Экономика | Банктiк қызмет көрсету (төлем айналымына жәрдемдесетiн шарттар)

 Экономика | Банктiк қызмет көрсету (төлем айналымына жәрдемдесетiн шарттар)

Мазмұны
Кіріспе
1 тарау. Несие қатынастарың жалпылама қамтамасыз ететің
құқықтық нысандар.
1.1. Заем шарты
1.2. Ақшалай талапты берiп қаржыландыру (факторинг шарты)
2 тарау. Банктiк қызмет көрсету (төлем айналымына жәрдемдесетiн шарттар)
2.1. Банк қызметің көрсету туралы жалпы ережелер
2.2. Банктiк шот шарты
2.3. Ақша аудару туралы шарт
2.4. Банк салымы шарты
Қорытынды
Пайлаланған әдебиеттің тізімі

КІРІСПЕ
Ақылы шарттардың көбiсi бойынша затты бергенi, жұмысты атқарғаны, қызмет көрсеткенi ушiн жауап ретiнде екiншi тараптың ақша төлеу жөнiндегi мiндетi туындайды. Көп жағдайда олар жоғарыда аталған мақсаттарға немесе несиелеу ушiн жеке, заңды тұлғалармен берiлетiн ақша қаражаттарын ауыстырумен айналы-сатын банктер, арнайы коммерциялық ұйымдар арқылы жузеге асырылады, кейбiр жағдайларда несиелеумен тiкелей банктер айналысады. Осы кезде бiрқатар құқықтық қатынастар туындайды, оларды жалпы турде екi топќа бөлуге болады: 1) есеп айырысу құқықтық қатынастары; 2) несиелiк құқықтық қатынастар. Олар өзара тығыз байланысты, сатып алу-сату, мулiктi жалға алу, мердiгерлiк, комиссия және т.б. шарттардан туындайтын басқа да ақша мiндеттемелерiн жузеге асыру сияқты, екiншiден бiрiншiсiнсiз жузеге асыру тәжiрибе жузiнде техникалық жағынан мүмкiн емес болады.
Егер есеп-айырысу қатынастарын (мiндеттемелерiн) сипат-тауға талпынатын болсақ, онда оларға заңды және жеке тұлға-лардың банктiк шоттары арқылы ақша қозғалысының процесiне себепшi болатын және оларды осы шоттарға орналастыру (қаражаттарды сақтау) тәртiбiн реттейтiн құқықтық қатынастар жататындығын атап өтуге болады.
Бұл құқықтық қатынастардың ерекшелiгi болып олардың жеке өзiндiк экономикалық мазмұнға ие емес екендiгi және тек сол немесе өзге бiр құқықтық қатынастарға қызмет көрсететiндiгi табылады. Олардың экономикалық мазмұны туралы тек шартты турде есеп айырысу құқықтық қатынастарының өмiр суруi мен жузеге асырылуы банктiк капиталдың қозғалысымен және оны пайдаланумен тығыз байланысты екенiн еске ала отырып айтуға болады.
Олар қандай да бiр қосымша қатынастар (аксессуарлық мiндеттемелер) нысанында құрастырылмайды, керiсiнше олар дербес құқықтық қатынастар (мiндеттемелер) болып табылады. Бiр жағдайларда олар ақша операциялары ушiн алғышарт ғана болады, мысалы, оған банктiк шот шарты жатады, ал басқа жағдайларда есеп айырысу ќатынастары бiр субъектiлерден екiншiлерiне сол немесе өзге бiр негiздер бойынша, ақша қаражаттарын алмастыруға тiкелей бағытталады, мұндай сеп айырысу құқықтық қатынастарына ақша аудару туралы шарт жатады.
Қазiргi әлемде есеп айырысу қатынастарының маңызы өте үлкен болып табылады. Қолма-қол ақшамен есеп айырысудың маңызы кәсiпкерлiк айналымда және коммерциялық емес заңды тұлғалар арасындағы есеп айырысуда тәжiрибе жузiнде жоққа шығарылуда. Уақыт пен тәжiрибе қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың қолайлы екенiн көрсеттi. Қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды пайдалануға заңды тұлғалар қаражаттарының қозға-лысын тiркеудiң, оларды пайдалануға салықтық бақылау жасаудың қазiргi тәсiлдерi негiзделедi. Бұл салада ақшалардың қолма-қол емес айналымын реттеумен байланысты көп мөлшердегi императивтiк нормалардың да көзделгенiн атап өтуге болады.
Несиелiк құқықтық қатынастар нарық қатысушыларында айналымға тусiретiн құжаттарға, ақшаларға, шикiзат мен мате-риалдарға деген тұрақты қажеттiлiктiң болуымен байланысты туындайды. Екiншi жағынан, еркiн ақша капиталы бар (мысалы банктер) субъектiлер де оны пайдалы мақсатқа пайдалануға мүдделi. Нарық қатысушыларының осындай қажеттiлiктерiн жузеге асыру ушiн заем (өзге де несиелеу бойынша) қатынастарының нысаны қолданылады. Осылайша, несиелiк құқықтық қатынастардың есеп айырысу құқықтық қатынастарынан өзiндiк ерекшелiктерi бар, олар, тектi белгiлермен анықталатын ақшаларды немесе заттарды, кейiн қайтару шартымен, беруден көрiнiс табады. Мұндай мiндеттемелердiң заңдық ерекшелiгi – жеке белгiлермен анықталатын заттарға қатысты туындайтындарға қарағанда, олар “тек жойылмайды” қағидасын қолданумен заттың белгiсi бойынша құрастырылатындығында.
Несиелеу бірқатар турде жургiзiлуi мүмкiн. Ол орын алып отырған құқықтық қарым-қатынас аясында жузеге асырылуы мумкiн, мысалы, несие берушi борышқорға оның ақшалай немесе өзге мiндеттемесiн орындауды кейiнге қалдыру мумкiндiгiн бергенде несиелеудiң мұндай нысаны коммерциялық несие атауына ие болған. Кейбiр жағдайларда несие берушi борышқорға оның мiндеттемесiн орындауға қажет қаражатты алдын ала берiп қояды, мысалы тауарларды кейiннен оларды сатып алушыға беру мақсатымен сатып алу кезінде.
Басқа жағдайларда несиелеуге осы ушiн арнайы бекiтiлетiн шарт турi берiледi. Оларға заем шарты, соның iшiнде банкiлiк заем (несие) шарты, банкiлiк салым шарты жатады. Сонымен, несиелiк құқықтық қатынастарды несие берушiнiң қайтарымды немесе уақытша негiзде қандай да бiр игiлiктi (ақша, тектiк белгiлермен анықталатын заттар, мiндеттеменi орындау мерзiмiн кейiнге қалдыру) борышқорға берумен байланысты қатынастар ретiнде сипаттауға болады. Есеп айырысу құқықтық қатынастарына қарағанда, несиелiк қатынастар ақшалай да, натуралды-заттық та сипатқа ие болуы мүмкiн.
Есеп айырысу несиелiк қатынастарды реттеудiң айқын ерекшелiгi бар. Ол мемлекеттiң экономиканың осы маңызды аясын бақылаусыз қалдырмайтындығына және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң көмегiмен бiртұтас ақша-несие саясатын жургiзетiндiгiне негiзделедi. Осыған орай есеп айырысу және несиелiк құқықтық қатынастарды реттеу тек қана азаматтық құқық нормаларымен жузеге асырылады. Мұны бiз жоғарыда да атап өткенбiз.
Бұл реттеушiлiк, сондай-ақ, мемлекеттiң ақша және несие жуйесiнiң қөрылымын, банкiлiк операциялардыњ жузеге асырылу тәртiбiн, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң белгiленген нормативтерi бұзылғанда субъектiлердiң жауапкершiлiгiн анықтайтын нормалар әрекетiне де негiзделген. Сол себептен есеп айырысу-несиелiк қатынастарды реттеу ушiн әкiмшiлiк, қаржылық және басқа да құқық салаларының бiрқатар заңды актiлерi қолданылады.
1 тарау. Несие қатынастарың жалпылама қамтамасыз ететін
құқықтық нысандар
1.1. Заем шарты
Заем шарты бойынша бiр тарап (заем берушi) басқа тараптың (заемшының) меншiгiне (шаруашылық жургiзуiне, оралымды басқаруына) ақша немесе тектiк белгiлермен айқындалған заттарды бередi (беруге мiндеттенедi), ал заемшы заем берушiге дәл осындай ақша сомасын немесе осы тектегi және сападағы заттардың тең мөлшерiн уақытында қайтаруға мiндеттенедi.
Заем шарты реалды шарт болып табылады, заңнамамен көзделген жағдайларда, ол консенсуалды болуы мумкiн. Реалды заем шарты ақша немесе заттарды беру туралы келiсiмге қол жеткiзiлген сәттен бастап бекiтiлдi деп саналады (заңнамада мәндi жағдайдың не болып табылатындығы туралы арнайы жағдайлар жоқ, бiрақ, Азаматтық кодекс нормаларының мәнiсi бойынша, бәрiнен де бұрын оған оның пәнi туралы жағдай жатады). Егер шарт тараптардың алдын ала келiсiмiне негiзделсе, онда ол консенсуалды болып табылады.
Реалды заем шарты көп жағдайда бiр жақты болып табылады, өиткенi заем берушi ақша немесе заттарды бергеннен кейiн мiндеттi тарап болып заемшы ғана табылады, ал заем берушiде оған талап қою құқығы ғана болады. ҚР Азаматтық кодексiнiң 717-бабының 2-бөлiгiне сәйкес ақша мен заттарды бөлшектеп (бөлiп-бөлiп) беру жузеге асқанда да шарттың бiр-жақты сипаты сақталады. Заемшының ақша немесе заттардың белгiлi бiр мөлшерiн тиiстi мерзiмдерде қайтару мiндетiмен қатар заем берушiде ақша немесе заттарды одан әрi беру жөнiндегi мiндетi де болады. Осылайша, екi тарап бiр-бiрiне қатысты талаптар қоя алатын болады, бiрақ олар қарама-қарсы бағытталған сипатқа ие емес. Ақшаны (заттарды) бөлiп-бөлiп берудегi заем шарты реалды шарт болып табылады, өйткенi, ол ақшаның (заттардың) бiрiншi бөлiгiн берген сәттен бастап жасалды деп есептеледi.
