Экономика | Қазақстандағы ақша нарығы

 Экономика | Қазақстандағы ақша нарығы

Мазмұны

Кіріспе

I. Ақша нарығы мен валюталық биржалардың теориялық негіздері
1.1 Ақша нарығының пайда болуы мен мәні
1.2 Ақша нарығының атқаратын қызметі
1.3 Валюта биржасы және оның қызметтері
II. Қазақстандағы ақша нарығы
2.1 Қазақстандағы ақша нарығын талдау
2.2 Қазақстандағы ақша нарығын және валюта биржасын реттеу
Қорытынды


1.1 Ақша нарығының пайда болуы мен мәні
Ақша нарығының пайда болуы олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып табылады. Нарық бұрын - сонды біздің елде терең зерттелмеген, сондықтан оның мәнін қате түсіну қазіргі әдебиеттерде қате түсіну жиі кездеседі. Себебі, нұсқау - бөлу әдістеріне негізделген басқару жүйесі жағдайында нарық проблемалары тиісті ғылыми зерттеу пәні бола алмады.
Нарық – бұл өндіріс факторларын немесе оның нәтижелері мен шарттары айырбастауға байланысты болатын өндірісітік қатынастардың белгілі бір бөлігі немесе жүйесі. Ақща негізінен, есеп жүргізу және бақылау құралы ретінде қосалқ қызмет атқарады. Жоғарғы басқару органдары әрбір кәсіпорының шығаратын өнімдеріне натуарлды және құн көрсеткіштері өнімнің көлеміне және түріне жоспар бекітті.
Рыноктық экономикада ақашаның маңызы зор. Рыноктық экономикада ақшаның маңызы зор. Себебі әр түрлі меншік жағдайында жұмыс істейтін, тауар өндірушілер өндіретін және сататын өнімнің көлемін, түрін және бағасын бекітуге дербестік алады.
Нарық қоғамдық тұтынушылар мен өндірушілердің байланыстырудың тиімді ретінде әлемдік өркениеттің ұлы жетістіктерінің бірі деп есептелінеді. Ақшаның нарықтық төлем құралы қызметін атқаруына байланысты ақша айналысы заңы өзінің неғұрлым толық көрінісін тапты. Егер тауарлар несиеге сатылса, онда қолма-қол ақша қажет емес. Бұл айналыстың қолма-қол ақшаға деген қажеттілігін азайтады. Бірақ төлем мерзімі жақындаған сайын борыштарды жабу үшін ақша айналымының қажеттілігі артады. Өзара өтілетін төлемдер соммасы айналыс үшін ақшаның санын азайтады. Егер қандай да бір бөлімдер, борыштық міндеттеме бойынша төлем аз уақытында түспейтін болса, онда бұл өзімен бірге басқа да төлемсіздік тізбесін тудырады (қарыз бойынша мерзімі өткен берішек, бюджеттік төлемдер, жалақы бойынша және тағы басқа). Нарық жағдайында банк жүйесі екі деңгейде болады: Орталық банк (эмиссиялық) және Коммерциялық банк (депозиттік). Коммерциялық банктердің негізгі функциясы несие беру және салымдарды өсіру. Осындай шаралардың нәтижесінде коммерциялық банкте ақша ұсынысын кеңейтеді. Банк жүйесі құнды қағаздарды алып сатумен де айналысады. Орталық банк ұлттық валютаның айналымға шығарады, мемлекеттік алтын резервтерін сақтайды, коммерциялық банктердің міндеттері резервті банктер арасындағы шот айыру ретінде пайдаланады. Ақша нарығының мәні ғылым мен техника жетістіктерін, еңбек ресурстарын ұйымдастырудың жаңа әдістерін кеңінен пайдалануды көздейді. Уақыт өте келе және тауар өндірісінің өрістеуі айырбасты ұлғайтып, оның жергілікті нарықтық шегінен шығуына әкеліп соқты. Бұл кезде құнның жалпыға ортақ формасы эквивалент қызметін белгілі бір тауар атқара бастады. Ол тауар – ақша. Нәтижесінде тауар айналымында атқаратын қызметін маңызын жан-жақты ашып жауап берді.
Ақша нарығының саясатының варианттары ақша графигінде әр түрлі бейнеленеді. Қатаң саясат ақша жиынын ақшаның ұсыныс қисығының вертикалды жағдайына сәйкес келетін деңгейінде орналастырады. Ал икемді монетарлық саясатта ақшаның ұсыныс қисығы горизонталды түрде болады.
Ақша нарығының несие саясатының вариантын тандау көп жағдайда ақшаға сұраныспен байланыста болады. Мысалы, егерде ақшаға сүраныстың өсуі инфляциялық үрдістермен байланысты болса, онда ақша жиынын қалыпты ұстау үшін қатаң саясатты пайдаланған жөн, бұл жағдайда ақша ұсынысын вертикалды түрде бейнелейді.
Егерде ақша айналымының күтпеген, кездейсоқ өзгерісі нақты айнымалылардың динамикасын сақтап қалса, онда пайыз мөлшерлемесін қалыпты деңгейде ұстап тұратын саясат пайдаланылады. Бұл жағдайда ақша ұсынысы горизонталды болады. Ls қисығының бұрыштық көлбеуіне байланысты ақшаға сұраныстың өзгерісі немесе ақша жиынына (2-сурет), пайыз мөлшерлемесіне (1-сурет) әсер етеді. Орталық банк бір мезгілде ақша жиыны мен пайыз мелшерлемесін тіркей алмайды. Мысалы, ақшаға сұраныс өскен кезде тұрақты пайыз мөлшерлемесін ұстап тұру үшін, банк ақша ұсынысын кеңейтеді, оны сұраныстың өсуіне байланысты пайыз мөлшерлемесін өте тез өсірмеу үшін жасайды (Бұл құбылыс Lr қисығын оңға қозғалтады, тепе-теңдік нүктеде өзгереді).
Қазақстан Республикасының тенгенің валюталық курсын бекітті: 1 АҚШ доллары 4,7 теңгеге тең болды.
Сөйтіп, 1993 жылы 15 карашада Қазақстан тарихында алғашқы ұлттық валюта-тенге енгізілді.
1995 жылдың орта кезінде Ұлттық банк пен Қаржы министрлігі қаржы нарығына алғашқыда қазыналық вексельдер одан соң міндеттемелер мен ноталарды және басқа мемлекеттік бағалы қағаздарды шығарғаннан кейін теңгенің кұлдырауын тежеуге мүмкіндік туды.
1997 жылы мемлекеттің алтын валюта қоры кәсіпорындарды жекеменшіктендіру және шетел инвесторларына баскаруға беру сияқты инфляцияланбайтын көздерден түскен 700 млн. доллармен толқты. Бұл жылы тенге курсының ауытқуы тиынмен, нфляцияның денгейі пайыздың бөліктерімен есептелетін жағдайға жетті.
1998 жылы Оңтүстік —Шығыс Азиядағы дағдарыстың күшеюі, әлемдік бағалардың төмендеуі отандық өндірушілердің бәсекелестік мүмкіншілігінің әлсіреуіне тіреп, Қазақстанға валюталық түсімдерд| біраз қысқартты.
1999жылы сәуірінен Қазақстан үкіметі тенгенің еркін өзгермелі курсын енгізу туралы шешім қабылдады. Ол жөнінде Премьер- министр былай деген: "Бұдан былай доллар бағамы валюта рыногындағы сұраныс пен ұсыныстың қалай қалыптасатынына байланысты анықталады, ал Ұлттық банк ол процеске елеулі түрде араласпайтын болады.


1.2 Ақша нарығының атқаратын қызметі

Ақша нарығының атқаратын қызметі – оның ұдайы өндіріс процесінің үздіксіздігін және тиімділігін қамтамасыз етудегі реттеуші рөлі. Нарықтың реттеуші рөлін тікелей әкімшілікпен алмастырылуы экономикалық жүйенің тоқырауына, өндірістік құрылымдарының үйлеспеуіне, тапшылықты пайда болуына, адамдардың экономикалық өсуінің қозғаушы күші ретінде рөлнің жоғалуына әкеліп соқтырады. Нарықтық басқа бір атқаратын қызметі – ақпараттық. Нарық тауарлар бағасы мен қызмет ақыларының, несие және банк депозитінің (салымына) проценттік нарқының (ставка) т.б. үздіксіз өзгеріп отыруы арқылы өндіріске қатысушыларғы олар сататын немесе сатып алатын тауарлар мен қызметтерге жұмсалатын қоғамдық - қажетті өндіріс шығындары, сапа және ассортимент туралы объективті ақпарат беріп отырады. Сонымен бірге нарық мынадай қызметте атқарады – бәсеке күресінісің жәрдемі мен қоғамдық өндірісті тиімсіз шаруашылық бірліктерінен тазартады және керісінше олардың даму болашағы барларына тиімді жағдай жасайды. Біздің нарық терең монополияландырылған, сондықтан нарықты ортаны қалыпты жағдайда ұстап тұру үшін біздің алдымызда бәсекелестер әлемін құру міндеті тұр.
Ақшаның нарығының атқаратын қызметтері - айырбас кұнының дербес формасы ретінде пайдалану тауарларды тікелей өткізуменен байланысты емес. Ақшаны бұл формада қолдану жағдайлары олар несие беру, бюджеттің кірістерін қарыздық берешектерді өтеу, мемлекеттік бюджеттің кірістерін қалыптастыру, өндірістік және өндірістік емес шығындарды қаржыландыру, Ұлттық банктің несиелік ресурстарды басқа банктерге сатуы және т.б.
Қазіргі уақытта алтын тауарға тікелей айырбасталмайды және бағалар алтынменен көрсетілмейді. Алтынды айналыстан қазынаға қарай ығыстырып тастау жағдайында ақшалы тауар (алтын) тікелей массасына емес, алтын нарығындағы несие ақшалармен операциялар жүргізуге қарсы тұрады. Осыдан алтын қағаз және несие ақшалардың құнын өлшеу ретінде көрінеді. Несие ақшалар тауардың қүнын өлшемейді, өлшенген құнды көрсетеді, өйткені өзінің құны жоқ. Сонымен алтын белгілерінің, яғни толық кұнды емес және қағаз ақшалардың пайда болуы, ақша формаларының олардың алтындық мазмұнынан ажырауына алып келді.

1.3 Валюта биржасы және оның қызметтері

Валюта биржасы және оның қызметтеріне келетін болсақ нарықтар уақтылы есеп айырысуларды жүзеге асыруды, валюталық қаражаттарды біршама тиімді пайдалануын, валюта биржалық операцияларға қатысушылардың валюталық бағамдар айырмасы түрінде пайда алуын, валюталық тәуекелдерді сақтандыруды, валюталық бағамдарды реттеуді, валюта биржалық саясатты жүргізуді қамтамасыз ете отырып, ішкі және халықаралық төлем айналымына қызмет етеді.
Халықаралық есеп айырысудың өзіндік ерекшелігі барлық елдер үшін жалпыға бірдей қабылданған төлем құралының болмауында. Сондықтан да сыртқы сауда, көрсетілген қызметтер, несиелер, инвестициялар, мемлекетаралық төлемдер бойынша есеп айырысудың қажетті шарты сатып алу-сату формасында бір валютаны екінші біріне айырбастау болып табылады.
Валюта бирдалық нарықтарда шетел валютасына деген сұраныс пен ұсыныс ең алдымен сатылған тауарлар және көрсетілген қызметтер үшін валюталық түсім алған экспортерлардан; сатып алған тауарлары мен көлік және кеме компанияларынан алынған қызметтері үшін төлемдерді төлеуде импортерден; сондай-ақ көрсеткен қызметтері үшін фрахты, сақтандыру сыйақысы, брокерлік және банктік комиссия түрінде валюталар алатын сақтандыру қоғамдары мен банктерден; дивидент төлеуге, займды, несиені және оған есептелген пайызды және т.б. қайтаруға міндеттемесі бар занды және жеке тұлғалардан туындайды.
1944 жылы Бреттон-Вудс қаласында (АҚШ) халықаралық қаржы конференциясы өткен болатын, осы конференцияда Халықаралық валюталық қор (ХВҚ) құру туралы шешім қабылданды. Алғашында мүшелерінің саны 35 мемлекет болса, 1993 жылы олардың саны 174-ке дейін өсті. Қазақстан Республикасы да осы Халықаралық валюталық қордың мүшесі болып табылады.
ХВҚ-ға кіргенде, әрбір мемлекет квота (жазылу бойынша салым), мүшелік жарна сияқты белгілі бір ақша сомасын қосады. Қор капиталына мүше-елдердің жарнасы екі бөліктен: 1) сол елдің квотасының 25% сомасы көлемінде немесе оның алтын мен доллар запастарының 10% сомасы көлемін-дегі алтын түрінде; 2) квотаның қалған көлемі ұлттық валюта түріндегі жарнадан тұрады.
Квотаның маңызы әр түрлі болып келеді. Біріншіден, олар біріккен ақшалай запастарын құрайды, ХВҚ оларды қаржылық қиыншылықтарға түскен өз мүшелеріне займдар беру үшін пайдаланады. Екіншіден, олардың негізінде, жарна төлеген мүшесі ХВҚ-дан қарызға алатын немесе СДР деп аталатын арнайы активтерді кезеңдік қайта бөлуде алатын соманың мөлшері анықталады. Жарна үлкейген сайын, мүшеелдің керек жағдайында алатын несиесінің көлемі де үлкен болады. Үшіншіден, олар әрбір мүшенің дауыс салмағын анықтайды. Ел бай болған сайын, оның квотасы солғұрлым үлкен болады. Квота көлемі ел экономикасының жұмыс істеуін және әл-ауқаттылығын талдау негізінде белгіленеді. Әрбір бес жыл сайын квотаның мөлшері қайта қаралып тұрады әрі ХВҚ қажеттілігіне және елдің экономикалық өсіп-өркендеуіне байланысты көбейтілуі немесе азайтылуы мүмкін. 1945 ж. ХВҚ-ның 35 мүшесі 7,6 млрд. $ төлеген,
1992 ж. ХВҚ-ның 156 мүшесі 130 млрд. $-ға жуық және
1993 ж. 174 ел - 140 млрд. $ төлеген.
ХВҚ саясатын анықтауға керекті дауыс санының көп бөлігін, көп ақша қосқан елдер алады. ХВҚ-дағы басшылық орынды АҚШ алады, оған барлық дауыстың 17%-ы келеді. Екінші орында Жапония - 7%, әрі қарай - Германия, Франция, Ұлыбритания - 5-6%.
ХВҚ-ның жоғарғы директивті органы - губернаторлар кеңесі, мұнда әрбір мемлекет губернатор (әдетте қаржы министрі немесе орталық банк төрағасы) және балама губернаторлардан тұрады. Себебі, губернаторлар сияқты олардың орынбасарлары қаржы министрлері немесе орталық банк басшылары болғандықтан, олар өздерінің үкіметтері атынан шығуға уәкілдіктері бар. Губернатор кеңесі жылына бір рет ғана жиналады. Оның қызметтеріне мыналар жатады:
- халықаралық валюталық ұсыныстарды әзірлеу;
- экономканы қайта құру жөнінде өте кедей елдерге кеңес беру, шаралар әзірлеу;.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру