Тарих | АҚШ пен Жапонияның экономикасы
Мазмұны
Кіріспе.............................................................................................................
І-тарау. Америка мен Жапонияның тарихы, саясаты және
тарихи-саяси қарым-қатынастары
1.1. АҚШ пен Жапонияның тарихы және саясаты.......................................
1.2 Америка – Жапон шарттары.....................................................................
1.3 АҚШ пен Жапонияның тарихи-саяси қарым-қатынастары..................
ІІ-тарау. АҚШ пен Жапонияның экономикасы және
экономикалық ынтымақтастығы.
2.1 Америка мен Жапонияның экономикасы................................................
2.2 АҚШ пен Жапонияның экономикалық қарым-қатынастары.................
2.3. АҚШ – тың жапония экономикасына тікелей инвестициялары...........
Қолданылған әдебиеттер................................................................................
І-тарау. Америка мен Жапонияның тарихы, саясаты және тарихи-саяси қарым-қатынастары.
1.1. АҚШ пен Жапонияның тарихы және саясаты.
Тарихы. Қазіргі АҚШ жерінде ежелден үнділер өмір сүрді. X ғ. Колумб Американы ашқаннан кейін (1492-1503) 16 ғ-да Англия, Испания, Нидерланды, Франция, Швеция Солтүстік Американы отарлауға кірісті. 18 ғ-дың 60-жылдарына қарай Англия Солтүстік Американы түгел дерлік басып алды. 17 ғ-дың басында Америкада ауыр жұмыстарға пайдалану үшін Африкадан құлдар әкелу басталды. Солтүстік Америкадағы ағылшын отарларында нарықтық қатынастарға негізделген шаруашылық дамыды және біртұтас Солтүстік америкалық ұлт қалыптасты. Алайда бұл жерлерде экономиканың жедел дамуына ағылшын отаршыларының саясаты кедергі келтірді. Отарлық қанаудың күшеюі тәуелсіздік жолындағы соғысты туғызды (1775-83). 1776 ж. 4 шілдеде Тәуелсіздік декларациясы қабылданды, онда АҚШ-тың құрылғандығы жарияланды. 13 ағылшын отары бірігіп, дербес мемлекетке айналды, 1-Америка-буржуазиялық революциясы деп аталған тәуелсіздік соғысында Англия жеңіліс тапты. 1783 ж. бітімшарты бойынша Англия АҚШ-тың тәуелсіздігін мойындады. 1787 ж. АҚШ Конституциясы қабылданып, елдің бірінші президенті болып Дж. Вашингтон сайланды. 1776 ж. Құрлықаралық конгресс қабылдаған Тәуелсіздік декларациясы жобасының авторы, қоғам құрылысын демократияландыруға үлкен үлес қосқан Т. Джефферсон 1800, 1804 ж. АҚШ президенті болып сайланды. Ол түрлі әлеуметтік топтардың арасында мәмілеге келтіру саясатын жүргізді. Кейбір реакциялық заңдарды жойып, армияны, флотты, мемлекеттік әкімшілікті қысқартты. Ресеймен дипломатиялық қатынас орнатты. 19 ғ-дың 1-жартысында АҚШ жері әжептәуір ұлғайды. 1803 ж. АҚШ Батыс Луизиананы, 1819 ж. Флориданы, 1867 ж. Алясканы қосып алды. 1823 ж. Монро доктринасы жарияланып, мұнда Америка және Еуропа бір-бірінің ішкі істеріне араласпауға тиісті деп көрсетілді. 1809 ж. елге құл әкелуге тыйым салынды. Алайда бұл іс жасырын түрде жалғаса берді, 1790 ж. АҚШ-та 760 мың зәңгі құл болса, 1860 ж. олар 4 млн-ға жетті. Ауыр езгіге және қорлауға шыдамаған құлдар көтерілістер жасады, солтүстікке қашты. Солтүстікте бірқатар штаттарда құлдық жойылды, 1860 ж. елде 488 мың еркіндік алған зәңгілер болды. [1].
19 ғ-дың 1-жартысында АҚШ-тың саяси дамуында елеулі өзгерістер болды, саяси партиялар қалыптасты (Демократиялық партия, 1828 ж.; Республикалық партия, 1854 ж.). Осы кезеңде зәңгілерді құлдықтан азат ету жолындағы күрес кең өріс алды.
