Қаржы | Ақша айналысы және Қазақстан Республикасындағы ақша айналысының тәртібін талдау
Мазмұны
КІРІСПЕ ..............................................................................................................
I. Ақшаның мәні, қызметтері, түрлері және Қазақстан Республикасының ақша жүйесі.......................................................................
1.1 Ақшаның мәні, пайда болу қажеттіліктері,түрлері және
атқаратын қызметтері.............................................................................
1.2 Қазақстан Республикасының ақша жүйесі және ақша
жүйесінің ерекшеліктері..........................................................................
1.3 Ақшаның түрлері және әртүрлі ақша белгілері.................................
II. Ақша айналысы және Қазақстан Республикасындағы ақша айналысының тәртібін талдау........................................................................
2.1. Қазақстан Республикасындағы ақша айналысының тәртібі және қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысу қағидалары.............................
2.2. Қолма-қолсыз ақшалармен есеп-айырысу формалары және ерекшеліктері......................................................................................................
III. Қазіргі кезде ақша жүйесіндегі жаңартулар және оны жетілдіру жолдары
3.1. Электронды төлем жүйесi және қызметтерi мен түрлерi.............. 24
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................
1. Ақшаның пайда болуы, мәні және қызметі. Ақша жүйесі
1.1 Ақшаның пайда болуы, мәні және атқаратын қызметтері
Ақшаның пайда болуы мен мәні жайлы біркелкі шешімін тапқан жоқ. Экономикалық мектеп өкілдерінің бірі ерте дүниедегі грек ойшылы Аристотель ұсынған қағидаға сүйене отырып, ақшаны - белгілі шарт, адамдар арасындағы сапалы келісім нәтижесі ретінде қарады. Басқа бағыттағы мектептің өкілдері ақшаны - мемлекет бекіткен тауарды айырбастауға қажетті құрал ретінде қарастырған. Үшінші өкілдері ақша өзінің табиғаты бойынша алтын мен күміс жататындығын айтқан.
Ақшаның пайда болуын түсіндіру үшін, «тауар құны қатысындағы қорытындылатын, құнның даму көрінісіне көз салып, оның қарапайым терең байқалатын бейнесін, көзді алатын ақшалай түріне дейін қарау керек. Сонда ғана оның жұмбақтығы да жойылады.
Тауардың айырбасталу кезеңінде құнның көрінісі төмендегідей түрге ие болады: алғашқысы жай немесе кездейсоқ, ол алғашқы қауымдық қоғамда бірінші ең ірі еңбек бөлінісінен соң, жалпы алғашқы қауым тайласынан малшылар тайпасының бөлінуі арқылы пайда болды. Бір тайпалар малмен айналысса, ал екіншілері - жермен айналысты, сөйтіп өнімді айырбастау үшін экономикалық негіз пайда бола бастады. Мұндай айырбас алғашқыда кездейсоқ, бірегей сипатқа ие болды:
Т Т экв.
(1 қойға = 1 қап астық) экв.
Бұл мысалымызда бірінші тауар (қой) өзінің құнын басқа тауарда (I қап астық) айырбасын көрсетсе, онда салыстырмалы кұн түрінде болғаны, ал бір қап астық оның эквиваленті болып табылады яғни эквивалентті түрде болғаны.
Тауар өндірісінің ары қарай дамуы тауар айырбасын реттіліпен жүргізуге алып келді. Айырбаста екі ғана емес, одан да көптеген тауар түрлері қатысады. Құнның - толық немесе кеңейтілген екінші түрі қалыптасты.
Т → Т1 (1 қап астыққа) экв.
→ Т2 (1 балтаға) экв.
→ Т3 (5 кұмыраға) экв.
→ Т4 (2 гр. алтынға) экв.
Осы қатардағы тауарлар эквивалент болып табылады, қойға қайта деген қоғамдық еңбек шығындарын куәландырады.
Құмның кеңейтілген түрінін пайда болуымен қатар, сондай-ақ айырбаста қиындықтар туындады.
Мысалы, қойдың иесіне астық қажет, бірақ астық иесіне қой керек емес, оған балта қажет, ал балта иесіие қой керек. Неғұрлым нарыққа тауар көп түскен сайын, қиындықтар да көбейе түседі. Бұл жағдайда астық иесі қойды алуға келіседі, сөйтіп өзінің астығына айырбастайды, себебі оны (қойды) балта иесі алуға ынталы. Осы жерде қой делдалдық, яғни жалпыға ортақ (жалпылама) роль атқара бастайды. Сөйтіп құнның үшінші түрі қалыптасып, ол жалпылама деп аталады.
Т1 (1 қап астыққа) = 1 қойға (экв)
Т2 (1 балтаға)
Т3 (5 құмыраға)
Т4 (2 гр. алтынға)
Кейініректе жалпылама зквиваленттік ролді игілікті металдар (алтын, күміс) атқара бастады, себебі оның өзіне тән бірқатар артықшылығы болды: жеңіл бөлінетіндігі, біртектілігі, жақсы сақталатындығы, ең маңызды артықшылығы сол, осы металдардың аз ғана бөліктерінде көптеген еңбектің сіңірілгені болып табылады. Құнның ақшалай түрін былай көрсетуге болады:
Сурет 1
''Ақша экономикадағы рөлін өзінің атқаратын негізгі қызметтері арқылы орындайды. Ақшаның әр қызметі тауар айырбасы процесінен туындайтын тауар өндірушілердің формасы ретінде ақшаның әлеуметтік және экономикалық мазмұнының белгілі бір жақтарын сипаттайды.
Ақшаның қазіргі экономикадағы атқаратын қызметтеріне мыналар жатады:
1) құн өлшемі және баға масштабы;
2) айналыс (айырбас) құралы;
3) төлем құралы;
4) қорлану және қор жинау құралы;
5) дүниежүзілік ақша.
Ақшаның құн өлшемі қызметі. Ақша жалпыға бірдей балама ретінде барлық тауарлардың құнын өлшейді. Ақша құн өлшемі ретінде: «мөлшері жағынан аттас, сапасы жағынан салыстыруға келетін тауарлар құнын бейнелеу үшін тауарлар дүниесіне материал беру» қызметін атқарады. Бірақ, та тауарларды өзара өлшейтін ақша емес, тауарлар өндірісіне кеткен қоғамдың қажетті еңбек олардың бірінің біріне өлшенуіне жағдай жасады. Барлық тауарлар қоғамдьіқ еңбек өнімдері, сондықтан олардың құнын өзіндік құны бар нақты ақшалар (алтын және күміс) өлшей алады.
Тауар құнының ақшамен бейнеленуі оның бағасы деп аталады. Баға тауарды өндіруге және сатуға қажетті қоғамдық еңбек шығынымен анықталады. Әрбір елде ақшаның, өлшемі ретінде қабылданған және тауарлар бағасын өлшгуге қызмет ететін металдың, (алтын) баға белгілеу процесіндегі ақша бірлігіне бекітілетін салмақты саны баға масштабы деп аталады.
Бағалардың негізінде және олардың қозғалысында құн заңы жатыр. Ақшаның құн өлшемі қызметі мен баға масштабы арасында өзара айырмашылық бар. Құн өлшемі бұл мемлекетке тәуелсіз ақшаның экономикалық қызметін сипаттайды. Құн өлшемі қызметі құн заңына байланысты анықталады. Баға масштабы бұл мемлекетке тәуелді, бірақ тауардың құнын керсету үшін емес, тек оның бағасын бейнелеу үшін қызмет етеді. Баға масштабы нарық заңына, яғни сұраныс пен ұсынысқа байланысты белгіленеді. Сөйтіп баға масштабы арқылы ойша белгіленетін тауарлар бағасы ұлттың ақша бірлігіндегі көрсетілетін нарықтың бағаға айналады.
Бүгінгі таңда тауарлар алтынға тікелей айырбасталмайды және олардың бағасы алтынмен бейнеленбейді. Ақшаның бұл қызметін алтынның орнында жүретін оның құндық өкілдері немесе қағаз және несиелік ақша белгілері атқарады. Мұндай аңшалардың меншікті құны болмайтындықтан да, оларды толық бағалы емес ақшалар деп атайды. Өйткені, олар тауарлар құнын толық өлшемейді, бірақ өлшеуге қатынасады.
Ақшаның айналыс құралы қызметі. Айналыс құралы қызметінде ақша тауар айналысы процесінде делдалдық рөл атқарады. Тауар айналысы мынадай процестерді қамтиды: тауар сату, яғни оның ақшаға айналуы және тауарды сатып алу, яғни тауардың ақшаға айналуы. Бұл процесті арнайы формулада мынадай түрде беруге болады: Т (тауар) — А (ақша) — Т (тауар).
Ақша айналысының тауар айналысынан айырмашылығы ақша тауарларды біртіндеп айналыстан шығара отырып, өзі айналыста үнемі қалып отырады. Ақшаның айналыс құралы ретіндегі қызметінің басты ерекшелігі, біріншіден, бұл қызметті толық бағалы емес құнның белгілері: қағаз және несиелік ақшалар атқарады, екіншіден, нақты және қолма-қолсыз ақшалар атқарады.
Сонымен ақша, айналыс құралы қызметін атқаратындықтан да олардың саны, яғни айналысқа қажетті сатылатын тауарлар массасы және бағасы негізінде анықталады. Ал егер айналыстағы ақша массасы тауар массасынан артық болса, онда ақшаның құнсыздануы инфляцияға жол береді.
Ақшаның төлем құралы қызметі. Әр түрлі жағдайлардың болуына байланысты тауарлардың тек нақты ақшаға ғана сатылмайтыны белгілі. Себебі әр түрлі тауарларды өндіру кезеңі мен айналыс мерзімінің ұзақтығының бірдей еместігі, сондай-ақ бірқатар тауарлардың өндірісі мен сатылуының маусымдық сипатта болуы шаруашылық субъектісінде қосымша қаражаттардың жетіспеушілігін туғызады. Соның нәтижесінде тауарлардың төлемін кешіктіріп сатып алу және сату, яғни несиеге беру қажеттігі туындайды. Ақша төлем құралы ретінде мынадай ерекше бір қозғалыс формасына ие: Т (тауар) — М (міндеттеме), келісілген мерзімнен кейін: М (міндеттеме) — Т (тауар).
Ақшаның төлем құралы қызметі мен айналыс құралы қызметтері арасында өзара айырмашылық бар. Ақша айналыс құралы ретінде делдалдың рөлінде жүретін болса, төлем құралы қызметінде аңша мен тауардың бір-біріне қарама-қарсы қозғалысы болмайды, яғни қарыздың міндеттеме арқылы өтеу, сату және сатып алу процесінің аяқталғандығын білдіреді. Тауарлар мен аңша арасындағы уақыттағы алшақтық кредиторға қарыз алушының төлемеу қаупін тудыруы мүмкін.
Ақша төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына қызмет етіп қоймай, сол сияқты қаржы және несие қатынастарына да қызмет етеді.
Жалпы барлық ақшалай төлемдерді мынадай түрде топтастыруға болады:
• тауарлар және көрсетілетін қызметтер бойынша төлем
міндеттемелері;
• мемлекетке қатысты қаржылық міндеттемелер;
• банктік несиелер, мемлекеттік және тұтыну несиелері бойынша қарыздық міндеттемелер;
• сақтандыру міндеттемелері;
• әкімшілік, сот алдындағы және өзге міндеттемелер.
Ақшаның төлем құралы қызметін толық бағалы емес, яғни қағаз және несиелік ақшалар атқарады.
Ақшаның қор жинау және қорлану қызметі. Ақша жалпыға бірдей балама ретінде, оның иесіне тауар алуды қамтамасыз етумен қатар, байлықты жинау құралы болып табылады. Сондықтан да адамдар оларды жинақтауға немесе қорлануға тырысады. Қорлану үшін акша айналыстан алынады, сөйтіп тауарды сату және сатып алу қозғалысы үзіледі.
Ақшаның қор жинау қызметін толық бағалы емес ақшалар атқара алмайды, себебі олардың меншікті құны жоқ. Бұл қызметті атқару қашаннан алтынға жүктелген.
Ал ақшаның қорлану қызметін толық бағалы емес ақшалар атқарады. Тауар өндірісі жағдайында қорлану екі формада жүзеге асырылады десе болады:
1)Кәсіпорындар мен ұйымдардың ағымдық және жинақ (депозиттік) шоттардағы, сол сияқты банктегі басқа шоттардағы ақшалай қаражат қалдықтары түрінде қоғамдық қорлану формасында;
2) Банктердегі халық салымдарында, облигацияларда жинақталған жеке қорлану формасында.
Дүниежүзілік ақша. Сыртқы сауда байланыстары, халықаралың заемдар, сыртқы серіктестерге қызмет көрсету барысы дүниежүзілік ақшалардың пайда болуына себеп болды. Дүниежүзілік ақшалар жалпыға ортақ төлем құралы, жалпыға ортақ сатып алынатын құрал және жалпыға ортақ қоғамдық байлықтың материалдану құралы болып табылады.
Сурет 2
Сурет 3
1.2 Ақшаның түрлері және әртүрлі ақша белгілері
Ақша өте ертеректе пайда болды, сондықтан да ақша өз даму барысында бірнеше түрлерге бөлініп әртүрлі сипаттарға ие болды. Мысалы, ақша, өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді: нағыз (толық бағалы) ақшалар және құндық белгілер (толық бағалы емес ақшалар). .Алғашқы қағаз ақшалар б.э. XII ғ. Қытайда, 1690 ж. Ұлыбритан отары болған Солтүстік Америкада, 1762 ж. Австрияда және 1769 ж. Ресейде пайда болды. Бірінші дүние жүзілік соғыс жылдары қағаз ақшалар барлық елдерде шығарылды. Қазіргі кезде ақшалар қазыналық билеттер түрінде он елде (АҚШ, Италия, Индия, Индонезия және т.б.) ғана сақталған. Кешегі КСРО-да 1961 ж. болған ақша реформасы негізінде қағаз ақшалар , яғни 1, 3, 5 рубльдік қазыналық билет формасында соңғы рет айналымға шығарылып, кейіннен Ресейдегі 1991-92 жж. ақша реформасы нәтижесінде алынып тасталды.
Қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) – бюджет тапшылығы жабу мақсатында қазынамен шығарылатын және металға ауыстырылмайтын, сондай-ақ мемлекет белгілеген бағамы бар құнның белгісін білдіреді.
Қағаз ақшалар тек қана айналыс құралы және төлем құралы қызметін атқарады. Олардың айналыста ұлғаюы мемлекеттің қаржы жетіспеушілігіне байланысты түсіндіріледі. Қағаз ақшалар өзінің табиғаты жағынан тұрақсыз және құнсыздануға тез икемді болып келеді. Олардың құнсыздану себептеріне: айналысқа басы артық қағаз ақшалардың шығарылуы, эмитентке деген сенімнің төмендеуі және төлем балансының қолайсыздық жағдайы жатады.
Несиелік ақшалар – тауар өндірісінің дамуымен, яғни тауарларды сатып алу және сатудың уақытын кешіктіріп төлеуге (несиеге) берілуімен байланысты пайда болады. Олардың пайда болуы ақшаның төлем құралы қызметін атқаруымен де байланысты келеді. Бұл ақшалардың экономикалық мәні – ақша айналымын икемді етуі; нағыз ақшаларды үнемдеуі; қолма-қолсыз ақша айналымының дамуына мүмкіндік жасауымен сипатталады.
Сонымен, нағыз ақшалар – бұл номиналдық құны оны дайындауға кеткен нақты құнымен сәйкес келетін металл ақшаларды білдіреді. Мұндағы металл ақшалар мыстан, күмістен және алтыннан жасалады. Металл ақшалардың монета түріндегі формасы – бұл олардың соңғы формасы болып табылады.
Алғашқы монеталар VII ғ. б.э.б Ертедегі Қытайда және Ертедегі Лидия мемлекетінде пайда болды. Киев Русінде алғашқы монеталардың пайда болуы IX - X ғғ. жатады. Бастапқы кездері айналыста алтын монеталарымен қатар, күміс монеталар да қоса жүреді. Алтын айналысына бірқатар елдер де XIX ғ.екінші жартысында өтті. Бұл елдердің ішінде алтын өндіру жағынан бірінші орынды, өзінің отарларымен бірге ағылшын елі де алған. Металл айналысына өтуге және алтынның ақша қызметін атқаруына, оның қымбат бағалы металл ретіндегі мынадай қасиеттері себеп болған: оңай бөлінетіндігі және қасиетін жоғалтпай бірігетіндігі, сақталғыштығы арқасында толық бағалы ақшалар барлық бес қызметті де бірдей атқарады.
Ал, алтын айналысы тұсында құнның қағаздай белгілерінің пайда болуының мынадай объективті қажеттіліктері болған: Алтын өндірісі тауар өндірісі артынан ілесе алмағандықтан да айналыстағы ақшаға деген қажеттілікті толық өтей алмады.
Жоғары құнды алтын ақшалар ұсақ құнды айналымға қызмет көрсете алмады. Алтын стандарты, жалпы алғанда өндірісті және тауар айналымы ынталандырмады.
Металл ақшалардың қағаз ақшаға ауысуының мынадай өзіндік себептері болған:
- металл ақшалардың тасымалдап алып жүру қолайсыздығы;
- металл ақшалардың мемлекеттік билік органдарының жасаған әрекетінің нәтижесінде, яғни қазынаға қосымша табыс алу мақсатында металлдық құрамын төмендету барысында бүлінуі;
- бағалы металдарды өндірудің қағаз ақшаларды шығаруға қарағанда өте қымбатқа түсуі;
- эмиссиондық табыс (шығарылған ақшалардың номиналдық құны мен олардың құны арасындағы айырма) алу мақсатында қазынаның қағаз ақшаларды шығаруы;
Металл ақша айналысы екіге бөлінеді:
1. Биметаллизм — жалпыға балама рөлі екі бағалы металға (алтын мен күміске) негізделген ақша жүйесі.
Биметаллизмнің үш түрі болған:
- қос валюталы жүйе, яғни мұнда алтын мен күмістің арасындағы шекті қатынас, металдардың нарықтық құндарына байланысты белгіленген;
- қатар жүретін валюталар жүйесі, яғни мұнда бұл қатынас мемлекет тарапынан белгіленген;
- ақсақ валюта жүйесі, яғни мұнда алтын және күміс монеталары заңды төлем құралы қызметін атқарады, бірақ бірдей негізде емес, себебі күміс монеталарды жасау жабық түрде жүзеге асырылып, алтын монеталарды жасауға ерік берілді.
Биметаллизм XVI—XVII ғғ. кеңінен тарап, ал Еуропа елдерінде XIX ғ. дами бастады. Бірақ та биметалдың ақша жүйесі капиталистік шаруашылықтың даму қажеттілігіне сәйкес келмеді, себебі екі металды құн өлшемі ретінде қатар пайдалану ақшаның бұл қызметінде қарама-қайшылық тудырды. Нәтижесінде, жалпы ......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: курстык Ақша айналысы және Қазақстан Республикасындағы ақша айналысының тәртібін талдау жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Қаржы курстық жұмыстар, Ақша айналысы және Қазақстан Республикасындағы ақша айналысының тәртібін талдау