Егер заңды актiлермен немесе шартпен өзгеше көзделмесе заем шарты ақылы болып табылады. Заем шартының ақылы екендiгi туралы жалпы ереже ҚР Азаматтық кодексiнiң 718-бабының 1-тармағында белгiленген. Бұрын егер сыйақыға деген құқық шартпен тiкелей көзделмесе, азаматтар арасындағы заем шарты ақысыз деп қабылданатын. Азаматтық кодекстiң жаңа редакциясына сәйкес жалпы ереже бойынша ақысыз болып заттар берiлетiн заем шарты табылады (ҚР АК-ң 718-бабының 2-тармағы). Мұндай шартта оның ақылығы ескерiлетiнi аз болғандай, сыйақының мөлшерi мен нысаны (заттай немесе ақшалай да ескертiлуге тиiс.
Заем шартының нысаны. Заем шарты ҚР Азаматтық кодексiнiң 151, 152-шарты заемшының облигациясы, қол хаты немесе оған заем берушiнiң белгiлi бiр соманы немесе заттардың белгiлi бiр мөлшерiн бергендiгiн куәландыратын өзге де құжат болған жағдайда да тиiстi жазбаша нысанда жасалды деп есептеледi (ҚР АК-ң 716-бабының 2-т.). Мәселенi осылай шешу заемшының мiндетi кұрделi құралымды сипатқа ие емес екендiгiнен және заемдық мiндеттемеге кез келген бiржақты ақшалай мiндеттеме айнала алатындығымен байланысты. Сонымен қатар заем жағдайлары туындаған сот талқылауы барысында одан әрi нақтылануға тиiс болады.
Заем шартының элементтерi. Заем шартының тараптары – заем берушi мен заемшы болып азаматтық құқықтың кез келген субъектiлерi шыға алады. Жеке тұлғалар әрекет қабiлеттiлiктiң тиiстi көлемiн иеленбеу себебiне байланысты заем шартының қатысушылары бола алмайды. Осы айтылған сөз құқық қабiлеттiлiгi арнайы сипатқа ие болатын заңды тұлғаларға да қатысты. Олар заем берушiлер болып тек олардың жарғысында көзделген жағдайларда не осы заңды тұлға мулкiнiң меншiк иесiнiң нақты рұқсатымен ғана бола алады. Олар ақшаны өздерiнiң жарғылық қызметiн немесе оларға заңмен рұқсат етiлген кәсiпкерлiк қызметтi қаржыландыру ушiн қарызға ала алады. Бiрақ мемлекеттiк мекемелер ушiн елеулi шектеулер көзделген, шарт бағасын төлеу ушiн кейiнге қалдыру немесе бөлiп-бөлiп төлеуден басқа олар заем қаражаттарын тарта алмайды (өйткенi олар тек қана бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылады). Жоғарыда атап өтiлгендей бұл өз алдына дербес сатып алу-сату шартының, басқа шарттардың аясында жузеге асырылады, ал шарт бойынша төлем жургiзудi кейiнге қалдыру немесе бөлiп-бөлiп төлеудi көздейтiн жағдайлардың өзi тиiстi шарттардың кәдiмгi жағдайларына жатады.
Заңды тұлғалар мен азаматтарға кәсiпкерлiк қызмет ретiнде азаматтардан заем турiнде ақша тартуға тиым салынады (КР АК-ң 715-б. 3т.). Сондай-ақ олар банкiлiк заем шарттары бойынша заем берушi ретiнде болуға құқылы емес.
Заем шартының нысанасы. Заем шартының пәнi болып тектiк белгiлермен анықталатын ақша немесе заттар табылады. Мулiктiк құқықтар заем шартының нысанасы бола алмайды. Қазақстан Республикасының “Төлемдер және ақша аударулары туралы” заңы қолма-қол емес ақша қаражаттары” тусiнiгiн кеңiнен пайдаланады, олар азаматтық құқықтың дербес объектiсi болып табылмайды, өйткенi олар банктен ақша (ақша бiрлiктерiн) алуға мiндеттемелiк құқықты ғана сипаттайды. Сондықтан қолма-қол және қолма-қол емес ақшаларды шарттардың объектiсi ретiнде бөлiп қарастырудың ешқандай тәжiрибелiк маңызы жоқ. Заем шартының нысанасы ретiнде толық көлемде шетел валютасы бола алмайды. Себебі Қазақстаң Республикасының аумағында ақшалай міндеттеме жалпы тәртіп бойынша тенгеде болады.
Заем шартының мазмұны. ҚР АК заем пәнiн беру тәртiбiн реттейдi. Заем пәнiн беру мерзiмдерi, мөлшерi, жағдайлары шартта анықталады. Егер....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру