Психология | Зейін туралы түсінік оның түрлері
Мазмұны
І. Кіріспе
Зейін туралы түсінік, оның түрлері
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Зейін түрлері
2.2. Зейіннің негізгі қасиеттері
2.3. Зейінді дамыту мәселелері
ІІІ. Қорытынды
ІҮ. Пайдаланған әдебиеттер
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Зейін түрлері
Өзінің пайда болуы мен іске асу жағынан, әдетте, зейін ырықсыз және ырықты болып екіге бөлінеді. Ырықсыз зейін- ең қарапайым және адамда алғашқы көрінетін психикалық процесс, оны сонымен бірге енжар, еріксіз деп те атайды, себебі ол адамның алдына қойған мақсатына тәуелсіз туындайды әрі әрекетке қосылады. Орындалып жатқан іс адамды өзінің қызықтылығы және тосындылығымен еріксіз баурап алады. Ырықсыз зейіннің пайда болу себептері әртүрлі, олар іс- әрекет иесінің дене- тәндік, психофизиологиялық және психикалық кейіп- қалпымен байланысты келіп, өзара ықпалды қатынасынан туындайды. Ол себептерді бірнеше категорияларға келтіріп қарастыруы мүмкін.
Бірінші себептер категориясына тітіркендіргіш әсердің сипаты мен сапасы жатады. Олардың ішінде ең алдымен ескеретініміз әсер күші мен қарқындылығы. Елестетіңіз: оқушы жазба жұмысын орындап отыр, оның жұмысқа құныққаны сонша, көшедегі, үйдегі ану- мынау жеңіл сыбдыр- шуды тіпті аңғарар емес. Ал кенеттен өз столынан түсіп кетіп, «тарс» ете қалған заттың дыбысы оны еріксіз мойын бұруға мәжбүр етеді. Әрдайым күшті тітіркену әсері, айқай- шу, көз қамастырар жарық, екпінді соққы, ащы иіс, дәм біздің зейінімізді еріксіз тартады. Аталған себептер тобына тітіркендіргіш әсердің жаңалығы мен тосындылығы да кіреді. Бұл тұрғыдан жаңалық деп бұрын білмеген, көрмеген зат, құбылыстар әсерін ғана емес, сонымен бірге бірдейіне ықпалында болып жүрген әсерлеріміздің физикалық қасиеттерінің өзгерісі немесе орын ауысуынан туындаған тітіркендіргіштерді танимыз.
Адамның көңіл- күйіне, мұқтаждық қажетсінуіне сәйкес тысқы тітіркендіруші әсерлер ырықсыз зейін туындатушы себептердің үшінші тобын құрайды. Мысалы, аш адам мен тоқ адамның тағам жөніндегі әңгімені, болмаса оның иісі мен дәмін қабылдауы бірдей емес.
Зейін себептерінің төртінші тобы тұлғаның жалпы бағыт- бағдарына байланысты, Міне, осыдан көше бойлап келе жатып, аула тазалаушының назары қоқысқа түседі, тәртіп сақшысы- орынсыз тұрған машинаны аңғарады, ал архитектор не суретші- ежелгі ғимараттың сәніне сүйсінеді. Адамның бағыт- бағдары сонымен бірге оның бұрынғы тәжірибесі мен қалыптасқан сезімдік күйіне де байланысты. Ырықсыз зейіннің маңызды себептері, сонымен, бізді қызықтырып, эмоционалды кейпімізді өзгеріске түсіретін заттар, жағдайлар, құбылыстар.
Ырықты зейіннің ырықсыз зейіннен ерекшелігі оның саналы мақсатқа тәуелді келуі. Зейіннің бұл түрі адам еркімен тығыз байланыста болып, оның еңбектік күш салуларының нәтижесінде пайда болады, сондықтан да ырықты зейін ерікті, белсенді, ниеттелген деп те сипатталады. Қандай да бір шешімді қабылдай отырып, біз іске кірісеміз, сол іс біз үшін тап сол мезетте ұнамаса да оған саналы зейін қойып, оны орындауға өзімізді мәжбүрлейміз. Ырықты зейіннің басты қызметі- психикалық процесс ағымын белсенді түрде реттеп бару.
Ырықты зейін себептері биологиялық емес әлеуметтік: ол тәнмен бірге берілмейді, сәбидің ересектермен қатынасқа келу барысында қалыптасады. Л. С. Выготский зерттеулері анықтағандай, зейін қызметі алғашқы даму кезеңінде сәби мен ересек адам арасында бөлінген: ересек қоршаған ортадан нысанды бөле көрсетіп, оны сөзбен баламалайды, ал бала ым- ишараны байқаумен, затты танып не сөзді қайталапғ сигналға жауап қайтарады. Осылайша қажетті затты бала тысқы өрістен бөліп алады. Кейін жас бала өз бетінше мақсат қоюға үйренеді. Ырықты зейін дамуы сөз, сөйлеумен тікелей байланысты. Баладағы ырықты зейіннің қалыптасуы алғашқыда оның өз қылық- әрекетін үлкендердің ауызша нұсқауларына бағындыруына тәуелді, ал содан соң тіл қабілетінің артуымен өз әрекетін өзінің ауызша талаптарына көндіруіне байланысты.
Ғалым- психологтардың кейбірі ырықты зейін секілді мақсат бағдарлы, бастапқы күш еріктік күш салуды талап ететін зейіннің және бір түрін айырып қарастырады. Бұл зейін түрінде адам толығымен іс- әрекетке шомады, оған енді әрекеттің нәтижесі ғана емес, сол әрекеттің өзі де мәнді әрі қызғылықты болып көрінеді. Мұндай зейін түрін орыс әдебиеттерінде « после произвольный» деп атаса, қазақ тіліндегі оқулықтарда «үйреншікті зейін» атауымен баламаланған. Қай іс- әрекет болмасын алғашқы кезде оны игеру қаншама маңдай тер төккізіп, қиналысқа түсіріп, зорлануға душар ететіні белгілі, ал кейін үйрене келе, дағдыланудан әрекеттің нәтижесі ғана емес, оның өзі де адамды өзінен өзі баурап, әдемі орындалуынан көңілді қуаныш сезімге бөлейді. Әрекет енді әдейі қайталап, еске түсіріп тұруды, ерік күшін қосуды қажет ете бермейді, өзінен өзі орындалып жатқандай болып көрінеді.
Педагогикалық процеске орай үйреншікті зейін үлкен маңызға ие. Оқу, тәрбие барысында шәкірттердің зейінін бір қалыпты ұстау үшін педагог олардың ерік күшіне арқа сүйегені қажет те жөн. Бірақ бұл балаларды шаршатады. Сондықтан шебер педагог балаларды өздерінің бой, ой қувтын босқа сарп етпей, жұмыс істеуі үшін сабақты қызғылықты, тартымды, ойын әдісімен өтуге тырысады. Оқушы сабақта біреудің тапсырысымен іс қылып, жатырмын деген ойдан аулақтап, өмірімнің қызықты бір мезетін өтудемін дегендей сезімнен еңбек ләззатына бөленуі керек.
2.2. Зейіннің негізгі қасиеттері
Айтқанымыздай, зейін сананың белгілі нысанмен байланысын байқатып, оған бағытталуын білдіреді. Осы бағытталу ерекшеліктері зейін қасиеттерін анықтайды. Бұл қасиеттер тобына зейіннің тұрақтылығы, шоғырлануы, бөлінуі, ауысуы және көлемі кіреді. Тұрақтылық- зейіннің уақыт аралығына байланысты сипаты болып, оның белгілі бір нысанға көзделу мерзімінің ұзақтығын аңдатады. Тұрақтылық- перифериялық және орталық жүйке факторларына байланысты. Эксперименттік зерттеулерге қарағанда, зейін белгілі уақыт аралығында қайталанып отыратын ырықсыз тербеліс сипатында болады.
Қазіргі күнде дәлелдегендей, зейін тұрақтылығының ең бір мәнді шарты- назардағы нысанның жаңа талаптары мен байланыстарының ашылу мүмкіндігінің болуы.алға қойылған мақсатқа орай зат көзге алынып, оның бөліктерінің өзара байланыстары мен бір- біріне кірігулерінің жаңа қырларын ашатын болсақ, зейін ұзақ уақыт өзінің жаңа ерекшеліктерін таныту мүмкіндігіне ие болмаса, зейін күйзеліске келіп, алаңдауға түседі.
Зейіннің шоғырлануы- оның белгілі бір нысанға бақытталып, онда топталу күші мен дәрежесі, яғни психикалық немесе саналы іс- әрекеттің толығымен қажетті нүктеге шөгуі. Зейіннің шоғырлануы ми қабығындағы қозу ошағының доминанттық қызметімен тікелей байланысты. Дәлірек айтсақ, шоғырлану нысанды ошақтағы қозудың және сонымен бір уақытта жүретін бас ми қабығындағы басқа аймақтардың тежелуінің салдарынан келіп шығады.
Зейіннің бөлінуі деп адамның өз зейінінің ауқымында бір уақытта бірнеше әртүрлі нысандарда ұстай алуы. Осы қабілетіне орай әр адам бір мезгілде бірнеше әрекеттерді өз зейінінде ұстап, орындау мүмкіндігіне ие. Мысалы, әйгілі Юлий Цезарь бір уақытта өзара байланыспаған жеті іспен шұғылдана алады екен. Ал Наполеон өз көмекшілеріне бір уақыт ішінде жеті ресми құжат бойынша көрсетпе беріп, жаздыратын қабілетке ие болвпты.
Зйіннің ауысуы зейіннің бір нысаннан екіншісіне саналы және байыпты өтуін айтады. Зейіннің ауысу қасиетінен біз қоршаған ортаның өзгермелі, күрделі жағдайында жылдам бағыт- бағдар тауып отыру мүмкіндігіне иеміз. Орындалатын қызмет неғұрлым қызық болса, оған зейіннің ауысуы да оңай, ал іске көңіл соқпаса, оған ден қою да жеңіл болмайды.
Зейін көлемі- ерекше құбылыс. Адам бір уақытта әртүрлі заттар жөнінде теңдей ойлап, әрқилы жұмыстарды орындауы мүмкін емес. Осыдан сырттан келіп келіп жатқан ақпараттарды адам өзінің өңдеу мүмкіндіктеріне орай топтап, жіктейді. Сондай- ақ, адамның бір уақыта өзара байланысы жоқ бірнеше нысандарды қабылдау мүмкіндігі де шектеулі. Осы шектер арасын танып, қабылдауы- адам зейінінің көлемін білдіреді. Зейін көлемін зерттеу үшін адамға бір уақытта талдануы қажет бір топ элементтер ұсынылып, солардың ішінен саналы есте қалғаны есептеледі. Мұндай есепті жүргізу үшін тахитоскоп аппараты қолданылады.
Зейіннің алаңдаушылығы- бұл зейіннің бір нысаннан екіншісіне ырықсыз ауысуы. Мұндай ауысу қандай да іспен шұғылданып отрған адамға тыс тітіркендіргіш әсерлердің ықпал етуінен туындайды. Алаңдау сыртқы және ішкі бөлып бөлінеді. Сыртқы алаңдаушылық- субъектке тысқы, қоршаған орта жағдайларының әсер етіп, ырықты зейіннің ырықсыз зейінге ауысуынан болады. Зейіннің ішкі алаңдауы- көңіл- күй, толғаныс нәтижесінде туындайды, орындалатын іске қызықпаудан, жауапкершілікті сезінбеуден келіп шығады. Шәкірт өзінің оқу жұмысымен байыпты әрі тиімді шұғылдануы үшін оның болмысындағы сабақтан алаңдататын көңіл күйзелістерін басып отыруы керек.Сонымен бірге оқушыларда білімге, оны игеруге деген ұмтылыс пен қызығушылықты тәрбиелеп бару өте маңызды қызмет
2.3. Зейінді дамыту мәселелері
Шәкірт зейінін дамыту бағдарламасының негіздері академик А. А. Леонтьев, Л. А. Кытаев- Смык, В. В. Налимов, Гримактардың еңбектерінде баяндалады. Осы негізде жасалған бағдарлама Шығыс Қазақсатн облысының жекелеген мектеп ұжымдарында практика жүзінде қолданып, әжептеуір жетістіктерге жеткізді.
Әзірленген бағдарлама оқушылардың зейінін арттыруды көздейді. Бағдарламаның негізгі мақсаты- оқушының тұлға ретінде ішкі жан дүниесі мен интеллектісін дамыту, оқу жылдамдығын 5-20 есе өсіруге жағдай туғызу. Бұл әдістемелерді пайдалану барысында оқушылардың зейіні, интуициясы мен творчестволық қабілеті жақсарады.
Бағдарламаны оқушыларға жеткізу процесі бірнеше кезеңдерден тұрады:
1. Даралау жіктеу
2. Оқу жылдамдығын арттыру
3. Зейін және оқу
4. Шапшаң оқу техникасы.
Осы кезеңдердің ішінде баса назар аударатынымыз- зейін және оқу.
Оқу процесінде – «Зейінді бол, сонда қате жібермейсің. Есепті қалай түсініп шығарасың, егер сен оны оқу барысында зейін қойып тыңдамасаң?»- деген сөздерді жиі естуге болады. Қызықты материалдарды оқу кезінде біз айналадағы болып жатқан заттарды, әрекеттерді елемейміз. Мұндай жағдайда зейіннің шоғырлану процесі жүреді. Өйткені зейіннің негізгі функциясы- адамның кез келген уақыттағы әрекеттерін, қызметін жақсарту.
Оқу процесінде зейіннің ырықсыз көрінуі, біріншіден, тексттің көркемділігіне байланысты. Сонымен қатар тексттегі шрифттің бөлінуі, оның астының сызылуы, бас әріптерінің баталуы, түрлі- түсті түстердің қолданылуы және т.с.с жағдайлар, адамның назарын аудартады.
Егер текстте сандық көрсеткіштер, графиктер мен сызулар, суреттер қолданылса, мұндай текстке деген қызығушылық артады. Оқушылар суреттерді тексттің мазмұнымен салыстыра бастайды. Егер оқу материалдарында суреттер жоқ болса, балалар тексттегі көрсетілген сандық фактілерге назар аудармауы мүмкін, ал суреттер мен графиктер бар болса, олар қзінен- өзі шәкірт көзіне түседі.
Балалардың өмір тәжірибесі аз болғандықтан, олардың суреттерді көру барысында кітапқа деген қызығушылығы артады. Текстті мазмұндау барысында стильдің өзгеруі балалардың зейін деңгейінің өзгеруіне әсерін тигізеді. Мәселен, проза поэзиямен ұштасса, көркем- суреттер, гравюра т.б. қолданылса, сыртқы әр түрлі тітіркендіргіштер бала зейінінің еріксіз аударылуына себеп болады.
Оқу процесіндегі көптеген интеллектуалдық функциялардың автоматтандуы оқу жылдамдығын арттырады. Автоматтандыру үнемі үздіксіз күнделікті жаттығулар арқасында пайда болады. Зейіннің шоғырлануы негізгі оқу мақсатын меңгеруге бағытталады. Осының нәтижесінде зейіннің көлемі ұлғаяды, текстті түсініп саналы оқудың сапасы артады.
Зейінді, оның ішінде оқушылардың зейінін, тәрбиелеу өзінше дербес жүргізілетін жұмыс емес, ол мектептегі бүкіл оқу –тәрбие жұмысының өн бойында жүргізілетін жұмыс болып табылады. Зейінді тәрбиелеу оқу – тәрбие жұмысының мазмұнына, оның қызықты, қызықсыз болуына, демек, оқыту, тәрбиелеу жұмыстарының әдістемесіне байланысты. Сабақты немесе сабақтан тыс жұмысты түрлендіріп, қызықты етіп құрмайынша, оқушыдан зейінді болуды талап етпеседа болады.
Тарихи дамуда адамның дүниені танып – білу әрекетін екіге бөлуге болады: білім алу (теориялық) қызметі және еңбек ету (тәжірибелік) қызметі. Бұларды бір – бірінен айырып, бөліп қарауға болмайды. Өйткені ғылыми тұрғыдан алып қарасақ, нағыз білімге ие болу тек тәжірибенің, еңбек етудің негізінде ғана іске асады.
Сабақты белсенді түрде жүргізу дегенді түрліше түсінуге болады. Бұл жердегі белсенді деген ұғым сабақты оқушылардың белсенді түрде қабылдап, оны толық ұғып алуы жөнінде айтылып отыр. Оқушылардың сабақ кезінде белсенді болуы, олардың тек өздеріне ғана байланысты емес, негізінде ол мұғалімдердің қолданатын әдістемелерге, олардың сабақ беру шеберлігіне байланысты. Әдетте сабақ өткізудің көпшілікке аян екі түрлі әдісі бар: біріншіден, материалды басынан аяғына дейін мұғалімнің өзі айтып, оған оқушылар белсенді түрде қарастырылмайды. Мұндай жағдайда сөйлейтін, ойлайтын тек қана мұғалімнің өзі болғандықтан, оқушылар сырттан зейінді болып көрінгенімен, сабаққа деген белсенділік оларда болмайды. Сабақты жүргізудің екінші жолы – сабақты мұғалімнің басшылығымен оқушыларды түгелімен қатастырып өткізу. Бұл жағдайда сабақ материалын мұғалімнің жетекші сұрақтары арқылы оқушылардың өздері баяндап, өздері қорытындылайды. Мұндай сабақта оқушылардың зейінді болуына толық мүмкіндік туады. Бұл екі жолдың қайсысы жақсы? Бірінші жағдайда сабақ материалын мұғалімнің өзі ғана баяндайтын болғандықтан, оның уақыты үнемді және сабақ мазмұн жағынан терең өтуі мүмкін. Ал екінші жағдайда бұл айтылған мүмкіншіліктер жетіспей де қалуы мүмкін.
Қазіргі кезде мақсат оқушыларға білім беріп қана қоюда емес, мәселе сол білімді өмірге пайдалана білуге үйретуде болып отыр. Сол себептінде қазіргі таңда екі жолдың соңғысы, яғни оқушыларды сабаққа белсенді түрде қатыстыратын жол, ерекше орын алуы тиіс. Бұл жол оқушылардың сабаққа зейінді болуына кең мүмкіндік туғызады. Себебі оқушылар, басқа кісінің әңгімесінен гөрі, мәселені өздері шешіп, оған белсенді араласып отырғанда әлде қайда зейіндірек болады. Бұл жерде тағы бір көңіл аударатын жай бар. Сабақтардың бәрін бірдей оқушылардың қатысуымен, олардың белсене араласуымен өткізе беруге кейде мүмкіндік болмай қалады. Сондықтан қажет болғанда сабақты мұғалім өзінің ауызша түсіндіруі арқылы жүргізеді. Кейбір педагогтар мұғалімнің ауызша түсіндіруі арқылы сабақ жүргізу жолын пассивтік әдіске жатқызады, біз оған түгелімен қосылмаймыз. Егер мұғалім материалды қызғылықты етіп баяндаса, сабақ оқушылар зейінін өзіне аудара алса, біз мұндай сабақты белсенді түрде өтті деп бағалаймыз. Бір ескертетін нәрсе, мұғалім материалдың мазмұнын жеңілдетуге тырысып, уақытты тым үнемді пайдалануға салынып, балаларға сөз бермей, үнемі өзі ғана сөйлейтін болса, қанша тәртіпті болғанымен, оқушылар мұндай сабақтарда бастан – аяқ зейінді болып отырмайды. Оқушыларға материал даяр қалыпта берілетін болса, олардың өздігінен ойлануына, қорытындылар шығаруына еш негіз қалмай қояды. Сонымен бірге мұндай сабақтар оқушыларға қиыншылықты жеңе білу дағдысын бере алмайды.
Осы келтірілген белсенділік принципі ғылымда жаңа мәселе емес. Ілгеріректе өмір сүрген ірі педагогтар (К.Д.Ушинский және т.б.) сабақты оқушылардың психикалық ерекшеліктерімен есептеспей бір жақты жүргізуге қарсы шығып, оны оқушылардың белсенді қатысуы арқылы жүргізу керектігі жөнінде көптеген бағалы пікірлер айтқан болатын. Кейін бұл қағида дидактикалық принциптердің бірі болып енді. Осылай бола тұрса да, қазіргі оқыту әдістемесіне қойылып отырған белсенділік принципі, бұрынғыға қарағанда әлдеқайда кең мағынада көтеріліп отыр. Белсенділік принципі бойынша сабақ, оқушылардың кеңінен қатысуымен ғана өткізіліп қоймайды, сонымен қатар сабақта ауызша баяндау кезінде көрнекі құралдарды түрлендіре пайдаланып, тәжірибелік істермен жиірек айналысу талап етіледі.
Сабақ өткізудің белсенділік принципі мен зейін тәрбиелеудің арасында біте қайнасқан байланыс бар. Сабақ кезінде белсенділік принципін қолдана отырып, біз оқушыларға білім берумен ғана шектелмейміз, сонымен қатар олардың зейінін тәрбиелейміз.
Біз осыған дейін білім алу, дағдылану жөнінде айттық, бірақ зейінді тәрбиелеу жөнінде оқыту әдістемесіне қойылатын талап тек осы айтқандармен ғана бітпейді. Өмрде үздіксіз кездесіп отыратын алуан түрлі мәселелерді ойдағыдай шешу үшін, білім алып қана қою жеткіліксіз, ол үшін ойлай білу және зеректік қасиеттер керек. Осыған байланысты оқыт.......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: курстык Зейін туралы түсінік оның түрлері жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Психология курстық жұмыстар, Зейін туралы түсінік оның түрлері