Экономика | Дебиторлық борыштар Вексель операциялары
Мазмұны
Кіріспе.................................................................................................................2
І. Дебиторлық борыштар.................................................................................3
1.1 Дебиторлық борыштар есебін ұйымдастыру..........................................3-7
1.2 Борыш міндеттері бойынша жүргізілетін операциялардың есебі.......8-11
1.3 Дебиторлық борышты беру – сату.......................................................12-17
ІІ. Вексель операциялары...............................................................................18
2.1 Вексель операцияларының бухгалтерлік есебі туралы түсінік.........18-21
2.2 Вексель арқылы есеп айырысу.............................................................22-24
Қорытынды........................................................................................................25
Қолданылған әдебиеттер..................................................................................26
Ι.Дебиторлық борыштар.
1.1.Дебиторлық борыштар есебін ұйымдастыру.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлғалардан оларға сатқан тауарлары, көрсеткен қызметтері, сондай-ақ аванс ретінде алдын ала төлеген төлемдері үшін алшақ борыштары – Дебиторлық борыштар(Алынуға тиічті шоттар) деп аталады. Осы кәсіпорындар мен ұйымдарға берешек борышы бар заңды және жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады. Өтелетін (алынатын) уақытына қарай алынуға тиісті дебиторлық борыштар ағымдағы алынуға тиісті борыштар және ұзақ мерзімді алынуға тиісті борыштар болып екіге бөлінеді. Бұл борыштар есебі «Алынуға тиісті шоттар» бөлімінің шоттрында есептеледі.
Есеп беретін уақыттан кейінгі бір жыл ішінде алынатын(өтелетін) дебиторлық борыштар, ағымдағы активтер қатарында есептеледі. Олардың қатарына жататындар:
• ағымдағы активтерді сатып алуға төленген аванстық(алдын ала төленген) төлем;
• тапсырылған(берілген) шоттар бойынша алынуға тиісті борыштар;
• вексельдер бойынша алынуға тиісті борыштар;
• негізгі ұйымдар мен оның еншілес серіктестігі арасындағы түрлі операциялар негізінде туындаған дебиторлық борыштар;
• ұйымның лауазымды адамдарының(тұлғаларының) дебиторлық борышы;
• басқадай дебиторлық борыштар.
Несиелік операциялар сияқты дебиторлық берешектер де 2002 жылдың 16 қарашасында шыққан «Активтер және шартты міндеттемелер жіктемесінің және олар бойынша мәжбүрлі шығындар(резервтер)құру Ережесіне», Бұхгалтерлік есептің шоттар жоспарына, екінші деңгейлі банктердің бухгалтерлік есеп саясатына сәйкес жіктеледі.Жіктемеге (1856-«Күрделі салымдар бойынша дебиторлар») күрделі салымдарды қаржыландыруға байланысты операциялар бойынша дебиторлық берешек ( 1860-«Банк қызметі бойынша өзге дебиторлар») банктің әкімшілік – шаруашылық қызметі, сондай-ақ (1861-«Кепілдік бойынша дебиторлар») кепілдіктер бойынша дебиторлық берешек жатады.
Дебиторлық берешек дебиторлардың төлем мерзімдерін қадағалауына байланысты сапасы бойынша бөлек қарастырылады:
1. стандартты;
2. күмәнді, ол өз кезегінде 1-дәрежелі күмәнді – төлем уақтылы және толық төлеген кезде; 2-дәрежелі күмәнді – төлемді кідіртіп немесе толық емес көлемде төлеген кезде; 3-дәрежелі күмәнді – төлемді уақтылы және толық төлеген кезде; 4-дәрежелі күмәнді – төлемді кідіртіп немесе толық емес көлемде төлеген кезде; 5-дәрежелі – күмәнді болып бөлінеді;
3. үмітсіз.
Қазақстан Республикасы Бухгалтерлік есеп және аудит жөніндегі Ұлттық комиссиясының 1996 жылғы №2 «Қаржылық есепті дайындау мен ұсынуға арналған тұжырымдамалық негіздер туралы» - деп аталатын қаулысына сәйкес Дебиторлық борыш иелік ету құқықтарымен қоса, заңды құқықтарына байланысты актив болып саналады. Яғни «дебиторлық борыш» - дегеніміз, бұл – иелік ету хұқын қосқандағы заңды хұқтармен байланысты активте қамтылған болашақтағы экономикалық тиімділік болып табылады.
Мысалы: американдық FASB-пен (қаржылық есептің стандарттарын жасау бойынша құрылған кеңесі) сәйкес, дебиторлық борыштың активі маңызды үш сипаттамаға ие:
– ол, ақша қаражаттарының тікелей немесе жанама өсуіне мүмкіндікті қамтамасыз ететін (немесе басқа активтермен бірге) болашақтағы тиімділікті қамтиды;
– шаруашылық субъектісінің басқара алатын ресурстары актив болып табылуы қажет.Сондай-ақ тиімділікке деген немесе потенциалдық қызметтерге деген хұқтар, заңды болуы қажет немесе оларды алудың заңды дәлелдемелері болуы қажет.
Бір жылдан астам уақыт бойы алынбаған дебиторлық борыштар ұзақ мерзімді активтердегі «Ұзақ мерзімді дебиторлық борыштар» бабына енгізілуі мүмкін.
Дебиторлық борыштар есебіне мына төмендегі аталған есептілік тіркелімдер (регистрлер,құжаттар)пайдаланылады:
– 30-шы «Сатып алушылар және тапсырыс берушілердің борышы» бас шотындағы бөлімше шоттарының және 32-ші «Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық борышы» бас шотындағы бөлімше шоттарының кредиті бойынша жүргізіледі.
Сатып алушылармен тапсырыс берушілер және басқадай дебиторлармен есеп айрысудың есебі бойынша №7; №8; №10; №11 журнал-ордерлерден (регистрлерден, тіркелімдерден) басқа аналитикалық есептің карточкаларын, ажырату парақшаларын (қағаздарын), бухгалтерлік анықтамаларды және тағыда басқа құжаттарды қолданған дұрыс болып табылады. Жалпы есеп регистрлерін толтыру шаруашылық операцияларының мазмұнын сипаттайтын бухгалтерлік жазулардың жиынтығын анықтау үшін керек.
Жалпы есеп тіркелімдерін толтыру шаруашылық операциялардың мазмұнын сипаттайтын бухгалтерлік жазулардың жиынтығын анықтау үшін керек. Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартында (соның ішінде Америка Құрама Штаттарының бухгалтерлік есеп стандартында) ұйымның бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу барысында қолданатын барлық бланкілері үшін міндетті ортақ есеп беру формалары қарастырылмаған. Есеп нысанын таңдау құқығы толығымен бас бухгалтердің құзырында, яғни ол алғашқы құжаттарды топтастырудың ең қарапайым әдісін таңдап, шоттар корреспонденциясын жүргізуге міндетті. Шоттарға келетін болсақ, олар негізгі есеп тіркемелерінде үнемі қатысатын, эпизодтық болып бөлінеді және олар басқадай операцияларда қолданылады. Дебиторлық борыштар шоттарында есептелетін сомалардың дұрыстығы мен олардың толықтығын бақылау үшін түгендеу жүргізілуі қажет, ол құжаттар бойынша шоттарды корреспонденцияланатын шоттармен салыстыру арқылы жүргізіледі. Мұндағы басты мақсат - әрбір шоттағы сомалардың сәйкестігі мен дұрыстығын, толықтығын анықтау болып тадылады. Дебиторлық борышты есептеудегі басты мәселе сату мерзімін анықтау болып табылады, яғни сатып алушылар тиеліп жіберілген немесе жөнелтілген тауарлардың (жұмыстар,қызметтер) қашан сатылғанын тануында. Бухгалтерлік есептің көзқарасымен қарағанда, тауарлардың тиелуі мен сатып алушыға қаржылық және есеп айырысу құжаттарының ұсынылуы, тауарлардың сатылғандығы деп танылады.
Дебиторлық борыш келесідей бөлімдерден тұрады:
«Сатып-алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы».
«Күдікті қарыздар бойынша резервтер».
«Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық борышы».
«Басқадай дебиторлық борыштар».
«Алдағы кезең шығындары».
«Берілген аванстар».
Яғни осы жоғарыда аталған баптар бойынша кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлғалардан алашақ сомалары дебиторлық борыш болып табылады.
Сатып-алушылар мен тапсырыс берушілер борышының есебі.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы» деп аталатын бөлім шоттары сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің осы кәсіпорынға деген әр түрлі қарыздары жайлы ақпараттарды қорытындылау үшін арналған. Аталған бөлімде келесі шоттар қаралған:
«Алынуға тиісті шоттар».
«Алынған вексельдер».
«Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де борыштары».
Бұлар активті шот болып табылады. Сондықтан да бұл шоттардың дебитінде борыштың сомасы жазылса, ал кредитінде борыштың азаюы көрсетіледі. Алынуға тиісті шоттар сатып алушы заңды немесе жеке тұлғалардың сатып алған тауарлары, сондай-ақ кәсіпорынның оларға көрсеткен қызметі үшін қарыз сомаларын білдіреді.
«Алынуға тиісті шоттар» деп аталатын шотта тиеліп жіберілген өнімдер, атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызметтері үшін сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің банк мекемесі қабылдаған есеп айырысу құжаттары бойынша төлеуге тиісті сомасы есептеледі.
Күмәнді дебиторлық борыштар.
Сатып алушылар мен тапсырыс беруші заңды және жеке тұлғалардың төлем қабілеттілігін анықтау жүйесін қаншалықты арттырғанмен, оларға несиеге сатылған тауарлар немесе көрсетілген қызмет үшін уақтылы есеп айырыспай немесе алынуға тиісті сомалардың бір бөлігіне ғана өтеліп, қалған бөлігінің алынбай қалуы іс-тәжірибеде әрдайым кездесіп отырады.Сатып алушылардың келісімшартқа сәйкес белгіленген мерзімде төлемеген шоттары «күмәнді қарыздар» деп аталады. Қазақстан Республикасының заңына сәйкес талап ету мерзімі өтіп еткен дебиторлық берешек күмәнді қарыз болып саналынады. Өтелу-өтелмеуі белгісіз, күмән тудыратын борыштарды есептен шығарудың екі тәсілі бар.Біріншісі – тікелей есептен шығару,мұнда шығындар нақты шоттарды үмітсіз деп танығаннан кейін ғана тікелей есептен шығарылады.Екіншісі – резервтік,бұл жағдайда шығындар алдын ала қарастырылған тәсілмен есептеледі.
Еншілес серіктестіктердің дебиторлық борыштарының есебі.
Жалпы кез келген ұйымның бухгалтерлік есебіндегі мына шоттарда:
• «Еншілес серіктестіктердің борышы».
• «Тәуелді серіктестіктердің борышы».
• «Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың борышы» сол ұйымның барлық
еншілес және тәуелді серіктестіктерінің, бірлесіп бақыланатын заңды
тұлғаларының дебиторлық борыштары жайлы ақпараттар көрініс табады.
Еншілес серіктестік дегеніміз, басқа (негізгі) шаруашылық серіктестік оның жарғылық қорына үлесін қоса алатын серіктестік болып табылады.Сонымен қатар, тәуелді серіктестіктер өздерінің қаржы-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есебін өздері жүргізіп, есеп тіркелімдерін, бас кітапты толтырады және баланстарын жасайды.
Басқадай дебиторлық борыштардың есебі.
Кәсіпорындар мен ұйымдарда басқадай операциялар бойынша тиісті дебиторлық борыштар төмендегідей шоттарда есептеледі:
«Алынуға тиісті қосылған құн салығы».
«Есептелген пайыздар».
«Жұмысшылар мен басқадай тұлғалардың борышы».
«Өзге де дебиторлық борыштар».
Бұл шоттарда «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер» бөлімшесінде есептелуге жатпайтын (сатылған тауарларға, көрсетілген қызметтерге,орындалған жұмыстарға жатпайтын) есеп айырысу операциялары есептеледі.
Сонымен қатар «Басқадай дебиторлық борыш» шотында төлеуге тиісті жал төлемдері жайлы ақпараттар, бюджетке және бюджеттен тыс ұйымдарға артық төленген сомалар, жабдықтаушылар мен мердігерлерге, көлік ұйымдары мен басқа да заңды тұлғаларға деген шағым талап сомалары,тауарлық-материалдық қорлардың жетіспеушілігі, өсімақылар, тағы да басқалар есептеледі.
Алдағы кезең шығындарының есебі.
«Алдағы кезең шығындары» деп есеп беретін кезеңде шығарылған, бірақ келесі есеп беретін кезеңнің шығындарына жататын шығындарды айтады. Олардың қатарына жататындар:
• алдын ала (мерзімінен бұрын) төленген сақтандыру полисінің сомасы;
• келесі кезеңдерге жазылған газет, журнал және басқа да ақпарат құралдарының құны;
• маусыммен жұмыс істейтін өндірістердің маусымдық шығындары және тағы да басқалары.
Осы айтылғандармен қатар алдағы кезең шығындарына жаңа өндірісті дайындау және меңгеруге байланысты шығындар, кен өндіруші өнеркәсіпті пайдалануға дайындау жұмыстарының шығындары, жаңа кәсіпорындарды іске қосу шығындары жатады.
Берілген аванстар есебі.
Берілген аванстардың есебі келесі шоттарда есептеледі:
• «Тауарлық-материалдық корларды жеткізіп беруі үшін берілген аванстар» шоты;
• «Орындалатын жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін берілген аванстар» шоты.
Ал берілген аванс дегеніміз ұйымның жабдықтаушылар мен қызмет көрсетушілерге олардан алынатын тауарлы-материалдық қорлар, негізгі құралдар, материалдық емес активтер үшін және олардың көрсететін қандайда бір қызметі үшін алдын ала төленіп қойылған сомалары болып табылады
1.2 Борыш міндеттері бойынша жүргізілетін операциялардың есебі.
Борыштың бағалы қағаздардың (облигациялардың, депозиттік сертификаттардың, вексельдердің және т.б.) бухгалтерлік есебі үшін №401-403 «Қаржылық инвестициялар» синтетикалық шоттары қолданылады.
Борыштық міндеттемелер оларды сатып алуға жұмсалған нақты шығындар бойынша кіріске алынады. Олардың құрамы акцияларды сатып алу кезіндегі нақты шығындардың құрамына ұқсас. Борыштық міндеттемелердің номиналды құны олардың өте маңызды құрамдас бөлігі болып саналады.
Егер бастапқы (баланстық) құн номиналды бағадан жоғары болса, онда олардың арасындағы айырма шығыс етіледі, төмен болған жағдайда – қосып есептеледі. Жабу мерзімі бір жылға дейінгі бағалы қағаздар бойынша бұл операция оларды кәсіпорынның балансынан шығыс етумен бір мезгілде жасалады.
Бір жылдан астам мерзімге алынған облигациялар бойынша бастапқы құнның түзетілуі олардың №401-403 шоттар бойынша бастапқы (баланстық) құн облигацияларды жабу (өтеп алу) мезгіліне номиналды бағасына сәйкес келуіне негізделіп жасалады.
Бастапқы құн номиналды бағаның арасындағы айырманы шығыс ету немесе қосып есептеу кәсіпорынға тиесілі облигациялар бойынша алынатын пайыздар есебінен жасалады.
Тиесілі табысты есептеу кезінде әрбір шығыс етілетін немесе қосып есептелетін бастапқы құн мен номиналды бағаның арасындағы айырманың бөлігі айырмашылықтың жалпы сомасы мен облигациялар бойынша табысты белгіленген мерзімде төлеуге негізделіп анықталады.Айырманың бұл бөлігі төмендегі формула бойынша есептелуі мүмкін:
Б=(Бқ - Н) : (М х С)
бұл жерде: Б-облигацияның бастапқы құны мен номиналды бағаның
арасындағы айырманың бөлігі;
Бқ – облигацияның бастапқы құны,яғни бағалы қағазды сатып алу бойынша
нақты шығындардың сомасы;
Н – облигацияның номиналды бағасы, яғни бағалы қағаздардың бланкісінде
белгіленген құн;
М – эмиссия күнннен бастап облигацияның иесі салынған ақша қаражаттарын
талап етуге құқық алатын күнге дейінгі облигацияның айналым мерзімі;
С – жыл ішінде облигация бойынша табыс төлемінің саны.
Сол немесе басқа борыштық міндеттемелерді жауапкершілігіне алу кезінде бухгалтерлік есеп шоттарында төмендегі жазулар жазылады:
а) борыштық міндеттемелер үшін қаражаттар аудару кезінде:
Дт - №687б «Борыштық міндеттемелермен операциялар жүргізу» субшоты.
Кт - №431,441 «Валюталық және есеп айырысу шоттарындағы ақшалар» төлем түріне байланысты.
б) сатып алу нақтылығы расталған кезде:
Дт - №401-403 «Қаржылық инвестициялар»
Кт - №687б «Борыштық міндеттемелермен операциялар жүргізу» субшоты.
Егер облигациялар өсу пайыздарына сәйкес сатылса, онда пайыздарда төлеу күндерімен сәйкес келмейтін күндері оларды сатып алу кезінде сатушы мен сатып алушы өздерінің арасында тиісті соманы бөліп алуы тиіс.Сатушы сатып алушыға облигацияның нарықтық құнынан басқа олрдың соңғы төлемі кезінен өткен мерзімге тиесілі пайыздар төлейді. Пайызды төлеудің кезекті мерзімі келгенде алушы оларды толық пайыздық кезең үшін алады.
Алушының бухгалтерлік есебінде бұл операциялар төмендегіше бейнеленеді:
а) олардың соңғы төлемі кезінен өткен кезеңіне тиесілі пайыздардың сомасы мен құнына қоса, облигацияның сатып алу құнына алынатын облигация үшін қаражаттардың аударылуы кезінде:
Дт - №687с «Сатып алу құнымен операциялар жүргізу» субшоты.

б) облигация сатып алушының билігіне көшу кезінде:
Дт - №401-403 «Қаржылық инвестициялар»
- №343 «Алдағы кезеңдердің басқа шығыстары» шоты бойынша лоарды соңғы төлемі кезінен өткен кезеңіне тиесілі пацыздар үшін жазылады.
Кт - №687с «Сатып алу құнымен операциялар» субшоты.
в) пайыздармен болатын кейінгі операциялар:
Дт - №687с «Сатып алу құнымен операциялар жүргізу» субшоты толық кезекті пайыздық кезеңге тиесілі пайыздар.
Кт - №343 «Алдағы кезеңдердің басқа шығыстары» шоты бойынша оларды соңғы төлемі кезінен өткен кезеңіне тиесілі пацыздар үшін жазылады.
Борыштық міндеттер бойынша табыс (пайыз) алумен байланысты бухгалтерлік есеп шотында қаралған жазулар мұнан бұрын қаралғандарға тіпті жақын. Егер борыш міндеттемелерінің бастапқы құны номиналды бағадан жоғары болса,онда кәсіпорынға тиесілі сыйақыны әрбір есептеу кезінде төмендегі жазу жазылады:
Дт - №687б «Борыштық міндеттемелермен операциялар жүргізу» субшоты,алуға тиесілі табыстың сомасына.
Кт – №401-403 «Қаржылық инвестициялар» бастапқы құн мен номиналды бағаның арасындағы айырманың бір бөлігіне, №723 шоты №401-403 шоттар .......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: курстык Дебиторлық борыштар Вексель операциялары жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Экономика курстық жұмыстар, Дебиторлық борыштар Вексель операциялары