Қазақ тілі | Қазақ тілі-егемен Қазақстанның мемлекеттік тілі
Мазмұны
Кіріспе. Қазақ тілі-егемен Қазақстанның мемлекеттік тілі ..............3
Негізгі бөлім. 1.1. Тілдерді қолдану мен дамутудың мемлекеттік
Мақсаттары мен міндеттері ..................................5
1.2. Мемлекеттік тілдің бүгінгі таңдағы жай-күйін талдау .....................9
1.3. Жастар арасындағы білім беру және оқыту салаларында тілдік даму....11
Қорытынды. ...............................................................................22
Пайдаланылған әдебиет тізім. .................................................26
Кіріспе.
Мемлекетіміз тәуелсіздік алып, жеке еге¬мен ел болғалы он бес жылды еңсеріп қал¬дық. Тарихтың көне көзімен қарасақ, аса көп уақыт та емес, дегенмен де ел болып еңсе көтер¬ген халық үшін аз да саналмайды. Аз ғана уақыт – 15 жыл өз тезінен көп дүниені өткізіп, өзгертті. Қазақ халқының қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлы өз заманында былай деген екен: “Тіл байлығы елдің елдігін, жұрт¬шылы¬ғын, ғылыми әдебиетін, өнеркә¬сі¬бін, мәдениетін, қоғамдық құрылысын, салт-санасының, жауынгерлік дәс¬түрі¬нің, мұрасының қай дәрежеде еке¬нін көрсететін сөзсіз дәлелі, мөл¬шері”. Яғни, қоғамның дамып өз¬ге¬руі, мәдениетінің өркендеуі тіл дең-гейімен таразыланады. Сондықтан да біз тілге баса назар аударуымыз қажет.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев бір сөзінде: “Қазақ қазақпен қазақ тілінде сөйлессін” деп атап көрсетіп еді. Шынымен де, қазақ пен қазақтың, әке мен баланың, әріптестердің жұмыста қазақ тілінде сөйлес¬пеуі көңілге қонымсыз-ақ жайт.
Бірақ қазақ тілі – тек қазақ халқының тілі емес, мемлекеттік тіл – ортақ тіліміз, Қазақ¬станда тұратын, оны Отаным деп қабыл¬дайтын, өзін Қазақстанның патриотымын деп есептейтін азаматтардың тілі. Сондықтан Пре¬зидентіміздің Қазақстан халықтары Ас¬сам-блеясындағы айтқан сөзі бәрімізге қатыс¬ты. Тіліміздің мәртебесін көтеру, оны дамыту, сөйлей алмайтын азаматтарымызды оқыту – бұл да бәрімізге ортақ мәселелер.
Қазіргі кезде қазақ тілінің мәртебесін көтеру мен қолдану аясын кеңейту мақсатын¬да билік тарапынан тиісті шаралар қабылда¬нып жатыр, қазақ тілін меңгеру үшін барынша жағдай жасалуда. Алайда менің ойымша, тілді меңгеру үшін біріншіден, адамның тілді үй¬ре-немін деген ниеті болуы керек. Қандай тіл бол¬ма¬сын, адамның өзі сол тілдің қажеттілігін тү¬сін¬бесе, оған ат басындай алтын беріп оқытсаңыз да пайдасы бо¬лмай¬ды. Екіншіден, ұстаздың тілді оқытамын, мінсіз үйретемін деген шын ықыласы болуы керек. Үшіншіден, тілді меңгеру кезінде тілдік ортаның болуы да өте маңызды. Бұл үйренген тіліңді ұмытып қалмауға, іс жүзінде қолдануға мүмкіндік береді.
Жеке тұлға үшін басқа тілді меңгерудің пайдасы орасан зор. Ең алдымен тілді оқыған кезде адамның дүниетанымы кеңейеді, басқа тілді оқып-үйрену арқылы өзге халықтың мәдениетін, салт-дәстүрін біледі. Пифа¬гор¬дың: “Кез келген халық¬тың мінез-құлқын танып білу үшін ең алдымен тілін меңгеруге тырыс”, – деген ұлағатты сөзі бар.
Сондай-ақ басқа ұлттың тілін меңгеру арқылы ділін біліп, жақсы дүниелерін өз бойыңа сіңіріп, көңіліне тоқып, санаңа ұялатасың. Қазақтармен тығыз қарым-қатынастың нәтижесінде даласындай дархан қонақжайлық пен кеңпейілдікті, немістерден ұқыптылық пен тиянақтылықты, чешен жұртынан уәдеге беріктік пен намысқойлықты үлгі етіп, үйренуге болады.
Тіл – ұлттың ұлт екенін көрсететін ең негізгі белгі. Әрі онымен сол ұлттың психологиясы өзіндік дүниетанымы, салт-дәстүрі тығыз байланысты. Әрбір тіл – тұнып тұрған мәдениет, мөлдіреген рухани бастау. Ішсең мейірімің қанады, сөйлесең рухың көтеріледі, абыройың асады. Ендеше, мемлекеттік мәртебеге ие қазақ тілі тек қазақ халқының ғана емес, тәуелсіз елдің ақ тілеулі тірегі болып отырған қазақстандықтардың тілі. Біз осыны ұмытпасақ екен. Мемлекеттік тілді білу арқылы өзгені емес, өзіңді құрметтегенің екенін естен шығармағанымыз жөн.
Әрбір мемлекеттің мемле¬кет¬тік тілі болуы тиіс және де бұл айдай ақиқат. Тілдің ең алдымен қажеттілігін, өміршең¬дігін қа¬лып-тастырудың орны бөлек. Мемлекеттік тіл – қазақ тілін барлық қазақстандық¬тардың жетік меңгеруі бір күн¬дік жұмыс емес, ол – бірқатар уақытты талап етеді. Олай дейтінім, біздің мемлекетіміз өте жас, көптеген маңызы бар мәселелерді іске асыруға құлшыныспен бірге, мол дайындық та қажет.
Жасыратыны жоқ, кезінде Кеңес үкіметі билік құрған заманда қазіргі ТМД елдеріндегі сияқты қазақ тілінің де аясы тым тар болды. Құптарлығы, мемлекет тәуелсіздікке ие болғаннан кейін ғана тілге деген көзқарас өзгерді, қамқорлық молайды. Ел тағдыры – тілінде, оны көркейту, дамыту күн тәртібінде тұрған шұғыл мәселелердің бірі. Әйтсе де оны өзге ұлт өкілдері жақсы білуі, жетік меңгеруі үшін уақыт қажет.
Қазақ тіліне деген ынта-ықы¬ласты бала бақшадан, мектептен қо묬ға алып, жоғары оқу орын¬да¬рын¬да одан әрі жалғастырған жөн. Оған қоса ең маңыздысы – оқы¬ту¬¬шылардың білімі, тәжірибесі мол бо-луының мәні зор. Респуб¬лика кө¬леміндегі мемлекеттік тілді үй¬ре¬тетін курстардың ақысыз, те¬гін болуы – басты талаптардың бі¬рі десем, артық айтқандық емес. Өйт¬кені, қалтасынан қомақты қар¬жы төлеп, тіл үйренуге көп адамның жағдайы келмеуі әбден мүмкін.
Барлық қазақстандықтар түгел¬дей мемлекеттік тілде түсі¬нісе алатындай дәрежеге жету – түпкі мақсат болса, қолдағы бар мүмкіндікті пайдалану да қоз¬ғау¬шы күштің бірі болып есепте¬лін¬бек. Сондай-ақ методикалық оқу құралдарының сапалық деңгейін көтеріп, мазмұндылығын терең¬детпесе, іс ешқашан алға бас¬пай¬ды. Әрине, талап қойылғаны жөн, әйтсе де мемлекеттік маңызды шарада – асыра сілтеушілікке жол берілмеуі тиіс. Сонда ғана қа¬зақ қазақпен ғана емес, респуб¬ликаның барлық тұрғындары бір-бірімен мемлекеттік ортақ тілде сөйлесе алады. Ғалымдардың тұжырымдауынша, әуезді де әсем, шебер де шешен қазақ тілі өзінің байлығы мен көркемдігі жағынан әлем тілдері арасында алғашқы орындардың бірін алатын көрінеді. Әлемдегі бес мыңнан астам тілдің арасында жоғары бағаланатын тілдің,қазақ тілінің бүгінгі тағдыры көпшіліктің алаңдаушылығын туғызуы орынды. Ырыс алды – ынтымақта. Тату-тәтті өмір сүру үшін – өзің тіршілік етіп отырған елдің туған тілін, мемлекеттік тілді игеру ең негізгі парыз.
Мемлекеттік тілді дамыту үшін – оған деген қа¬жет¬тілікті, қолайлы ортаны құру, сол тілдің айды¬нын¬да еркін жүзу керек. Қазақ халқының әдет-ғұрпы, дәстүрі мен тарихының сақталуы, түптеп келгенде ха-лық тағдырының өміршеңдігі де сол тілге тәуелді. Тіл өлсе – халық та өледі. Жасыратыны жоқ, қазір біз¬дің жастар ағылшын тілін тез үйреніп жатыр. Мұн¬дай шапшаңдықтың себебі неде десек, сол тілді үй¬ре¬тудегі озық тәжірибеде екен. Ағылшын тілін үй¬рену¬шілерге көмекке – техника, компьютер, өзге де насихат құралдары көптеп келуде.
Мемлекеттік тіл – қазақ тіліне де сондай озық тәжірибе, әдіс-тәсілдерді кеңінен пайдаланған жөн. Сондықтан теледидар арнала-рында хабар не көркем фильм қай тілде жүрмесін міндетті түрде қазақ тілінде жүгіртпе жолдарды пайдаланудың көмегі өте ауқымды, ықпалдылығы мол.
2.1. Қазақстан Республикасының Конституциясымен бекiтiлген және "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" заңда көрiнiс тапқан, республикада лингвистикалық өрiстi қалыптастырудың функционалдық принциптерiне сәйкес сараланған айқындама негiзiнде тiл құрылысын үш бағытта: мемлекеттiк тiлдiң әлеуметтiк-коммуникативтiк қызметiн кеңейту мен нығайту; орыс тiлiнiң жалпы мәдени қызметiн сақтау; Қазақстан халықтарының басқа тiлдерiн дамыту бойынша жүзеге асыру орынды болмақ. Айқындаманың саралануы функционалдық-лингвистикалық топтардың әрқайсысының алдында тұрған мiндеттердiң айырмашылығын көрсетумен дұрыс болып табылады. Сонымен, қазақ тiлiн дамыту бағыты оның мемлекеттiк мәртебесiн iске асыру қажеттiгiмен айқындалады; орыс тiлiнiң қолданылуын қамтамасыз ету қызметiнiң басты бағыты оның мемлекеттiк ұйымдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында қазақ тiлiмен қатар ресми қолданылу қызметiн сақтау болып табылады; этникалық топтардың лингвистикалық сұраныстарын қанағаттандыру, ана тiлiн әркiмнiң пайдалануға қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тiлiн еркiн таңдап алуға конституциялық құқығын iске асыруға, Қазақстан халықтарының тiлдерiн оқып үйрену мен дамыту үшiн жағдай жасауды талап етедi.
Мемлекеттiк тiлдiң әлеуметтiк-коммуникативтiк қызметiн кеңейту мен нығайту мақсатында қол жеткiзу өз кезегiнде мына мiндеттердi шешудi талап етедi:
1) Мемлекеттік тілдің мемлекеттік басқару тілі ретінде қолданылуын қамтамасыз ету:нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру;
мемлекеттiк қызметкерлердiң мемлекеттiк тiлдi қызметтiк міндеттерін орындауға қажеттi деңгейде меңгеру үшiн шаралар қолдану;
мемлекеттiк органдар жүйесiнде мемлекеттiк тiлдiң іскерлiк қарым-қатынастың негiзгi тiлi ретiнде қолданылуын қамтамасыз ету;
мемлекеттiк органдарда актiлердi әзiрлеу мен қабылдауда негiзгi тiл ретiнде мемлекеттiк тiлдiң қолданылуын қамтамасыз ету;
сот ісiн жүргiзудi, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы іс жүргізуді заңнамаларға сәйкес қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, сондай-ақ әскери және әскерилендiрiлген құралымдардың барлық түрiнде мемлекеттiк тiлдiң қолданылуы үшiн шараларды қамтамасыз ету;
іс жүргiзудi мемлекеттiк тiлге көшiрудiң кестесiн (нақты мерзiмдер мен iс-шараларды көрсете отырып) белгiлеу арқылы барлық мемлекеттiк ұйымдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында іс жүргiзудiң негізгі тiлi ретiнде мемлекеттiк тiлдiң қолданылуын қамтамасыз ету;
халықаралық қызметте мемлекеттiк тiлдiң қолданылуын қамтамасыз ету;
2) Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттiк тiлдi меңгеруi үшін жағдай жасау:
Қазақстан Республикасы Конституциясының 7 және 93-баптарын iске асыру мақсатында мемлекет көлемiнде республикалық және жергiлiктi бюджеттің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiмен тыйым салынбаған басқа да көздерi есебiнен азаматтарға мемлекеттiк тiлдi тегін оқыту курстарының бiрыңғай жүйесiн жасау;
ғылым, мәдениет, бiлiм беру, денсаулық сақтау және халыққа қызмет көрсету салалары қызметкерлерiнiң мемлекеттiк тiлдi тиiстi деңгейде меңгеруі үшін құқықтық, ұйымдық шараларын және материалдық-техникалық жағдай жасалуын қамтамасыз ету;
меншік нысанына қарамастан барлық үлгiдегi мектеп жасына дейінгі мекемелердiң, жалпы бiлiм беретiн мектептердiң, орта арнаулы және жоғары оқу орындарының тәрбиеленушiлерi мен оқушыларының мемлекеттік тiлдi меңгеру саласындағы бiлiмi мен бiлiктерiнiң барынша жоғары деңгейге жетуiн қамтамасыз ету;
3) ғылыми-лингвистикалық зерттеулер мен олардың нәтижелерiн нақты іске асыруды жеделдетудi жүзеге асыру жолымен қазiргi қазақ әдеби тiлiнiң нормаларын бiрыңғайлауды қамтамасыз ету:
қазiргi қазақ әдеби тiлiнiң сөзжасам процестерiнiң, оның iшiнде терминжасам принциптерiн ғылыми негізде жүйеге келтiру, қазақ тілінің толыққанды терминологиялық жүйесiн енгiзу;
қазiргi қазақ тiлiнiң тiлге ортақ әдеби нормаларын жүйеге келтiру;
қазақ тiлiнiң фонологиялық ерекшелiктерiн ескере отырып, қазақ әлiпбиi мен орфографиясын жетiлдiру жөнiнде шаралар қолдану;
ономастика мәселелерiн ғылыми тұрғыдан қамтамасыз ету;
4) мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары саласында мемлекеттiк тiлдiң қолданылуын қамтамасыз ету:
кино- және бейнеөнiмдердi, оның iшiнде анимациялық фильмдердi (аударма жұмыстарын қоса алғанда) мемлекеттiк тiлде шығару мен тарату (телеарналардан көрсету) шараларының жүйесiн ұйымдастыру;
мәдениет, ғылым, көркем әдебиет пен өнердiң әртүрлi саласында мемлекеттiк тiлде баспа өнiмдерiн шығаруды қамтамасыз ету.Тiлдердi дамытуды құқықтық қамтамасыз етудегi маңызды мiндеттердiң бiрi қызметi тiкелей әлеуметтiк коммуникация барысында iске асатын қоғамдық өмiрдiң бiрқатар салаларының қызметкерлерi үшiн мемлекеттiк тiлдi меңгеруге қатысты бөлiгiн әзiрлеу мен талаптарын нормативтiк тұрғыдан бекiту болып табылады. Бұл ең алдымен, мемлекеттiк қызмет, денсаулық сақтау, бiлiм беру, ғылым, мәдениет, халыққа қызмет көрсету, көлiк, байланыс салалары. Осыған байланысты мемлекеттiк тiлдi белгiлi бiр көлемде және бiлiктiлiк талаптарына сай білудi қажет ететiн кәсiптер, мамандықтар мен лауазымдар тiзбесi (бұдан әрi - Тiзбе) заңмен айқындалуға тиiс. Аталған Тiзбе "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының үшiншi бөлiгiне сәйкес Қазақстан Республикасы заңдарымен белгiленедi. Жекелеген кәсiптерге, мамандықтар мен лауазымдарға қатысты нормативтiк талаптардың күшiне ену уақыты саралануға тиiс. Осылайша, мемлекеттiк тiлдi меңгеру бөлiгiнде талаптардың күшіне ену процесi жекелеген лауазымдар үшiн кезең-кезеңiмен жүргiзiледi, мұның өзi қажеттi бейiмделу кеңiстiгiн жасауға мүмкiндiк бередi. Оның үстiне, Тізбені түзу процесi жаңа кәсiптердiң, мамандықтар мен лауазымдардың бiртiндеп қосылуын көздеуi қажет.
Тiлдi дамытудың ынталандыру сипатындағы қосымша шаралармен нығайтылмаған қасаң әкiмшiлiк әдiстерiнiң жеткiлiктi түрде тиiмдi бола бермейтінін практика көрсетiп отыр. Сондықтан бұйрық мәндi шаралармен қатар ынталандыру әдiстерiн де кеңiнен енгiзу қажет. Өз жұмысында мемлекеттiк тiлдi қолданатын мемлекеттiк органдар, ұйымдар мен мекемелер қызметкерлерiн материалдық ынталандыру жөнiндегi шаралардың тиiмдi жасау үшiн құқықтық негiздер әзiрлеу қажет. Аталған мәселенi шешу мемлекеттiк тiлдi меңгеру үшiн неғәрлым пәрмендi тетiктердiң бiрi болуға тиiс.
Сонымен қатар, тiл заңдарының бәзылуына кiнәлi тұлғаларды жауапқа тарту туралы мәселе іс жүзiнде шешудi талап етедi. Оның негiзгi ережелерiн бұзғаны үшiн пәрмендi санкциялар жүйесiн әзiрлеу қажет.
Тiл саласындағы қатынастарды реттеушi заңдарды одан әрi жетiлдiру тiл құрылысының өзектi талаптарына негiзделуi қажет. Бұл мемлекеттiк ұйымдарда аудармашылық қызметтi реттеудiң құқықтық тетiктерiн әзiрлеудi талап етедi. Мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi нормативтiк құқықтық актiлер мәтiндерiнiң дәлме-дәл сәйкестiгi мен оларды ресми практикада қолдану тәртiбi туралы мәселе де нормативтiк реттеудi қажет етедi. Қабылданатын нормативтiк құқықтық актілердiң тiл туралы заңдардың талаптарына сәйкес келуiне назар аударған жөн. Тiл - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарында
Мемлекеттiк тiлдiң мемлекеттiк органдар жүйесiнде қолданылу аясын одан әрi кеңейту кадрлардың тиiстi тiл даярлығын талап етедi, ол уақыт өте келе бiлiктiлiк талаптары мен қызметтiк мiндеттерiне қарамастан мемлекеттiк қызметшiлердiң күллi санаттары үшiн мiндетті болуға тиiс. Осы мақсатта мемлекеттiк қызметшiлер үшiн бiрыңғай оқу-әдiстемелiк бағдарламаға негiзделген оқыту курстарының орталықтандырылған жүйесiн жасау қажет. Мәндай курстарды түзуде Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң жанындағы Республикалық мемлекеттiк тiлдi жеделдетiп оқыту орталығы базалық ұйым бола алады. Сонымен бiр мезгiлде арнаулы кестеге сәйкес мемлекеттiк қызметкерлердiң әрбiр санаты үшiн мемлекеттiк тiлдi белгiлi бiр көлемде меңгеру бөлiгiндегi мiндеттi талаптарды әзiрлеу керек. Осы кесте мемлекеттiк тiлдi оқыту курстарының жұмыс бағдарламаларының, аталған талаптардың қызметкерлердiң ағымдағы лингвистикалық даярлығының деңгейiмен сай болуы үшiн сәйкестендiрiлуге тиiс.
Құжат мәтіндерiн мемлекеттiк тiлде даярлаудың орнына оларды ресми қолданылатын тiлден аударудың кең тараған тәжірибесiнiң мемлекеттік органдар жұмысында одан әрi беки түскен үрдiсi белең алып барады. Соған қарамай, ол тек уақытша шара ретiнде ғана қарастырылуға тиіс. Сондықтан мемлекеттiк органдарда құжаттамаларды тiкелей мемлекеттік тілде жасауға кезең-кезеңiмен көшудi орталықтан бекiтiлген ұзақ мерзiмдiк жоспарға сәйкес нақты жүзеге асыру керек. Бұл ретте мемлекеттік тiлдiң тек iс қағаздарын жүргiзу саласында ғана емес, мемлекеттік органдар актiлерiн әзiрлеу мен қабылдау саласында да қолданылу мәселесiне назар аударған жөн.
Мемлекеттiк тiлдiң республиканың Қарулы Күштерiнде қолданылу мәселесін атап айту айрықша қажет. Тарихи қалыптасқан жағдайларға орай аталған салада мемлекеттiк тiлдiң қолданылуы "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" Заңның 12-бабының талаптарына толық жауап бермейдi. Ал елiмiздiң Қарулы Күштерiнде оның толыққанды қолданылуы Ұлттық қауiпсiздiктi нығайту мәселесi де болып табылады. Сондықтан офицерлiк және сержанттық-сарбаздық құрамның мемлекеттiк тілді меңгеруiнiң мiндеттi талаптарын белгiлеу қажет. Аталған талаптардың табысты іске асуы үшiн ерекше бағдарлама бойынша арнаулы жоспарға сәйкес әскери қызметiн өтеу орындарында мемлекеттiк тiлдi тұрақты оқытуды ұйымдастыру қажет.
Мемлекеттiк егемендiктiң аса маңызды атрибуттарының бiрi ретiнде мемлекеттік тiл елдiң халықаралық қызметiнде лайықты көрiнiс табуы керек. Ресми халықаралық кездесулер мемлекеттiк тiлде жүргiзiлуге тиiс.
2.2. 1997 жылы "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" заң қабылданған сәттен берi және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 5 қазандағы N 4106 Жарлығымен бекiтiлген Тiлдердi қолдану мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын 1998-2000 жылдар аралығында iске асыру барысында қоғамдық өмiрдiң барлық негiзгi салаларында тiл құрылысы процестерiнiң одан әрi кеңеюi мен тереңдеуi үшiн алғышарттар жасалды. Бұл мемлекеттiк органдар, ұйымдар мен тұтас қоғамның үйлестiрген, мақсатты күш-жiгерінің нәтижесi болды.
Қазiргi уақытта елде тiлдер қолданысының дамуын табысты iске асырудың құқықтық негiздерi қалыптасты. Тіл құрылысының үрдiстерi қоғамда түсіністік пен қолдау тауып отыр.
Мемлекеттiк органдар жүйесінде мемлекеттiк тiлдi талап етiлуінің арту үрдiсi байқалуда. Бұл орайда қазақ халқы басым тұратын аймақтарда бiршама айтарлықтай нәтижелерге қол жеттi. Бұл, ең алдымен, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Оңтүстiк Қазақстан облыстарына тән.
Қазақстанның Солтүстiк, Орталық және Шығыс облыстарында да мемлекеттiк тiлдi дамыту бағытында белгiлi бiр деңгейде жұмыс жүргiзiлуде. Орталық атқарушы органдардың мемлекеттiк тiлдi қолдану аясын кеңейтуге бағытталған нысаналы жұмыстарының .......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: курстык жумыс Қазақ тілі-егемен Қазақстанның мемлекеттік тілі курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар қазақ тілі жобалар курстық жұмыстар