География | Жезқазған ауданының мысты құмтас кенорындары

 География | Жезқазған ауданының мысты құмтас кенорындары

Мазмұны
Кіріспе
Жезқазған.
Негізгі бөлім
1. Жезқазған ауданындағы мыс кендері.
1.1. Қарсақпай комбинаты.
1.2. Үлкен Жезқазған мыс алабы.
1.3. Үлкен Жезқазғанның болашағы.
2. Жер сілкіну .
2.1. Жер сілкіну түрлері.
2.2. Жер сілкінуінің мөлшерін анықтау.
2.3. Дислокациялық қозғалыстар.
2.4. Тау жыныстарының дизьюнктивтік дислокациялары.
2.5. Тау жыныстарының пликативтік дислокациялары.
Қорытынды
Жезқазғанның кені зерттелуде
Қолданылған әдебиеттер
1. Ә. Нұрмағамбетов
Жер сілкінуі: Болжам және сақтану шаралары.
2. Журнал “ 30 ”
Жезқазған мыс қорыту зауыты.
3. http/ www.referats.ru
4. Энциклопедия
Жезқазған туралы мәлімет.

1. Жезқазған
Кеңестер Одағының мыс кені мол негізгі аудандардың ең бай және мыс қорының ең көп жері Жезқазған. 1935 жылы қаңтардың 1-дегі есеп бойынша Қоңыратта 2140 мың тонна, Дертяркаде 1510 мың тонна мыс қоры болса, Жезқазғанда сол есеп бойынша 3230 мың тонна мыс бар, оның ішінде зерттелген мыс – 1330 мың тонна.
Жезқазғанның бұл толық зерттелген запасы 980 скважинаның мәліметі бойынша есептелген, бір скважинаға 2400 шаршы метрдей жер тура келеді, орташа есеппен рудалы жерден 85-90 процент шамасы руда шығарады. Бұл мәліметтер Жезқазғанда мыс кенінің басқа жерлердегіден мол екенін көрсетеді. Мыс кені мұндай көп болу үстіне Жезқазған кен зерььеу жөнінен де басқа жерлерден анағұрлым пайдалы. Бірінші бесжылдықтың ішінде Жезқазғанда кен зерттеуге жұмсалған шығын, толық зерттелген мыстың әрбір тоннасына болғаны 4 сом 50 тиыннан ғана келеді.
Жезқазған рудасы таза руданың санына қосылады. Жезқазған рудасында қорғасын, мырыш, алтын, күміс өте аз, мышьяк, висмут және басқа мысқа зиянды қосымшалар жоқтың қасы. Мұның арқасында Жезқазған рудасын оншама көп шығын шығармай және оңай айырып, нағыз жақсы қара мыс алуға болады.
Жезқазған рудасы оншама терең де емес, ең терең жері 150 метрге жетеді, руда жер астында қабат-қабат жатады, мұның арқасында бір шахтадан бірнеше қабат руда шығаруға болады. Руда қабатының ұзындығы 1,5 километр, ені жарты километр, қалыңдығы 15-20 метрге дейін жетеді. Мұның арқасында руданы арзанға түсетін механикалық әдістермен шығаруға болады. Кеннің өзі тұрақты және мықты болғандықтан шахталарға тірек қоюдың қажеті болмайды, су аңғарлардың да көп қажеті жоқ; сондықтан, руда арзанға түседі, екінші жағынан кен жұмыстарын мейлінше кеңейтуге мүмкіншілік туады. 1935 жыл қаңтардың 1-не дейін толық зерттелген руданың 40 процентін тек орталық шахтының өзінен шығаруға болады. 30 процентін ашық жұмыс әдісімен шығаруға болады. Орташа есеппен бір тонна руда 3 сом 50 тиынға түседі, бір тонна рудадағы мыс орташа есеппен 1 сом 82 тиынға түседі. Кеңестер Одағындағы мыс шығатын басқа жерлердің бірінде де руда, мыс мұңдай арзанға түспейді.
Жезқазғанның рудасында мыс 1,92 процент, Қоңыратта 1,04 процент, Алмалықта 0,77 процент, Дектяркіде 1,30 процент. Сондықтан 1 тонна қара мыс шығаруға керекті руданың мөлшері Жезқазғанда басқа жерлердікінен анағұрлым кем болады.
Бұл айтылғандардан басқа Жезқазғанның тағы да мынадай артықшылықтары бар: а) Жезқазғанның негізгі өндірсіне керекті шикі металл, отын, құрылыс материалдары жеткілікті, мұның бәрі Жезқазғанның өз ауданынан алынады; ә)Жезқазғанда жеті жылдан бері комбинат (Қарсақпай комбинаты) бар, бұл комбинат жылына 6 мың тонна мыс беріп тұрады, бұл комбинаттың арқасында тәжірибе жасалып руда технологиясының мәселелері толық шешілді. Бұл тәжірибе арқасында флотация жасағанда мыстың шығуын 94 процентке жеткізуге болатыны анықталып отыр. Кеңестер Одағындағы мыс шығатын жерлердің біреуі де мұңдай нәтиже берген емес; б) Жезқазған ауданында жеткілікті қара жұмысшылар бар, Жезқазған комбинатында тәрбиеленген өнерлі қазақ жұмысшылары бар; в) өндіріске керекті су және ауыз су мәселесі қазір негізінде шешіліп отыр. Су жеткізу үшін Жезқазғаннан 25 километр жердегі Кеңгір өзенінің көктемгі суынан пайдаланылмақ.
Жезқазған құрылысына даярлау жұмыстарының аса зор маңызы бар. Бұл жұмыстар: 1) кен зерттеу жұмыстары; 2) ғылыми-зерттеу мәселелері; 3) өндіріске керек су және ауыз су жетістіру мәселесі; 4) кадр мәселесі; 5) жұмысшыларды жабдықтау мәселесі (совхоздар құру мәселесі); 6) транспорт мәселесі; 7) Үлкен Жезқазғанды салуға байланысты барлық жұмыстардың жобаларын жасау мәселесі; 8) Үлкен Жезқазғанның руда базасын даярлауға кірісу мәселесі.
Бұл жұмыстар 1936 жылы жүргізіліп және оның көлемі мынадай болу керек:
1936 жылғы кен зерттеу жұмысының алдына қойылатын міндет мынадай: 1) Жезқазғандағы қазіргі комбинатқа (Қарсақпай комбинаты) мысы көп руда жеткізіп тұру, жеткізгенде мыс кенін ысырап қылушылыққа, бұзушылыққа жол бермеу; 2) кен зертеу жұмысын күшейту; Жезқазғандағы кен шығатын жерлердің маңыздыларын белгілеу, сүйтіп Үлкен Жезқазғандағы алғашқы даярлық жұмыстарға жоба жасауға негіз даярлау; 3) Жезқазған ауданының геологиясын және металлогениясын жалпы зерттеуді онан сайын күшейтіп, басқа кені бар жерлерді зерттеуге даярлық жасау.
Жезқазған ауданындағы мыс кенін зерттеуге байланысты жұмыстардан басқа 1936 жылы құрылыс материалдары шығатын жерелерді толық зерттеу жұмыстарын, сол сияқты бүкіл Жезқазған ауданының кенін, металын кең түрде зерттеуге байланысты жұмыстарды күшейту керек. Сол сияқты Жезқазған рудасының петорграфиясын, минераграфиясын толық зерттеу жұмыстарын алға алып бару керек. Жезқазғанда 1936 жылғы кен зерттеу жұмысына керекті шығын 1200 мың сом шамасы.
1.1. Жезқазған ауданындағы мыс кендері
Қай жұрттың да болсын өмір негізі – ауыл шаруашылығына, ауыл шаруашылық негізі - өндіріс кәсіптеріне байланысты болып отырады. Өндіріс кәсіптерінің түзу жүріп, өркендеу жолдары түрлі шарттарға байланысты. Бұл шарттардың ең негізгісі өндіріске қажет болатын шикізаттардың шамасы мен оларды іске асыру жолдарының бәрі жеңіл, бәрі пайдалы түрде болуы. Шикі-заттардың Қазақстан жеріндегі ең толығы жер астындағы кендер.
Сондықтан, Қазақстанның өндіріс өмірі де келешекте көбінесе осы кен байлықтарына негізделіп отыруы шексіз. Қазақстан жерінен адам баласының керегіне жарататын кендердің бәрі де табылады. Сөйтсе де Қазақстаннан мол табылатын кендер: көмір, мұнай, мыс, қорғасын, темір, күміс, алтын, мырыш және түрлі газдар. Қай кен болсын өзінің шығатын жерінің тума жаратылыста-рына, тарихына байланысты. Қазақстан төңірегіндегі кен ошақтарының жасалу тарихы біркелкі емес. Әрқайсысы белгілі аудандардан ғана табылып отырады. Мысалы, біз Қазақстан жерін арна жоталарының асты мен үстін екі бөлікке айырсақ, таза мысының ең біркелкісі және тас көмір кендері (жаңасы) бір ай-мақта, ал темір далаңқы бөлігінде қалар еді. Мұнай Қазақстанның теңізді ай-мақтарында орналасқан, Оңтүстік және Батыс Қазақстан жерінде ғана табылып отыр. Басқа жерінен мұнай әлі табылған жоқ, бірақ келешекте табылуы мүмкін. Енді күміс, қорғасын, мыс сияқты металды кендерге келсек, олардың көбінесе таулы, адырлы жерлерге үйір болатындығы көрінеді. Металды кендер Қазақстанда Алтай, Тянь-шань, Сарыарқа, Қаратау кен арналарының ішінен ға-на табылып отырады.
Қазақстан жері кен жағынан әлі де толық зерттелген емес. Зерттеу жасалғанда Қазақстан жеріндегі кендердің шамасы мен заттар қазіргіден көп артық болуы мүмкін. Мысалы соңғы жылдардың 1919 жылдан бергі зерттеулерінен Қазақстан жерінде вольфрам, марганец сияқты сирек және бағалы кендер табылып отыр.
Қазақстан кендерін жер ретіне қарай төменгі аудандарға жіктеуге болады:
1) Алтай ауданы – бұл аудандағы кендердің көбі қоғасын мен мырыш, бұлаға: алтын, күміс, мыс кендері де қосалқыланып отырады.
2) Арал, Каспий ауданы – мұндағы байлық мұнай және сынап.
3) Қарқаралы, баянауыл ауданы – мұндағы біркелкі кендер: қорғасын, мыс, мырыш, темір, көмір, қосымша кендер: алтын, күміс, марганец.
4) Ұлытау-Жезқазған ауданы – мұндағы негізгі кен мыс, қосымша кендер ретінде мұнда темір, қорғасын, марганец, күміс, көмір кездеседі.
5) Спасск, Қарағанды ауданы – біркелкі кендер: мыс пен күміс, қосымша кендер: қорғасын мен темір.
6) Көкшетау ауданы – біркелкі кен алтын, қосымша кендер: мыс, көмір, темір.
7) Қаратау, тянь-шань ауданы – біркелкі кен: қоағасын мен мырыш, қосымша мыс, көмір, темір.
8) Қостанай ауданы – азот пен алтын кездеседі.
Бұл аудандардың басқасын кейінге қалдыра тұрып әзірше Ұлытау –
Жезқазған аймағына келейік. Бұл аймаққа жалпы алғанда Ұлытау кендерінің оңтүстік бөктерлеріндегі кен орындары кіреді. Мұндағы кен орындарының ең маңыздысы: Жезқазған кен ошағы.
Атбасар уезінің оңтүстік-батысында, Атбасармен арасы 550 шақырым жер, ең жақыны – темір жол станциясы Жосалы. Онымен арасы 360 шақырым, тұрған жері Ұлытау кенересінің оңтүстік-батыс бөлігіндегі мысты адырлар. Жезқазған кендерін орыстардың бірінші рет ашық түрде 1837 – 1938 жылдарда-ғы Кенесары жорығының кезінде көруі ықтимал.
Мұнан кейін Ушаков дейтін орыстың бір көпесі 1858 жылы Жезқазған кен орындары игеруге патша үкіметіне заябке берген. Заябкелеріндегі кен орындарын маңындағы қазақтардан Ушаков 400 сомға сатып алған. 1891 жылы Жезқазғандағы кен заябкелері Рязанов дейтіннің қолына түскен. Ол 1907 жылы қолындағы заябкелерін 2 жүз 60 мың сомға ағылшындарға сатқан. Сол жылдан бастап ағылшындар Жезқазған кенін зерттеуге кіріседі. Бұл үшін олар ағылшын кен барлаушысы С.Х.Боллды шақырып алғызған. Жезқазған кені туралы ол кісінің өз қолымен жазып кеткен кітапшасы осы күнге дейін кен зерттеушілер-дің қолында дұғалық есебінде сақталып келе жатыр. Боллдың көрсетуімен ағылшындар 1915 жылға дейін Жезқазғанда 234 жерден бұрғы жүргізген, 19 жерден шахта қазған. Бұрғы мен шахталар арқылы Жезқазған кенересінің жал-пы шамасы мен жобалы реттері қазірде аз да болсын ашылып, анықталып отыр.
Жезқазғандағы мыс кендері тұнба затты, қатпарлы құм тастардың ішіне жер астынан қызып шыққан ыстық құймалармен келіп сіңуінен жасалуы керек. Жезқазған ауданы ерте заманда теңіз астында болған. Ол теңіздің қалың тұнба-лары Жезқазғанда қазірде 15 түрлі тас қыртысын жасайды. Бұл тастардың ішін-де ізбес, саз, тақта тас және құмтас бар. Теңіз саяздап, кейін шегіне бастаған дә-уірінде Жезқазған ауданында күшті жер сілкінулер басталған. Осыдан барып жердің түрлі жарықтарынан саңлауы мен қуыстарынан жоғарыға қарай тереңінен балқыған күйінде қызу отты тау жынысиары көтерілген, соңғы тау жыныстарының шығарған легінде мыс құймалары көп болған. Жезқазған ауда-нындағы жер сілкінгенде басқалардан гөрі құмтас қыртыстары көбірек жары-лып, жаншылып отырған. Сондықтан тереңнен көтерілген мыс құймалары да көбінесе осы құмтас қыртыстарына жиі еніп отырған.
Мұндай мыстың булары дарыған құмтастары Жезқазған ауданында 5 қыртыс жасайды. Бір қыртысының қалыңдығы бір кезден гөрі артығырақ. Ала-тын орны мен ені Жезқазған ауданында 4000 шаршы шақырымдай бар. Аудан ішіндегі кен көріністерінің жайғасу түрі біркелкі жатық емес, желді күнгі көл суларының толқыны сияқты иреңдеп, кейде көтеріліп, жоғары шығып, кейде құрып, тереңге түсіп отырады. Тереңге түскен жерлерінде олардың ішінде қазірде түрлі тұнба заттардан құралған қалың жайылым бар. Сондықтан мысты құмтастардың қыртысы жабайы адамның көзіне тау жоғары көтеріліп, жер бетіне шыққан кезде ғана көрінеді.
Мысты құмтастардың осындай жер бетіне шыққан орындарының бірі – Жезқазған. Жезқазғаннан басқа ол аудан ішінде тағы да: Қара шошақ, Жыланды, Тіле-тілер, Әділбек сай, Мыстау дейтін жерлер де жер бетіне шыға-ды. Соңғыларды былай қалдырып, енді Жезқазған ошағының жеке өзіне келсек. Жезқазған ошағының аймағы 104 шақырым, мұның ішінде кендердің қа-зірде көрініп отырған жері 10600 шаршы шақырым. Ағылшындар 1915 жылға дейін бұрғы арқылы бұлардың тек 90 шаршы шақырымын ғана зерттеп көрген. Шахта мен зерттеген жерлері одан да аз. Барлығы 9 шаршы шақырым жер. Бұл зерттеулер арқылы Жезқазғандағы мыс кендерінің мөлшері былай шамаланады.
1. Көрнекті кен – 1 миллион 760 мың таза мыс.
2. Болжаулы кен – 2 миллион 500 мың.
3. Күмәнді кен -42 миллион.
Барлығы: 16 миллион 200 мың пұт таза мыс.
Мұнда көрнекті деп 4 жағы да бірдей шахтамен қазылып көрілген кенді айтады. Болжаулы деп бұрғымен табылатын кенді айтады. Күмәнді кен деп әр-бір табылған қазба кеннің мөлшерін көрші жер қыртысына да таратып өсірген-дегі жасалатын болжам есепті айтады. Мысалы, Жезқазғанның зерттеген 90 шаршы шақырымында тыбылған жиыны 4 миллион 200 мың пұт таза мысты 90-ға бөлсек, әрбір шаршы шақырымның орта есеппен 4087 пұт таза мыс бере-тіндігі білінер еді.
Мұны енді қазірде зерттеусіз тұрған 10 мың 500 пұтқа өсірсек Жезқазған ошағындағы күмәнді кендердің шамасы 42 миллион 913 мың 500 пұт таза мыс болатындығын білер едік. Жоғарғы сандар Жезқазған ошағының мысқа өте бай екендігін көрсетеді. Шамасының молдылығынан басқа Жезқазған кенінің тағы да мынадай қасиеттері бар:
1) Зауыт пешіне балқыту жолдарын жеңілдету үшін кенмен қатар қашан
да темір кені, ізбес сияқты қоспа заттар салынып отырады. Осындай қоспалар-ды бір сөзбен «флюс» дейді. Балқыту жолында қажет болатын осындай флюс-тердің бәрі де Жезқазған аймағында қазір де жақын жерден табылып отыр. Мысалы, темір кені Найзатас, ізбес тас – Бала жезді, Есқұла, Көлденең сай дей-тін жерлерден. Керекті флюстердің алыстан тасылмай жақын айналадан табы-луы Жезқазған ошағының үлкен қасиеттерінің бірі.
2) Зауыт пешіне керек отын да Жезқазған ауданынан табылып отыр: ол
Байқоңыр көмірі. Байқоңырдағы көмірдің шамасы қазірде 120 миллион пұттай деп саналады. Бұл көмір сондықтан Жезқазған кеніне көп заман сенімді отын болуға жарамды.
1.2. Қарсақпай комбинаты
Қазақстандағы ауыр өнеркәсіп орындарының бір күрделісі Қарсақпай мыс комбинаты. Бұл биылғы маусымның 10-ы күні өзінің кеңес үкіметі тұсын-да салына бастағанына 10 жыл толғандығын мерекеледі. Қарсақпай осы 10 жыл ішінде ұлт пролетариатының ұйтқысы бола білді. Бұдан дәл 10 жыл бұрын 1925 жылы маусымның 10-да одақтық маңызды Атбасар түсті металл тресін ұйым-дастыру туралы Одақтық еңбек және қорғау кеңесінің қаулысы болды. Бұған Қарсақпай комбинатын салып бітіріп, пайдалануға міндеті жүктелді. Бұл өнді-ріс орындары бұрынғы әзірде «Атбасар мыс промыселдары» болып аталып келген. Бұлар 1907 жылдан 1919 жылға дейін «Атбасар мыс кендер» деп ата-.......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру