Қазақ тілі | Етістіктің болымсыз мағынасының эмоционалды-экспрессивтік мәнінің қазақ тілінде берілу жүйесін анықтау
Мазмұны
Кіріспе
I. Қазақ тіліндегі болымсыз мағынаның зерттелуі
II. Болымсыз мағынаның эмоционалды-экспрессивті сипаты және оның берілу жолдары:
а) эмоция, экспрессия ұғымы
ә) болымсыз мағынаның эмоционалдық, экспрессивтік сипаты
б) болымсыз мағынаның реңкі және оның берілу жолдары.
Қорытынды
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі
Қай тілде болмасын болымдылық мағына және оған керісінше айтылатын болымсыздық мағына барлық сөз табына тән ортақ грамматикалық категория. Тілде кез келген сөздер әрі болымды, әрі болымсыз мағынада қолданылады, яғни болымды мағынада айтылса, міндетті түрде оның болымсыз мағынасы бар деп есептелінеді. Есім сөздерде болымсыздықты білдіретін белгілі бір грамматикалық көрсеткіштер жоқ. Олардың болымсыздық формасы емес, жоқ көмекшілерінің тіркесуі арқылы ғана беріледі. Мысалы, ағаш – ағаш емес, ақ – ақ емес, екеу – екеу емес, мен – мен емес.
Етістіктің болымсыздықты білдіретін арнайы грамматикалық көрсеткіші бар. Бірақ солай бола тұра болымсыз мағынаның эмоционалды-экспрессивтік те сипаты, оның берілу жолдары да ерекше көңіл бөлетін тілдік құбылыс. Сондықтан бұл мәселе жан-жақты қарастырылуы қажет.
Жұмыстың мақсаты:
Етістіктің болымсыз мағынасының эмоционалды-экспрессивтік мәнінің қазақ тілінде берілу жүйесін анықтау.
Жұмыстың міндеттері:
– етістіктің болымсыз мағынасы және оның берілу жолдарымен танысу;
– эмоция, экспрессия ұғымына түсінік беру;
– көркем шығарма тіліндегі болымсыз мағынаның экспрессивтілігін білдіретін тәсілдерді анықтау және оларды топтастырып, түрлеріне жеке-жеке тоқталу.

Қазақ тіл білімінде сөздің болымсыздық мағынасы, оның берілу жолдары ғылыми грамматикаларда, оқулықтарда сөз болған. Мысалы, «Қазақ грамматикасында» «етістік білдіретін қимыл, іс-әрекеттің қарама-қайшы мәні, ол мағынаның болмауы етістік түбірлеріне (негізгі, туынды, күрделі), етістіктің лексика-граматикалық категориялары тұлғаларына – ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе қосымшасы қосылу арқылы жасалады да, тек етістіктің болымсыздық түрін жасап қоймайды, болымдылық мәнге қарама-қайшы етістіктің болымсыздық категориясын да жасайды» - деп көрсетілген [1, 2].
Болымсыз ұғымның болымсыз сөйлем мағынасына сай келетіндігі және оның берілу жолдары қазақ тілінде болымсыз сөйлемдерге қатысты еңбектерде де айтылған. Профессор С.Аманжоловтың «Қазақ тілі синтаксисінің қысқаша ғылыми курсы» деген кітабында хабарлы сөйлемдердің бір түрі ретінде танылып, -ма (-ме, -па, -пе, -ба, -бе) қосымшасы арқылы емес, жоқ сөздері арқылы жасалатындығы аталып өткен [2, 30].
Болымды, болымсыз сөйлем туралы М.Балақаевтың «Қазіргі қазақ тілі»оқулығында «Болымды, болымсыз сөйлемдер хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті сөйлемдерге бірдей ортақ болатын сөйлемнің ерекше тағы бір түрі» -делінген [3].
Қазақ және орыс тілдеріндегі болымсыз сөйлем туралы М. Жукенованың зерттеуі бар [4].
Есім сөздердегі болымсыздық туралы Н.Сауранбаев былай дейді: «Есім сөздердегі ұғымның болмыспен байланысы заттың не сапаның шын я жалған екендігінен байқалады. Бұл қарағаш емес, долана, мына шыт әдемі емес, ана шыт әдемі дегенде долана,қарағаштардың не шыт сапасының қандай екендігі ұғынылады» [5].
Сондай-ақ «Қазіргі қазақ тілі» атты бірінші ғылыми грамматикада етістіктің болымды, болымсыз түрлерінің болуы,етістіктің басқа сөз таптарынан үлкен айырмашылығының бірі ретінде алынып, оның лексикалық сапасына жататындығы айтылған [6].
1967 жылғы «Қазақ тілі грамматикасында» есімдерге бұл қарама-қарсы екі мағына емес сөзін тіркестіріп қолдану арқылы берілетіндігі айтылған [7].
Болымсыз есімдіктердің болымсыз мағына беруге қатысы олардың тарихы жөнінде мәліметті А. Ибатовтың «Қазақ тіліндегі есімдіктер» атты еңбегінен кездестіруге болады [8].
Етістіктің болымсыздық түрі туралы мәлімет И.Мамановтың еңбегінде толығырақ берілген. Бұл еңбегінде автор бұрын көңіл бөлінбей келген күрделі етістіктегі болымсыздық көрсеткіштердің қолданылуына тоқталады. Ол күрделі етістіктің болымсыз түрі үш вариантта қолданылатынын көрсеткен:
1)Етістіктің болымсыздық қосымшасы күрделі етістіктің алдыңғы сыңарының құрамында келу арқылы;
2)Көмекші етістікке болымсыздық қосымша жалғану арқылы немесе жоқ сөзімен тіркесу арқылы жасалады;
3)Күрделі етістіктің құрамындағы екі сыңары да -ма/ме қосымшасы арқылы болып болымсыз формада қолданылады [9].
Ғалым сонымен қатар өз еңбегінде: «Етістіктің болымсыздық түрін білдіретін –ма (-ме, -ба, -бе, -па, -пе) қосымшасы және емес,жоқ сөздері барлық формада бірдей талғамсыз қолданыла бермейді. Олар белгілі бір жүйелі тәртіпке әрқайсысы өзіне қатысты етістік формада жұмсалады»,-деп көрсеткен.
Сөз таптарының ішінде сын есімде де болымсыз мағына бар, ол сын есімнің сөзжасамдық –сыз, -сіз, -бей, -на жұрнақтары арқылы жасалады. Мысалы, сусыз, үйсіз, көңілсіз, беймаза, наразы т.б.
Ғалымдардың көрсетуінше сын есімнің болымсыздық мағынасы емес көмекші етістігі арқылы да жасалады.
Мысалы, биік емес, сары емес, терең емес т.б.
Емес көмекші етістігі өзі тіркесетін сөзге болымсыз мағына үстейді, сондықтан ол етістік категориясында болымсыз мағына тудыратын көрсеткішке жатады. Сонымен бірге бұл грамматикалық көрсеткіштің тағы бір ерекшелігі – ол шығу тегі жағынан, қызметі жағынан етістікке тән болғанымен, етістік аясынан асып, есім сөздермен де қолданылады. Мысалы, елу емес, мың емес, сұлу емес, жаман емес т.б.
Осы мысалдарда емес грамматикалық көрсеткіші сан есім, сын есім сөздермен тіркесіп, болымсыздық мағына тудырып тұр. Бұл көрсеткіш есімдіктермен де тіркесіп келе береді. Мысалы, ол емес, біз емес, бұл емес, кімнің емес т.б.
Бұл мысалдардан емес көмекші етістігінің негізгі сөз таптарының бәрінде қолданылуы, яғни тіркесіп келіп, болымсыздық мағына тудыруы анық көрінеді және бұдан болымсыз мағына барлық сөз таптарында болатындығын байқауға болады.
Қазіргі қазақ тіліндегі болымдылық – болымсыздық категория проф. Т. Әбдіғалиеваның еңбегінде жан-жақты талданды, яғни болымдылық-болымсыздықтың бір-бірімен тең дәрежедегі мағыналық жұп сыңарлардан тұратын біртұтас лексика-грамматикалық категория екені анықталып, оның ғылыми сипаттамасы жасалып, оның тіл жүйесінің бар деңгейіне қатысты қызметі мен берілу тәсілдері айқындалған, олардың ішкі мағыналық құрамы ажыратылған, сондай-ақ болымды –болымсыз мағынаның құрмалас сөйлем жүйесіндегі көрінісінің заңдылықтары мен ерекшеліктері сараланып, үнемі болымды және болымсыз мағынада ғана қолданылатын сөйлем түрлері анықталған. Зерттеуші зат есімде болымды-болымсыз мағына екі түрлі тәсіл арқылы жасалады дейді: 1) бар, жоқ сөздері болымды және болымсыз мағынада беріледі:
2) емес көмекші етістігі зат атауына тіркесіп, оған болымсыз мағына қосады, мұнда мағына грамматикалық тәсіл арқылы жасалатындығын айта келіп, бар, жоқ сөздерінің лексикалық мағынасы болымды және болымсыз мәннен тұратындығын, ол нақтылы бір заттың болымды, болымсыз мәннен байлаулы емес екендігін, сондықтан нақтылы затқа болымды, болымсыз мәнді қосу үшін олар зат атауына тіркесіп, оған болымды, болымсыз мән үстейтіндігін айтқан [10].
Болымсыздықтың мағыналық құрамының әр алуан екендігі ғылымда анықталған, яғни тілде болымсыз мағынаны білдіру үшін қалыптасқан амал-тәсілдер жүйесі бар. Бірақ ол көрсеткіштер айқындалған тұлғасы, қызметі жағынан бір-біріне ұқсамайды. Болымсыздық көрсеткіштерінің бір сөйлем ішінде неше рет қолданылуы, сөз жоқ, сөйлемдегі болымсыз мағынаға әсерін тигізеді. Бұны жалпы тіл білімінде, түркітануда да полинегативтілік (көп болымсыздық), мононегативтік (бір болымсыздық) мәселесімен байланысты қарастырады.
Ал проф. Т. Әбдіғалиева болымсыздықты жалпы болымсыздық және жеке болымсыздық деп екіге бөледі де, жалпы болымсыздық қазіргі қазақ тіліндегі лексика-грамматикалық болымдылық-болымсыздық категорияның түп негізі етістіктің синтетикалық, аналитикалық (жоқ, емес) көрсеткіштерінен көрінеді деп дәлелдеген Бұл қысқаша шолудан болымдылық-болымсыздық мәселесінің ғалымдар еңбектерінде қамтылғанын көреміз...
ІІ Болымсыз мағынаның эмоционалды-экспрессивті сипаты және оның берілу жолдары
а) Эмоция, экспрессия ұғымы туралы
Болымсыздық мағынаның эмоционалды-экспрессивті сипатын түсіну үшін, алдымен эмоция, экспрессия деген не, соның мәніне тоқталуымыз қажет.
«Эмоция» - толқыту (волновать) деген мағынаны білдіретін латын сөзінен шыққан [10].
Эмоция туралы пікір ертеден-ақ қалыптаса бастаған. Ғалымдар эмоция сөзінің табиғатына, сыр-сипатына, өзіндік ерекшелігіне тоқталған. Мысалы, Ч.Дарвиннің «Адамдар мен жануардағы эмоция көрінісі», П.В.Симоновтың «Эмоция дегеніміз не?», Я Рейковскийдің «Эмоциялардың психологиясы» тағы басқа еңбектер бар.
Енді эмоция туралы беріліп жүрген анықтамалардың кейбіреулеріне тоқталып көрелік.
«Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» «Эмоция-адамның ішкі жан дүниесіндегі күйініш-сүйініш сезімі» деген түсінік берілген, ал «Үлкен кеңес» энциклопедиясында «Эмоциялар-адамның қоршаған әлемге және өз-өзіне деген қатынасын толғануы,ақиқат шындықты сәулелендіру формаларының бірі»,-деп көрсетілген [11].
Қарапайым түрде айтсақ, эмоция дегеніміз адам жанының шындық өмірге қатысты қуануы,ұнатуы,мақтануы,ренжуі,яғни адамның көңіл-күйі деген сөз. Адамда осындай қуанышқа қуана, қиыншылыққа қинала білу сезімі болмаса,онда оның роботтан айырмашылығы болмаған болар еді. Демек, эмоциясыз тіпті адамның адам болуы мүмкін емес.
А. Нұрмұқанов «Сөз және шеберлік» атты еңбегінде эмоционалды сөзіне мынандай анықтама берген: «Эмоционалды деп қабылдануында адам көңіліне жағымды не жағымсыз реакция туғыза алатын сөздерді айтамыз» [12]. Белгілі ғалым Ә.Болғанбаев «Эмоционалды сөздер адамның бір нәрсеге қатысын көрсетеді. Эмоционалды сөздер білдіретін өздеріне тән ұғымның үстіне адамның көңіл-күй, көзқарасын білдіреді.Қосымша реңктер жамайды. Бұларды мынандай түрге жіктеуге болады:сүйіспеншілік, ұнатушылық, масаттанушылық, есіркеушілік, еркелік, сенімділік т.б» – деп көрсеткен [13].
Эмоциялық реңк интонация арқылы да беріледі, яғни «интонация жазғанда кейде қалам маңайлай алмайтын әсіресе эмоциялық және экспрессивтілік сипаттағы реңкті беретіндігіне де ғалымдар көңіл бөлген.
Ал ағылшынның ұлы драматургы Бернард Шоу «Ия» деп айтудың елу, «Жоқ» деудің бес жүз тәсілі бар, ал оларды жазу тәсіліміз біреу ғана - деп көрсеткен [10]. Бұдан сөздің мән, ажарын түрлендіруде интонация қызметінің өрісті де ерекше екенін байқауға болады.
Экспрессия-латын сөзі, орысшасы - выразительность (мәнерлілік). «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» «экспрессия –сөздің сезім күйлерін білдіретін нақышты мәнерлілігі» деген сипаттама берілсе, О Ахманованың «Словарь лингвистических терминов» атты сөздігінде «Экспрессия сөздің мәнерлілік, суреттілік қасиеті. Ол сөзді қарапайым лексикадан ерекшелеп, оған бейнелілік пен эмоционалдылық реңк үстейтіндігі айтылған.
Ғалым Ф. Мусабекова «Сөздердің стильдік реңктерімен қоса эмоционалдық-экспрессивтік бояулары да әр түрлі болып келеді, ол ақын-жазушылардың бейнелі сөз кестелерін жасау тәсілдерінің алуан түрлі қыры мен сырын аңғартады» - деп көрсетіп, стильдік реңкті эмоционалды, экспрессивті реңктерден бөлек санаған, бірақ эмоционалды-экспрессивтік реңктердің бар екенін таныған [14].
Ал «Қазақ тілінің стилистикасы» атты оқулықта экспрессивтік термині қолданылған. 1962 жылы шыққан «Қазіргі қазақ тілі» оқулығының лексика бөлімін жазған Ғ. Мұсабаев эмоционалды лексиканы сөйлеушінің көзқарасын білдіретін сөздер деп түсіндірген: «Қазіргі қазақ тілінде, басқа тілдердегі сияқты, сөйлеушінің бір затқа, немесе, құбылысқа эмоционалдық көзқарасын білдіретін бір топ сөздер бар. Бұл категориядағы сөздерді тіл ғылымында эмоционалдық лексика немесе эмоционалдық мәні бар сөздер дейді» [13].
Сондай-ақ ғалымдар эмоционалды, экспрессивті мағынаның түрлілігін бір ауыздан қостап, экспрессивті сөздердің мағынасы әр алуан болып келетіндігін көрсеткен . Бүгінгі әдеби тіліміздің әзіл-оспақ, юмор түрінде де, салтанаттылық-көтеріңкі стиль түрінде де адамның мінез-құлқына байланысты мағынада да, сондай-ақ адамның реніш-күйінішіне байланысты көңіл күйінен туған көңілсіздік сәтті білдіретін мағынада да қолданылатыны айтылған.
Н.А.Лукьянова «Экспрессивная лексика разговорного употребления» деген еңбегінде экспрессивті сөздер туралы мынадай түсінік берген: «Экспрессивной лексической единицей будем называть слово, языковая значимость которого обусловлена экспрессивной функцией языка. Свойство лексической единицы, связанные с ее способностью актуализировать качественно-количественную характеристику реального предмета, выделить особенность данного предмета на фоне одноименных с ним предметов и выразить эмоциональную оценку,- это свойство лексической единицы мы называем экспрессивностью» [10]. Бұдан зерттеушінің экспрессивті мағына деп заттың түрлі сапалық, сандық (көлемдік) белгісін субъектінің бағалауын атағанын көруге болады. Ол сонымен қатар экспрессивті сөздерді үшке бөледі:
1) названия чувств, эмоции, переживаний, чувств которые определяются как слова с эмоциональным значением (любовь, радость, печаль, радоваться, радостный, печальный, ненависть, ненавидеть, брезливость, весело, веселиться и.т.п.)
2)слова, объективирующие оценку (хороший, хорошо, плохой, плохо, добрый, злой, смелый,, бесстрашный и т. Д.)
3) слова интенсивны (усилители), обозначающие высокую (очень высокую, наивысшую) степень признака предмета, явления, действия другого признака (ливень, ярость, хохот, и т.п) [2].
Ал қазақ тіліндегі реңк мәнді туынды зат есімдердің мағыналық құрамын зерттеген З. Құрманалиева қазақ тілі сезімге (эмоцияға) қатысты реңк мәндегі туынды сөздерге өте бай екендігін айта келіп, сезімге қатысты эмоционалды реңк мәнді туынды сөздерді а) жағымды мағыналы эмоционалды мәндегі туынды сөздер, ә) жағымсыз мағыналы эмоционалды мәндегі туынды сөздер деп екіге бөлген [15].
Жағымды мағыналы эмоционалды мәндегі туынды сөздерді өз ішінен:
а) құрмет мәнді туынды сөздер;
ә) сый, ізет мәнді туынды сөздер;
б) жақсы көру мәндегі туынды сөздер;
в) еркелету мәндегі туынды сөздер деп төрт топқа бөлсе, жағымсыз мағыналы эмоционалды мәндегі сөздерді де
а) менсінбеу мәндегі туынды сөздер;
ә) мазақтау, келемеж мәндегі туынды сөздер;
б) жинақтау мәндегі туынды сөдер;
в) кем санау, шенеу мәндегі туынды сөздер деп бөлген.
Сөйтіп, бұдан қоғамда бір-бірімен тығыз қарым қатынаста өмір сүретін адамдар бірін-бірі жан-жақты танитындығы, тіл табысатындығын, содан оларда түрлі сезім пайда болатындығын және оның түрліше тәсілмен берілетіндігін байқауға болады.
Сөйлеушіге де, тыңдаушыға да бірдей түсінікті болғанда сөз қатынас құралы болу қызметін атқара алады. Сөздің мән мағынасы, қасиеті, өзіндік ерекшеліктері оның осы қызметіне тәуелді. Сондықтан сөздің ұғыммен, ойлаумен, қоғам өмірімен қарым-қатынасында, өзіндік даму заңдылықтарын да оның осы сипатынан іздеу керек. Қатынас құралы болу сөздің ең негізгі қызметі болып табылады.
Әр ұрпақ өз дәуірінде болып жатқан қоғамдық табиғи құбылыстарды, өзгерістерді өздерінше бағалап, кейінгі ұрпаққа беріп отырады. Өмірдің сан алуан қырларын елеп, екшеп, ойының сапасының елегінен өткізеді. Сөздің ойды қалыптастыру, жарыққа шығару адамның психикалық күйін, сезімін ішкі толғанысын білдіру қызметі экспрессивті қызмет деп аталады.
Бұл айтылғандардан тілдегі эмоционалдылық пен экспрессивтіліктің арасына теңдік белгісін қоюға болмайды. Тілдегі бұл екі құбылыс бір-біріне тәуелді емес, тек шартты түрде қатар өмір сүреді, қатар қолданылады.
Тілдегі эмоционалдық элементтер адам сезімін білдіру үшін қызмет ететіндігі белгілі. Ал тілдегі экспрессивтілік амалдар эмоцияны,ерікті білдіруде де, ойды білдіруде де мәнерлілік пен суреттілікті күшейтуге қызмет етеді. Демек, экспрессивтілік бар жерде бейнелілік пен эмоционалдылық реңк үнемі бола бермейді. Олай болатын болса, жоғарыда экспрессивтілікке берілген О.Ахманованың анықтамасы дәл деуге келмейді. Сондықтан Галкина-Федоруктің пікіріне көңіл бөлмеске болмайды: «Тілдегі эмоция көрінісі әрқашан экспрессивті, ал тілдегі экспрессия эмоционалды бола бермейді» [11]. Ғалымның мұндай пікірге келу себебі-егер сөз әсерлі болмаса, онда ол эмоция туғыза алмаған болар еді. Ал кейбір сөзде экспрессив болғанымен, эмоция болмауы әбден мүмкін....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: курстык жумыс Етістіктің болымсыз мағынасының эмоционалды-экспрессивтік мәнінің қазақ тілінде берілу жүйесін анықтау курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар қазақ тілі жобалар курстық жұмыстар