Экономика | Қазақстан аудандарында туризмді дамыту
Мазмұны
КІРІСПЕ................................................................................................................4
І ТАРАУ Туризм индустриясының қолға алынуы.....................................
1.1 Туризм және оның қызмет көрсету сфералары
1.2 Туризмді дамытудың мақсаты,міндеті, шешу жолдары, нәтижелері
1.3 Туризмнің танымдық, рекреациялық бағыттары
ІІ ТАРАУ Қазақстан туризмі әлемдік деңгейде...
2.1 Қазақстанның шетелдермен туристік байланыстары
2.2 Туризм және спорт
2.3 Қазақстан туризміне қойылатын талаптар.
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАР
І ТАРАУ ТУРИЗМ ИНДУСТРИЯСЫНЫҢ ҚОЛҒА АЛЫНУЫ.
1.1 ТУРИЗМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ СФЕРАЛАРЫ
Қазақстанның туризм саласы мемлекеттік қолдауға зәру. Оның басқа елдердегідей дамымай жатқан себебі де осы.
Туризм дегенiмiз - жұмысқа, тұрғылықты мекен жайды ауыстыруға қатысы жоқ, адамның қолы бос уақытында жасайтын сапарлары мен саяхаттары және туристердiң қажеттiлiктерiн өтеуге арналған қызмет көрсету сферасы.
Халықаралық туризмнiң функцияларына бiрнеше мәселе кiредi, ең алдымен бұл функциялар әлеуметтiк сипатымен ерекшеленедi. Кейбiр аспектiлерiн атап айтар болсақ:
1. Туризм дегенiмiз демалыстың бiр түрi. Ол адамдардың күш-қуаты мен еңбек ету қабiлетiнiң қайта қалыпқа келуiне, ендеше үлкен категориялар тұрғысынан қоғамның психофизиологиялық ресурстарының (байлық көздерiнiң) орнына келуiне көмектеседi;
2. Туризм адамдардың бос уақыттарын ұтымды пайдалануына себеп болады;
3. Туризм еңбекпен қамту мен жергiлiктi тұрғындардыің өмiр сүру деңгейiн көтеру мәселелерiнде үлкен роль атқарады;
4. Туризм адамдар ойлап тапқан iс-қарекеттердiң iшiндегi қоршаған ортаға ең бiр залалсызы;
5. Туризм мемлекеттер мен халықтарды жақындастырады, аймақаралық әлеуметтiк және экономикалық қатынастарды байытып жандандырады.
Қазір спорт саласымен бірігіп кеткен туризм саласы әлі күнге дейін өз нәтижесін бере қойған жоқ. Сондықтан ел-елден ағылатын саяхатшыларға лайықты жағдай жасау және аталған саланы өркендетудің жолын іздеген қазақ ұлттық университетінің мамандары ресейлік географтармен кездесті. Мақсат - туризм мен география саласында пікір алмасып, болашаққа жаңа серпін беретін ынтымақтастық орнату.
Шетелдік экономистер қалаға келген әрбір туристің бір сағатта 17 жарым доллар жұмсайтындығын есептеп шығарған. Демек 100 мың турист екі сағатта 350 мың долларды қала қоржынына салып кетеді екен. Ал, әрбір саяхатшының тамағын, сатып алатын киімі мен қолданатын қажетті заттарын есептегенде бұл мұнайды сатқаннан да көп табыс әкеледі деген сөз. Осыны басшылыққа алған еліміз 2010 жылға дейін туризм саласын дамытуға арнайы бағдарлама жасады. Былтыр бюджеттен осы саланы дамытуға 39 млн. теңге бөлінсе, болашақта туристік саланың жеке құрылымын дамытуға 1 миллиард 900 млн. теңгеден астам қаржы бөлінбек.
Міне, жалпы туризмнiң әлеуметтiк сипатын айтқанда оның ең басты әлеуметтiк функциясы ретiнде қайта қалпына келтiру мүмкiншiлiгiн атап өткен жөн. Бұл дегенiмiз адамның еңбек ету барысында немесе күнделiктi тiршiлiкте жұмсаған күшi мен iшкi ресурстарын орнына келтiрумен тiкелей байланысты. Туризммен айналысқан адамның демалысы қозғалысымен ерекшеленiп, айналысатын қарекет түрiн, қоршаған ортасын өзгертуге және басқа адамдармен, таңсық жаңа мәдениетпен, әдеп-ғұрыптармен танысуға, сондай-ақ табиғаттың бұрын беймәлiм құбылыстары мен ерекшелiктерiне баса көңiл аударып бiлуiне мүмкiншiлiк туғызатын сауықтың нешеме түрiн қамтиды. Сондықтан қазіргі Қазақстан жағдайында туризм индустриясын дамытуды дендеп қолға алып, жобалар жасалуы қажет. Бұл мәселеге жастарды да араластырса, нұр үстіне нұр болары сөзсіз.
1.2 ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДЫҢ МАҚСАТЫ,МІНДЕТТЕРІ,ШЕШУ ЖОЛДАРЫ,НӘТИЖЕЛЕРІ.
Мақсаты
Халықтың денсаулығын нығайту және жоғары жетістіктер спортын дамыту үшін бәсекеге қабілетті туристік индустрия және дене шынықтыру мен спорттың тиімді жүйесін құру.
Міндеттері
1. Туристік кластерлерді одан әрі дамыту, елдің тартымды туристік имиджін және туризм инфрақұрылымын қалыптастыру бойынша жағдайлар жасау.
2. Жоғары жетістіктер спортын және халықтың салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін бұқаралық спортты дамыту.
Шешу жолдары
Туризм саласында:
бәсекелі басымдықтарын ескере отырып, Қазақстанның өңірлерінде туристік кластерлерді одан әрі дамыту жөнінде шаралар қабылданады;
Қапшағай су қоймасының жағалауында және Щучинск-Бурабай курорттық аймағында туризм мен ойын-сауық объектілерінің дамыған инфрақұрылымы бар туристік орталықтар құрылады. Жібек жолы бойынша туризмді ұйымдастыру одан әрі дамиды, сондай-ақ Каспийде жағажайлық және круиздік туризмнің дамуы үшін жағдайлар жасау жөнінде шаралар қабылданады;
елдің тартымды туристік имиджін қалыптастыру, визалық және тіркеу рәсімдерін оңайлату, туристік қызмет көрсетулерді халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келтіру жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.
Спорт саласында:
спорт инфрақұрылымын, әсіресе ауылдық жерлерде дамыту жөніндегі жұмыс жалғастырылады және халықтың барлық жігін бұқаралық спорт түрлерімен шұғылдануға тарту үшін жағдай жасалады;
2011 жылғы қысқы Азия ойындарын Алматы қаласында өткізу үшін спорт объектілерін қайта жаңғырту және салу жөнінде шаралар қабылданады;
спорт резервін, халықаралық дәрежедегі спортшыларды даярлау жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыс жалғастырылады;
жоғары жетістіктер спорты проблемалары бойынша ғылыми-зерттеу институты құрылады.
Нәтижелері
Туризм саласында туристер ағынының өсуі қамтамасыз етіледі, оның ішінде:
ішкі туризм бойынша 2007 жылғы 3400 мың туристен 2009 жылы
4000 мың туристке дейін;
сырттан келушілер туризмі бойынша 2007 жылғы 4500 мың туристен 2009 жылы 6000 мың туристке дейін.
Сырттан келушілер туризмін дамыту есебінен халықтың туризм саласында жұмыспен қамтылуы 2007 жылғы 447,6 мың адамнан 2009 жылы 499,4 мың адамға дейін қамтамасыз етілетін болады.
Спорт саласында:
жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын халықтың үлесі ұлғаяды;
балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде шұғылданатын балалар мен жасөспірімдердің саны 8,5 %-ке жетеді;
балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің саны 2007 жылғы 400-ден 2009 жылы 420-ға дейін ұлғаяды;
аудан орталықтарында, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда дене шынықтыру-сауықтыру кешендері салынады;
2011 жылғы қысқы Азия ойындарын Алматы қаласында өткізу үшін спорт объектілерін қайта жаңғырту және салу қамтамасыз етіледі;
жоғары жетістіктер спортының ғылыми-әдістемелік базасы құрылады.
Мiндеттер. Халықтың демалуы мен денсаулығын қалпына келтiру, сондай-ақ бәсекеге қабiлеттi туристiк индустрияны дамыту үшiн рекреациялық шаруашылыққа маманданған аймақтар қалыптастыру мақсатында рекреациялық инфрақұрылым объектiлерi желiсiн құру.
Рекреациялық инфрақұрылым объектiлерiнiң желiсiн дамыту мынадай екi бағытта жүзеге асырылатын болады: туристiк индустрияны дамытуға бағдарланған ұлттық және өңiрлiк деңгейдегi және халықтың күн сайынғы рекреациялық қажеттiлiгiн қанағаттандыратын жергiлiктi деңгейдегi рекреациялық инфрақұрылым қалыптастыру.
1.3 ТУРИЗМНІҢ ТАНЫМДЫҚ, РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ БАҒЫТТАРЫ.
Ұлттық деңгейдегi рекреациялық инфрақұрылым қалыптастыру туристiк саланы дамытудың республикалық және, қажет болған кезде, өңiрлiк орта мерзiмдi бағдарламаларын iске асыру шеңберiнде жүзеге асырылатын болады, олар мыналарды көздейдi: инфрақұрылым объектiлерi кешенiн дамытуды, туристiк объектiлердi ұтымды аумақтық орналастыруды, олардың материалдық-техникалық базасын жақсарту жөнiндегi iс-шараларды көздейтiн елдiң туристiк-рекреациялық кешенiн дамытудың бас схемасын әзiрлеу;
туризмнiң барлық бағыттарының: экологиялық (кемпингтер, этноауылдар), iскерлiк (конгрестiк), танымдық, ойын-сауықтық, спорттық (тау шаңғысы және альпинистік кешендер), аңшылық және туризмнiң басқа түрлерiнiң материалдық базасын дамыту мен жаңғыртуға жәрдемдесу жөнiндегi шаралар кешенiн әзiрлеу;
техникалық реттеу жүйесiнде белгiленген талаптарға сәйкес туристiк және қонақ үйлiк қызмет көрсетулер сапасын арттыру;
өңiрлердiң табиғи және тарихи-мәдени рекреациялық ресурстарын игеруге, инфрақұрылымды дамытуға бағытталатын жеке капитал тарту үшiн жағдайлар жасау;
ұлттық табиғи саябақтарда, қорықтарда экологиялық туризмдi iлгерiлету жөнiнде шаралар әзiрлеу;
облыстық, аудандық және қалалық деңгейлерде туристiк-рекреациялық қызметтi реттеу жүйесiн жетiлдiру;
рекреациялық объектiнiң аумағындағы туристердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде жағдай жасау.
Рекреациялық шаруашылыққа маманданған аймақтарды қалыптастыру үшiн мынадай шаралар iске асырылатын болады:
Алматы қаласы мен Алматы облысында туристiк кластер құру мен оны дамыту жөнiндегi Шебер-жоспардың пилоттық жобасын әзiрлеу және iске асыру;
Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамытудың бас жоспарын әзiрлеу, үкiметаралық деңгейде (Қазақстан-Ресей) келiсе отырып, "Байқоңыр" зымыран-ғарыш кешенiнде сырттан келушi және iшкi туризмдi ұйымдастыру үшiн туристiк кешен құру.
Жергiлiктi деңгейдегi рекреациялық инфрақұрылымды қалыптастыру өңiрлердi дамытудың орта мерзiмдi жоспарларын, елдi мекендердi дамытудың бас жоспарларын iске асыру шеңберiнде жүзеге асырылатын болады.
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2006 жылы атқарған жұмыс есебі мен Министрліктің туризм индустриясы және спортты дамыту жөніндегі 2007 жылға арналған міндеттері туралы баяндауға рұқсат етіңіздер.
Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі ретке келтіру және оның тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы” 2006 жылғы 27 наурыздағы № 73 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) құрылды.
Қазіргі уақытта Министрлік құрылымы 2 комитеттен (Спорт комитеті, Туризм индустриясы комитеті) және 4 департаменттен тұрады.
2006 жылы Министрліктің негізгі қызметі Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын және 2006-2008 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің Бағдарламасын орындаудың Желілік кестесін іске асыруға бағытталды.
Есептік кезеңде Министрлік туризм саласында біршама жұмыс атқарды:
Мемлекет Басшысының “Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында” атты халыққа Жолдауында туристік сектор шикізаттық емес саладағы ел экономикасының мамандануын анықтайтын мемлекеттің ұзақ мерзімге арналған жеті кластерінің қатарында экономикалық басымдықтардың бірі болып белгіленді.
Туризм саласындағы кластерлік бастаманы іске асыру шеңберінде Министрлік қызметі “Туризм” пилоттық кластерін құру және дамыту жоспарын (Үкіметтің 2005 жылғы 25 маусымдағы № 633 қаулысымен бекітілген) іске асыруға бағытталды.
Осыған сәйкес туристік кластер құру үшін пилоттық орталықтар (Алматы қаласы және Алматы облысы) анықталды. Өткен жылы мәслихат қаулыларымен аталған өңірлерде туристік кластерді дамыту жөніндегі шебер-жоспарлар бекітілді.
ҚР Үкіметінің 2006 жылға арналған заң жобасы жұмыстарының жоспарын орындауға орай “Қазақстан Республикасының туристік қызмет жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасы Заңының жобасы әзірленді.
Аталған заң жобасы:
туризмді мемлекеттік реттеудің, өзгерген әлеуметтік-экономикалық жағдайларға жауап беретін, жаңа тәсілдері жүйесін қамтамасыз ету;
туристік саланы дамыту және оны мемлекет экономикасының жоғары кірісті секторына айналдыру жөніндегі мемлекеттің деңгейдегі шараларды іске асыру;
туризм саласындағы атқарушы органдар мен ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды реттеу мен үйлестірудегі мемлекеттік рөлін республикалық уәкілетті орган арқылы күшейту сияқты бірінші кезекті міндеттерді іске асыруды көздейді.
ІІ ТАРАУ ҚАЗАҚСТАН ТУРИЗМІ ӘЛЕМДІК ДЕҢГЕЙДЕ.
2.1 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ШЕТЕЛДЕРМЕН ТУРИСТІК БАЙЛАНЫСТАРЫ.
Туризмді дамытудың маңызды элементтерінің бірі Қазақстанның оң туристік имиджін қалыптастыру және жаһандық экономикаға бірігу арқылы ұлттық турөнімді туристік қызмет көрсетулердің әлемдік нарығына шығару болып табылады.
Қазақстан Республикасының әлемдік туристік нарықтағы оң туристік имиджін қалыптастыруға әсер ететін басты фактор Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері Мемлекет Басшысы жүргізіп келе жатқан саясаттың нәтижесі болып табылатын, бәрінен бұрын, экономикалық өсім, елдегі саяси тұрақтылық пен қауіпсіздік болып табылады.
Осы бағыт бойынша Министрлік келесі іс-шараларды жүргізді:
2006 жылы Қазақстанның туризм елі ретінде 7 халықаралық туристік көрмеге (Нидерланды, Испания, ГФР, Ресей Федерациясы, Ұлыбритания, Өзбекстан) қатысуы қамтамасыз етілді;
Жыл сайын көрме алаңдары ұлғаюда, республиканың туристік ұйымдарының өкілдіктері кеңеюде, жарнамалық-ақпараттық өнімнің сапасы артуда.
(2006 жылы барлығы 290 туристік қызмет субъектісі көрмелерге қатысты).
Туризм және спорт министрлігі құрылғаннан бергі алғашқы шаралардың бірі 2006 жылғы 25-27 сәуір аралығында Дүниежүзілік туристік ұйымның Еуропаға арналған комиссиясының 45-отырысын Алматы қаласында өткізу болып табылады, оған Еуропаның 42 елінің Ұлттық туристік әкімшіліктерінің өкілдері қатысты.
Мұндай масштабты Форумды ұйымдастыру мен өткізудің елдің туристік индустриясын дамыту үшін ғана емес, сонымен қатар, тұтастай алғанда мемлекеттің оң имиджін қалыптастыру үшін де маңызды стратегиялық мәні бар.
2001 жылдан бастап еліміз жыл сайынғы “КІТҒ” Қазақстандық халықаралық туристік көрмесін өткізіп келеді, ол 2003 жылдан бастап Дүниежүзілік туристік ұйымның (ДТҰ) халықаралық іс-шаралар күнтізбесіне енгізілді. 2006 жылы аталған жәрмеңкенің жұмысына әлемнің 34 елінен туризм индустриясының 450-ден астам өкілі қатысты. Бұл қазақстандық туристік Жәрмеңкенің туристік нарыққа қатысушылардың барлығының арасындағы серіктестік байланысты орнатуға сүбелі үлес қосатынына және Орталық Азия өңірінде ірі туризм форумына айналуға нақты мүмкіндіктері бар екеніне куә болады.
2006 жылғы 27-30 қыркүйек аралығында республикамыздың елордасында “Астана – Демалыс” атты 3-ші Халықаралық туристік көрме өткізілді, оның шеңберінде мүдделі министрліктер мен ведомстволардың қатысуымен туристік саланы дамыту мәселелері бойынша республикалық семинар-кеңес өтті. Аталған семинар-кеңестің барысында визалық тәртіпті оңайлату, шекаралық және трансшекаралық туризмді дамыту, чартерлік рейстерді ұйымдастыру мәселелерімен қатар, Қазақстанда экологиялық, іскерлік, белсенді және мәдени-танымдық туризмді дамыту мәселелері де қаралды. Министрліктің бастамасы бойынша және Дүниежүзілік туристік ұйымның қолдауымен 2006 жылы алғаш рет 12 жетекші еуропалық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін (Ұлыбритания, Германия, Испания, Италия, Нидерланды және Грекия) ақпараттық тур өткізілді. Аталған іс-шараны өткізудің мақсаты ұлттық туристік өнімді әлемдік нарықта ілгерілету және шетелдік туристерді тарту болды.
Ақпараттық турдың қорытындысы бойынша 2006 жылы шетелдік БАҚ баспа және электронды баспаларында Қазақстан туралы 70-тен астам мақала жарық көрді, сондай-ақ Интернетте бейнеролик беріледі, бұл ретте жарияланымдардың жалғасып жатқанын айта кету керек. Грекия басылымдары Қазақстанды – ай елі етіп жариялады.
Сонымен қатар, Министрлік 2006 жылы шетелдік жетекші арналарда (CNN, BBC, Euronews) Қазақстанның туристік мүмкіндіктерін жарнамалайтын бейнеролик көрсетуді ұйымдастырды.
Өткен жылы электронды және қағаз жеткізушілерде сегіз тілде (орыс, ағылшын, қытай, француз, италян, неміс, корей және жапон) 180 мыңнан астам жарнамалық-ақпараттық өнім дайындалды, олар Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері бар әлемнің 54 еліне жіберілді. Қазақстанның туристік бренді мен логотипі әзірленіп, бекітілді.
Туристік индустрия қызметтерінің сапасын арттыру және оның инфрақұрылымын дамыту жөніндегі шараларды қамтамасыз ету мақсатында қонақ үйлерді және басқа да орналастыру орындарын Жіктеу ережесінің жобасы әзірленді.
Министрлік Елбасының тапсырмасын орындауға орай мүдделі мемлекеттік әкімдіктермен бірлесе отырып, Қапшағай қаласы мен Ақмола облысының Шучье ауданында туристік орталықтар салу тұжырымдамасының жобасын әзірледі.
2006 жылғы жедел деректер бойынша алдыңғы кезеңмен салыстырғанда туристік индустрия дамуының оң үрдісі байқалады, бұған келесі көрсеткіштер дәлел бола алады:
сырттан келушілер туризмі 19 %-ке өсіп, 5 млн. 200 мың адамды құрады;
шығу туризмі 30 %-ке артып, 3 млн. 900 мың адамды құрады;
ішкі туризм 8 %-ке өсіп, 3 млн. 550 мың адамды құрады.
Жалпы алғанда, республика бойынша туристік индустрия кәсіпорындарынан түскен кіріс 14, 6 %-ке артып, 35 млрд. теңгені құрады, сондай-ақ бюджетке 7 млрд. теңге аударылды, бұл өткен жылғымен салыстырғанда 8 %-ке артық.
Жұмыс істеп жатқан туристік фирмалардың саны 2006 жылы 903-ті құрады да, алдыңғы жылмен салыстырғанда 6,7 %-ке артты. Қонақ үйлердің және басқа да орналастыру орындарының саны 17,6 %-ке, яғни 385-тен 453-ке артты (оның ішінде мемлекеттік меншікте - 30, басқа мемлекеттердің, олардың заңды тұлғалары мен азаматтарының меншігінде - 31, жеке меншікте - 351, шетелдік қатысумен бірлескен кәсіпорындардың меншігі - 41). Туризм саласында инвестициялық жобалар пакетін қалыптастыру мақсатында жобалардың өңірлер тұрғысында ақпараттық базасы жасалды.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының туристік саласын одан әрі дамыту үшін Министрлік бірқатар мәселелерді шешу қажет деп санайды.
Бұл:
- туристік қызмет көрсетулердің және туристік кадрлар даярлау деңгейінің сапасын арттыру (көптеген қонақ үйлердің халықаралық стандарттарға сәйкес келмеуі, кәсіби гидтер, экскурсияшылар, турменеджерлер санының жеткіліксіздігі);
- туристік ұйымдар мен туристік нарық субъектілерінің:
авиакомпаниялар, автопарктер, “Қазақстан темір жолы”, ІІМ, СІМ, әкімдіктер және ұлттық парктер арасындағы өзара іс-қимыл, баға мен тариф саясатының икемсіз жүйесі;
- статистикалық есепті халықаралық стандарттарға сәйкестендіру.
- визалық және тіркеу тәртібі процедурасы оңайлатылған елдер тізбесін арттыру, Қазақстанға келетін туристік ағын үшін донор елдерді анықтау (Германия, Ұлыбритания, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея);
- өңірлерде туризмді дамыту жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру көлемін арттыру Туризм индустриясын дамыту және туристік саланың жоғарыда көрсетілген проблемаларын шешу үшін өткен жылы Министрлік Туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын әзірледі. Бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 29 ......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: курстык Қазақстан аудандарында туризмді дамыту жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Экономика курстық жұмыстар, Қазақстан аудандарында туризмді дамыту