Жалдамалы еңбекке негізделген Солтүстіктің экономикасы мен құлдыққа негізделген Оңтүстіктің плантациялық шаруашылығы арасындағы қайшылық 2-буржуазиялық революцияны туғызды [2].
1-дүние жүзілік соғыста АҚШ Антанта жағында болды. Соғыстан кейінгі Париж бітім конференциясында (1919) АҚШ президенті А. Вильсон халықаралық қатынастардың жаңа жүйесін жасаудың жобасын ұсынды («Вильсонның 14 пункті»). Екі дүние жүзілік соғыс аралығындағы Ф.Рузвельт әкімшілігінін реформалары АҚШ тарихында ерекше орын алды. «Жаңа бағыт» деп аталған осы реформалар елді ауыр экономикалық дағдарыстан шығарды және қоғамның демократиялануы үлгісін қалыптастырды. Рузвельт сыртқы саясатта да өзгеріс жасады. Латын Америкасында «тату көршілік», Еуропада «оқшаулану», Азияда «ашық есіктер» саясатын жүргізді. 1933 ж. АҚШ пен КСРО арасында дипломатиялық қатынастар орнады.
2-дүние жүзілік соғыс кезінде АҚШ фашизмге қарсы мемлекеттер одағын құруға белсене қатысып, Тынық мұхитта, Еуропада, Африкада соғыс қимылдарын жүргізді. Соғысқа 1941 ж. 7 желтоқсанда кірісіп, 1945 ж. 2 қыркүйекте аяқтады. Соғыстан кейін АҚШ пен КСРО бөлек-бөлек әскери-саяси одақтар құрып, дүние жүзін екі лагерьге бөлуді іске асырды. Осы «қырғи-қабақ соғыс» 80-жылдардың ортасына дейін созылды.
Трумэн әкімшілігі кезіндегі елдегі әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдай. АҚШ Екінші дүниежүзілік соғыстан капиталистік мемлекеттер арасында экономикалық және әскери жағынан ең көп күш жинаған қауқарлы мемлекет жағдайында шықты. Оның жері де, халқы да соғыстың зардабын тарта қойған жоқ.
Капиталистік елдердің өнеркәсіптік өндірісінің жартысынан көбі осында шоғырланды. Соғыс жылдарында өнеркөсіп өнімдерін өндіру 2 есеге дейін өсті, америка монополияларының табысы 87 млрд долларға теңелді, АҚШ қазынасында әлемдегі алтын қорының 73%-ы сақталған.
АҚШ армиясы Германияда, Жапонияда, Италияда және басқа да мемлекеттерде орналасты. Дүние жүзінің әр түрлі елдерінде АҚШ-тың 500-ден астам соғыс базалары жайғастырылды. Америка мұхиттар мен теңізді билеп-төстеді. АҚШ атомдық қару шығаруда монополияға ие болды. 1945 жылы 12 сәуірде Ф.Рузвельттің қайтыс болуына байланысты жаңадан сайланған АҚШ президенті Гарри Трумэн: «АҚШ дүниежүзілік жауапкершілікті мойнына алады», - деп мәлімдеді. 1930 жылдардағы «бейтараптық» және «оқшауланушылық» келмеске кетті. АҚШ дүниежүзілік саясаттың орталығына айналды [3].
Реконверсия деп аталатын бейбіт өмірге көшу мемлекеттік саясатта және ондаған миллион америкалықтардың өмірінде шұғыл бетбұрыс жасады. Миллиондаған солдаттар өздерінің отбасына, қоғамдық өмірге қайтып оралды. 1947 жылы 12 млн солдаттан армия қатарында 1 млн адам ғана қалды. Қайтып оралған солдаттар мен офицерлерді орналастыру соғыстан кейінгі қайта құрудың аса маңызды мәселелеріне айналды.
Ішкі саясатта Г.Трумэн бағыты өзінің қарама-қайшылығымен ерекшеленді. 1946 жылы конгресте республикашылдар бағыты күшейе түсті. Олар демократтардың реформалық саясатына және Рузвельт кезіндегі реформалық әрекеттерге құлықсыздық танытты. 1947 жылы 23 маусымда кәсіподақ қызметін шектеу және ереуілдер ұйымдастыруда кәсіподақтардың құқығын реттеу туралы Тафт-Хартли заңы қабылданды. Кәсіподақ мемлекет бақылауына алынды. Бұл АҚШ-тың саяси өміріндегі оң өзгерістердің жалпы көрінісі болатын.
Өндірісті калпына келтірудің маңызды мәселелерінің бірі – соғыс жылдарында салынған мемлекеттік зауыттардың тағдыры болды. Бес жыл соғыс кезінде мемлекет өнеркәсіп өнімдерін шығарушы зауыт құрылысына 17 млрд доллардан астам қаржы бөлді. 2 800-ден астам өндіріс орындары салынды. Бір жылдан соң барлық мемлекеттік зауыттар түгелімен дерлік олардың жарты бағасын ғана төлеген 250 корпорацияның қолында болды. Рокфеллерлер, Моргандар, Дюпон, «Бэнк оф Америка» және басқа да ірі корпорациялар мемлекеттің шаруашылық өмірін қолдарында ұстады. Алайда соғыстан кейінгі жылдарда өнеркәсіптің ұсақ және орта секторлары да әжептәуір ұлғайды. Жеке меншік фирмалар саны 9 млн-ға жетті.
1948 жылғы президент сайлауында Г.Трумэн «әділетті бағыт» бағдарламасымен шықты. Бағдарламаның бірқатар тармақтарын сайлауда жеңіске жеткен Трумэн әкімшілігі орындады. Алайда Тафт-Хартли заңы, президенттің қарсы болуына қарамастан, конгресте мақұлданды. Қара нәсілді америкалықтардың азаматтық құқығы, медициналық сақтандыруды енгізу, оқу орындарына мемлекеттік көмек беру туралы және басқа да заңдар қабылданбады.
Сыртқы саяси бағыт. Соғыс бітісімен екі ірі мемлекет – КСРО мен АҚШ арасындағы ынтымақтастық қатынастар бұзылып, қарсыласу бағыты өрши түсті. КСРО-ға қарсы тұру, коммунизмді шектеу және ауыздықтау саясаты АҚШ-тың сыртқы саяси бағытының негізіне айналды. «Атомдық дипломатия», «орыстардың әлемді өзіне қаратуға ұмтылысын ауыздықтау» ресми саясатқа айналды. Мәскеудің озбырлық қимылдары мен теке-тіреске баруы көпке созылған «қырғи қабақ соғысты» туғызды.
АҚШ-тың жаңа бағыты «Трумэн доктринасында» (1947 ж., 12 наурыз), «Маршалл жоспарында» (1947 ж., 5 маусым) айқындалған. 1947 жылғы 2 қыркүйекте америка елдерінің конференциясы өзара қауіпсіздік шартын қабылдады (Рио-де Жанейро пактісі), 1948 жылы көктемде Богота қаласында «Америка мемлекеттерінің ұйымы» құрылды. Латын Америкасы елдеріне техникалық-экономикалық көмек көрсету арқылы да АҚШ оларды өз ықпалында ұстап келді. 1948 жылы – Батыс Еуропалық Одақ, ал 1949 жылы Солтүстік Атлантикалық Одақ (НАТО) құруда АҚШ белсенділік көрсетті.
1950-1960 жылдардағы Америка. 1952 жылғы сайлау науқанында Кореядағы соғыс мәселесіне ерекше көңіл аударылды. Республикалық партия кандидаттыққа әйгілі генерал Д.Эйзенхауэрді ұсынды. Ол бұрын ешқандай партияда болмаған. Америка сайлаушылары «Кореядағы халықтың мазасын кетірген сұрапыл соғысты тоқтатып, елде бейбіт өмір орнайды» деп сенді және сол үшін оған дауыс берді. Сөйтіп, республикашылдар сайлауда жеңіске жетті. 1952-1960 жылдары республикалық әкімшілік пен демократиялық партия бір-бірімен оппозицияда болса да, саяси бағытта айтарлықтай айырмашылықтары байқалмады.
1950 жылдарда халық бұқарасының жағдайы айтарлықтай жақсара түсті. 1954 жылғы 17 мамырда АҚШ-тың жоғарғы сотының «Мектептегі нәсілшілдік конституцияға сәйкес емес» деген шешімі еуроамерикалықтардың азаматтық құқықтарын қорғауға көмектесті.
1960 жылғы президент сайлауында демократтар Джон Кеннеди ұсынған «жаңа дәуір» бағытымен жеңіске жетті. Кеннеди өкіметінің экономикалық және әлеуметтік әрекеті Кейнстің теориясы мен тәжірибесіне сүйенді. Кеннедидің «жаңа дәуір» бағдарламасы «тиімді сұраныс» деген кейнстік теория негізінде жасалды және жаппай өндіріс пен жаппай тұтыну үйлесімін қамтамасыз етуді қарастырды. Кеннеди әкімшілігі экономиканы тұрақтандырып, әлеуметтік шараларға көңіл бөлді.
Сыртқы саясатта да біраз өзгерістер орын алды. Дамып келе жатқан елдерге көмек көрсету ұлғайтылды. Латын Америкасы елдеріне жәрдемдесу жоспары – «Даму жолындағы одақ» құрылды. Кеннеди тікелей өзі қатысып, КСРО-ның Куба жеріне құпия жағдайда зымырандар орналастыруы себебінен туған өте қауіпті дағдарысты реттеді (1962 ж., қазан). 1963 жылы Мәскеуде АҚШ, Англия, КСРО мемлекеттері ядролық қаруларды ауада, ғарышта және су астында сынауды тоқтату туралы шартқа отырды.
1963 жылғы 22 қарашада АҚШ президенті Дж.Кеннеди қаза тауып, оның орнына вице-президент Линдон Джонсон отырды (1963-1968 ж.). Ол өзіне дейінгі қайраткерлердің саясатын жалғастырды. АҚШ-та маңызды әлеуметтік реформалар жүргізілді. «Кедейшілікпен күрес» бағдарламасы негізінде табысы төмен отбасыларға көмек туралы заң қабылданды, арзан тұрғын жай құрылысы, білім жүйесін дамыту бағдарламасы жүзеге асырылды, қарт адамдар үшін медициналық сақтандыру енгізілді, ал табысы төмен отбасылар дәрігерлік қызметте жеңілдіктер алды.
Алайда 1964 жылы басталған Вьетнамдағы соғыстың өрши түсуі үкіметтің әлеуметгік бағдарламаларын орындауға бөлінген қаржының қысқаруына алып келді. Л.Джонсон әкімшілігі мен Демократиялық партияның жағдайы 1960 жылдарда АҚШ-ты қамтыған жалпы халықтық қарсылық қозғалыстарының әсерінен қиындай түсті.
1960 жылдардағы наразылық қозғалыстары.
1960 жылдарда нәсілдік қысымшылыкқа қарсы қозғалыстар кең қанат жайды.
1968 жылы бұқаралық кедей топтары Вашингтонға жорыққа дайындалды. Бұл жорықты ұйымдастырушылардың алдыңғы шебінде афроамерикалықтардың көпшілікке танылған жас діни қызметкері – қара түсті халықтың өкілі Мартин Лютер Кинг болды. Бұдан бұрын да оған ызасы қайнап жүрген нәсілшілдер М.Л. Кингті жазалауға бел буды. 1968 жылдың 4 сәуірі күні Мемфис қаласында М.Л. Кингті атып өлтірді. Кингтің өліміне қарамастан, жоспарланған жорық іске асырылды.
Вьетнамдағы соғысқа қарсы қозғалыс кең қанат жайды. 1967 жылы бірнеше тәулік бойы 300 мыңға жуық адам АҚШ-тың әскери орталығы – Пентагонды тосқауылға алды.
Бұл қозғалыстар нәтижесіз болған жоқ. 1960 жылдарда АҚШ халықтары едәуір жеңілдіктерге ие болды. Нәсілдік қысымшылықты шектеу туралы заңдар қабылданды: 1) жұмысқа жалдау кезінде және қоғамдық орындарда қызмет ету кезінде кемсітушілікке тыйым салу (1964 ж.); 2) қара нәсілді америкалықтардың сайлау құқығын қорғау (1965 ж.); 3) тұрғын жайды жалдау, сату және тапсыру бойынша нәсілдік кемсітушілікке тыйым салу (1968 ж.) туралы заң.
1970 жылдардағы Америка. АҚШ барлық капиталистік әлемдегі елдер секілді, экономикалық және әлеуметтік саясат алмасуында, ғылыми-техникалық революцияның жаңа кезеңінде қанат жайған дүниежүзілік экономикалық және құрылымдық дағдарыстардан туындаған ірі өзгерістерді бастан өткізді. Сондай-ақ АҚШ-та осы кезеңде саяси жанжалдар көбейіп, Вьетнамдағы соғыс сәтсіз аяқталды.
1968 жылғы сайлауда сәл ғана артық дауыспен республикашылдар жеңіске жетіп, Ричард Никсон президент болып сайланды. 1972 жылы ол бұл қызметке қайтадан сайланды, бірақ 1974 жылы қызметтен кетуге мәжбүр болды.
Америка өкіметінің экономикалық саясатында кейнсианстводан неоконсерватизмге дейін терең тербелістер болып өтті. 1969-1970 жылдарда елде орын алған экономикалық дағдарысты жою үшін Р.Никсон «жаңа экономикалық саясат» жариялады. Бұл үш айға дейін жалақының мөлшерін көтеруді тоқтату, ереуілдерге тыйым салу, салықтық жеңілдіктер енгізу арқылы көрінді. Никсон өкіметі 5 жыл ішінде зейнетақыны, жәрдемақыны бірнеше рет көбейтті, жұмыссыздыққа жәрдемақы алатындар саны көбейді. 1970 жылдары жәрдемдесу жүйесі кең дамыды: кедейліктің ресми деңгейінен төмен кірісі бар отбасылардың мемлекеттен арнайы жәрдемақы алуға құқығы болды. Бұл төлемақы әлеуметтік сақтандыру жүйесін толықтырды. Бұдан басқа азық-түлік көмегін беру тәжірибесі орнықты. 1974 жылы ондай көмек алатындар саны 13 млн адамнан көп болды.
Республикашылдар әкімшілігінің сыртқы саяси әрекеттері қайшылықты сипат алды. Вьетнамдағы соғысты (1964-1973 жж.) жеңіске жетпей тоқтатуға мәжбүр болды. 1971-1972 жылдары Никсон әкімшілігі Қытай Халық Республикасымен жақындасуға барып, екі ел арасындағы қатынастар жөнделе бастады.
1970 жылдары Кеңес-Америка қатынастарында маңызды өзгерістер болып өтті. Никсон Мәскеуге сапар жасап, халықаралық шиеленісті біраз бәсеңдетуге үлес қосты. КСРО мен АҚШ арасындағы зымырандық қорғаныс жүйесін шектеу туралы келісімге және стратегиялық шабуыл қаруын (ОСВ-1) шектеу саласындағы кейбір шаралар туралы уақытша келісімге қол қойылды. Кейінірек, 1979 жылы, стратегиялық қаруларды (ОСВ-2) шектеу туралы келісім жасалды.
1974 жылы АҚШ-та үлкен саяси жанжал бұрқ ете түсті. Одан екі жыл бұрын президенттік сайлау науқаны кезінде демократтар штабы «Уотергейт» (“Watergate” – «Су дарбазасы») атты қонақүйде орналасқан. Сол жерге Никсонның сенімді адамдары жасырын түрде тыңдағыш құралдар қойып, қарсыластарының сырларын біліп отырған. Осы әрекет ашылып, Америка сенаты президентті айыптап, сенімсіздік (импичмент) білдіріп, соттауға дейін бармақ болған. Соған орай Никсон өз еркімен орнынан кетуге мәжбүр болды.
Рональд Рейган әкімшілгіінің іс-әрекеті (1980-1988 жж.). «Рейганомика». Республикашылдар партиясының жеңісі және президент болып бұрынғы Калифорния штатының губернаторы Р.Рейганның сайлануы ішкі және сыртқы саясатта керітартпалыққа қарай бұрылыс барын көрсетті. Рейган әкімшілігі бюджеттік шығынды қысқартуда қатал монетаристік саясат жүргізе бастады, сондай-ақ мемлекеттің экономика саласын бақылау құқығын қысқартты, кәсіпкерлік істі және бағаны еркін жіберді. Әкімшіліктің кертартпалық саясаттан бас тартуы әсіресе 1981-1986 жылдары салықтық реформада айқын көрінді. Салықтың ең жоғарғы деңгейі бірден төмендеді, ол қаржы жинау мүмкіндігін, қаржы салымын әжептәуір көтерді. 1983 жылдан бастап Америка экономикасы дағдарыстан шықты, сөйтіп, ғылыми жетістіктер мен жаңа технологияны енгізу арқылы жеделдете даму кезеңі басталды. Жұмыссыздар саны 10 млн-нан 7 млн-ға дейін азайды.
Президент Рейганның сыртқы саясатында екі кезең айқын көрінеді. 1980 жылдардың бірінші жартысында АҚШ-тың сыртқы саясатында текетірестік бағыттар басым болды. Әсіресе 1979 жылы кеңес әскерлері Ауғанстанға кіргізілгеннен соң және 1981 жылы Польшаға әскери жағдайдың енгізілуімен КСРО-АҚШ қатынасы шиеленісе түсті. Кеңес-Америка қатынастары өзара сенімсіздік және бірін-бірі түсініспеушілік кедергісіне тап болды. Тек 1980 жылдардың екінші жартысында келіссөздер арқылы қарама-қайшылық әрекеттері бәсеңдей бастады.
1987 жылы М.С. Горбачевтің АҚШ-қа келуіне орай Вашингтонда екі ел арасында орта және шағын қашықтықтағы зымырандарды жою туралы келісімшартқа қол қойылды. 1988 жылғы президент сайлауында тағы да республикашылдар жеңіске жетті. Рейган саясатын Дж. Буш жалғастырды, ол Рейганның бұрынғы әкімшілігінде вице-президент қызметінде болатын. 1991 жылы Мәскеуде Дж. Буштың әкімшілігі кезінде, екі мемлекеттің стратегиялық қару-жарағының үштен бір бөлігін қысқарту туралы келісімшартқа қол қойылды. Бұл – стратегиялық бағыттағы қарулардың қысқартыла бастауы екі алып мемлекеттің арасындағы бетбұрысты көрсетті. Бұған 1988 жылы ақпанда кеңес әскерінің Ауғанстаннан әкетілуі негіз болды. 1989-1991 жылдары бұрынғы социалистік елдердегі демократиялық революциялар жаңа геосаяси жағдайларды тудырып, «қырғи қабақ соғыс» толық аяқталды.
Б.Клинтон мен кіші Дж. Буштың саясаты. 1992 жылғы кезекті сайлауда демократиялық партия және оның кандидаты Билл Клинтон жеңіске жетті. Әсіресе АҚШ-тың бүкіл халқына міндетті дәрігерлік сақтандыру туралы заң жобасын жасауға уәде берілді. Клинтон екі мәрте президент болып сайланып, әскери шығындарды қысқартты. Америка шаруашылығы одан әрі дамып, экспорт ұлғайтылды. Көптен бері кедергі жасап келген саудадағы шығын кәдімгідей азайтылды [4].
Сонымен қатар Клинтонның көпшілікке белгілі кейбір жеке қылықтары елде дау тудырып, сенат 1999 жылы оған сенімсіздік көрсеткен, бірақ президент қатесін мойындап ел алдында кешірім сұраған. Бұл жағдай демократиялық партия беделіне нұқсан келтірді.
2000 жылғы күздегі президент сайлауында республикалық партия өкілі – кіші Дж. Буш жеңіп шықты. Ол 2004 жылғы сайлауда тағы да жеңіске жетті. Кіші Буш кезіндегі Америка саясаты қалыптасқан жағдайды бұзып-жаруға, басқалармен санаспауға, өз жауластарын әрқашан жұдырық астында ұстауға ұмтылуда. Әсіресе осы бағыт 2001 жылғы 11 қыркүйектегі лаңкестердің АҚШ-қа қарсы жасаған шабуылынан кейін айқын көрініс тапты. БҰҰ-ның қолдауымен АҚШ өз жақтастарымен Ауғанстандағы талибандар үкіметін құлатып, онда әскер ұстауда. Буш әкімшілігі Солтүстік Корея, Ливия, Сирия, Иран, Мьянма, Оңтүстік Африка Республикалары сияқты елдерді қысымға алып, ядролық қару жасау жөніндегі жоспарларын тоқтатуын талап етуде, оларды «лаңкестік әрекетті қолдауда және адам құқығын бұзуда» деп айыптап келеді. АҚШ әр аймақта, соның ішінде Орталық Азияда да, өзінің саяси-әскери жасақтарын күшейте түсуде. Оның саясаты халықаралық лаңкестікке қарсы бағытталуда. 2003 жылы наурызда Иракқа қарсы соғыс ашып, С.Хусейн тәртібін жойды. Буш әкімшілігі АҚШ мүддесін қорғауда тайсалмай әскери күштерін жұмсап, дүние жүзінде Америка үстемдігін тұрақтандыруға тырысуда. АҚШ-Жапония байланыстары нығая түсуде.
Тарихы. Қазіргі Жапония аумағына адамдар неолит дәуірінде қоныстана бастаған. Алғашқы тұрғындар Азия құрлығынан топ-топ болып қоныс аударған деген жорамал бар. Олар жер өңдеумен, мал шаруашылығымен айналысқан (Дзёмон және Яеи мәдениеттері). Б.з.б. 2 ғ-дан бастап тайпалар одағы қалыптасып, ямато тайпалық одағы негізінде ежелгі Жапон мемлекеті пайда болды. Орталық мемлекеттік билік күшейіп, ямато билеушілері Қытай императорына бірнеше елшілік аттандырды (6 ғ.) және осы кезден бастап ел ішінде будда діні тарай бастады. Ямато патшалары өздерін «тэнно» деп атады және бұл атау күні бүгінге дейін император деген ұғымды білдіреді. 645 ж. болған Тайк төңкерісінен кейін құл иелену жойылып, жалдамалы шаруалар мен ірі жер иелері пайда болды. 710 ж. алғашқы тұрақты астана Нара салынып, 784 ж. орталық Нагаоку, 794 ж. Хэйан қалаларына көшірілді. 11 ғ-да ірі-ірі әскери топтар арасында билік үшін күрес басталып, 1192 жылдан бастап үкімет билігі тек сөз жүзінде ғана сақталды. Сегундер елді әскербасыларының (буси) көмегімен басқарды. Бусилардың төменгі бөлігі ұсақ жер иелерінен тұрып, самурай деп аталды. Қытай мен Кореяны басып алған Шыңғыс хан империясы 1274 және 1288 ж. екі рет Жапонияға сәтсіз жорық жасады. Елде 13 ғ-дан бастап сауда және қолөнер бірлестіктері (дза) көптеп құрыла бастады. Қалалардың саны өсті. 15-16 ғ-ларда Қытай және Кореямен арадағы сауда дамыды. Кен орындары (алтын, күміс, мыс) пайда болды. Жапония жеріне алғаш рет еуропалықтар (1542 ж. португалдар, 1584 ж. испандар), христиан миссионерлері келе бастады. Иэясу Токугава (1542-1616) елдің бірігуін аяқтап, 1603 ж. сегун болып жарияланды. Токугава әулетінің билігі 1867 жылға дейін созылды. Аймақ билеушілері (даймё) үлкен жасақ ұстады. Оларға самурайлар қызмет етіп, еңбектері үшін күріш түрінде жалақы алды. Даймелердің үстінен қатаң бақылау орнатылды. Халық 4 әлеуметтік жікке (самурайлар, шаруалар, қолөнершілер, саудагерлер) бөлінді. Үкімет еуропалықтарға қарсы арнайы заңдар шығарып, олардың елге келуіне және христиан дінін насихаттауына тыйым салды. 1641 жылдан Қытай мен Голландия көпестері ......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: курстык АҚШ пен Жапонияның экономикасы жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Тарих курстық жұмыстар, АҚШ пен Жапонияның экономикасы