Қаржы | Ақша қаражаттары есебінің аудиті

 Қаржы | Ақша қаражаттары есебінің аудиті

Мазмұны

Кіріспе

І тарау. Ақша қаражаттары аудитінің жоспары және бағдарламасы
1.1 Ақша қаражаттары аудитінің маңыздылығы
1.2 Ақша қаражаттары аудитінің жоспары
1.3 Ақша қаражаттары аудитінің бағдарламасы

ІІ тарау. Ақша қаражаттары аудитін жүргізуді ұйымдастыру
2.1 Кассалық операциялардың есебінің аудиті
2.2 Есеп айырысу, валюталық және банктегі басқа да арнайы шоттары мен жол үстіндегі ақша қаражаттары есебінің аудиті
2.3 Есепте көрсетілген қателіктер және аудиторлық қорытынды

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

1.1 Ақша қаражаттары аудитінің маңыздылығы

Ақша қаражаттары дегеніміз – шаруашылықтың кассасындағы және банктердегі шоттардағы нақты ақшалар. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің нормативтік актілерге және басқа да заң актілерінің талаптарына сәйкес барлық шаруашылық жүргізуші шаруашылықтар өз ақша қаражаттарын оларға қызмет көрсететін банктердің тиісті мекемелеріндегі шоттарда сақтауға міндетті. Шаруашылық күнделікті қажетін өтеу үшін қалдырылған ақша қаражаттары, Ұлттық Банктің белгілеген көлемінде шаруашылықтың кассасында сақталуы тиіс.
Аудитор ақша қаражаттарының есебіне тексеру жүргізген кезде, құжаттары бойынша жүргізілетін жаппай тексеру әдісін қолдануға тиісті. Аудитор ақша қаражаттарының сақтау және заңды тұлғалармен есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының және шетелдердің банк мекемелерінде ұлттық және шетелдік валютада ашылған шоттарын анықтауға міндетті. Сондай-ақ, шаруашылықтың ішіндегі кассалардың санын да қоса анықтайды.
Шаруашылықтағы ақша қаражаттарының есебінің тиімділігін арттырып, талапқа сай жүргізілуіне бірден-бір әсер ететін фактор – ол уақтылы жүргізілген түгендеу. Аудитор түгендеудің материалдарымен танысып, оның нәтижесі бойынша жасалған актіде көрсетілген фактілерге назар аударып, олардың кейбіреулерін қағазға жазып алып, тексеру барысында қайталануын бақылауға алады. Түгендеу ақша қаражаттарына және басқа да, бетінде ақшалай бағаланып номиналды құндылығы жазылған құндылықтарға жүргізіліп, түгендеу актісінде көрсетілген нақты қолда бар ақша қаражаттарды, құндылықтарды, ақша құжаттарын сол түгендеу жүргізілген күні берген есеп мәліметтерімен салыстырылып нәтижесінің шығарылғандығын тексереді. Жол үстіндегі ақша құжаттарына түгендеу жүргізгенде, сол түгендеу жүргізген күні жол үстіндегі екенін растайтын құжаттарының көшірмелерінің тіркелгендігін анықтайды. Банктердегі, есеп айырысу, валюталық және арнайы шоттардағы ақша құжаттарына жүргізілген түгендеудің банктен алынған көшірмелердегі мәліметтерімен салыстырылып тексеру арқылы жүзеге асырылғандығын анықтайды. Шаруашылықтың басшысының түгендеудің нәтижесінде жасалған актіні мамандарды қатыстырып талқылап бекіткендігін анықтап, кеткен кемшіліктер бойынша қаралған шараларды растайтын хаттамамен танысып, кассалық операциялардың есебін тексерумен ұштастырып жалғастырады. Шаруашылықтың қаржы шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспарында ақша қаражаттарының ақпараттарын жинақтап, қозғалысын таратып отыру үшін V “Ақша қаражаттары” бөлімінің 41 “Жол үстіндегі ақшалар”, 42 “Банктегі арнайы шоттардағы нақты ақша қаражаттары”, 43 “Валюталық шоттағы нақты ақшалар”, 44 “Есеп айырысу шотындағы нақты ақшалар” және 45 “Кассадағы нақты ақшалар” бөлімшелерінің синтетикалық шоттары қаралған.
Ақша қаражаттарының аудитін жүргізгенде аудитор мыналарды анықтайды:
- касса-банк операцияларын атқаратын қызметкерлердің сандық және сапалық құрамы;
- касса –банк құжаттарын жасап, өңдейтін адамдар үшін есеп пен ақша бақылауын әдістемелік және ереже белгілейтін қамтамасыз етудің бар-жоғы;
- бұл жұмыс учаскесінің қызметкерлері кімге есеп береді;
- касса-банк және басқа ақшалай операциялардың дұрыстығын кім, қашан және қалай тексереді?
- кәсіпорында кассадағы ақшаның бар-жоғын кенеттен тексеруді жүйелі жүргізуге арналған тұрақты жұмыс істейтін комиссияны тағайындау туралы басшының бұйрығы бар ма?
- бұл бұйрық орындала ма, кассаны кенеттен тексеру актілері бар ма және олардың мазмұны қандай?
- аналитикалық және синтетикалық есеп, шаруашылықішілік бақылау мен ақшалай операцияларды жедел қолдау жолға қалай қойылған?
Осылайша ұйымның ақша қаражаттары қозғалысын тексеру, оның аудитін жүргізудің маңыздылығы жоғары деп айтуға болады.
1.2 Ақша қаражаттары аудитінің жоспары

Аудиторлық тексерудің бастапқы кезеңі жоспарлау болып танылады. Аудитті жоспарлау міндеттеме-хатқа қол қоюға дейін және экономикалық субъектімен келісім шарт жасағанға дейін басталады. Аудиторлық жоспарлаудың мақсаты – оның стратегиясы мен тактикасын анықтап, аудиторлық тексерудің жалпы жоспарын құру және аудиторлық бағдарлама жасау.
Аудитті жоспарлау процесі бірнеше кезеңнен өтеді:
1) Алдын ала жоспарлау;
2) Жалпы жоспарды дайындау және құру;
3) Бағдарламаны дайындау және құру.
Аудиторлық ұйымдар жоспарлау кезінде кешенділік, үздіксіздік және тиімді сияқты бірқатар қағидаларды сақтауы қажет. (сурет 1)
Әдетте, жоспарлауға уақыттың көбірек үлесі бөлінеді (қайталанған аудитте – 5-10%; алғашқы аудитте – 20-25% және одан да жоғары), олар аудиторлық тексеруге жұмсалады. Бірақ, жоспарлау көлемі әр нақты жағдайда клиентпен жүргізетін жұмыс шартына байланысты. Сапалы жоспарлауға жұмсалған уақыт және күш тексеруге кететін уақыт пен күшті үнемдеп, нәтиже сенімділігін жоғарылатады.
1.3 Ақша қаражаттарының аудитінің бағдарламасы

Аудитор шаруашылықтың есеп айырысу шоттарының және кассаларының құрылымымен танысқаннан кейін, ақша қаражаттарының есебін тексерудің аудиторлық бағдарламасын жасайды.
Бағдарламада тексеруді талап ететін мәселелер ретімен жазылып, тексеру барысында басшылыққа алынып, кездескен фактілерге байланысты толықтырулар мен түзетулер енгізіліп отырады. Ақша қаражаттарының аудиторлық бағдарламасы мыналарды қамтуы мүмкін:
- баланстың көрсеткішінің, Бас кітаптың және есеп регистрлерінің, машинажазбалардың мәліметтерін салыстырып тексеру;
- ақша қаражаттары шоттарының синтетикалық және аналитикалық есеп мәліметтерінің сәйкестігін және дұрыс жүргізілгендігін тексеру;
- кассаға түгендеу жүргізуді және касса операцияларын тексеруді;
- банктегі арнайы шоттардың ашылу тәртібін және жүргізілген операцияларының заңдылығын тексеруді;
- есеп айырысу тәртібін бұзуға жол бергені үшін қолданылған шараларды тексеруді;
- шаруашылықтың келісімінсіз, олардың шоттарынан қаражаттың аударылу және есептен шығарылу фактілерін тексеруді;
- шаруашылықтағы ақша қаражаттарының есебіне ішкі бақылаудың қалай ұйымдастырылғанын тексеруді. (кесте 1)
Ақша қаражаттары аудитінің бағдарламасы

