География | Атлант мұхиты

 География | Атлант мұхиты

І – тарау Атлант мұхитына физико – географиялық сипаттама
1.1 Атлант мұхиттың зерттелу тарихы
Атлант мұхитын адамдар ежелгі уақыттан игере бастаған. Мұхит пен оның теңіздерінің жағаларында әртүрлі дәуірлерде Ежелгі Грецияда, Карфагенде, Скандинавияда теңізде жүзу орталықтары пайда болған. Ұлы Географиялық ашулар дәуірінен бастап, Атлант мұхиты жердегі басты су жолына айналды.
Атлантиканың табиғатын комплексті зерттеу ХІХ ғасырдың аяғында ғана басталды. «Челленджер» кемесімен ағылшын экспедициясы мұхиттың тереңдігін өлшеді, су массасының қасиеті жөнінде, органиклық дүниесі туралы материал жинады. Оны зерттеуге орыс, одан кейін советтік мұхит зерттеу экспедициялары елеулі үлес қосты. Әсіресе, Халықаралық геофизика жылы кезеңінде
көптеген деректер алынды. Ол 1957 – 1958 жылдар болатын. Қазіргі кезде көптеген елдер ғалымының 40 кемеден тұратын экспедициялық эскадрасы су массасының қасиеттерін, мұхит
түбінің жер бедерін зерттеуді жалғастырып келеді. Мұхитты зерттеушілер мұхиттың атмосферасымен өзара әсерін бақылап білуде,
Гольфстрим мен басқа ағыстардың табиғатын зерттеуде. «Витязь» ғылыми - зерттеу кемесі бұл жұмысқа белсене қатысуда.
Атлант мұхитының зерттелу тарихы 3 кезеңге бөлінеді
Ежелгі дәуірден 18 ғасырдың ортасына дейінгі 1 – ші кезеңде, көптеген саяхатшылар теңізшілер мұхиттың шекарасын, мөлшерін, құрлықпен ара қатынасын анықтаумен айналысты. Соның ішінде, атап айтар болсақ финикиялықтар, карфагендіктер. 9 - 10 ғасырларда нормандықтар Исландия, Гренландия, Солтүстік Америка жағалауларына дейін жүзіп барған. Ал славян халықтары болса орта ғасырларда Балтық теңізі бойынша жүзіп өткен. 15 ғасырларда испандықтар мен португалдықтар Индия мен Қытайға саяхаттар жасай бастады. Солардың ішіндегі ең танымал саяхатшылар: Б.Диаш, Васко-да-Гама, Х.Колумб, Дж. Кабот, Ф.Магеллан, Дж. Дейвис, Г.Гудзон, Баффин т.б.
1520 жылы Ф. Магеллан бірінші рет дүние жүзін айналып өткен саяхатында Магеллан бүғазы арқылы Атлант мұхитынан Тынық мұхитына өткен болатын.
2 – ші кезеңде (1749-1872), мұхит суының температурасы, ағыстар, тереңдіктер, т.б. мұхит өлшемдері анықталды. Бұл тұрғыдан
елеулі еңбек еткен ғалымдар Г.Эллис, Дж.Кук, О.Соссюр, И.Ф.Крузенштерн, Э.Ленц т.б.
3 – ші кезеңде 1872 жылдан бастап қазіргі кезге дейін арнайы жабдықталған кемелермен кешенді мұхиттық зерттеулер жүргізілді.
«Челленджер», 1872-1876; «Витязь», 1986-1989; «Метеор», 1925-1938; «Дискавери – 11», 1931 жылдан қазірге дейін; «Атлантис» 1933 жылдан
қазірге дейін; Халықаралық геофизикалық экспедициялар, 1957-1958; «Калипсо», 1952 жылдан қазірге дейін.
1960 жылдардан бастап Халықаралық геофизикалық ұйымдар мен мемлекеттер арасында байланыстар оң жолға қойылды. Бұл халықаралық байланыстар дүниежүзілік мұхитты зерттеуге зор мүмкіндік туғызды.
Атлант мұхитында жүргізілген ең соңғы ірі экспедиция 1963 - 1964 жылдары болды. Бұл зерттеу мұхиттың экваторлық және тропикалық зоналарын зерттеуге бағытталып, оған « Эквалант » кемесінде КСРО, АҚШ, Бразилия т.б. мемлекеттердің ғалымдарының бірлесіп ат салысты.
Қазіргі кезде Атлант мұхитын зерттеу жұмыстарында Мемлекетаралық бағдарламалар бойынша Англия, Франция, Нидерланды, АҚШ, Бразилия, Аргентина және т.б мемлекеттерінің ғалымдары жұмыс істеуде.
1.2 Рельеф және геологиялық құрылымы
Литосфералық плиталар теориясына сәйкес Атлант мұхиты әлі жас. Мұхиттың орташа тереңдігі Тынық және Үнді мұхиттарына қарағанда таяз; ең терең жері 8742 м-ге жетеді.(Пуэрто – Рико шұңғымасы). Атлант мұхиты Шығысында Еуропа мен Африканың, батысында Солтүстік және Оңтүстік Американың, оңтүстігінде Антарктиданың аралығында орналасқан. Солтүстігінде Дейвис, Дат бұғаздарымен және Солтүстік Мұзды мұхитпен, оңтүстік шығысында Африка мен Антарктида аралығындағы Үнді мұхитымен, оңтүстік батысында Дрейк бұғазы арқылы Тынық мұхитпен жалғасады.
Рельеф және геологиялық құрылымын сипаттағанда Атлант мұхитының жер бедерінің басты ерекшелігі Орта Атлантика жотасы болып табылады. Ол меридиан бойынша орналасқан және Аилант мұхатын екі бөлікке, яғни шығыс және батыс бөліктерге бөледі. Бұдан шығыс және батысқа қарай суасты үстірттері : Бермуд, Риу-Гранди және көтеріңкі аймақтар Роколли және Сьерра – Леоне орналасқан. Су түбіндегі тау жүйелері Атлант мұхитын үлкен қазаншұңқырларға бөледі : Лабрадор, Солтүстік Америка, Гвиана, Бразильдік, Аргентиндік – батысында, Батыс Европалық, Солтүстік Африкалық, Гвинея, Ангола, Кап, Агульяс – шығысында, Африка – Антарктикалық – оңтүстігінде орналасқан. Қазаншұңқырлардың тереңдігі


3000м - ден 7200 – 7300 м-ге дейін барады. Қазаншұңқырлардың көп бөлігі тегіс абиссальді жазық түрінде болып келеді.
Атлант мұхитының қазаншұңқырлары
Қазаншұңқыр атауы Максималды тереңдігі,м
Лабрадор 4180
Ньюфаундленд 4685
Солтүстік−Америка 6594
Гвиан 4830
Бразилия 6059
Аргентиндік 6212
Батыс Европа 5668
Иберий 5100
Канар 6501
Жасыл Мүйіс 7297
Сьерра − Леоне 6040
Гвиней 5215
Ангола 5699
Кап 5457

Тек кей жерлерінде ғана тау жүйелері бар. Бұл таулардың шыңдары кей жерлерде жанартау тектес аралдар түрінде су бетіне
шығып тұрады. Мысалы : Бермуд, Азор, Канар, Жасыл Мүйіс, Фернанду – ди – Наронья, Гоф т.б. рі суасты таулары : Алтаир, Анти-Алтаир, Милн, Келвин, Сан – Пабло, Рехобос, Ронкевей, Якутат, Атлантис, Плато Дейвис, Колумбия, Дисковери, Шмитт – Отт, Метеор, Альфред, Мерс.
Орталық Атлант жотасы Исландия жағалауларынан Рейкьянес жотасы деген атпен басталады. Ол Атлант мұхитының осімен мыңдаған километрге дейін барады. 52 - 53° ендіктерде бұл жотаны Гиббс және Рейкьянес жоталары кесіп өтеді. Осы жерден

Солтүстік Атлантика жотасы басталады. Ол айқын көрінетін маржанды зона мен маржанды үстіртпен және де көптеген көлденең қатпарларымен ерекшеленеді. Орталық Атлант жотасының 40° ендігінде негізгі элементі Азор жанартаулық үстірті болып табылады. Азор жанартаулық үстірті су беті аралдарымен және суасты жанартауларымен көзге көрінеді.
Азор үстіртінің оңтүстігіне қарай жүргізілген бұрғылау жұмыстарының нәтижесінде маржанды белдемнің әктасты қабатының астында 300 м тереңдікте базальтты қабат бар екені анықталды. Сонымен қатар суастына жіберілген аппараттардың көмегімен келесі фактілер айқындалды : мұнда әлі де қарқынды жанартаулық әрекеттер және гидротермальді әрекеттер жүрудe.
Шельфтің едәуір бөлігі солтүстік жарты шар бөлігінде және Европа мен Солтүстік Америка жағалауларына таяу орналасқан. Жоғарғы ендіктерде жер бедерінің реликтілі мұздық формалары көп таралған. Мұның себебіне келетін болсақ шельфтің көп бөлігі төрттік дәуір кезеңіндегі мұз басу процесіне ұшыраған. Реликтілі жер бедерінің басты элементі – ескі өзен аңғарлары Атлант мұхитының барлық аумақтарында кездеседі.
Атлант мұхитына қыртыстың жер типтес түрі, сонымен қатар материктік платформа тән. Материктік жер қыртысы тек Бискай шығанағы мен Мексикан шығанағына дейін ғана жалғасқан, ал

қалған жерлері белгісіз. Қазаншұңқырлардың түбіне қыртыстың мұхиттық типі тән. Ол шөгінді, вулканогенді және магмалық,
габбро базальт тау жыныстарының қабаттарынан құралады. Одан төмен мантияның жоғарғы бөлігімен жалғасады.
Атлант мұхитының геологиялық құрылымы басқа мұхиттарға қарағанда жақсы зерттелінген. Мұның бәрі көптеген скважиналарды бұрғылау нәтижесінде белгілі болды. Мысал ретінде Мексика шығанағы мен Солтүстік теңізінде мұнай мен газдың көп барлануын айтуымызға ......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру