Әлеуметтану | Жастардың әлеуметтенуі

 Әлеуметтану | Жастардың  әлеуметтенуі

Мазмұны
I. Кіріспе----------------------------------------------------------------------------------------2
II. Негізгі бөлім
2.1 Әлеуметтену түсінігі--------------------------------------------------------------------5
2.2 Реформа жағдайларындағы әлеуметтенудің қарама-қайшылығы-----------12
2.3 Жастардың әлеуметтенуі: социологиялық зерттеулердің мәліметтері (берілгендері)-------------------------------------------------13
2.4 Жеке тұлға және оны әлеуметтендірілу туралы түсінік. Жеке тұлғаны құқықтық әлеуметтендіру--------------------------------16
III. Қорытынды-------------------------------------------------------------------------------26
IV. Пайдаланылған әдебиеттер-----------------------------------------------------------29

I. Кіріспе
Тұлға әлеуметтануының бірден-бір негізгі проблемасына әлеуметтену процесін зерттеу жатады, яғни адам қалайша, неге байланысты қызмет етуші қоғамдық субъект ретінде қалыптасады деген ауқымды мәселелерді зерттейді. XXғасырда әлеуметтанушылар мен этнографтар жүргізген көптеген салыстырмалы зерттеулер тек әлеуметтік дағды-дәстүр, салт қана емес, сонымен қатар қызу қандылық және әйелдер мен еркектердің мінез-құлық ерекшеліктері әлеуметтендірудің жемісі болып табылатынын көрсетті.
Әлеуметтендіру (социализация) терминінің пайда болу тарихына келетін болсақ, ең алдымен мына жағдайды айта кеткен жөн: алғашында термин неміс тілінен ағылшын тіліне қате аударылған. Соған қарамастан бұл жаңа сөз сақталды және классикалық әлеуметтану мәселелерін қамтыған ұғымға айналды. “Әлеуметтану” ұғымы дәстүрлі “білім” және “тәрбие” ұғымдарымен салыстырғанда кең ауқымды, терең мағыналы ұғым. Білім белгілі бір білім жиынтығын беруді көздейді. Тәрбие мақсатты, саналы түрде жоспарланған әрекеттер жүйесі ретінде түсіндіріледі, оның мақсаты – балада белгілі бір тұлғалық сапаларды және мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.
Тұлғаның әлеуметтенуі топтық тәжірибенің негізінде іске асады. Шағын және ірі әлеуметтік топтардағы адамдардың әлеуметтік өзара әрекетінің нәтижесінде адам қоғамда жинақталған білім мен тәжірибені, ол қалыптастырған құндылықтар мен нормаларды меңгереді. Бұл кез келген қалыпты тұлға бейнесінің іргетасын және сонымен қатар әлеуметтік топтардың, бүкіл қоғамның бірлігі мен тұтастығын құрайды. Бірақ әлеуметтену процесінде әрбір жеке тұлғаның қайталанбайтын даралығы мен бірегейлігін айқындайтын индивидуалдық тәжірибенің рөлін ескермеуге болмайды. Тұлғаның әлеуметтенуінде екі бірдей абсалютті тұлға адам болған емес және болмайды. Бір отбасында тәрбиеленген балалар мен егіздердің міндетті түрде сыртқы ерекше айырмашылығы болады, оның себебі де түсінікті, өйткені ол әлеуметтендіру тәжірибесіндегі индивидуалдық өзгешеліктерімен ғана анықталып қоймайды.
Әлеуметтендірудің қандай механизмдері бар? Бұл процеске ең алдымен екі жақ - әлеуметтендірудің объектісі және субъектісі қатысады. Әлеуметтендірудің объектісі – бұл процестің кімге бағытталуы, яғни жеке адамдар немесе адам топтары. Әлеуметтендірудің субъектісі – бұл осы процесті жүзеге асырушы, яғни жеке тұлға, әлеуметтік топ, әлеуметтік құрылым немесе ұйым, бұларды кейде әлеуметтендіру агенттері деп те атайды.
Әлеуметтендіру – ауқымды және күрделі процесс. Ол өзінің табиғатынан әлеуметтік орта мен байланысты, әлеуметтік объектісі және субъектісі тұрақты, адамның (адам топтарының) үздіксіз және қарқынды өзара әрекеті. Сол бір ғана адам (мысалы, әке) бір байланыста (балалармен қатынаста) субъект ретінде, әлеуметтендіру агенті ретінде көрінеді, ал келесі жағдайда (әлеуметтік топқа қатынасына қарай) ол әлеуметтендірудің объектісі ретінде көрінеді. Екінші жағынан алғанда, қайсыбір өзара әрекет шеңберінде әлеуметтену субъектісі әлеуметтенудің объектісіне ықпал жасап қана қоймайды, сонымен қатар субъекті объекті тарапынан кері әсерді де сезінеді. Мысалы, ата-аналар балаларды тәрбиелеу процесінде балаларға шешуші ықпал жасай отырып, өз кезегінде, тәрбиеленушілердің тарапынан тәрбиеге белгілі бір кері әсерді де байқайды.
Әлеуметтендірудің бірінші және екінші әлеуметтендіру деп бөледі. Бірінші әлеуметтендіру адамға өзін тікелей қоршаған ортаның, алғашқы әлеуметтік топтардың: отбасының, туған-туыстардың, достардың, құрдастардың, оқу және еңбек ұжымдарының, тәрбиешіліердің, ұстаздардың, оқудағы, қызметтегі, жұмыстағы тікелей басшылардың және т.б. тікелей ықпал жасауымен байланысты. Тұлғаның алғаш қалыптасуы мен дамуында бірінші әлеуметтендірудің рөлі аса зор. Екінші әлеуметтендіруді екінші қатардағы әлеуметтік топтар (шағын немесе ірі), құрылымдар мен ұйымдар және мекемелер тікелей және жалпы формада, көбінесе бір-екі бағытта жүзеге асырады. Мұндағы қатынастар көбіне институционалдық сипат алады. Екінші әлеуметтендірудің агенттері мемлекет пен оның органдарының (әскер, полиция, сот, прокуратура, т.б.), кәсіпорындардың, жоғары оқу орындарының, мектептердің, балабақшаларының, радио, теледидар, баспасөз және т.б. басшылары және ресми өкілдері болып табылады. Екінші әлеуметтендіру жасы кемеліне келген, есейген шақта өте маңызды. Бұл тұста адамның әлеуметтік мәртебесі мен рөлі негізінен анықталады, енді соларды жүзеге асыруға және ішінара өзгерістер жасауға көңіл аударылады. Әлеуметтендірудің бірінші және екінші агенттерінің қызметін өзара байланыстыру мен үйлестіруді қамтамасыз ету аса маңызды. Адам өмірінің әр түрлі кезеңдерінде әлеуметтендірудің өзіндік мәнді ерекшеліктері болады. Осыған байланысты әлеуметтендіру процесі өз ерекшелігі бар бірнеше сатыдан: балалық, жасөспірім, есейген, қартайған шақтан тұрады. Әлеуметтендіру процесі балалық және жастық шақта пәрменді әрі қарқынды жүреді. Әлеуметтендірудің бастапқы сатысында балаларды ересектер әлеміндегі өмірге бейімдеу іске асырылады. Бұл жерде басты рөлді әлеуметтендірудің бірінші агенттері саналатын ата-аналар атқарады. Осы сатыда ата-аналар мен балалар арасындағы өзара қарым-қатынастар олардың бір-біріне жеген жақындық, жауапкершілік, ыстық ықылас сезімімен сипатталады, бұл әлеуметтендірудің келесі сатысына шешуші ықпал жасайды. Бұл кезеңде бала ойлау және танымдық дағдыларды меңгереді. Күрделі тәртіп ережесінің жүйелерін игереді, мәдени құндылықтар мен нормалардың үлгісімен таныса бастайды, бұлардың мәнін және мазмұнын жақсы түсіне қоймаса да, оларды қолдануға ұмтылады.
2.1 Әлеуметтену түсінігі.
Жеке адам қоғамның толық праволы мүшесі ретінде өмір сүруіне қажет белгілі бір ілімдер, ережелер мен байлықтар жүйесін меңгеруі немесе әлеуметтенуі. Әлеуметтену жеке тұлғаның қалыптасу процесін, оның қоғам талабын біртіндеп меңгеруін, қоғамда өзін ұстай білу үшін қажет білім мен білікті меңгеруін көрсетеді.
Алғашқы қарапайым мәліметтерді Адам отбасынан алады. Мұнда танымның да, мінез-құлықтың да негіздері қаланады. Әлеуметтендіру тек жай оқу емес, ол меңгеру, адамның өзінің тарапынан болатын белсенді процесс. Ешқандай мектеп те, ешбір мұғалім де адамды жақсы зайып, жақсы күйку, өз ісінің нағыз шебері, кәсіпқойы болуды толық үйрете алмайды. Мұнда өмір бойы үйренуге тура келеді. Адам биологиялық тірлік иесі ретінде 2 млн. жыл өмір сүріп келеді, ал, ақылды, есті тіршілік иесі ретінде 40 мың жыл тіршілік етуде. Жеке Адам өзінің қысқа ғұмырында адамзаттың бүкіл тәжірибесін меңгеруі тиіс, себебі хайуандардың тарихы жоқ, ал адамидардың тарихы бар.
Бала кезде адамның тұлға ретіндегі қасиеттері 70% қаланады, сол себепті дұрыс тәрбие өте қажет. Барлық дамуы жоғары хайуандардың ішінде ана хайуандар өмірге бейім және дамыған болып келеді. Себебі ұрпақты сақтауға қамқорлық жасау солардың мойнына түседі. Отбасындағы алғашқы әлеуметтену, оған жауарты агенттер: ата-аналар, туыстар. Отбасынан тыс екінші дәрежелі әлеуметтену, оның агенттері: адамдар мен мекемелер (оқу орындары, армия, милиция, мемлекет, СМИ т.б.)
Ұрпақтардың өзара қарым-қатынасындағы аса маңызды аспектілердің бірі - балалар мен жастардың әлеуметтенуі. “Әлеуметтену“ термині индивидтің белгілі бір білім, нормалар, құндылықтар, жүйесін меңгере отырып қоғамның толық құқы бар азаматы ретінде қызмет етуіне әсер ететін барлық әлеуметтік процесстер жиынтығын білдіреді.
Әлеуметтену – қоғамның өмірлік қызметіндегі жеке тұлғаның қоғамдық өмірге араласып өндірістенуін қамтамасыз етуінде маңызды роль атқаратын процесс. Әлуметтену саналы, бақыланатын, мақсатты іс-әрекеттерден құралады, сондай-ақ, жеке тұлғаның дамуында шатасқан, соқтығысуға толы әсері бар процестерден де тұрады.
Э.Дюркгейм, М.Вебер және Т.Парсонс әлеуметтенуді индивидтердің әлеуметтік нормалар, құндылықтар, стереотиптер мен іс- әрекет ережелерін меңгеру процесі деп тұжырымдайды. Қоғам өзінің әлеуметтік құрылымын сақтау мен әлеуметтік жүйені өндірістендіру мақсатында әлеуметтік стереотиптер мен стандарттарды қалыптастырып рольдік іс- әрекет бейнесін құруға ұмтылады (топтық, таптық, этникалық, кәсіби т.б). Қоғамға қарсы қатынаста болмас үшін жеке тұлға әлеуметтік тәжірибені әлеуметтік ортаға ену арқылы, әлеуметтік өмір сүруші жүйеге байланысқа түсу арқылы меңгереді. Жеке тұлғаның әлеуметтік ерекшеленуі әлеуметтенуді адамның қоғамдағы адаптация мен интеграция процесі ретінде қарастыруына мүмкіндік береді.
Әлеуметтануда әлеуметтік қатынастардың объектісі ретінде тұлға екі өзара байланысқан процестің бірлігінде қаралады. Оның бірі әлеуметтену, екіншісі – идентификация. Тұлғалардың объект ретінде әлеуметтендірілуі дегеніміз-мәдениеттің және әлеуметтік ережелер мен құндылықтарының әлеуметтілігін оның игеруі арқылы және осының негізінде тұлғаның әлеуметтік мәндерін, белгілерін қалыптастырып, қоғаммен әлеуметтік қауымдастықтың әртүрлілігмен бірігетін процесі. Бұл өте кең, ауқымды процесс. Бұл процесс әр тұлғаның табиғи әлеуметтік объектімен байланысқан дағдыларды, шеберлікті, білімді иелену мәселелерін және әлеуметтік тәртіптің құндылықтарының мұраттары мен негізінің қалыптасуын қамтиды. Әлеуметтік қасиеттер жаңа пайда болып, адамдарға бірте-бірте сіңуі үшін, ол адам әлеуметтік қатынастардың объектісі ретінде әлеуметтік ортада біте қалыптасып, еңбек етуі тиіс. Тұлғаның әлеуметтендірілу процесіне адамдарды қоршаған барлық орта кіреді.
Тұлғаның әлеуметтендірілуінің кеңеюі мен тереңдеуі негізгі үш сала бойынша жүреді.
1. қызмет саласы.
2. басқалармен байланыс саласы.
3. сана-сезім саласы.
Австрия психологы З.Фрейдтің айтуы бойынша тұлға бойында үш элемент бар:
1. “ид” - қанағаттандыруға деген ұмтылыс қоздыратын қуат көзі.
2.“эго” - нақтылық негізінде тұлғаны бақылауды іске асырудың элементі.
3.“супэго” – тұлғаны үлгі, өнеге жағынан бағаланатын элемент. З.Фрейд әлеуметтендірілудің имитация, идентификация және ұяттылық пен куәлілік сезімі деген үш психологиялық механизмінің болатынын көтсетті. Имитация дегеніміз – басқа біреудің жүріс-тұрыс үлгілеріне еліктеп, өзіне көшіруге деген саналы түрде ұмтылыс. Ал, ұяттылық пен куәлілік дегеніміз – кейбір жүріс-тұрыс үлгілерін басып тастайтын, болмаса тиым салатын ұнамсыз механизмдер болып табылады. Американдық социологиядағы құрылымдық – функционализм бағыты (Т.Парсонс, Р.Мертон) әлеуметтену түсінігін әлеуметтік жүйедегі жеке тұлғаның толық интеграциясы, бейімделу процесі ретінде қарастырды.Бұл мектеп дәстүрі әлеуметтенуді “бейімделу “ұғымында (адаптация) зерттейді.
Бейімделу ұғымы биологияда басты орында алатын түсінік, ол тірі ағзаның қоршаған ортаға бейімделуі негізінде қарастырылады. Социологияға тән бейімделу, адамның қоршаған әлеуметтік орта, жағдайға бейімделу болып табылады. Бейімделудің келесі деңгейін бөліп алады:
-мақсатты бағытталған конформизм, бейімделуші адам қалай әрекет ету керек екендігін түсінеді, алайда әлеуметтік ортаның талаптарына келісе отырып ол өзінің құндылықтар жүйесін ұстанады (А.Маслоу).
-өзара шындылық, өзара әрекет етуші субъектілер бір бірінің құндылықтары мен іс-әрекет формаларына өзара түсінісу білдіреді (Я.Щепаньский).
-аккомодация әлеуметтік бейімделудің ең кең тараған түрі, ол шыцдамдылық негізі мен өзара жол беру арқылы көрінеді, адамның әлеуметтік орта құндылықтары мен адамның индивидуалдық мінездемелерін мойындау (Я.Щепаньский ).
-ассимиляция немесе толық бейімделу, онда адам өзінің бұрынғы құндылықтарынан толық бас тартып жаңа ортаның құндылықтар жүйесін қабылдауы (Ж.Пиаже).
Т.Парсонс әлеуметтенуді “адамдардың әлеуметтік қауымдастықта жүйенің мүшесіне айналып белгілі бір әлеуметтік статусты қалыптастыратын процесстер жиынтығы“ ретінде қарастырады. Әлеуметтену концепциясының талдауына ерекше үлес қосушы көрнекті американ социологы Р.Мертон. Ол жеке тұлғаның қоғамдағы құндылықтар мен нормаларға әлеуметтік бейімделу типологиясын ұсынды. Типология негізінде – индивидтің әлеуметтік құндылықтар мен нормаларды мойындап жетуге ұмтылу сәйкестігін жатқызады.Ұсынған тұжырымдамада ол жеке тұлғаның оптимальдысы (маңыздысы) әлеуметтік құндылықтар мен идеалдар, нормалар,оларға жетуді мойындайтындар.Мұндай жеке тұлғаны Р.Мертон конформистис деп анықтады. Әлеуметтік маңызды құндылықтарға қол жеткізу нориасы саласындағы экспериментальды екінші жеке тұлға типі – инновациялық болып табылады керісінше, әлеуметтік мақсаттарға экспериментальды салаға қарсы (дәстүрлі мақсаттар мен құндылықтардан бас тартып жаңны ұсыну) алайда дәстүрлі әлеуметтік нормаларды сақтай отырып, берілгендікті білдіретін жеке тұлға типі - ритуалданған (үрдістенген). Ені қалған типтер әлеуметтік белсенділігіне қарай изоляциондық тип (эскапизм) - әлеуметтік мақсаттар мен қол жеткізу шараларын қабылдамайтын, сондай-ақ адам өз әлеміне кетіп қалатын, қоғаммен ешқандай байлнысқа түскісі келмейтін жеке тұлға. Бесінші тип, “мятежник” дау-жанжалға жақын типтер, наразы тұлғалар - әлеуметтік құндылықтар мен идеалдарға қарсы шығып жаңа идеалдар мен іс-әрекет нормаларын ұсынушы адамдар. Осы типологияны қарастыра отырып, әлеуметтену нәтижесі жеке тұлғаның қоғамдағы интеграциялық деңгейі мен тұрақтылық дәрежесін анықтайтын әлеуметтену қорытындысын көрсетеді.Әлеуметтенудің идеалды варианты жеке тұлғаның алғашқы ........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру