Неке және отбасы заңы | Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері

 Неке және отбасы заңы | Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері

Мазмұны
Кіріспе............................................................................................................................................3
1. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері ...........................................................3
2. Монополистік қызметтегі құқықты реттеу .....................................................................6
3. Азаматтық істердегі дәлелдемелер ..................................................................................8
4. Қылмыстық істердегі дәлелдемелер...............................................................................14
Қорытынды..................................................................................................................................14

1. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері
Тіркелген неке ерлі-зайыптылардың арасындағы жеке және мүліктік құқықтар мен міндеттерді тудырады.
«Неке және отбасы туралы» Заңның 29-бабына сәйкес ерлі-зайыптылардың жеке құқықтарына мыналар жатады: тегін таңдау құқығы, қызмет түрін, мамандықты, тұрғылықты жерді таңдау құқықтары, отбасы өмірінің мәселелерін бірлесіп шешу құқығы.
Заңға сәйкес ерлі-зайыптылар тең құқықтарды пайдаланады және тең міндеттерді атқарады. Ерлі-зайыптылардың жеке құқықтарының теңдігі отбасы өмірінің барлық жалпы мәселелерін (ана, әке болу, балаларға тәрбие мен білім беру мәселелерін және отбасы өмірінің басқа да мәселелері) олардың бірлесіп және өзара келісе отырып шешуінен көрінеді. Алайда, ерлі-зайыптылардың ешқайсысы да жеке құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру кезінде артықшылықты пайдалануға тиіс емес.
Қолданылып жүрген заңды текті таңдаудың екі жолы ұсынылған. Некеге тұру кезінде ерлі-зайптылардың қай-қайсысы да өздерінің некеге отырғанға дейінгі тегін қалдыра алады. Сонымен бірге ерлі-зайыптылар өздерінің қалаулары бойынша ортақ бір тек таңдауға құқылы. Ондай тек ерінікі болмаса, әйелінікі де болуы мүмкін. Тәжірибеде ерлі-зайыптылар ортақ бір текті (әдетте, ерінің тегін) таңдайды.
Кейбір елдердің, оның ішінде ТМД құрамына кіретін елдердің заңы ерлі-зайыптылардың екі текті де алуына мүмкіндік жасайды, яғни өзінің тегіне жұбайының тегін қосуына жағдай жасайды. Қазақ КСР-інің неке және отбасы туралы Кодексі бұған жол берген жоқ еді. Ал, енді «Неке және отбасы туралы» Заңның 30-бабында жұбайлардың біреуінің некеге тұрғанға дейінгі тегі қосарлас болғанда болмаса, басқа жағдайда екі текті де алып жүруге рұқсат етеді.
Қызмет пен мамандықты ерікті таңдау құқығы ерлі-зайыптылардың оқу орындарына түсу, мамандық таңдау, сол таңдап алған мамандық бойынша жұмыс орынның табу жөніндегі мәселелерді жеке өздерінің шешулеріне болатындығын көрсетеді. Әдетте, қызмет пен мамандық таңдау ерлі-зайыптылардың екі жақты келісімдері бойынша отбасы мүддесін ойластыра отырып жүзеге асыратын ісі.
Тұрғылықты жерді таңдау еркі дегеніміз мынаны білдіреді: ерлі-зайыптылардың жеке тұруларына болады немесе әртүрлі тұрғын үйлерді иемдену құқылы. Бірақ, еркек пен әйел басын біріктіру үшін некеге тұратындықтан, отбасын құруға және оны нығайтуға мұндай құқықтардың пайдасы болмайды. Заңда көрсетілген тұрғылықты жерді таңдау еркіне ие болу құқығының мәні ерлі-зайыптылардың ешқайсысы да бір-бірін белгілі бір жерде тұруға мәжбүр ете алмайтындығында, ал таңдау екі жақтың өзара келісімімен жүзеге асырылуы керек.
Заң ерлі-зайыптылардың бірге тұруына жағдайлар жасайды және бірінің басқа бір тұрақты мекенге көшуі жағдайында екіншісінің де сонда баруына мүмкіндік туғызады (қоныс аударушының жұбайына және отбасының басқа мүшелеріне көтерме ақы жәрдемін телеу (мыс. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 3 желтоқсандағы «Ақмола қаласына қоныс аударған мемлекеттік қызметшілерді материалдық жағынан ынталандыру шаралары туралы» 1471-санды қаулысын қараңыз), жас мамандарды бөлу кезінде отбасының мүддесі ескеріледі және т.б.).
Отбасының өмірлік мәселелерін бірлесіп шешу құқығы отбасының бюджетін бөлісу, балалар тәрбиесі, үй шаруашылығын жүргізу, туған-туысқандарымен бірге немесе бөлек тұру міндеттері ерлі-зайыптылардың бір-бірімен келісімі бойынша шешілетінін белгілейді. Ерлі-зайыптылардың ешқайсысы да өзінің еркін екіншісіне тануға құқылы емес. Егер ерлі-зайыптылар кейбір мәселеде келісімге келе алмаса, онда олар өз дауларын шешу үшін Заңда көрсетілген органдарға шағымдануға құқылы. Мәселен, ерлі-зайыптылар арасында балалар тәрбиесі мен тек таңдауда келісім болмаса, бұл мәселені қорғаншы және қамқоршы органдар арқылы шеше алады.
Ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастары оларға тиесілі болған мүлікті меншіктену және және бір-бірлеріне өзара материалдық қолдау көрсету міндеттерінен туындайды. Құқықтық қатынастардың бірінші түрі Заңның «Ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтары мен міндеттері» деп аталатын 7-тарауындағы нормалармен, ал екіншісі – Заңның «Ерлі-зайыптылардың және бұрынғы ерлі-зайыптылардың алименттік міндеттемелері» деп аталатын 18-тарауындағы нормалармен реттеледі.
Ерлі-зайыптылардың меншік құқығының регламентациясы немесе басқаша айтқанда олардың мүліктік режимі жаңа заңда елеулі өзгеріске ұшырады. Бұрынғы заңдарда тек бір ғана режим қарастырылған еді. Жаңа Заңда ерлі-зайыптылардың заңды мүліктік режимі де, ерлі-зайыптылар мүлкінің неке шартымен бекітілген шарттық режимі де көзделінеді.
Дегенмен, некеге тіркеу кезінде неке шарты жиі қолданылып жүрсе де, көп жағдайда ерлі-зайптылар мүлкінің заңды режимі – олардың ортақ бірлескен меншік режимі қолданылады.
Бұған дейін де айтылғандай, «Неке және отбасы туралы» Заңның 2-бабы ерлі-зайыптылардың отбасындағы құқығының тең болу принциптерін айқындайды. Осы ортақ принциптің пайда болуына ерлі-зайыптылардың некелескеннен кейінгі бірге тұрған ғұмырында жинаған мүлікке тең құқылығы ықпал етеді. «Неке және отбасы туралы» Заңның 32-бабына сәйкес ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүлкі олардың бірлекскен ортақ меншігі болып табылады. Ерлі-зайыптылардың мұндай меншікке тең құқықпен билік етеді және пайдалана алады. Нақты өмірде белгілі бір заттарды әйелі тұрақты пайдаланса, екінші бір затты ері тұтынады, үшінші бір затты олардың екеуі де пайдаланады. Бірақ, сырт көзге олардың ортақ мүлкіне жататын заттардың барлығы да ерлі-зайыптылардың екеуіне де бірдей болып саналады.
Заңда ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүліктерінің жалпы тізімі берілген. Бұған ерлі-зайыптылардың табыстары (жалақысы, зейнет ақысы, материалдық көмек, кәсіпкерлік қызметтен тапқан табыстары, т.б.), осы табыстардың негізінде жиналған мүліктер (ортақ мүлік, сондай-ақ ерлі-зайыптылардың мүлкі) және т.б. жатады.
Жалпы тәртіп бойынша ерлі-зайыптылардың құқықтық жағынан тең болуы олардың қайсысы қандай затты иемденуіне, ол заттың қандай мақсатқа арналғанына және кімнің атына жазылғанына байланысты емес. Ерлі-зайыптылардың құқықтық жағынан тең болуына олардың отбасы табысының жалпы сомасына қаншылықты үлес қосқаны да әсер ете алмайды. Заң (32-бап, 3-тармақ) ерлі-зайыптылардың ортақ мүлікке құқығы некеде тұрған кезеңде үй шаруашылығын жүргізуді, балаларды бағып-күтуді жүзеге асырған, немесе басқа да дәлелді себептермен жеке кірісі болмаған жұбайға да тиесілі екендігін арнайы ескертеді.
Бірге тұрған кезде жинаған ортақ мүліктен басқа, ерлі-зайыптылардың әрқайсысына тиесілі жеке мүлкі болады және оған өздері дара билік етеді. Мұндай жеке дара мүліктерге ері мен әйелінің некеге тұрғанға дейінгі немесе ерлі-зайыптылардың, некеге отырғаннан соңғы жеке міндеттемелері бойынша алған заттары, ері мен әйелінің сый ретінде алған, немесе мұрагерлік жолымен иемденген заттары, жеке пайдаланылатын заттары (сырт киім, аяқ киім, т.б.) ерлі-зайыптылардың некеге тұру кезінде ортақ қаржысына сатып алынған болса да қымбат заттар мен басқа да сән-салтанат заттарын қоспағанда, басқасының бәрі жатады. Мысалы, әйелінің құндыз мантосы, ерінің алтын сағаты т.б. ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі болып саналады.
Некенің іс жүзінде тоқтатылуына байланысты бөлек тұрған кезде ерлі-зайыптылардың әрқайсысы тапқан мүлікті сот олардың әрқайсысының меншігі деп тануы мүмкін («Неке және отбасы туралы» Заңның 34-бабы).
Жалпы ортақ меншік болып табылатын мүлікке ерлі-зайыптылар өзара келісім бойынша иелік ете алады. Ерлі-зайыптылардың әрқайсысы жалпы мүлікке байланысты өз бетінше келісім жасай алады. Бұл жерде жаңа Заңның талап етуі бойынша басқа жұбайдың келісімін алуы қажет. Ортақ мүлікке байланысты нотариалды рәсімдеуді талап ететін мәміле жасау үшін (мәселен, тұрған үйді сату кезінде) екінші жұбайдың жазбаша келісімі қажет.
Ерлі-зайыптылардың, әрқайсысы некені тоқтатқан сәтте де, сондай-ақ некеде тұрған кезінде де жалпы ортақ мүлікті бөлісуді талап етуге құқылы. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөліске салғанда олардың үлестері тең болуы тиіс. Жоғарыда көрсетілгендей, отбасының жалпы табысына ерлі-зайыптылардың әрқайсысының қосқан үлесінің көлемі жалпы ереже бойынша ескерілмейді. Сонымен бірге жекелеген жағдайлар да сотқа кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің мүдделерін ескере отырып ерлі-зайыптылардың үлестерінің теңдігі негізін ескермеу құқығы берілген («Неке және отбасы туралы» Заңның 37-бабы).
Ерлі-зайыптылардың талап етуінен басқа ортақ мүлікті бөлу несие беруші ерлі-зайыптылардың біреуінің үлесінен өндіріп алу үшін ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу туралы кредит берушінің талабын мәлімдеуі жағдайында да жүргізілуі мүмкін.
Ортақ мүлікті бөлген кезде ерлі-зайыптылардың әрқайсысына қандай заттың берілетінін сот айқындауы керек.
Егер ерлі-зайыптылардың біріне берілетін зат құны жағынан оның үлесінен артып кетіп жатса, онда екіншісіне бұл үшін тиісті өтемақы төленеді.
«Неке және отбасы туралы» Заңның 133-бабында көрсетілген ерлі-зайыптылардың, бір-бірін асырап бағу жөніндегі міндеттеріне сәйкес олар бір-біріне асырап бағу жөніндегі міндеттеріне сәйкес олар бір-біріне материалдық қолдау көрсетуге міндетті. Ерлі-зайыптылардың бірі мұндай қолдау көрсетуден бас тартқан жағдайда еңбекке жарамсыз жұбайының, сондай-ақ жүкті кезінде және бала туғаннан бастап үш жыл бойы әйелінің алиментті сот арқылы алуға құқы бар, бұл үшін жұбайының қолдау көрсетуге қаражаты болуға тиіс.
Алимент алушы жұбайдың еңбекке жарамсыздығы зейнетақы жөніндегі заңдарға сәйкес анықталады. Бұл заң бойынша мүгедектердің барлық үш тобы да (І, ІІ, ІІІ), сондай-ақ зейнет жасына жеткен азаматтар еңбекке жарамсыз деп танылады. Бұл адамдар зейнетақы алатын, алмайтындығына қарамастан еңбекке жарамсыз деп танылады.
Алимент алуды талап етудің екінші шарты – мұқтаждық, яғни бұл дегеніміз еңбекке жарамсыз жұбайдың өмір сүруге жетерлік қаражатының болмауы деген сөз.
Бұрынғы заң бойынша, еңбекке жарамды болғанмен де мұқтаждық көріп отырған жұбайдың, басқа жұбайдан алимент алуға құқы болмаған. Жаңа заңда мұқтаждық көріп отырған жұбайының мүгедек ортақ баланы бағып күткені үшін жұбайының алимент алу мүмкіндігі қарастырылған.
Материаллдық қолдау көрсету талап етіліп отырған жұбайдың қаражат жағдайы соған лайық болуға тиіс. Егер оның қаражат жағдайы бұған сай болмаса, талап етуші жұбайының еңбекке жарамсыздығы мен мұқтаждығы көмек ала алмайды. Алдыңғысының материалдық қолдауы оның қолда бар мүлкі, табысы, отбасылық жағдайы есепке алына отырып әрбір нақты жағдайға орай белгіленіп отырады.
Алимент алушы жұбайдың материалдық жағдайы да дәл осылайша анықталуы керек, өйткені, алынатын көмектің мөлшері де материалдық және отбасылық жағдайларға байланысты болмақ. Оның мөлшері алиментті төлеу кезінде белгіленген айлық есептік көрсеткіштің еселік қатынасымен бекітіледі.
2. Монополистік қызметтегі құқықты реттеу
Экономикалық үрдістердің мемлекеттік реттелуі мемлекеттік және табиғи монополияларды қалыптастыру арқылы жүргізіледі, бұл монополияларды пайдалану шаруашылық жүргізудің құқықтық тәртібін және шаруашылық іс-әрекеттің субъектілерін мәртебесі мен ара қатынасын анықтауға көмектеседі. Аталған мемлекеттік реттеу элементтерінің халықтың әлеуметтік өміріне аса қажет саласында жүргізіледі.
Қазіргі уақытта мемлекеттік монополия Қазақстан Республикасының экономикалық реформаларына байланысты өзгерістерге ұшырағанымен де, өз жүйесінде жүзеге асырылуда. Кәсіпкерлік қызметтердің бостандық қағидасының жарыққа шығуына орай бұл жүйе ерекше сипат алады және экономиканы реттеу құралы болып табылады.
Мемлекеттік монополия – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған монополияны айтамыз, сонымен қатар монополиялық нарықтың тауарлық шекарасын монополия субъектілерін, бақылау формаларын және оның қызметінің реттелуін, сондай-ақ бақылаушы органдардың құзыреттігін анықтау.
Табиғи монополия – тауарлы нарықтың күйіне сәйкес, өндіріс технологиялық шарттардың күшіндегі бәсекенің болмағандағы сұраныс тиімділігі қанағаттандыру кезіндегі, тауардың өдіріс бірлігі көлемі бойынша ұлғайған сайын олардың шығындарының төмендеуіне әкеп соғады, ал табиғи монополияның субъектілермен өндірілетін тауарлар басқа тауарлармен алмастырыла алмайды, мұндай жағдайда тауарлы нарық сұраныс бағасының өзгеруіне ондай қатты тәуелді емес.
Табиғи монополияның қызметі «Табиғи монополиялар туралы» 09.07.1998 бастапшыққан заңмен реттеледі. Мұнда Қазақстан Республикасындағы табиғи монополияға келесі қызметтер қатысты:
- мұнай және мұнай өнімдерін магисталді құбыр жүйелерімен тасымалдау;
- газды және газ конденсаттарын магистральді және бөліп тарататын құбыр жүйелерімен тасымалдау;
- электрлік жылу энергияларын бөліп тарату және жіберу;
- теміржол магистралін эксплуатациялау;
- аэроновигация, порттар, әуежай қызметтері;
- жергілікті желі тораптарын қолдану арқылы телекоммуникация қызметтері;
- су шаруашылығы мен канализация жүйесіндегі қызметтер;
- пошталық байланыс қызметтері;
- Қазақстан Республикасының заңнама актілерімен бекітілген басқа да түрлері.
Табиғи монополияға қатысты:
- қазыналармен және қайта қалпына келмейтін ресурстармен жұмыс жасайтын кәсіпорындар;
- магистральді және теміржол жолдары, электр тарату желілері, радио, электр және телефон байланысымен, құбыр жүйелерімен және өндіріс инфрақұрылымының басқа оюбъектілеріне қызмет ететін, табиғи немесе қазіргі уақытта нақты олармен бәсеке құратын құрылымы жоқ технико-экономика функционалды шарттарын айтатын кәсіпорындар жатады;
- қалалық қоғам электрокөлік мекемелері;
- халыққа коммуналды қызмет көрсететін мекемелер (электро-, жылу-, сулы-, газбен қамтамасыз ету, канализация, байланыс, пошта және т.б.);
- шикізатты республикаға және бөлек аймақтарға, сондай-ақ ауылшаруашылыққа өндіретін мекемелер;
- тауар тасымалдайтын торап мекемелері мен кәсіпорындар;
- жергілікті жағдайлардағы т.б. кәсіпорындар.
Табиғи қызметті реттейтін кәсіпорын-монополистері болжайды:
1) Баға бекітілуі және оның деңгей шегі;
2) Шығын формаларының ерекше реті;
3) Қазақстан Республикасында заңнамасында қарастырылған өзге де шаралар;
Нарықты жағдайдағы табиғи монополия жүрісіндегі жұмыс бағасына, сапасы мен көлеміне әсер етуге болады.
Табиғи монополияның мемлекеттік реттелуі келесі қағидаларымен негізделеді:
- пайдаланушының қызығушылық байланысына жету және табиғи монополияның субъектілері;
- табиғи монополияның тауар тұтынушы субъектілердің сұраныстарын қамтамасыз ету;
- табиғи монополияның субъектілерін эффективті функциялау;
- ерекшілігі (табиғи монополияның тәртібі тек белгілі бір экономика секторларында жүреді);
- табиғи монополия аймағында алдын ала және үнемі тексеру;
- ашық түрде жүргізу;
- табиғи монополия субъектілері мен олардың жұмыстарының ретін тексеретін екі жақты жауапкершілігі;
- табиғи монополия ортасындағы реттеу жүргізудегі соттың басқаруы (жұмыс жасап жатқан заңдылыққа сәйкес зат түріндегі тексерілуі мүмкін табиғи монополияны реттейтін мүшелердің шешімі);
Арнайы құқықтық жүйелердің жиындықтарының көмегімен мемлекеттік монополияның жүзеге асуы:
- нақты тауар тізімінің анықталуы (мемлекеттік монополияның негізінде)
- заңмен (юрист) айналысатын мамандардың ерекше ұйымдастырушылық құқықтық формаларды қолдану (мемлекеттік монополияның құрылысы);
- белгілі бір келісімдерді орындайтын, мемлекеттік монополияның субъектік құрылымына кіретін коммерциялық ұйымдардың міндеттерін тағайындау;
- іске аспайтын мемлекеттің мнмполияны бұзатын келісімдерді хабарлау. Берілген тізім бойынша мнмполиялық нарықтың тауарлы шектеулер қойылады. Монополизм ешбір қиындықсыз пайда болуға, льготтар мен белгілі бір артықшылықтармен қолдануға мүмкіндік береді;
Жанар май энергетикалық комплекс саласындағы өнім өндіруші монополиясына 136 істеп тұрған өндіріс орындарының 4-уі ғана жатады. Практика жүзінде түсті металдардың және түрлерінің жалғыз өндірушілері, мысалы, Жезқазған мен Балқаш тау-кен металлургия комбинаты, Өскемен титан-магний комбинаты, Ертіс химия металлургиясы, Шымкент қорғасын мен Павлодар алюминий заводы болып табылады.
Осыған ұқсас жағдай машина жасау комплексіне болған, яғни оның құрамына кіретін ұйымдардың үштен екі бөлікке өндірістің бір саласы бойынша жалғыз өндіруші болып табылады. Мұндай жағдай оған машина мен құрылғылар нарығында билікті алуға мүмкіндік береді. Жалпы алғанда өндірістің үшінші бөлігі химиялық комплексте монополисті болып табылады. Бір жағынан, осы ірі өндіріс орындары мен ұйымдар негізінен республикада негізгі шикізат ресурсының көп бөлігі өндіреді. Сонымен қатар оның экспортта маңызы үлкен. Солардың көбісінде жаңа технологиялар мен жоғарғы білімді мамандар жұмыс жасайды.
Екінші жағынан, шикізатты экспортқа шығаратын өндіріс орындарының көп бөлігі бәсекелес ортасы жоқ ірі монополистер болып табылады. Халықаралық нарықта төтеп бере алатындай әлі де тәжірибелері аз. Республика шетелдік капиталдарды өзіне қарату үшін сол жерде өндіруді қажет ететін, ең алдымен, шикізатты сатады.
Нарық – бұл экономиканың өзара тығыз байланысты бөліктерінің жиынтығы немесе экономикалық қатынастың барлық субъектілері мен объектілері. Социалдық қатынас нарығы – бұл тұтынушы мен өндіруші, тауар өндіруші мен алып сатушының арасында, сонымен қатар өз тауары мен импорт тауарының арасындағы, тұтынушылардың құқықтарын қорғайтын мемлекеттік саясат. Сондықтан, нарық және экономикалық қатынастардың кейбір салалары мемлекет жағынан басқарылып, реттелуі қажет.
3. Азаматтық істердегі дәлелдемелер
Дәлелдемелер
1. Заңмен көзделген тәртіпте сот тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін мән-жайлардың бар-жоғын, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін өзге де маңызы бар мән-жайларды солардың негізінде анықтайтын заңды түрде алынған нақты деректер іс бойынша дәлелдемелер болып табылады.
2. Бұл нақты деректер талаптардың және үшінші тұлғалардың түсініктемелерін, куәлардың айғақтарымен, заттай дәлелдемелерін, сарапшылардың қорытындыларымен, іс жүргізу әрекеттерінің хаттамаларымен және өзге де құжаттармен анықталады.
Дәлелдеу міндеті
Әр тарап өзінің талаптарының және қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуі тиіс.
Дәлелдемелерді ұсыну
1. Дәлелдемелерді тараптар мен іске қатысушы басқа да тұлғалар береді.
2. Істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды тараптардың және іске қатысушы басқа да тұлғалардың тараптары мен қарсылықтарының негізінде, материалдық және іс жүргізу құқығының қолданылуға тиіс нормаларын ескере отырып сот анықтайды.
3. Сот тараптарға және іске қатысушы басқа да тұлғаларға істі дұрыс шешу үшін қажетті қосымша дәлелдемелер табыс етуді ұсынуға құқылы.
4. Тараптар мен іске қатысушы басқа да тұлғалар үшін дәлелдемелерді ұсыну қиындық келтірген жағдайда, сот олардың өтінімі бойынша дәлелдемелерді сұратып алдыруға жәрдемдеседі.
5. Дәлелдемелерді сұратып алдыру туралы өтінімде сол дәлелдемелер көрсетілуге, сондай-ақ осы дәлелдеме арқылы іс үшін маңызы бар қандай мән-жайлар анықталатыны немесе бекерге шақырылатыны, дәлелдемені өз бетінше алуға кедергі келтіретін себептер және оның тұрған жері көрсетілуге тиіс.
6. Құжат болған жағдайда сот өтінім берген адамға дәлелдемені алу үшін сұрату береді. Соттың талап еткен дәлелдемесі бар тұлға оны тікелей сотқа жібереді немесе сотқа табыс ету үшін тиісті сұратуы бар адамның қолына береді.
7. Сот дәлелдеме талап еткен, оны жалпы немесе сот белгілеген мерзімде беруге мүмкіндігі жоқ лауазымды немесе өзге тұлға соттың сұратуын алған күннен бастап бес күн мерзім ішінде себебін көрсетіп, бұл туралы сотқа хабарлауға міндетті.
8. Хабарламаған, сондай-ақ егер дәлелдеме беру туралы соттың талабы сот дәлелсіз деп таныған себептер бойынша орындалмаған жағдайда, кінәлі лауазымды немесе іске қатыспайтын өзге де тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарға сәйкес әкімшілік жазаға қолданылады.
9. Әкімшілік жаза қолдану талап етілген дәлелдемесі бар адамды оны сотқа беру міндетінен босатпайды. Соттың талабын қасақана орындамаған жағдайда аталған тұлғалар қылмыстық жауапқа тартылады.
10. Егер тарап сот сұратқан дәлелдемені өзіңде ұстап қалса және оны соттың сұратуы бойынша ұсынбаса, ондағы мәліметтер осы тараптың мүдделеріне қарсы бағытталған деп ұйғарылады және ол тарап таныған деп есептеледі.
Дәлелдемелердің қатыстылығы
Егер дәлелдеме іс үшін маңызды мән-жайлардың бар екендігі туралы тұжырымдары растайын, теріске шығаратын не оларға күмән келтіретін нақты деректер болса, сот дәлелдемені іске қатысты деп таниды.
Дәлелдемелерге жол беру
1. Егер Қазақстан Ресмубликасының Азаматтық іс жүргізу Кодексте көзделген тәртіппен алынса, дәлелдемеге жол беруге болады деп танылады.
1. Заң бойынша белгілі бір дәлелдемелермен белгілі бір дәлелдемелермен расталуға тиіс істің мән-жайлары ешқандай басқа дәлелдемелермен расталуға тиіс емес.
Дәлелдемелер ретінде жол беруге болмайтын нақты деректер
1. Нақты деректер, егер олар заң талаптарын бұза отырып, іске қатысушы тұлғалардың заңмен кепілдік берілген құқықтарынан айыру немесе оларды ығыстыру арқылы немесе істі сотта қарауға дайындау кезінде немесе сотта қарағанда азаматтық процестің өзге де ережелерін бұза отырып, оның ішінде:
1) күш қолдану, қорқыту, алдау, сол секілді өзге де заңсыз іс-әрекеттерді қолдана отырып;
2) оларға түсіндірмеудің, толық немесе дұрыс түсіндірмеудің салдарынан туындаған іске қатысушы адамдардың өз құқықтары мен міндеттеріне қатысты жаңылуын пайдалана отырып;
3) осы азаматтық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыруға құқығы жоқ адамның іс жүргізу іс-әрекеттерін жүргізуіне байланысты;
4) қарсылық білдіруге жататын адамның іс жүргізу әрекеттеріне қатысуына байланысты;
5) іс жүргізу іс-әрекетінің тәртібін айтарлықтай бұза отырып;
6) белгісіз көзден немесе сот отырысында анықтала алмайтын көзден;
7) дәлелдеу барысында қазіргі ғылыми білімге қайшы келетін әдістерді қолдана отырып алынған болса, олар сот дәлелдемелер ретінде пайдалануға жол беруге болмайды деп тануға тиіс.
2. Іс бойынша іс жүргізу кезінде нақты деректерді дәлелдемелер ретінде пайдалануға жол беруге болмайтындығын, сондай-ақ оларды шектеп пайдаланудың өтінімі бойынша сот белгілейді.
3. Заңды бұза отырып алынған дәлелдемелер заңдық күші жоқ деп танылады және сот шешімінің негізіне жатқыза алмайды, сондай-ақ іс үшін маңызы бар кез келген мән-жайды дәлелдеу кезінде пайдалана алмайды, сондай-ақ іс үшін маңызы бар кез келген мән-жайды дәлелдеу кезінде пайдаланыла алмайды.
Дәлелдемелердің растығы
Тексеру нәтижесінде дәлелдеменің шындыққа сәйкес келетіні анықталса, дәлелдеме рас деп есептеледі.
Дәлелдеуден босатудың негіздері
1. Сот жалпыға белгілі деп танылған мән-жайлар дәлелдеуді қажет етпейді.
2. Соттың бұрын қаралған азаматтық іс бойынша заңды күшіне енген шешімімен белгіленген мән-жайлар сот үшін міндетті және сол адамдар қатысатын басқа азаматтық істерді талқылау кезінде қайтадан дәлелденбейді.
3. Соттың қылмыстық іс бойынша күшіне енген талап қоюды қанағаттандыру құқығы танылатын үкімі оған қатысты соттың үкімі болған тұлға әрекеттерінің азаматтық-құқықтық салдары туралы істі қарайтын сот үшін міндетті. Заңды күшіне енген сот үкімі мұндай азаматтық істі қараған сот үшін, осы іс-әрекеттер орын алды ма және оларды осы адам жасады ма деген мәселелер бойынша, сондай-ақ үкіммен белгіленген мән-жайларға және олардың құқықтық бағасына қатысты да міндетті болып табылады.
4. Заңға сәйкес анықталды деп ұйғарылған фактілер істі талқылау кезінде дәлелденбейді. Мұндай ұйғарым жалпы тәртіппен теріске шығарылуы мүмкін.
5. Егер тиісті құқықтық рәсімдер шеңберінде керісінше дәлелденбесе, мына мән-жайлар:
1) осы заманға ғылымда, техникада, өнерде, кәсіпшілікте жалпы қабылданған зерттеу әдістерінің дұрыстығы;
2) адамның заңды білуі;
3) адамның өзінің қызметтік және кәсіби міндеттерін білуі;....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру