Экономика | Инвестициялардың ұғымы және оның жіктелуі
Мазмұны
І. Кіріспе 2-4бет
ІІ. Негізгі бөлім
1. Инвестициялардың ұғымы және оның жіктелуі. 5-10 бет
2. Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктердің, еншілестердің және тәуелді серіктестіктердің инвестициялық есебі. 10-18 бет
3. Қаржылық инвестиция есебі. 19-32 бет
ІІІ. Қорытынды. 32-33 бет
ІV. Қолданылған әдебиеттер.
Инвестициялардың есебі
1. Инвестициялардың ұғымы және оның жіктелуі
Инвестициялар деп өнерксіптің,құрылыстың,ауыл шаруашылығының және экономиканың басқа да салаларының кәсіпорындарына капитал түрінде салынып, жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтамыз.Инвестициялық қызметтің мақсаты-түпкі нәтижесінде кәсіпкерліктен табыс немесе процент алу болып табылады.
Инвестицияның көзі болып жаңадан қалыптасқан құн немесе таза табыстың жинақталған бөлігі саналады.Бағалы қағаздардың көп түрлілігі инвестицияны жіктеудің көптеген критерийлерін алдын ала айқындайды.
Қаржылық инвестиция өзінің пайдалану мерзіміне қарай қысқа және ұзақ мерзімді болып бөлінеді.
Инвестиция өзінің арналымы немесе алынған мақсаты бойынша:қаржылық және нақты болып бөлінеді.
Нақты инвестициялар- бұл кәсіпорынның негізгі капиталын және материалдық - өндірістік қорын өсіруге салынатын салымдар.
Қаржылық инвестициялар- бұл субъектінің табыс алу мақсатында пайдаланатын активі (мысалға, пайыздар,роялитилер, дивиденттер және жалға ақысы), инвестицияланған капиталдың өсімі немесе алынатын басқа да олжалар (мысалға, коммерциялық мәмәлелердің нәтижесі). Сондай-ақ қаржылық инвестицияға пайдаланбай тұрған жылжымайтын мүліктер де жатады. Қаржылық иевестицияның бір түрі болып бағалы(құнды) қағаздар да саналады. Барлық бағалы қағаздар екі топқа бөлінеді- ақшалай және күрделі (капиталды)болып. Ақшалай бағалы қағаздарды алған кезде ақшалай қарыздарды алғандағыдай етіп рәсімделеді. Бұл борыштық бағалы қағаздар. Оларға: вексельдер, депозиттер және жинақ сертификаттар және т.б. жатады. Осы бағалы қағаздар бойынша табыс бір мәртелік сипатқа ие болады және олар өзінің номиналдық (атаулы) құнынан төмен бағаға сатып алудың есебінен қалыптасады. Ақшалай бағалы қағаздар ,әдетте қысқа мерзімге (бір жылдан аспайтын уақытқа ) беріледі.
Капиталды бағалы қағаздар кәсіпорынды дамыту үшін, оның капиталын(қорын) құрастыру немесе ұлғайту мақсатында шығарылады.
Бағалы қағаздар құқығы бойынша кімге жататындығы туралы белгілерін куәландыру үшін олра былайша бөлінеді:
Бағалы қағазды ұсынушыға – құқықтарын орындау үшін, бірақ олрдың иелерін теңестіруді(идентификациялауды) талап етпейді, ұстаушылардың атына тіркеу жасалынбайды.Ұсынушы бағалы қағазды куәландыратынг құқығын басқа адмға қарапайым жолымен қолына береді.
Атаулы бағалы қағаздар- белгілі бір адамның атына жазылады. Бағалы қағаздарды куәландырылған құқықтары ондағы қойылған талапиы жеңілдету үшін белгіленген тәртіппен басқа тұлғаға беріледі.Атаулы бағалы қағаздар бойынша құқық беретін адам соған сәйкес келетін талаптардың орындалуы емес, ондағы тиесілі талаптың заңды еместігіне жауап береді.
Ордерлік бағалы қағаз- ол ең алғашында иемденушінің атына немесе оның бұйрығы бойынша жазылады. Бұл онда көрсетілген құқықтар қағазға түсірілген тәртіпке байланысты ауыспалығын сақтайтындай етіп – индоссаментке жазып береді. Индоссамент озінде құқықтың болғанына ғана емес, сонымен бірге, оның жүзеге асуына да жауап береді. Бағалы қағаздардан алынатын табысқа қатысты оларды борыштық және инвестициялық етіп бөлуге болады.
Борыштық бағалы қағаздар пайыздарды төлеуді және негізгі қарыздың сомасын графикке сәйкес жабуды эмитент өз міндетіне алады. Бұл кімнің эмитенті екендігіне қарамастан, оған барлық облигациялар, векселдер жатады.
Инвестициялық бағалыф қағаздар эмитент активтерінің бір бөлігін иемденуге құқық береді, оларға эмитенттердің барлық типтеріндегі акциялары тұтастай жатады.
Бағалы қағаздар эмитенттік сипаты бойнша: мемлекеттік (Үкімет пен Ұлттық Банктің борышкерлік міндеттемелері) және корпаративтік(шаруашылық жүргізуші субъектілердің жарғылық капиталын қалыптастыру немесе қаржылық – шаруашылық қызметін жүргізу үшін қажет қаражатты тарту мақсатымен қолданыстағы заңға сәйкес шығарылады) ,болып бөлінеді.
Мәмілеге байланысты шығарылатын бағалы қағаздар: фондылық (акциялар, облигациялар) және саудалық (крммерциялық векселдер, чектер, коносаменттер, кепілдік міндеттемелер,т.б.) болып бөлінеді.
Фондылық бағалы қағаздар көптеп шығарылуымен (эмиссиямен) ерекшеленеді және олр қор биржаларында айналысқа түседі.
Саудалық бағалы қағаздар коммерциялық бағытқа ие:олра негізінен сауда операциялары бойынша есеп айырусыға және тауарларды орын алмастыру процесіне қызмет көрсетуге арналған.
Нарықтағы айналыс ерекшеліктеріне байланысты бағалы қағаздарды нарықтық (айналыстағы) және нарықтық емес (айналыстағы емес) етіп бөлу мүмкін.
Нарықта болатын бағалы қағаздар биржалық немесе биржалық емес айналым шеңберінде нарықта екінші рет еркін сатылуы және сатып алынуы мүмкін. Олар сатылғаннан кейін эмитентке мерзімінен бұрын ұсынылмайды.
Нарықтық емес бағалы қағаздар бір қолдан екінші қолға еркін көше алмайды, яғни екінші рет айналысқа түспейді.Бұндай бағалы қағаздардың қатарына оларды шығару кезінде сатылмайды деген шарт қойылса, онда оларды тек эмитенттің өзі ғана сатып алады.Сондай-ақ айналысы шектеулі бағалы қағаздар да бөлініп көрсетілуі мүмкін.Мысалға, жабық АҚ акциялары сатып алу және мәміле бойынша шектелген акциялардың қатарына жатады.
Бағалы қағаздар әрекет ететін орыны бойынша ақша нарығының бағалы қағаздары және капиталдық бағалы қағаздары болып бөлінеді.
Ақша нарығы дегеніміз - қысқа мерзімді бағалы қағаздардың алынуы мен сатылуын көрсетеді және ол қаржылық нарықтың бір бөлігі. Қысқа мерзімді бағалы қағаздардың әрекет ету мерзімі - бір күннен бастап бір жылға дейін болуы мүмкін. Айналыстағы бағалы қағаздар, әдетте, төменгі төлем тәуекелімен қатар жүреді, өйткені қарыз берушілердің төлем қабілеттілігі жоғары болса ғана шығарылады. Ақша нарығының бағалы қағаздарына: қазыналық векселдер, депозиттік сертификаттар, коммерциялық қағаздар жатады.
Бағалы қағаздар нарықтық капиталдар ретінде бір жылдан астам мерзімге ұсынылады. Бұл борышкерлік, сондай-ақ инвестициялық бағалы қағаздар болуы мүмкін.
Бағалы қағаздардың атқаратын ролі бойынша: негізгі (акциялар мен облигациялар), көмекші (чектер, векселдер,сертификаттар,т.б.) және негізгі бағалы қағаздардың алынуы мен сатылу құқығын куәландыратын шартты бағалы қағаздар болып бөлінеді(варанттар, опциондар, қаржылық фьючестер, сатып алу құқығының артықшылығы).
Бағалы қағаздарды өздерінің алдына қойған міндеті мен мақсатына сәйкес басқа да белгілері бойынша (құжатты және құжатсыз, кері қайтарылатын және қайтарылмайтын, тұрақты деңгейде және әр түрлі деңгейде табыс әкелетін)жіктелуі мүмкін.
Инвестор бағалы қағаздар нарығында жұмыс істей жүріп салымдарды тараптардың (диверсификациялаудың) принципін ұстануы тиіс: инвестор қаржылық активтердің әр түрлісін алуға ұмтылуы керек.Бұл салымдардың тәуекелдігін азайту үшін қажет. Мысалы, инвестор өзінің барлық ақшаларын бір компанияның акцияларына салды делік. Бұл жағдайда ол акция курсының нарықтық ауытқуына толық тәуелді болады. Егер кәсіпорын қаражаттары бірнеше компаниялардың акцияларына сатылатын болса, онда инвестордың табысы неғұрлым аз ауытқитын біршама компаниялардыңакциясына тәуелді болады. Егер инвестор әр тараптандыру (диверсификациялау) принципін ұстанатын болса, онда ол инвестициялық(фондылық) портфел деп аталатын бағалы қағаздардың жиынтығымен байлынысты болады.
Қоржындық(портфелдік) инвестициялаудың объектілері ретінде әр түрлі бағалы қағаздар: акциялар, облигациялар, бағалы қағаздардың шартты түрлері әрекет етеді.Қоржынның бір бөлігі ақша түрінде ұсынылуы мүмкін. Қоржындық инвестициялау өзінің құрамына тәуелді, ол табыс немесе залал әкелуі мүмкін және тап сондай тәуелділіктің де сол және басқа да деңгейіне ие. Қоржынға енетін бағалы қағаздардың тізбесін де, көлемін де инвестор өзгерте алады.
Қоржынды құрастыру кезінде инвестор келесі факторларды есепке алуы тиіс: тәуекелділікті, табыс дәрежесін, орындалу мерзімін, бағалы қағаздар типін. Инвестор инвестициялық мақсатына тәуелді белгілі бір типтерді қалыптастырады. Келесі типтерін бөліп көрсету қабылданған: бірінші тип - өсім қоржыны, екінші тип – табыс қоржыны.
Қоржының бірінші типінің мақсаты өсімді көбіне дивиденттер мен проценттер алу есебінен емес, бағалы қағаздардың бағамдық өсімінің есебінен алу болып табылады. Бұл негізгі салымның басым бөлігін акция құрайды. Күтілетін капитал өсіммен және тәуекелділіктің ара қатынасына байланысты қоржындық өсімнің ортасынан, тағы да басқа қоржынның түрлерін, атап айтқанда: агрессивті, консервативті және орташа өсімін бөліп көрсетуге болады.Агрессивті өсім қоржындары капиталдың максималды өсіміне бағытталады. Бұл қоржын үлкен тәуекелділікпен байланысты екенін көрсетеді, бірақ эмитерт-кәсіпорындардың қолайлы дамуы кезінде ол үлкен табыс әкелуі мүмкін. Қоржынныңы бұл құрылымы, әдетте, тез өсетін компаниялардың акцияларымен көрсетілуі мүмкін. Консервативтік қоржынның өсімі негізінен ірі, жақсы белгілі және тұрақты компаниялардыңакциясынан тұрады, бұндай қоржынның тәуекелділігі де аса үлкен болмайды. Қоржынның орташа өсімінде агрессивті қоржынға да, консервативті қоржынға да тән инвестициялық қасиеттері болады. Оның құрамына сенімді кәсіпорындармен қоса даму үстіндегі жас кәсіпорындардың да акциялары енеді. Мұндай қоржын жеткілікті жоғары табысқа және тәуекелдің орташа деңгейін ұстауына қолайлы жағдай туғызады.
Қоржындардың екінші типі дивиденттер мен проценттер есебіне табыс алу болып табылады. Қоржынның бұл типі тәуекел кезінде алдын ала жоспарланған табыстың деңгейін қамтамассыз етеді және онда тәуекелділіктің деңгейі нөлге тең болады. Қоржындардың аталғантипін инвестициялау объектілер ретінде сенімділігі жоғары бағалы қағаздар алынады. Оның құрамына енетін қорлардың инструменттеріне байланысты олар: конверттелетін, нарықтық ақшалай және облигациялар болып бөлінеді. Конверттелетін(айырбасталатын) қоржындар: айрықша акциялардан және облигациялардан тұрады. Мұндай қоржын оны құрайтын бағалы қағаздардың есебінен нарық конъюктурасы мүмкіндік беретін болса, онда олрға жай акциялардың өзі де, қосымша табыс әкелуі мүмкін. Басқаша жағдайда, қоржын инвестициясы тек тәуекелділік төмен болған кезінде ғана табыспен қамтамассыз етіледі.
Ақша нарығының қоржындары(портфелі) капиталды толық сақтау мақсатынан тұрады. Оның құрамына ақшалай қаражат пен тез сатылатын активтер кіреді. Егер де ұлттық валюта өзінің төмендеу бағамын көрсетсе, онда ол шетелдік валютаға айырбасталуы мүмкін. Сөйтіп, салынған капитал нөлдік тәуекелділік кезінде өз өсімін сақтайды. Облигациялар қоржындары облигациялардың есебінен қалыптасды және нөлдік тәуекелділік кезінде орташа табыс әкеледі.
Қоржындардың өсуіне қоржынға енген құрылымдардың өзгерісі мен бағамдары әсер етеді. Табыс қоржындары тұрақты құрамға және құрылымға ие.
Қоржын қызмет етуінің уақытына байланысты мерзімі шектелген және мерзімі шектелмеген болып бөлінеді.
Мерзімі шектелген қоржын тек табыс табуға талпыныс жасап қана қоймай, алдын ала уақыты белгіленген кезеңнің шегінде табыс алуды көздейді. Ал мерзімі шектелмеген қоржынның уақыты шектеліп белгіленбейді.
Мүмкіндігінше толықтыратын, қайтарып алынатын және тұрақты қоржындар ажыратылып көрсетіледі. Толықтырылатын қоржындар, бастапқы салынған ақша қаражаттарының есебінен емес, сыртқы қаражат көздерінің есебінен өсуі (толықтырылуы) мүмкін. Қайтарып алынатын қоржындар бастапқы салынған қаражаттардың бір бөлігін қайтарып алуға жол береді.Тұрақты қоржындарда бастапқы салынған қаражаттар қоржынның барлық кезең бойына тұрақты көлемін сақтайды.
Инвестиция – экономикалық дамудың тұрақты және жоғары қарқынын қалыптастыруды, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін енгізуді, инфрақұрылымды дамытуды көздейтін басты фактор.
Инвестицияны дамытуда кәсіпорындарды қаржыландыратын және ұзақ мерзімге несие беретін мамандандырылған инвестициялық банктер мен акционерлік қоғамдардың акцияларынан құрылған инвестициялық қорлар ерекше роль атқарады. Сөтіп, қорлар экономиканың неғұрлым пайдалы салалары мен кәсіпорындарына капиталдың құйылуына жағдай жасайды.
Қаржылық инвестициялар инвестор үшін ішкі және сыртқы инвестициялар жағдайында белгілі бір тәуекелділікпен байланысты болатынын ескерген жөн. Бұл тәуекелділік басшылардың біліктілігімен және олардың епті әрекеттерімен, есеп пен бақылау жұмысын ұйымдастырумен, валютаның бағамдық пайыз мөлшерлемесінің өзгерістерімен, орта мерзімді және қысқа мерзімді несиелерді тартудың қиындылықтарымен және т.б. осы сияқты мәселерімен байланысты болып келеді. Сонымен қатар, табиғар залаларымен және саяси тәуекелділіктерімен байланысты болатыны ескерген абзал. Қаржылық инвестициялар техникалық – экономикалық есептеулер жасалған соң және сол инвестицияланатын объектіні қажетті зерделеуден өткізгеннен кейін барып, жүзеге асырылады. Осы жағдайда ғана нарықтық қарым- қатынастар жағдайындағы тәуекелділіктер төмендеуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының заңдары экономиканың барлық саласын инвестициялық тұрғысынан қолдауға бағытталған. Республикада инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың тиімділігіне бағытталған жеңілдіктер мен преференциялар әзірленіп жасалған.
Түптеп келгенде, инвестициялардың мақсаты – жаңа технологияларды, алдыңғы қатарлы техниканы және ноу – хауды енгізу; ішкі нарықты жоғары сапалы таурлармен толтыру және ынталандыру; экспортқа бағытталған және импортты алмастырушы өндірістерді дамыту, Қазақстан Республикасының шикізат көздерін тиімді кешенді пайдалану; қазіргі заманғы менеджмент пен маркетингтің әдістерін енгізу, жаңа жұмыс орындарын құру; жергілікті мамандардың үздіксіз оқу жүйесін енгізу, олардың біліктілік деңгейін көтеру; өндірістің жедел дамуын қамтамасыз ету; қоршаған табиғат ортасын жақсарту болып табылады.
Қазақстан Республикасының экономикасын көтеруде және оны одан әрі дамытуда шетелдік инвесторлардың ролі зор. Шетелдік инвестицияларға табыс алу мақсатында кәсіпкерлік қызметтің объектілеріне инвесторлар салып отырған мүліктік құндылықтар және оған қоса олардың құқықтары, яғни интеллектуалдық меншік құқығы да кіреді.
Шетелдік инвестициялар Қазақстан Рреспубликасының заңды тұлғаларының жарғылық капиталына қатыса отырып, ондағы қабылданатын шешімдерге өз үлестерін және құқықтарын қорғауына болады.
Шетелдік инвесторлар заңға қайшы келмейтін кез келген қызметпен, атап айтқанда: бірлескен кәсіпорындарды құруға және олардың шетелдік филиалдарын ашуға, мүліктік құқын сатып алуға, қарыз, несие беруге т.б. қызметтерімен шұғылдануына болады.
Шетелдік инвесторлар өздерінің қызметінен алған табысын өз қалаулары бойынша пайдалануға құқылы, Қазақстан аймағында қайта қаржыландыру үшін, тауарлар алуға және басқа да мақсаттар үшін, яғни Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған кез келген қызметпен айналысуына болады.
2. Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктердің, еншілестердің және тәуелді серіктестіктердің инвестициясының есебі
Заңды тұлға басқа кәсіпорындардың пакет акциясын, қатысу үлесін алу арқылы қаржылық салымдарын жүзеге асыруы мүмкін. Салынған қаржылық салымдардың деңгейіне байланысты олар: не бақылаушы, не қаржылық немесе субъектінің басқа да саясатына едәуір әсер ететін болып белгіленеді.
Егер де инвестордың қатысу үлесі 50% және одан да көп болса немесе 50% және одан да көп дауыс беру құқы бар акциясы болса, онда ол қаржыландырылатын объекті бойынша оның бақылауында болатын және еншілес серіктестігі болып табылады.
Егер де инвестордың қатысу үлесі 20%-тен астам болса, бірақ оның дауысбберуге құқы бар акциясы 50%-тен аспаса, онда ол қаржыладырылатын объекті бойынша оның едәуір әсер етуінде болатын және тәуелді серіктестік болып табылады.
Егер де инвестордың қатыссу үлесі 20% акциясынан аспаса, онда оол бірлесіп бақыланатын заңды тұлға болып табылады.
Инвестицияның есебі 14 Үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын инвестициялар “ Инвестициялар ” бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі, оның құрамына мынадай синтетикалық шоттар кіреді: 2200 Үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын инвестициялар .
Бұл бөлімнің шоттары еншілес , тәуелді серіктестіктер мен бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың акциялары мен жарналарындағы инвестициялардың нақты бары мен қозғалысы туралы мәліметті талдап қорытындылауға бағытталған.
2200-2300 Үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын инвестициялар және жылжымайтын мүлікке инвестициялар шоттары активті және күрделі болып келеді.Тапдамалы(аналиттикалық) есеп инвестицияланған кәсіпорындар мен инвестициялар түрлері бойынша жүргізіледі.Инвестицияларды есепке алу Бухгалтерлік есептің №14 “Тәуелді шаруашылық серіктестіктерінің инвестициялық есебі” деп аталатын стандарты бойынша реттеледі.
Тәуелді шаруашылық серіктестіктердің инвестициялық есебі. Тәуелді серіктестік инвесторлардың едәуір ықпал етуінде болады және ол еншілес шаруашылық серіктестігі де, бірлесіп бақыланатын заңды тұлғасы да болмайды. Субъектінің инвестор едәуір ықпал етеді, оның тек 20%-тен астам ғана дауыс беруші акциясы болса да. Тәуелді серіктестіктер өз инвестициясын жүзеге асыру үшін мына екі әдістің бірін пайдаланады:
- үлестік қатысу әдісі;.......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: курстык Инвестициялардың ұғымы және оның жіктелуі жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Экономика курстық жұмыстар, Инвестициялардың ұғымы және оның жіктелуі