Экономика | Жұмыс күші миграциясының халықаралық реттелуі
Мазмұны
Кіріспе ..............................3
1. Жұмыс күші миграциясының теориялық негіздері
Еңбек миграциясының түсінігі мен түрлері ............................................4
Жұмыс күші миграциясының теориялары ..............................................6
Жұмыс күшінің халықаралық миграциясындағы еңбек рыногының орны .............................8
2. Қазіргі кездегі жұмысшы күшінің миграциялық тартылуы және негізгі орталықтары мен ауқымы
Донор ел үшін эмиграциялық экономикалық салдары ..........................13
Жоғары маманданған қызметкерлердің еңбек миграциясының келешегі мен тенденциялары ............16
Импортер елдер үшін жұмысша күші миграциясының экономикалық салдары .................19
3. Жұмыс күші миграциясының халықаралық реттелуі
Миграция процестерін реттеудегі халықаралық ұйымдардың іс-әрекеті...........................26
Қазақстан Республикасындағы жұмысшы күші миграциясының мәселелері ...................27
Қазақстанның көші-қон саясаты .............................................................30
Қорытынды ...................................................................................................32
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ..............................................................33
Кіріспе
Соңғы 50 жылдықтағы әлемдік шаруашылықтың үдерісі халықаралық экономикалық қатынастардың серпінді дамуымен тыңыз байланысты. Әлемдік шаруашылыққа әсер етіп оны түбегейлі өзгертетін басты үдерістер, әлемдік шаруашылық пен капиталдың, қоғам мен адамдардың тіршіліктерінің негізгі түрлерінің интернационалдануы және ғаламдануы.
Қазақтан Республикасында нарықтық экономика даму жолында көптеген қиыншылықтарды бастан өткізіп, кейбіреуін жеңе білуде, кейбіреуінің салдары әлі білінуде. Еліміз нарықтық экономикалық амал тәсілдеріне бейімделіп, өте тиімді шешіммен, кәсіпқойлық іскерлікпен әртүрлі мәселелерді шешіп, дамыған елдердің қатарына қосылу мәселесі тұр. Бұл дегеніміз - ел азаматтарының әл-ауқатын артырып, әлеуметтік экономикалық экономикалық жағдайын жақсарту, әлем таныған өркениетті ел болуымыз керек. Қазір Қазақстан әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруіне барлық шарттары бар. Қазақстан Республикасының Президенті үстіміздегі жылдың 1 наурызындағы Халыққа Жолдауында осы мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін стратегиялық басымдылықтарын атап көрсетті. Бұл міндетті орындау үшін және шикізаттық бағытан арылу үшін, елімізде 2015 жылға дейінгі «Индустриялық инновациялық даму стратегиясы» бағдарламасы әзірленді.
Сонымен, курстық жұмыстың мақсаты - әлемдік еңбек рыногы және халықаралық жұмыс күші миграциясының теориялық және әдістемелік негіздеріне сүйене отырып, яғни халықаралық жұмыс күші нарығының тиімділігін арттыру жолдарын іздестіру болып табылады. Осы мақсатқа сәйкес курстық жұмыста келесідей сұрақтарға беруді қарастырып отырмыз:
- бұл курстық жұмыста ең алдымен Еңбек рыногы және Халықаралық жұмыс күші миграциясының мәні мен маңызын түсіну, оның құрылымы, оларды жүзеге асырудың тетіктері қарастырылған;
- жұмыс күші миграциясының теорияларын анықтау;
- жұмыс күшінің халықаралық миграциясындағы еңбек рыногының орны;
- миграциялық саясатты анықтау;
- миграциялық тартылудың негізгі орталықтары мен ауқымын;
- жоғары маманданған қызметкерлердің еңбек миграциясының келешегі мен тенденцияларын;
- қазақстан көші-қон саясатын;
- Қазақстан Республикасындағы жұмысшы күші миграциясының мәселелерін анықтау сияқты экономикалық ынтымақтастық мәселелері талданған.
Халықаралық экономикалық қатынастың әрбір мәселесі Қазақстан экономикасының әлемдік экономикалық қоғамдастықтағы орны, ролі және онымен ынтымақтасу мүмкіндіктері тұрғысынан зерттелген.
1. ЖҰМЫС КҮШІ МИГРАЦИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 . Еңбек миграциясының түсінігі мен түрлері
Еңбек миграциясы - адамзаттын өмір сүруі сияқты көне құбылыс. Тарихымыздың басында әскери жаулау сипатында болған халықтардың көшіп-қонуы байқалған. Миграция тарихы адамдардың жаппай көшуінін әр түрлі түрлерін енгізді. Алғашқы қауымдық құрылыста бос жерлерге көшіп-кону, ең алдымен, өмір сүруге қажетті заттарды табу, оның ішінде мал бағу, аңшылыққа негізделген еді. Жер өңдеудің дамуы да адамдарды құнарлы, ауылшаруашылыққа жарамды жерлерді іздестіруге мәжбүр еткен.
Кұл иеленушілік және феодалдық құрылыс кезінде территориялық қозғалыстар шектелген ауқымда болды. Ол өндірушінің жеке тәуелді болуына байланысты болды. Соған қарамастан, құлдар еңбегі мен қүлдар саудасы, мысалға Америкаға құлдық плантациялық шаруашылық үшін жеткілікті жұмыс күшін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Капиталистік құрылысқа дейін кеңістіктегі еңбек мобильдігі әр түрлі формалар - отарлау, құл саудасы – арқылы жүзеге асырылды.
Капитализм жағдайында халықтың территориялық орын ауыстыру сипаты күрт өзгерді. Жұмысты іздеуге байланысты көшіп-қонудың жаңа түрі пайда болды. Капитализм мен нарықтық экономиканың осы жағдайларында экономикалық мәжбүрлікке негізделген жұмысшы күші миграциясы халықаралық деңгейге шығады.
Территориялық мобильдіктің күшеюі, бір жағынан жұмысшының өндіріс құралдарынан бөлініп, заңды еріктілігіне негізделген жұмысшы күшінің тауарға айналуы болса, екінші жағынан капитал қорлану процесі жұмысшы күші қозғалысының объективті себебі болды. Сөйтіп, капитализм кезіндегі өндіргіш күштердің өсуі мен дамуы жұмысшы күшінің миграциясын күшейтуді меңзейді. Капитализм дамуымен миграциялық процестегі жұмысшы күші миграциясы, басқаша айтқанда еңбек миграциясы кең өріс алды.
Капитализм дамуының әр сатысында еңбек миграциясы ұғымына өзіндік түсінік болған.
1880 жылға дейін Батыс Еуропа, Англия, Германия және Швецияның бір бөлігінде ескі имиграция деп аталатын миграция басым болды. Осы кезеңде ірі машина индустриясы дамуына байланысты ағымдағы халықтың тығыздығы, әсіресе аграрлық халық тығыздығы басым болды. Сөйтіп миграциялық ағымдар АҚШ-қа, Австралияға, Канадаға бағытталды.
Жаңа миграция кезеңі американдық өндірістің артта қалған Шығыс және Оңтүстік Еуропадан, Австро-Венгрия, Италия және Россиядан жұмысшыларды әкелуінен басталды.
Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін бүрынғы әлемдік шаруашы-лық байланыстар күрт өзгеріп, ғылыми-техникалық прогресс күш ала бастап, еңбек күші рыногының интернационализациясы жұмысшы күшінің миграция процесіне елеулі өзгерістер әкелді.
Сөйтіп, еңбек миграииясы - бұл еңбекке жарамды халықтың қандай да бір қоғамның экономикалық к.ажеттілігіне айналған, еңбек күшін қажет ететін орындарға байланысты қозғалысы.
Халық миграциясының басты функциясы әр түрлі елдердегі, аудандардағы және елді мекендердегі жұмысшы күшінің түрлі мамандану мен бағытталуының, ұсынысы мен сұранысының сандық және сапалық сәйкестігін қамтамасыз ету болып табылады.
Миграцияны ішкі және сыртқы миграцияға бөледі.
Халықаралық миграцияға иммиграция, эмиграция, рэмиграция, білімділердің кетуі, миграциялық сальдо үғымдары тән.
Иммиграция - жұмысшы күшінің басқа елге, жұмысқа немесе оқуға белгілі мерзімге орналасу мақсатымен келуі немесе жұмысшылар импорты.
Эмиграция - жұмысшы күшінің экспорты, басқаша айтқанда шетелде жұмыс орындарын алу мақсатымен елден кетуі.
Реэмиграция - эмигранттардың Отанына тұрғылықты өмір сүру үшін қайтып келуі (оралмандар).
"Милардың ағымы" - жоғары білімді мамандардың халықаралық қозғалысы.
Миграциялық сальдо - кетіп қалған және келген мигранттар арасындағы айырма. Егер эмиграция иммиграциядан көп болса, миграциялық сальдо теріс болып, елден жұмысшы күшінің кетуі байқалады. Ал егер эмиграция иммиграциядан аз болса, миграциялық сальдо оң болып, елге жұмысшы күшінің келуі байқалады.
Біріккен Ұлттар Ұйымының топтастыруына сәйкес, сыртқы миграцияның төмендегідей түрлері бар:
1. Қайтпайтын - тұрғылықты мекендеуге бағытталған миграция.
Миграцияның бұл түрі белгілі бір жағдайларда АҚШ, Канада,
Австралия, Германия, Израильде рұқсат етілген.
2. Маусымдық- қабылдаушы елде бір жылдан кем уақытқа төлемді жұмыс табу үшін келген, уақытша немесе маусымдық мигранттар болып табылады.
3. Маятникті мигранттарды "фронтальерлер" деп атайды. Жұмысшы-фронтальер-мигранттар күн сайын көрші мемлекетте жұмыс істеу үшін шекарадан өтеді.
4. Амалсыз миграция. Амалсыз миграция экономикалық емес себептерден болса да, ол эмиграция мен иммиграция елдерінің дамуына әсер ететін еңбек ресурстарының қайта бөлінуіне әкеледі.
Соғыстан кейінгі жылдары болған ірі миграциялық ағымдар жаңа мемлекеттік шекаралар орнауы, әлемдік социализм жүйесінің пайда болуы және Отарлық жүйенің күйреуімен байланысты болды.
КСРО, АҚШ, Ұлыбритания арасындағы Потсдам келісіміне сәйкес Германия шекарасы халықтың басым бөлігі ГДР мен ГФР территориясына көшуіне әсер ететіндей өтті. Шығыс Азияда Қытай мен Кореядан Жапонияға 6 млн. адам көшірілді.
Израиль, Вьетнам, Куба, Эфиопия, Ауғаныстанда саяси өзгерістер, басқаша айтқанда әскери агрессия мен азаматтық соғыстар халықтың ірі көшіп-қонуына әсер етті.
XX ғасыр босқындар ғасыры деп аталуда. 1999 жылы әлемде олардың саны 27,4 млн. адамнан асып кетті. (1980-9,6 млн.) Амалсыз миграция көптеген елдерге әсер етіп, әлемдік сипат алды. Амалсыз мигрантгардың басым белігі - 83 пайызы - дамушы елдерде орнықты.
Мигранттардың заңды статусы бойынша, халықаралық миграция ресми және заңсыз болып бөлінеді.
Заңсыз мигранттар - елге жұмыс іздеу барысында, заңды (жеке шақырулар, турист ретіне) немесе зансыз негіздерде келіп, жұмысқа орналасқан адамдәр. Рұқсатсыз орналасқандар заңсыз деп саналады.
Халықаралық миграцияға біркатар заңдылықтар тән:
1.Миграция процесінде басты орынды еңбек миграциясы алады. Мемлекетаралық миграцияда, қазіргі еңбек күші рыногында еңбек детерминантасы басты болып табылады.
2.Халықаралық миграция қоғамның әлеуметтік-экономикалық өмірінде күнделікті құбылыс болды. Бұл процесс қалыпты түрде дамуда. Әлемдік миграция айналымына көптеген елдердің жұмысшылары қатысуда. Сондықтан капитал, тауар рыноюгарымен бірге халықаралық еңбек күші рыногы пайда болып, оның негізгі қозғаушы күші еңбек миграциясының процесі болды.
3.Заңсыз миграцияның кең ұлғаюы байқалуда
4.Мигранттар арасында жоғары маманданғандардың үлесі өсуде.
1.2 Жұмыс күші миграциясының теориялары
Халықаралық еңбек күші миграциясы көптеген ғасырлар бұрын пайда болды, осы уақыт ішінде жұмысшылардың қозғалысын түсіндіретін теориялық негіздерде елеулі өзгерістер болды. Экономистер арасында еңбек күші миграциясы анықтамасында, оны зерттеудің тәсілдерінде біраз қайшылықтар бар.
Бірқатар ғалым-экономистердің пікірінше, халықаралық енбек миграциясы - бұл басқа елдің территориясындағы еңбек іс-әрекетімен байланысты халықтың территориялық қозғалысының барлық түрлерінің жиынтығы. Бұл жерде территориялық халық қозғалысы оның басқа түрлерімен - табиғи және әлеуметтік-қозғалысымен – тығыз байланыстылығы түсіндіріледі.
Зерттеушілердің бір бөлігі миграцияны еңбек рыногында ішкі тепе-теңсіздікті жою әдісі ретінде қарастыруда. Егер елде еңбек күшінің тапшылығы болса, шетел жұмысшы күші тартылады, ал артықшылығы болса, жұмысшыларды шетелге жұмысқа орналастыру ынталандырылады.
Батыс экономикалық әдебиеттерінде еңбек күшінің территориялық қозғалысы экономикалықғылымның дәстүрлі тақырыбы болып табылады.
Белгілі ғалымдар Е.Ли, Р.Харрис, М.Тодаро, М.Тапинос еңбек-терінде миграция донор-елдер мен рецепиент-елдердегі жағдай теңсіздігі салдары немесе осы екі топ елдердің ішкі теңсіздіктер нәтижесі ретінде көрсетілген. Бұл авторлар миграцияның қозғаушы мүдделерін, нақтылап, жекелеген факторлар арасындағы сандық тәуелділігін анықтап және миграция ағымдарының қарқындылығын нақтылауға талаптанды. Көрсетілген авторлар халықаралық миграцияны рецепиент-елдің экономикасына мигранттардың еңбегін пайдаланудың салдары негізінде қарастырды.
А.Льюис пен К.Кандлебергер экономикалық өсу мен шетелдік еңбекті шексіз пайдалану мүмкіндігі арасындағы тікелей байланыс-тылық туралы тұжырымды алға шығарды. Осы теориялық негізде-мелер Екінші Дүниөжүзілік соғыстан кейін ОЭСР елдерінің ресми доктринасының негізіне кірді. Осы доктрина тұрғысынан шетел еңбегін тарту экономикалық есудін ынталандырушы қүралы ретінде қарастырылды.
Неокейнсшілер миграция нәтижесіңце, әсіресе жоғары маманды жұмысшылар эмиграциясы елдің экономикалық жағдайының нашарлануына әкелу мүмкіндігін мойындаған.
Соңғы жылдары миграцияны талдауда негізгі көңіл эконо-микалык, өсудің эндогендік факторы ретіндегі адам капиталының шоғырлануын зерттеуге ауды. Өйткені жинақталған адамзаттық потенциал экономикалық дамудың алғышарты болып табылады. Миграция теориясында бұл тәсіл елдер арасындағы экономикалық өсу қарқынындағы айырмашылықтың бір түсініктемесі болуда.
Осы көзқарасты бірқатар зерттеушілер де үстанып, жұмысшы күшін шеттен тарту экономикалық тоқыраудан қүтқармайтындығын, өйткені шетел жұмысшыларының санын реттеудің бұрынғыдай кең мүмкіндіктері жоқ болмағанымен түсіндіруде. Сондықтан, миграцияны капиталистік экономиканың трансүлттандырудың жалпы заңдылықтарының керінісі ретінде қарастыру крнцепциясы алға тартылды. Шетел еңбегін пайдалану ішкі отарлау терминімен сипаттала бастады. Басты назар мигранттардың алдын ала еңбек рыногының екіншілік сегменті шеңберінде жұмысқа душар болатындығына аударылды. Ол еңбектіц ауыр және зиян жағдайларымен, кәсіби өсу мүмкіндігі жоқтығымен сипатталады.
Айта кететін жағдай, бар концепциялардың біреуі де іс жүзінде дәлелденбей, миграция жолында қабырғалардың және онда есіктердің неліктен болуын түсіндірмеді.
ХХ-ғасырдың 80-90 жылдары неолиберализм тұрғысынан халықаралық миграцияны зерттеу кең тарады1. Бұл жерде миграция адам капиталының қозғалысының моделі ретінде көрсетілді. Бұл концепциянын негізгі қағидасы Дж.Саймонның "Иммиграцияның экономикалық салдары" еңбегінде көрсетілді. АҚШ-ты мысал ретінде ала отырып, Дж.Саймон мынаны дәлелдеді:
Иммигранттар отбасы - инвестиция үшін тиімді объект.
Иммигранттар жанама (сұранысты кеңейту арқылы) және жаңа
бизнесті дамыту арқылы тікелей, жаңа жұмыс орындарын
жасақтауға ықпал етеді.
Иммиграция жалақы мен табыс бөлінудің орта деңгейіне елеулі әсер бермейді. Тек жекелеген жағдайларда белгілі кәсіптік топтар ішіндегі бәсекелестіктің күшеюіне, кейде жалақының төмендеуіне әкеледі. Бәсекелестік кұшеюінен бір мамандық өкілдері ұтылса да, жалпы алғанда, қоғам ұтыста болады.
Халықаралық еңбек миграциясы өндіріс факторларының тиімді пайдалануына әсер етеді.
Донор-елдерде ақша аудару түріндегі мигранттардан тұсетін
валюталық қаржылар оң әсерін береді.
Бірақ, миграцияның жалпы теориясы әлі де толық жасақталған жоқ, ал өндіріс факторлар теориясы миграция құбылысын толық тұсіндіре алмайды. Арзан жұмысшы күші мен жоғары пайда мүмкіндігі, еңбек күші молдылығымен сипатталатын елге капитал тартылу үшін жеткіліксіз.
1.3 Жұмыс күшінің халықаралық миграциясындағы еңбек рыногының орны
Еңбек рыногынсыз әлемдік экономикалық жүйөнің толық іс-әрекет етуі мүмкін емес. Бұл жүйөнің қозғаушы және өзгертуші күштерінің бірі болып еңбек күші миграциясы табылады. Әлемдік еңбек күші рыногы шетел жұмысшы күшінө ұсыныс пен сұраныс механизмі жұмыс істеген жағдайда пайда болады. Сонымен қатар, ұсыныс пен сұраныс абстрактылы емес, жұмысшы күшінің оның пайдалану жеріне қозғалысының нақтылығы арқылы жүзеге асырылады.
Еңбек күші рыногының үш типі болады: жергілікті (аймақтық), ұлттық және халықаралық. Жергілікті (аймақтық) енбек рыноігына мыналар тән:
1.Еңбек ресурстарының бір бөлігінің шетелге кетуі жергілікті
деңгейде өте қатты білінеді. Ол жекелеген кәсіптік-мамандық
топтар, салалар, территорияда білініп, еңбек ресурстарының қүры-
лымдық тапшылығының пайда болуына әкелуі мүмкін.
2.Иммиграция жаңа жұмыс орындарын жасақтауға көмектеседі.
Миграцияның оң және теріс әсері ұлттық еңбек рыногында жақсы байқалады:
1.Еңбек күші миграциясы жергілікті еңбек рыноктарындағы
шиеленісті жоя алады.
2.Сыртқы еңбек миграциясы еңбек күшінің сапалық құрылы-
мының өзгеруіне әсер етеді.
3.Миграция маманданған және маманданбаған жұмысшы күші
тапшылығын жоюдың көзі ретінде табылады. Ұлттық еңбек рыногы-
ның тиімді дамуы тек еңбек күшінің еларалық қозғалысының еркіндік
жағдайында болуы мүмкін;
4.Жоғары білікті мамандардың шетелге "ауып кетуі".
Халықаралық еңбек рыногында:
1.Миграция ұсыныс пен сұраныс механизмінің тәсілі ретінде
көрінеді.
2.Миграция жергілікті рыноктарды мамандық, кәсіп, мамандық
деңгейі бойынша қамтамасыз етеді.
3.Ол үлттық рыноктарда жұмысшы күші санын реттеу функциясын атқарады.
Халықаралық еңбек рынокгарын зертгеу барысында қазіргі уақьпта енбеқ қатынастарының негізгі модельдері айқынданғаны белгілі болды. Ол модельдерге еуропалық (құрлықтық), англосаксондық, скандинавтік, жапондық және тағы басқалары жатады.
Еуропалык (құрылықтық) моделі - жұмысшының қүқықтық қорғалуының жоғарғы деңгейімен, жұмыс орындарын сақтауға бағытталған еңбек қүқығының қатал ережелерімен, салалық тарифтік реттеумен, төлемақының салыстырмалы заңды түрде белгіленген деңгейінің жоғарылығымен және салыстырмалы аз дифференциямен сипатталады.
Кәсіпкерлер өндірісті үлғайтуды қосымша еңбек күші арқылы емес, ендірісте еңбек өнімділігі және өсу қарқынын жоғарылату арқылы жүзеге асыруға тырысады. Тірі еңбектің орнын басудың белсенді процесі салық заңдарымен ынталандырылады. Мысалға жалақы қорына кәсіпкерлердің төлейтін салығын жоғарылату.
Бұл модель еңбек рыногына жастар мен мамандық дәрежесі төмен адамдардың кіруіндегі қиыншылықтар, еңбек төлемінің ынталандырушы ролінің кемуі, экономикалық өсудің баяулауы сияқты себептерге байланысты дағдарыста болған еді.
(Англия, АҚШ, Австралия, Жаңа Зеландия) еңбек және азаматтық құқықтар ұқсастығы, жұмыс берушінің жұмысқа алу мен босату мәселесіндегі еркіндігі, сала мен аймақ деңгейінде емес, кәсіпорын, фирма деңгейінде жеке-дара келісім қатынастардың басым болуы, еңбек күшінің мобильді-лігінің жоғарылауы,' төлемақының жоғары дифференцациясы тән болды.
Бұл модель жаңа жұмыс орындарын жасақтау мен жұмыссыз-дықтың азаюына әсер етеді. Бірақ ол модельде жұмыс істейтін кедейлер атты елеулі топ бар, басқаша айтқанда еңбек табыстары минималды табыс стандартын қамтамасыз етпей, кейде еңбекақы-лары әлеуметтік жәрдемақыдан аз болатын адамдарды айтамыз. Кытайлык модель – мемлекеттік секторда мемлекеттік-социалистік түріндегі еңбек қатынастарын қатаң реттеу мен жеке секторда ерте капиталистік қатынастарға үқсас, ешқандай құқықтық реттеуі жоқ екі сектордан тұрады. Бұл модель еңбек ресурстарының артықшылығы кезінде жұмысшы қозғалысын болдырмайтын индустриализацияның алғашқы сатыларында, авторитар саяси режимде орнықты бола алады.
Скандинавтык модель - көбінесе шведтік деген атаумен белгілі, экономиканың әлеуметтік бағыттылығымен көзге түседі. Ол барлық жұмысшыларды орташа еңбек ақысы бар жұмыспен қамтамасыз етуге негізделген. Еңбек рыногындағы бұл саясат мемлекет көмегіне негізделіп,.....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: курстык жумыс Жұмыс күші миграциясының халықаралық реттелуі курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар экономика жобалар курстық жұмыстар