Экономика | Аралас экономика мазмұны және негізгі белгілері

 Экономика | Аралас экономика мазмұны және негізгі белгілері

Мазмұны
Кіріспе…..............................................................................................3

І. Аралас экономика: мазмұны және негізгі белгілері………………………4
1.1. Аралас экономиканың атқаратын қызметі …………………………………5
1.2.Аралас экономиканың қалыптасуы - әлеуметтік бағыттағы қоғамның экономикалық негізі...........................................................................................................................10

ІІ. Қазақстан экономикасын басқару.........................................................................15

2.1.Дамыған нарықтық экономикаға негізделген мемлекеттің араласуы........16
2.2. Қазіргі заманғы экономикалық жүйелер.....................................................24

ІІІ. Қортынды..........................................................................................................26
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................................27


І.Аралас экономика: мазмұны және негізгі белгілері
Ірі өнеркәсіпті бір сатысынан басқасына ауыстырған өндіргіш күштердің өсуі адамзат қоғамының әлеуметтік – экономикалық дамуының қатпарларында да терең өзгерістер туғызады.
Екінші жағынан, болып жатқан өзгерістерді айтқанда қоғамдық өндіріс түріндегі өзгерістерді көшіруге болмайды. Олар жай ғана модификация емес, басқа мазмұнға, жағдайға өту. Бұл өзгерістер машиналарды енгізу, ірі өнеркәсіптің нәтижесі, содан кейін қоғамдық өндірістің индустриялануы капитализм шеңберінде ұжымдық өндірістің өмірге объективті келуін қамтамасыз етті.
Аралас экономика шаруашылықты жүргізудің бір нақты жүйесі емес, жаңа экономикалық жүйе қалыптасатын кезең. Осылай болғандықтан ол жүйе ретінде, бір бағытта сипатталуы мүмкін емес, өйткені жүйеде экономикалық заңдар иерархиясы үстемдік етеді, олар бір – біріне бағынышты болады. Мұнда экономикалық құбылыстардың біреулері өмірге келіп, басқалар, ауысып отырады. Бұл процестер сырт қарағанда мемлекеттің жеке кәсіпкерлер шаруашылығына араласуы болып, экономикалық шындықты көрсетеді. Бұл табиғи нәрсе, себебі жаңа өндіргіш күштер бұрынғы кәсіпкерлік құрылымдарға бейімдеғлмеген. Сондықтан соңғылары жаңа өндіргіш күштер әкелген жаңалықтарға қарсылық білдіреді. Мұндай жай АҚШ – та 30-шы жылдарда болды.э.Вейке,Т.Гардлер, г.Форд, және басқалары мемлекеттің араласуларына қарсылықты басқарды. Тап осының, бірақ керісінше позицияда бұрынғы КСРО-да болғанын атап өту керек. Онда саяси, өнеркәсіп, аграрлық және әскери топтар 1991 жылғы жеке кәсіпкерлікті енгізуге қарсы болды.
Жаңалық енгізуге қарсы американдық және кеңестік топтар шаруашылық жүргізудің бұрынғы жүйелерін жақтады. Экономикалық заңдардың әрекеті нақты өмірге жаңа лектің қажеттігін көрсетті. Одақтық якачипестер экономикаға жаңалық енгізуге қарсы болып орталықтандыруды жақтады, оның негізіне экономиканың салалық құрылымы жатты. Соңғылары қазіргі елдердің экономикасында болғанымен шаруашылық құрылымының негізі бола алмайды, өйткені экономика тауарлы өндіріс заңдары бойынша қызмет етеғді.
Тауарлы шаруашылық тауар өндірушілердің оқшаулауына сүйенетін өзіне қажетті салалық кәсіпорындарды таңдап алады және бірыңғай шаруашылық бірлемтігін жасайды.
Кеңес экономикасы шаруашылықтың салалық принципіне сүйеніп, тауарлы қатынастарды бағаламады, нәтижесінде мүгедек, «жоспарлы» гипертрофирленген, шаруашылықты аламыз.
Мемлекеттің жеке кәсіпкерлікке араласуын, нарықтың экономиканы көрсетіп экономикалық теориялар шаруашылық өмірге бір табан жақын тұр, бірақ олар қазіргі экономика қозғалысының себебін терең көрсете алмады. КСРО – да және басқа да социалистік елдерде қолданған жоспарлы шаруашылықтың тәжірибесі машиналы өндірістің тек техникалық жағына мән берді – құралдармен күшті сәйкестендірді, ал түпкі нәтижені назардан тыс қалдырды. Олар ақша арқылы бақылауда уақыт факторын есепке алды. Бұларды ескермеу шаруашылық қызметте экономикалық дамудың табиғи жолын жоққа шығаруға әкеледі.

1.1. Аралас экономиканың атқаратын қызметі
ХХ ғасырдың барысындағы аралас экономика түсінігі туралы көзқарастар, конвергенция теориясы эволюциясынан басқалары сапалық өзгеріске ұшырамады. 80 – жылдарда негізінен аралас экономиканы «мемлекет пен жеке сектордың есепке негізделген некеге отырулары» деп анықтады. Мұндай көзқарастар Ф.Марш, Э.Шонфилд, Э.Рол, М.Пестон, М.Фламан және басқа қазіргі батыс экономисттеріне тән.
Бұлардың ой-пікірлірінде аралас экономиканың өмір сүру кезеңдері туралы алшақтық бар. Айтлық Э.Шонфилдтің айтуынша, аралас экономика үстіміздегі ғасырдың 30-шы жылдарында пайда болса, Э.Ролдың айтуынша, Ұлыбританияда 200 жылдай өмір сүрген. Мұндай алшақтықтың себебі аралас экономиканың анықтамасын, оның мәнін терең аша алмайды.
Бұрынғы КСРО-ның кәзігі экономисттердің теориялық еңбектерінде “бұл проблеманы түсінуде үш негіз бағыт анықталды. Біразы аралас экономиканы көп укладтықпен
теңестіреді. Екіншілері аралас қоғамда.”Фармацияға жатпайтын қоғамның типі” деп қарайды. Ең соңында үшіншілері бұл қағамның сипатын өтпелі типке жатқызады”.Көзқарастардың әртүрлілігі аралас экономика анықтамасының анық еместігінде жатыр. Атаған үш бағыттың мәндік салмағы өткелі кезеңге ауысқан және ол “аралас” сөзінен де туындайды. Нәтижесінде осы ұғымның сәндік мазмұнын анықтауға бір нәрсе басқамен араласуы тиіс және ол процесс белгілі бір уақытта деген.
Тауарлы өндіріс аралас экономика, өйткені мұнда ұжымдық өндіріс қалыыпталады, біреуінің заңдылықтары басқасына айналады. Аралас эклнлмиканың тауарлы өндіріс болуы – ұжымдық өндіріс қатынастарынан ұрықтынуынан соңғысының даму деңгейі аралас экономиканың қалыптасу кезеңдерін білдіреді. Аралас эконамиканың қызыметінің ерекшелігі, тауарлы өндіріс заңдылықтарына негізделген ұжымдық өндірістің заңдылықтарының әрекеті сипатымен байланысты. Экономикалық қатынастар дамуының табиғи тарихи процесі меншіктің түрлі формаларының басын қосады. Шарушылықты жүргізудің бір тәсілі табиғи жолмен басқасына ауысып отырады.
Аралас экономиканы түрлі өндіріс әдістер арасындағы кедергі, ол мемлекеттің жеке кәсіпкерлер ісіне араласуынан болады деп қарамау керек. Аралас экоеомиканы көп укладтылықпен теңестіруде де қате көзқарас. Әртүрлі укладтар түрлі дамыған өндіріс әдістерәнде болды. Айталық, дамыған капитализімде феодалдық жер пайдалану, ұсақ тауарлық шаруашылықтың қалдықтары болды, бірақ осының себебінен капиталистік өндірістік қатынастардың негізіне аралас экономиканы кіргізу тауарлы өндірістің капитализімді туғызғанымен бірдей, керісінше емес.
Аралас экономиканы формациялық емес деп қарау да күмәнді. Мұндай көзқарас азиаттық өндіріспен ұштасады, оған маркістік – лениндік формация жүйесінде орын берілмеген белгілі. Шын мәніде бұл көзқарас қоғамдық қатынастарына сырт қараушылықтан шығады. Бұл құбылыс капитплизімде емес, социолизімде емес, соңғысына капиталистік өндіріс қатынастары енбейді, онда ол- информациялық құбылыс емес. Мұндай көзқарас қоғамдық даму барысындағы процестерді көрсете алмайды.
Қазіргі қоғам дамуының объективтік процестерін талдау мынаны білдіреді. Қазіргі экономикалық құрылыс – аралас экономиканы сипаттайды, ол бұрынғының қойнауындатуған қоғамдық шаруашылықты жүргізудің жаңа түрі. Бек сыртқы көрініс түрі тауарлы ұжымдық қатынастардың бар екенін көрсетті, сөйтіп экономист – ғылымдарды аралас эеономика туралы айтуға мәжбүр етті, содан кейін теория жасауға кірісті. Қоғамдық шаруашылықты жүргізудің екі түрі аралас экономиканың тарихи алғы шарттары еді. Сондықтан аралас экономика шын өмірдегі қатынастардың бергі жағын емес, ең тереңдегі шын нақты қатынастарды айқындайды.
Аралас экономика өзінің бойына мемлекет пен кәсіпкерлердің арасындағы қатынастарды емес, экономикалық укладтар арасындағы қатынастарды емес, тіпті формациялар мен өндіріс әдістері арасындағы қатынастарды емес, ол бір қоғамдық өндіріс түрінің екіншісімен ауысу қатынастарын жинақтайды. Осының салдарынан проблеманы түсінуден түрлі көзқарастар, әртүрлі концепциялар болады. Олар аралас экономиканың түрлі жақтарын және оның мәндік бейнелерін көрсетеді. Осылай бұл көзқарастардың алдамшы дұрыстығы жасалды. Сондықтан әрбір экономикалық құбылысты қарағанда, соның ішінде аралас экономиканыда, олардың қорыту деңгейінен және модификациялау заңдылықтарын дәл айыра білу керек.
Онсыз шын танып білу болмайды, ал шаруашылық процестерін жетілдіру ұсыныстары таяз, біржақты сипат алады.
«Аралас экономиканың» қоғамның өтпелі типі, «мұнда жаңа метацивилизация мен жаңа өндіріс әдісі қатар жүруі» деген түсіндірулер мына сұраққа жауап бермейді: бұндай өтуге не итермелейд? Қарап отырған көзқараста механикалық элемент басым.
Ол мынандай тәсілдермен дәлелденеді: болашақ қоғамдық құрылыстың моделі,» жаңа элементтер шыңдалады».
Аралас қоғамда ешкімді, ештеңені, ешқандай қыстау, қинау, шыңдау жоқ. Мұнда эволюция табиғи жолмен біреулердің жаңадан, бұрынғылардан, қоғамдық өндіріс элементтерінің ескертуімен пайда болып, жүріп отырады. Оның өтпелілігі мұндағы жаңа өндіріс әдісінің пісіп- жетілуінде, бірақ бұл бір өндіріс әдісінің екіншісіне өту кезеңі емес. Мұндағы процестер өте күрделі, өйткені жаңа заңдылықтарды қалыптастыру бұрынғылардың модификациялануы мен жаңаруы, мәндік қатынастардың өзгерген түрлері туралы сөз болып отыр. Бұлар жөнінде өтпелі кезеңде айтуға болмайды, өйткені ол бұрынғы түрдегі процестерді өзіне қабылдамайды және адекватты материалдық- техникалық база жасалған кезеңге дейінгіні қамтымайды.
Шаруашылықты жүргізудің жаңа түрінің қалыптасуын айтқанда мынаны атап өту керек, мұнда жаңаның бәрі емес, жаңаның жоғарғы дәрежені, ол қоғамдық өндіріс түрінің біреуін басқамен, өмірге келе жатқанымен жоққа шығаруы тауарлы өндірістің қатысуында. Өндірістің жаңа ұжымдық түрінің келу процесі аралас экономика. Аралас экономиканың өтпелі экономикадан айырмашылығы мынада: соңғысы формациялық даму деңгейі және қайта өзгерісті ұйымдастыруды көрсетеді.
Түрлі елдердің қазіргі экономикасын аралас экономика деп сипаттауға болады, бірақ АҚШ-тың немесе ФРГ-нің экономикасын өтпелі деп айтуға болмайды, АҚШ-тың, ФРГ-ның экономикасы өз басында тауарлы және ұжымдық қатынастардың заңдылықтарын ұстайды, бірақ туып келе жатқан қоғамдық- экономикалық құрылыстың экономикалық укладтары жоқ. Сондықтан біз АҚШ- тың немесе ФРГ-нің қазіргі экономикасын өтпелі экономика деп атаймыз. Жаңа экономикалық жүйенің алғы шарттары және жаңа жүйе бір-бірінен өз бетінше дамитын ерекше сияқты.
Аралас экономика шаруашылықты жүргізу жүйесі ретінде пайда болып, тек қана ұжымдық өндірісті дамытып қоймайды, ең алдымен тауарлы қатынастар жүйесін тереңдетуді. Бұл шеңбердің ұлғаюы-тауарлы қатынастардың жер шарындағы көптеген елдерді қамтуынан анық білінеді. Олар тауарлы өндіріс заңдылықтарының дамуынан, оның заңдары әрекетінің күрделенуінен, элементтерінің жаңа түрлерінен көрінеді және олар ұжымдық өндірістің тең заңдылықтары болып табылады.
Аралас экономиканы бұл өндіріс әдісінен екіншісіне ауысу ретінде қарау, бұлардың ұзақ өмір сүруінің құпиясы неде деген сұрақ туғызады, және бұл сұраққа жауап іздеу жалпы экономикалық негізге әкеледі. Жалпы экономикалық негіз абстракты ұғымдар мен жалпы адамзаттық тәжірбие ретінде барлық өндіріс тәсілдерән, түрлі экономикалық әдістерге тән және бұл қырынан олар аралас экономикалық белгілірін, ерекшеліктерін білдіре алмайды.
Зерделеп отырған құбылыстың белгілірін атау қиын емес, өйткені олрды бұрынғы ғылым – экономистер өз түсінігімен анықтады. Ғылыми әдебиетте олар монопалистік капитализімнің немесе индустриялдық қоғамның, болмаса басқа бір концепцияның белгілісипаттары ретінде көрінеді. Осы алғы шарттар аралас экономика ұғымын анықтайды және мынадай белгілерін атап өтуге болады.
Алдымен аралас экономика қоғамдық өндірістегі тауарлы және ұжымдық өндірістің барлығын, оларға тән заңдар, заңдылықтармен қатынастарды сипаттайды.
Аралас экономика нақтылы экономикалық шындықтың әрекетін білдіреді. Олар туралы Дж. Гэлеройт «Нарықтық қатынастар кейбір жоспарлау жолымен модификацияланып отыруы тиіс модификацияланып отыруы тиіс», деп жазды. Проблеманың осы жағына назар аударуды Ч. Макмиллан жақтап Линбломның мына сөздерін келтіреді: « Дәстүрлі экономикалық теорияның ең үлкен қателіктерінің бірі-
бизнесмендерді қозғаушыкүш қызмет көрсетумен тауарларды сату, ал нарықтық экономикада өндірісті дамытудағы бірден –бір мүдде – сатып алу мен сату қатынастары. Мұндай күмәнді ірге тасты өндіріс жүйесі қызмет істей алмайды. Оның дамуы үшін мемлекеттік реттеуді енгізу керек». Жоспарлылық пен құнның модификацияланған түрлері әлі де болса ұжымдық өндірістің экономикасында классикалық тауар өндірісінің жоқтығын білдіреді.
Құбылыстың бетінде аралас экономиканың алғашқы көрінісі – экономикаға мемлекеттің араласуы. Араласу алдымен мемлекеттің экономикалық қызметінің күшеюінен көрінеді,бұған сұранысты ынталандыру, салықты реттеу арқылыиныстицияны ынталандыру, амартизацияны жылдамдату және т.б. шаралар кіреді. Аралас экономикаға тән белінің бірі - мемлекетпен бизнестің өзара байланысы. Бірақ мұнда басқа да көптеген аралық буындар мен элементтер бар, ол әртүрлі өнеркәсіп, сауда, саяси топтардың мүддесін білдіріп, өзара байланыстың түрлері мен саяси лоббизм жолымен қоғамдық өндірісті реттеуге қатысады.
Аралас экономиканың басты белгісі – мемлекеттік меншік. Айталық, жеке сектордың бәрі келе бермейді, бұл әсіресе теміржол транспортында, атом энергетикасында, космостық техникада ерекше білінеді.
Қазіргі өндірістің бұл салалары тек үлкен көлемде ақша қаржыларын талап етіп қоймай, сонымен қатар қоғамның барлық күш – жігерін қажет етеді. Олар өз кезегінде шаруашылықтың басқа салаларына айтарлықтай тікелей ықпалжасайды.
Мемлекеттік меншіктің пайда болуы – тауар қатынастарында жаңа лептің, ұжымдық өндірістің үстемділігін сипаттайды. Аралас экономикаға меншіктің көптүрлілігі тән, мұнда жеке – дара және ұжымдық меншіктің түрі олардың негізі болып, басқа түрлерініңпайда болуына әсер етеді.
Аралас экономиканың маңызды бір белгісі құндық және жоспарлылық тұтқалар арқылы реттеу. Оларды қолдану басқарудың мемлекеттік және де басқа органдарында жүреді, кеңестік және консультация немесе зерттеу сипатында болады. Өнеркәсіп органдарын сәйкестендіретін мемлекеттік жоспарлау принципі негізінде тұрақтандыру саясатына, салық, ақша және сауда құралдары экономикалық белсенділікті реттеу үшін қолданылады.
Жапония аталған шараларын басқаларын да жүргізеді. Олар»бүкіл экономика үшін ұзақ мерзімдегі индустриалдық құрылымын жан – жақты жасап, бұл құрылымдар әлем экономикасында әрекет ететін нарықтық күштермен анықталады». Жапонияның, мысалы, индустриялық дамуы, жоғарғы және пост – индустриялдық жағдайына көшуі анығырақ болған сайын экономикада жоспарлылықта жоғары болады. Әртүрлі мемлекеттік құрылымдарда олар түрлі көріністер табады.
Аралас экономиканың мәнді бір сипаты микро – макро деңгейдегі экономикалық процестерді ұйымдастырудың рольінің артуы. Ұйымдастыру қатынастары ролінің артуы тек қана техникалық себептерден емес, алдымен экономикалық процестердің салдарынан болады.
«Басқару жағынан алғанда. – деп жазды Евенко.Л.И. мен Аверчев.В.П. – ең бастысы республикалық әкімшілік бағдарламасында мемлекеттік монополистік капитализмнің қызмет ету механизімін түбірінен қайта құру, әміршілікті әлсірету және қазіргі американдық экономикаға тән нарықтық тетіктерді күшейту». Атап көрсетілген момент макродеңгейіндегі аралас экономиканың бірыңғай реттеу механизіміндегі біріктірілген бастамасын білдіреді.
Аралас экономиканың белгілерінің тағы бір жағы – жекешеленген кәсіпорындардың трест, концернге дивенцификацияланған фирмаларға ауысуы. Олар микродеңгейдегі ұйымдастыру мен басқарудың қызметін түбірінен өзгертеді. Ірі кәсіпорындардың көлемі, олардың өндірістік тұтынуы, транспорттық және ақпарат мүмкіндіктеріне қарап өнім шығаруы - бәрі баға белгілеуге, сұранысты, ұсынысты бақылауға, нарықтық берекетсіздігін жоюға жағдай жасайды, еркін бәсеке дәуіріне тән қиындықтарды жеңуге көмектеседі.
Аралас экономикада нарықты бағалау болады, ол үшін жарнама, маркетингтің, жоспарлаудың және т.б. ірі орта және ұсақ фермалардың тиімді қызмет етуіне ұйымдастырушылық шараларды енгізуі қажет. Осыған қарамастан өндірілген өнім көлемін жоспар емес, нарықтық сұраныс анықтайды.
Экономикалық орталықтың мемлекет, концерн қызметі өскенге қарамастан тек нарыққана нені, қанша, қайда және қалай өсіру керектігін көрсетеді және бұл өнеркәсіпорындарына жеке қызмет көрсетуге де қатысады.
Аралас экономиканы қазіргі қоғамның индустриалдық жүйе сипаттайды, оған белгілі заңдылықтар тауарлы және ұжымдық өндірістің заңдарына бағынады. Көрсетілген түрлер қазіргі қоғамға меншіктің ұжымдық жеке – дара түрлеріне тән ерекшеліктерді мемлекеттік меншікпен қатар енді. Мұндай ерекшеліктер өндірістік сауда және басқа кәсіпорындардың қызметтеріне әсер етеді. Бұларды ескермеу кеңестік шаруашылық жүйесін күйзеліске әкеледі.
Аталған заңдылықтарды елемеудің жалғасуы, әсіресе, кәсіпорын деңгейінде, катаклизмге соқтырады.

1.2.Аралас экономиканың қалыптасуы - әлеуметтік бағыттағы қоғамның экономикалық негізі
Аралас экономиканың қалыптасу тегін алатын шын мәніндегі алғы шарттар. Қазіргі өндірістің шындығы мынада: қоғамдық өнім бірлескен еңбектің нәтижесі деп айтуға болады. Алайда, экономикалық әдебиеттерде өзге пікірлер бар. Осылардың ішінде тікелей қоғамдық .....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру