Психология | Балалар мен жасөспірімдерге телебағдарламалардың психологиялық әсері

 Психология | Балалар мен жасөспірімдерге телебағдарламалардың психологиялық әсері

Мазмұны
Кiрiспе
I Тарау. Балалар мен жастар хабары
II Тарау. Бағдарламаларды жас ерекшеліктеріне байланысты қабылдау
психологиясы Балалар мен жасөспірімдерге телебағдарламалардың психологиялық әсері
III Тарау. Ересек адамдар психологиясы және телебағдарламалар Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ
Бүгінде жаһандану үрдісі қоғамға жаңа леп әкелді. Бұл жаңашылдық қай салаға болмасын әсерін тигізіп, даму процесіне де елеулі өзгерістер енгізді. Бұрын төрт қабырғада қамалып отырған жұртшылық ақпарат ағымына тап болғандай. Бүгінгі заң журналитикасы, әсіресе теле журналитика аз уақыт ішінде түрленіп, бағыт-бағдарын да өзгертті. Кеңістік жүйе кезінде бұқаралық ақпарат құралдары үкіметтің саясат жүргізетін құрал болса, қазір ол бұқара санасын билейтін үлкен күшке айналып отыр. Телевиязияның адам психикасына әсерін батыста кеңінен пайдалануда. Шет елдің арзанқол, жабайы мәдениетін насихаттайтын хабарларын қарап, олардың «талғамының биіктігінең кейде қайран қаламыз. Ал шындығына келсек, адам психикасын шаршатып, болмашы нәрсеге эмоциямызды көл етіп батыстың таусылмас сериалдары, шытырман оқиғалы фильмдері (айта кетерлігі, сол фильмдердің бас кейіпкерлері американдықтар, сол елдің серілері де, ал жеккөрінішті, сұмырайлары не орыстар немесе азиаттар болып келеді) түптеп келгенде еріккеннің ермегі емес. Мұның астарында да үлкен саясаттың иісі аңқиды. Мысалы, жұмыстан қажып, шаршап келген адам сондай телеөнімдерді көріп, жүйкесін тоздырып, моральдық жағынан қажиды. Ондай адамдардың бар проблемасы мен бар қуаныш-қайғысы сол фильмдердің кейіпкерлерінің өмірі. Ал саясатқа, қоғамдық өмірге араласуға оның қажыры да қайраты да жоқ. Бұдан шығатыны батыстың жабайы мәдениетінің, тобырларға арналған телевизиялық өнімдердің артында қоғам санасын мәңгүрттеу саясаты жатыр. 90-шы жылдары біздің еліміз сондай «телебатпаққаң бөлшесінен батқан еді. Сол кездегі бағдарламалар тізіміне көз салмаңыз, Қазақстанның телеарналар торы тек көтеру мен шетелдік фильмдерден ғана тұрған болатын. Ал ағартушы-танымдылық мінездегі бағдарламала тіптен жоғалып кеткен болатын. Бүгінде отандық телеарналарда әр түрлі сипаттағы теле өнімдер саны артқан. Бірақ, олардың мазмұны, сапасы бүгінгі қоғам құндылығына сай ма? Адам психологиясына, қоғам санасына әсері қандай? Менің магистрлік диссертациямның тақырыбын «қазіргі заманға тележурналитиканың психологиялық аспектілерің деп алуыма түрткі болған осы мәселе еді. «TNS Gallup Medіa Asіaң тәуелсіз зерттеу компаниясының мәліметтеріне жүгінсек, прайт-тайм мезгіліндегі 2003 жылғы телеарналар рейтингісі мынадай болмақ: 2003 (қаңтар-сәуір телеарналардың көрермен жинау % 2001, 2002-ші жылғы таблицамен салыстырғанда бірінші орынды жылда 1 Еуразия-Қазақстан арнасы еншілейді. Ал КТК арнасы 2001 жылы 8,67% -ті көрсетіп, 5-ші орыннан 17%-ды көрсетіп 2-ші орынға жылжыған. Бұл кестеден байқағанымыз өзіміздің ұлттық сипаттағы арналардың бағдарламаларына сұраныстың аз болуы. Оған біріншіден мына фактор әсер етеді. Қазақ тілді бағдарламалар қанша деңгейі, сапасы жоғары болғанмен аудиториясы аз. Еліміздегі парламент, сенатта отырған «халық қаоаулыларыныңң өзі қазақ тіліне үрке қарайтын болса, қалғандарына не демекпіз? Ал, екіншіден технологиялық жағынан мешелдеу болып келеді. Бұл туралы технологияның Қазақстандағы санаулы мамандарының бірі Сұлтан Ыбырай «журналистң газетіне берген сұхбатында былай дейді: «Қазақстандағы көп телекомпаниялар қолдағы техниканы толық игере алмай келеді. Технология жылдан-жылға күрделеніп келеді. Оны сауатты басқаратын арнай дайындықтан өткен мамандар жоқтың қасы. Бүгінгі технология мүмкіндіктерін теле-жаңалықтарда таратқанда, сонтаж жасағанда, кадрды байытуға және эстетикалық құндылығын арттыруға кеңінен қолдануға болады. Біздің елде әлі күнге дейін журналитер монтажды оператордың көмегімен жасайды. Әр монтаж бөлмесінде бір-бір оператор отырады. Бұл дұрыс емес, ертең ол алыс сапарға кетіп, шетелдерден хабар жіберуі тиіс болса, жылжымалы монтаж аппаратымен қалай жұмыс істейді? Кадрдағы әрбір бейненің өзіндік эмоциональді, мазмұнды жүгі бар. Дамыған елдерде журналитке деген талап мүлдем басқа. Олар әрі жазады, әрі оператордың міндетін өздері атқарадың. (Сұлтан Ыбырай: «Телетехниканың дәуірі туып келедің). «Журналистң газеті, № 8, шілде, 2003 ж).
Біздің тележурналистердің кемшілігі де осында. Кейде олардың айтқан сөздері мен берген бейнелері мүлдем қарама-қайшы болып жатады. Жаңалықтар топтамасы болсын, бағдарлама болсын журналистер сюжеттеріне «ыстық фактілерң әсерін бергісі келіп, сорақы жағдайларды жинайды.
Мысалы, соңғы кезде сенат немесе мәжіліс отырысратын конференциялар туралы айта келе ұйықтап немесе көңілі басқа жаққа ауып отырған адамадырды көрсету «дәстүргең айналып кетті. Әрине, әрқашан тілшілер мұндай сынды аузымен айтуға батылы бара бермей, сипақтап жақсы жағын айтқан сиды. Ал бейнекадрлардағы кереғарлықты көріп отырған көрермен ойы мүлдем басқаға ауады. Осыдан соң журналист сөзіне қайдан сенім тусын?!
Тележурналистиканың газет, радио айырмашылығы мен қуаттылығы да осында. Телевиязияның адам санасына, психикасына әсері күшті. Өкінішке орай бұл факторды есінде ұстамайды. Жалпы, бүгінгі таңда телебағдарламаға сын азайған. Журналистер демократия мен этиканың шекарасын солғындатып, біржақты болып кеткен сыңайлы.
Біздің телеарналар соңғы кезде жаңалықтардың өзін объективті емес, саясаттандырып жіберген. Әрине, әр телеарна, ақпарат құралдарының ар жағында бір алпауыттың тұратыны қазіргі уақытта заңдалыққа айналып кеткен. Бірақ, сонда да журналист ақша мен мансаптың құлы емес, көрерменге қызмет ететінін есте ұстауы шарт. Тек Қазақстан емес, жалпы әлемде суыт хабарларды, лаңкестік пен қылмыс хроникасын беруге құштарлық белең алуды. Кадрда қантөгіс пен соғыс-жанжалдарды көрсету әдетке айналған. Мұны көріп, үндемей кеткен. Әрине, теледидар тек жамандық хабаршысы деуден аулақпыз. Бірақ, журналистика төртінші билік, қоғам санасын тәрбиелеуші десек, бүгінгі қоғам, әсіресе жастардың ой-санасына, бағдарына қарап мұндай пікір қалыптасырмасқа шара жоқ.
Жалпы, бүгінгі қазақ журналитикасы қандай десек, ең алдымен ұлттық арналарға көз саламыз.
Жиырма бірінші ғасырға иен қазақ даласы зор жетістіктермен, жаңа бастамалармен еніп отырғандығы анық. Егемендік алған еліміздің ақпарат әлемі бүгінгі таңда өзінің аудиториясын бағдарламаларының тартымдылығы, сан алуандағы, сапалылығы мен шеберлігімен тәнті етуде.
Белгілі журналист Құдайберген Тұрсын “Қазақ теледидары қай деңгейде?” атты мақаласында былай дейді: “Қазақ теледидары қай деңгейде? Көкірегі ояу, көзі ашық көрерменнің әрбірін мазалайтын орынды сұрақ. Жүрдек уақыттың уысынан шыға алмай, алға ұмтылған өнер түрлерінің ішінде көгілдір экранның қоғамдағы орны тым бөлек. Ол араласпайтын іс, ол бармайтын орта жоқ десе де болады. Біздің күнделікті өміріміздің бір бөлшегіне айналған синкретті өнер таңның атысынан күннің батысына дейін төріңе шығып алып, сенің сырласың мен ақылшыңа айналуда. Зияндылығы да шаш етектен. Француз сыншысы Андре Дилижан жазғандай, “ол өмірге ентелей кіріп, әлемді түгелдей дерлік жаулап алды”. Шын мәнінде солай.
Расында да әр нәрсеге екі жақты баға береміз. Себебі, дүниенің тұтқасы тепе-теңдікте болса керек. Өткен ғасырдың соңғы он жылдығы Қазақстан теледидары үшін шын мәнінде тоқырау жылдары болды. Егемендік елестен шындыққа айналып, әлемдік терезе айқара ашылып, батыс пен өзге де елдердің телеөнеріндегі сан алуан бағыт экранға лап қойған кезде, біздің орта әрі жас буын әлемдік авангардты қуып жетуге ұмтылды. Әрі жаңа қоғамдағы өзгермелік ахуалдың құбылмалылығы да қазақ телесахнасының эстетикалық құндылықтардан ажырай бастауына, есесіне жеңіл-желпі үрдістік танымға бейімделуімізге негіз болды десек, әсте артық айтқандығымыз болмас. Дәстүр мен жаңашылдық кең мағынасында – философиялық ұғым. Барлық даму атаулының негізі. Әлемдегі бар нәрсе уақытқа, ортаға, кезеңге сай түрлене, жаңарып өзгеріп отырады. Ол кеше мен бүгіннің, бүгін мен ертеңнің арасында тамырласа, іштей өзектесе байланысып, жаңашылдықпен түрлене дамиды. Демек, әр бағдарлама дүниеге келген кезде өзінің заманының тынысына сай негізделіп шығады. “Қазақстан” телеарнасындағы бағдарламалар легі ұлттық нақышқа негізделіп, ұлттық идеологияның оңтайлы қалыптасуына септігін тигізіп жатқаны бесенеден белгілі. Әрине, жеміс бірден болмасы анық аксиома. Дей тұрсақ та, әр нәрсенің тәй-тәй басып буыны қатқанда жетістік болатынын ескергеніміз абзал. Соңғы жылдары серпін алған “Қазақстан” телеарнасындағы бағдарламалардың мазмұны тағылымды болып көрерменнің жүрегіне жол табуда. Бірақ, бір айтатыны біз бағдарламалардың мазмұны мен формасын бірінші орынға қойып, ал сол бағдарламалардың көрерменге психологиялық әсерін елемей келеміз.
I ТАРАУ. БАЛАЛАР МЕН ЖАСТАР ХАБАРЫ
Өскелең ұрпақ үшін радио — жан-жақты азамат болып қалыптасу университеті, адам баласының ең асыл қасиеттерін тарату мектебі. Радионың басқа ақпарат құралдарынан негізгі айырмашылығы да, пәрменділігі де балалар мен жастарға әр түрлі дыбыс арқылы әсер ететіндігінде болса керек. Олардың дыбыс құдіреті арқылы түрліше көңіл-күйге түсіп: қуануы мен ренжуіне, ойлануы мен толғануына, ең бастысы, жаңалық тындауына мүмкіндігі мол.
Ондай мүмкіндікті қазір жас шамалары әркелкі балаларымыз пайдалана алады. Мысалы, Бүкілодақтық радионын, балалар мен жасөспірімдерге арналған хабарлар бас редакциясының Бас редакторы қызметін атқарған А.Меньшикова ол тұрғысында былай дейді: «Бүкілодақтық радионың программасында әлі жаза, сыза білмейтін сәбилерден бастап, орта мектепті аяқтап, өмірге қадам басқалы отырған жасөспірім қыздар мен жігіттерге де арналған хабарлар бар». Дәл осындай хабарлар Қазақ радиосынан да беріледі.
Дыбыс ерекшелігін жас балалар жақсы ұғынып, тез қабылдайды. Олар бір-біріне қайсыбір оқиғаны, ойды жеткізу үшін екеуара диалогтан гөрі, әр түрлі дыбыстарға көбірек сүйенеді ғой. Ондағы дыбыстар олардың сол құбылыс жайлы түсініктерімен ұштасып жатады. Осыдан-ақ дыбыстардың балалар жан дүниесіне ерекше әсері бар екенін аңғару қиын емес. Сондықтан балалар хабарында әр түрлі дыбыс сөйлем, музыкалық үн бір-бірімен жымдасып тұрса, мазмұны мен тартымдылығы үйлесіп кетсе, ол жақсы тындалады.
Ұлы педагог В.А.Сухомлинский: «Балалық шақ— күн сайын айналада болып жатқан оқиғаны, құбылысты сол қалпында немесе жанаша қабылдау. Туған жерді, Отанды тану осы кабылдаудан өріс алады. Сондықтан да сәби жүрегіне адам жанының сұлулығы мен дүниеде ешбір асыл затқа тендесі жоқ Ұлы Отан ұғымын қалыптастыру осы кезден басталады» - деген еді. Яғни жас ұрпақты өнегелі тәрбиелеп өсіру ісі Отан, ел мүддесімен берік қабысып жатуға тиіс. Ұлы тәрбиеші, тамаша педагог «Біздің балаларымыз - еліміздің және әлем азаматтарының ертеңгі болашағы. Олар тарихты жасайды. Біздің балаларымыз — болашақ аналар мен әкелер, олар да өздерінін балаларын тәрбиелейтін болады. Балаларымыздың тамаша азамат болып өсулері қажет. Алайда әңгіме мұнымен бітпейді, балаларымыз - бұл біздің ертеңгі қарттығымыз. Дұрыс тәрбие - бұл біздін бақытты кәрілігіміз, нашар тәрбие - бұл біздің болашақ қайғымыз, көз жасымыз: басқа адамдар алдындағы, ел алдындағы кінәміз болып табылады» деген еді. Осы орайда радиохабарлары өзінің ең басты міндетінің бірі - балаларға жас кезінен қоғам, семья алдындағы өз борышын сезінуді, еңбексүйгіштік қасиетті бойына сініруді үйрету, жақсылықка, сұлулыкка баулу деп біледі. Оны Қазақ радиосы өзінің алғашқы хабарларынан бермен қарай мақсат тұтып келгенін білеміз.
Республикалық радионың балаларға арналған алғашқы хабарларының мәтінін мұрағат қорларынан кездестіру қиын. Бірақ оның қай кезден бастап берілгендігі туралы мағлұмат берерлік деректер бар.
Бүкілодақтық радио «Таң шапағы» радиогазетін 1934-жылдын 1-қазанында эфирге шығарса, ал Қазақ радиосы бойынша «балаларға арналған хабар 1931-жылдың 15-қарашасынан бастап берілді», - деп жазды Р. Сағымбеков өзінін «Алматыдан сөйлеп тұрмыз» деген кітабында. Бірақ осы кітаптың тағы бір жерінде бұған қайшы пікір бар. Оның «Түңғыштар сөйлейді» деген тарауында жазушы Айтпай Хангелдин: «1930-жылдардың бас кезінде Қазақстан Орталық Атқару Комитеті жанындағы Өлкелік радио-комитеті Карл Маркс көшесіндегі бір кездегі музей болған үйге көшіп келді. Бұл кезде мен осы комитеттін председателі едім... 1932-жылы радио арқылы берілетін хабарлардын көбі қазақ тілінде жүргізілуі керек деген нұсқау болды. Келесі жылы (1933-жылы - Н.О.) көктемде балалар хабарын ұйымдастырдық. Бұған негіз болған Алматыдағы «Үлгілі қазақ мектебінің» оқушылар хоры, сол хордың бастаушысы - Мина Сейітова көп кешікпей-ақ радиоға диктор болып орналасты. Бұл кісі сонғы күндерге дейін осы қызметті атқарып келді» — дейтін естелік бар.
Сонымен, екі дерек екі түрлі мерзімді: яғни, бірі — 1931-жылдын күзі десе, екіншісі — 1933-жылдың көктемі дегенді айтады.
Осы жерде еріксіз ойландыратын бір мәселе бар. Ол Р.Сағымбеков алғашқы мерзімді атағанда нендей дерекке, болмаса естелікке сүйеніп отырғандығын көрсетпейді. Егер бұлтартпас дәлел келтірсе, оның үстіне әлгіндей қайшылық болмаса, зерттеуші тұжырымына иланар едік.
Біздің ойымызша, екінші мерзім көңілге қонарлықтай. Қазақ радиосынын тұрақты жұмыс істегенінен бастап, оның алғашқы жетекшісі, яғни радиокомитеттің тұңғыш төрағасы болған адам қолымен қойғандай етіп айтса, қалай сенбеске. Ендеше, Қазақ радиосынын балаларға арналған хабарларынын эфирге шығуы 1933-жылдын көктемі деген мерзім дұрыс болуы керек. Бірақ бұған дейін балаларға арналған хабарлар берілмеген деп кесіп айту да қиын. Өйткені «Радиослушатель» журналынын 1929-жылғы 15-нөмірінде басылған Орынбор радиостанциясының бір күндік бағдарламасында: «жарты сағаттық балаларға арналған: «Насекомдар мен жануарлар өмірі» деген әңгімелесу, бір сағаттық «Радиопионер» газеті деп көрсетіледі. Ал осындай хабарлардың Қызыл-орда, Ақмола радиостанцияларынан да берілуі мүмкін. Өкінішке орай, микрофондык материалдардың сақталмауына байланысты оған нақты жауап беру қиыңдап тұр. Сондықтан біз «Қазак радиосының балаларға арналған хабары» деп тек республикалық радионы бөліп әдейі айтып отырмыз.
Жазушы-журналист Б.Қойшыбаев «Қазақстан пионері» газетінің елу жылдық төл мерекесіне орай «Біздің өмірбаян» атты жинақта «Қазақстан балалары» газетінің 1930-жылдан бастап шыға бастағанын айтады. Ал Қазақ радиосында қырық жылға жуык еңбек етіп, көп жылдар бойы жастар мен балалар редакциясының бас редакторы қызметін атқарған Нәзила Баймұратова: «Пионер серігі» радиогазетінің іргетасы қашан қаланғаңдығы туралы: «...қырық бірінші жылы осы радиоға келгенімде, онда балаларға арналған хабар тек кана сегіз минуттық, таңертенмен берілетінді. Оны «Пионер таңы» деп атайтынбыз - деп есіне алады.
Иә, онан бері талай жылдар өтті. Қазақ радиосының ол кездегі хабарлары мен қазіргісін салыстырып болмайды. Қазақ радиосының балалар редакциясының хабарлары олардың жас ерекшеліктері мен дүниетанымдарына қарай үш топқа бөлінді. Олар:
балдырғандар мен төменгі, орта және жоғарғы класс оқушыларына арналған хабарлар.
Ал «Қызықты кездесулер» мен «Қарлығаш» интернационалдық достық клубтары, «Бұл сендердің оқулықтарында жоқ» және «Шынар» әдеби радиожурналдары мен әр тоқсан сайын балаларға арналған жаңа туындылар қабылдап отыратын балалар радиотеатры мектеп оқушыларының барлық буындарын қамтиды.
Балалар мен жасөспірімдерге арналған хабарлардың қалыптасуына, дамуына осы редакцияның ардагерлері - Қазақ ССР-іне еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Рәуия Абдуллинаның, Нәзила Баймұратованын, Қасымхан Ерсариннің, ақын-жазушылар: Әзілхан Нұршайықов пен Кәбдікәрім Ыдырысовтың, Мұзафар Әлімбаевтың сіңірген еңбектері бар.
Мейлінше кең жариялылық, шындықты ешбір бүкпесіз жалпы жұртшылық назарына ұсынып, оны көпшілік талқысына салу арқылы қоғамдық пікір туғызу бүгінде радиохабарларына да тікелей қатысты басты талаптардын бірі болып отыр. Бұл - хабардың ықпалы мен тиімділігін арттырудың, оны, шын мәнінде, миллиондар аудиториясына айналдырудың бірден-бір жолы. Мысалы, Қазақ радиосының жастар хабарлары редакциясындағы жаңа ізденістер - тындаушылардың телефон арқылы берген сауалдарын магнитті таспаға жазып алып, соған жауап беру, тікелей эфирге жиі шығу осының айғағы.
Жасыратыны жоқ оқиға болған жерден тікелей эфирге сапалы хабар жасау екінің бірі атқаратын дағдыға айналды деу қиын. «Тікелей эфир» журналистен ой ұшқырлығы, қиял жүйріктігін, тапқырлықты, білімділікті талап етеді. Оқиға ортасында тұрған жүргізуші көз алдындағы көрініске лезде дәл баға беріп, оның дыбыстық көшірмесі — сөзбен салынған «сурет» күшімен тындаушыны сол құбылыстың ортасына алып бара білуі қажет. Жұрт оқиға ортасында жүргендей болып, оны қабылдағыштан тындап отырғандығын ұмытуы керек.
Біз мұны жай ақылгейлікпен айтып отырғанымыз жоқ. Бүкіл одактық радионың белгілі журналистері: Л.Мафачев, В.Синявский, Ю.Гальперин, С.Смирнов, К.Ретинский, Ю.Летунов, А.Ревенколар кезінде репортаждарын осындай биік деңгейде жүргізген. Тамаша репортер, талантты журналист Вадим Синявский күнде ертеңгісін балконға шығып, көшедегі көріністерге қарап тұрып, репортаж беруді әдетке айналдырған екен. Ол өзін қиын да қызықты мамандығына осылай дайындаған. Қазак эфирінде Совет Масғұтов, Марат Барманқұлов және Ғаділбек Шалахметовтер бұл дәстүрді тәуір жалғастырды. Қазір ол мектептің дарынды шәкірттері де жоқ емес.
Микрофон алдында ойды шашыратпай анық, әдемі жеткізу екінің бірінің қолынан келе бермейтіні анық. Ол жүргізушіден тапқырлықты, суырып салу мен шешендікті де қажет етеді. Әрі сөз күші мен дыбыс өнеріне де лайықты мән берілуі керек. Әр сөзге екпінді дұрыс түсірмей, үзіп-жұлып, қақалып-шашалып айтқан әңгіменің қуаты болмайды. Айтайын деген ойды, идеяны толық жеткізе алмайды. Немесе радиохабарының негізгі бейнелеуші құралы - нәрі де, сәні де – сөз. Дұрыс сөйлей білетін адам бүкіл информациянын 40%-ін тек интонация арқылы жеткізе алатындығын ескерсек, «Өнер атасы — сөз» деген халық даналығына жүгінсек, жақсы радиохабар жасау да — үлкен өнер.
Шыны керек, оқиғаның басықасынан бірден эфирге шығу жалпы Қазак радиосының барлық редакциялары үшін күнделікті іске айналды деу ертерек. Бірақ жетістіктер де жоқ емес. Біз тоқталғалы отырған жастар редакциясы жаңа талапты алдыңғылардың бірі болып іске асырып, дәстүрге айналдырды деуге болады. Эфирге тікелей шығуға қажетті облыстық, қалалық, аудандық нүктелер дайындалып, техникалық мүмкіндіктер жетілдірілуде.
Қазақ радиосының «Ұшқын» және «Молодость» бағдарламалары өз алдына радиостанция болып кайта құрылуы – оның аудиториясын одан әрі кеңейту мақсатындағы ізденістердің бірі. Жастар радиостанциялары енді аптасына 5 рет күндіз және кешкісін эфирге шығатын болды. Онда саяси жаңалық, интернационалистік-патриоттық, эстетикалық, еңбек және адамгершілік тәрбиеге бағытталған хабарлар сырласу, пікір алысу, сұхбаттасу, айтыс түрінде беріледі. Мысалы, «Ашығын айтайық», «Жас шаңырақ», «Қалай және қайда демаласыз?» деп аталатын айдарлар осындай мақсаттардан туып отыр. «Ұшқыннан» бағдарлама-диалог түрінде кенестік өмір салты, жастардын белсенді өмірлік бағдарламалары, Отан үшін көрсеткен қайсарлылары, ар мен ұждан т.б. жайында, еңбек және соғыс ардагерлері Р.Қошқарбаев, Л.Ілиясов, Ш.Серғазин сынды және басқа да республикаға белгілі адамдармен еркін әңгіме, қызықты кездесу өткізуі дәстүрге айналды. Алайда жұмысшы жастар мен студенттер арасындағы интернационалдық тәрбиенің неғұрлым нанымды да ықпалды жолдарын 7әлі де қарастыру керек екендігін өмір өзі дәлелдеп отыр. Әрі жастар тәрбиесіне байланысты маңызды мәселелер осы айтылған тақырыптармен шектелмесі анық.
Жастарға арналған алғашқы арнайы радиохабарлар туралы айтқанда, алдымен оның басықасында болып, эфирге әзірлеуге тікелей қатысқан, бүгінде құрметті демалыста жүрген радиожурналист, республикамыздың еңбек сіңірген мәдениет қызметкері — Нәзила Баймұратовадан естіген әңгімені тілге тиек етейік.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру