Экономика | Д.Рикардоның салыстырмалы артықшылық теориясы
Д.Рикардоның салыстырмалы артықшылық теориясы
Алдыңғы қатарлы елдердің машина өндірісіне өту кезеңінде Адам Смит халықаралық саудадағы тиімділік туралы мәселе қойды. Өзінің меркантилизмді сынауға арналған атақты «Халықтар байлығының себептері мен табиғаты туралы зерттеу» (1776 ж.) атты еңбегінде, ол мемлекетке сыртқы рынокта сату ғана емес, сатып алу да тиімді болатынын болжап, қай тауарды экспорттау және қай тауарды импорттау тиімді болатындығын анықтауға тырысты. А.Смиттің бұл тәсілін әдебиеттерде абсолютті артықшылық теориясы деп аталады.
Д.Рикардоның салыстырмалы артықшылық теориясы өз бастауын осы А.Смиттің абсолютті артықшылық теориясынан алады.
А.Смит идеясын жай модель арқылы сипаттауға болар еді. Бірақ әрбір модель абстрактылы болғандықтан, оны талдау үшін бірнеше шарттарды еңгізу қажет. Аталған шарттар төменде көрсетілген:
1-шарт. Әлемде тек екі мемлекет бар.
2-шарт. Бұл елдерде тек екі тауар өндіріледі.
3-шарт. Елдер арасындағы сауда ешбір шектеусіз жүзеге асырылады.
4-шарт. Халықаралық сауда үйлестірілген (импорт экспортпен төленеді).
5-шарт. Өндіріс факторлары елдер арасында ауыспайды.
6-шарт. Тауардың бағасы мен өнімділігіне еңбек қана әсер етеді.
7-шарт. Өнім шығарылуы мен еңбек арасындағы арақатынас тұрақты (көлем тиімділігі).
8-шарт. Өндіріс факторлары салалар арасында еш шектеусіз ауыса алады.
9-шарт. Екі ел мен екі салада жетілген бәсеке орын алады.
Ал егер де, бір ел барлық тауар бойынша абсолютті артықшылыққа ие болмаса, онда оның жағдайы қандай болмақ? Бұл сұрақты А.Смиттің теориясы қарастырмаған еді.
«Саяси экономия бастамасы мен салық салу» атты кітабында Д.Рикардо елдер абсолютті артықшылыққа ие болмаған жағдайда да халықаралық сауда қатынастарына түсе алатындығы туралы баяндады. Ол еңбегінде А.Смит моделі жекелеген жағдай ретінде енетін, халықаралық мамандану мен өзара тиімді сауданың жалпылама принциптерін жасады.
Әрбір ел ең әуелі өзіне неғұрлым мол табыс әкелетін, ондағы өз артықшылығы соғұрлым басым немесе бәсеңдеу болып келетін өндіріске мамандануға мүдделілік танытады.
Рикардо атап көрсеткендей, елдің ешбір өндірісте абсолютті артықшылығы болмаса да, сауда екі жақ үшін де тиімді. Тіпті сауда болмаған жағдайда да, екі ел арасындағы баға қатынасындағы сәл айырмашылықтың өзі әрбір ел үшін салыстырмалы артықшылыққа қол жеткізеді ( егер саудалық қарым-қатынастардың орныққанын есепке алсақ), яғни басқа тауарларға қарағанда, өндірісі анағұрлым тиімді тауар өндіріліп, тап осы тауар басқасына айырбасталып, экспортқа шығарылуы тиіс.
Сонымен, Рикардо салыстырмалы артықшылық заңын ашты: ол бойынша, әрбір елдің белгілі бір тауарды шығаруда салыстырмалы артықшылығы болады және оны сауда кезінде басқа тауарларға айырбастау тиімді. Екі тауар өндіруден абсолютті шығындар деңгейі жоғары елдер де тауар айырбасынан пайда ала алады.
Салыстырмалы артықшылықтар теориясы әмбебап болып табылады. Ол тек ұлттар арасында ғана емес, сонымен қатар, аймақтар, кәсіпорындар және ұлттық шаруашылықтар ішіндегі адамдар арасындағы кез-келген еңбек бөлінісінің артықшылықтарын негіздейді. Алайда, ол, ең алдымен, халықаралық еңбек бөлінісінің қажеттілігін теориялық тұрғыдан растайды және экономикалық ғылым тарихында оны бірінші үлгісі ретінде қарастырады.
Модельдеу Батыстың экономикалық ғылымында халықаралық еңбек бөлінісі мәселелерін талдаудың негізгі әдісіне айналды. Салыстырмалы артықшылықтар теориясы – халықаралық сауданың бағыттары мен себептерін түсіндіретін жұртшылыққа кеңінен танымал классикалық негіз болып табылады. Экономикалық теориядағы терең білімі жоқ адамдардың өзі де табиғи-географиялық айырмашылыққа байланысты сауданың маңызы мен қажеттілігін түсінеді. Әйтсе де елдер арасындағы сауда мемлекет барлық салаларда абсолютті үлкен тиімділікке ие болғанда ғана пайдалы. Рикардо атап көрсеткендей, айырбас белгілі бір елдің басқа бір елге қарағанда, барлық тауарларды неғұрлым төмен салыстырмалы шығындармен өндірген жағдайда да тиімді. Тек онда белгілі бір елдегі салыстырмалы шығындар арасындағы айырмашылық басқа елге қарағанда, көбірек болуы қажет.
Салыстырмалы артықшылықтар теориясы қарапайым болғанымен, оны абстракты түрде түсіну едәуір қиын. Осы тұжырымдаманы меңгерудің ең жақсы әдісі – оны бейнелейтін мысалдар мен үлгілерді қарастыру болып табылады.
Өз заманының көптеген экономистері секілді, Рикардо да өз теориясын жетілдіру барысында мынадай көрнекті және нақты мысалға сүйенеді: Англия мен Португалия арасындағы шарап пен мата айырбасы. Өзгелері сияқты, Рикардо да осы тауарлардың құнын оларды өндіруге кеткен еңбек мөлшерінің өлшем бірлігін қолдану арқылы бағалайды (еңбек құны қағидасы). {1-кесте}
1-кесте:
Өнім
Шарап,1бөшке
Мата, 1 дана Еңбек мөлшері бірлігі
Португалияда Англияда
80 120
90 100
1-кестеде көрсетілгендей, шарап пен мата өндірісі Англия мен Португалияда әртүрлі еңбек мөлшерлерін қажет етеді: Англияда шараптың өлшем бірлігіне 120 еңбек бірлігі және матаның өлшем бірлігіне 100 еңбек бірлігі, ал Португалияда шараптың өлшем бірлігіне 80 еңбек бірлігі, матаның өлшем бірлігіне 90 еңбек бірлігі сәйкес келеді. Егер А.Смиттің концепциясына сүйенсек, онда Португалия осы екі елге қажетті мата мен шарап өндірісін бір өзі қамтамасыз етуі тиіс. Егер осы екі елдің тауарға қажеттілігі екі тауардың әрбірінің өлшем бірлігіне теңестірілетін болса, онда қажетті өндіріс (әрбір өнімнің екі өлшем бірлігі) Португалиядан 340 еңбек бірлігіне шығындалуды талап етеді [2*(80+90)].
Егер екі тауарды да Португалия шығаратын болса, онда Англия таза тұтынушылар еліне айналып кетер еді. Олай болуы мүмкін емес. Дәлірек айтқанда, бұл жағдай болашақта бүкіл ағылшын капиталының Португалияға ағылып кетуіне әкеліп соғады. Бұл, әрине, тиімсіз жағдай. Рикардо әрбір ел өз капиталын сақтауға тырысады деген принципке сүйене отырып, екі ел де өздерінің қажеттіліктеріне сәйкес жұмыс бөлісуге тырысады деп санайды. Бұл еңбек бөлісуі өндірістің салыстырмалы шығындарына тәуелді жағдайда жүзеге асады.
Мысалда көрсетілгендей, Португалия тауарлардың барлық түрінен абсолютті артықшылыққа ие; өйткені ол 1 бөшке шарапты да, сондай-ақ, 1 дана матаны да әлдеқайда арзанырақ өндіре алады, яғни Португалияда өндіріс Англияға қарағанда, неғұрлым абсолютті тиімді. Расында да, егер осы елде өндіріс анағұрлым өнімді және тауарлар бағалары анағұрлым арзанырақ болса, онда сол тауарларды өндірісі тиімсіз елдерден қымбатқа сатып алудың ешбір қажеті жоқтығы ақылға сыйымды болар еді.
Алайда, Рикардо қағидасын қолданып, абсолютті емес, бұған керісінше, салыстырмалы тиімділік мәселесін қарастыруымыз қажет. Португалияда матаның өлшем бірлігін шығару шығыны шарап шығару шығынының 9/8 бөлігін құрайды, ал Англияда ол – 10/12, яғни салыстырмалы түрде алғанда, азырақ. Шарап шығынына қатысты жағдай басқаша. Шараптың өлшем бірлігін өндіру шығындары матамен салыстырғанда, Португалияда Англиядан кем: 8/9; 12/10. Ұлттық еңбекті үнемдеу мақсатында Португалияға еңбек пен капиталды шарап өндіруге тиімдірек, ал оның мата өндірісін Англия импортына айырбастағаны жөн. Англия, бұған керісінше, шарапты импорттап, мата өндірісіне мамандануы керек, себебі оның мата өндірісінен салыстырмалы артықшылығы бар (еңбек өнімділігі бойынша артта қалудың аздығы).
Рикардоның көрсеткеніндей, Португалия үшін шарап саудасы әлдеқайда тиімдірек, өйткені оның шарап өндірісіндегі артықшылығы матаға қарағанда, көбірек. Елдердің салыстырмалы айырмашылықтарындағы айырмашылық елдердің тауар айырбасы кезінде пайда алуға мүмкіндік береді.
Португалия фирмасы 80 еңбек бірлігі жұмсалған 1 бөшке шарапты Англияда 120 еңбек бірлігіне сатып және шығыны соған сәйкес келетін баға бойынша мата сатып алу арқылы Англияда 1,2 дана матаға ие болады. Басқаша айтқанда, Португалияның ұтысы:
120 - 8 = 1,2 – 0,8 = 0,32 дана мата.
100 9
Сыртқы саудадан Англия да ұтады. Ол мата өндірісіне мамандану арқылы оны Португалияда табысты сатқан жағдайда: егер Англия шарап өндіруге 100 өлшем бірлігіне тең бастапқы еңбек мөлшерін жұмсай отырып алатын 5/6 баррельмен салыстырғанда, 1 1 баррель шарап сатып алу
8
мүмкіндігіне ие болады. Бірақ матаны сату үшін өндірмеген болар еді. Бұл жағдайда Англия үшін табыс:
9 - 5 = 7 =0,29 баррель шарап.
8 6 24
Егер елдер арасында сауда басталып кетсе, онда Англиядан әкелінетін арзан мата Португалиядағы өндірушілерді күйзелтіп кетері сөзсіз. Себебі, импортталған матаның өзіндік құнының төмен болуына сәйкес, оның бағасы да, отандық өнімнің бағасымен салыстырғанда, төмен болады. Алайда, Португалияның шарапқа, ал Англияның матаға мамандануы екі елге де пайда әкелетіні даусыз. Мұндай мамандану халыққа да тиімді. Сол күндізгі еңбекақының өзі енді португалдықтарға неғұрлым арзан ағылшын матасын, ал ағылшындықтарға көбірек арзан португал шарабын сатып алуға мүмкіндік береді, яғни еңбекақы мөлшері өседі деген сөз.
Принцип негізінен әртүрлі екі тауардың бірлік өлшемдері ғана емес, сондай-ақ олардың кез келген мөлшері үшін де дұрыс болып шығады. Әрине, ол статистикалық жағынан икемді, инфляция мен жұмыссыздықты елемеген сыңай танытады. Әйтсе де, ол барлық жеңілдіктеріне қарамастан, елдегі өндірістің салыстырмалы тиімділігін бағалауға және халықаралық маманданудың бағыт – бағдарын алдын ала болжамдауға мүмкіндік береді.
Рикардоның мысалында ұлттық еңбек өнімділігінде де, экспорттық салалардың сапалық сипаттамаларында да бәлендей өзгерістер бола қоймайды. Елдер табатын пайда мамандану мен еңбек бөлінісіне негізделген анағұрлым тиімді өндіріс құрылымын жасаудан түседі.
Құрылымдық қайта құрудың пайдасын жақсырақ ұғыну үшін, айталық, мемлекет протекционистік шаралар қолданып жатыр деп болжам жасайық (мемлекеттің отандық тауарлардың мүддесін шет елдік тауарлардан қорғауға бағытталған шаралары). Мысалы, португалдықтар жергілікті тігін өнеркәсібін қорғау үшін кедендік тарифтерді талап етуде. Мұндай қорғау кедендік баж салықтары, салықтар және басқа да шаралардың көмегімен ағылшын матасының бағасы жасанды түрде жоғарылаған кезде тыйым салынбайтын сипатқа ие болуы мүмкін. Португал матасына да баға көтеріліп кетеді. Ұлттық салалардың рентабельділігі теңесетін болады. Бұнда анағұрлым өнімді сала – шарап өндіруге капитал мен еңбек күшінің салааралық ауысуына ынта болмайды. Шын мәнінде, қалыптасқан экономикалық құрылым өзгеріске ұшырайды, артта қалған салаға жасанды қолдау көрсетілетін болады.
Мұның тағы бір жағымсыз салдары – сауда еркіндігіне толық шектеу қойылуымен бірге тыйым салынатын тарифтер енгізілуі мүмкін. Мемлекеттік қорғаудың “қолшатырының” астындағы өндірушілер мата өндірісі шарап өндірісінен тиімдірек деңгейде бағаны жоғарылатуы мүмкін.
Халықаралық саудадан түскен пайданың қатарына халықтың нақты жалақысының өсуі жатады. Кедендік тарифтер мен квоталарды енгізу оның төмендеуіне әкеліп соғады. Тұтынушылар жоғары бағаларға кез болып, тұтынуды азайтады. Өйткені, бұл – сұраныс заңдылығы. Сондай-ақ, протекционизм бағытын ұстанған елде тіпті табиғи ресурстары мол бола тұра, халықтың өмір сүру деңгейі салыстырмалы, ал кей жағдайларда абсолютті төмен болуы мүмкін және бұл таңданарлық жайт емес.
Д.Рикардо дүниеден кеткеннен кейін де, бірнеше ондаған жылдар бойы, оның салыстырмалы артықшылық теориясы халықаралық еңбек бөлінісінде жалғыз теория ретінде қала берді. Салыстырмалы артықшылық теориясының түп нұсқасын түсіну үшін, оның мәнін жан – жақты талқылау қажет.
Салыстырмалы артықшылық
теориясының мәні
Салыстырмалы артықшылықтар доктринасы сыртқы сауданың нәтижелерін талдаудан ғана емес, басқа да жерлерде жиі басшылыққа алынады. Фирма немесе жеке адам өзінің салыстырмалы артықшылығы бар қызмет түрлерімен айналысқаны тиімді, ал басқа қажеттіліктерін айырбас арқылы да өтей алады.
Салыстырмалы артықшылық теориясының маңызы өте зор. Ұзақ уақыт бойы экономикада негізгі теория болып келуінің себебі де сол.
Дегенмен, салыстырмалы артықшылық теориясы да абстрактты, өте қарапайым болып келеді. Оны нақты өмірге жақындату үшін келесі шарттарды орындау керек:
1. Еңбек сауда жасаушы елдер емес, тек ел ішінде ғана мобильді ( қарқынды) болуы керек, яғни басқа салаға ауысқанына қарамастан, жұмысшылардың жұмыс сапасы мен оның қарқындылығы өзгермеуі қажет.
2. Есептеулерде транспорт, кеден салықтарын төлеу және т.б. сауда – саттық шығындарды есепке алмау керек.
3. Жаңа технология, жаңа сапалы машиналардың, құрал-жабдықтардың үлгісін қолдану, т.б. арқылы еңбек шығындарының өзгеруін ескерусіз қалдырмау қажет.
Рикардоның жолын қуған ғалымдардың зерттеулері бұл айырбас орын алатын жағдайлар мен шектеулерге қатысты болып отыр. Шарап пен мата туралы мысал бойынша (жоғарыда келтірілген мысалға байланысты) Португалия әрбір баррель шарап үшін 9/8 дана матадан көп алса ғана саудаға қатысады. Ал Англия әрбір баррель шарап үшін 5/6 дана матадан көп бермесе ғана саудадан пайда алады.
Осы ойды дамыта келе Португалияда 1 баррель шарапқа кеткен еңбек шығыны 8/9 дана мата мен Англиядағы 0,8 дана матаның шығындарына тең екеніне көз жеткіземіз. Елдер арасындағы тауар айырбасы осы шектерде іске асады.
Сонымен, халықаралық сауда, халықаралық мамандануды ынталандыру арқылы әрбір ел үшін келесі басымдылықты қамтамасыз етуге болады: берілген тауар көлемін шығаруға қажетті еңбек уақытын мүмкіндігінше азайта отырып, мамандануға дейінгі тұтынуға қарағанда, сонша тауарды тұтынуға мүмкіндік береді.
Алайда мұнда айырбас шын мәнінде ақшаның қатысуымен жүретіні ескерілмейді. Елдер өзара есеп айырбасу үшін бір валютаны екіншісіне айырбастайды. Рикардо аталған басымдылықтар ұлттық валютаның айырбас бағамы белгіленген кезде де сақталатынын дәлелдеді. Бұл жағдайда экспорт-импорт төлемдерінің өзара сәйкессіздігі фактісі де орын алуы ықтимал. Бұл сәйкессіздік қандай да бір елде валюта бағамын өзгерту немесе барлық бағаларға түзету енгізу арқылы өтелінеді. Ал тәжірибеде салыстырмалы артықшылықтар доктринасына ықпал ететін жалпы нәтиже өзгеріссіз күйде қалады.
Осы доктринаға сәйкес сауда-саттық қатынастары өндіріс жағдайларына байланысты артықшылықтарды пайдалану арқылы орнатылады. Алайда бұнда тауарлардың қандай көлемі айырбасталатыны анықталмайды.
Берілген мысалда сыртқы сауда бағаларының кеңейтілген диапозонын қабылдауға болады. Португалдық шараптың 1 баррелі Англияда 80 адам-күнге тең ақша сомасынан арзан, сонымен қатар, 120 адам-күн ақша төлемі сомасынан қымбат сатылуы мүмкін емес. Осыған ұқсас ағылшын матасының Португалиядағы бағасы 90-нан 100 адам-күн аралығындағы ақша сомалары шегінде белгіленеді.
Д.Рикардоның үлгісі сыртқы сауданың ұлттық байлыққа әсерінің және жалпы сыртқы экономикалық қатынастардың себеп-салдарын талдаудың кең тараған құралы болып табылады. Бірақ осы модель шындықпен ұштаса ма? Ол осы күнгі сыртқы саудадағы процестерге байыпты жауап бере ала ма? Бізге осы сұрақтарға сенімді түрде «иә» деп жауап беруге де болады. Әрине, Рикардо үлгісінде бірқатар күмәнді жағдайлар да кездеседі. Олар салыстырмалы артықшылық теориясының кемшіліктері қатарын құрайды. Соларға тоқталып кетсек:
1. Ол өмірде жоқ халықаралық маманданудың ең ақырғы деңгейіне алдын ала болжам жасайды.
2. Ел ішіндегі табыс бөлінісіне сауданың әсер-ықпалын ескермейді, яғни тұтастай алғанда, сыртқы саудадан қатысушы елдердің бәрі ұтады деген қорытындыға келеді.
3. Елдің ресурстық күш – қуатының әртүрлі болуы халықаралық саудаға байланысты екендігіне көңіл бөлмей, халықаралық сауданың маңызды аспектісін ескерусіз қалдырады.
4. Өндіріс масштабындағы үнемдеу сияқты сауда себептерін қарастырмайды, ал ол барлық көрсеткіштері жағынан бірдей елдер арасындағы сауданың қай көлемде екенін түсіндіруге мүмкіндік бермейді.
5. Транспорттық шығындардың ескерілмеуі.
6. Техникалық өзгерістердің болмауы.
7. Балама қолдану барысында ресурстардың толық өзара айырбасы.
8. Өндіріс факторларының ішінде тек еңбек факторын ғана алған. Қалған факторларды ескерусіз қалдырады.
9. Еңбекті толық қарқындылық (мобильділік) тұрғысынан қарастырады. Яғни, жұмысшылар өндірістің бір саласынан кеткен кезде, олар өнімділігі жоғары басқа саладан жұмыс орнын бірден тауып алады да, жұмыссыздар санатына қосылмайды.
Осындай кемшіліктеріне қарамастан, Д.Рикардо үлгісінің негізгі шарттары, атап айтқанда, қандай да бір ел болсын экспортқа салыстырмалы жоғарғы өнімділігі бар тауар шығарады деген тұжырымы бірқатар зерттеулер арқылы дәлелденді. Мәселен, бұған венгр экономисі Бел Балластың 1951 жылы 26 өндірістік сала бойынша АҚШ экспортының Ұлыбритания экспортына қатынасы және осы екі елдегі еңбек өнімділігінің ара қатысы туралы зерттеуін жатқызуға болады.
Рикардо теориясы бойынша, егер белгілі бір салаға байланысты АҚШ – тағы еңбек өнімділігі жоғары болса, онда ол сол тауарды экспортқа көбірек шығарады деген тұжырым жасалынады.
Рикардо үлгісі тиісті тауарды экспорттау мүмкіндігіне ие болу үшін шет ел өндірушілерінен өнімділік жағынан сәл ғана болса да басымдылық таныту керек екендігін ескертеді. Сондықтан аталған саладағы салыстырмалы артықшылық осы елдегі басқа салалардан артық болуы тиіс. Мысалы, АҚШ барлық 26 сала бойынша Ұлыбританиядан өнімділік жағынан басымдылыққа ие болған ( 11-ден 336 пайызға дейін); ал Ұлыбритания АҚШ-қа қарағанда, осы салалардың ішінен 12 салада көп көлемде экспорт өнімдерін шығарған. АҚШ-тың тек өнімділігі жағынан Ұлыбританиядан кемінде екі есе басым болатын салалардағы американдық экспорт қана британдық экспорттан әлдеқайда көп.
Егер 2 тауарлы үлгіден басқа өнімдердің көптеген түрін шығару жағдайын қарастыратын болсақ, онда талдау күрделене түседі. Бірақ сауданы зерттеушілер қызық жайт байқаған: егер тауар саны өте көп болса, яғни ол шектелінбеген деп саналса, онда соның нәтижесінде үлгі жеңілдейді. Массачусетс Технология институтының ғалымдары Р.Дорнбуш, С.Фишер, П.Самуэльсон 1977 жылы жариялаған мақалада көп санды тауарлар үлгісі үшін Рикардо үлгісі құрастырылған.
Мысалы, отандық және шет елдік экономикада тек өндірістің бір ғана факторы - әрбір елде L және L* саны .....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: курстык Д.Рикардоның салыстырмалы артықшылық теориясы жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Экономика курстық жұмыстар, Д.Рикардоның салыстырмалы артықшылық теориясы