Саясаттану | Қазақстан Республикасының Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық Ұйымындағы төрағалықтың мәртебелі миссиясы
Мазмұны
Кіріспе........................................................................
1.Әлемнің әлеуетті ұйымы.............................................................................
1.1. Құрылымы көпқырлы ЕҚЫҰ..................................................................
1.2 ЕҚЫҰ және Қазақстан.............................................................................
2.Әлем алдындағы биік бедел.....................................................................
2.1. Қазақстан - Еуропа төрінде.....................................................................
2.2. Қазақстан басшылығындағы ЕҚЫҰ-ның келешегі.............................
Қорытынды....................................................................................................
Қолданылған құжаттар тізімі.......................................................................
Кіріспе
Бүгiнгi Қазақстан - экономикасы қарқынды дамып келе жатқан, әлеуметтiк-экономикалық инфрақұрылымы өзiне сай қалыптаса бастаған, демократиялық қоғам құруға батыл кiрiскен бiрден-бiр мемлекет. Қазақстан тәуелсіздігін алған сәттен бастап өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға нақты үлесін қосып келеді. Семей ядролық полигонының жабылуы, қуаты жөнінен әлемдегі төртінші зымырандық-ядролық арсеналдан бас тарту және оның инфрақұрылымын толықтай жою еліміз үшін тарихи шешім болғаны белгілі.
Таяуда Қазақстанның бастамасы бойынша БҰҰ Бас Ассамблеясы 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы әрекеттің халықаралық күні ретінде жариялау туралы қарар қабылдады.Қазақстан өңірлік және бүкіләлемдік экономикалық үдерістерге жауапты қатысушы ретінде өз рөлін толық сезінеді.Әлемдік нарыққа көмірсутегі шикізаттарының күннен күнге арта түскен мөлшерін сыртқа шығара отырып, біздің еліміз дүние жүзінің, соның ішінде Еуропаның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қомақты үлес қосуда. Астық және өзге де азық-түлік түрлерінің ірі экспорттаушысы ретінде Қазақстан БҰҰ-ның Аштықтың алдын алу және әлемдегі азық-түлік қауіпсіздігі түйткілдерін шешу бағытындағы Мыңжылдық мақсаттарын орындауға белсене атсалысуда.
Қазақстанның Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңесін шақыру жөніндегі бастамасы қазіргі уақытта Азия құрлығындағы ынтымақтастық пен қауіпсіздіктің көпқырлы бірегей құралына айналды.
Бүгінгі таңда ЕҚЫҰ-ның Азиядағы өзіндік баламасындай болған бұл форум әлемдік жалпы ішкі өнім өндірісінің үштен бірін қамтамасыз ететін, жалпы тұрғындарының саны 3 миллиард адамды құрайтын елдердің басын қосуда.
Қазақстан үшін Орталық Азияның тұрақты дамуы - аса маңызды басымдықтың бірі. Еліміздің экономикасының дамуы бүкіл өңірге оң ықпалын тигізуде. ЕҚЫҰ-ның өзге де мемлекеттерімен бірге Қазақстан қазіргі әлемдік құрылымның түйінді мәселелерінде Шығыс пен Батыстың арасын түсіністік арқылы жақындастыруға бағытталған ұмтылыстарды жан-жақты қолдайды.Біздің еліміз сан алуан ұлттар мен діндер өкілдерінің мекені болуымен ерекшеленеді.Қазақстанда 140 этнос пен 40-тан астам конфессия өкілдері бір шаңырақ астында татулықта тұрады. Біздің этносаралық және дінаралық келісім жөніндегі өнегелі үлгіміз - сан алуан конфессиялардың өзара әрекеттестігінің бүкіләлемдік үдерісіне Қазақстанның қосқан нақты үлесі. Менің бастамам бойынша 2003 жылдан бері Астанада конфессияаралық үнқатысудың бірегей форумына жан бітірген Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының үш съезі болып өтті.Біздің мемле¬кетіміз дүниеде болып жатқан құбылыс¬тарға сырттан бақылаушы болып, тағдыр не сыйлар екен деп қол қусырып отырған жоқ. Қазақстан әлемге өзінің ізгілікті, бейбіт ниеті, өркендеуге, дамуға әзірлігі, тиянақты бағыты, бағдарламасы бар, бәсекелестікке қабілетті ел екендігін дәлелдеп, дүниежүзілік қоғамдастықтың белсенді мүшесі ретінде танылып, әлем елдерімен жіті қатынасын кеңейтіп отырған жаңа сипаттағы болашағы мол ірі мемлекет.
1. Әлемнің әлеуетті ұйымы
1.1. Құрылымы көпқырлы ЕҚЫҰ
Еуропалық Қауіпсіздік Ынтымақтастық Ұйымы – құрамына 56 қатысушы мемлекет кіретін жалпыеуропалық ұйым. БҰҰ Жарғысының 8-тарауына сәйкес Еуропадағы дағдарыстық ахуалдардың ерте алдын алу және оларды болдырмау, Еуропадағы қазіргі бар жанжалдарды және жанжалдан кейін қалыпқа келтіруді реттеудің басты құралы ретінде құрылған.Ұйым қару-жараққа бақылау жасауды, алдын алу дипломатиясын, сенім шаралары мен қауіпсіздікті нығайтуды, адам құқықтарын, сайлауға бақылауды, сондай-ақ экономикалық және экологиялық қауіпсіздікті қоса алғандағы мәселелердің кең ауқымымен айналысады. ЕҚЫҰ қауіпсіздікті кешенді ұғым деп санайды және үш өлшемде - әскери-саяси, экономикалық-экологиялық және адами өлшемдерде әрекет етеді.
Бүгінде құрамына 56 мемлекет еніп отырған осы халықаралық ұйым Солтүстік Американың, Еуропаның, Оңтүстік Кавказ бен Орталық Азияның көптеген мемлекеттерінің басын қосқан ірі өңірлік құрылым болып табылады. Оның жауапкершілік аймағы үш құрлықтың ауқымды аймағын қамтып, Ванкуверден Владивостокқа дейінгі кеңістіктің аралығында созылып жатыр.Аталмыш ұйым тарихының бастауы 1970 жылдардың бас кезінен, яғни, НАТО мен социализм елдерінің арасындағы диалог үдерісін жеделдеткен 1968 жылғы Чехословакиядағы оқиғалардан кейін басталды. 1970 жылдардың бірінші жартысында өткізілген бейтарап Хельсинки мен Женевадағы көптеген келіссөздерде ынтымақтастық ахуалы біртіндеп идеологиялық күресті ығыстыра түсуіне ықпал етті.
1975 жылы Шығыс пен Батыс арасындағы үнқатысуды жолға қою үшін көпжақты форум - Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі кеңес (ЕҚЫК) шақырылған болатын. 1975 жылғы Хельсинки қорытынды актісі ЕҚЫК-ға қатысушы мемлекеттердің өз азаматтарына қатысты, сондай-ақ өз араларындағы қатынастардың негізгі қағидаттарын бекітті.
1990 жылға дейін ЕҚЫК нормалар мен міндеттемелер тұжырымдалатын кездесулер мен конференциялар түрінде жұмыс істеді, мерзім-мерзім олардың орындалуы туралы ақпарат тыңдалып отырды.
Форум қызметіндегі бетбұрыс жасалған сәт - 1990 жылғы жоғары деңгейде өткен Париж кездесуі болды. Жаңа Еуропа үшін Париж хартиясында Еуропадағы тарихи өзгерістер үдерісін басқаруға үлес қосу және «қырғи-қабақ соғыс» біткен соң туындаған жаңа сын-талаптарға жауап беру міндеті қойылды. Осы міндеттерді шешу үшін бірнеше мекемелер мен институттар құрылды, кездесулерді тұрақты негізде өткізу жолға қойылып, Кеңестің жұмысына жүйелі сипат берілді.
1990 жылғы қарашада ЕҚЫК үдерісі шеңберіндегі келіссөздерде қарулануға бақылау саласындағы маңызды келісім – Еуропадағы әдеттегі қарулы күштер туралы шарт (ЕӘҚКШ) әзірленді.
1994 жылғы жоғары деңгейдегі Будапешт кездесуінде ЕҚЫК-ні Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым (ЕҚЫҰ) деп қайта атау туралы шешім қабылданды. Бұл Ұйым жұмысына жаңа саяси серпін берді және бір мезгілде оның институционалдық даму жолының көрінісіне айналды.
1996 жылғы жоғары деңгейдегі Лиссабондағы кездесуінде «XXI ғасырдың Еуропасы үшін жалпы және бәрін қамтитын қауіпсіздік үлгілері» туралы декларация қабылданды, «Қару-жараққа бақылаудың негіздері» және «Қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимыл бойынша форумның күн тәртібін дамыту» бекітілді. Дәл сол кезде ЕҚЫҰ-ның қауіпсіздік пен тұрақтылықты барлық өлшемдерде нығайту ісіндегі шешуші рөлі туралы тезис одан әрі дамытыла бастады. Бұл кездесудің қорытындысы 1999 жылы Стамбұлда Ұйымның жедел мүмкіндіктерін жетілдіруді көздейтін Еуропалық қауіпсіздік хартиясын қабылдауға себепші болды. Осы кезде ЕҚЫҰ-ға қатысушы 30 мемлекет Стамбұл декларациясын қабылдады және Еуропадағы кәдімгі қарулы күштер туралы бейімделген шартқа қол қойды. Әлемдегі әлеуетті ұйымдардың бірі ретінде ЕҚЫҰ бірнеше құрылымдардан тұрады.
Сыртқы істер министрлерінің кеңесі (СІМК) – аса маңызды мәселелерді қарайтын және тиісті шешімдерді қабылдайтын орталық директивалық және басшылық етуші орган болып табылады. СІМК кездесулері жылына кемінде бір рет әрбір Төрағаның өкілеттік мерзімінің аяқталуына таяу өткізіледі.
Тұрақты Кеңес (ТК) – ЕҚЫҰ-ның күнделікті жедел қызметі үшін жауап береді. Оның жұмысына Іс жүргізуші төрағаның өкілі басшылық етеді.ТК мүшелері, қатысушы мемлекеттердің тұрақты өкілдері апта сайын (бейсенбі күндері) Венадағы Хофбург сарайында жиналады. Тұрақты Кеңес ЕҚЫҰ-ға қатысты барлық мәселелер бойынша консультациялар өткізеді және шешімдер қабылдайды. Арнайы жағдайлар бойынша да шақырыла алады.
Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық форумы (ҚЫФ) – ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттер делегацияларының тұрақты өкілдерінен құрылған және Венадағы ЕҚЫҰ штаб-пәтерінде апта сайын ЕҚЫҰ өңіріндегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтудың нақты шаралары бойынша келіссөздер мен консультацияларға арналған отырыстар өткізеді. Сондай-ақ Форум міндетіне қару-жараққа бақылау жасау, қарусыздану мен сенім шаралары, жанжалдың туындау қаупін азайту жөніндегі келіссөздерді; қауіпсіздік мәселелері бойынша тұрақты консультацияларды; сенім және қауіпсіздік шараларын орындауды бағалау жөніндегі жылсайынғы отырыстарды; әскери доктриналар бойынша семинарларды ұйымдастыру кіреді.
Парламенттік Ассамблея (ПА) – 1991 жылы құрылған. Хатшылық Копенгагенде орналасқан. ЕҚЫҰ ПА-ның 2007 жылғы шілдеде Астанада өткен сессиясында Португалия өкілі Ж.Соареш бір жыл мерзімге Президент болып сайланды.
Бас Хатшы – СІМК үш жыл мерзімге тағайындайды, Іс жүргізуші төрағаның өкілі және Ұйымның бас әкімшілік лауазым иесі ретінде әрекет етеді. БХ-ның міндетіне ЕҚЫҰ құрылымдарына және операцияларына басшылық жасау кіреді. 2005 жылдан бастап бұл лауазымда Марк Перрен де Бришамбо (Франция) отыр.
Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюро (ДИАҚБ) – адам құқықтарын қамтамасыз ету, демократияның дамуын және заң үстемдігін орнықтыруды қамтамасыз ету мәселелеріне жәрдемдесу үшін жауап береді. Штаб-пәтері Варшавада орналасқан. 2008 жылдан бастап ДИАҚБ-ның Басшысы Елші Янеш Ленарчич (Словения) болып табылады.
БАҚ бостандығы жөніндегі ЕҚЫҰ өкілі – қатысушы мемлекеттер үкіметтеріне ЕҚЫҰ қағидаттарының негізінде еркін және тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға көмекті жүзеге асырады. 2004 жылғы 10 наурыздан бастап бұл лауазымды Миклош Харасти (Венгрия) иеленді.
Аз ұлттар жөніндегі Жоғарғы Комиссар – этникааралық шиеленіс жағдайларын анықтайды және олардың тез арада шешілуіне жәрдемдеседі. Штаб-пәтері Гаагада орналасқан. 2007 жылғы 4 шілдеден бастап бұл лауазымда Кнут Воллебек (Норвегия)отыр.
ЕҚЫҰ-ның тыстағы миссиялары – жанжалдардың алдын алу, дағдарыстарды реттеу, сондай-ақ нақты бағыттар бойынша дамуға көмек көрсету мақсаттарына қызмет етеді. Олардың мандаты орналасқан жерлердегі мүдделі тараптармен байланыстарды жолға қоюды және үнқатысуды дамытуды көздейді.
Қазіргі уақытта ЕҚЫҰ-ның тыстағы 19 миссиясы: Баланда (Албания, Босния және Герцеговина, Черногория, Хорватия, Сербия, Косово, БЮР Македония);
Шығыс Еуропа елдерінде (Беларусь, Молдова, Украина);
Кавказда (Әзірбайжан, Армения, ЕҚЫҰ-ның Минск конференциясының тақырыбы болып табылған жанжал жөніндегі ІТ Жеке өкілінің офисі);
Орталық Азияда (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан) жұмыс істеуде. Жоғар деңгейдегі жоспарлау тобы Таулы Қарабақтағы бейбітшілікті қолдау жөніндегі ЕҚЫҰ күштерін құруға дайындықпен айналысады.Сондай-ақ Әскери зейнеткерлер бойынша ресейлік-латвиялық бірлескен комиссиядағы ЕҚЫҰ өкілі де әрекет етуде.
1.2. ЕҚЫҰ және Қазақстан
Қазақстан ЕҚЫҰ-ға 1992 жылдан бері тұ¬рақты мүше болып келеді. ЕҚЫҰ -ға енгеннен бастап, Қазақстан оған мүше елдермен ынтымақтастық байла¬ныс¬тарды күшейтуде бірізді қа¬ғи¬датты ұстанымды басшылыққа алуда.
Қазақстанның ЕҚЫҰ-мен қарым-қатынастарын бірнеше кезеңге бөліп қарастыруға бо¬лады.
Алғашқысы – 1994-1997 жыл¬дар, бұл – ықпалдасу ірге¬та¬сының қаланған кезеңі. Мұндағы елеулі оқиға 1995 жылы Вена қаласында Қазақстанның тұрақты өкілдігінің ашылуы болды.1998 жылғы 2-3 желтоқсанда ЕҚЫҰ мен Қазақстан Респуб¬ли¬касы Үкіметі арасында өзара түсіністік туралы, Қазақстан Рес¬пуб¬ликасы Үкіметі мен ЕҚЫҰ/БДИПЧ арасында өзара түсі¬ніс¬тік туралы меморандумға қол қойылды. Алматыда ЕҚЫҰ-ның орталығы ашылды. Ал ЕҚЫҰ мен әрі қарайғы ық-палдастықтың артуына 2003 жылы аталған меморандумға қа¬тыс¬ты хаттамаға қол қою оң әсерін тигізсе, 2004-2006 жылдар қа¬рым-қатынастардың нағыз жанданған тұсы болды. 2004 жыл¬дың сәуір айында ЕҚЫҰ төрағасы – Болгарияның сыртқы істер министрі Соломон Пасси келіп, оның сапары кезінде Алма¬тыдағы ЕҚЫҰ Орталы¬ғы¬ның жаңа басшысы И.Викки өз жұмысына кірісті. 2008 жылдың маусымынан бастап Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығын А.Кельчевски (Франция) басқарады.
Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-ға мүше болып қабылдануы, Қазақстанның 1975 жылғы Хельсинк қорытынды актісіне негізделген жалпыеуропалық үрдерістерге еркін қатысуға, тәжірбие алмасуға деген ұмтылысын көрсетеді.Қазақстан ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастық барысында үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Атап айтқанда, ЕҚЫҰ Орталық Азиядағы экономикалық жағдайға қатысты, аймақтақтың нарықтық экономикаға өтуіне қатысты, экономикалық реформалар жүргізу, адам құқықтарын қорғау, аймақтық қауіпсіздік салаларында бірқатар семинарлар өткізді.
ЕҚЫҰ-мен Қазақстан Республикасы Үкіметі арасында өзара түсіністік және Алматыдағы ЕҚЫҰ Орталығын ашу жөнінде, Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросымен өзара түсіністік меморандумдары қабылданды. Өзара түсіністік меморандумына негізделіп, демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы Қазақстанда сайлау заңнамасын, соттық жүйені реформалау сияқты жұмыстарды атқаруда. 2003 жылдың ақпан айында қосымша хаттамаға қол қойылды.Осындай жан-жақты тығыс ынтымақтастықтың арқасында Қазақстан өз бағытын дұрыс таңдай білген ел ретінде 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етіп отыр.
2.ӘЛЕМ АЛДЫНДАҒЫ БИІК БЕДЕЛ
2.1. Қазақстан Еуропа төрінде
Дүниежүзi алдында Қазақстанның абыройы тағы бiр биiкке көтерiлiп, төрткүл дүниеге өзiнiң еңселi ел екендiгiн көрсетiп, 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төраға болуымыз Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдiк дәрежедегi лидер екендiгiн көрсеткен тағы бiр тарихи ақиқат. Ұйымның құрамына мүше 56 мемлекеттiң бiреуi қарсы болса, төрағалыққа өткiзбейтiн. Шындап келгенде, барлық жақтың да пiкiрiн ескерусiз қалдырмайтын, барынша әдiлеттi ұйымға төраға болуымыз Қазақ елiнiң сыртқы саясатының нақтырақ айтсақ, дипломатиясының берген нәтижелi жемiсi дер едiк.
Алдымен ЕҚЫҰ төрағалығы Қа¬зақстанның жан-жақты толыс¬қан ел қатарына енгендігін, әлемдік қауымдастық алдындағы бедел дәрежесінің қай деңгейде екендігін бағамдатады.ТМД елдері ішінде бірінші болып ЕҚЫҰ сынды халықаралық ұйымға төрағалық етуге ұмтылыс осы беделді орынның мүшелері тарапынан және Достастық ел¬дері¬нен де қолдау табуы Қазақстанның экономикалық және саяси даму тұрғысынан да, аумақтық қауіп¬сіз¬дік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуде де лидерлік сипатын таны-ғандық.
Аталмыш тарихи оқиғаның бастауы былай болатын. 2007 жылы Мадридте Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің 15-отырысы өтті. Онда Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету туралы өтінішін қанағаттандыру туралы шешім қабылданды.
Негiзi халықаралық ұйым атынан көрсетiлген осынау сенiмнiң астарына тереңiрек үңiлер болсақ, бұл Қазақстанның ТМД және Орталық Азия мемлекеттерi арасынан суырылып алға шыққан елiмiзге деген үлкен сенiм бередi. Ал түйiндей айтсам, төрағалыққа қол жеткiзу елдегi демократиялық үрдiстердi жеделдетудегi оң сипат алған реформаның нәтижесi. Төрағалыққа қол жеткiзу бұл сыртқы саясатта көп векторлықты ұстанған бағытымыздың айқындылығын дәлелдейтiн саяси жеңiс. Сонымен қатар, Қазақстанның аймақта ғана емес әлемдегi көшбасшылық беделiнiң тағы бiр белеске көтерiлгендiгiнiң айқын дәлелi деп ұғынуымыз керек. Кең байтақ даламызды мекендеген ұлттар арасындағы және саяси-экономикалық дамудағы тұрақтылық пен конфессияаралық түсiнiстiк берiк орнығып, әлем дiнбасыларының съезi сияқты халықаралық басқосулардың тұрақты мекенiне айналған Қазақстанға Еуропа елдерi көрсеткен үлкен сенiм деп те айтуға болады.
Қазақстан Еуропалық Ынтымақтастық Ұйымына төралық ету ниетін 2003 жылы білдірген болатын. Осы ниетке Елбасының 2005 жылғы "Қазақ¬стан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңғыру жо¬лын-да" атты халыққа Жол¬дауында арнайы екпін берілді. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төр¬ағалық етуіне 2005 жылы Қазан қаласында ТМД басшыларының саммитінде қолдау көрсетілді, Ұйымның көптеген елдерімен қарым-қатынастар барысында осы идеяны ілгерілету жөнінде көптеген шаралар дәйекті жүргізілді. Демократиялық дамудың дәйегiн дәлелдей бiлген Қазақстанда идея көтерiлгеннен берi ЕҚЫҰ-ның талаптарына сәйкес қоғамдық дамуда көптеген саяси, әлеуметтiк тұрғыда өзгерiстер болды. Яғни Қазақстан көптеген халықаралық ұйымдарға мүше ретiнде мойнына алған мiндеттемелердiң барлығын толығымен орындады.
Елбасы өзi жетекшiлiк ететiн «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының беделi соңғы Парламент сайлауында айқын байқалды. Сөйтiп, елiмiздiң жаңа Парламентiнiң құрамы «Нұр Отан» партиясы мүшелерiнен жасақталды. Соған қарамастан, Қазақстанда өзара пiкiрталас мүмкiндiгi яғни, прюлиализм қалыптасты. Қазiр республикамызда 2500-ден астам бұқаралық ақпарат құралдары жұмыс iстеп жатқан болса, соның 80 пайызы жекеменшiкке яғни, партиялар мен қоғамдық және өзге де ұйымдарға тиесiлi. Радикалды партиялардың да өздерiнiң басылымдары бар. Бұған әрдайым есiгi ашық интернеттi қосыңыз. Демек, Қазақстан халқы төрткүл дүниеде болып жатқан оқиғалардан, өзiмiздiң елiмiз iшiндегi жаңалықтардан отандық бұқаралық ақпарат құралдары арқылы толық мағлұмат алады деген сөз. Яғни, Қазақстан осынау халықаралық ұйымға төрағалық ету ниетін білдіре отырып, оған әзірлік барысында көптеген саяси шешімдерді қабылдады, өзінің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында көптеген белестерден өтті. Бір кездері халықаралық ұйымдардың белсенді қолдауына ие болған еліміз оны маңызды істермен айшықтап, өзі де әлемдік ауқымда өнеге көрсететін жағымды бастамаларымен байыта түсті. Ең алдымен ЕҚЫҰ ұсыныстарына сәйкес елде кең ауқымды саяси реформалар жүзеге асырылды. Оның ішінде 2007 жылы жүргізілген Конституциялық реформалардың маңызы үлкен. Соның нәтижесінде елімізде саяси партиялар туралы», сайлау туралы, бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, Парламенттің және жергілікті мәслихаттардың рөлі анағұрлым арттырылды, Қазақстан президенттік республикадан президенттік-парламенттік республика айналды, халық пен билік арасындағы көпір тәрізді үкіметтік емес ұй ымдардың рөліне маңыз берілді. Қазақстандағы тұрақтылық пен дамудың маңызды институттарының бірі - Қазақстан халқы Ассамблеясының мәртебесі ұлғайып, оның 9 өкілі ҚР Парламенті Мәжілісінен орын алды. Қазақстандағы ұлтаралық келісім мен татулықтың бірегей тәжірибесі әлем елдеріне үлгі-өнеге ретінде таратыла бастады. Жақында 2009-2012 жылдарға арналған Адам құқықтары саласындағы Ұлттық іс-қимыл жоспары және 2010-2020 жылдарға арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасы қабылданды, соның нәтижесінде қазақстандық заңнамалар халықаралық стандарттарға едәуір жақындай түсті. Тағы бір елеулі мәселе - Қазақстанда Әлемдік дәстүрлі діндер басшыларының үш съезі өткізіліп, еліміз «өркениеттер диалогын», Батыс пен Шығыстың үнқатысуын өрістетуге үн қосты. Мұсылман әлемі мен Батыс елдерінің саяси көшбасшылары арасындағы диалогты ұйымдастыру туралы Қазақстанның бастамасы да халықаралық қауымдастықта жоғары бағаланды және біздің шетелдік әріптестеріміздің толық қолдауына ие болды. Астанада ...........

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: курстык жумыс Қазақстан Республикасының Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық Ұйымындағы төрағалықтың мәртебелі миссиясы курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар саясаттану жобалар курстық жұмыстар