Экономика | Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасу тарихы және дамуы

 Экономика | Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасу тарихы және дамуы

Мазмұны

Кіріспе…………………………………………………………………… 5-7
1. Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасу тарихы және дамуы.. 8-20
2. Банктердің мәні және атқаратын қызметтері……………….. 21-32
3. Банктің нарықтық экономикадағы қызметі…………………. 33-37
Қорытынды…………………………………………………………….... 38
Қолданылған әдебиеттер тізімі……………………………………....... 39
Қосымшалар.......................................................................................... 40-41


1 ҚАЗАҚСТАНДА БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ

Кеңес үкіметі тұсында Қазақстанның өз банк жүйесі болмады, өйткені республика аумағында КСРО-ның орталықтандырылған несие жүйесінің филиалдары мен бөлімшелері жұмыс істеді. Сол себепті де банк жүйесінің тарихы КСРО тарихымен және революцияға дейінгі Ресейдің тарихымен ажырағысыз байланыста болды. Патшалық Ресейдің банк жүйесіне мыналар кірді: Мемлекеттік банк, акционерлік банктер, өзара несие қоғамы, қалалық банктер, ипотекалық несие банкісі және басқа несие мекемелері.
Ресейдің Мемлекеттік банкісі (өз қызметін 1860 жылы бастады) бүкіл несие жүйесінің Орталық банкісі болып табылды. Қағаз ақшаларды айналысқа шығарудың монополиялық құқығы тек осы банкке ғана тиесілі болды. Ресейдің Мемлекеттік банкісі 1914 жылы салым ақшалар мен ағымдағы шоттардың жартысынан көбін, барлық акционерлік-коммерциялық банктердің шамамен 1/3 есептік-ссудалық операцияларын өз жағына тарта білді. Басқа елдердің орталық эмиссиялық банктерден Рессейдің Мемлекеттік банкісінің айырмашылығы: ол тек банктерді ғана емес, сонымен бірге, өнеркәсіпті, сауда-саттықты және т.б. несиеледі. 1914 жылы оның 10 кеңсесі, 124 бөлімшесі және 791 басыбайлы мемлекеттік қазынашылық кассасы болды.
Акционерлік-коммерциялық банктердің (743 филиалы бар 47 банк) жағдайы ссудалық капитал нарығында үстем болды және 1914 жылы шоғырланудың жоғары деңгейіне жетті.
Орта және ұсақ буржуйларға қызмет көрсету үшін ұсақ несие мекемелері жұмыс істеді: өзара несие қоғамы (11081), қалалық-қоғамдық банк (343).
Ипотекалық несие жүйесі мемлекеттік-дворяндық жер банкісін және мемлекеттік жер банкісін, 10 акционерлік жер банкісін, 36 қалалық несие банкісін, басқа да ипотекалык несие банктерін қамтиды.
Басқадай несие мекемелерінің арасында деревняның ауқатты тұрғындарына қызмет көрсететін несие кооперациялары кеңінен тарады. Ол несие-жинақ кассаларын және несие серіктестіктерін қамтыды.
Қазан төңкерісінен кейін 1917 жылы банктерді мемлекеттік тұрғыдан монополиялады. Елде мемлекеттік банк құрылды, содан соң, басқа банктер - мемлекетке тиесілі салалық және аумақтық банктер пайда болды. Банк жүйесінің бір буыны - мемлекеттік еңбек-жинақ кассасы. Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында мемлекеттік банктермен қатар бір мезгілде мемлекеттік емес несие мекемелері; кооперативтік және жеке меншік, мемлекеттік-капиталистік, оның ішінде, шетелдік капитал қатыстырылған мекемелер құрылды. 1922 жылы несие және ссуда-жинақ серіктестіктері мен олардың одақтары ұйымдастырылды. Олардың міндетіне деревняларды және майдагерлік өнеркәсіпті өркендету кірді. 1924 жылы ауыл шаруашылық кооперацияларына салым ақшаларды қабылдау, ссуда беру және есеп айырысуда делдал болу секілді формалардағы несие операцияларын жүргізуге рұқсат берілді. 1926 жылдың 1 сәуіріндегі есеп бойынша КСРО-да 16185 серіктестік жұмыс істеген. Оның 2426-сы несие және сауда-жинақ мекемесі, 12424 - ауыл шаруашылыгына арналған несие мекемесі.
1922 жылы жеке сауда-саттықты, өнеркәсіпті несиелейтін өзара несие қоғамы, мемлекеттік-капиталистік әрі акционерлік Оңтүстік-шығыс банкісі және шетелдік капиталдың қатысумен Ресей коммерциялық банкісі құрылды.
Социалистік экономика секторының дамуына қарай кооперативтік және жеке несие мекемелерінің маңызы кеміп, жұмыс істеуін біржола тоқтатады. Ауыл шаруашылығы ұжымдастырылғанда несие кооперативтерінің қажеті болмай қалды. Ол 1931 жылы таратылды. Экономиканың жеке секторынан сауда мен өнеркәсіп салаларының ығысуына байланысты өзара несие қоғамы да өз қызметін тоқтатады. Басқа да несие органдарының міндеті мемлекеттік салалық банктерге ауысады. Олар 1922-1925 жылдар аралығында құрылған Өнеркәсіп банкісі Цекомбанк, Всекобанк, Орталық ауыл шаруашылық банкісі және басқалары.
КСРО-да жүргізілген несие реформасының нәтижесінде 1930-1932 жылдары салалық банктер жаңа принциппен ұйымдастырылады. Капитал салымдарын қаржыландыру және несиелеу бойынша 4 арнайы банк құрылады.
Өнеркәсіптерді және электр шаруашылығын ұзақ мерзімге несиелейтін банктен қайта құрылган өнеркәсіптердің және электр шаруашылығының капиталдық құрылысын каржыландыратын банк (өнеркәсіп). Ол 1959 жылы КСРО Құрылыс банкісі боп қайта ұйымдастырылады.
Социалистік егіншілікті қаржыландыратын банк (КСРО Ауыл шаруашылық банкісі). Ол көптеген несие серіктестіктерінің және республикалык ауыл шаруашылық банктерінің орнына құрылды (1959 жылы жабылып, оның қызмет ету аясы КСРО Құрылыс банкісі мен Мемлекеттік банкісіне ауыстырылды).
Кооперациялардың капиталдық құрылысын қаржыландыратын банк (Всекобанк). Ол Бүкіл ресейлік кооперативтік банкісінің негізінде құрылды (Всекобанк 1936 жылы таратылып, оның активтері мен пассивтері 1959 жылы жабылып қалған КСРО Сауда банкісіне берілді).
Коммуналдық және тұрғын үй құрылысын қаржыландыратын банк (Цекомбанк); 1959 жылы жабылып, оның қызметі КСРО Мемлекеттік банкісі мен Құрылыс банкісіне берілді.
Осы салалық банктердің барлығы салаларды ұзақ мерзімге несиелеумен және қаржыландырумен айналысты. Ал, КСРО-ның Мемлекеттік банкісіне ауыл шаруашылығының барлық саласына арналған қысқа мерзімді несиелер шоғырландырылды. Барлық несие жүйесінің орталық әрі жетекші буыны ретінде КСРО Мемлекеттік банксінің ролі өсе түсті. Барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың есеп айырысуға арналған және ағымдағы шоттары КСРО Мемлекеттік банкісіне шоғырландырылды.
Барлық одақтас республикаларда, оның ішінде Қазақстанда барлық банктердің республикалық мекемелері ұйымдастырылды. Бұл арада банк ісін орталықтандырудың принципі қатаң сақталды, банк мекемелері жоғары банк органдарына бағынды, қандай да бір жергілікті мәні бар ереженің енгізілуіне үзілді-кесілді тыйым салынды.
Сондай-ақ, іс-тәжірибеде ақша айналымын тек бір ғана банкте шоғырландыру принципі жүзеге асырылды, яғни, әрбір кәсіпорын, ұйым немесе мекеме есеп айырысу және ағымдағы шотын тек бір ғана банкте аша алатын. Олар өз қаражатын осы банкте сақтады, несие мен қолма-қол ақшаны осы банктен алды және осы банк арқылы ақшасыз есеп айырысты.
КСРО-да банк реформасы 1987-1988 жылдары жүргізілді. Осы реформаның нәтижесінде КСРО Мемлекеттік банкісінің және КСРО Құрылыс банкісінің негізінде Өнеркәсіп құрылыс банкісі (Промстройбанк), Аграрлық өнеркәсіп банкісі (Агропромбанк) және Әлеуметтік тұрғын үй банкісі (Жилсоцбанк) құрылды. КСРО Мемлекеттік банкісінің құрамына кіретін жинақ касса жүйесінің негізінде Жинақ ақша банкісі құрылды, ал Сыртқы сауда банкісінің негізінде Сыртқы экономика банкісі құрылды, осы тұста КСРО Мемлекеттік банкісі кәсіпорындар мен ұйымдарға кассалық тұрғыдан және несие-есеп айырысу секілді қызмет көрсетуін тоқтатты. Ол елдің Орталық банкісі боп жарияланды.
КСРО Өнеркәсіп-құрылыс банкісіне (Промстройбанк) несие саясатын жүргізу, несие жүйесінің тиімділігін арттыру жүктеліп, капитал салымдарын, сонымен бірге, өнеркәсіптегі, құрылыстағы, көліктегі және байланыстағы, КСРО Мемлекеттік жабдықтаудағы есеп айырысуларды қаржыландыру мен несиелеу де оның міндетіне кірді. Банк кәсіпорындардың және шаруашылықтың бірлескен салаларының есеп айырысу, ссудалық және басқа да шоттарын жүргізді. Мұндай кешенді несие-есеп айырысу қызметін аграрлық-өнеркәсіп кешенінің кәсіпорындары үшін - КСРО Аграрлық өнеркәсіп банкісі, сауда мен әлеуметтік салалардагы кәсіпорындар мен ұйымдар үшін - КСРО Әлеуметтік тұрғын үй банкісі жүзеге асырса, ал халыққа КСРО Жинақ банкісі қызмет көрсетті. КСРО Сыртқы экономика банкісі экспорттық және импорттық операциялар бойынша есеп айырысуды ұйымдастырды әрі жүргізді.
Мамандандырылған банктердің құрылымы аймақтық-әкімшілік принципі бойынша құрылды. Одақтас республикаларда республикалық банктер, ал облыстар меи өлкелерде банк басқармалары ұйымдастырылды. Аудан орталықтарында немесе қалаларда банктердің өз мекемелері болды. Олар бастапқыда мынадай принцип бойынша құрылған болатын: мамандандырылған банктердің клиенттері бар аудандарда ғана олардың (мамандандырылған банктердің) мекемелері (әр ауданда бір мекемеден) болды. Тек КСРО Жинақ банкісінің ғана мекемелері әрбір ауданда, ұжымшар мен кеңшарда ашылды. Мамандандырылған банктердің (Жинақ банкісінен басқасы) төменгі буындары мамандандырылғанына қарамастан өздерінің клиенттері бар аудандарда қызмет көрсетті. Банктердің мамандану мәні тек басқару деңгейінде ғана көрінгені болмаса, олардың төменгі мекемелерінің әмбебеп несие мекемесінен ешқандай айырмашылығы болған жоқ. Олар ауданның барлық клиенттеріне, яғни, кәсіпорындарға, барлық салаларға қызмет көрсетуіме тура келді.
Банктердің санына қарай олардың 4 жоспары болды. Аталмыш банктердің салалық өзгешеліктері өз клиенттерінің әмбебаптығына қайшы келгендіктен, ең алдымен несие ресурстарына байланысты көптеген проблемалар туындады. Бұл проблемалар бір банктен екіншісіне өзара аймақаралық есеп айырысу жүйесі арқылы құйылатын қаражатқа бақылау болмағандықтан одан ары тереңдеді. Әрбір банк өз ресурстарының шегінде жұмыс істеуі үшін КСРО Мемлекеттік банкісінде ашылған корреспонденттік шот бойынша аймақаралық есеп айырысуға көшуі қажет болды. Мемлекеттен банктен бөлінген коммерциялық банктер әдетте мамандандырылған банк ретінде жұмыс істеді, нақты салаларда (өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы, сыртқы сауда) әрбір банктің өз монополиясы болды. Олар өз кәсіпорындарын көбінесе олардың (кәсіпорындардың) қабілетін, мүмкіндігін және т.б. ескермей өте төменгі пайызбен қаржыландыруды және несиеледі. Бұл банктердің активтері залалға ұшыраған мемлекеттік кәсіпорындардың мерзімі өтіп кеткен сапасыз ссудаларына ие болды.
Тұтастай алғанда банктерді мамандандыру туралы идея банк жүйесінің жұмысын тығырыққа тіреді, ал монополиялаудан арылмады, несие тетігіне түбегейлі өзгеріс енгізе алмады, керісінше, үлкен кедергі келтіріп, елеулі шығынды қажет ететін көп буынды болуымен сипатталды. КСРО Мемлекеттік банкісінің ролі де көп төмендеп кетті - ол мамандандырылған банктердің жұмысына елеулі ықпалын тигізе алмады.
Бұл жағдайдан шығудың бірден бір дұрыс жолы мыналар болды: банк реформасын жүргізу, банк жүйесін батыс үлгісіндегі екі деңгейлі ұйымға көшіру.
Банк құрылымын қайта құру үшін Мемлекеттік банктің монополиясын банк деполарына тарту кажет болды. 1988 жылға дейін Орталық, коммерциялық және инвестициялық банктердің қызметтерін орындайтын КСРО Мемлекеттік банкісінің әмбебеп несие мекемесінен еш айырмашылығы болмады десек артық айтпаймыз.
Қазақстандағы КСРО Құрылыс банкісінің республикалық кеңсесі қаладағы - өнеркәсіптегі, көліктегі және шаруашылықтың басқа салаларындағы инвестицияларға қызмет көрсетті. Акционерлік негізде жұмыс істейтін КСРО Сыртқы сауда банкісі валютадагы және валютамен операцияларды жүзеге асырды.
КСРО-ның банк жүйесінде, оның ішінде, Қазақстанда 70 жыл бойы қатаң орталықтандыру мен шоғырландыру саясаты үстемдік етті, несие-банктік ықпал ету әдістерінде әкімшілік және ұсақ реттемелеу, сондай-ақ шаруашылық органдарының қызметінде де осындай жағымсыз жағдайлар басым болды.
Акша-несие қатынасының қалыптасқан іс-тәжірибесі нарық қатынасы тудырған шарттармен сәйкес келмейді.
Социалистік жүйе ғасырлар бойы қалыптасқан қаржы нарығының институттары мен аспаптарын жойды. Утопиялық әрі идеологиялық тұжырымдаманың негізінде КСРО Мемлекеттік банк түрінде орасан үлкен дара банк (монобанк) пирамидасы тұрғызылды. Ол барлық несие жүйесін өз уысынан шығармады, шынайы бәсекелестікті, тәуекелдіктің бүкіл элементтерін жойды.
1990 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасы егемендікке қол жеткізгеннен кейін бірден нарықтық экономиканың талаптарына жауап бере алатын өзінің банк жүйесін құруға кірісті. 1991 жылдың қаңтар айында «Қазақ ССР-інің банктері мен банк қызметі туралы» заң қабылданды. Мәні бойынша бұл заң елдегі банк реформасының бастамасы болды.
Республикалық Мемлекеттік банк Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісі боп қайта құрылды. Облыстарда ҚР Ұлттык банктің бөлімшелері ашылды. Республикалық Өнеркәсіп құрылыс банкісі - акционерлік-коммерциялық банк болып табылатын Тұран-банкке, Аграрлық өнеркәсіп банкісі - акционерлік-коммерциялық банк болып табылатын Қазақстан Республикасы Аграрлық өнеркәсіп банкісіне, Сыртқы сауда банкісі - акционерлік-коммерциялық банк болып табылатын Алембанкке, Республика Жинақ банкісі - акционерлік-коммерциялық банк болып табылатын Қазақстан Республикасы Жинақ банкісіне айналды. 1993 жылы бұл банктер акционерлік банктер боп қайта құрылды, ал Жинақ банкісі Қазақстан Республикасының Халық банкісі атауына ие болды.
1989 жылдан бастап алғаш рет коммерциялық, аралас, кооперативтік, жеке меншік банктері пайда болды. Осы жылдары коммерциялық банктер - Интеринвестбанк, КРАМДС банк және т.б. ашылды.

ҚР-дағы банк жүйесі

Елімізде қабылданған банктік заңдылықтарға сәйкес ҚР-дағы банк жүйесі екі деңгейден тұрады.
ҚР Ұлттық банкі - мемлекеттік орталық банк ретінде бірінші деңгейді білдіреді.
Өзге банктердің барлығы (Мемлекеттік даму банкісінен басқасы) - екінші деңгейді сипаттайды, сондықтан да оларды іс-жүзінде екінші деңгейдегі банктер деп атайды.
Бүгінгі таңдағы Қазақстанда қызмет ететін банктік жүйенің не бары он үш жылдың тарихы бар. Бұл жүйенің қалыптасуына КСРО-ның ыдырауының нәтижесінде еліміздің өз тәуелсіздігін алуының себеп болғандығын айта кету керек. Содан бері банк жүйесінде түбегейлі реформалау жалғасуда. Ондағы мақсат - отандық банктеріміздің қызметін халықаралық стандартқа өткізу болып отырғандығы да жасырын емес. Бұл талаптарға жауап бермейтін банктерге басқа банктерге қосылу не банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болып құрылу қажеттігі ұсынылады.

ҚР Ұлттық банкі: қызметтері және операциялары

Еліміздегі барлық несие жүйесін реттеуші ұйым рөлін атқара отырып, орталық банк экономикамызда басты орын алады.
Орталық банк еліміздің эмиссиялық және резервтік орталығы ретінде ақша-несие және валюта саясатын анықтайды. Оның қызметінің басты мақсаты пайда табу емес, тек ақша-несие саясатын жүргізуге және еліміздің банк жүйесіне жетекшілік етуге бағытталады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, Орталық банктің мемлекетпен біріктірілген кең көлемдегі өкілеттілігі екі деңгейдегі банктік жүйенің тиімді қызмет етуін қамтамасыз етеді.
Орталық банктің тарапынан ақша-несиелік реттеудің негізгі объектісіне экономикамыздағы жалпы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасы жатады.
Ұлттың банк – бұл бұрынғы қарапайым клиенттерге қызмет көрсетумен айналысқан, қарапайым мемлекеттік банктен орталық, эмиссиялық банкке ауысқан, банктердің банкісі болып табылады. Іс жүзінде Ұлттық банкте барлық кассалық резервтердің шоғырлануы және олардың шаруашылық айналымына түсуі Ұлттық банктер мекемелерінің коммерциялың банктер кассасын толтыру арқылы жүзеге асырылады. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысуларды Ұлттық банк мекемелері арқылы жүргізе отырып, қажет жағдайларда Ұлттық банктен несие ала алады.
Ұлттық банк – бұл ақшалай резервтерді құрайтын, оған қоса меншікті алтын валюта резервтерден, басқа да материалдық бағалықтардан тұратын мүліктерге ие болып табылатын заңды тұлға.
Әлемдік тәжірибеде орталық банктің қызметін ұйымдастырудың әр түрлі мынадай құқылық формалары кездеседі:
- мемлекеттің 100% қатысуымен капиталын құрайтын біртұтас банк формасында (мысалға: Ұлыбритания, ГФР, Франция, Канада, Ресей, Қазақстан);
- акцияның бір бөлігі мемлекетке тиеселі немесе мемлекеттің қатысынсыз акционерлік қоғам формасында (Жапония, Белгияда);
- орталық банктің функцияларын біртұтас атқаратын тәуелсіз банктер жүйесі (АҚШ-та).
АҚШ-та орталық банктердің мүлкіне мемлекет қатынаспайды, олардың капиталы Федеральды резервтік жүйеге мүлік иесі болып келетін коммерциялың банктердің қосқан жарнасынан тұрады.
Ұлттық банк өзінің атқаратын мәні жағынан біртұтас ұйым болып табылады, ал мемлекет тек оның жарғылық қорының иесі. Бүгінгі жарғылық қордың мөлшері - 20 млрд теңгені құрайды. Негізгі қорлары ғимараттардан, құрылғылардан, құрал-жабдықтардан, көліктік құралдар мен басқа бағалылықтардан, ал айналым қорлары банкке тиесілі болып табылатын меншікті ақшалай қаражаттардан тұрады.
Ұлттың банк резервтік және басқа да қорларды құрайды. Резервтік қор жарғылық қор көлемінде құралып, меншікті пайда есебімен толықтырады және жүргізген операцияларға байланысты зияндар мен шығындардың орнын жабуға арналады.
Ұлттық банктің қаржылық жылдағы таза табысы, сол қаржылық жылға қатысты, нақты табыстар мен шығыстар арасындағы айналысқа шығарылған, оған қоса активтердің амортизациясын, оның ішінде, банкнот пен монеталарды қоса алғандағы шығыстардың айырмасы негізінде анықталады.
Ұлттың банктің таза табысы жарғылық қорды және резервтік қорды абсолюттік соммада құрауға бағытталады. Таза табыстың қалған бөлігі келесі қаржы жылындағы республикалық бюджетке аударылады. Ұлттық банк және оның мекемелері барлық салықтар мен алымдар төлеуден босатылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің басты міндеті - ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Сол сияқты Ұлттың банкке мынадай қосымша міндеттер жүктеледі;
- ақша айналысы, несие, банктік есеп-айырысулар мен валюталық қатынастар төңірегінде мемлекетіміздің экономикалық даму мақсатына жетуге және оның әлемдік экономикаға интеграциялануына жағдай жасайтын мемлекеттің саясатын жасау және жүргізу;
- ақша, несие және банктік жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ету;
- банктік қызметті реттейтін нормативтік құқылық актілерді қолдану арқылы қарыз берушілер мен клиенттер мүддесін қорғау және олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру.
Ұлттық банктің несиелік ресурсы мынадай көздерден құралады:
- меншікті қаражат есебінен;
- басқа банктерден тартылған және Ұлттық банкте шартты негізде орналастырылған ақшалай қаражаттар есебінен;
- ҚР төңірегінде тартылған қаражаттардан;
- арнайы мемлекеттік қорлар мен бюджеттің уақытша бос жатқан қаражаттар есебінен.
Ұлттық банктің басқару құрылымы.
Қазақстанның Ұлттық банкі жоғарыдан басқарылатын жүйедегі біртұтас орталықтандырылған құрылымды білдіреді. Ұлттық банктің басқару органына: Басқарма және директорлар Кеңесі (Директорат) жатады.
ҚҰБ-нің жоғары басқару органы Басқарма болып табылады және басқармаға мынадай негізгі қызметтер жүктеледі:
- мемлекеттің ақша-несие саясатын дайындау;
- банк қызметіне қатысы бар ҚҰБ-нің нормативтік құқықтық актілерін бекіту;
- Ұлттық банктің банктермен операциялары бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін белгілеу;
- банктердің ашылуына рұқсат беру және оларды қайтарып алу туралы шешім қабылдау;
- жекелеген банктік операциялар түрлерін жүргізуге лицензиялар беру туралы шешім қабылдау;
- банктердің резервтік талаптар нормасын бекіту;
- алтын валюта активтерін басқарудың негізгі қағидаларын анықтау;
- ҚР валютасының айырбас бағамын анықтау тәртібін бекіту;
- ҚҰБ жұмыс туралы жылдық есепті қарау, қабылдау және Президенттің бекітуіне беру;
- ҚҰБ-нің жылдың балансын және табысы мен зияны туралы есебін қарау және бекіту;.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру