Журналистика | «Әділ сөз» қорының қызметі мен қоғамда алатын орны

 Журналистика | «Әділ сөз» қорының қызметі мен қоғамда алатын орны

Мазмұны
Кіріспе 3
І тарау. «Әділ сөз» қорының қызметі мен қоғамда алатын орны
1.1. «Әділ сөз» қорының мақсаты мен міндеті 5
1.2. Қазақстандағы сөз бостандығы мен журналистер құқығының қорғалуы 21
ІІ тарау. Журналистер құқығының қорғалуындағы шетелдік тәжірибе
2.1. Ресейдегі журналистер құқығының қорғалуы 39
2.2. Ақпараттық соғыс. Теке тірес аймағындағы журналистер құқығының қорғалуы 46
Қорытынды 53
Қосымша 56
Сілтемелер тізімі 51
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 52

Кіріспе
Журналист мамандығы дүние жүзіндегі ең қауіпті мамандықтың бірі ретінде белгілі. Қоғамның жоғын жоқтайтын, түсін түстейтін, қоғамдық пікір қалыптастыратын журналистер. Елге араша түсіп, халықтың жан ашыры болатын да журналистер. Бірақ күнделікті осы жан ашырлардың құқықтары белден басылып, өмірлері мен шығармашылықтарына түрлі қауіп-қатер төніп тұрады. Осыған орай «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қордың жұмысын қарай келе, Қазақстандағы рөлі мен қызметіне тоқталып өттім. «Әділ сөздің» негізгі мақсаты мен міндеті қандай, журналистердің құқығын қалай қорғайды, сондай-ақ, өзге елдердегі баспасөз өкілдерінің құқығы қалай қорғалатыны сияқты тақырыптарды көтердім.
«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры өз жұмысын 1999 жылдың 12 сәуір күні бастады. Аталған қордың басты мақсаты – елімізде еркін, объективті, прогрессивті журналистиканы қалыптастыру. Ал жұмысының негізгі бағыты – заңымызды одан әрі жетілдіріп, БАҚ және журналистердің құқығын қорғау мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін заң жағынан сауаттандыру. Өйткені мемлекеттік пен жекеменшік баспасөз журналистерінің заң саласынан сауаты жеткіліксіз болғандықтан, олар сан алуан қиыншылықтар мен өмірдегі түрлі жағдайларға ұрынып жатады. Аталған қордың негізгі артықшылығы – бұқаралық ақпарат құралдарының мүддесін қорғап, журналистерге заң тұрғысынан кеңес беру, ал керек кезде сот ісіне араласып, БАҚ мүддесін қорғау болып табылады.
Журналистер құқығын қорғаудағы «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қордың алатын орны ерекше. Бүгінгі таңда сөз бостандығын бұзу, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің құқығы мен ар-намысының аяққа тапталуы жиілеп барады. Сондай-ақ, еліміздегі сөз бостандығы күннен-күнге тарылып бара жатқан сияқты. Сондықтан дипломдық жұмысымның мақсаты бүгінгі таңда журналистердің құқығын кімдер және қалай қорғап отырғанын анықтап, олардың жұмысымен танысу.
Журналистерді құғындау, соққыға жығу, сотқа сүйреу оқиғалары Қазақстанға таңсық емес. Бұл көбіне-көп сөз бостандғына берілген кепілдіктің декларативті сипаттан ары аса алмауының жемісі екенін журналистер жақсы біледі. Біле тұра лаулап тұрған ойға қойып кетеді. Журналист қызметінің қызығы да осы шығар. Ал ақиқатында, еркін баспасөз ешқашан мемлекеттің жауы болған емес. Ақпарат үшін жан тапсырғандардың қай-қайсысы болмасын өзі өмір сүрген қоғамның алға жылжуын қалағаны анық. Егер осы міндетін өмірінің құнымен өтейтін болса, шындықты айтудың қажеті бар ма деген сауал туады.
Бүгінгі күні Қазақстандағы журналистердің құқығын қорғайтын орталықтардың кемшіліктері болса да, олар Қазақстанның журналистерін қорғап, оларға қолдау көрсетіп жүр.
І тарау. «Әділ сөз» қорының қызметі мен қоғамда алатын орны
1.1 «Әділ сөз» қорының мақсаты мен міндеті
«Репортерлер шекарасыз» халықаралық ұйымы жыл басталмай жатып жорналшылардың қатарын үйреншікті дәстүр бойынша түгендеп шықты. Нәтижесінде өткен жылы 63 журналистің өз кәсібін атқару барысында мерт болғаны анықталды. Ең қызығы, осы қаралы тізімнен бір орын қазақстандық журналистке беріліпті. Халықаралық ұйым жерлес журналисіміздің атын атап, түсін түстемеген. Осыдан келіп Қазақстандағы журналистер қауымы осы сауал төңірегінде бас қатырып, өз беттерінше жорамал жасауға мәжбүр болып отыр.
Дуалы ауыздар өз қызметі жолында шейіт болған қазақстандық журналист туралы алғашқы болжамын жариялап үлгерді. Әзірге бұл жорамалдар «мен білсем, пәленшенің баласы» деген көшедегі құмалақшының тұспалы дәрежесінен асып кете алмады. Сөйтіп, әркім өзінше болжам жасап, сан-саққа жүгірді.
Соның біріне құлақ түрсек, «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының президенті Тамара Калеева былай дейді: «Мүмкін ол бұзақылардың жанжалы кезінде өз үйінің қасында мерт болған журналист шығар. Бірақ бұл оқиға қызмет барысында емес, кездейсоқ орын алды ғой» /1/. Шынында өткен жылы «Рахат» телеарнасының тілшісі Алуа Әбенова өз ауласында қаңғыған оқ тиіп мерт болған. Бірақ бұл оқиғаны журналистің қызметімен байланыстырудың ешбір қисыны жоқ. Бұл жерде Калеева ханым оқиғаны кездейсоқ орын алды деп дұрыс бағалаған. Солай дей тұра, «тисе терекке, тимесе бұтаққа» деп, кәсібилікпен жымдаспайтын мінез көрсетті. Оқыс өлімдерді тізе берсек, бір Қазақстаннан ондаған журналистің есімін атауға болады.
Қалай болғанда беделді халықаралық ұйым келтірген қаза болған қазақстандық журналистің есімі «икс» күйінде қалатын түрі бар. Халықаралық ұйымның санақ кезінде қателесу мүмкіндігін жоққа шығаруға да болмайды. Енді келіп жарияланған жұмбақ сан «Ойлан. Тап.» деген балалар ойынына айналып отыр.
Уақыт өткен сайын журналистер саяси ойын алаңындағы кикілжіңдер мен экономикалық ықпал ету тетіктерін уысына шоғырландырған алпауыттардың мүдделі әрекеттеріне шырмалуда. Бұл екі түйенің сүйкеніп, ортасындағы шыбынның жан тәсілім болатын міскін халін еске түсіреді. Журналистердің белгілі бір топтың қарымта соққы беретін қолшоқпары қызметін атқаруы бүгін пайда болған құбылыс емес. Тек ақпараттық соғыстың заң шеңберінен шығып, басбұзарлардың қодыраңбай әрекетіне ұқсап кетуі қоғамның бет-пердесін сыпырып, анық келбетін әйгілеуде.
Соңғы он жылда кәсіби қызметтерін атқару кезінде әлемде 339 журналист көз жұмған. Бір қызығы, журналистерге соғыс жағдайынан гөрі, бейбіт өмір қауіптірек. Жоғарыдағы 339 журналистің 67-сі ғана қарулы қақтығыста мерт болған. Қалғандары билік пен байлықты бөлісе алмағандар мен кеудемсоқтардың құрбандары /2/.
Журналистерді құғындау, соққыға жығу, сотқа сүйреу оқиғалары Қазақстанға таңсық емес. Бұл көбіне-көп сөз бостандғына берілген кепілдіктің декларативті сипаттан ары аса алмауының жемісі екенін журналистер жақсы біледі. Біле тұра лаулап тұрған ойға қойып кетеді. Журналист қызметінің қызығы да осы шығар.
Ал ақиқатында, еркін баспасөз ешқашан мемлекеттің жауы болған емес. Ақпарат үшін жан тапсырғандардың қай-қайсысы болмасын өзі өмір сүрген қоғамның алға жылжуын қалағаны анық. Егер осы міндетін өмірінің құнымен өтейтін болса, шындықты айтудың қажеті бар ма деген сауал туады. Жауабы күрделі сұрақ осы.
«Репортерлер шекарасыз» халықаралық ұйымы жыл сайын өз кәсібін атқару барысында мерт болған журналистер туралы берген дерегінен қанша БАҚ өкілі белгілі бір топтың немесе адамның құрбаны болғанын көреміз. Қуантатыны, басқа мемлекеттермен салыстырғанда біздің елімізде мерт болған журналистердің саны өте аз. Алайда мемлекеттімізде ондай бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің саны жыл өткен сайын артуда. Тағы бір назар аударатын жайт, «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры үстіміздегі жылдың басында жариялаған статистика бойынша жыл сайын қайтыс болатын немесе белгілі бір адамдардың қудалаушылығына түсетін журналистердің басым көпшілігі Алматы тұрғындары екен. Қазақстанның басқа қалаларымен салыстырғанда журналистерді өлтіру, олардың жұмысына кедергі жасау сияқты қылмыстық істер оңтүстік астанамызда жиі орын алады. «Репортерлер шекарасыз» халықаралық ұйымы іспеттес елімізде баспасөз өкілдерінің құқығын қорғайтын бізде «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры бар. Аталған қор жеті жыл қатарынан Қазақстандағы журналистердің құқығын, сөз бостандығының жағдайын зерттеп, 12 айда бір рет қорытындысын жариялап отырады екен.
Сондай-ақ, «Әділ сөз» қорының жұмысына Ресейдегі әріптестері қол ұшын беріп, тәжірибесімен бөлісуде. Мәселен, Қазақстандағы сөз бостандығын бұзу бойынша мониторигті жүргізуге «Әділ сөз» қорына Ресейде Жариялылықты қорғау қорының президенті Алексей Кириллович Симонов батасын берді. Ресейдегі Жариялылықты қорғау қоры (ЖҚҚ) мұндай жұмыспен көптен бері айналысады. Ал одан басқа Мәскеуде журналистердің құқығын қорғайтын өзге де қоғамдық қорлар мен ұйымдар бар. «Әділ сөз» қоры өз жұмысын бастаған кезде Қазақстанның БАҚ жүйесіндегі құқық қорғау саласы шынында игерілмеген тың болып шықты. Осы және басқа көптеген себептермен «Әділ сөз» қорына мониторингтің құрылымы мен формасын көп жағдайда еліміздегі БАҚ-тың жағдайы мен талап-қажеттілігінен шыға отырып дербес жасап шығаруға тура келді, - дейді қордың президенті Тамара Калеева. Ал сөз бостандығының жағдайын әрдайым бақылау үшін аталған қор өзінің тұрақты өкілдері бар 9 облысты қамтып, олармен тығыз жұмыс істеуде. Олар – Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облысы мен Алматы қаласы. Ал «Әділ сөз» қоры өз жұмысын бастағаннан кейін, көп ұзамай-ақ, қордың қатарына өз еркімен қосылған журналистер қордың жұмысына араласып, ақпарат таратып отырды. Дегенмен олар үшін ақпарат алу оңайға түскен жоқ – журналистер өздеріне көрсетілген қысым мен қудалаушылық туралы ашық айтуға тәуекелге бара алмады. Сондықтан, көптеген ақпарат баспасөздің, электрондық бұқаралық ақпарат құралдарының беттерінде жарық көрді /3/.
«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының тіркелген күні 1999 жыл 12 сәуір. Аталған қордың басты мақсаты – елімізде еркін, объективті, прогрессивті журналистиканы қалыптастыру. Ал жұмысының негізгі бағыты – заңымызды одан әрі жетілдіріп, БАҚ және журналистердің құқығын қорғау мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін заң жағынан сауаттандыру. Өйткені мемлекеттік пен жекеменшік баспасөз журналистерінің заң саласынан сауаты жеткіліксіз болғандықтан, олар сан алуан қиыншылықтар мен өмірдегі түрлі жағдайларға ұрынып жатады. Аталған қордың негізгі артықшылығы – бұқаралық ақпарат құралдарының мүддесін қорғап, журналистерге заң тұрғысынан кеңес беру, ал керек кезінде сот ісіне араласып, БАҚ мүддесін қорғау болып табылады.
Журналистердің құқығын қорғайтын қор елімізде әзірше біреу. Өз жұмысын 7 жыл бұрын бастаған «Әділ сөз» халықаралық қоры бүгінгі күні өз міндетін атына кір келтірмей атқаруда. Ал «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қордың президенті Калеева Тамара Мисхадқызы. Бүгінгі күні Тамара Калееваны барлығы құқық қорғаушы ретінде таниды. Өйткені соңғы жеті жыл қатарынан Тамара Мисхадқызы журналистердің құқығы мен бостандығын қорғаумен айналысып келеді. Сондай-ақ, «Әділ сөз» қоры БАҚ жұмысына байланысты заң жобаларын шығаруға көмектеседі. Бұрын Тамара Калеева Қазақ радиосының алдыңғы қатардағы журналистердің бірі болғанын, сондай-ақ, «Казахстанская правда» басылымында құқық тақырыбына жазғанын көпшілік біле бермейді. Сондықтан республикалық БАҚ-тағы жұмысын тастаған соң Тамара Калеева журналистердің құқығын қорғаумен айналыса бастады. Өйткені бүгінгі күні төртінші билік өкілін кез келген адам ренжіте алады. Ал жазаға тартатын да, жазаға тартылатын да ешкім жоқ.
Қордың негізгі жұмысы - республикада сөз бостандығын бұзу жайында мониторинг жүргізу. Ал мониторинг дегеніміз –деректерді тек жүйелі түрде жазып, оны тіркеп отыру. Бірақ «Әділ сөз» қорының алдына қойған басты мақсаты журналистерге көмек көрсету болып табылады. Өйткені аталған қор өзін БАҚ өкілдеріне жәрдем беруге міндетті деп санайды. Оның басты себебі қазіргі кезде көптеген бұқаралық ақпарат құралдарында заңгерлік көмек беретін қызмет жоқ. Журналистер өздеріне қатысты қандай да бір құқықтық (әсіресе, бейқұқықтық) қимыл-қарекеттерді қалай қабылдауды, оған сауатты түрде қалай жауап қайтаруды білмейді.
«Әділ сөз» халықаралық қор мониторингті 1999 жылдан бастап жасап келеді. Онда ай сайын цензура, журналистерге қысым көрсету, БАҚ өкілдеріне ақпарат беруден бас тарту сияқты оқиғалар туралы мәліметтер жиналады. Ал бұл заң бұзушылықты Қазақстан Республикасының қазіргі заңы мен халықаралық құқық нормаларына сәйкес топтастыру мекеменің негізгі жұмысы болып табылады. Қордың 2000 жылы жасаған мониторингін толыққанды, жан-жақты деуге болмайды. Өйткені ол «Әділ сөз» қорының алғашқы жылдары жасаған бірінші тәжірибесі. Ал сөз бостандығы мен бұқаралық ақпарат құралдарының құқық латентін бұзу сияқты оқиғалар «Әділ сөз» қорының тәжірибесінде жиі кездеседі. Алайда ондай кемшіліктерді аталған қордың президенті Тамара Калеева жасырмайды. Дей тұрсақ та, мониторингтің көмегімен Қазақстандағы сөз бостандығын бұзу туралы, бұқаралық ақпарат құралдары өмірінің толық болмаса да, шынайы жағдайын көруге болады /4/.
Қазақстандағы сөз бостандығын бұзу жайлы мониторингті «Әділ сөз» қоры 2000 жылдан бастап ай сайын жүргізуде. Мониторинг «Әділ сөз» қорының тілшілері мен өз еркімен жұмыс істеушілердің ақпаратынан және бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көретін мақалалардан жиналып, қорытынды жасалады. Жиналған мағлұматтардың заңдық дәрежесі Қазақстан Республикасының қазіргі заңнамасы мен халықаралық құқыққа сәйкес топтастырылады. Сондықтан мониторинг жұмысы тарауға, бөлімдер мен тармақтарға бөлінеді екен. Мәселен, І-ші тарауда бұқаралық ақпарат құралдарындағы дәйектілікті анықтайтын еліміздегі саяси, әлеуметтік, әкімшілік пен құқықтық жағдайдың ерекшелігі жайлы жазылады. Бұл жерде мемлекет немесе белгілі бір облыс, аймақ басшылығының сөз бостандығына тікелей ықпал ететін іс-әрекеті, арыздары, бұйрықтары мен өтініштері жайлы сөз қозғалады. Сондай-ақ, тараудың бөліміне журналистер мен БАҚ құқығын тікелей немесе жанама түрде анықтайтын жаңа заңнамалық актілер енгізілген. Сонымен қатар, мониторингтің бірінші тарауында шетел мен жергілікті беделді сарапшылардың Қазақстандағы сөз бостандығына берген объективті бағалары көрсетілген. Басқа БАҚ өкілдерінің тәжірибесімен танысу мақсатында, олар алған сабақтан бір түйін жасап шығару ниетінде, елімізде журналистер өз құқықтарын қалай қорғайды екен, олардың іс-әрекеттерінің дұрыс-бұрыстығы жайлы аталған тарауда баяндалады.
Ал екінші тарауда журналистер мен БАҚ құқығын бұзу туралы мол ақпарат пен тәжірибе топтастырылған. Бұл тарауды қарап отырып мемлекетімізде орын алған заң бұзушылықтардың қаншалықты сан алуан екенін көруге болады. Мәселен, қоғамдық маңызы бар ақпаратты беруден бас тарту, цензура, қорқыту, қысым көрсету, жалақы төлемеу, журналистің кәсіби жұмысына кедергі жасау және т.б. проблемалар осы тарауда мысалымен көрсетілген. Ал заң бұзушылықтың барлығы заңнамаға сәйкес бөлімдерге топтастырылған. Сондықтан заң қызметкерлері өз ақыл-кеңесімен бөлісіп, мүмкін болғанша, әр заң бұзушылықтың себеп-салдарын талдап беруге тырысады. Сондай-ақ, кез келген БАҚ өкілінің басына іспеттес жағдай түскен кезде, тарауда жазылған кеңестердің пайдасы мол. Ал соңғы, яғни үшінші тарауда дау-жанжал, БАҚ пен журналистерге айып тағу сияқты проблемалар қарастырылған. Аталған бөлімде журналистердің жарық көрген мақалалары үшін айып тағу сияқты мысалдар келтірілген. Қылмыстық пен әкімшілік іске байланысты барлық заң бұзушылық пен айып түрлері қарастырылған. Мәселен, бұл тарауда өсек-жала, жәбірлеу, ұлтаралық шағыстыру және т.б. мәселелер көтеріледі. Сондай-ақ, журналистерге қойылатын талаптар, БАҚ, журналистер мен мақала авторларының ісіне қатысты жүргізілген сот ісі туралы ақпарат енгізілген. Бұл тараудың әр бөлімінде де заң қызметкерлерінің ақыл-кеңесі жазылады /5/.
Қазіргі кезде біз әрбір қордың, ұйымның, мекеменің соңғы жаңалықтарын олардың жеке сайтынан оқып, өзімізге керек мағлұматты ала аламыз. Сол сияқты «Әділ сөз» қорының да ең маңызды әрі соңғы жаңалықтары оның жеке сайтында топтастырылған. «Соңғы жаңалықтар» деп аталатын айдардың жұмысы соған арналады. Бірақ, қор сайтының жұмысы тек орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Ал қазақ тілі жетім баланың күйін кешіп қалды.
Нарық заманында бір мамандықпен шектеліп қалуға болмайды. Өйткені тек журналистер емес, осы кезеңде өзін білімді санайтын әрбір адамның көзқарасы жан-жақты, білімі терең болу керек. Ал БАҚ өкілдері үшін заң саласынан хабардар болу ауадай қажет. Себебі олар күнделікті өмірінде өз құқықтарын жетік білмеген соң заң немесе құқық бұзушылықпен жиі кездеседі. Ал «Әділ сөз» қоры журналистердің құқығын қорғайтын халықаралық қор болғандықтан, заң саласына өте көп көңіл бөлуі шарт. Аталған қордың заң қызметінің жетекшісі Кальсин Иллиодор мен мекеме заңгері Красильникова Ганна қаламы ұшқыр адамдардың алдынан шығатын қиыншылықтарды шешуге көмектеседі. Алайда олардың жұмысы тек кеңес берумен шектелмей, сот ісіне қатысты құжаттарды дайындау, БАҚ пен журналист құқығы мен мүддесін қорғау сияқты міндеттері де бар.
2003 жылдың басында «Әділ сөз» қорының қарамағында ақпараттық дауды шешетін тәуелсіз қоғамдық сараптама Орталығы ашылды. Бүгінгі күні Орталық жұмысына филология, өнертану, психология, философия, теософия мамандығының 20-дан астам кандидат пен ғылым докторлары өз үлесін қосуда. Бұлардың басым көпшілігі қазақстандық жоғары оқу орындарында дәріс береді. Ал қордың тәуелсіз сараптама Орталығын басқаратын Аженова Ғалия Хакимқызы.
Сондай-ақ, өз білімін заң жағынан толықтырып, жетілдіремін деушілерге «Әділ сөз» қоры ай сайын «Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдарының заңнамасы мен тәжірибесі» деген ақпарат бюллетенін шығарады. Мұнда БАҚ жұмысына тиісті жаңа заңдар, нормативті мен ведомстволық актілер және заң жобалары жарияланады. Сонымен қатар, заң мамандарының түсініктемесі, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының проблемалары, шетел әріптестерінің тәжірибесі туралы мақалалар жазылады. Сан алуан жаңалықтар мен тәжірибені бір басылымға топтастыратын бюллетень редакторы – Степенко Людмила. Ал «Әділ сөз» қоры жұмысының қорытындысы кітап пен кітапша түрінде басылып шығарылады. Аталған басылымдармен де қор сайтының «Біздің басылымдар» атты айдарынан танысып шығуға болады /5/.
«Әділ сөз» қоры бірқатар саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, мәжіліс депутаттарымен, Бас прокуратурамен, Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотымен тұрақты түрде жұмыс істейді. Сондай-ақ, қор мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар өткізетін ресми форумдарға, бейресми шаралар мен баспасөз маслихаттарына қатысады. Ал кездесу кезінде екі жақ ақпарат алмасып, кейін оны дерек пен дәйек үшін пайдаланады. Мәселен, «Әділ сөз» қоры мониторинг жасаған кезде баспасөз маслихатынан алынған мағлұматтың көмегі мол тиеді.
2003 жылы «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры Тәжікстан тәуелсіз БАҚ-ң Ұлттық Қауымдастығымен, Өзбекстан-Интерньюсімен және Қырғыз Республикасының «Журналистер» Қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып, «Орталық Азия мемлекеттерінде сөз бостандығының демократиялық қағидаларын қорғау» атты жобаны іске асырды /6/.
Ал осыдан екі жыл бұрын «Әділ сөз» қоры Астана, Ақмола, Жамбыл, Павлодар, Қостанай облыстарында тілші орындарын ашты. Енді қор жаңалықтарды дер кезінде, тікелей өз журналистеріне хабарласып алады. Бұл да аталған қордың жетістігі. Өйткені осыған дейін аймақтардағы журналистерге қысым көрсету, түрлі жағдайларда олардың құқықтарын сақтамау сияқты заң бұзушылықтар назардан тыс қалатын. Ал енді «Әділ сөз» халықаралық қоры алыс жерлердегі төртінші билік өкілдерінің жақсылығы мен жамандығы, жетістіктері мен кемшіліктері жайлы уақтылы құлағдар болып отырады.
«Әділ сөз» қорының жұмысын қолдап, жобаларына көмегін аямай көрсетіп жатқан ұйымдар мен мекемелердің саны аз емес. Аталған қордың жобаларын Ашық қоғам мен Сорос-Қазақстан Ұйымы, халықаралық даму Американдық агенттігі (ЮСАИД), ЕуроОдақ, Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы мен IFEX халықаралық ақпарат жүйесі сияқты ұйымдар демеу болып, қолдау көрсетуде /7/. Ал аталған ұйымдардың «Әділ сөз» қорына деген оң көзқарасы Қазақстандағы журналистердің құқығын қорғайтын жалғыз қордың дұрыс бағыт ұстанғанының айқын дәлелі екені сөзсіз.
«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының жұмысы заң саласымен, журналистер мен БАҚ-ң құқығын қорғаумен тікелей байланысты болғандықтан, төртінші билік өкілдері қандай заңды білу керек, шатасқан кезде қандай құқықтық актілерді негізге алу керек сияқты мағлұматты да аталған қор назарсыз қалдырмады.
Мәселен, Қазақстандағы бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің құқықтық негіздерін мыналар құрайды:
Қазақстан Республикасы Конституциясының еліміздегі демократия мен сөз бостандығының негіздерін салған және оған тікелей де тура әсер ететін тиісті нормалары (демек, ешбір заң, ешбір заңға қосымша акт бұған қарама-қайшы болмауы керек және мемлекеттік, заң шығарушы, атқарушы һәм сот органдарының барлығы да осы нормаларды тікелей басшылыққа алуы тиіс). Бұл ретте Қазақстан Республикасы Президентінің күнделікті өмірде онша ескерілмейтін және Конституцияның көлеңкесінде қалғандай көрінетін «Қазақстан Республикасындағы Конституция туралы» Жарлығын да атап .............
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру