Экономика | Корпорациядағы қаржылық бақылау жоспарлау

 Экономика | Корпорациядағы қаржылық бақылау жоспарлау

Мазмұны

Кіріспе...........................................................................................

I. Корпорациядағы қаржылық жоспарлаудың мазмұны, міндеті, қағидаты, әдісі.........................................................................

1.1. Корпорациядағы қаржылық жоспарлаудың жүйесі.............
1.2. Корпорациядағы қаржылық көрсеткіштер...........................
II. Корпорациядағы қаржылық бақылаудың мәні мен маңызы......................................................................................................

2.1. Корпорациядағы қаржылық бақылаудың сипаттамасы.......

2.2. Корпорациядағы аудиториялық бақылау...........................

2.3. Корпорациядағы қаржылық бақылаудың әдістері...............

Қортынды.......................................................................................

Қолданылған әдебиеттер тізімі..................................................


I. Корпорациядағы қаржылық жоспарлаудың мазмұны, міндеттері, қағидаттары мен әдістері.

Корпорациядағы қаржылық жоспарлау- бұл қаржы механизімінің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік –экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Олар экономиканың үйлесімді және тепе-теңдік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үйлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғарғы қарқының қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған. Корпорациялық қаржылық жоспарлаудың өзіндік ерекшелігі сол, бұл жоспарлау өндірістің материалдық-заттай элементтері турасында, ақша мен қоғамдық ұдайы өндіріске белсенді ықпал жасау турасында ақша қозғалысының салыстырмалы дербестігімен шарттасылған ақша нысанында жүзеге асырылады.
Корпорациялық қаржының табысты іс-әрекет етуі және қоғамдық процестерге белсенді ықпал етуі көбінесе қаржы ресурстарының қозғалысын, шаруашылықты жүргізудің барлық деңгейлерінде ақша қорларын қалыптастырып, бөлуді алдын ала үлгілеуге байланысты болады. Мұндай процесс тәртіпті (реттілікті) анықтайтын өзара үйлесілген тапсырмалардың, көрсеткіштердің кешенді жүйесін жасауды, ақша түсімдерін жұмылдырудың прогресивті нысандарын қолдануды қажет етеді.
Корпорациядағы қаржылық көрсеткіштерді, белгіленетін қаржы операцияларын негіздеп дәлелдеуге, көптеген шаруашылық шешімдердің нәтижелілігі сияқты, корпорациядағы қаржылық жоспарлау процесінде қол жетеді. Бұл өте ұқсас ұғымдар экономикалық әдебиет пен практикада жиі теңестіріледі. Іс жүзінде қаржылық жоспарлаудың алдында болуы және көптеген нұсқаларды бағалау жүзеге асыруы тиіс (тиісінше макро және микро деңгейлерде қаржы ресурстарының қозғалысын жоспарлаудың мүмкіндіктерінің анықтауы тиіс). Корпорациядағы қаржылық жоспарлаудың көмегімен белгіленетін болжамдар нақтыланады, нақтылы жолдар, көрсеткіштер, өзара үйлесілген міндеттер, оларды іске асырудың дәйектілігі, сондай-ақ тандалынған мақсатқа жетуге көмектесетін әдістер анықталады.
Қаржылық жоспарлау- бұл қаржы жоспарларын (яғни, корпорацияның тапсырмаларын) әзірлеу, қаралған мерзімде оларды орындау, белгіленген мақсаттарға жетуге бағытталған процесі. Жоспарлау басқарудың элементі ретінде қаржы саясаты құралдарының бірі болып табылады. Ол ірі шаруашылық өзгерістерді байсалды және елеусіз жасауға мүмкіндік туғызады.
Қаржылық жоспарлаудың объектісі- шаруашылық жүргізуші субъектілері мен мемлекеттің қаржылық қызметі, ал қортынды нәтижесі қаржы жосапарлары мен жеке мекеменің сметаларынан бастап мемлекеттің жиынтық қаржы жоспарына дейінгі қаржы жоспарларын жасау болып табылады. әрбір жоспарда белгілі бір мерзімге белгіленген кірістер мен шығыстар, қаржы және кредит жүйелерінің буындары мен байланыстары анықталады. Қаржылық жоспарлаудың нақтылы міндеттері қаржы саясатымен айқындалады. Бұл жоспарлы тапсырмаларды орындауға қажетті ақшаның көлемі мен олардың көздерін анықтау; кірістерді өсірудің; шығыстарды үнемдеудің резервтерін анықтау; орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорлар арасында қаражаттарды бөлуде оңтайлы үйлесімдерді белгілеу және басқалары.
Жоспарлау:
1) экстенсивтілігімен (әлеуметтік-саяси және экономикалық құбылыстардың кең шеберін қамтиды);
2) қарқындылығымен (кәміл техникамен әдістерді қолдануды түсінеді);
3) тиімділігімен (қортындысына қаржыны басқару қойған міндеттерге жетудің қажеттілігін білдіреді) сипатталады.
Қаржылық жоспарлауда мына тәсілдемелер пайдаланылады:
А) автоматтық (өткен жылдың деректері келесі жылға көшіріледі. Инфляция кезінде дерекетер инфляцияның коэффиенттеріне көбейтіледі. Бұл әдіс ең қарапайым әдіс болып табылады және, әдеттегідей, уақыт жетіспеушілігі кезінде пайдаланылады;
Ә) статистикалық (өткен жылдардың шығыстарын қосып, өткен жылдардың санына бөледі);
Б) нолдік база тәсілдемесі (барлық айқындамалар қайта есептелуі тиіс бұл әдіс нақтылы қажеттіліктерді есепке алады және оларды мүмкіндіктерімен үйлестіреді).
Нарықтық экономикада жағдайды жоспарлаудың функциясы ретінде экономикалық және әлеуметтік қызметтің барлық жақатарын жалпыға бірдей қамту нысанын алу тиіс. Егер жоспарлы экономикада қаржыны жоспарлауда сүйеніш бөлгіштік процестерге жасалынса, нарықтық экономикада айырбас сферасына сүйенеді, бұл сфера арқылы тауарлар мен қызметтерді өткізу және оларды өндіру мен өткізу кезінде қоғамдық қажетті шығындарды тану (мойындау) жүзеге асырылады.
Демек, нарықтық экономикада тауарлар мен қызметтерді өндіру мен өткізу процесіндегі байланыстың үстемдік және айқындаушы әдісі ақшаны, бағаны, құн заңын, сұраным мен ұсыным заңын кірістіретін өзінің механизмі бар рынок болады. Нарықтық механизмнің мұндай табиғаты өндіріс пен айырбас нәтижелерін анықтаудың әдістері ретінде, барлық жоспарлардың элементтері болатын болжаудың қажеттігін анықтайды.
Қаржылық жосапрлаудың мазмұны- ақшалай табыстар мен қорланымдарды жасау, бөлу және қайта бөлуді экономикалық процестермен оңтайландырудың күні бұрын анықталған мүмкіндік ретінде, көрінеді және осының негізінде орталықтандырылған жене орталықтандырылмаған ақша қорларын қалыптастыру және пайдалану.
Қаржылық жосапрлау экономикаы және оның буындарын басқарудың аса маңызды функциясы болып табылады. Оны мемлекеттік билік пен басқарудың органдары, мекемелері және олардың жоғарғы құрлымдары жүзеге асырады.
Шаруашылықты жүргізудің нарықтық жағдайында қаржылық жоспарлау шаруашылық жүргізудің белгіленетін түпкілікті нәтижелеріне ықпал етуші көптеген факторлардың екі ұштылығына байланысты көбінесе болжау ретінде жүргізіледі.
Шаруашылық жүргізудің нарықтық жүйесінде сонымен бірге индекативтік, яғни, ұсынбалы (нұсқамалық) жоспарлау пайдаланылады; ол ақпараттық- үйлестіруші ролді орындайды және қаржы қызметінің субъектілеріне экономикалық реттеушілер арқылы жанама түрде ықпал етеді. Индекативті жоспарлау нарықтық экономиканың мемлекеттік реттеуде және экономиканың стратегиялық ұзақ мерзімді бағыттарын анықтауда маңызды орын алады мұның процесінде экономиканың ойдағыдай дамытудың бүкіл шегі анықталады.
Қазақстанда индекативтік жоспарлау 1993 жылдан бері қолданылады. Оны жасау барысында батыс Еуропа және Шығыс Азия елдерінің тәжірибесі негізінде алынып келеді. 1996 жылдан бері ағымдағы индекативті (жылдық) жоспарлау негізінде мемлекеттік бюджетті жасау жұмыстары қалыптасты.
Индекативті жоспарлаудың қазіргі кездегі басты ерекшелігі зерттемелік қасиеті. Яғни, қоғамдағы тенденцияларға терең және жан-жақты сараптама жасау арқылы әлеуметтік-экономикалық дамудың нысандары көзделінеді, әрі алда тұрған небір өзекті мәселелер нақтылы белгіленеді. 2001-2005 арналған индекативтік жоспардың басты мақсаты – экономикалда бәсекелестікті арттыру.
Индекативтік жоспардың ажырағысыз бөлігі индекативтік қаржылық жоспарлау болып табылады, бұл жоспарлаудың басты мақсаты- болжанған дамуды қамтамасыз ету үшін қаржы ресурстарының шамаланған ауқымын және олардың бағытын анықтау.
Индекативтік қаржы жоспарларының мемлекеттік секторда ғана міндетті сипаты, ал меншіктің басқа нысандарының секторлары үшін кепілдемелік сипаты болады. Сонғыға экономикалық тетіктерді- реттелетін бағаны, супсидияларды, кредиттерді, салық мөлшерлемелері мен жеңілдіктерін, жеделдетілген амортизацияны және басқаларды пайдалану арқылы жетеді. Аса маңызды индекаторларға мыналар жатады: валюта бағамы, инфляцияның болжанған деңгейі, Ұлттық Банктің қайта қаржыландыру мөлшерлемелері, амортизациялық аударымдамалардың нормалары.
Қаржылық жоспарлаудың әдістемелігі аса маңызды мына қағидаттарға негізделеді:
Орталықтандырылған және орталықтандырылмаған тәсілдемелердің үйлесуі. Бұл қаржы жоспарларын жасағанда екі негіздің – орталықтандырылған қаржылық жоспарлаудың жергілікті бастаманы барынша дамытумен етене ұштасуын білдіреді. Орталықтандырылған қаржылық жоспарлау мемлекетке бірыңғай қаржы саясатын жүргізуге, мемлекет ауқымында қаржы ресурстарын бөлуді және қайта бөлуді нысаналы басқаруға мүмкіндік береді. Қаржылық жоспарлаудағы децентрализм өндірістік бөліністер мен биліктің жергілікті органдарының нақтылы жоспарлау жасап, оларды орындаудағы, өндірісті өркендеудің және оның нәтижелігін арттырудың резервтерін іздестірудегі шығармашылық белсенділігін дамытуға жәрдемдеседі.
Биліктік жергілікті органдары бюджеттерінің олардың аумағында орналасқан шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің нәтижесіне тәуелділігін белгілейтін ұзақ мерзімді нормативтердің негізінде аймақтардың қаржылады басқарудың экономикалық әдістеріне көшу үлкен маңызға ие болып келеді. Сонымен бір мезгілде жалпы мемлекеттік қаржыларды жүйелі түрде нығайту, мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігінің тұрақтылығын, қоғамдық өндіріс дамуының әлеуметтік бағдарлауын күшейтуде, тиімділікті арттыруда оның рөлін арттыру қажет;
Бірлік қағидаты қаржылық жоспарлаудың экономикалық және әлеуметтік жоспарлаумен тығыз өзара байланысы мен өзара тәуелділігінде көрініп білінеді. Қаржы жоспарларының негізінде экономикалық және әлеуметтік даму жоспарлары мен көрсеткіштері жатыр. Сонымен бірге қаржылық жоспарлардың барысында объектінің дамуының белгіленгенпараметрлері дәлелденіп анықталады, экономикалық және әлеуметтік жоспардың жеке элементтері мен бөлімдерінің баланстық байланыстары тексеріледі. Қаржылық жоспарлаудың бірлігі сонымен бірге қаржы жоспарларының барлық түрлерінің тығыз өзара байланысын білдіреді. Жоғарғы ұйымдардың қаржы жосапрларының көрсеткіштері оған қарасты субъектілердің жоспарлы жобаламаларын кіріктіреді. Мемлекеттік деңгейде жасалынатын қаржы жоспарлары басқарудың жергілікті органдарының кәсіпорындары мен ұйымдарының қаржы жоспарларының көрсеткіштерін тірек етеді;
Жосапрлаудың үздіксіз қағидаты перспективалық және жылдық қаржы жосапрларының тығыз үйлесуін шамалайды, бұған перспективалық жоспарлаудың іс-қимылының мезгілін ұзартумен және жылдық жоспарлауда олардың міндеттерін нақтылаумен қол жетеді. Қаржыны жоспарлаудың бұл қағидаты ағымдағы және перспективалық жоспарлаудың арасында үзілісті болдырмауға, шаруашылық жүргізуші субъектілерді, олардың нақтылы даму перспективаларын анықтай отырып, дұрыс бағыттауға мүмкіндік береді; бұл қағидат шығыстардың көпшілігі үшін, әсіресе мемлекет қаржысын бөлуді есептеу кезінде қолданылады. Бұл жоспарлаудың жүйелік- түрлендірме әдісі- жоспарлау, бағдарламалау және бюджет жасау;
Жоспарлау өзіне мақсаттар мен міндеттерді қалыптастыруды және байандауды кіріктіреді;
Бағдарламалау деп мақсаттарға жету үшін пайдаланылатын құралдардың қолда барын іріктеуді және жаңаларын табуды түсінеді;
Бюджет жасау- жалпы көпжылдық бағдарламалары бойынша жылдық бюджеттік цифрлар тіліне аудару процесі. Бұл дәстүрлі бюджеттік топтастыру бойынша сан жағынан тұлғаланған операциялардың бүкіл жиынтығын бөлу процесі.
Қаржы жоспарларын жасау негізінен 3 кезеңнен тұрады:
Бірінші кезеңде – есеп беріліп отырылған мезгілдің қаржылық көрсеткіштерінің орындалуына экономикалық талдау жасалады. Қаржылық көрсеткіштерді талдау өндірістік мәліметтермен өзара байланыста жүргізіледі. Мұның өзі қаражаттарды толық жұмылдырудың себептерін ашуға, оларды пайдаланудың тиімділігі дәрежесін анықтауға ішкі шаруашылықтық резервтерді табуға мүмкіндік береді.
Екінші кезеңде - әлеуметтік және экономикалық даму жоспарлары мен бағдарламаларының көрсеткіштері негізінде кірістер мен шығыстардың нақтылы түрлерінің есеп қисаптары жасалады.
Үшінші кезеңде сметадағы тапсырмалар және кірістердің баптары үйлестіріліп, теңестіріледі. Егер қарастырылған шаралар мен жоспарлы тапсырмалар ақша ресурстарымен сәйкес келмеген жағдайда табыстар мен қорланымдарды көбейтудің көздері іздестіріледі, оларды аса тиімді пайдаланудың жолдары анықталады, ал кейбір жағдайларда шығындардың жеке түрлерін тікелей қысқарту қарастырылады.

1.1. Корпорациядағы қаржылық жоспарлаудың жүйесі.
Қаржылық жосапардың негізгі құжаты болып келетін қаржы жоспары шаруашылық жүргізуші субъектілердің, салалардың, аймақтардың және жалпы мемлекеттің ақшалай табыстары мен қорланымдарын құрудың және пайдаланудың жоспары болып табылады. қаржы жоспары ұлттық шаруашылықтың ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Жиынтық қаржы жоспарлары- жалпы мемлекеттік қаржы ресурстарының қозғалысын негіздейді, мемлекеттік қаржы жүйесі жүзеге асыратын қайта бөлу процестерін белгілейді.
Нысаны бойынша олар әрқашан жиынтық жоспарлар болып табылады, бұл тек оның жалғыз ғана белгісі емес. Сонымен бірге министірлердің, қаржы жоспарламаларының да құрамалық сипаты болады, бірақ олар қаржы ресурстарының қозғалысын тек нақтылы саланың, ведомствоның шегінде ғана жобалайтындықтан, олар бастапқы жоспарларға ........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру