдайлары туралы шарттар көрініс тапқан.
Сауда келісімдерін рамкалық келісімдер категориясына жатқызылды.
Осыған байланысты сауда айналым келісімі жасалады. Мұнда келісуші жақтар жеткізілетін тауарлардың белгілі континентін анықтайды, яғни олардың аты жөнін, сандық сипаттамасын өзара тиімді жағдайлары мен міндеттерін және тағы басқалар болып табылады.
Сұраныс пен ұсыныс арағы тиімді арақатынасқа жетуге бағытталған тауар келісімдері де таралған. Бұған табиғи каучук, қант, какао, тропикалық ағаш және тағы басқа жөніндегі көп жақты келісімдер жатады.
Сыртқы экономикалық келісімдерді құқықтық реттеуде аймақтық және әмбебап сипаттағы халықаралық келісімдер үлкен рөл атқарады.
Сыртқы экономикалық келісімдерді аймақтық реттеуге 1991 жылғы редакциядағы 1968-1988 жж. жалпы жеткізу шарты (Ж.Ж.Ш.) жатады. Ж.Ж.Ш. 1991 ж. жалпы жеткізу шартының негізгі мәтінінің жаңарған түрі болып табылады. Бұл бұрын экономикалық өзара көмек кеңесінің бұрынғы мүшелері арасында қолданылған.
Сонымен қатар әмбебап деңгейдегі сыртқы экономикалық келісімдерді реттейтін бірқатар халықаралық келісімдер бар. Бұл ең алдымен 1964 жылғы Гаагалық Конвенциялар "Халықаралық сауда-саттық туралы бірыңғай заң" және "халықаралық сауда-саттық келісімдерін жасау тәртібі туралы бірыңғай заң".Бұл конвенцияларға аз мемлекет қол қойғандықтан, бұлар кеңінен таралады. Қазақстан бұл конвенцияларға қол қоймады.
Көпжақты келісімдерде, мемлекеттерге түрлі сыртқы экономикалық проблемаларды шешудегі ереже кодексі болып табылатын, 1947 жылы қабылданған "Тариф және сауда жөніндегі бас келісім (ГАТТ) ерекше орын алады. Мұндағы негізгі шарт мемлекеттердің бір-біріне қолайлы жағдай туғызу, яғни бір мемлекеттің басқа мемлекетке берілген кедендік-тарифтік жеңілдігі, бұл келісімге мүше мемлекеттердің барлығына таралады. "Тариф және сауда жөніндегі Бас келісімнің" шарты сандық шектеуліктерді қолданудан бас тартуды көздейді.[7]
Бұл келісім негізінде халықаралық ұйым қасиеттеріне ие механизм қалыптасты. ҒАТТ-тың негізгі қызметі "раунд" деп аталатын тарифтік конференциялар мен консультацияларды өткізу болып табылады. Мұнда саудаға кедергі келтіретін кедендік тарифтерді төмендету және теғы басқа да мәселелер қарастырылды. 1994 жылы "Уругвайлық раунд" шеңберінде Бүкіләлемдік сауда ұйымын (БСҰ-ВТО) құру туралы Марракештік келісім ГАТТ-ң БСҰ-на трансформацияны көздейді.[8]
Сауда және оны дамыту жөніндегі БҰҰ (ЮНКТАД) БҰҰ Бас Ассамблиясы жолындағы тұрақты орган ретінде қызмет етеді. Негізгі мақсаты әлеуметтік-экономикалық дамудың әртүрлі деңгейінде тұрған елдер арасындағы халықаралық сауданы мадақтау болып табылады. Оның штабпәтері Женева қаласында орналасқан.
Сонымен қатар БҰҰ аясында халықаралық сауда құқығы жөнінідегі Комиссия (ЮНСИТРАЛ) жұмыс істейді. Ол халықаралық сауда-саттық, халықаралық төлем, халықаралық коммерциялық арбитраж саласындағы құқықтық нормаларды қалыптастырумен және прогресивтік даму мәселелерімен айналысады. Қазақстан Республикасының бұл Конвенцияға 31 наурыз 1993 жылы қосылды.[9]
Халықаралық келісімдерді реттеуде 1980 жылы қабылданған тауарларды халықаралық сауда-саттық келісімі жөніндегі БҰҰ Конвенциясы (бұдан былай-1980ж Веналық конвенция) үлкен маңызға ие. Бұл сатушы мен сатып алушылар арасында туындайтын міндеткерліктер мен келісімдерді реттейді. Сатушының немесе сатып алушының келісімді бұзған жағдайдағы құқықтық қорғау құралдары анықталған.
Бұл конвенция әмбебаптық және келісушілік сипатта, өйткені мұнда түрлі құқықтық жүйелердің институттары мен принциптері ескеріліп, жаңа халықаралық экономикалық тәртіпті орнатуда дамушы елдердің мүдделері көңілге алынған.
1964 жылғы Гаагалық конвенциялар 1980 жылғы Веналық конвенцияға енгізілген.
Сыртқы экономикалық келісімдерді жасап, оны атқаруда халықаралық дәстүрлер үлкен рөл атқарады. Сауда әріптестерінің сауда дәстүрлерін дұрыс түсіну үшін, халықаралық сауда палатасы олардың түсіндірме жинағын "Инкотермс" 1953 жылы басып шығарды. Уақыт өтумен ол қайта басылып шығып, толықтырулар мен өзгертулер енгізілді. Құқықтық тұрғыдан алғанда "Инкотермс" факультативтік сипаттағы ережелер жинағы болып табылады.
Негізгі жағдайларын пайдалану келісім-шарттарды жасау мен келісуді жеңілдетіп, контрагенттерге түрлі түсініспеушіліктерді шешуде көмегін тигізеді.
Қазақстан мен Қытай арасындағы жоғары деңгейдегі алғашқы жақындасу барысында негізінде сауда экономикалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды, әсіресе екі мемлекет арасындағы көлік коммуникациялары жағдайына көбірек назар аударылды. Қытайлықтар Қазақстанмен сауда қатынасын дамытуға мүдделігін жасырмады.
Ол бір қызық еді: металл мен ағаш бартермен Қытай экономикасының иелігіне шекара асып кетіп жатты. Қайта құрумен жутап қалған Қазақстанның (жалғыз Қазақстаның ғана емес) рыногіне біртіндеп Қытай тауарларымен толтырыла бастады. Бұл ағымды тоқтату іс жүзінде мүмкін емес еді, нарықтық түйсік біртіндеп өз дегенін істей бастады: сұраныс ұсынысты тудырды.
Қазақстанда Қытай тауарлары төңірегінде дүрлігіс басталды. Жұрт бәрінде талапайлап алып жатты, Алматының көрме орталығында өтетін сауда-өнеркәсіп көрмелері астана тұрғындарының ең көптеп баратын орнына айналды.
Қазақстан рыногына Қытай өнімдерімен толтыру екі бойы жүрді. Тұтынушылар өздері алған тауарлардың сапасына артынан барып назар аударды.
Қытаймен саяси және сауда экономика саласындағы ынтымақтастық әр қадамы сайын күш ала бастады.
Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарындағы қол жеткен жетістіктерді қуантпай қоймайды. Ресеймен достықсыз және тығыз өзара іс-қимылсыз Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болып қаз тұрып кетуі қиын еді.[4]
Сонымен қатар Қазақстан мен Ресейдің сауда-экономикалық қарым-қатынастары мүдделелер тепе- теңдігінің сақталуы тұрғысынан алып қарағанда тұрақты назар аударуды қажет етеді.
Бұл ретте, бәрінен де бұрын отандық тауар өндірушілердің мүддесін қорғау жөніндегі келісімді іс-әрекет бірінші орында тұр.
Шынында да, бір тарап біртұтас экономикалық кеңістік принциптерін қатаң ұстанам деп, қосымша жұмыс орындарын беретін жаңа өндіріс орындарының ашылуына бөгет жасауға мәжбүр болса, ал екінші тарап бұл шешімге "адал ниетпен" импорттық өнімдерге кедендік баж салығын жоғарылатумен, демпингтерге қарсы тексерулер ұйымдастырумен жауап беріп отыруын қалыпты жағдай деп айта алмаймыз ғой.
Достық, ынтымақтастық қай салада болмасын қарым-қатынас, теңдік пен мүдделердің өзара есебін қажет етеді емес пе.
1.2. Халықаралық тауарлардың сату-сатып алу келісім шарты.

Барлық сыртқы сауда шарттарының айрықша маңыздысы сауда-саттық шарты болып табылады.
Халықаралық сату-сатып алу келісім шартының ішіндегі маңызды рөльді алады.[10]
Сатып алу-сату шарты бойынша бір тарап (сатушы) тауарды екінші тараптың (сатып алушының) меншігіне, шаруашылық жүргізуіне немесе жедел басқаруына беруге міндеттенеді, ал сатып алушы бұл тауарды қабылдауға және ол үшін белгілі ақша бағасын төлеуге міндеттенеді.(Қ.Р.АК 406б).
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодекснің (406-бабының 3-тармағы бойынша) немесе өзге де заң актілерінде көзделген жағдайларда тауарлардың жекелеген түрлерін сатып алу-сату ерекшеліктері заң актілерінде белгіленеді.
Халықаралық тауарлардың сатып алу сату түсінігі Вена Конвенциясының көптеген белгілерінің көмегімен анықталады.
Веналық Конвенция бойынша халықаралық келісім құқығы бұл мемлекеттер арасында жазбаша түрде жасалған және халықаралық құқықпен реттелетін халықаралық келісім.
Халықаралық сауда-саттық келісім туралы Веналық Конвенция бұл келісімдерге коммерциялық кәсіпорындары әртүрлі мемлекеттерде орналасқан келісуші жақтардың қол қойған сауда-саттық келісімдерін жатқызады .
Сауда-саттық келісімдердің әр түрлі түрлері бар.[11]
Бірреттік жеткізу келісімі – келісілген санды тауарды белгілеген күнге, уақытқа жеткізуді көздейтін бір мезгілді келісім. Тауарларды жеткізу белгіленген уақыт барысында бір немесе бірнеше рет жүзеге асырады. Алынған орындалғаннан кейін келісім өз күшін жояды.
Бірреттік келісімдер қысқа және ұзақ мерзімді жеткізу уақыттарымен болуы мүмкін.
Мерзімді жеткізу келісімі-белгілі бір тауарлар салым, партиясын келісімде анықталған уақыт ішінде тұрақты жеткізуді білдіреді. Келісім қысқа мерзімді (1 жыл) және ұзақ мерзімді (5-10 жыл немесе одан да көп) болады.
Комплекстік құрал- жабдықтарды жеткізу келісімі құрал-жабдықтар бойынша экспортаушы мен сатып алушы-импортер арасындағы байланыстың және де жинақтауға қатысатын арнайы фирмалардың болуын білдіреді. Бас жеткізуші жеткізілетін тауардың сапасына, оның толық жабдықталуына және уақытында әкелуіне жауапты
Тауар үшін төлем формасына байланысты ақшалай формадағы төлем және де тауарлы формадағы төлем келісімдерін ажыратады. Ақшалай формадағы төлем келісімдері келісуші жақтармен келісілген валютамен есептесуді, төлем әдістерін (нақты төлем, аванспен төлем немесе кредит) және төлем формалары (инкассо, аккредетив, вексель, чек) білді.
Қазіргі кезде аралас формадағы төлем келісімдері кеңінен таралған. Мысалы, құрылыс жағдайында төлем жартылай тауарлы, ал жартылай ақшалай формада жүзеге асады.
Біздің елімізде тауарайырбастық және компенсациялық келісімдер- бартерлік келісімдер кеңінен таралған. Бұл келісілген бір тауар санын екінші тауар санына қарапайым айырбастауды білдіреді. Бұл келісімдер өзара келісімде жеткізілетін тауарлар саны немесе келісушілер жақтардың жеткізілетін тауарлар сомасы белгіленеді.
Қарапайым компенсациялық келісім. Бұл да тауар айырбас сияқты тең бағаға тауарды айырбастың айырмашылығы, компенсациялық келісімде келісуші жақтар өзара жеткізілетін тауарлардың бағасына келіседе. Мұндай келісімде әдетте екі тауар емес, оданда көп айырбасқа жататын тауарлар саны көрсетіледі.
Барлық халықаралық коммерциялық келісім қатынастарындағы жақтар контрагенттер деп аталады. Халықаралық операциялардың көп бөлігі фирмалармен жүзеге асырылады.
Фирма деп, алдына пайда табуды мақсат ететін сауда, құрылыс, транспорт, ауылшаруашылық, өнеркәсіптік салаларында шаруашылық қызметін іске асыратын кәсіпорын танылады. Әрбір фирма өз елінің саудалық реестрінде ......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру