Қаржы | Валюталық курс және оны анықтайтын факторлар

 Қаржы | Валюталық курс және оны анықтайтын факторлар

Мазмұны
Кіріспе
I. Қазақстан Республикасы Ұлттық валютасының қалыптасуы мен дамуы.
1.1. Ұлттық валютаның қалыптасуы мен дамуы
(тарихи аспектілері).
1.2. Қазақстан Республикасының влюталық жүйесі
және валюталық бақылау, валюталық
бақылаудың негізгі принциптері.
ІІ. Қазақстан Республикасы валютасының
перспективалары.
2.1. Валюта ресурстарын қалыптастыру және
пайдалану.
2.2. Халықаралық деңгей.
ІІІ. Валюта қатынастарын нарықтык, және мемлекеттік реттеу. Валюталық саясаты.
Корытынды

І. Қазақстан Республикасы Ұлттық валютасының қалыптасуы мен дамуы.
1.1. Ұлттық валютаның қалыптасуы мен дамуы (тарихи аспектілері).
Ұлттық валютаны еңгізгенге дейін Қазақстанның саяси
үстанымы ТМД елдерінің экономикасын біріктіруге бағытталған
еді. Шывдығында, біріңғай валютаны пайдалана отырып,
кооперацияның артықшылықтарын толайым қолдануға және өзара
тиімділікпен ынтымақтасуға болар еді. Алайда, қазақстандық
басшылықпен ТМД-ның басқа қатысушыларының
талпыныстарына қарамастан, рубль аймағы үзаққа бармады. Ресейлік рубльдің еңгізілуі шын мәнісінде ыдыраудың басталуын білдірді және басқа мемлекеттерді өз ұлттық валюталарын еңгізуге итермеледі.
Қазақстан теңгені тура 12 жыл бүрын еңгізді. Тарихи даму түрғысынан бүл мерзім көп емес, бірақ экономикалық түрғыда өз валютасының Қазақстан үшін маңыздылығын шынайы да бүкпесіз бағалауға толық жеткілікті.
Теңгені еңгізу түбегейлі экономикалық түрлендіру жағдайларында жүргізілді. 1992 жылдың каңтарында бағаны әкімшілік реттеу жағдайында жасырынған инфляцияны босатқан бағаны ырықтану үдерісі басталды. Мемлекет біртіндеп түтыну, өнеркәсіп тауарларына, ауыл шаруашылығы өнімдеріне бағаларды, энергия тасымалдаушылар тарифтерін реттеуден бас тартты.
1992-1993 жылдарғы ақша жиынының бақыланбай үлғаюы және банкілердің кәсіпорындарды теріс сыйақы мөлшерлемесімен несиелеуі, елге кеңестік сомдарды лақтыру, салу инфляция

қарқынынүдете түсті. 1992-1993 жылдары еліміздегі инфляция деңгейі 2960,8 пайызды және тиісінше 2165,0 пайыздық көрсеткішті қүрады, сөйтіп экономикадағы дағдарысты тездетті. КСРО ыдырағаннан кейін республикалар арасындағы шаруашылық байланыстарын үзілуі, кәсіпорындардың қаржылық ахуалының нашрлауы, олардың негізгі және айналымдық капиталының, халықтық жинақ ақшаларының қүнсыздануы республиканың инвестициялық әлеуметін күрт қысқартгы. Халықтың атаулы жалақысы мен басқа табыстарының өсуі бағаның қарқынына ілесе алмады. Соның нәтижесінде олардың сатып алушылық қабілеті төмендеді, халықтың негізгі бөлігі қайыршылыққа үшырады. Осы үддерістер экономикадағы жиынтық сүраныстың күрт қықаруына әкеп соқты, ақыр соңында шынайы ішкі жалпы өнім (ІЖӨ) 1992 жылы 5,3%-ға , ал 1993 жылы 9,2%-ға келді.
Ұлттық валютаны еңгізу жөнінде алдын ала жүмыс босалқы нүсқа ретінде 1992 жылдың күзінде басталды. Сол кезде оны еңгізу жөнінде бағдарлама жасақталып, Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен еді. Алайда, тек рубль аймағы болмайтыны айқындалған кезде ғана ҚР-ның Президентінің 1993 жылдың 3 қаращасындағы Жарлығымен ҚР-ның ұлттық валютаны еңгізу жөнінде Мемлекеттік комиссиясы және оны еңгізуге байланысты іс-шараларды жүргізу қажет еді.
Валюталық тізімді үйымдастыру саласында күрделі мәселелерді шешу күн тәртібінде түрды. Валюталық бақылаудың дәрежесі мен нысандарын түбірінен өзгерту шешілді. Шетел валютасын Қазақстан банкілеріне шет жерден қайтаруды қамтамасыз ететін уәкілетті банктердің атқарымдары мен экспорттаушылардың міндеттерін айқын белгілеу керек еді.

Сондай-ақ реттелетін қүбылмалы айырбас бағамының түзімін таңдаудың ерекше маңызы болды.
Ұлттық валютаны еңгізу түсында Қазақстан Ұлттық Банкі күрделі, қарама-қайшы жағдайда 452 млн. доллар мөлшерінде алтын валюталық қорды қүра алды. Жаңа купюралардың қажетті қоры қүрылды, олар өз банкнот фабрикамыздың жоқтығынан қатаң қүпия түрде ең қысқа мерзімде Үлыбританияда басып шығарылды.
Ақша реформасының қарсаңында Қазақстан
Республикасының Президенті теледидар арқылы 1993 жылдың 12-қарашасында ҚР-ның азаматтарына оның мақсаты мен қажеттігін түсіндіре мәлімдеме жасады. Теңге 1993 жылдың 15-қарашасынан еліміздің бүткіл аумағы бойынша айналысқа еңгізілді. Бірінші кезеңде қарашаның 15-нен 17-сі бойынша ұлттық валютамен қатар (Қазақстан Ұлттық валютасы) 1-500 сомдық банкноттардың қосарлай жүруіне жол берілді. Ал 1993 жылдың 18-қарашасынан ұлттық валюта ҚР-ның аумағында жалғыз заңды төлем қүралы болып табылды. Банктермен басқа да шаруашылық субъектілерінің барлық активтері мен пассивтері теңгеге қайта есептелінді.
1994 жылы Қазақстанның жаңа тарихында алғаш рет егеменді мемлекеттің экономикасы ұлттық валютаға негізделеді. Бүл жыл күрделі болды. ТМД-қа қатысушы елдердің қаржылық жүйелерінің бөлінуі тиісті өзара үйлесімсіз, валютаны еңгізу мерзімдерін, бүрын қол қойылған келісімдерді бүза жүргізілді. Бүған экономикалық қиындықтар, банк жүйесінің өркендеуі мен қас түру мәселелері қосылды.
АҚШ долларына қатысты теңге бағамы 1994 жылы 8,6 есе кеміді. Бүл бірқатар себептердің салдарынан болды. Ең алдымен 1994 жылы инфляция шығындап 1158,3 пайызға жетті. Өзара

есепке жазу сәтсіз жүргізілді. Теңге бағамына 12,6 пайызға жеткен өндірістің қүлдырауы да теріс әсерін тигізді. Кәсіпорындардың өкілетті банктер арқылы Қазақстандық Банкаралық Валюта Биржасындағы (ҚБВБ) тауарлардың, жүмыстардың экспортынан түскен пайданың 50 пайызын міндетті түрде сатуын еңгізуге тура келді. Бүл валютаның түсуін көбейтті жөне ұлттық валюта бағамын белгілі бір түрақтандыруға келтірді.
Ұлттық Банктің теңгемің айырбас бағамын түзілдіруге қатысуы ҚБВБ-не шабуылдармен шектелді. Олар валюта рыногіндағы жағдайаттың қысқа мерзімдік өзгертулерінің нәтижесінде бағам тербелісін жою үшін жүргізілді. Жоғарғы тиімділігін көрсеткен реттелетін қүбылмалы бағам саясаты асқын инфляцияны ауыздықтауға мүмкіндік береді. Мүндай тізімде түрақтандыруға, сонан кейін экономиканың өркендеуіне қол жеткізеді. 1996 жылы Ұлттық Банк реттелетін өзінің валюталық саясатын жүргізуді жалғастырды.
Ұлттық Банктің 1997-1998 ж.ж. ішкі валюта рыногінда басқыншылығы жалғасты. Олар теңгенің аталуы бағам тербелістерін деңгейлестіру мақсатында жүзеге асырылды. Осы мезгілде Республикамыздың тәуелсіздігінің 7 жылы ішівде ұлттық валютаның АҚШ долларына қатысындағы ең төменгі қүнсыздану корсеткішіне — 2,8 пайызға қол жеткізілді...
1999 жылдың сәуірінде жаңа түзімді еңгізген кезде ұлттық валютаның 30,3 пайызға күрт қүнсыздануы болды. Сонан соң қүлдырау қарқыны мамырда 12,4 пайызға, маусымда 2,5 пайызға кеміді. Ұлттық Банктің валюталық рыноктағы белсенділігінің едәуір төмендігін ескергенде, бүл валюталық рынокта ағымдағы нарықтық жай-күйге пара-пар салыстырмалы тепе-теңдікке қол жеткізгені туралы айғақтады. Одан арғы ммезгілдерде теңгенің биржалық бағамының орташа айлық тербелістері 0,3 пайыздан

аспады. Түтастай алғанда, 1999 жыл үшін теңгенің АҚШ доллары бойынша биржалық бағамы 64,6 пайызға кеміді және жылдың аяғында 1 АҚШ доллары үшін 138,25 теңгені қүрады.
Ұлттық Банк теңгенің шынайы мәнінде едәуір нығаюына жол бермеуге бекер үмтылмады. Бүл әрекеггер Қазақстандық экспорттық тауарлардың бәсекелестік қабілет деңгейін сақтауға мүмківдік жасады. Шынайы айырбас бағамының индексі (бәсекелестік қабілеттің негізгі көрсеткіші) бойынша есптеулер қаржылық саясаттың дүрыстығын растайды. 2000 жылы теңге бағамы бар жоғы 2,8 пайызға өсті.
Ұлттық валютаны еңгізу Ұлттық Банкке экономикалық, ақша-несиелік және валюталық саясатты дербес жүргізуге мүмкіндік жасады.

1.2. Крзақстан Республикасының
валюталык, жүйесі және валюталык; бак&ілау,
валюталык; бак&ілаудың негізгі пршциптері.
Нарыққа өту кезеңінде ҚР-сы егеменді ел ретінде өзінің тәуелсіз дамуы кезеңінде валюталық саясат жүргізуі керек. Қазастанның алдында шетелдермен дербес валюта қатынастарын қүрумен қатар халық шаруашылығын қайта қүру, оны нарық рельстеріне түсіру мәселелерін бірге шешу міндеттері түрды.
Ұлттық валюта жүйесі дүниежүзілік валюта жүйесінің қүрылымдық принциптеріне сәйкес қалыптасты. ҚР-ның қазіргі валюталық жүйесі мен оның негізгі элементтерін (белгілерін) мүқият қарастырып көруге мүмкіндіктер жеткілікті деп есептейміз.
Қазақстан 1992 жылдың шілдесінде ХВҚ-ға мүше болып кіргеннен бастап өзінің валюта қатынастарын Ямайка валюта жүйесінің қүрылымдық қағвдалары мен қордың Жарғысына сәйкес қалыптастыруда. Валюта қатынастарын үйымдастыру үшін 1993 жылдың 14 сәуірінде «Валюталық реттеу туралы» алғашқы заң қабылданды. Ол кезде Қазақстан сом аймағында болғандықтан шетелдермен жеке валюталық байланыстары жоқтын қасында болатын. Сонымен қатар еліміз өзінің ұлттық валютасын айналымға шығаруға дайындап, жеке алтын валюта резервтерін қүру жүмыстарын жүргізумен щүғылдануда еді. Қабылданған заң бағаны ырқына жіберу (либерализация) деңгейіне сәйкес келіп, кейбір жағдайларда дамып келе жатқан валюта қатынастарына тіпті қарама-қайшы сипатта болды. 1996 жылы 24 желтоқсанда Қазақстанда «Валюталық реттеу туралы» жаңадан заң қабылданды.

Қазақстан Республикасының шетелдермен жүргізілетін валюталық қатынастарының негізгі элементтері республикада қабылданған заңдарда айқындалған. Олар жоғарыда айтылған заңға қоса, „Қазақстан Республикасының ақша жүйесі туралы" 1993 жылдың 13 желтоқсанындағы заң; , ,Қазақстан Республикасының Үлттыү банкі туралы" 1995 жылдың 30 наурыздағы заң; „Асыл тастар және қымбат бағалы металдармен реттеу туралы" 1995 жылдың 20 шілдедегі заң; ,,Банк және банк қызметі туралы" 1995 жылдың 31 тамызындағы заң; сонымен қатар ҚР Президентінің Жарлықтары, үкімет Қаулылары мен Ұлттық банк басқармасының нормативтік актілері (мысалы, 1994 жылдың 24 қарашасында ҮБ басқармасы бекіткен ,,ҚР-да валюталық операцияларды жүргізу тәртібі").
Ұлттық валюта жүйесінің дүниежүзілік валюта жүйесімен байланысы сыртқы экономикалық әрекеттерге қызмет көрсетуші ұлттық банктер арқылы жүзеге асады.
Ұлттық валюта жүйесі дегеніміз — ұлттық заңдармен немесе мемлекетаралық келісім — шарттармен бекітілген валюталық қатынастарды үйымдастыру мен реттеу нысаны. Ұлттық, дүниежүзілік, халықаралық, аумақтық деп жіктелетін валюталық жүйелерді мақсатымен атқаратын роліне сейкес ажыратуға болады.
Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйелердің озара байланысы олардың үқсастығын емес, керісінше ерекшеліктерінің айғағын паш етті. Олардың мақсаты, қызмет ету жағдайлары мен реттелуі, жекелеген елдер экономикасы мен дүниежүзілік шаруашылыққа әсері әр түрлі деңгейлі екендігін күнделікті практика көрсетіп отыр.

Валюталық жүйе — ұлттық заңдылықтар мен немесе мемлекет аралық келісіміиарттармен бекітілетін валюталық қатынастарды үйымдастыру және реттеу формасы.
Валюталық жүйе үш түрге болінеді: . Үлггық валюталық жүйе . Дүниежүзілік валюталық жүйе . Аймақтық немесе мемлекетаралық валюталық жүйе.
Тарихта ұлттық валюталық жүйе ең бірінші қалыптасқан.
Ұлттық валюталық жүйе — халықаралық төлем айналымының жүзеге асыратын, үдайы өндіріс процесіне қажетті валюталық ресурсты қүрайтын және оны пайдалануға комектесетін экономикалық қатынастар жиынтығын білдіреді. Ол - елдің ақша жүйесінің бір бөлігі. Оның ерекшеліктері елдің қүрамдас экономикасының және сыртқы экономикалық байланыстардың даму дәрежесі мен жағдайына байланысты анықталады.
Ұлттық валюталық жүйе дүниежүзілік валюталық жүйемен тығыз байланысты. Дүниежүзілік валюталық жүйе XIX ғасырдың ортасына таман қүралған.
Дүниежүзілік валюталық жүйе — бүл халықаралық несие-қаржы институттарымен валюталық қүралдардың қызмет етуіне қамтамасыз ететін халықаралық келісімшарттармен мен мемлекет .......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру