Экономика | Аудит негізгі құрал ретінде

 Экономика | Аудит негізгі құрал ретінде

Мазмұны
Кіріспе 3

I Бөлім. Негізгі құралдар аудитінің теориялық аспектілері
1.1 Негізгі құралдар түсінігі, сыныпталуы және бағалануы 5
1.2 Негізгі құралдар аудиті түсінігі, мақсаттары, түрлері 8

II Бөлім. Негізгі құралдар қозғалысының аудитін ұйымдастыру
2.1 Негізгі құралдардың келіп түсуінің аудиті 11
2.2 Негізгі құралдардың шығысталуының аудиті 14

III Бөлім. Қазақстан Республикасында негізгі құралдар аудитін
жүргізуді жетілдіру жолдары
3.1 Аудиторлық бағдарлама – қатесіз анық қадам 22

Қорытынды 26

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Қосымша


I Бөлім. Негізгі құралдар аудитінің теориялық аспектілері

1.1 Негізгі құралдар түсінігі, сыныпталуы және бағалануы

Негізгі құралдар дегеніміз - өндіріс үрдісінде ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланылатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады. Бұл кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметіне материалдық –техникалық негіздер мен жағдайлар қалыптастыратын құралдар болып табылады. Оның ішінде, әсіресе: машина жасау, автомобиль жасау, электроэнергияны өңдеу және тарату, жүк тасымалдау сияқты қорсыйымды өндірістегі негізгі құралдар өте маңызды болып келеді. Оларға қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және реттеуіш аппараттары мен құралдары, есептеуіш машиналары мен техникалары және олардың бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандар, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалар жатады. Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебінің басты сұрақтары болып мыналар табылады:
- олардың келіп түсуінен кетуі сәтіне дейін бар болуы мен сақталуына бақылау жасау: тозудың дұрыс және уақытылы есептелуі;
- бюджетке қайта есептелетін мүлікке салықтың дұрыс есептелуі үшін мәліметтер алу;
- негізгі құралдарды жөндеу, қайта жөндеу, жаңалау үшін кететін құралдарды дұрыс, тиімді қолдануға бақылау жасау;
- негізгі құралдардарды қуаты мен уақыты бойынша тиімді пайдалануды бақылау: негізгі құралдардың бар болуы және қозғалысы жөнінде есептілікті құру үшін мәліметтер алу.
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебінің жоғарыда аталған ең басты сұрақтарының шешімі негізгі құралдардың бухгалтерлік есебін жүргізудің дұрыс таңдалған әдістемесі және нормативтік-құқықтық құжаттардың сақталуы арқылы жүзеге асады.
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебін дұрыс ұйымдастырудың негізі болып негізгі құралдардың бекітілген типтік сыныпталуы және есепте олардың бағалануының біртұтастық қағидасы табылады.
Барлық негізгі құралдар өздерінің өндіріске қатысуына қарай өндірістік және өндірістік емес болып екі топқа бөлінеді. Өндірістік негізгі құралдар деп өндірісте қызмет ететін, яғни өнім өндіру орындарында пайдаланылатын негізгі құралдарды айтады. Оларға: өндіріске арналған үйлер, ғимараттар, өткізгіш тетіктер, құрылыс машиналары, көлік тасымалдау құралдары, әртүрлі станоктар, двигательдер, құрал-саймандар, өлшеуіш аспаптар және тағы да басқалары жатады.
Өндірістік емес негізгі құралдардың қатарына шаруашылықтың өндірістен басқа салаларында пайдаланатын негізгі құралдар жатады. Оларға тұрмыстық үй-жай (коммуналдық) шаруашылығында, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет салаларында пайдаланылатын негізгі құралдар. Халық шаруашылық салаларына және істейтін қызметтерінің түрлеріне қарай барлық негізгі құралдар: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, тасымалдау, байланыс, құрылыс, материалдық-техникалық жабдықтау және сатып өткізу ұйымдары, қоғамдық тамақтандыру, басқару органдары, әлеуметтік сақтандыру, ғылым және білім беру, ғылыми көмек көрсету және т.б. салалар бойынша топталады.
Негізгі құралдар кімнің меншігінде, иелігінде екендігене қарай меншіктік, яғни кәсіпорынның өзіне тиісті және уақытша жалға алынған болып екіге бөлінеді.
Сонымен қатар, пайдалану барысына қарай негізгі құралдар жұмыс істейтін, жұмыс істемейтін және сақтауда тұрған деп үш топқа бөлінеді.
Жұмыс істейтіндерге өндіріс үрдісіндегі негізгі құралдар жатады.
Жұмыс істемейтін негізгі құралдарға тоқтатылып қойылған, белгілі себептермен басқа да жаққа әзірге берілмеген басы артық жабдықтар жатады.
Сақтауда тұрған негізгі құралдардың қатарына келешекте, яғни алдыңғы уақытта тозып немесе т.б. жағдайларға байланысты істен шығатын негізгі құралдардың орнына пайдалануға арналған құрал-жабдықтар жатады.
Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыруда оларды бағалаудың маңызы зор болып табылады. Негізгі құралдар бастапқы құнымен, баланстық құнымен, ағымдағы құнымен, қалдық (жойылу) құнымен және келісілген құнымен бағаланады.
Негізгі құралдардың бастапқы құны – ол активті салуға, сатып алуға, әкеліп жеткізуге, орнатуға кеткен шығындардан, сондай-ақ сатып алу барысында төленген салық сомаларынан, құрылысты салу кезінде алынған несие үшін төленетін пайыз сомалары мен бұл құралды белгілі мақсатқа пайдаалну үшін жұмыс жағдайына келтірумен тікелей байланысты кез-келген шығындардың жиынтығынан құралады.
Кәсіпорындар мен ұйымдарда бастапқы құн былайша анықталады:
- үлес қосулар мен құрылтайшылар негізгі құралдарды жарғылық қорға өзінің үлесі ретінде салса, онда олардың құны құрылтайшылармен арадағы келісім бойынша;
- ұйымдар негізгі құралдарды өзі дайындап, яғни жасап шығарғанда немесе сатып алған кезде шыққан шығындардың нақты сомасы бойынша;
- ұйымдар негізгі құралдарды басқа заңды тұлғалардан немесе жеке адамдардан тегін алған кезде қабылдау-өткізу актісінің мәліметтері бойынша немесе эксперттік жолымен.
Негізгі құралдардың ағымдағы құны – бұл кәсіпорынның белгілі бір уақыттағы, яғни бүгінгі күнгі негізгі құралдарының нарықтық бағасы болып табылады.
Негізгі құралдардың баланстық құны – бұл кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде немесе қаржылық есеп беру ақпараттарында көрсетілген негізгі құралдардың бастапқы құнынан жинақталған тозу сомасын алып тасатағандағы құны болып табылады.
Негізгі құралдардың қалдық құны - негізгі құралдардың пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін оны бұзу, жоюдан алынған іске жарамды бөлшектерінің құнынан объектіні есептен шығарумен байланысты жұмсалатын келешектегі шығындарды алып тастау арқылы анықталады.
Негізгі құралдардың келісілген құны – бұл кез-келген екі жақтың, яғни негізгі құралдарды сатушы мен алушының арасындағы келісілген құн болып табылады.

1.2 Негізгі құралдар аудиті түсінігі, мақсаттары, түрлері

Жалпы, Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңында көрсетілгендей, аудит дегеніміз – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржылық есептілік жасау және өзге де ақпарат туралы тәуелсіз пікір білдіру мақсатымен тексеру болып табылады.
Негізгі құралдар аудитінің негізгі мақсаты – негізгі құралдардың құрамының қалыптасуының, есебінің толықтылығы мен шынайылығын және олардың құнының амортизациясының дұрыстығын тексеру.
Негізгі құралдарды сақтау, есептеу және қолдану аудитіні төмендегідей талаптар қояды:
• негізгі құралдардың бар болуы мен сақтылығына бақылаумен қамтамасыз ету;
• заттарды негізгі құралдарға жатқызудың, өндірістік үрдіске қатысу сипаттамасы, меншіктілігі және сыныпталуы бойынша топтастырылуының дұрыстығы;
• есепте негізгі құралдарды бағалаудың дұрыстығы;
• есепте негізгі құралдардың келіп түсуі мен шығуы бойынша операциялардың рәсімделуі мен көрсетілуінің дұрыстығы;
• есепте негізгі құралдардың жөндеуден өтуі мен тозуының есептелу және рәсімделу дұрыстығы;
• негізгі құралдарды қолданудың дұрыстығы мен тиімділігі;
• бухгалтерлік есеп пен есептілікте негізгі құралдардың қозғалысы жөнінде мәліметтер бейнеленуінің дұрыстығы.

Осы талаптарды ескере отырып келесілерді тексеру қажет:
• негізгі құралдардың сақтылығын қамтамасыз ету бойынша шаралар атқарылғандығын;
• материалды-жауапты тұлғаларға материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалғандығын, сақтауға арналған жабылатын және күзетілетін орындар, шкафтар, сейфтардың болуын;
• ғимараттар өрттік-сақтану дабылымен жабдықталғандығын;
• кәсіпорын шекарасынан материалдық құндылықтарды алып шығу жағдайында құжаттарды рәсімдеу тәртібінің ұйымдастырылғандығын;
• негізгі құралдармен жүргізілетін операциялар бойынша басшы бұйрығымен тұрақты қызмет ететін комиссияның тағайындалғандығын;
• түгендеу, таңдамалы тексеру жүргізілгендігін және негізгі құралдар объектілеріне түгендеу нөмірлері бекітілгендігін.

Негізгі құралдар аудиті кез-келген басқа аудит секілді ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
Сыртқы аудит тәуелсіз аудиторлық фирмалар арқылы жүзеге асады; оның басты мақсаты қаржылық есептіліктің шынайылығын растау.
Ішкі аудитті кәсіпорынның қызметіндегі нақты нәтижелерге жету және оларды сақтау мақсатымен қауіпсіздік шаралар жүйесі немесе ішкі бақылау жүйесі ретінде қарастыруға болады. Ол кәсіпорын жоспарлары жиынтығынан, оның активтерді қорғау үшін қолданылатын әдістер мен тәсілдерден, табысты жоғарылатудан, кәсіпорын басшылығының үкімдерін нақты орындауды қамтамасыз етуден тұрады.
Ішкі аудит кәсіпорынның құрылымдық бөлімі ретінде болып, кәсіпорынның басшылығына бағынады. Ішкі аудиттің міндеттері әртүрлі болады: бухгалтерлік есепті жүргізу дұрыстығын тексеру; кәсіпорынның кірістері мен шығыстары бойынша шоттардың дұрыс енгізілуін тексеру; жеке операциялардың заңға сәйкес орындалуын тексеру, және т.б. Ішкі аудитті жүргізу үшін қажетті әдістемелік сілтемелер мен нұсқаулықтарды құрып алу керек. Ішкі аудит бекітілген жылдық жоспарларға сәйкес жүргізіледі. Аудит жетекшісі тексерістің ұйымдастырылуына және жүргізілуіне толық жауапкершілік артады.
Соңғы жылдары көптеген ұйымдарда ішкі аудит рөлі шешім қабылдауға негіз болатын, басқарылатын ақпараттық жүйемен берілетін ақпараттар сапасын бағалауды қосу арқылы және ақпаратты талдауда қолданылатын әдістемені бағалауды қосу арқылы ұлғайды.
Ішкі аудиторлар фирманың, компанияның бақару қызметіне тәуелсіз эксперттік бағалау жүргізеді. Олар өздерінің бас кеңселеріне тексерілетін ұйым қызметі жөніндеақпараттар, нұсқаулықтар, кеңестер, талдау нәтижесін ұсынады. Ішкі аудит мақсаты – жұмысшыларға өз міндеттерін мүмкіндігінше тиімді және білікті орындауға көмектесу.


II Бөлім. Негізгі құралдар қозғалысының аудитін ұйымдастыру

2.1 Негізгі құралдардың келіп түсуінің аудиті

Негізгі құралдар аудитін жүргізу барысында объектілердің түсуін есепке алудың заңдылығы, тиімділігі және дұрыстылығы тұрғысынан тексерілуі қажет. Бұл кезде жүргізіліп отырған процедуралар көлемін аудитор операцияларының қайталануы, кәсіпорынды құру мақсаты және оның қызмет етуі, салық салу қиындығынан шыға отырып, өзінің ұзақ мерзімді активтермен операцияларын типтік және типтік емес деп субъективті жіктеу негізінде дербес анықтайды.
Типтік операцияларды тексеру таңдау арқылы, ал типтік емес операцияларды тексеру жалпы әдіспен жүргізіледі.
Негізгі құралдар қозғалысы бойынша аудит кезінде негізгі құралдар объектілерінің түсуін есепке алу жөніндегі бастапқы құжаттардың толтырылуының, дұрыстығы, сонымен қатар машиналар мен құрал-жабдықтардың техникалық паспортындағы жазбалар тексеріледі.
Негізгі құралдарды есепке алған кезде олардың қозғалысы келесідей стандартты құжаттар көмегімен рәсімделеді:
1. Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісі.
Ең алдымен негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісін жасайтын комиссияның біліктілігі анықталады. Оның құрамына инвентарлық объектілерді білетін мамандар енуі керек.
Бұл форма негізгі құралдар құрамына олардың эксплуатацияға енуін есепке алу үшін жеке объектілердің енгізілуі кезінде, негізгі құралдар құрамынан басқа кәсіпорынға берілетін объектілерді алып тастау үшін, сонымен қатар, негізгі құралдардың ішкі қозғалысын рәсімдеуде қолданылады.
Негізгі құралдар типтік нысандағы қабылдау-тапсыру актілері негізінде кірістіріледі. Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісі (Ф. NOC-1) толтырылғаннан кейін, осы объектіге қатысты техникалық құжаттармен бірге бухгалтерияға беріледі. Оған бас бухгалтер қол қойып, компания басшысы немесе өкілетті тұлға бекітеді.
2. Жөндеуден, қайта жөндеуден өткізілген және жаңартылып жетілдірілген объектілердің қабылдау-тапсыру актісі.
Негізгі құралдарды жөндеуден, күрделі қайта жөндеуден, жаңартудан қабылдауды және сәйкесінше тапсыруды рәсімдеуге қолданылады.
Расталған актіні бухгалтерияға өткізгеннен кейін негізгі құралдар есебінің инвентарлық карточкасында сәйкес белгі соғылады.
3. Негізгі құралдарды есептеудің инвентарлық карточкасы.
Ол негізгі құралдардың барлық түрлерінің есебін жүргізуге арналған.
Карточкаларды бухгалтерияда әр объект бойынша жүргізеді; акт негізінде немесе техникалық құжаттар негізінде бір данада толтырылады.
«Объектінің қысқаша жеке сипаттамасы» деген бөлімде оның негізгі сапалық және сандық көрсеткіштері жазылады.
4. Негізгі құралдар есебінің инвентарлық карточкасының жазбасы. Бұл форма негізгі құралдардың аналитикалық есебі кезінде ашылатын инвнтарлық карточкаларды тіркеуге арналған.
Жазбаларды негізгі құралдардың сыныпталған топтары бойынша жүргізеді.
5. Негізгі құралдар қозғалысын есепке алу карточкасы.
Инвентарлық карточка мәліметтері негізінде жүзеге асады.
6. Негізгі құралдардың инвентарлық тізімі (олардың эксплуатацияға орналасуы бойынша). Бұл формада материалды жауапты тұлғалар бойынша .....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру