Экономика | Қазақстан Республикасындағы сұранысты қаржы бойынша пайдаланудың сипаттамасы
[quote]
Мазмұны
І Кіріспе..................................................................5І Сұраныс экономикалық түрлері және оның квалификациялары
1.1 Сұраныстың бағалық икемділігінің түсінігі оның түрлері.......................6
1.2 Сұраныс икемділігі және оның өзгеруі.......................................................15
ІІ Қазақстан Республикасындағы сұранысты қаржы бойынша пайдаланудың сипаттамасы
2.1 Сұраныс түрлерінің квалификациясы........................................................17
2.2 Сұранысты қаржы бойынша пайдалану ерекшеліктері........................22
Қорытынды............................................................................................................26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.................................................................27
Кіріспе
Осы тақырыптың негізгі мақсаты - сұраныс пен ұсыныс заңдарының мәнін аша отырып, оларға әсер ететін факторларды талдау. Жетілген бәсекелі нарық моделінің көмегімен, экономикалық ортаның өзгерістері баға мен сатып алатын тауар санына әсер етеді деген болжауды ары қарай дамытамыз. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негізінде нарықтық тепе-тендіктің қалыптасуы мен өзгеруінің себептерін түсінеміз. Микроэкономикалық теорияда сұраныс пен ұсыныстың икемділік концепциясы теориялық және практикалық маңыз-дылығымен ерекше орын алады. Сондықтан тақырыпта сұраныстың бағалық, табыстық және қиылысқан икемділігіне, сұраныстың бағалық икемділігіне әсер ететін факторларға, икемділіктің коэффициентін анықтауға және сұраныс пен ұсыныстың икемділік концепциясының тәжірибедегі роліне көп көңіл бөлінеді. Сұраныс пен ұсыныс теори-ясының мәнін жете түсінбей, келесі тақырыптарда қарастырылатын материалдарды меңгеру мүмкін емес. Сұранысты бағаға икемдеу жасайды және фирмалардың баға белгілеу стратегиясына әсер етеді. Көпшілікке ілесу әсерінің тағы бір себебі бар. Тауарды тұтынатын адамдардың саны өскен сайын оның құндылығы әрбір адам үшін өсе бастайды. Мысалы, егер е-mаіl немесе электронды пошта, ұялы телефон сияқты ақпарат жүйелері бір адамда ғана болса, олардың құндылығы өте төмен болар еді. Осы ақпарат жүйелерін қолданатын адамдардың саны өскен сайын олардың құндылығы әрбір адам үшін арта түседі. Сондықтан осындай тауарлар мен қызметтерге сұраныс көбейеді. Теріс жүйелі сыртқы әсерге өзін-өзі жоғары ұстау (сноб) әсерін жатқызуға болады.
І Сұраныс экономикалық түрлері және оның квалификациялары
1.1 Сұраныстың бағалық икемділігінің түсінігі оның түрлері
Нарықтық сұраныс - барлық тұтынушылардың кез-келген бағамен сатып алатын тауарларының жалпы көлемі. Оны анықтау үшін кез-келген бағамен тауарлар мен қызметтерге білдіретін жеке тұтынушылардың сұраныс мөлшерін қосу қажет. Нарықтық сұраныс қисығын құрастырудың жолы студенттерге Экономикалық теория пәнінен белгілі. Нарықтық сұранысқа әсер ететін негізгі фактор -тұтынушылардың саны. Нарықтық сұраныс жеке сұранысқа әсер ететін факторларға байланысты өзгереді. Нарықтық сұранысқа халықтың саны, оның демографиялық құрылымы, отбасындағы адамдардың саны мен шетелдік туристер және басқа экономикалық емес факторлар әсер етеді. Нарықтағы сұранысты және оған әсер ететін факторларды жете білу фирмаларға баға белгілеу саясатын дұрыс жүргізуге, маркетингтік шешімдердің тиімді болуына көмектеседі. Нарықтық сұранысты жеке адамдардың сұраныстарының мөлшерін қосу арқылы анықтадық. Жеке тұтынушының нақты бір тауарға сұранысы басқа адамдардың сол тауарға сұранысына байланысты емес деген болжамға сүйендік. Бірақ, жеке адамдардың тауарға сұранысына сол тауарды сатып алған адамдар да әсер етуі мүмкін. Оны жүйелі сыртқы әсер (network externality) дейді. Жүйелі сыртқы әсер оң немесе теріс болуы мүмкін. Егер жеке тұтынушының тауарға сұранысының мөлшері басқа адамдардың сұраныстарының өсуіне байланысты өссе, онда жүйелі сыртқы әсер оң (көбейеді) болады. Ал, егер керісінше болса, жүйелі сыртқы әсер теріс (азаяды) болады. Оң жүйелі сыртқы әсердің түріне көпшілікке ілесу әсері жатады. «Елдің бәрінде бар болса, менде де болуы керек» деген ұғым, сән (мода) талабына сәйкес болуға ұмтылу және т.б. жағдайлар жеке адамдардың сұраныс мөлшеріне әсер етеді. Көпшілікке ілесу әсерін ескеру ойыншықтар мен киім сататын фирмалардың маркетингтік қызметтері мен жарнамаларында негізгі роль атқарады.
Көпшілікке ілесу әсері нарықтық сұранысты бағаға икемдеу жасайды және фирмалардың баға белгілеу стратегиясына әсер етеді. Көпшілікке ілесу әсерінің тағы бір себебі бар. Тауарды тұтынатын адамдардың саны өскен сайын оның құндылығы әрбір адам үшін өсе бастайды. Мысалы, егер е-mаіl немесе электронды пошта, ұялы телефон сияқты ақпарат жүйелері бір адамда ғана болса, олардың құндылығы өте төмен болар еді. Осы ақпарат жүйелерін қолданатын адамдардың саны өскен сайын олардың құндылығы әрбір адам үшін арта түседі. Сондықтан осындай тауарлар мен қызметтерге сұраныс көбейеді.
Теріс жүйелі сыртқы әсерге өзін-өзі жоғары ұстау (сноб) әсерін жатқызуға болады. Кейбір адамдар өте ерекше, сирек кездесетін немесе эксклюзивті тауарларға құмар болады. Атақты суретшілердің жұмыстары, өте қымбат және арнайы тапсырмамен орындалған заттар, киімдер сноб тауарларына жатады. Осы тауарларды түтынатын адамдардың саны аз болғаң сайын олардың құндылықтары өседі де сұраныс мөлщері көбейеді және керісінше.
Өзін-өзі жоғары ұстау (сноб) әсері нарықтық сұранысты икемсіздеу жасайды және бағаны көтеруге мүмкіндік береді. Көптеген фирмалар арнайы жарнама мен маркетингтік әдістерін қолдана отырып өзін-өзі жоғары ұстау (сноб) әсерін туғызуға тырысады. Фирмалардың шешім қабылдауында нарықтық сұраныстың бағаға, табысқа және басқа тауарлардың бағасына икемділігін білудің де маңызы өте зор.
Сұраныстың бағаға икемділігі (СБИ) - ол сұраныс қисығының бойымен тауар бағасының бір пайыздық өзгерісіне байланысты, сұраныс мөлшерінін пайыздық өзгерісінің көрсеткіші (басқа факторлар тұрақты болса).
Нарықтық сұраныс қисығының бойындағы нүктелерге сәйкес келетін сандық көрсеткіштерді қолдана отырып сұраныстың баға икемділігінің коэффициентін (көрсеткішін) төмендегі формуланың көмегімен есептеуге болады:
Еd = (∆ Qd/Qd)(100%)/(∆Р/Р)(100%),
мұндағы Qd - сұраныс қисығының бойымен өлшенетін сұраныс мөлшері, Р - тауар бағасы, ∆ - өзгерісті көрсететін белгі.
Мысалы, өткен айда бір данасы 100 теңгеден 2000 дана тауар сатылды. Осы айда басқа факторлар тұрақты болғанымен, тауардың бағасын сатушы 101 теңгеге көтерді деген жорамал жасаймыз. Соның нәтижесінде сатылған тауар саны 1990 данаға азайды. Осы көрсеткіштерді қолдана отырып баға мен сұраныс мөлшерінің пайыздық өзгерісін анықтаймыз.
Бағаның пайыздық өзгерісі:
[∆Р/Р](100%)=[1тенге/100тенге]( 100%)=0,01 (100%)=1 %.
Сұраныс мөлшерінің пайыздық өзгерісі:
[∆Qd1/Qd](100%)=[-10/2000](100%)= -0,005(100%)= -0,5.
Сонымен, сұраныс мөлшерінің бағаға икемділігі:
Еd = (∆ Qd/Qd)(100%)/(∆Р/Р)(100%)= -0,5%/1% = - 0,5.
Сұраныстың бағаға икемділігі үнемі теріс сан болады. Себебі, сұраныс заңы баға мен сұраныс мөлшерінің арасындағы кері байланысты көрсетеді.
СБИ мөлшері 0-ден шексіз мөлшерге дейін жалғасады. Егер сұраныстың бағаға икемділігінің коэффиценті 0-ден 1-ге дейін болса, онда сұранысты икемсіз дейміз, 1-ден шексіз мөлшерге дейін болса, сұраныс бағаға икемді. Ал ол 1-ге тең болса, онда сұраныстың икемділігі бірге тең дейді. Оны төмендегі кестенің көмегімен көрсетеміз.
2.2.1. кесте. Сұраныстың баға икемділігінің өзгеру шекарасы:
Ed-нің сандық мәні Ed-нің абсолютті мәні Сұраныс мөлшерінің бағаға икемділігі Сұраныс
-1
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: курстык жумыс Қазақстан Республикасындағы сұранысты қаржы бойынша пайдаланудың сипаттамасы курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар экономика жобалар курстық жұмыстар