Аудит процедуралары Ақпарат көздері, бағалаудың критерийлері мен тәсілдері
1. Ақшалай операцияларды атқаратын (кассир, бухгалтер және т.б) қызметкерлер құрамын білу Кадр бөлімінің мәліметтері, білім мен біліктілік туралы куәліктер, жұмыс өтімі, іскерлік қасиеттері және т.б.
2. Ақша алу, сақтау және қолдану үшін әдістемелік, нормативті және материалдық базамен қамтамасыз етуді тексеру Заңнамалық актілердің, стандарттардың, нормалардың, ережелердің, нұсқаулықтың, құжат бланкілерінің, касса, сейф бөлмелерінің, күзет дабылдамасының және т.б. бар-жоқтығы
3. Операцияларды құжаттау, ресімдеу мен ақшаны басқару жағдайын алдын ала шолудың дұрыстығын тексеру Кірістік және шығыстық кассалық ордерлерді тіркеу журналы, ақшалай қаражаттың қозғалысы есебі кітабы, бастапқа құжаттар және т.б.
4. Ақша қозғалысы жөніндегі операцияларды көрсетудің дұрысытығын, толықтығын, дәлдігін тексеру Төлем – тапсырмалары мен талаптары, журнал-ордерлер, тізімдемелер (ведомостер) сенімхаттар, вексельдер, бланк көшірмелері, чек түбіртектері және т.б.
5. Кассаны түгендеу мен кассалық операцияларды, ақшаны, құнды қағаздарды және қатаң есептегі бланкілерді тексеру Кәсіпорын басшысының тұрақты жұмыс істейтін комиссия мен кассирді тағайындау туралы бұйрықтары, жеке материалдық жауапкершілік туралы шарт, кассаны түгендеу актісі, кірістік және шығыстық ордерлер (КО-1, КО-2), кассалық құжаттарды тіркеу журналы (КО-3), касса кітабы (КО-4), аванс есебі, журнал ордер 1, 1 тізімдеме (ведомость) Бас кітабы, 401-403, 411, 421-424 шоттары және т.б.
6. Ақшаның сақталуы мен мақсатты пайдаланылуын тексеру
7. Касса-банк операцияларын атқару мен есеп сақтау шарттарын айқындау үшін тексеру, байқау және тестілеу
8. Банк операцияларын, құжаттардың түгелдігі мен анықтығын тексеру
9. Ақшаны есептен шығару, кассалық және қаржылық тәртіпті сақтауды тексеру
10. Инкассо қолданудағы, есеп айырысудың аккредитивтік және чектік түрлерінің, құрылымдық бөлімшенің ағымдағы басқа шоттарын ашудың дұрыстығы мен заңдылығын тексеру Банк көшірмелері мен бастапқы құжаттар, оларға тіркелген: аккредитивтер, чек кітапшалары, төлем тапсырмалары, пошта аударымдарының түбіртектері, 1-3 журнал-ордерлері; 1,2,3 журнал-ордерлеріне тізімдемелер. Қолданыстағы заңнамаларға нормативті-анықтама ақпаратының, тізімдемелік нұсқаулықтар, стандарттар мен ережелердің сәйкес келуі
11. Жол-жөнекей ақша сомасының шынайылығы, өнімді және басқа іс-әрекетті, жұмысты және көрсетілген қызметті өткізуден түскен түсімнің түгелдігін тексеру 3 журнал-ордер, 3 журнал-ордерге 1 тізімдеме, 411 «Жолдағы ақша» шоты бойынша Бас кітап, шот-фактуралар, тауарлық-көліктік жүкқұжаттар, қабылдау-тапсыру актілері және басқа бастапқы құжаттар
12. Баланс көрсеткіштерін Бас кітап мәліметтерінің сәйкестігін тексеру Баланс, 401-403, 411, 421-424, 431-432, 441, 451-452 шоттар бойынша Бас кітап
13. Ақша қозғалысының синтетикалық және аналитикалық есебін жүргізу дұрыстығын тексеру Бас кітап, 1-4 журнал-ордерлер, 1-3 журна-ордерлердің тізімдемелері, касса кітабы және ақша қозғалысы туралы басқа құжаттар
14. Қысқа мерзімді инвестициялар бойынша операциялардың дұрыстығын тексеру Акциялар, облигациялар, депозиттік сертификаттар, депозиттер, бондар, қазынашылық вексельдер, опциондар, варранттар, фьючерстік мәмілелер
2.1 Кассалық операциялардың есебінің аудиті

Шаруашылықтың ішіндегі нақты қолма-қол ақшаны қабылдау, тарату және сақтау операциялары шаруашылықтың кассасы арқылы жүзеге асырылады.
Кассада сақталатын ақша 451 «Кассадағы ұлттық валюта түріндегі нақты ақшалар» және 452 «Кассадағы ұлттық валюта түріндегі нақты ақшалар» 45 бөлімшесінің «Кассадағы нақты ақшалар» шоттарында ескерілуі тиісті. Осы шоттардың дебетінде кассаға түсетін ақша, кредитінде – кассалық есептен шығатын ақша жазылады. Бұл шоттар бойынша жазбалар кірістік және шығыстық кассалық ордерлер негізінде жасалды. (кесте 2)

Кассалық операцияларды аудиторлық тексерудің бағдарламасы

Аудит процедуралары Ақпарат көздері
1. Ақша мен кассадағы басқа құндылықтардың бар-жоғы мен жағдайын түгендеу Касса ревизиясы бойынша комиссияны тағайындау, кассирді тағайындау туралы кәсіпорын басшысының бұйрықтары; кассирмен материалдық жауапкершілік туралы шарт, кассалық құжаттар (КО-1, КО-5), аванстық есептер, кассаны түгендеу актілері, 1 тізімдеме (ведомость), 1 журнал-ордер, Бас кітап және т.б
2. Кассалық операцияларды құжаттық ресімдеудің дұрыстығын тексеру Кассалық құжаттар (КО-1, КО-5), аванстық есептер, кассаны түгендеу, 1 журнал-ордерге 1 тізімдеме (ведомость), Бас кітап және т.б
3. Қолма – қол ақшаны кіріске алудың мерзімділігі мен толықтығының дұрыстығын тексеру Банк көшірмелері, чек кітапшалары, заңды және жеке тұлғалармен шарттар, банк көшірмелеріне тіркелген бастапқы құжаттар кассалық құжаттар (КО-1, КО-5), 1 журнал-ордерге, Бас кітап және т.б
4. Ақшаны шығысқа шығарудың дұрыстығын тексеру КО-1, КО-2, КО-3, КО-4, КО-5, 1 журнал-ордер, Бас кітап және т.б.
5. Бухгалтерлік есептегі шоттарда операцияларды көрсетудің дұрыстығын тексеру Бастапқы құжаттар, 1 журнал-ордерге 1 тізімдеме (ведомость), 1 журнал-ордер, Бас кітап және т.б. Аналитикалық кестені әзірлеу және тұжырымдар мен ұсыныстарды негіздеу
6. Кассалық операциялар аудитінің қорытындылары бойынша тұжырымдар мен ұсыныстарды әзірлеу Кассаны тексеру актісі, ескертулер, оларды жою жөніндегі ұсысынтар
Кәсіпорынның кассадағы ақша қозғалысын ішкі бақылаудың болмауы немесе жеткіліксіздігін білдіретін белгілері мыналар:
- кассадағы ақшаны толықтай парақтап қайта санау мен басқа құндылықтарды тексеретін кенеттен болатын ревизияның кәсіпорында жолға қойылмауы;
- кәсіпорында тексерудің мерзімділігін белгілейтін басшы бұйрығының жоқтығы;
- кассаға ревизияны немқұрайлы өткізудің барлығы – ревизия өткізетін комиссияға тұрақты тек бір адамдардың ғана тағайындалуы, банкнотты парақтап қайта санауды айғақтайтын, ревизия комиссиясы актісіне тіркелген жұмыс жазбаларының болмауы және т.б;
- кәсіпорын басшысы өкімінде көрсетілмеген бас бухгалтер мен кәсіпорын басшысын жанай өтіп, басқа адамдарға кірістік және шығыстық құжаттарға қол қою құқығын беру;
- кассир ауысқанда (жұмыстан шыққанда) кассаға ревизияны сырт көзге ғана (формальды) өткізу;
- штатта кассирдің болмауы, бұл функциялар кәсіпорын басшысының жазбаша өкімінсіз есеп қызметкеріне жүктелсе;
- кассирмен толық материалдық жауапкершілік туралы шарттың жоқтығы;
- мұндай процедура ол үшін әдеттегідей екендігін дәлелдейтін кассирдің кассаны ревизиялауға дайындығының болмауы.
Касса мен кассалық операциялардың аудиті негізінде үш бағыт бойынша өтеді: қолма-қол ақшаны түгендеу, оларды түгел және уақтылы кіріске алуды тексеру, ақшаны шығыстарға есептен шығарудың дұрыстығын тексеру.
Жалпы алғанда касса мен кассалық операциялады тексергенде келесі әдіснаманы қолдануға болады:
1. Кассаны түгендеу аудитордың тексеру орнына келгенінде бірден өткізіледі. Оны өткізуге дейін аудитор мыналарды анықтауы тиіс: кәсіпорында басшының кассадағы ақшаның бар-жоғын кенеттен тексеруді жүйелі жүргізу үшін тұрақты жұмыс істейтін комиссия туралы бұйрығы бар ма, бұйрық орындала ма? Кассаны кенеттен тексеру актілері бар ма және олардың мазмұны қандай, тексерілетін кәсіпорынға бір кассир немесе бірнеше кассир (немесе соған уәкілетті тұлға) қызмет көрсете ме, кассир тек тексерілетін кәсіпорында ғана жұмыс істей ме немесе өз міндеттерін басқа ұйымдарға қызмет етумен қоса атқара ма, кассирді тағайындау туралы бұйрық және кәсіпорын әкімшілігі кассирмен жасасқан материалдық жауапкершілік туралы шарт бар ма, кассир кассалық операцияларды жүргізу ережелерімен танысты ма?
2. Кассаға тексеруді жүзеге асырғанда, аудитор мынадай шарттарды сақтауға міндетті: тексеру құрамында кәсіпорынның кассир мен бас бухгалтері міндетті түрде кіруге тиісті, кәсіпорын басшысы тағайындаған тұрақты жұмыс істейтін комиссия мүшелерінің қатысуымен жүргізіледі, кассаны тексеру кезінде кассаға бөгде кісілерге кіруге рұқсат етілмейді және касадан тыс операциялар доғарылады.
3. Кассаны тексеру мүмкін болмағанда немесе бірнеше касса болғанда олардың барлығын аудитор мөрлеп жабады. Кілт кассирде қалады, ал мөр аудиторда болады. Бұл бір кассадағы ақшаның жетіспеушілігін басқа кассадағы бар ақша есебінен орнын жабу мүмкіндігін болдырмау мақсатымен жасалады.
4. Кассир түгендеу комиссиясының қатысуымен соңғы күндегі кассалық операциялар жөнінде есеп жасайды. Кассалық кітап бойынша ақша қалдығын шығарады. Барлық кірістік және шығыстық құжаттар касса есебіне кіргізіледі, кассаны түгендеу сәтінде кіріске алынбаған және есептен шықпаған ақшалай қаражат жоқ екендігі жайлы қолхат береді. Бұл қолхат кассаны түгендеу актісі түрінің тақырыптық бөлігіне кіреді.
5. Касса есебіне бас бухгалтер қол қояды және тиісті шоттар мен бухгалтерлік регистрде ақша қозғалысы туралы операцияларды көрсету үшін бухгалтерияға беріледі.
6. Кассадағы бар ақшаны жекелеген түрде немесе банктік орауда тұрғанына қарамастан түгел қайта санау жүргізіледі.
7. Мұндай міндетті процедура кассада сақталатын (пошта маркілері, мемлекеттік баж маркілері, вексельдік маркілер, жолақы билеттері, төленген авиабилеттер, төленген бірақ әлі демалыс үйлеріне, санаторийлерге берілмеген жолдамалар және т.б.) ақшалай құндылықтар мен басқа да құндылықтар бойынша жүргізіледі.
8. Ақша мен құндылықтар екі мәрте саналады: алдымен кассир, сосын комиссияның басқа мүшесі санайды. Аудитордың өзі бұл аудиторлық процедураладың дұрыс өтуіне бақылау жасауға тиіс. Ақша қаражаттары атаулы құн бойынша ескеріледі.
9. Ақша қаражаттары аудитінде мыналарды тексеру керек: бұл құжаттар іс жүзінде бар екендігін, билеттер мен жолдамалар кімдерге арналған және қандай қаражат есебі дұрыстығын тексеру қажет. Олардың есебі ақша қаражаттары қозғалысы жөніндегі кітапта жазылуы тиіс. Ақша қаражаттарының түсуі мен есептен шығарылуы кассалық кірістік және шығыстық кассалық құжаттармен ресімделуі тиіс. Осылайша, кассир ақша жөніндегі сияқты ақша құжаттарының қозғалысы бойынша да есеп жасайды және оны бас бухгалтерге тапсырады.
10. Түгендеу жүргізу кезеңінде кассада ішінара төленген тізімдемелер болуы мүмкін. Аудитор бас бухгалтер мен кассирге оларды белгілеген тәртіп бойынша жабуды, оларға кірістік ордер ресімдеуді және кассирге оны есепке енгізуді ұсынуға тиіс. Егер кассаны тексеру еңбекақы беру кезеңімен тұспа-тұс келсе, тізімдеме бойынша көптеген адамдарға әлі төленбесе, бұл тізімдемелер кассир есебіне кірмеуі мүмкін. Кассалық есепке енбеген, ішінара төленген шығыстық құжаттар (төлем құжаттары) ретінде актіге жазылады. Мұндай жағдайда әрбір төлем ведомосінде еңбекақы қандай реттік нөмір бойынша және оның жалпы сомасы көрсетіледі. Көрсетілген жазба кассирдің, бас бухгалтердің және аудитордың қолдарымен расталады.
11. Тиісті тәртіппен ресімделмеген кассалық шығыс ордерлері мен ведомостері, сондай-ақ әр түрлі адамдардың қолхаттары ақтаушы құжаттар ретінде есепке алынбайды және кассадағы бар қалдыққа кіргізілмейді. Мұндай құжаттар табылғанда аудитор кассаны тексеру актісінде ақша кімнің өкімімен, қашан, қандай мақсаттарға және қандай сомада берілгенін көрсетумен бұл бұрмалауды атап өтеді.
12. Ақша мен құндылықтарды санау аяқталған соң алынған сома бухгалтерлік есепте жазылып қойылған қалдық жайлы мәліметтермен салыстырылады.
13. Ақша қаражаттарына тексеруді жасайтын аудитор бір мезгілде касса бөлмесі ақша сақтауды қамтамасыз ету, техникалық нығайту мен күзет-өрт дабылы құралдарымен ......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру