Экономика | Қазақстандағы инвестициялық мәселелері

 Экономика | Қазақстандағы инвестициялық мәселелері

Мазмұны
Кіріспе.............................................................................3
1. Қазақстан Республикасындағы инвестицияның экономикалық ролі.......................4
1.1 Инвестицияларды орналастыру процессі мен оның мәні………4
1.2 Қазақстан Республикасының инвестициялық климатының жалпы жағдайы………………………………………………………...9
2. Қазақстан Республикасындағы тікелей инвестициялар ағымы...............................13
2.1 Шетелдік тікелей инвестицияларының Қазақстанда әрекет етуі..........................................13
2.2 Нақты мысал ретінде Батыс Қазақстан облысының инвестициялық потенциалы…………………………………………23
3. Қазақстандағы инвестициялық климаттың даму ерекшеліктері және мәселелері........................................................27
Қорытынды.........................................................................................31
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.......................................................32
Қосымша..............................................................................................33

Кіріспе
Инвестиция – Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтуі кезінде пайда болған жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлау жүйесінің шеңберінде “жалпы капиталдық салымдар” деген түсінік қолданылатын,осы түсінік бойынша жаңа құрылыс пен қайта өңдеуге, шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың кеңеюі мен техникалық қайта қамтамасыздандырылуына(өндірістік капиталдық салымдар), тұрғын үй мен тұрмыстық – мәдени құрылысқа (өндірістік емес капиталдық салынымдар) жұмсалған барлық қаржылық құралдар түсіндірілетін.
Инвестициялар ақша құралдары, мақсатты банкілік салымдар, пайлар, акциялар және де басқа құнды қағаздар,технологиялар, машиналар, қондырғылар, лицензиялар, соның ішінде тауар белгісіне, пайда табу мақсатында кәсіпкерлік қызмет салынатын интеллектуалды бағалықтар, несиелер, кез келген мүлік немесе мүліктік құқықтар ретінде анықталады және осының бәрі – пайда табу мен әлеуметтік жақсы әсерлерге жету мақсатында. Осы тұрғыда инвестиция түсінігі нарықтық тәсілге едәір жақын келеді.
Келтірілген анықтамалар нарықтық және жоспарлық жүйелерде инвестицияның мәнін түсінудегі айырмашылықты көрсетеді. Ресурстардың бөлінуі әкімшілік жүйесі жағдайында меншіктің бір түрімен жүзеге асатындықтан, инвестицияландырудың қаржылық және басқа түрлерінің бар екендігін отандық экономикалық ғылым қарастырылады. Жоспарлық экономика жағдайында инвестициялар ағымдағы шығындардан тек бір уақыттық сипатымен ғана айыршаланатын залал түрінде көрінеді. Экономика ғылымы мен тәжірибесі дәлелдеп отырғандай, капиталдық салынымдар инвестицияның синонимі болып табылады, берілген терминдер ұқсас емес. Капиталдық салымдарға қарағанда инвестиция түсінігі әлдеқайда кең. Батыс әдебиеттерінде қор нарығын қарастыруға баса назар аударады, себебі нарықтық экономикасы дамыған елдерде ( АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Жапония) инвестицияландыру бағалы қағаздар арқылы іске асады. Қазіргі таңда отандық тәжірибеде екі термин де қолданылады.
1.Қазақстан Республикасындағы инвестицияның экономикалық ролі.
1.1.Инвестицияларды орналастыру процессі мен оның мәні.
“Инвестиция" терминінің бірнеше мағынасы бар. Ол біршама қаржылық нәтижелерді ескеріп акция немесе облигациялар сатып алуды білдіреді; белгілі бір тауарды өндіру мен сатуға талап етілетін нақты активтерді, мысалы машиналарды білдіреді.
Инвестиция-бұл капиталдың сақталуын немесе құнының өсуін және ол бойынша оң табыс алуды қамтамасыз ететін капиталды орналастыру әдісі. Бос ақша қаражаттары- инвестиция емес, себебі қолма-қол ақшаның құндылығы инфляциямен “жеп” қойылуы мүмкін және олар табысты алуды қамтамасыз ете алмайды. Егер,сол ақша қаражаттарының сомасын банктін жинақтаушы шотына орналастырсақ, онда оларды инвестиция деп атауға болады, себебі шот белгілі бір табысқа кепіл береді.
Инвестициялық процесті талдаулар таза инвестициялардың артқы Ж.Ұ.Ө-ң мультипликативті өсуін басқаратынын көрсетеді. Басқаша айтқанда,инвестициялық ақшалар – бұл “қуаттылығы жоғарылатылған “ ақшалар.Мұның баламалы әсеріне мемлекеттік шығындардың өсуі де әкеледі.
Кез келген экономикалық инвестициялық ортасы негізгі болып табылады және елдің экономикалық өсуін анықтайды, ал инвестициялық саясат экономикалық саясаттың приоритетті сферасы болып табылады.
Капиталды орналастырудың түрлі нысандары бар.Олар бірқатар факторлармен айқындалады: бағалы қағаздарға және жылжымайтын мүлікке; қарыздық міндеттемелерге; акция және опциондарға;аз немесе көп тәуекелмен;қысқа немесе ұзақ мерзімге;тікелей және жанама.
Бағалы қағаздар және мүліктік салымдар.
Бағалы қағаздар немесе қор құндылықтары-бұл кез келген біреудің қарыз міндеттемелерін көрсететін немесе меншік иесі ретінде компаниядағы үлесін сату немесе сатып алу құқығын қамтамасыз ететін ақша салымдарының құралы.
Мүліктік салымдар-бұл компанияның нақты активтеріне немесе жеке нақты мүлікке салымдар.
Нақты активтер-бұл жер,құрылыстар және жермен тұрақты ‘’байланыстырылғандардың’’барлығы.
Нақты жеке мүлік-бұл алтын, антиквариат,өнер өндірісі және басқа да коллекциялық заттар.
Тікелей инвестиция – бұл қор немесе мүліктік құндылықтар түріндегі активтерге талаптартарды инвестор тікелей иеленетін капитал салымы.
Жанама инвестиция – бұл портфельге қаражат салу,басқаша айтқанда бағалы қағаздардың,не мүліктік құндылықтардың жиыны. Мысалы,инвестор әртүрлі фирмалар шығарған бағалы қағаздардың диверсификацияланған жиынын көрсететін өзара байланысты қордан акция сатып ала алады.Осы сатып алудан кейін,инвестор жеке алынған компаниялардың активтеріне талаптарды емес, ал портфельдегі үлеске ие болады.
Ережеге сәйкес, инвестициялар не кредиторлардың мүддесімен,не капиталға меншік иесі ретінде қатысуымен байланысты. Қарыздық бағалы қағаздар мүліктік емес активтерге салымдар ретінде пайыз (%) түрінде табыс алу құқығына айырбасқа берілген қаражаттарды және белгіленген уақытта қарыз сомасын қайтаруға қарыз алушының міндеттемесін білдіріді. Инвестор қарыздық қаржы инструменттерін сатып алған кезде, мысалы облигацияны айналысқа шығарғанды несиелейді және келісім шарттың аяқталуында қарыздың бастапқы сомсын қайтаруға міндетті болатын келісілген уақыт ішінде бекітілген пайыздарды төлеу міндеттемесін алады.
Капиталға қатысу немесе үлестік салымдар - бұл уақыт шектеулерімен байланысты емес белгілі бір компанияның немесе мүлкінің иесінің үлесі. Негізінде инвестор акция деп аталатын бағалы қағаздарды сатып ала отырып компания каиталына қатысу құқығын иеленеді.Опциондар қарыздық инструменттерге де,үлестікке де жатпайды; бұл инвесторларға басқа бағалы қағаздарды немесе келісілген мерзім аяқталғанша алдын – ала белгіленген баға бойынша активті ссатып алуға құқық беретін бағалы қағаз.
Кейде инвестицияларды тәуекел деңгейі бойынша бөледі. ’’Тәуекел’’ термині жағымсыз нәтиже алу мүмкіндігін білдіреді.
Тәуекелі төмен инвестицилар- бұл белгілі бір табыс алу тұрғысынан қауіпсіз деп есептелетін салымдар.
Тәуекелі жоғары инвестициялар- бұл белгілі бір табыс алу кепілі тұрғысынан спекулятивті болып есептелетін салымдар.
Спекуляция- бұл қаржы инструменттерінің құнымен табыстылығы болашақта анықталған болатын қаржы инструменттерін сату және сатып алу операциясы.
Жалпы, инвестициялық процесс- бұл ақша ұсынушылар мен сұранушылар арасындағы механизм.Екі жақ әдетте,қаржы институттарында немесе қаржы нарығында кездеседі.Қаржы институттарын – банк және қарыз жинақтаушы ассоциациялар сияқты ұйымдар,әдетте, алдымен салымдар алады,содан соң ақшаларды кредитке береді,басқаша айтқанда инвестициялайды.Қаржы нарықтары – бұл қор биржасы сияқты делдалдар көмегімен келісімдер жасау үшін қаржы ресурстарын ұсынушылар мен іздеушілерді мемлекеттің ағымдағы қажеттіліктері табылады.
Жалпы,мемлекет – бұл ақша қаражаттарын таза тұтынушы,яғни ол ақша қаражаттарын бергенге қарағанда көп пайдаланады.
Көптеген компаниялар (типіне тәуелсіз) өз қызметін қолдау үшін күрделі қаражаттарды қажет етеді.Мемлекетке ұқсас компаниялар,жалпы таза ақша қаражаттарын сатып алушылар болып табылады.
Жеке тұлғалар инвестициялық процеске әр түрлі әдістермен ақшаларды жеткізе алады,мысалы,ақшаларды жинақтаушы шоттарға орналастыру,акция және облигациялар сатып алу,сақтандыру полистерін сатып алу,әр түрлі мүліктерді сатып алу.
Жеке тұлғалар – ақшаларды таза жабдықтаушылар;басқаша айтқанда,олар инвестициялық процеске ақшаны алғанға қарағанда көп береді.
Инвестициялау деп – ақшаларды олрдың құндылығын арттыру немесе оң табыс алу мақсатында арнайы таңдалған қаржы инструменттері арқылы орналастыру процесін айтамыз. Бұл қызмет үлкен экономикалық маңызға ие, ол логикалық кезекті әректтерді орындай алады, ал оның нәтижесі табыс алу болып табылады.
Инвестициялардан табыс немесе пайда 2 негізгі нысанның біреуінен алынуы мүмкін: ағымдағы табыс немесе салынған қаражаттардың құнының өсімі ретінде.Мысалы,банктің жинақтаушы шотына орналастырылған ақшалар немесе бос жер учаскесін сатып алуға салынған ақшалар.(оның табысы жерді сатып алу мен сату уақыты арасында учаске құнының өсімі түрінде болады).
Инвестициялық белсенділік экономиканың дамуының маңызды жағдайы, құрылымдық қайта құруларды жүзеге асырулардың, бәсекелестіктің нығайуының маңызды жағдайы болып табылады.
Әлемнің әрбір елі инвестициялық кризистен өз жолдарымен шығады.Қалыптасқан инвестициялық саясат сол елдің не басқа елдің нақты қаржылық - өндірістік мүмкіндіктерін есепке алуы тиіс.
Толық және дамыған инвестициялық бағдарлама инвестициялау көздерінің барлық жиынының ‘’жұмысын’’ кіріктіруі қажет.Инвестициялық көздер мен экономикалық даму арасындағы өзара байланыс жүйелі түрде келесідей көрсетілуі мүмкін.
Инвестициялау көздерінің жалпы құрылымын қарастырайық.
Экономикалық теорияда инвестиция көздерінің сыныптамасы оның негізіндегі белгілермен ерекшеленеді.Егер,көздердің негізгі арналымынан қарастырсақ,ұлғайтылған инвестициялық шығыстарды ескірген құрал – жабдықтарды алмастыруға бағытталған амортизациялар және физикалық капиталды кеңейтетін, яғни экономикалық өсімге әсер ететін таза инвестицияларға бөлуге болады.
Инвестицияны қаржыландырудың ішкі көздері.
Жоғарыда айтқандай,ішкі көздердің бірі болып жинақтар табылады. Ел масштабында,жинақтардың жалпы деңгейі тұрғындардың, ұйымдардың және үкіметтің жинақ деңгейіне тәуелді.
Елдегі жинақтардың көлемі елдегі инвестициялар көлеміне әсер етеді. Инвестициялар болашақта бүкіл экономикалық өндірістік қуатын арттыратын негізгі қорлардың сатып алу шығыстарын көрсетеді. Қоғам өзінің ағымдағы табыстарының бір бөлігін жинақтаса, бұл өндірістің бір бөлігі тұтынуға емес,инвестицияға бағытталғандығын көрсетеді.
Қазіргі уақытта,сыртқы көздерден қаржыландырылатын шетел инвестицияларына көп көңіл бөлінеді.Оларға жеке тікелей және портфельді инвестициялар,сондай – ақ шетел несиелері мен қарыздары жатады.
Қазір инвестиция түріндегі шетел капиталына үлкен үміт артылуда. Бұл, жол берілетін көлемде шетел валютасының біріктіретін механизм. Қаржы нарықтарының бірнеше түрлері бар:акция нарығы,облигация нарығы, опциондар нарығы.
Әрбір атқарушы билік деңгейіне өз қызметін қаржыландыруға ауқымды ақша сомалары талап етіледі.Әдетте,мұндай жобалар әртүрлі ұзақ мерзімді міндеттемелер – облигациялар шығару арқылы қаржыландырылады. Ақшаға сұраныстың басқа көзі болып құйылуы ұлттық экономиканы сауықтыруға әрекет жасайды. Екіншіден, қазір интеграция кезінде, шетел инвестициялары ұлттық мемлекеттердің жақындасуының бір құралы болып табылады.
Қазіргі уақытта, екі негізгі ұйымдар даму деңгейі төмен нлдерге, соның ішінде Қазақстанға да, қаржылық қаражаттар салады. Олар – Халықаралық Валюта Қоры және Халықаралық Даму Банкі.Бірақ, бұл халықаралық ұйымдар ‘’приоритетті’’ салаларын қаржыландырады, мысалы, ауыл шаруашылығы. Қазақстан қазір іс – жүзінде барлық салаларды қаржыландыруды қажет етеді.
Қазіргі кезде, кәсіпорынды концессия көмегімен шетел иелігіне беру жолымен Қазақстан өндірістік процесті қалпына келтіру әдісін дамытуда. Ережеге сәйкес,бұл кәсіпорындар металлургиялық, тау – кен өндірісі,және тау – кен өңдеуші салаларға жатады. Бірақ,қазір,ұлттық экономикаға жағымды әсер етеді.
Қ.Р.Президенті жанындағы шетел инвесторлары Кеңесінің негізгі міндеттері.
Қ.Р.Президенті жанындағы Шетел инвесторлары Кеңесі (ШИК) Мемлекет басшысының №3985 1998 ж 30 маусымындағы жарлығымен құрылды. Ондағы мақсат Қазақстандағы жұмыс жасайтын инвесторлармен тікелей келіссөз жүргізуде, сондай– ақ инвестициялық
Қызметпен байланысты проблемалық мәселелерді жедел шешуді қамтамасыз ету.
Кеңес – ақылдасушылық – консультативтік орган болып табылады.ШИК–н Қазақстан Республикасының Президенті басқарады. Ол оның қызметін басқарады, сонымен қатар нұсқаманы бекітеді жене Кеңес отырысында өкілеттік етеді.
Кеңес құрамына Қазақстан Республикасынан Премьер – Министр,Ұлттық Банк Төрағасы, Сыртқы істер Министрі, Индустрия және сауда Министрі,экономика және бюджетті жоспарлау Министрі,Қаржы Министрі, Индустрия және сауда Министрлігінің инвестиция жөніндегі Комитет Төрағасы және шетел инвесторларының жолдауын қарау жөніндегі ведомстволық комиссияның төрағасы кіреді.
Кеңес құрамына шетел жағынан халықаралық қаржылық ұйымдардың және шетел компанияларының бірінші басқарушыларының белгілі бір саны кіреді.
Кеңес отырысында оның құрамына кірмейтін компаниялар мен ұйымдардың өкілдері шақырылуы мүмкін. ШИК шегінде 5 бірлескен жұмыс топтары қызмет етеді – салық салу, заңнама, шетел инвесторларының ағымдағы қызметі, Қ.Р. инвестициялық беделдік арттыру және мұнай газ секторы мәселелері бойынша.
Кеңестік қызмет органы мен қызметінің негізгі координатор болып Қ.Р. индустрия және сауда Министрлігінің инвестиция жөніндегі Комитет табылады.’’Шетел Инвесторларының Қазақстандық Кеңесі’’ Ассоциациясы шетел жағынан координатор болып табылады.Комитет, мүмкіндігінше, өндірістік және шетел инвесторларының іскерлік ассоциациясы,мемлекеттер өкілдіктерінің(Қазақстан Республикасында тіркелген ). ‘’Шетел Инвесторларының Қазақстандық Кеңесі ‘’Ассоциациясымен келісіп ұсыныстарды ескере отырып Кеңестің шетелдік мүшелерінің 1/3 құамын өзгерту жөнінде ұсынымдарды Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына бере алады.
Кеңес отырысы жылына бір немесе екі рет жүргізіледі.Оның құрылған мезетінен бастап мемлекет басшысының төрағалық етуімен 13 пленарлы отырысы өтті:1998ж 25 қыркүйек, 1999ж 2маусым, 1999ж 3 желтоқсан, 2000ж 8 желтоқсан, 2001ж 13маусым,2001ж 15желтоқсан, 2002ж 05 щілде, 2002ж 06 желтоқсан, 2003ж 05 маусым, 2004ж 4 маусым, 2004ж 10 желтоқсан және 2005ж 17 маусым.
Бұдан басқа, Кеңестің ағымдағы отырысы жиі болады және жұмысшы топтардың кездесулері ұйымдастырылады.
Кеңестің пленарлы және ағымдағы отырыстарының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасында инвестициялық климатты жетілдіру бойынша министірліктер мен ведомстволарға тапсырыспен қаулылық шешімдер қабылданады.
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы шетел инвесторлары Кеңесінің негізгі міндеттері мыналар табылады:
1. Инвестициялық қызмет мәселелерін реттейтін заңнамаларды жетілдіру бойынша ұсынымдарды және сонымен қатар халықаралық маңызға ие Қазақстан Республикасының ірі инвестициялық жобалары мен бағдарламаларын жүзеге асыруымен байланысты мәселелер бойынша ұсынымдарды Қазақстан Республикасы Президентіне қарауға беру.
2. Инвестициялық климатты, сондай–ақ Қазақстан Республикасы экономикасына шетел инвестицияларын тарту стратегияларын жақсарту бойынша ұсынымдар жасауға.
3. Әлемдік экономикалық процестерге елдің экономикасының интеграциясы бойынша ұсыныстар жасау.
Кеңес отырыстарында мәселелердің кең спектрі талқыланады, оның ішінде:
- Қазақстан Республикасының инвестициялық беделдік арттыру
- Қазақстан Республикасының сот жүйесі
- Салық салу және салық әкімшілігі жүйесін жақсарту
- Заң шығару процесінің айқындылығын арттыру
- Шетел жұмысшы күшінің елге келуін лицензиялау
- Инвестициялық пікірталастың келіспеушіліктерін жою және сотсыз шешу
- Көрші елдермен тарифтік саясаттың координациясы және транспорттық тарифтер.
- Шетел компанияларының басты буындарының келуі мен кетуі процедураларының жеңілдету.
- Бюрократия және сыбайлас жемқорлықпен күрес.
- Инвестицияларды саяси және жиі болатын тәуекелдерден сақтандыру.
1.2 Қазақстан Республикасының инвестициялық климатының жалпы жағдайы.
Қазақстан, сөзсіз ел экономикасына шетел инвестицияларын тарту сферасында постсоветті кеңістікке көшбасшылардың бірі болып табылады. Қазақстан тек шикізаттың стратегиялық түрлерінің экспортері ретінде ғана емес, сонымен қатар инвестицияларды жүзеге асыру үшін қажетті заңнамалық база және жағымды орта жасалғандығымен де тартымды.
Жалпы, шетел капиталын тарту және қорғау процедурасы, қазіргі уақытта 20-дан астам заңдық және нормативтік құқықтық актілермен реттеледі. Соларға сәйкес Қазақстанда шетел инвестициялары барлық ұйымдық – құқықтық нысандарда рұқсат етілген кез келген обьектілер мен қызмет түрлеріне,соның ішінде шетел фирмалары құру арқылы, яғни толығымен шетел инвесторларына тиесілі, оның филиалдарын өкілдіктерін, не бірлескен кәсіпорындар құру арқылы салына алады.Шетел инвесторларына респуюликада қайта инвестициялау үшін, тауарларды сатып алу үшін және басқа да мақсаттар үшін табыстарды өз қалауы бойынша пайдалануға кепіл береді.
Ел экономикасына күрделі ауқымды инвестициялық ресурстарды тартудың,оларды рационалды және тиімді пайдалану қажеттілігін ескере отырып,Президент жарлығымен бірыңғай уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының инвестиция жөнінднгі мемлекеттік комитеті құрылды. Республикада экономиканың приоритетті секторларына тікелей инвестицияларды тарту бойынша белгілі бір жарнамалық жұмыстар да жүргізілуде....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру