Қаржы | Ақша несие саясаты валюталық реттеу

 Қаржы | Ақша несие саясаты валюталық реттеу

Мазмұны


Кіріспе
Негізгі бөлім
1-тарау Ақша несие саясатының құралдары .
1.1. Ақша жүйесі.
1.2. Қазақстан Республикасыдағы несие жүйесінің құрылуы.
1.3.Қазақстан Республикасының Ұлттық банктің ақша несие саясаты.

II тарау. Валютлық қаржыларды реттеу.
2.1 Валюталық жүйе және оның түрлерi.
2.2 Валюталық қатынастарды реттеуi, валюталық саясат.
2.3. Валюталық нарық.
2.4. 2003 – 2005 жылдарға арналған ақша-неси
саясатының негізгі көрсеткіштерінің болжамы.

Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер.

1-тарау Ақша несие саясатының құралдары .
1.1. Ақша жүйесі.

Ақша жүйесі-бұл тарихи түрде қалыптасқан және ұлттық заңдылықтармен бекітілген ақша айналысын ұйымдастыру формасы.
Ақша жүйесінің өзіне тән типтері және элементтері болады. Ақша жүйесінің типі бұл ақшаның қандай формада болуын сипаттайды. Осыған байланысты ақша жүйесінің мынадай типтерін бөліп қарайды:
· метал ақша айналысы, яғни мұндай ақша тауары тікелей
АЙНАЛЫСТА БОЛЫП ОТЫР, АҚШАНЫҢ БАРЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРІН атқарады, ал несиелік ақшалар металға ауыстырылады:
· Несиелік және қағаз ақшалар жүйесі, яғни алтын айналыстан
алынып тасталып, оның орнына несиелік және қағаз ақшалар айналысқа түседі.
Метал ақша айналысы екіге бөлінеді:
1. Биметаллизм-жалпыға балама рөлі екі бағалы металға (алтын мен күміске) негізделген ақша жүйесі.
Биметаллизмнің үш түрі болған:
- қос валюталы жүйе, яғни мұнда алтын мен күмістің арасындағы
шекті қатынас, металдардың нарықтық құндарына байланысты белгіленген;
- Қатар жүретін валюталар жүйесі, яғни мұнда бұл қатынас
мемлекет тарапынан белгіленген;
- Ақсақ валюта жүйесі, яғни мұнда алтын және күміс монеталары
заңды төлем құралы қызметін атқарады, бірақ бірдей негізде емес, себебі күміс монеталарды жасау жабық түрде жүзеге асырылып, алтын монеталарды жасауға ерік берілді.
Биметаллизм ғғ. кеңінен тарап, ал Европа елдерінде ғ. дами бастады. Бірақ та биметалдық ақша жүйесі капиталистік шаруашылықтың даму қажіттілігіне сәйкес келмеді, себебі екі металды құн өлшемі ретінде қатар пайдалану ақшаның бұл қызметінде қарама – қайшылық тудырады.
Нәтижесінде, жалпы құн өлшемі ретінде қызмет ететін бір ғана металдың болуы талап етеді. Сөйтіп, биметаллизм ақша жүиесінің орнына монетализм ақша жүйесі келеді.
2. Монометаллизм – бұл барлығына бірдей балама және ақша
айналысының негізгі ретінде бірғана метал (алтын немесе күміс) қызмет ететін ақша жүйесі.
Күміс монометаллизм Ресейде 1843-1852жж қызмет етті.
Атын монометаллизмі (стандарт) алғаш рет ақша жүйесінің типі ретінде ғ. Ұлыбританияда қалыптасып, 1816ж заңды түрде бекітілде. Көптеген елдерде ол ғ. аяғына қарай енгізілді, айталық: Германияда-1871-1873жж. Швецияда, Норвегияда және Данияда -1873ж. Францияда 1876-1878жж. Австрияда-1892ж. Ресейде және Жапонияда -1897ж. АҚШ-та -1900ж.
Алтынға ауыстырылатын құн белгілерінің сипатына ьайланысты алтын монометаллизмі мынадай түрлерге бөлінеді:алтын монета стандарты, алтын құйма стандарты және алтын монета стандарты, алтын құйма стандартты және алтын девиздік (алтын валюта) стандарты.
Алтын монета стандарты –бұл еркін бәсекенің тұсындағы капитализімнің талаптарына біршама сәйкес келе отырып, өндірістің, несие жүиесінің, дүниежүзілік сауда мен капиталды сыртқа шығарудың дамуын қолдады. Бұл стандарт мынадай өзіне тән негізгі белгілерімен сипатталады:
- алтын елдің ішкі ақша айналысында болып, ақшаның барлық
қызметтерін бірдей атқарады;
- алтын монеталарды қоюға рұқсат етеді (әдетте елдің монета
сарайында );
- толық құнды емес ақшалар айналыста жүре отырып, еркін және
шектеусіз мөлшерде алтын монетаға ауыстырылды:
- алтынды жіне шетел валюталарын еркін түрде сыртқа шығаруға
және ішке алып келуге болатын болды.
Бірінші дүниежүзілік соғыс тұсындағы бюджет тапшылығының өсуі, оны зайымдар және ақша шығару есебінен жабу эмиссиялық банктердің алтын қорларының көп мөлшерді айналыстағы ақша массасының өсуіне әкеліп, нәтижесінде қағаз ақшаларды алтын монеталарға еркін ауыстыру қаупін туғызды. Бұл кезеңдерде алтын монета стандарты соғысушы елдердің өзінің қызметін тоқтатса, кейінен көптеген елдерде де (АҚШ-тан басқа) тоқтатты. Сөйтіп банкнотаны алтынға ауыстыру тоқтатылады және оны сыртқа шығаруға тойым салынады, сондай ақ алтын монеталар қазынаға сақталуға жіберіледі. Бірінші дүниежүзілік соғыстпн соң жайлаған капитализм дағдарысы тұсында, ешбір капиталистік мемлекет өзінің валюталарын алтын монета стандарты негізінде қалпына келтіре алмады .1924-29жж. ақша реформасының жүруі барысында алтын стандартына қайта оралып, яғни оның мынадай екі қысқартылған формасы жасалады: алтын құйма стандарты және алтын девиз стандарты.
Алтын құйма стандартының алтын монетадан айырмашылығы, мұнда айналыста алтын монета болмайды және алтын монетаны еркін түрде жасауға тыйым салынады. Мұнда банкноталар, басқа толық бағалы емес ақшалар сияқты алтын құймасына тек олардың сомалары көрсетілген жағдайлар да ғана айырбасталды. Англияда 12,4 кг алтын құймасының бағасы 1700 фунт стерлинг, Францияда 12,7 кг салмақтағы алтын құйма бағасы 215 мың франке теңболды.
Австрия,Германия, Дания, Норвегия және басқа да елдерде алтын девиз (алтын валюта) стандарты бекітіліп, мұнда да айналыста алтын монета және алтын монетаны еркін түрде жасауға болмайды. Мұнда банкноталарды алтынға ауыстырылған шетел валюталарына ауыстыру жүргізілді. Осындай жолмен алтын девиз стандартын қолданатын елдердің ақша бірліктерін алтынға ауыстыру арасында жанама байланыс сақталды.
Сонымен, 1929-1933 жж. дүниежүзілік экономикалық дағдарыс нәтижесінде алтын монета стандарты барлық елдерде бірдей айналыстан алынып тасталынып (мысалға, Ұлыбританияда-1931ж.,АҚШ-та-1933ж.,Франсияда-1936ж).оның орнына алтынға ауыстырылмайтын банкнот жүйесі бекітілді.
Қазіргі ақша жүйесі мынадай элементтерден тұрады: ақша бірлігі, ақша түрлері және эмиссиялық жүйе.
Ақша бірлігі-барлық тауарлардың бағаларын бейнелеуге қызмет ететін, заңды түрде бекітілген ақша белгісі.
Ақша бірлігі ұсақ бөлшектерге бөлінеді. Көптеген елдерде 1:10:100, яғни андық бөлу жүйесі бекітілген. Мысалға, АҚШ-тың 1 доллары 100 центке тең, ағылшынның 1 функ стерлинк-105 пенсаға, Ресейдің 1 рубілі-100 копеке Қазақстанның 1 теңгесі-100 тиынға және т. с.с.
Қазақстанның ақша бірлігінің-«теңге» деп атаулуы, менің ойымша, оның тарихымен тығыс байланысты болуға тиіс. Айталық, таяауда жарық көрген Қазақстан ұлттық энцклапедиясында теңгенің тарихы былай баяндалады: «Алғаш рет ақғұндар б.з. 1 ғасырда бір беті пехвели, екінші бетіне эфталит (түркі-руни) жазуы бар теңгелер (б.з. 5-6 ғасырлар.) жасап, сауда айналымына кіргізген. Қазақ елі (қазақ халқын құраған негізгі тайпалар) баба түркілер ұлы жібек жолына орналасқандықтан ақша жасау, оны айналымға енгізуі өмір қажеттілігі деп тім ерте қолға алған. 6-8 ғасырларда билеуші рулардың таңбасы қашаалған ру рямізін бейнелеген теңгелер құйя бастаған. Сырдарияның орта алабында өмір сүрген тайпалардың қола теңгелері 6-7 ғасырдың 1-жартысына дейінгі аралықта қолданылған. Бұл теңгелерде ашиде әулетінің рәмізі болған арыстан бейнелеген. Мұндай теңгелерді Суяб, Тараз қалаларында арнайы шеберханаларды құйған. Сонымен қатар Отырар маңындағы қалаларда да түрлі теңгелер жасалған. Біріншісі-сәл ұмтылып, секіргелі тұрған арыстан бейнеленген мыс теңгелер, екіншісінде садақ және шаршы түрінде түркілердің тайпалық таңбасы (дүниенің төрт бұрышын мегзеген рәміз) бейнелеген. Екіншісі үшбұрыш таңбалы (түркінің ана әулетінің таңбасы) теңгелер. Б.з. 704-766 жж. Таразда құйылған теңгелерде «түргеш қағанаты теңгесі» немесе «Түркінің көк ханының теңгелері» деген жазулар болған. Бұл тайпалық дәрежедегі теңге емес, бүкіл мемлекет дәулетін, мүлкін, ел ырысын куәландыратын кепілдеме. 1271 жылғы. Масудбек реформасы ақша айналымында жаңа кезең ашты. Бұл реформа бойынша алтынды ақша орнына қолдану мүлдем тоқтатылып, салмағы 2 грамм, тазалығы 78-81% күміс ақшалар айналымға кіргізілді. 1321 ж. Жүргізген Кебек хан реформасының да үлкен маңызы болды. Ол бүкіл мемлекет атынан «Кебек хан теңгесін» айналымға енгізді. Ақшаның салмағы-8 грамм. Күмістен шыңдап жасаған. «Кебек хан теңгесі» Қазақстанның Испиджаб, Тараз, Отырар, Сығанақ қалаларында әзірленді. Өзбек хан, Жәнібек хан, Бердібек хан, Наурызбек, Қазыр ханның атынан шығарылған Алтын Орда теңгелері Түркістан, Жетісу, Еділ жағалауларына дейін қолдданылыста болған. Бұдан кейін 1428 ж. Енгізген Ұлықбектің ақша реформасы Орта Азия және Қазақстан жеріндегі халықтың арасында белгілі болды. 16 ғ. отырардың Қазақстан жерінде сауда айналымында өз міндетін атқарып келді. 16 ғасырдың соңы мен 17 ғасырдың Қазақ хандығының атымен өндірілген мыс ақшалар болған. Бұл ақшалардың дизайындық шеберлігі жоғары дәрежеде болғанымен Қазақ хандығында сауда ісін бір жолға қоюда, халықтың басын біріктіруде үлкен міндет атқарды».
Қорыта айтқанда, содан бері үш ғасырды артқа салып, еліміз егемендік алғаннан кейін 1993 жылы 15 қарашада ҚР-ның жаңа ақшасы-теңге қайта айналымға шығып отыр. Сол теңгенің шыққанына быйыл 10 жыл толды. Соңғы уақыттары теңге ТМД мемлекеттерінің ішінде біршама тұрақты валютаға айналып отыр.
Ақша түрлеріне заңды төлем құралы болып табылатын: несиелік және қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) жатады. Мысалға, АҚШ-та айналыста: 100,50,20,10,5,2 және 1 долларлық банк билеттері; 100 долларлық қазыналық билеттер; 1 долларлық,50,20,10,1 центтік күміс –мыс және мыс-никелдік монеталар жүреді. Ұлыбританияда айналыста: 50,20,10,5 және 1 фунт стерлинг банкноталар, 1 және ½ пенилер, сондай-ақ жаңа 10 және 5 пенсалардың құнына тең келетін 2 және1 шиллингтер де бар. Ал Қазақстанның бүгінгі ақша айналысында: 10000,5000,2000,1000,500,200,100,50,20,10,5,3 және 1 теңгелік банктік билеттер, 20,10,5,3 және 1 теңгелік метал монеталармен бірге 500 теңгелік алтыннан мерейтойға арнап, дайындалған монеталар, алғашқыда көлемі 64*100 мм су тамғылы қағазға басылған 50,20,10,5,2 және 1 тиындар кейінен олардың орнына осы номиналдарда металл тиындар шығарылды. Бірақ бүгінгі күні 1 теңгеге дейінгі тиін монеталар айналыстан алынған, сондай-ақ 100 теңгеге дейінгі номиналдағы банкноталар (қағаз түрінде) айналыста жүрмейді, олардың орнында металдан жасалған монеталар қолданыста жүр. Қазыналық билеттер айналымда жоқ.
Эмиссиондық жүйе-бұл әр елдің орталық банктерінің айналысқа ақша шығаруын білдіреді. Мысалға, АҚШ-та банкноттарды айналысқа шығарумен Федералды резервті жүйе, Ресейде-РФ Орталық банкі, ал Қазақстанда ҚР Ұлттық банкі айналысады. Ұлттық банктің қарамағында еліміздің банкнота жасайтын –Банкнота фабрикасы (Алматыда ) мен монета жасайтын –Монета сарайы (Өскеменде) бар.

1.2. Қазақстан Республикасыдағы несие жүйесінің құрылуы.

Несие жүйесінің елдегі ақша айналымын реттеудегі, заңды және жеке тұлғаларға әр түрлі қызметтер көрсету барысындағы қалыптасатын экономикалық қатынастарды да несиелік қатынастар мазмұнына жатқызуға болады. Несиелік қатынастар екі жақты сипатқа ие және шаруашылық субъектілері үшін де, сондай-ақ несие жүйесінің мекемелері үшін де бірдей қажет. Ақшаны несиелік мекемелерде сақтау – несиелік ресурстарды құруды білдірсе, ал оларды экономика және халық қажеті үшін орналастыру – несие беруді білдіреді.
Екі жақты қатынас: шаруашылық ұйымдары мен несие жүйесі, несие жүйесі мен халық, мемлекет пен несие жүйесі, несиелік мекемелер, әр түрлі елдердің несиелік мекемелеріарасында болуы мүмкін.
Жоғарыда түсіндіргеніміздей, несиелік қатынас негізінен ақшалай формада несие экономикалық категориясының қызмет етуі барысында жүзеге асырылады. Несиелік қатынастардың сыртқы көрінісі несие формасын сипаттайды. Ол несиелік қатынастардың мәні және ұйымдастырылуын синтездейді. Несиелік қатынастар формасы мен мазмұны диалектикалық бірлікте болады. Несиелік қатынастар формасы олардың мазмұнына сәйкес келіп және оның дамуын ынталандыруы тиіс. Өндірістік қатынастардың өзгерісі несиелік қатынастар мазмұны мен несие формасының өзгеруіне әкеледі.
Несие екі формада болады: тауарлық және ақшалай. Тауар несиесі коммерциялық несиенің бірінші негізін білдіреді. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің бір-біріне қарыз беруі барысында, аталған несие формасында ақшалай формада қайтарылады. Өйткені, алушы субъект несие беруші тауар несиесін алғанын куәландыратын вексельді, сондай-ақ салынған мүлік туралы парақты немесе құжаттарды береді. Бұл тұста несиелік қатынастар субъектілеріне – шаруашылық жүргізуші субъектісі және банк жатады. Несиелік қатынастардың мазмұнындағы өзгерістер нәтижесінде тауар формсындағы несие ақшалай формаға қайта ауысады. Сөйтіп, тауар формасы негізінде несиенің ақшалай, ең бастысы банктік формасы пайда болып дамиды.
Неиелік қатынастар мен несие формаларының және несиелік мекемелердің жиынтығы кең мағынадағы несие жүйесі ұғымын құрайды.
Ал несие жүйесі тар мағынасында – бұл несиелік есеп айрысу қатынастарын ұйымдастырушы, елдегі ақша айналысын реттейтін және басқа да қаржылай қызмет көрсететін несиелік мекемелер торабы болып табылады.
Басқаша айтқанда, несие жүйесі банктік және басқа да мекемелердің жиынтығын – несиелік операцияларды жүзеге асыру және олардың құқықтық формаларын ұйымдастыруы арқылы сипатталады. Несиелік қатынастарды ұйымдастыруда: банктік және банктік емес институттар шеңберінде екі жүйені бөліп қарастырады. Соған сәйкес несие жүесінің екі негізгі буыны қалыптасады: банктік емес мамандандырылған несие-қаржы мекемелері.
Жалпы несие жүйесінің құрылымын келесі кестеде көрсетуге болады (сурет
1-сурет.
Басқаша айтқанда, несие жүйесі банктік және басқа да мекемелердің жиынтығын – несиелік операцияларды жүзеге асыру және олардың құқықтық формаларын ұйымдастыруы арқылы сипатталады. Несиелік қатынастарды ұйымдастыруда: банктік және банктік емес институттар шеңберінде екі жүйені бөліп қарастырады. Соған сәйкес несие жүесінің екі негізгі буыны қалыптасады: банктік емес мамандандырылған несие-қаржы мекемелері.
Экономиканың кейбір экономикалық-тарихи даму кезеңіне несие-ақшалай қызмет көрсетудегі қажеттіліктерге толық жауап беретін несиелік істі ұйымдастыру типі, өзіндік несие жүйесінің құрылымы сәйкес келеді. Мысалы, жоспарлы-орталықтандырылған КСРО экономикасында Мембанктің жетекшілігімен ұйымдастырылған несие жүйесінің құрылымы қызмет етсе, нарық экономикасы үшін монополиясыздандырған банктік және банктік емес мекемелерден құралатын несие жүйесі қажет.
Бірлескен несие жүйесінің күрделі, көп буынды құрылымы болады. Егер де несиелік мекемелердің өз клиенттеріне көрсететін қызметтерінің жіктелуін негізге алатын болсақ, онда қазіргі несие жүйесінің үш маңызды элементін бөліп қарастыруға болады:
1) Орталық (эмиссиялық) банк;
2) Коммерциялық банктер;
3) Мамандандырылған несиелік мекемелер: (сақтандыру, жинақтық, ипотекалық, сенімгерлік (трастовый) және т.б.).
Функционалдық мамандануына, шаруашылық буындарға несие-қаржылық қызмет көрсету көлемі мен санына сәйкес банктік жүйе несие жүйесінің ядросы, ал несиелік институттардың қызметін реттеуші бірегей орган – Орталық банк болып табылады.
Орталық банк - бірінші деңгейлі мемлекеттік банк, сондай-ақ кез келген елдің ол мемлкеттік, халықтық немесе ұлттық банк деп аталуына тәуелсіз эмиссиялық, ақша-несие институты болып табылады. Орталық банк – бұл “банктердің банкі”. Ол заңды және жеке тұлғалармен операциялар жүргізбейді, оның клиенттеріне – коммерциялық банктер және басқадай мекемелер, сондай-ақ үкімет ұйымдары жатады.
Банктік мекемелерге қатысты Орталық банк тікелей әрекет ету және реттеу, бақылау мен қадағалау қызметтерін атқарады. Несиелік жүйенің қалған буынына Орталық банк несиелік және ақшалай операциялар, рыноктың әр түрлі секторлары, несие-қаржы қызметтерінің өзара байланыстарында байқалатын жанама әрекет етеді.
Коммерциялық банктер қарыз капиталы нарығының әр түрлі секторларында қызмет ететін көп қызметті мекемелер болып табылады. Олар кәсіпкерлік тәжірибесінде белгілі бір көптеген қаржылық операцияларды орындайды. Коммерциялық банктер кез келген елдің несие жүйесінде әдеттегідей негізгі, базалық буын ролін атқарады.
Олар үкіметтің, іскерлер мен миллиондаған жеке тұлғалардың салымдарын шоғырландыра отырып, қаржы жүйесінің орталығы болып қала береді. Коммерциялық банктер қарыздық және инвестициялық операциялар арқылы өздерінің әр түрлі қорларына қарыз алушылардың қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Мамандандырылған несие мекемелері (оларды парабанктік деп атайды) нарық экономикасындағы несие жүйесіне қажетті маңызды буын болып табылады. Бұл мекемелерсіз экономиканың әр түрлі салаларында және тұрғындарға көрсетілетін несие жүйесінің қызметтері толық болмас еді.
Парабанктік мекемелер көбінесе белгілі бір клиенттер типіне немесе бірер негізгі қызмет түрлерін көрсетуге бағытталады. Олардың қызметтері нарықтың кішігірім сегменттеріне ғана қызмет көрсетуге жұмылдырады.
Мұндай мекемелер екі жақты бағыныштылықта болады: бір жағынан, олар несиелік және есеп айыру қызметтерін жүзеге асырумен байланысты болатындықтан да Орталық банктің соған сәйкес талаптарын басшылыққа алады. Екінші жағынан олар, қандай да бір қаржы, сақтандыру, инвестициялық немесе басқа да операцияларға мамандана отырып, тиісті ведомстволардың реттеу әрекеттеріне ұшырайды.

1.3.Қазақстан Республикасының Ұлттық банк ақша несие саясаты.

Еліміздегі барлық несие жүйесін реттеуші үйым рөлі атқара отырып, орталық банк экономикамызда басты орын алады.
Орталық банк еліміздің эмиссиялық және резервтік орталығы ретіне ақша-несие және валюта саясатын анықтайды. Оның қызметінің басты мақсаты пайда табу емес, тек ақша-несие саясатын жүргізуге және еліміздің банк жүйесіне жетекшілік етуге бағытталады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, Орталық банктің мемлекетпен біріктірілген кең көлемдегі өкілеттілігі екі деңгейдегі банктік жүйенің тиімді қызмет етуін қамтамасыз етеді.
Орталық банктің тарапынан ақша-несиелік реттеудің негізгі объектісіне экономикамыздағы жалпы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасы жатады.
Ұлттық банк-бұл бұрынғы қарапайым клиентерге қызмет көрсетумен айналасқан, қарапайым мемлекеттік банктен орталық, эмиссиялық банкке ауысқан, банктердің банкісі болып табылады. Іс жүзінде Ұлттық банкте барлық кассалық резервтердің шоғырлануы және олардың шаруашылық айналымына түсуі Ұлттық банктер мекемелерінің коммерциялық банктер кассасын толтыру арқылы жүзеге асырылады. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырсуларды Ұлттық банк мекемелері арқылы жүргізе отырып, қажет жағдайларда Ұлттық банктен несие ала алады.
Ұлттық банк- бұл ақшалай резервтерді құрайтын. Оған қоса меншікті алтын валюта резервтерден, басқа да материалдық бағалықтардан тұратын мүліктерге ие болып табылатын заңды тұлға.
Әлемдік тәжірибеде орталық банктің қызметін ұйымдастырудың әр түрлі мынадай құқылық формалары кездеседі:
-мемлекеттің 100% қатысуымен капиталын құрайтын біртұтас банк формасында (мысалға: Ұлыбритания, ГФР, Франция, Канада, Ресей, Қазақстан).
-акцияның бір бөлігі мемлекетке тиесілі немесе мемлекеттің қатысынсыз акционерлік қоғам формасында (Жапония, Белгияда);
-орталық банктің функцияларын біртұтас атқаратын тәуелсіз банктер жүйесі (АҚШ-та);
АҚШ-та орталық банктердің мүлкіне мемлекет қатынаспайды, олардың капиталы Федеральды резервтік жүйеге мүлік иесі болып келетін коммерциялық банктердің қосқан жарнасынан тұрады.
Ұлттық банк өзінің атқаратын мәні жағынан біртұтас ұйым болып табылады, ал мемлекет тек оның жарғылық қорының иесі. Бүгінгі жарғылық қордың мөлшері-20 млрд теңгені құрайды. Негізгі қорлары ғимараттардан, құрылғылардан, құрал-жабдықтардан, көліктік құралдар мен басқа бағалықтардан,ал айналым қорлары банкке тиселі болып табылатын меншікті ақшалай қаражаттардан тұрады.
Ұлттық банк резервтік және басқа да қорларды құрайды. Резервтік қор жарғылық қор көлемінде құралып, меншікті пайда есебімен толықтырады және жүргізген операцияларға байланысты зияндар мен шығындардың орнын жабуға арналады.
Ұлттық банктің қаржылық жылдағы таза табыс, сол қаржылық жылға қатысты, нақты табыстар мен шығыстар арасындағы айналысқа шығарылған, оған қоса активтердің амортизациясын, оның ішінде, банкнот пен монеталарды қоса алғандағы шығыстардың айырмасы негізінде анықталады.
Ұлттық банктің таза табысы жарғылық қорды және резервтік қорды абсолюттік соммада құруға ......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру