Экономика | Кассадағы нақты ақшаның есебі

 Экономика | Кассадағы нақты ақшаның есебі

Мазмұны

Кіріспе

І тарау Ақша қаражаттарының есебі
1. Ақша қаражатының жалпы сипаттамасы. Есеп айырысу
нысандары
2. Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу.
3. Вексельдермен есеп айырысу.
ІІ тарау Кассадағы нақты ақшаның есебі
1. Кассадағы ұлттық валюта түріндегі нақты ақша есебі
2. Кассадағы шетелдік валюта түріндегі нақты ақша есебі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер.....


І тарау АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЕСЕБІ
§ 1. Ақша қаражатының жалпы сипаттамасы. Есеп айырысу нысандары
Ұлттық Банк ақша-несие жүйесіне орталықтандырылған жоспарлы басқаруды, бюджеттің қассалық орындалуын жүзеге асырады және жиынтық валюта жоспарын қалыптастыруға қатысады. Ол ақша эмиссиясын, ұйымдар мен мекемелерге несиелендіруді, қаржыландыруды және есеп-айырысу қызметін атқарады.
Прогрессивті несие саясатын жүзеге асыру, негізгі қызметгі несиелендірудің бүкіл жүйесінің тиімділігін арттыру, күрделі қаржыны қаржыландыру мен несиелендіру, сондай-ақ қажетгі есеп айырысуларды жүргізу төмендегі мемлекеттік акционерлік банктерге жүктелген: Тұран-Әлем банкі - өндірісте, құрылыста, көлік пен байланыста, материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласында, сыртқы экономикалық қызметте; Қазагроөнёркәсіпбанкі-агроөнеркәсіп кешенінде; Қазкредсоцбанк - тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықта тұрмыстық қызмет көрсетуде және экономиканың басқа да салаларында; Халықтық банк - елдегі жинақ ісін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді; Бюджетгік банк - бюджеттегі мекемелерге қызмет көрсетеді; Қазақстан Эксимбанкі—экспорт-импорт операцияларын несиелеуді, сондай-ақ Үкімет белгілейтін елдің эко-номикалық даму басымдықтарына сәйкес тиімді инвестициялық жобаларды ұзақ мерзімді несиелеуді жүзеге асырады; Медетші банк-қаржы жағдайын оңалтуы мен өндірісгі көтеруі /қайта құруы/ үшін мемлекет қаржы бөлетін субьектілерді несиелендіреді. Бұған қоса республикада коммерциялық және жекеменшік банктердің жүйесі құрылған, олар елде жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субьектілерге қызмет көрсетеді.
Ақша бірлігі ретінде теңгені пайдаланатын коммерциялық банктер арасындағы есеп айырысуларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі банктер орналасқан жерлерде құрылған өзінің есеп айырысу-кассалық орталықтары арқылы ұйымдастырады. Банкаралық есеп айырысуларды жүргізетін коммерциялық банктермен есеп айырысу орталықтарындағы құжаттар айналымы Ұлтық Банктің нормативтік құжаттарына сәйкес жүргізіледі. Банктердің қызметін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі үйлестіреді және оған бағыт береді.
Ақша қаражатын сақтау және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелері мынадай шоттар ашады:
есеп айырысу шоттары-шаруашылық есепте тұрған, дербес ба¬лансы бар, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің органдарында тіркеуден өткен заңды тұлғаларға;
ағымдағы шоттар-жергілікті бюджеттегі мекемелерге, бюджетгік мекемелерге олардың бюджеттен тыс қаражаты бойынша, өндірістік және коммерциялық қызметпен айналысатын қоғамдық ұйымдар мен жеке тұлғаларға;
бюджеттік шоттар-Қазақстан Республикасының Республикалық бюджетіндегі мекемелерге;
корреспондешптік шоттар-корреспонденттік келісімдер негізінде есеп айырысу ережелеріне сәйкес екінші деңгейдегі банктерге Ұлттық Банк мекемелерінде және өз арасында.
Өзі орналасқан жерден тысқары жерлерде жеке филиалдары мен өкілдіктері /дүкендері, қоймалары жөне т.е./ бар заңды тұлғаларға табысты нақты ақша түріндегі несие төлем тапсырмалары бойынша есептеу үшін есеп айырысу субшоттары ашылуы мүмкін.
Уақытша есеп айырысу шоты ішінара пайдалануға берілген /іске қосу кешені, кезек, кезең және т.с.с./, салынып жатқан көсіпорынға арнап ашылуы мүмкін. Мұндай шот жоғары тұрған органның өкімі бойынша кәсіпорын пайдалануға толық берілгенге дейінгі мерзімге ашылады.
Субьектіге валюталық шот ашылуы мүмкін, ол шетел валютасындағы қаражаттың нақты бары мен қозғалысын есепке алуға арналған. Ол сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыратын және өнімін валютаға сататын субъект үшін ашылады. Аккредитивтер бойынша шоттарды, чек /аванс/ кітапшаларының шоттарын жөне басқаларын субъектілер ақша қаражаттарын оқшаулап сақтау үшін және тиісті операцияларды жүргізу үшін ашады.
Есеп айырысулар толық және тұрақты болуға тиіс. Олардың негізіне мынадай принциптер қаланған: субъектілер өз ақша қара¬жаттарын банкте сақтауға міндетті; олардың арасындағы есеп ай¬ырысулар, әдетте, қолма-қол ақшаны пайдаланбай жүргізіледі; ауда¬ру арқылы есеп айырысулар жүргізуге негіз болып табылатын барлық құжаттар банк, байланыс органдары мен Халықтық банк мекемелері арқылы төлемдер жасау үшін пайдаланылады; банктік емес айналымда айналыстың тек жалпы мемлекеттік кредит құралдары (чектер, вексельдер, банк билеттері және басқалар) гана айнала алады. Есеп айырысудың мақсаты-нарықтық қатынастарды нығайтуға, жиынтық қоғамдық өнімнің қозғалысына, есеп айырысу қатынастарына қатысушыларды өзара ынталандыру мен бакылауға, олардың кірістері мен шығыстарын өлшеуге жәрдемдесу.
Ақша қаражатын есепке алу міндеттері ақша қаражатының сақталуын және олардың мақсатына сай лимиттерге, сметаларға сәйкес пайдаланылуына бақылауды қамтамасыз етуі; ақша қаража¬тының қозғалысы жөніндегі барлық операцияларды толық және уақтылы құжаттау; есеп айырысу және қаржы тәртібін сақтау; талдамалық есепке алуды уақтылы және дұрыс жүргізу; ақша қаражатына толық және нақтылы түгелдеу жүргізу; төлемдерді банк арқылы ақша аудару жолымен жасау болып табылады.
Кәсіпорындардың банктер арқылы жүргізетін есеп айырысуларын тауарлық (сатылган өнім, жұмыс және көрсетілген қызмет үшін, алынған шикізат, материалдар, жартылай дайын өнім үшін) жөне тауарлық емес (бюджетке, әлеуметтік сақтандыру органдарына, зейнетақы қорына жөне басқалары) деп белуге болады.
Банк субъектілердің ақша қаражаттарын олардың шоттарында сақтайды, осы шоттарға келіп түскен сомаларға есептеме жүргізеді, субъектілердің шоттарынан аудару мен беру және банк ережелері мен шартта көзделген басқа да операцияларды жүргізу туралы өкімдерін орындайды.
Субъектілердің шоттарынан төлем жасау егер заңдарда өзгеше көзделмесе, субъектінің басшысы белгілейтін кезектілікпен жүзеге асырылады.
§ 2.Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу.
Төлем тапсырмасы субъектінің қызмет қөрсетуші банкке өз шотынан белгілі бір соманы аударуы туралы тапсырмасы болып табылады
Төлем жасаушы банкке белгіленген нысандағы бланкілерде тапсырманы ұсынады. Тапсырмаларға қоса төлем жасаушы банктің талап етуі бойынша банктің шолып қарауы үшін (кейін қайтаратын етіп) шарттарды, салықтық шот-фактураларды жөне төлемдердің мақсатын растайтын басқа да құжаттарды тапсыруға міндетті. Төлем тапсырмалары жазылып берілген күннен бастап 10 күн бойы күшінде болады (жазылған күн есепке алынбайды). Төлем тапсыр¬малары төлем жасаушының шотында қаражат болғанда ғана орындауға қабылданады.
Бірқалыпты және тұрақты өнімдерді сатып-өткізу кезінде өнімді өткізушілер мен сатып алушылар арасындағы есеп айырысулар жос¬парлы төлемдер төртібімен шарттардың (келісімдердің) негізінде төлем тапқырмаларымен есеп айырысуды пайдалана отырып жүзеге асырылуы мүмкін. Жоспарлы төлемдер транзитгік жөнелту де қолданылмайды. Бұл төлемдер күн сайын немесе өнім беруші мен са¬тып алушы арасындағы келісілген, белгіленген мерзімдерде кезең-кезеңімен жүргізілуі мүмкін.
Ірілендірілген төлем мерзімін есепті қезеңнің келесі жұмыс күніне белгілеу ұсынылады. Әрбір жоспар¬лы төлем сомасын тараптар төлемдердің келісілген кезеңділігі мен өнім беру (сатып алу) немесе қызмет көрсету көлеміне сүйене оты¬рып, алдағы айға (тоқсанға) белгілейді. Күнделікті жоспарлы төлем кезінде олардың мөлшерін бір айда өнім берілу сомасын осы айдағы жұмыс күнінің санына бөлу жолымен айқындау ұсынылады. Өндіріс циклы мен өнім сату үздіксіз болғанда жоспарлы төлемдер сомалары бір айдағы күнтізбелік күндердің санына сүйене отырьш есептелуі мүмкін. Әрбір жоспарлы төлем үшін банкке жеке төлем тапсырмасы беріледі.
Тараптар кезең сайын, бірақ кемінде айына бір рет өз есептерін өткен кезеңдегі нақтылы тауар босату немесе қызмет көрсетудің негізінде нақтылап, келісімде белгіленген тәртіппен қайта есептеу жүргізуге міндетті.
Бұл ретте пайда болатын айырма жеке тапсырма бойынша аударылуы не кезекті төлем төлеу кезінде есепке алынуы мүмкін.
Тапсырмалар банкке төлем мерзімі келген күні беріледі. Төлем жасаушының шотындағы қаражат жеткіліксіз болғанда және төлем жасаушыға несие беру мүмкін болмаған кезде банк төлем тапсырмасын қабылдамайды. Қаражат пайда болған кезде жоспар¬лы төлемді төлем жасаушы ол бойынша бұрын пайда болған берешекті есепке ала отырып аударады.
Үздіксіз өндіріс циклы бар субъектілер өндірілген өнім үшін аванстық төлемдермен есеп айырысады. Аванстық төлемдер төлем тапсырмалары арқылы жүргізіледі.
Аванстық төлемдермен есеп айырысу қаражатты шартта айтылған мерзімдер мен мөлшерлерде кезең-кезеңімен аудару арқылы жүзеге асырылады.
Тараптар кезең сайын, кемінде айына бір рет өткен кезеңдегі нақты тауар босатудың негізінде өз есептерін нақтылап, шартта айтылған тәртіппен қайта есептеу жүргізуге тиіс. Бүл ретте пайда болған айырма жеке тапсырмамен аударылуы не кезекті төлем жасау кезінде ескерілуі мүмкін.
Тараптардың уағдаластығы бойынша төлем тапсырмалары жедел мерзімді, мерзімінен бұрын және мерзімі кейінге қалдырылған болуы мүмкін.
Жедел мерзімді төлем мынадай нұсқалар бойынша жүзеге асы-рылады: аванстық төлем, яғни, тауар тиелгенге дейін; тауар тиелгеннен кейін, яғни, тауарлар үшін шоттарды тікелей акцептеу жолымен; ірі мәмілелер кезіндегі ішінара төлемдер.
Мерзімінен бұрын немесе мерзімі кейінге қалдырылған төлемдер шарттық қатынастар аясында тараптардың қаржылық жағдайына зиян келтірілмей жүргізілуі мүмкін.
Субъектілер: жеке өздеріне тиесілі қаражатты (зейнетақы, алимент, жалақы, іссапар шығыстары, авторлық қаламақы) жекелеген азаматтардың атына; жалақы төлеуге арналған, банк мекемелері жоқ жергілікті жерлерде ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау жөніндегі шығыстарды субъектілерге қаражат аударуды байланыс көсіпорындары арқылы жүзеге асыра алады.
Өз шоттарынан байланыс көсіпорындары арқылы аударым жасаған кезде аударым жасаушы аударым бланкілерінде аударым алушының атын, оның нөмірін, сондай-ақ егер қаражат шотқа аударылуға тиіс болса, осы орналасқан банктің аты мен нөмірін көрсетеді. Тапсырмаға қаражат алушылардың тізбесі коса беріледі, онда кім, қандай мақсаттарға ақша алатыны көрсетіледі. Байланыс көсіпорындары кәсіпорындарға жолданған әрбір аударым алушы бойынша барлық аударымдардың жалпы сомасына төрт дана етіп жасалатын келіп түскен аударымдарды төлейді.
Төлем талап тапсырмалары арқылы есеп айырысу. Төлем талап тапсырмасы төлем жасаушының қызмет көрсететін банкіне жіберілген есеп айырысу және тиеу құжаттарының негізінде келісім-шарт бойынша жөнелтілген өнімнің, орындалған жұмыстын, көрсетілген қызметтің құнын төлеу туралы жабдықтаушының сатып алушыға талабын білдіреді. Төлем талап тапсырмаларын төлем жа¬саушы бланкке жазып, жабдықтаушының банкіне тізімдемемен бірге төрт дана етіп береді. Жабдықтаушының банкі барлық реквизитгердің толық толтырылғанын тексеріп, талап-тапсырманы сатып алушының банкіне жібереді, екінші данасы жабдықтаушыға қайтарылады.
Сатып алушының банкі талап-тапсырманы алган соң, оны тіркейді, барлық даналарға алынған күнді қойып шығады (жоғарыда оң жақта) және оны төлем жасаушыға келісімін алу үшін береді.
Төлем талап тапсырмасын толық немесе ішінара төлеуге келгенде төлем жасаушы барлық даналарға шотқа билік жүргізуге уәкілеттігі бар адамдардың қолын қойғызумен және мөр басумен рәсімдеп, оны қызмет көрсетіп банкке өткізеді, олардың:
біріншісі төлем төлеушінің шотынан қаражатты есептен шығару үшін негіз болады жөне операция жүргізілгеннен кейін банк құжаттарына тігіледі;
екіншісі - жабдықтаушыға қызмет көрсететін банкке жіберіледі;
үшіншісі - тиеу құжаттарымен бірге тауарларға, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтерге ақы төлеуге жөне есепке қабылдауына болатындығын растайтын қолхат ретінде төлем жасаушыға қайтарылады.
Банк акцептелген талап-тапсырмаларды қабылдауға және оларды №2. картотекаға орналастыруға құқылы.
Төлемдік талап-тапсырмаға толық немесе ішінара ақы төлеуден бас тарту туралы төлем жасаушы оған қызмет көрсететін банкке үш күннің ішінде хабарлайды. Талап-тапсырма құжаттарымен қоса оған берілген тиеу құжаттарын және төлемейтіні туралы хабарламасымен бірге тікелей жабдықтаушыға (өнім берушіге) қайтарылады.
Жиынтық талаптар арқылы есеп айырысу.
Көлік ұйымдарының тапсырыс берушілермен (жүк жөнелтушілермен немесе жүк алушылармен) жүк тасымалдағаны үшін, сондай-ақ көліктік-экспедициялық қызмет көрсетулері үшін орталықтандырылған есеп айырысулары жиынтық талаптар арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Айыппұлдар жөніндегі сома жиынтық талапқа енгізілмеуге тиіс. Көлік қызметіне тапсырыс жасаушыларға қызмет көрсетуші банк мекемесі тиісті шоттан қаражаттың депонентелгенін, көлік ұйымдарының қызметіне ақы төлеу тапсы¬рыс берушінің тиісті шотынан бұл шотта уақытша қаражат болмаған кезде банктің кепілдігінен жүзеге асырылғандығын куәландыратын кепілдікті анықтама береді. Анықтаманың күшінде болу мерзімі тараптардың келісім-шартымен айқындалады.
Өзара талаптар мен міндеттемелерді есепке алу.
Өзара талаптар мен міндеттемелерге негізделген есеп айырысулар деп борышкерлер мен несие берушілердің бір-біріне қойылған талаптары мен міндеттемелері тең сомада өтелетін және осы талап¬тар мен міндеттемелердің арасындағы айырмаға ғана төлем жаса¬латын нақты ақшасыз есеп айырысулар жатады. Өзара талаптарды есепке алу бойынша есеп айырысуларды банктер субъектілердің өтіншгі бойынша нақты тиелген немесе босатылған тауарлы-материалдық құңдылықтар және негізгі қызметі бойынша көрсетілген қызметтер үшін жүргізеді.
Банктерге тапсырмалар, чектер, талап-тапсырмалар ұсынылады.
Бұл есеп айырысуларды банк тұрақты және біржолғы есепке алу арқылы жүргізеді. Тұрақты есепке алу қатарына өзара талаптар мен міндеттемелердщ .....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру