Экономика | Кәсіпорынның басқару ісінің ақпараттық жүйесін тұрғызу

 Экономика | Кәсіпорынның басқару ісінің ақпараттық жүйесін тұрғызу

Мазмұны

Кіріспе

1. Кәсіпорынды басқарудың ақпараттық жүйесін негіздеу
1.1 Қолдану саласын талдау................................................................4-10
1.2 Ақпараттық жүйені тұрғызудың мақсаты...………………………10
1.3 Ақпараттық жабдықтау құрылымына қойылатын талаптар....10-15
1.4 Ақпараттық жүйенің концептуалды сызбасы............................15-16
1.5 Ақпараттық жүйенің декомпозиция сызбасы.................................18

2. Кәсіпорынды басқарудың ақпараттық жүйесін жобалау
2.1 Мәселенің қойылымы....................................................................23-24
2.2 Кіріс ақпарат...................................................................................24-26
2.3 Шығыс ақпарат...............................................................................26-27
2.4 Программалық жабдықтау сипаттамасы......................................28-29

Қорытынды.................................................................................................................30

Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................................................31.....


1. Кәсіпорынды басқарудың ақпараттық жүйесін негіздеу
1.1 Қолдану саласын талдау

Ақпарат – латынның “informatio” деген сөзінен шыққан, яғни істің жай-күйі немесе біреудің іс-әректі туралы ақпарат, мәлімдеме немесе қандай да бір нәрсе туралы мәліметтер жиыны.
Ақпарат жүйесі – қандай да бір обьектіні басқаруға қажетті ақпаратты жинау,сақтау,жаңарту,өңдеу,іздеу және шығарып беру жүйесі деп қарастырылады. Әрбір ақпарат жүйесі ақпараттық обьектілердің бірігуін қамтитын қандай да бір ақпараттық кеңістікті бейнелейтін пәндік саланы иемденеді. Ақпарат жүйесіне қатысты ақпарат құрылымын қарастырсақ, оны ақпараттық бірліктерге: реквизиттер, көрсеткіштер, құжат, массив, ақпарат ағыны және ақпарат жүйесі деп бөлуге болады. Мұндағы ақпараттың әрі қарай бөлінуге жатпайтын ең кіші өлшем бірлігі – реквизит десек, оның екі түрі бар екені белгілі: реквизит-негіз және реквизит-белгі. Әрбір реквизит әріптер мен сандар жиынтығынан тұрады және мән-мағынаның сандық қасиетін сипаттайды. Бұл жағдайда ол реквизит-негіз деп аталады. Ал ол мән-мағынаның сапалық қасиетін білдірсе, ол – реквизит-белгі деп аталады.

Ақпарат жүйесін тұрғызу мақсаты – кәсіпорынды басқарудың ақпараттық жүйесін талдау және автоматтандыру.
Ақпараттық жүйені тұрғызудағы мақсат – ақпарат қорларының өзара тиімді әсерлесуін өзгертпей біріктіру болып табылады.


Кәсіпорынның сипаттамасы
Кәсіпорын - бұл өнім өндіру үшін құралған дербес шаруашылық жүргізетін субьект, өндірген өніміне иелік етеді, пайда табады, салық төлемінен қалған пайданы жаратады. Кәсіпорын өз міндетін атқару үшін мүлкі болуы керек. Кәсіпорын мүліктерінің қайнар көзі:
• кәсіпорын құрылтайшыларының материалдық және ақшалай жарнамасы;
• өнім, қызметтерден түскен түсімнен пайда;
• құнды қағаздар және олардан түскен пайда;
• инвестиция және бюджеттен дотация;
• қайырымдылық жарнама;
• мекемелер мен тұрғындардың көмегі;
• мемлекеттік кәсіпорынның мүлкін конкурс, аукцион арқылы сатып алу;
• мемлекеттік кәсіпорындар мүлкін акционерлік қоғам арқылы сатып алу.
Экономиканың қайсысы болмасын өндірістен, экономикалық өнім жасаудан құралады. Өндіріссіз тұтыну болмайды, тек шығарылған өнімді ішіп-жеп қою болады. Атап айтқанда, кәсіпорын өнім шығарады, жұмыстар және қызмет көрсетеді, яғни тұтыну және ұлттық байлықты молайтудың негізін қалайды. Қаншалықты кәсіпорын тиімді жұмыс істейді, оның қаржылық жағдайы қандай екені экономиканың барлық саулығына және мемлекеттің индустриалдық қуатына байланысты болады. Оның негізгі белгілері мыналар:
• ұйымдық бірлік: кәсіпорын - бұл белгілі түрде ішкі құрылымы және басқару жөнімен ұйымдасқан ұжым;
• белгілі түрдегі өндірістің құрал кешені: кәсіпорын пайданы барынша көбейту мақсатында экономикалық игіліктерді өндіру үшін экономикалық ресурстарды біріктіреді;
• мүліктің жекеленуі: кәсіпорынның өзінің мүлкі болып, белгілі бір мақсатқа жеке пайдаланады;
• мүліктік жауапкершілік: кәсіпорын түрлі жағдайға сай өзінің барлық мүліктеріне толық жауапкершілікте болады;
• кәсіпорын дара басшылықты болжалайды, басқарудың тікелей әкімшілдік формасына негізделеді;
• шаруашылық айналымына жеке атынан шығады;
• оперативті-шаруашалық және экономикалық дербестік: кәсіпорын жеке өзі түрлі мәліметтерді және операцияларды жүзеге асырады, пайдасын өзі алады немесе зиян шегеді, пайданың есебінен қаржы жағдайын және өндірісті одан әрі дамытуын жақсартады.
Кәсіпорынға басшылық ету әдістері нарықтық экономиканың даму дәрежесіне сәйкес болуға тиіс. Олардың өзгерусіз, бір орында қатып қалуларына болмайды. Кәсіпорынды басқару икемді, әрқашан басты мақсатқа жетуге және сонымен бірге әрбір нақты кезеңнің ерекшеліктерін ескеріп отыруға тиіс. Кәсіпорынға басшылық етудің міндеттері де практиканы терең зерттеудің негізінде өндірістің одан әрі даму тенденциясын анықтап, бұл дамуды шапшаңдату үшін аса маңызды экономикалық тұтқаларын пайдалану болып табылады.
Кәсіпорын, егер де өзінің жұмысында белгілі бір принциптерге сүйенсе және қажетті бернесін орындаса, алдына қойған мақсатына жетеді. Осыған орай кәсіпорындардың негізгі міндеттеріне жататындар:
• жоғары сапалы өнімдер, оларды жүйелі түрде жаңалау және қолда бар өндірістік мүмкіншіліктеріне, сұраныстарына сай қызмет көрсету;
• өзара алмасушыларын ескере отырып, өндірістік ресурстарды ұқыпты пайдалану;
• кәсіпорынның бет алысының стратегиясы мен тактикасын әзірлеу және жағдайлардың өзгеруіне байланысты оларды өзгертіп отыру;
• ғылыми-техникалық жетістіктер мен озық тәжірибені, еңбекті ұйымдастыру және басқаларды өндіріске кеңінен енгізу;
• өздерінің қызметкерлеріне жағдай жасау, олардың сыныптамаларының өсуін және еңбектерінің үлкен маңыздылығы, олардың тіршілік деңгейлерін арттыру, еңбек ұжымдарында қолайлы саяси-психологиялық ахуалды жақсарту;
• кәсіпорынның шығарған өнімнің бәсекеге жарамдылығын қамтамасыз ету, кәсіпорынның жақсы атағын қолдау;
• баға саясатын икемді жүргізу және басқа да функцияларды іске асыру[12].
Кәсіпорынның құрылымы, функциясы:
1) негізгі өндірістің бөлімі;
2) көмекші бөлімі;
3) қосалқы, қосымша өндіріс бөлімдері;
4) басқару аппараты, бөлімдері.
Кәсіпорында атқарылатын жұмыстар:
1) ғылыми-зерттеу;
2) жоспарлық құрастыру;
3) өндіру;
4) жөндеу, модернизациялау;
5) бақылау (сапасыз өнім);
6) қамту, қызмет ету;
7) сақтау;
8) тасымалдау;
9) утильдеу;
10) қайта өндіру;
11) тазалау;
12) қауіпсіздік профилактикасы;
13) басқару;
Кәсіпорын формалары:
1) дербес (семьялық) жеке кәсіпорын;
2) мемлекеттік;
3) арендалық;
4) муниципалдық кәсіпорын жергілікті бюджет есебінен құрылған;
Кәсіпорынды басқару функциясы:
1) жоспарлау;
2) шешім қабылдау, оны іске асыру;
3) талдау;
4) мотивация;
5) орындауды бақылау;
6) реттеу; [7]
Басқару – қоғамға тән обьективтік экономикалық заңдылықтарды пайдалана отырып, ұйымға немесе обьектіге ықпал ету процесі. Басқарудың зерттеу обьектісі ретінде әлеуметтік-экономикалық ж.үйені қарастырамыз. Басқарудың сипаттамалары: обьектінің болуы, обьекттің динамикалық сипаты. Басқару ғылымы білім мен қызметтің бірлігін көрсетеді. Басқару ғылымының үш құрамдас бөлігі бар:
1) өндірісті басқару проблемесын зерттейтін іргелі фундаменталды қоғамдық ғылымдар;
2) өндірісті зерттейтін басқарудың функционалды жекелеген жақтары;
3) өндірісті басқарудың заңдылығын зерттейтін басқару теориясы [8].
Менің курстық жұмысымның тақырыбы – фирманы басқарудың ақпараттық жүйесі болғандықтан, мысал ретінде бүгінгі таңда Қазақстандағы жаңа әрі қарқынды дамып келе жатқан компаниялардың бірі - “ҚазТрансОйл” компаниясын алып отырмын. Ол ел экономикасының ең маңызды секторларының бірін қамтығандықтан ғана емес, өзінің сыртқы және ішкі сындарлы саясатының стратегиясы нәтижесінде өзін көрсете білді. Компания – тың ой-саналы және ең жаңа технологиялы деген мұнай саласының тәжірибесі мен дәстүрінің жемісті қоспасының жарқын көрінісі. Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 20 ақпандағы № 811 Жарлығымен “Мұнай және газ тасымалдау” ҰК” ЖАҚ “ҚазТрансОйл” ұлттық компаниясы” ЖАҚ құрылды. 2004 жылдың 16 наурызында компания қайта тіркеліп, “ҚазТрансОйл” ұлттық компаниясы” акционерлік қоғамы деп аталды. Құрылтайшысы – Қазақстан Республикасының Үкіметі.
Компания энергетикалық ресурстардың тиімді және ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ететін, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның әлемдік экономикаға табысты интеграциялануына жәрдемдесетін Қазақстанның мұнай-газ саласын кешенді дамыту мақсатында құрылды.
Бұл өндіріс:
• мұнай-газ саласында мұнай-газ ресурстарын тиімді әрі ұтымды игеруге және олардың орнын толтыруға және тиісті инфрақұрылымды дамытуға бағытталған бірыңғай мемлекеттік саясат пен стратегияны әзірлеуге және іске асыруға қатысады;
• мұнай-газ операцияларын жүзеге асыратын инвесторлармен келісім-шарттарда мемлекеттік мүдделерді білдіреді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында мұнай-газ операцияларын жүргізуге конкурстар ұйымдастыруға қатысады;
• Қазақстанда және шетелде көмірсутегі шикізаты мен оның өңделген өнімдерін барлау, игеру, өндіру, өңдеу, тасымалдау және сату бойынша жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің толық циклін, сондай-ақ мұнай-газ құбырлары мен өндірістік инфрақұрылымды жобалауды, салуды және пайдалануды жүзеге асырады. Сондай-ақ Компания авиатасымалдау және телекоммуникациялар саласында да кең ауқымды қызметтер көрсетеді[13].
Ірі еншілес кәсіпорындары:
• “ҚазМұнайГаз” (барлау, өндіру),
• “ҚазТрансГаз” (газ тасымалдау),
• “Шымкент мұнай өңдеу зауыты”,
• “Қазтеңізкөлікфлот” (танкерлік тасымалдау),
• “Атырау халықаралық әуежайы”,
• “Еуразия - Эйр” тікұшақ компаниясы,
• “ҚазТрансКом” телекоммуникациялық компаниясы.
Сондай-ақ аталған еншілес компанияларынан басқа компанияның құрылымына көптеген әр түрлі бейінді компаниялар мен кәсіпорындар кіреді.
“ҚазТрансОйл” ҰК АҚ көптеген халықаралық және ішкі мұнай-газ жобаларында мемлекеттің мүдделерін білдіретін Өкілетті орган болып табылады. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі жұмыс органының мұнай және газды кейінге сақтап, көліктің басқа түрлеріне ауыстырып тией отырып, арналы мұнай құбырлары бойынша тасымалдауға байланысты мұнай-газ тасымалдау инфрақұрылымының объектілерін жоспарлау, жобалау және салу мәселелері бойынша құрылыс қызметінің саласындағы кейбір функциялары Компанияға жүктелген.
Компания Қазақстан Республикасының мұнай-газ кешені кәсіпорындарының мемлекеттік пакеттерін бір орталықтан басқарады және оның өндірістік, коммерциялық, қаржылық және инвестициялық қызметіне басшылық етеді. Сонымен қатар Компания бас офисінің қызметі мына бағыттарда шоғырландырылған:
• жаңа учаскелер мен кен орындарындағы мұнайды барлау мен өндіру;
• ішкі және халықаралық рыноктарда мұнай мен мұнай өнімдерін сату;
• Қазақстандағы, ал болашақта шетелдегі инвестициялық қызмет;
• өзінің инвестициялық бағдарламаларын қаржыландыру және еншілес және бағынысты қоғамдар бойынша күрделі салымдар үшін несие ресурстарын тарту.
ҚазТрансОйл орталық аппараты мен еншілес компаниялары қызметкерлерінің саны 30 мыңнан астам адамды құрайды. Компанияның аудиторы Ernst & Young болып табылады. Қызметтің қорытындылары бойынша шоғырландырма қаржы есебі жасалады. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жарияланғаннан кейін мұнай-газ саласын басқарудың мемлекеттік жүйесін қалыптастыру басталды. 1991 жылдың шілдесінде “ Қазақстанмұнайгаз ” корпорациясы құрылды, 1994 қаңтарда – “ ҚазТрансОйл” ұлттық мұнай компаниясы болып өзгерді.. 1992 жылы Энергетика және отын ресурстары министрлігі де құрылды.
Қазақстан Республикасының үкіметі 1992 жылдан бастап республиканың мұнай-газ саласына шетелдік инвестицияларды тарта бастады. Осы уақытта мұнай мен газ кен орындарын игеру секілді, көмірсутегіні өңдеу және тасымалдау бойынша да шетелдік қатысуымен көптеген кәсіпорындар құрылды. Олардың ішінде ең ірі және неғұрлым белгілісі Теңізшевройл, Қарашығанақ Интегрейтед Оперейтинг, Каспий Құбыр Консорциумы, Қазақстанкаспийшельф халықаралық консорциумы (1997 жылға дейін) және Аджип ККО (бұрынғы ОКИОК) болып табылады.
10 жыл ішінде біраз жобалар, оның ішінде мына секілді бірегей жобалар табысты іске асырылды:
• Каспий теңізі шельфінің қазақстандық секторында Қазақстанкаспийшельф халықаралық консорциумының геофизикалық зерттеулер жүргізуі (1997 жылы аяқталды). Орындалған жұмыстардың нәтижесінде мұнай мен газдың 100-ден астам перспективалық құрылымы айқындалды.
• Теңіз-Новороссийск КҚК мұнай құбырының бірінші кезегінің пайдалануға берілуі (2001 жыл);
• Қашаған кен орнындағы коммерциялық ашылым жарияланды (2002 жыл)[15].
1997 жылы Қазақойл (Қазақстан Республикасы Президентінің 04.03.1997 ж. Жарлығы және үкіметтің 24.03.1997 ж. №410 қаулысы) және ҚазТрансОйл ұлттық компаниялары (үкіметтің 02.04.1997 ж. № 461 қаулысы) құрылды.Бизнесті табысты кеңейту және диверсификациялау нәтижесінде ҚазТрансОйл қызметін газ тасымалдау, телекоммуникациялық және басқа да қызметтер көрсету саласында жүзеге асыратын бірқатар компаниялардың активтеріне ие болды. Қазақстан үкіметі ҚазТрансОйл мен басқа да компаниялардың ҚазТрансОйл сатып алған активтерін жаңа компанияға беру арқылы “Мұнай және газ тасымалдау” (үкіметтің 02.05.2001 ж. №591 қаулысы) ұлттық компаниясын құру туралы шешім қабылдады.2002 жылы “Қазақойл” ¦МК” ЖАҚ және “Мұнай және газ тасымалдау” ЖАҚ біріктіріліп, “ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясы” құрылды (Қазақстан Республикасы Президентінің 20.02.2002 ж. Жарлығы және үкіметтің 25.02.2002 ж. № 248 қаулысы).

1.2 Ақпараттық жүйені тұрғызудың мақсаты
Ақпарат жүйесін тұрғызу мақсаты – кәсіпорынды басқарудың ақпараттық жүйесін талдау және автоматтандыру.
Ақпараттық жүйені тұрғызудағы мақсат – ақпарат қорларының өзара тиімді әсерлесуін өзгертпей біріктіру болып табылады.
Осы курстық жұмыс фирманы басқарудың дұрыс жолдарын, кезеңдерін, нарыққа өтудің жолдарын, даму перспективаларын жасаумен, шаруашылық жүргізудің түрлі формаларын қолдану тиімділігін, жедел басқарушылық шешімдерді орындауымен, ауқымды кеңейтілуіне талдау жасау болып табылады. Осыған байланысты ЭЕМ негізінде экономикалық талдауды автоматтандыру объективті қажеттілік болуда. Ол басқару процесінде сапалы ақпараттық қызмет көрсетудің маңызын арттыру, техникалық мүмкіндіктердің қарқынды дамуы мен экономиканың дамуының негізінде орындалады.
Осы курстық жұмыстың мақсаты- фирманы басқарудың дұрыс және тиімді жолдарын құру. Қолда бар потенциалды қолдану және фирманың ыдырауына жол бермеу. Бұл стратегиялық жоспарлау мен басқаруға анағұрлым салмақты қарауды, фирманың іскерлік белсенділігінің дамуына негіз жасайтын заман талабына сай ақпараттық технологияларды қолдану.

1.3 Ақпараттық жабдықтау құрылымына қойылатын талаптар

Ақпараттық жабдықтау (АЖ) – бұл ақпараттық жүйеде қолданатын экономикалық ақпаратты жіктеудің және шартты белгілеудің бірыңғай жүйелері мен құжаттардың және ақпарат массивтерінің үйлестірілген жүйелерінің бірігуі болып табылады. Ақпараттық жабдықтаудың негізгі бағыты сақталуынан, ақпараттың жинақталуынан, ақпараттық базаға өзгеріс енгізуден басқару шешімдерін қабылдау үшін кіріс ақпараттарының берілуінен тұрады.
Ақпараттық жүйенің жабдықтау жүйелері, функционалды ішкі жүйелеріне қарамастан барлық экономикалық ақпарат жүйелеріне бірдей болады. Оның құрамы белгілі бір пәндік аймаққа қатысты емес. Жабдықтаушы ішкі жүйелеріне: ұйымдастырушылық, техникалық, математикалық, программалық, ақпараттық, лингвистикалық, және технологиялық ішкі жүйелері кіреді.
Ақпараттық жабдықтау - ҚЕАЖ-де қолданылатын техникалық-экономикалық ақпараттарды сыныптаудың және кодтаудың бірыңғай жүйелері, құжаттар жүйесінің және ақпараттар ауқымының үйлестірілген жүйелерінің .....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру