Әдебиет | Ахмет Байтұрсынов шығармашылығындағы халықтық идея

 Әдебиет | Ахмет Байтұрсынов шығармашылығындағы халықтық идея

Мазмұны
Кіріспе ..
1. Қазақ жазушы-педагогтарының шығармашылықтарын- дағы халықтық идеяның зерттелу жайы..........................................
2. Қазақ жазушы-педагогтарының шығармашылықтарын- дағы халықтық идеяның тағылымдық сипаты
3. Ахмет Байтұрсынов шығармашылығындағы халықтық идея - ұлттық білім беру жүйесінің негізі .

Жалпы қорытынды .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.Халықтық идеяның педагогика ғылымдағы мәні мен маңызы

Жер бетіндегі әр халықтың ғасырлар бойы жинақтаған асыл мұралары бар. Солардың ең бастысы – халықтың рухани қазынасы. Халықтың ізгі ойларынан, талап, тілегінен, мақсат мүддесі мен асыл армандарынан туған бұл мұралар барша адамзат баласына ортақ және келешек ұрпақтар тәрбиелеудің бірден бір құралы. Қазақ халқының сонау түркі заманынан бастау алып, күні бүгінге дейін кәдесіне жарап келе жатқан рухани мұраларының бірі – халықтық педагогика. «Халықтық педагогика, делінген Қазақ кеңес энциклопедиясында, - тәрбие жөніндегі халықтың педагогикалық білім тәжірибесі. Халық педагогикасын зерттеу негізіне педагогикалық мазмұн мен бағыттғы халық ауыз әдебиетінің шығармалары, этнографиялық материалдар, халықтық тәрбие дәстүрлері, халықтық ойындар, семья тәрбиесінің тәжірибелері, т.б. жатады. Халық педагогикасының негізгі түйіні- еңбек тәрбиесі және өндірістік білім, дағды, шеберлікті ұрпақтан ұрпаққа қалдыру».
Халық педагогикасының мазмұнын құрайтын әрі тәлімдік мән-маңызы бар мұра – халықтық идеялар. Ал педагогикаға негізделген халықтық идеялар –жас ұрпақты еңбек, отаншылдық имандылық пен адамгершілік, сыр мен сымбат, ақыл-ой тәрбиесі баулуда біртіндеп бойға сіңіретін нәрлі өзек. Жас буынның кішкентай кезінен «Халық айтса қалып айтпайды», «Халықтың ойы озық», деп санасына мықтап сіңірген қазақ елі халықтық идеяларға негізделген ұлттық тәрбиенің сан алуан түрлерін арнаулы жолдар мен арнайы тәсілдер арқылы жүргізіп отырғаны белгілі.
Мәселен, халықтық нақыл сөздер мен мақал мәтелдерде адамгершілік пен имандылық тәрбиесіне қатысты пәрменді ойлар айтылса, ойындар, жұмбақ пен айтыстарға – ақыл-ой тәрбиесі, өлең, жыр дастандарға әсемдік, сыр сымбат, отаншылдық тәрбиесінің негізгі принциптері өзек болған, ал ертегілер халықтық тәрбиенің сан алуан мәселелерін қозғайтын тәлімдік материал ретінде пайдаланылған.
Халықтық мұратқа негізделген халықтық тәрбиенің мақсаты - бүгінгі қоғамның жан-жақты жетілген белсенді мүшелерін, яғни өз ұлтын сүйетін, тілін, дінін білетін жоне оның әдет-ғұрыптарын сақтап, кейінгі ұрпақтарға үлгі боларлық тұлғаларды тәрбиелеу.
Халықтық идеяның басты мақсаты - қоғамның белсенді мүшесі болатын, жетілген тұлғаларды тәрбиелеу.
Жан-жақты жетілген тұлға дегеніміз - ақыл-ойы дамыған, денсаулығы мықгы, еңбекқор, ізденімпаз, эстетикалық талғамы биік, имандылықты бетке тұтқан, адамгершілігі мол қоғамның белсенді мүшесі.
Халықгық идеяға толы рухани мүралардың мән-мазмүны мен негізгі түйіні де осы жас буындар бойына тәрбиенің сан алуан және жағымды түрлерін қалыптастыруға саяды. Міне, осыған орай жас ұрпақты тәрбиелеуде жалпыға ортақ қоғамда өмір сүрудің моральдық-психологиялық нормасы белгіленді, оның мәні "сегіз қырлы, бір сырлы" деген нақыл сөзден байқалады.
Қазақ халқының педагогикалық мәні зор ой-толғаныстарын бесік жырынан, ертегілері мен аңыздарынан, эпостары мен дастандарынан, шешендік сөздері мен айтыс-термелерінен, мақал-мәтелдері мен баталарынан көптеп кездестіруге болады.
Осы идеялардың негізгі бағыты адамгершілік, имандылық, ақыл-ой, еңбек, сыр-сымбат, отаншылдық, табиғатты қорғау, дене, отбасы тәрбиесіне қатысты мәселелерге келіп тірелетіні анық. Бұл ойды Қ.Жарықбаев пен С.Қалиевтардың ой-пікірлерінен байқауға болады.
Ал қоғамдық тәрбиенің мән-мазмұнын толықтырып дамытатын да осы аталған халықтық идеяға негізделген тәрбиенің түрлері.
Халықтық идеяның тағылымдық қасиетін терең үғынған көпте-ген шетелдің ойшыл ғалымдары мен жазушы-педагогтары оларды жан-жақты дамыта отырып, өз шығармашылықтарына өзек ете білген.
Халықтық идеяға негізделген халықтың педагогикалық көзқарастары мен педагогикалық тәжірибесін зерттеуге аса көрнекті классик педагогтар үлкен көңіл бөлген.
Я.А.Коменскийдің пікірінше, халық педагогы патриот-демократ болуы, халықты және оның тілін сүюі, оқыту процесінің барлығын ана тілінде жүргізуі тиіс.
Сонымен, Я.А. Коменский халықтан оқып-үйренді, өзі халықгы оқытты, сондыкхан халыққа қызмет ету, оның рухани қазынасын, даналығын үрпағына табыстау оның басты өсиеті болды.
Швейцариялық ұлы педагог-демократ И.Г.Песталоцци - халықтық мектеп пен бастауыш білім беру дидактикасының негізін қалаушылардың бірі. Оның халықтық сипаттағы педагогикалық қорытындылары "Гертруда балаларын қалай оқытады?", "Линград және Гертруда", "Аналар үшін кітап" атты еңбектерінде көрініс тапқан.
И.Г.Песталоцци халыққа қызмет ету үшін "кедейлер үйін" ашып, оған жетім және панасыз балаларды жинап, оқытты. Онда балалар еңбек етіп, оқуды еңбекпен үштастырды. Ол балалар тәрбиені халықтан алуы керек, сонда олар еңбек етуге дағдыланып, денесімен қатар рухани жағынан дамиды деп есептеді. Шаруалар отбасының тәрбиелік тәжірибесін жинақгап, бала тәрбиесін дұрыс ұйымдастыруда отбасының, әсіресе ананың рөлін жоғары бағалады.
Баланы тәрбиелеу ол дүниеге келген күннен басталу керек, сондық-тан әр ананы халықгық тәрбие әдістерімен қаруландыру қажет деп санады. Олар: баланы сүю, оған сенім білдіру, үлгі-өнеге көрсету, шыдамдылық, борыштылық сезімдер. Мұның бәрі ананың балаға деген қатынасынан пайда болады.
Ұлы педагог ата-ананың үйін балаға тәрбие берудегі "мінез мектебі" деп атады, өйткені бала мінезінің жақсы немесе жаман болып қалыптасуы үйдегі әке мен ананың, ондағы балалардың бір-біріне деген қарым-қатынасына байланысты деді.
И.Г.Песталоцци педагогикалық жұртшылыктың назарын халық мектебіне аударды. Оның пікірінше, халықгық мектеп тәрбие құралын халық өмірінің өзінен, оның үзақ уақыт бойы қалыптасқан тәжірибесінен жинап алуы керек, сонда ғана ол тиімді болады.
И.Г.Песталоццидің мақсаты халық бұқарасының мүддесіне сай мектептің негізін қалау еді. Н.К.Крупскаяның сөзімен айтсақ: "Песталоцци халық қажетін өтей алатын, халықтың көңілінен шығатын және халықтың өзі ұйымдастыратын мектеп ашуды арман етті".
Халықтық идея проблемасына түңғыш назар аударған орыс классикалық педагогикасының көрнекті өкілдері В.Г.Белинский, Н.А.Добролюбов, А.И.Герцен, Н.Г.Чернышевский болды.
В.Г.Белинскийдің оқу-ағарту мен тәрбие саласындағы халықтық идеясы "Тәрбие жөніндегі ойлар", "Балалар кітаптары туралы", "Орыс тілі грамматикасының негіздері" еңбектері мен көптеген жазысқан хаттарына арқау болды.
Ал А.И.Герценнің халықтық идеясы "Кім жазықты?", "Өткендер мен ойлар", "Жастармен әңгімелесу тәжірибесГ', "Балалармен әңгіме" атты еңбектерінде және журналдар беттерінде жарық көрген мақалаларында баяндалды.
Халықтық идеяны олар тәрбие мен оқытуға қойылатын мін-деттермен байланыстыра, бірлікте қарастырды. Мысалы, В.Г.Белинский: "Тәрбиенің көздеген түпкі нышаны мен негізгі мақсаты адамгершілік болсын", - деді. Нағыз тәрбиелі адам, оның пікірінше, "ең алдымен өз елінің ұлы, соның мүдделері мен мұқтаждарын жүрегінде сақтай білетін, адамгершілік жағынан дамуына септігін тигізетін өз отанының азаматы болуға тиіс". Бұл үшін ол жасөспірімдерді белсенді өмірлік позиция ұстануға, патриотизм рухында тәрбиелеуді ұсынды.
Орыстың ұлы жазушысы, көрнекті педагогы Л.Н.Толстойдың педагогикалық идеяларында халықтың педагогикалық тәжірибесі үлкен орын алған.
Л.Н.Толстойдың оқыту мен тәрбиелеудегі халықтық идеясы оның ағартушылық қызметінен көрініс береді.
Орыстың ұлы классик педагогы, ғылыми педагогиканың және орыс халық мектебінің негізін қалаушылардың бдрі К.Д.Ушинский халықтық идеяны өзінің педагогикалық жүйесінің негізіне айнаддырды. Мұның мәнін ол "Қоғамдық тәрбиенің халықтығы туралы", "Орыс тәрбиесіндегі адамгершілік элементі туралы", "Мектептің үш элементі", "Еңбектің психикалық және тәрбиелік мәні", "Педагогикалық әдебиеттің пайдасы туралы", "Халықгық мектептер мәселелері", "Біздің халықгық мектептердің пайда болуына жалпы көзқарас", "Жексенбілік мектептер", "Ана тілі", "Балалар әлемі", "Педагогикалық антропология" атты еңбектері мен көптеген мақалаларында ашып көрсетті. Ол өзінің бүкіл өмірін халыққа, халық ағарту ісіне және балалар тәрбиесіне арнады. "Отаныма неғүрлым көбірек пайда келтіру - менің өмірімнің бірден-бір мақсаты", - деуі соған дәлел.
К.Д.Ушинский халық - тарихты жасаушы, қоғамның барлық материаддық және рухани байлығын қүрушы, ал халықтық - әр халықгың тарихи дамуын, географиялық және табиғи жағдайларын қамтамасыз ететін өзіндік ерекшеліктері деп түсінді. Ол "Халықтықсыз халық - заңды іріп-шіруі ғана қалған жансыз дене" деген принципке кәміл сеніп, халыкдық идея принципін соған негіздеді. Халықтық, К.Д.Ушинскийдің дәлелдеуінше, тарихтағы халық өмірінің жалғыз көзі, "тек халықтық тәрбие, сол ғана халықтың даму процесіндегі жанды орган". Оның түсінігі бойынша, "халықтың өзі жасаған, халықтық бастамаға негізделген тәрбие ғана нақты маңызға жоне нақты күшкс ие".
"Ұлы педагог - ана тілі балалардың ақыл-ой дамуының негізі болып табылатындығын атап көрсете келе, К.Д.Ушинский былай деп жазды: "Ана тілін меңгере отырып, бала тек бір ғана сөзді, оның қүрылымы мен өзгерісін ғана емес, сонымен бірге сансыз ұғымдарды, заттарға көзқарасты, көптеген ойларды, сезімдерді, көркем бейнелерді, тілдің логикасы мен философиясын игереді, сөйтіп, сыпайы да методикалық оқыту тәсілімен 20 жылда жартысын да игере алмайтындарын екі-үш жылдың ішінде өте тез игереді".
К.Д.Ушинский туған елдің табиғат құбылыстарын көңілге тоқытып, балалардың туған жерге деген сүйіспеншілігін тәрбиелеуде ана тілінің рөліне зор мән берді. Ол "туған ел табиғатының тәрбиелік күшін бойға сіңіруде жат табиғатты, жат өмірді уағыздайтын тіл пайда бермейтіндігі" былай тұрсын, керісінше, бала дамуына тосқауыл болатынын атап айтты.
Баланың жалпы дамуындағы ана тілінің рөлін баса көрсете отырып, К.Д.Ушинский: "Ана тілінде оқыған бала шартты белгі-лермен ғана үйренбейді, ана тілінің төсінен рухани өмір мен рухани ьсүшке сусындайды. Ол оған табиғатты ешбір жаратылыс зерттеу-шісі түсіндіре алмастай дәрежеде түсіндіреді; ол оны өз төңірегіндегі адамдардың мінез-құлқымен, өзі өмір сүретін ортамен, қоғаммен, оның тарихымен және мүддесімен ешбір тарихшы таныс-тыра алмастай дәрежеде таныстырады; ол оны халықгық сенімге, халық поэзиясына ешбір эстетик жеткізе алмастай дәрежеде жетелейді; ол, ең ақырында, балаға ешбір философ айтып бере алмастай логикалық үғымдар сіңіріп, философиялық көзқарас дарытады".
Ана тілін оқытуға К.Д.Ушинскийдің қаншалықты мән бергенін, міне, осыдан көруге болады. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ана тілінің рөліне де ол ерекше көңіл бөлді. "Баланы халық тіліне жетелей отырып, біз оны халықгық ойлау, халықгық сезім, халықтық өмір, халықтық рухқа жеткіземіз", - деді К.Д.Ушинский.
Балалардың дамуындағы ана тілінің рөліне шешуші мән берумен қатар, К.Д.Ушинский әсіресе бастауыш окуды тек ана тілінде жүргізуге басты назар аударды. Ол ана тілі - тек басты пән ғана емес, сонымен бірге бастауыш мектептерде оқытылатын барлық пәндердің негізі деп санады.
К.Д.Ушинский ана тілінің дидактикалық түрғыдағы рөлін де жоғары бағалады. "Осы бір таңғаларлық педагог - ана тілі, - деп жазды ол, - көп нәрсені үйретіп қана қоймайды, қаншалықты оңайлатып оқытатын одіспен қол жетпейтіндей нәрсені таңға-ларлық жеңіл түрде үйретеді". Сонымен бірге егер мұғалім басшылық етпесе, жалаң тіл өздігінен баланы тәрбиелей де, білім бере де алмайтындығын өте дүрыс ескертті.
Сонымен, К.Д.Ушинскийдің педагогикалық жүйесіндегі негізгі принцип халықтық идея болды. Оның басты мәні мен талаптары мына мәселелерді қамтиды: тәрбие халықтық болуы тиіс; торбие ісін халықгың өзі біліп, өзі басқаруы тиіс; тәрбие балаларға нақты білім беруі, олардың ақыл-ой қабілеті, білімі өмірмен байланысты, халықтың игілігіне бағытталған етіп дамытылуы қажет; баланың қалыптасуында ана тілі - білім бүлағы, халық қазынасы ретінде негізгі орында болуы керек; бала тәрбиесі жөніндегі бөтен елдің тәрбие жүйесін тәрбие практикасына қалай болса солай енгізе салуға болмайды. Ол оку-тәрбие жүмысының мәнін, міндеттерін, әдістері мен мазмүнын халыкдық идея тұрғысынан қарастырды. Сонда ғана бала ұлттык тәрбие алады, жан-жақты жетілген адам болады деп тұжырымдады. Ол өзінің халықтық идеясын орыс халқы үшін, оның жас ұрпағы үшін ең басты халықтық принцип деп санады.
2. Қазақ жазушы-педагогтарының шығармашылықтарындағы халықтық идеяның зерттелу жайы
Қазақ халқының рухани мұрасының мәнін ашу, оны игеруде қазақгың жазушы-педагогтарының халыкдық идея проблемасы туралы ой-пікірлерін зерттеудің қазіргі кезде маңызы ерекше.
Осыған орай XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың 20-30-жылдары өмір сүріп, ағартушылық қызмет атқарған Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Халел Досмұхамедов сынды педагог-жазушыларының халықгық идея проблемасы жөніндегі еңбектерінің зерттелу жайын анықгауды біз өзіміздің зерттеу проблемамыздың нысаны етіп алдық.
Қазақ жазушы-педагогтарының педагогикалық көзқарастары, олардың Қазақстанда педагогика ғылымы мен білім беру саласына қосқан үлестері бүдан бүрын да ғалымдардың назарына ілініп, зерттеу объектісіне айналған болатын. Атап айтқавда, бүл жөнінде бірнеше диссертациялар қорғалып, монографиялар, оку қүралдары, оку бағдарламалары, кітапшалар мен мақалалар жарық көрді. Ал олардың еңбектерінің тізімі арнайы библиографиялық көрсеткіштер ретінде бірнеше рет шығарылды.
Ахмет Байтұрсыновтың әдістемелік мұрасын зерттеуге арналған диссертациясының бірінші тарауында сол кездегі ана тілін оқытуға байланысты мәселелерге шолу жасалып, оның әдіскер ғылым ретінде қалыптасуына өз кезіндегі әдістеме ілімінің әсері, әліппесі мен окулықтарының жалпы сипаттамасы, олардың әдістемелік негіздері сөз болады.
Ал диссертацияның екінші тарауында А.Байтұрсыновтың ғылыми әдістемелік еңбектерінің жазылу жайы, оның қазақ тілін оқыту әдістемесінің іргетасын қалаудағы рөлі, еңбектерінің бүгінгі оқыту ісімен сабақтастығы қарастырылған.
Автор ғалым-тілшінің еңбектерінде ана тілін ұлттық тәрбие құралына айналдыруда қазақ тілі мұғалімдеріне әдістемелік көмек жасалғанын орынды атап көрсеткен.
Р.Н.Көшенованың диссертациясында Мағжан Жүмабаевтың пе-дагогикалық көзқарастары оның әдеби-ғылыми және педагоги-калық мұраларына тарихи-педагогикалық сипаттама беру негізінде ашып көрсетілген.
Сондай-ақ педагог-жазушының ғылыми-педагогикалық мұрасындағы тәрбиелеу және оқыту мәселелеріне, оның педагогикалық көзқарастарының негізгі бағыттарына сипаттама беріліп, оларды орта мектептің оқу-тәрбие үрдісінде шығармашылықпен пайдалану жолдары көрсетілген.
Зерттеуші ағартушының тәлімдік ой-пікірлері қазақ халқының үлттық санасын жаңғырту туралы идеялармен тығыз байланысты екенін, ақынның педагогикалық шығармашылығы халықтық тәлім-тәрбиелік ойлармен үштасатынын пайымдай келе, баланың жеке басын құрметтеу, оның жан дүниесінде жеке қасиеттермен қатар ұлттық рухты қалыптастыру, ол үшін елдің рухани өмірі және тұрмыс-тіршілігімен етене таныстыру мәселелерін алға тартады. Және ол педагог М.Жұмабаевтың ана тілі мен әдебиетін үлтты сақгап қалудағы басты шарт, ұлттық білімнің негізгі ережесі деп бағалауын оның халықгық идеяны басшылыққа алуы деп санауға болатынын атап көрсетеді.
Р.Б.Үсембаева "А.Байтұрсынов мұралары арқылы бастауыш сы-нып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу" тақырыбына орында-ған кандидаттық диссертациясының бірінші тарауында XX ғасырдың басындағы педагогикалық ой-пікірлердің бүгінгі зерттелу жайына тоқтала отырып, А.Байтұрсыновтың педагогикалық көзқарасы-ның қалыптасуына қоғамдық-тарихи жағдайлардың ыкдалын ғылыми-педагогикалық тұрғыда саралайды, сол кездегі қаланған білім жүйесінің өзіндік ерекшеліктерін ашып көрсетеді. Ал екінші тарауда ғұламаның артына қалдырған еңбектеріндегі адамгершілік мәселелері жан-жақты сарапталып, бүгінгі мектеп оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың алғышарттары қарастырылады. Сол мақсатта пән сабақтарының мүмкіндіктерін негізге ала отырып, бастауыш сынып окушыларын "Ахметтану" атты пәндік үйірмелерге тарту, "Ахмет поэзиясы" атты кештер жүргізу арқылы оқушылардың рухани құндылық қасиеттерін қалыптастыру мүмкіндіктері қамтылады.
С.Қалиев "Қазақгың халықтық тәлім-тәрбиесінің ғылыми-педагогикалық негіздері" тақырыбына қорғаған докторлық диссер-тациясының еьсінші тарауында қазақ зиялылары А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, Х.Досмүхамедовтың еңбек-теріне тоқталған. Мүнда автор М.Жұмабаевтың Абай шығармаларын, қазақ халқының бай мұрасы - ауыз әдебиеті мен салт-дәстүрлерін ғылыми түрғыда зерттеу арқылы тәрбиенің халықтық педагогика құралдарына сүйене отырып, жүргізудің жолдарын көрсетуі оның ғылыми педагогикаға қосқан жаңалығы деп бағалайды.
Қазақ ғалым-педагогтары Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, Қ.Бөлеев, К.Қожахметова, Қ.Болатбаев, т.б. өздерінің зерттеу жүмыстарының негізівде А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, Х.Досмұхамедовтың педагогикалық көзқарастары бойынша болашақ мұғалімдерге, мектеп мұғалімдеріне, жоғары оқу орындарының оқытушыларына арнап бірнеше монографиялар мен оқу құралдарын жарыққа шығарды. Ал әдебиетші және тілші ғалымдарымыз С.Қирабаев, Р.Нұрғалиев, Ш.Елеукенов, Р.Сыздықова, т.б. қазақ зиялыларының өмірі мен шығармашылығын оқыту мектеп бағдар-ламаларына енуіне байланысты, мектеп мұғалімдеріне қосымша оқу-әдістемелік құралдарын ұсынды. Оларда жазушы-педагогтардың әдеби шығармаларындағы халықтық идеялардың мән-маңызы біршама ашылып көрсетілген.
Сонымен, шетел классик-педагогтарының халықтық идея туралы еңбектері және қазақ ғалым-педагогтарының қазақ жазушы-педагогтарының халықтық идеясы туралы жалпылама зерттеулері біздің зерттеуімізге тарихи-теориялық негіз болды.
Қоғамдық тәрбиенің осы компоненттерінің мән-мазмүнын байытып, ауқымын кеңейтетін халықтық тәлім-тәрбие, яғни оның маңызды бөлінбес бөлігі - халқымыздың ойшылдарының ой-пікір-лері. Осы түрғыдан алғанда, қазақ жазушы-педагогтарының шығар-машылықгарындағы халықгық идеяның қоғамдық тәрбие берудегі тағылымы ерекше.
Белгілі ғалым-академик Қ.Б.Жарықбаев айтқандай: "Халықтан шыққан үздік ойшыл тәлімгерлер халықтық тәлім-тәрбиеден нәр алып, дамиды. Ал халықтық тәлім-тәрбие ойшылдардың ой-пікірлері арқылы күрделеніп, шырай алып, әрмен қарай дамиды."
Ал қазіргі еліміздің тәуелсіздік алып, өркениетке бет бүрған кезеңінде халықтық толім-тәрбие қоғамның мақсат-мүддесімен үйлесімдік тауып отыр. Осыған орай жан-жақгы жетілген түлға-ларды тәрбиелеу іс-әрекетінде халқымыздың рухани-мәдени мүра-ларын кеңінен пайдалану кезек күттірмейтін мәселеге айналуы біздің проблемамыздың құндылығын арттыруда.
Казіргі кезенде жастарға қоғамдық тәрбие берудегі отбасынан кейінгі өте ықпалды орта жалпы білім беретін мектептер екені баршамызға аян. Жасөспірімдерді қоғамның белді мүшесі ретінде өздеріне үлкен жауапкершілік жүктелетінін сезініп, қоғамдық ортада өзін-өзі үстай білуі мен қарым-қатынас этикасын ұстануға тәрбиелеу - мектептердегі қоғамдық тәрбиенің басты бағыты.
Мектеп қабырғасында елінің рухани мөдениетін бойына сіңіріп, тілін, дінін сыйлап, халқының өзіне тән төл тәлім-тәрбиесінен тагылым алған оқушылар қоғамда өз орнын тауып, оның белсенді мүшесі бола алатынын қазақ жазушы-педагогтары А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев және Х.Досмұхамедов өз шығармаларында айтып өткен еді.
Халық ортасынан ......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру