Экономика | АКТИВТЕР МІНДЕТТЕМЕЛЕР ЖӘНЕ МЕНШІКТІ КАПИТАЛ

 Экономика | АКТИВТЕР МІНДЕТТЕМЕЛЕР ЖӘНЕ МЕНШІКТІ КАПИТАЛ

Мазмұны

КІРІСПЕ

I ТАРАУ.
1.1.Ақшалай баламалардың есебі. Банктік овердрафт, овернайд.
1.2. Шетелдік валютамен жасалатын операциялар.
1.3. Бағамдық айырма түсінігі және оны есепте көрсету.
II ТАРАУ.
2.1.Жарғылық капиталдағы салым ақша есебі.
2.2. Қайтарылып алынған капитал есебі.
2.3. Басқарушылық есеп туралы жалпы ұғым.

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Ақшалай баламалардың есебі. Банктік овердрафт, овернайд.
Ақшалай қаражатты басқару қаржы рыноктарының үлкен қиыншылықтарына байланысты күннен күнге маңызды болып келе жатыр. Бәсекеге қабілеттілік шаруашылық жүргізуші субъект жаңа енгізулер мен одан әрі даму үшін қаражат барлық жағдайда болуды талан етеді. Ақшалай қаражатты және оның баламаларын дұрыс ашып көрсету мен сыныптау компанияның өтемпаздығын дәл бағалау үшін қажет.
Ақшалай қаражатқа міндеттемені жедел төлеу үшін қолдануға болатын қаржы ғана кіреді. Оларға қаржылық мекемелердегі ағымдағы шоттағы қалдықтар, қолма-қол қаражат, монеталар, валюта мен субъект кассасына нақты берілетін ақшалай құжаттар (жай чектер, кассалық ордерлер, клиенттердің чектері, ақшалай аударымдар және басқа есеп айырысу құралдары жатады.
«Ақшалай қаражат қозғалысы туралы есептер» 7 қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары ақшалай қаражаттың баламалары деп қысқа мерзімдік, ақшалай қаражаттың белгілі бір сомасына айналатын және құндылықтар өзгеруін аздаған тәуекеліне салатын жоғарғы өтемді салымдарды белгілеген. Олар инвестиция немесе басқа мақсаттар үшін емес, қысқа мерзімдік міндеттемелерді қанағаттандыруға арналған. Инвестиция ақшалай қаражаттың баламасы деп санатталса, ол ақшалай қаражаттың белгілі сомасына тез айналуы тиіс және құн өзгеру тәуекеліне аздап ұшырайды, яғни өтеуге деген қысқа мерзімі бар (үш ай немесе алынған кезден бастағанда кем).
Ақшалай баламалар - ақшалай қаражатқа ұқсас, бірақ басқаша сыныпталады. Оларға қазыналық векселъдер, коммерциялық қағаздар және депозиттік сертификаттар жатады.
Қазыналық вексельдер үкіметтің айналымға шыққан кезінен бастағанда кемінде бір жылдан соң өтелетін мерзімі бар процентсіз міндеттемелері. Олар жеңілдікпен сатылады және мерзімінде өтеледі. Өтеу құны мен шығарылатын құны арасындағы айырмашылық сатып алушының проценттік табысы болып саналады.
Коммерциялық қағаздар (қысқа мерзімдік вексельдер) - қысқа мерзімдік ақшалай қажеттіліктерді қаржыландыру құралы ретінде корпорациялар шығарады.
Депозиттік сертификаттар немесе банктік депозиттер - тез талап етуге болмайтын депозиттер, дегенмен олар өтемеді және алу жолымен санкцияға ұшырайды.
Кідірістер немесе айып санкциялары ақшалай баламалардың ақшалай қаражатқа айырбастауына әсер етуі мүмкін. Сондықтан баламалар ақшалай қаражат есептерінен шығарылады. Олар әдетте қысқа мерзімді инвестициялар шотына жатқызылады.
Ақшалай қаражат ағыны - ақшалай қаражат пен олардың баламалары ағынының келуі мен кетуі.
Қосымша ақшалай қаражат тарту үшін кәсіпорын қарыздарға (овердрафтқа) сүйенеді. Кейбір елдерде олар кәсіпорынның ақшалай қаражатын басқарудың ажырағысыз бөлігін құрайды. Мұндай жағдайларда олар ақшалай қаражатпен оның баламаларының эалы ретінде кіреді. «Ақшалай қаражат қозғалыеы туралы есеп» 7 қаржьшық есеп берудің халықаралық стандартгарының айқындауына сәйкес банк овердрафты - төлем Йкаруға пайда болған, оң (дебеттік) салъдодан асатын және қысқа мерзімдік міндетгеме ретінде есептелетін клиенттің банктік шотындағы теріс (кредиттіқ) қалдық.
Овердрафт егер банк төлеген сома клиент шотындағы қалдықтан асқан жағдайда орын алады. Алайда, егер салымшы шот овердрафтын жасаса, бірақ сонымен бірге сол банктегі басқа шоттарда оң қалдығы болса, онда дебеттік және кредиттік қалдықтарды қоса есептеген жөн. Мұндай жағдайда банк дебитор және кредитор ролін атқарады. Әр түрлі қаржылық мекемелердеғі шоттар өзара есепке қосылмайды.
Банктік овернайд - субъектіні бір түнге (бір күнге) қысқа мерзімдік кредиттеу.

1.2. Шетелдік валютамен жасалатын операциялар.
Шетелдік валютамен жасалатын операция есебі Қазақстан Республикасы территориясында операция жасалған кездегі нарық белгілеген бағамды қолданып, қазақстандық теңгемен есептелуге тиісті ақшалай қаражатқа байланысты туындайтын қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының 24.12.2001 ж. № 278-11 «Салықтар және бюджетке міндетті басқа төлемдер туралы» кодексті (Салық кодексін) қабылдауға байланысты «ҚР-ның кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен, Қазақстан Республиқасы Азаматтық Кодексінің 282 бабымен, Қазақстан Республикасының 2002 ж. 24 маусымдағы № 329-П «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің 2002 ж. 6 маусымдагы № ДМ-1-2-18/5689 «БВБ-да қолданылатын тенге бағамына қатысты» Хатымен реттеледі.
Осы құжаттарға сай ішкі қарыз сомасын немесе төлемді шетел валютасының сәйкес баламасымен көрсетуге тыйым салынған, өйткені ұлттық валюта бағамы тұрақтанды, ал инфляция болжанатын болды және онша көп емес (жылына 12-18%), сондай-ақ ұлттық валютаны нығайту мақсаты бар. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 127 б. 1-тармағына сәйкес Республиқадағы ақшалай бірлік болып тек қана тенге саналады, ал барлық міндеттемелер, есептеулер, төлемдер қандай да болсын, шетелдік валютаға әбден берілмей, ҚР-ның ұлттық валютасымен көрсетіледі жэне жүргізіледі. Тек қана ұзақ мерзімдік міндеттемеде ғана тараптармен келісілген (ҚР АК 282 б. 3 т) шарттарда төлемді яндекстеу қарастырылуы мүмкін.
Сонымен қатар ҚР-нын «Валюталық реттеу туралы» Заңының 7 б. 5-тарауында жалғыз-ақ, егер резидент пен бейрезидент мәміленің тораптары болса, операциялар бойынша шетелдік валютамен төлем жүргізуге болады.
1.3. Бағамдық айырма түсінігі және оны есепте көрсету.
Валюталық бағамның ауытқуы бағамдық айырма сомасы пайда болуына себепші. Бағамдық айырмалар - валюталық активтер мен пассивтерді бухгалтерлік есепте оларды тіркеу кезіндегі бағам бойынша және есеп айырысулар жүзінде атқарылған уақыттағы бағалаулар арасындағы сомалық айырмалар.
«Шетелдік валютамен жасалған операциялар есебі» №9 бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес шетелдік валютамен жасалган операциялар болып, субъект шетелдік валютаға мүлік сатып алатын немесе сататын шетелдік валютамен кредиттер алатын не болмаса беретін, шетелдік валютаға активтерді ауыстырып, активтерде сататын мәмілелер табылады. Валютамен операцнялар бойынша бухгалтерлік есептегі жазбалар атқарылған операциялар кезіндегі нарықтық бағам бойынша саналған, Қазақстан Республикасының валютасымен шоттарда көрсетуі тиіс.
ҚР валютасына қатысты шетел валютасының бағамы - ол басқа ұлттық немесе халықаралық валюта бағасын теңгемен көрсету болып табылады.
Ол биржадағы, банкаралық нарықта сұраныс пен ұсыныстар негізінде, коммерциялық банктер мен басқа заңды тұлғалар мен азаматтардың, яғни валюталық ішкі нарықта валютаны сату-сатып алуда қалыптасады.
Коммерциялық банктерде валютаны сатып алу-сату бағамдары, аукциондық және биржалық бағамдар шетелдік валютаны нақты коммерциялық банктерде, айырбас пункттерінде, валюталық аукциондар мен биржаларда сатып алу мен сату бойынша операциялар жасау үшін арналған.
Бағамдық айырмалар нарықтық бағамдардың шаруашылық операциясын жасау мен есеп айырысу кезі арасындағы, яғни дебиторлық немесе кредиторлық берешекті толық немесе жарым-жартылай өтеу кезеңінде болған өзгерістердің нәтижесінде пайда болады. Бағамдық жағымды дамыған кезінде жағымды, ал жағымсыз болғанында теріс бағамдық айырмалар пайда болады.
Бағамдық айырмалар мынандай жағдайда пайда болады:
а) импорттық операцияларда ұлттық валютадағы тауардың мәмілелік құны баламасының шот-фактурада (инвойсте) көрсетілген уақыты, ақшалай қаражатты, оны бағалауға дейінғі немесе жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп айырысу боойынша пайда болған дебиторлық немесе кредиторлық берешекті кеміту жолымен аудару ай-күні, жылы арасында.
Мысал:
Кәсіпорын есеп құжаттарын жазған күніндегі 1 долларға 153,5 теңгелік нарық бағамы бойынша 2000 долл. материал сатып алды.
Материалдарды кіріске алғанда мынандай бухгалтерлік жазбалар жасау қажет: 201 «Материалдар» шот дебет! 671 «Төленуге тиісті шоттар» шот кредиті 307 000 теңғе (2000 долл.-153,5).
I нұсқа:
Төлем 1 долл. 154,2 теңге болған доллар бағамы кезінде 20 күннен соң жасалды.
671 «Төленуге тиісті шоттар» шот дебеті 431 «Ел ішіндегі валюталық шоттағы ақша» шот кредиті 308 400 теңғе (2000 долл.-154,2).
Теріс бағамдық айырма пайда болды (шетелдік жабдықтаушы алдындағы кредиторлык берешек 307 000 тенге, бағам өзгеруі салдарынан 308 400 теңғе нақтылай төленеді), бұл бухгалтерлік жазбада былайша көрсетіледі:

844 «Бағам айырмасы бойынша шығындар» шот дебеті 671 «Төленуге тиісті шоттар» шот кредиті 1400 тенге (308 400-307 000= 1 400)
II нұсқа:
Егер төлем күнінде доллар бағамы 1 долл. 153 теңғе болса.
671 «Төленуге тиісті шоттар» шот дебеті 431 «Ел ішіндегі валюталық шоттағы ақша» шот кредиті 306 000 теңғе (2000 долл.-153).
Бағамдық айырма оң (шетелдік жабдықтаушы алдындағы кредиторлық берешек 307 000 теңге бағам өзғеруі салдарынан 306 000 теңге нақтылай төленеді) бухгалтерлік жазбада былайша көрсетіледі:

II ТАРАУ.
2.1.Жарғылық капиталдағы салым ақша есебі.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексте шаруашылық серіктестікті қалыптастыру, құқық және міндеттерінің тәртібі анықталған. АК 58-бабында шаруашылық серіктестігі жарғылық капитал құрылтайшыларының (қатысушылары) үлесіне (салым ақшасы) бөлінген коммерциялық ұйым ретінде сипатталады, ал өзінің қызмет процесінде жасаған, жинаған немесе құрған мүлік жеке меншігіне жатады. Шаруашылық серіктестіктің жарғылық капиталындағы салым ақшаға ақшалай қаражат, құнды кағаздар, заттар, муліктік құқьгқ, оның ішінде ақыл-ой меншігі (интеллектуальная собственность) жэне басқа нәрселер жатуы мүмкін.
Әрбір шаруашылық жүргізуші субъектіні құру үшін қурылтайшылық құжаттары (бул құжаттардың ең негізгісі Жарғы болып табылады) болуы керек. Кұрылтайшылық құжаттар нотариаддық тұрғыда расталып, заң органдарында мемлекеттік тіркеуден өтеді. Жарғыда субъект серіктестік құрылтайшыларының салым ақшаларынан тұратын жарғылык капиталды жариялайды. Салым ақшаны бағалау тараптардың келісімі бойынша жүргізіледі жэне тэуелсіз аудиторльщ тексеруге жатады.

Шаруашылық серіктестік мына формалар бойьшша құрылуы мүмкін:
• толық серіктестік - жарғылық капиталы оның құрылтайшысын анықтайды, апайда заң актісімен (АК 64-бап) белғіленген ең аз деңгейдегі мөлшерден кем болмауы керек;
• коммандиттік (сенімғе неғізделген) серіктестік - жарғылық капиталдың мелшері заң актілерімен белғіленген ең аз деңғейдеғі мөлшерден кем болмауы керек. Салымшылардың жиынтық мөлшері коммандиттік серіктестіктің (АК 74-бабы) жарғылық капитапдың 50% кұрауы мүмкін;
• жауапкершіліғі шектеулі серіктестік - жарғылық капиталдың мөлшерін серіктестік қурылтайшылары анықтайды жэне заңда белғіленген (АК 78-бабы) ең аз деңгейдегі мөлшерден кем болмауы керек;
• қосымша жауапкершілікті серіктестік - жарғылық капиталдың мөлшері жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндей анықталады, алайда бұл серіктестіктің қатысушылары жарғылық капиталдағы өз салым ақшаларымен оның міндеттемелері бойынша жауап береді, ал бұл соманың жетіспеушілігіне өз мүліқтерінің еселенген мөлшерінде өздерінің салым ақшаларына қосады (АК 84-бабы);
• акционерлік қоғам - жарғылық капитал барлық жарияланған акциялар шығарылымының жиынтық атаулы (номинальдық) құнына тең, алайда заңда қарастырылған ең аз деңгейдегі мөлшерден кем болмауы керек. Акцияларға ашық жазылыс жарғылық капиталдың толық төлеміне дейін жеткізілмейді (АК 88-бал).
Ақционерлік қоғамның жарияланған жарғылық капиталының ең аз деңгейдегі көлемі - бір айлық есеп айырысу көрсеткішінің 50 000 есе мөлшерін құрайды (13.05.03 ж. №415 «Акционерлік қоғамдар туралы» заңның 10-бабы) жэне мемлеқеттік тіркеуден өткен күннен кейін 30 күннің ішінде төленуі керек (11-бап, 2-тармақ). Артықшылықты акцияны шығару барлық жарияланған акциялардың жалпы санының 25% көп болмауы керек(13-бап, 2-тармақ). ^
• еншілес және тәуелді шаруашылық серіктестігі - жарғылық капитал акционерлік қоғамдардың бір-бірімен езара қатысумен қалыптасады;
• өндірістік капитал - жарғылық капитал кооператив мүшелерінің пай салу есебінен қалыптасады (АК 97-бап);
• мемлекеттік кәсіпорын - шаруашылық меншік құқына немесе оперативтік басқаруға негізделеді (АК 102-бап);
• қоммерциялық емес ұйымдар - басқарушылық, элеуметтік-мэдени немесе коммерциялық емес сипаттағы меншіктенушілермен құрылатын жэне қаржыландырылатын ұйым (АК 105-бап).
Шаруашылық жүргізуші субъект! жарғылық капиталға мүліктіқ және ақыл-ой (интелектуально) қызметі түрінде қаржылық салымды жузеге асырса, басқа субъектілер кәсіпкерлік табыс, капитал проценті мен өсімін алу мақсатында акция пакетін алу жолымен бұл қызметке ықпал етіп, бақылау жүрғізеді. Мұндай салуды (яғни салымды) инвестиция деп атайды. Бухгалтерлік есептің 13 «Шоғырландырылған (консолидиро-ванная) қаржылық есеп берушілік және еншілес серіктестіктеғі инвестиция есебі» стандартына және оның әдістемелік ұсынысына сәйкес - егер дауыс беру құқымен инвестрленген оъектінің 50% акциясынан көбіне ие болса, онда бұл иелену бақылау жүргізуге мүмкіндік береді.
Бақылауды қолына алған инвестор негізгі серіктестік деп танылады, ал инвестицияланатын объект - еншілес шаруашылық серіктестік болады.
Егер басқа заңды тұлға оның дауыс беру акциясының 20% көбіне ие болса (АК 95-бап), онда акционерлік қоғам тәуелді шаруашылық серіктестігі деп танылады. Басқа субъектінің дауыс беру акциясыньщ 20%-тен азына ие болуына сәйкес бақылау бірігіп жүрғізіледі.
Салым ақшаға кез келген актив (ақшалай қаражаттар, негізгі құралдар, материалдық емес активтер, тауарлы-материалдық қорлар) жатады.
Мұнда мына бухгалтерлік жазбалар жүрғізіледі:
а) жарияланған жарғылық .....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру