Биология | Жаздық бидайды өсіріп зерттеу орны.
Мазмұны
Кіріспе
1 тарау. Жаздық бидайдың агробиологиялық ерекшеліктері
1.1. Жаздық бидайдың биологиясы және ботаникалық
сипаттамасы
1.2. Жаздық бидай өнімділігінің агробиологиялық
ерекшеліктері
1.3. Жаздық бидай өніміне әсер етуші негізгі
агроэкологиялық факторлар
2 тарау. Жаздық бидайды өсіріп зерттеу орны
2.1. Топырақ - климат мелиоративтік және агроэкологиялық
жағдайы
2.2. Арал өңіріндегі егіншілік аймақтарының
агроэкологиялық және топырақ мелиоративтік
сипаттамалары
3 тарау. Жаздық бидай өнімінің қалыптасуының морфофизиологиялық ерекшелiктерi
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
КIPICПЕ
Тақырыптың маңыздылығы. Астық өндірісі саласын жеделдетіп дамыту еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы мемлекеттік аграрлық саясаттың бірінші кезекті міндеттерінің бірі болып табылады[1]. Бiрақ, арал өңірінде жылдан жылға күшейген су тапшылығы болып, жаз айларында Сырдария өзені суы ауыл шаруашылығын суландыруға жеткіліксіз болып отыр. Болашақта бұл жағдай одан да ушығуы мүмкін. Сондықтан суды аз талап ететін, экономикалық түрғыдан тиімді дақылдарды өндіріске енгізу керек. Бұл жағынан алғанда бидай бағалы азықтық дақыл, оның биологиялық потенциалы жоғары [2,3].
Ерте жаздық дақыл - бидайды күріш ауыспалы егісіне енгізу, оны мелиоративтік және басқа танаптарда өсіру инженерлік дайындалған суармалы жерлер тиімділігін арттырады, суды үнемдейді, ауыспалы егіс танаптарынан түсетін жалпы дән өнімін көбейтеді [4-7].
Арал өңіріндегі күріш ауыспалы егісінде жаздық бидайдың егiс көлемі жылдан жылға ұлғайып келеді. Бірақ Орталық Азия мен Қазақстанның оңтүстік аймағындағы суармалы епншілік жағдайда (күріш, мақта, көкөніс ауыспалы егістерінде) өсірілген жаздық бидай дәнінде белок және клейковина мөлшері төмендейді. Осыған сәйкес, оңтүстік облыстар (мысалы, Қызылорда облысы) қатты және күшті бидайды немесе оның ұнын солтүстік аймақтан сатып алуда. Сондықтан егіншілікті әртараптандыру (диверсификациялау) бағдарламасына сәйкес, Қазақстандық Арал өңірінде жаздық бидайдың егіс көлемін 20-25 мың гектарға дейін ұлғайтып (бұл 1981-1990 жылдарғы егіс көлемі деңгейі), аталған дақылдың өсіру технологиясын жетілдіру арқылы сапалы астық мөлшерін арттыру керек. Бидайды өсіруге Арал өңірінің топырақ-климат жағдайы қолайлы, бірақ жайсыз кезеңдері де бар.
Ғылыми зерттеу мәліметтері және озат тәжірибе нәтижелеріне қарағанда [8-11] құрамында белок, клейковина мөлшері көп дән алуға болады.
Дән құрамында белок пен клейковинаның көп жиналуына азот тыңайтқыштарының әсері үлкен, ал клейковина сапасы - өсу кезеңіндегі, әсіресе масақтану фазасынан кейінгі кезеңдегі ауа райына, яғни гидротермиялық коэффициентке (ГТК) және сорт–NRK- ГТК факторларының өзара әсеріне байланысты.
Сонымен, бидай дақылының өнімділігін арттыру үшiн минеральды тыңайтқыштарды қолдану жүйесiн қолайландыру (оптимизациялау),морфофизиологиялық ерекшелiктерiн анықтап,өсiру технологиясын жетiлдiру ең өзектi мәселелердiң бiрi.
Жұмыстың мақсаты мен мiндетi
Жұмыстың мақсаты. Арал өңiрiндегi топырағы тұзданған суармалы егiншiлiк жағдайында жаздық бидай өсiру технологиясын биологизациялау,бидай өнiмi қалыптасуының агроэкологиялық негiздемесiн тұжырымдап, ең жоғары дән өнiмiн беретiн агроценоз параметрлерiн белгiлеу ; Арал өңiрiндегi күрiш ауыспалы егiсi жағдайында жаздық бидай өнiмiмен дән сапасына минеральды тыңайтқыштар әсерiн зерттеп, оны енгiзу мөлшерiн, тәсiлдерiн оптимизациялап оңтайландыру,осылардың негiзiнде дақылды өсiру технологиясын жетiлдiру
Жұмыстың мiндетi. Егiншiлiктi әртараптандыру (диверсификациялау) бағдарламасына сәйкес күрiш ауыспалы егiсiнде жаздық бидайды өсiру технолгиясының морфофизиологиялық негiздемесiн тұжырымдап, агротехникасын жетiлдiру.
1- тарау. ЖАЗДЫҚ БИДАЙДЫҢ АГРОБИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI.
1.1. Жаздық бидайдың биологиясы және ботаникалық сипаттамасы
Бидай - әлемдегі ең кеңінен таралған дақыл, 148 елдің негізгі азық-түлігі болып табылады. Бүкіл дақылдар өнімінің 60 %-ы бидайдан алынады. Адам организміне қажетті белоктар мен көмірсулар (углеводтар), витаминдер А, В, В2 , В6, РР, С, Д, Е, минеральды түздар және басқа да заттар бидай дәні қүрамында бар. Бидай белогындағы амин қышқылдары құрамы үйлесімді және организмге сіңімді [12, 13, 14-16].
Жүмсақ бидай дәніне қарағанда қатты бидай дәнінде белок көбірек. Бірақ жүмсақ бидайдың көптеген сорттарының дәні өте сапалы, оларды "күшті" бидай деп атайды.
Әлемдік стандарт бойынша бидай дәніндегі белок мөлшері 13,5%-дан кем болмауы керек. Қазақстанда өсірілген жаздық жұмсақ бидай сорттары дәніндегі белок мөлшері 13,2-19,8 % [17], клейковина мөлшері 19-31,4 % аралығында болды [18]. Бұл әлемдік стандарт деңгейіндегі көрсеткіш. Яғни, Қазақстанда өсірілетін жүмсақ бидайдың коммерциялық сорттары генетикалық тұрғыдан жоғары сапалы [17].
Бидай (Тгіtісum L. туыстығы) астық (злак) тұқымдастығына (Gramineae) жатады [13]. Қазіргі жүйелеу (систематикалау) бойынша (В.Ф.Дорофеев, 1980) Triticum туыстығында 27 түр бар [16]. Олардың негізгілері соматикалық клеткалардағы хромосомасына қарай 4 генетикалық топтарға бөлінеді [16, 19].
Бірінші тобы - 14 хромосомды диплоидты бидай түрлері:
1. Тr. Trіtiсum aegilopodies Linк - жабайы бір дәнді бидай.
2. Тr.urarthu Tum - жабайы Урарту бидайы.
3. Тr. monococcum L. - бір дәнді мәдени бидай.
Eкінші тобы - 28 хромосомды тетраплоидты бидай түрлері:
4. Тгісum сһаldicum - Халд бидайы.
5. Тr. dicocoides (Когп). Ааr - жабайы қос дәнді бидай.
6. Тr. Тіmорһееvі Zһuк. - Зандури бидайы.
7. Тr. раlаео-соlсһісum Меn - колхида қосдәнді бидайы.
8. Тr. dicococcum Schubl - полва бидайы.
9. Тr.durum Desf. - қатты бидай.
10. Тr. aethiopicum Jakubz - Абиссиния бидайы.
11. Тr.turgidum L. – тургидум бидайы.
12. Тr. carthlicum Nevski – қарталы бидайы.
13. Тr. turanicum Jakubz – Туран бидайы.
14. Тr.polonicum L. – Польша бидайы.
Үшінші тобы – гексаплоидты бидай.
15. Triticum macha – Мах бидайы.
16. Тr.spelta L. – Спельта бидайы.
17. Тr. aestivum L. - жұмсақ бидай.
18. Тr. compactum Hoct- карлик бидай.
19. Тr. Sphaerococcum Perc.- домалақ дәнді бидай.
20. Тr. Vavilovi Jakubz – Вана бидайы.
21. Тr. amplissifolium Zhuk – жалпақ жапырақты бидай.
Төртінші тобы – оклаплоидты бидай.
22. Triticum funicidum Zhuk – жалпақ жапырақты бидай.
ТМД елдері аймағында, соның ішінде Қазақстанда бидайдың негізінен екі түрі – жұмсақ бидай ең көп егіс көлемінде өсіріледі.
1- кесте. Жұмсақ бидайдың түршелері және олардың негізгі сипаттмалары [16,19]
Түршелер аттары Қылтықты немесе қылтықсыздығы Масақ түсi Масақтың түктілігі Дән түсі
Lutescens A1- Қылтықсыз Ақ түксіз қызыл
Albidum A1 –альбидум -*- -*- -*- ақ
Milturum A1- мильтурум -*- қызыл -*- қызыл
Erythospermum Korn- эритроспермум Қылтықсыз ақ -*- -*-
Ferrugineum A1-ферригинеум -*- қызыл -*- -*-
Calsium-цезиум -*- Қара қоқшыл қою қызыл -*- -*-
Hostianum Clem- гостианум -*- ақ түкті -*-
VelutinumSchubl-белютинум Қылтықсыз -*- -*- -*-
Barbarossa Al-Барбаросса Қылтықты қызыл -*- -*-
Alborubrum Korn- альборубрум Қылтықсыз -*- түксіз ақ

Жаздық бидай бір жылдық өсімдік. Оның өсіп даму дәуірі сортына байланысты 70-120 күн аралығында болады. Бидайдың өсіп даму фазалары (кезеңдері) төмендегідей: 1)тұқымның өнуі; 2)өскіннің "тебендеп" шығуы; 3) үшінші жапырақтың пайда болуы; 4) түптенуі; 5)түтiктенуi;6)сабақтануы; 7) дақылдың бас алып масақтануы; 8) дәннің сүттенуі; 9) қамырлануы; 10) дәннің толық пісуі.
Ғалымдардың пікірі бойынша [21, 22], астық түқымдас злак өсімдігі, соның ішінде бидай - монокарптық сабақтар жүйесі, олардың төменгі буындары өте қысқарған. Өсімдіктерде жанама сабақтар мен қосымша буын тамырларының пайда болуы қысқарған буынаралықтарда, яғни түптену буынында өтеді. Негізгі өнім құраушы әрі фотосинтездеуші жүйе - бұл жеке өскен бір өсімдік емес, олардың қауымдастығы - агрофитоценоз, қысқаша агроценоз, яғни бүкіл егістік. Астық тұқымдас дақылдардың (бидай, арпа, сұлы) өмір сүру формаларын экологиялық - фенотиптік тұрғыдан жүйелеу нәтижесінде олардың негізгі төрт (типі) бар екені анықталды [22-24].
I түрі (типі) - дәннен бір сабақты (масағымен) өсімдік өсіп жетіледі. Мұндай жағдайда тек үрық тамырлар өсіп дамиды. Астық тұқымдас дақылдардың осы типі егістігі түқым көп мөлшерде себіліп, тереңге сіңірілген немесе ылғал өте аз тәлімі жағдайда қалыптасады;
II түрі (типі) - егілген дәннен бас және жанама сабақтары бар өсімдік өсіп шығады. Түптену буынынан шығатын қосымша тамыр жүйесі нашар дамыған немесе тіпті өспейді. ¥рық тамыр жүйесі барлық сабақтардың дүрыс дамуын қамтамасыз ете алмайды. Жанама сабақтардың біразы жойылады, ал қалғандары нашар өсіп дамиды,оның масақтарындағы дәндер семiк болып,өнiмдiлiгi төмендейдi;
III түрі (типі) - себілген дәннен бас және алғашқы кезекте пайда болған жанама сабақтары бар өсімдік қалыптасады, әрбір сабақ түбінен қосымша тамыр жүйесі жақсы дамиды. Осылай дамыған әрбір түп өсімдік бір мезгілде өсіп дамыған 2-5 жанама сабақ бере алады. Осы тип бойынша өсіп дамыған астық тұқымдас дақылдар егер топырақ қүнарлы болып, қоректік заттар және ылғал жеткілікті болса ең жоғары әрi сапалы өнім береді, сабақтары берік болып, жатып қалмайды.
ІҮ түрі (типі) - егілген дәннен бас және алғашқы кезекте пайда болған жанама сабақтары бар өсімдік қалыптасады, түптену түйінінен екінші қосымша тамырлар жүйесі өсіп жетіледі. Бірақ, түптену процесі осымен аяқталмай, бүкіл өсу дәуірі бойынша жүріп, екінші кезекте және одан кейін пайда болған жанама сабақ өседі. Дегенмен, кейінгі сабақтардың өсіп дамуы әдепкілерінен қалып кешігеді, біраз сабақтар масағының өнімі төмен болып, ал кейбір сабақтарда тіпті масақта болмайды. Өсімдіктердің мұндай типі сирек егістерде, түптену процесіне қолайлы жағдай болып, екінші қосымша тамырлар пайда болғанда байқалады. Мұндай егістікте (агроценозда) дақылдың пісіп жетілуі ұзарады, кейінгі пайда болған жанама сабақ масақтарындағы дәннің нашар толысып пісуі әсерінен егістік өнімі төмендеп, технологиялық және тұқымдық сапасы нашарлайды [23,24]
Егер топырақтың үстіңгі қабатында ылғал аз болса (мұндай жағдай қөктемде жиі болады, немесе егістік суарылмаса), қосымша тамырлар дамымайды. Нәтижесінде бас сабақтағы қоректік заттардың бір бөлігі жанама сабақтарға өтіп, оларды қоректендіреді де, бас сабақтың өсіп дамуы нашарлап кешеуілдейді. Ал, қоректік заттар мен ылғал жетіспеген ....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: курстык жумыс Жаздық бидайды өсіріп зерттеу орны. курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар биология жобалар курстық жұмыстар