Қаржы | Ақша реформасын жүргізудің себептері мен қажеттілігі

 Қаржы | Ақша реформасын жүргізудің себептері мен қажеттілігі

Мазмұны

Кіріспе...........................................................................................................2
I. Тарау.Ақша реформасының қажеттілігі.............................................4
1.1 1993жылғы Ақша реформасының себептері.......................................4
1.2 1993 жылғы Ақша реформасының түрлері..........................................6
1.3 Реформа жүргізудің шетелдік тәжірибесі............................................7

II. Тарау. Қазақстан Республикасындағы 1993 жылғы ақша реформасының экономикалық мазмұны мен нәтижелері (номинализм)..............................................................................................10
2.1 Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгенің енгізілуі және тұрақтылығы................................................................................................10

Қорытынды.................................................................................................21
Пайдаланған әдебиеттер тізімі................................................................23

1. Ақша реформасын жүргізудің себептері мен қажеттілігі.
1.1 1993 жылғы Ақша рефорасының себептері.
Ақша реформасын өткізудің қажеттігі. Революцияға дейінгі Қазақстанда жүргізілген 1895-1897 жж. ақша рефомалары нәтижесінде алтын монета айналысы бар алты монометаллизм жүйесі енгізілді. Айналыста алтын, күміс және мыс монеталар жүрді. Негізгі ақша белгілеріне 92% алтынмен қамтамасыз етілген Мемлекеттік банктің несиелік билеттері жатты. Ақша массасының басты бөлігін алтын монеталарға ауыстырылатын айналыс құралдары құрады сондықтан да оларға деген халықтың сенімі болды.
Мемлекеттік шығыстарды жабу мақсатында үкімет ірі купюрада қағаз ақшаларды шығарды. Ұсақ ақшалар ролін чектер, бондар, маркалар және баска да ақшалай суррогаттар атқарды. Ресейде ақша жүйесінің жалпы құлдырауы басталып, оның Қазақстанға да өзіндік ықпалы болды. Қазан революциясынан кейін ақша айналасының жағдайы біршама нашарлай түсті. Үш жыл ішінде (1913-1920) айналыстағы қағаз ақшаларының массасы 48 есеге дейін өсіп кетті, Ақша 10 мың есеге құнсызданды. 1919 ж. алғаш рет кеңестік мемлекеттік билеттер, кейіннен РСФСР-дің есеп айырысу белгілері айналысқа шығарылды. Түркістанда, Солтүстік Кавказда, Кавказда, Қиыр Шығыста және басқа жерлерде жергілікті ақша белгілерін шығаруға рұксат берілді. Ақша массасы сан алуан түрлі болды. Жергілікті ақша белгілері Жетісуда, Верный қаласында (казіргі Алматы) шығарылды. Жетісулық несиелік билеттер Мемлекеттік банкте апиынмен сакталған және Жетісу облысының барлық байлығымен қамтамасыз етілді. Бұл туралы несиелік билеттің бет жағында көрсетілген жазу куәландырады. Дүние жүзілік тәжірибеде мұндай жағдайлар болған емес. Жергілікті билік органдарының иелігінде мұндай бағалы дәрәлік шикізаттың 275 пуды болды, олар елдің байлығы болып саналды. Бірақ бұлар қаржылық жағдайды нығайта аламады. "Верненск рублі" күн сайын құнсыздана бастады.
Азамат соғысы мен шетел интервенциясы жағдайында интервенттер, шетелдіктер және ақ гвардия "үкіметі" өздерінің ақшаларын басып шығарды. Олардын бағамдары әр түрлі болды, және олар тезірек құнсызданды.
Ақшаның қатты құнсыздануының нәтижесі: шаруашылық қатынастардың натуралдануы мен ақшаның айналыстан шығарылуы болып табылды. 1920 ж. соңынан бастап "енбек паегін" ақысыз беру басталды. Келесі жылдары пәтерақы және коммуналдық қызметтер үшін төлем төлеу алынып тасталды. Оқущыларға тегін киім берді. Базарлардың өзінде азық-түліктермен алмасу ақшасыз, яғни кездейсоқ айырбас эквивалент (мысалы, етік жұбы 30 фунт крупаға, немесе 1 пуд қара ұнға. басқа немесе 3 фунт махоркаға және т.б.) түрінде жүзеге асырылды.
Ақша реформасын өткізудің экономикалық алғышарттарына ЖЭС жүргізудің нәтижесіндегі шаруашылық жағдайдың біршама жақсаруы: әр түрлі өнеркәсіп салаларындағы өнімдер көлемінің өсуі, еңбек өнімділігінің артуы, ауыл шарушылығының басты өнімдерінің өсуі (бидай, мақта), тауар айналымының артуы жатады.
Тауар шаруашылығындағы ақша айналысыныц бірқалыпты болуының екінші бір алғышарты - бұл ақшаның алтынмен қамтамасыз етілуі. 1.01.1922 жылдан 1.01.1923 жылдар аралығында Мемлекеттік банктің алтын валюта резерві 6,7 млн-нан 31 млн рубльге дейін өсті. 1922 ж. сәуірде бағалы металдарды және тастарды еркін түрде иеленуге рұқсат берілді, оған дейін халық оларды мемлекетке тапсыруға міндетті болатын. Бағалы металдардан жасалған монеталар мен шетел валюталарын сатып алу мен сатуды Мемлекеттік банктің өзі ғана жүргізуге монололиялық құқығы болды.
Ақша айналысын қалыпқа келтірудін басты бір қадамына 1922 ж. мемлекеттік ақша белгілерін шығару жатты. Мұндағы 1 рубль бұрын шығарылған 10 мың рубльге теңесті. Ақшаларды қайта есептеу олардың төрт нолін сызып тастау (деноминациялау әдісі) арқылы жүргізілді.
1922 ж. 1 мамырынан бастап, барлық есептесулер жаңа ақшалармен жүзеге асты. Айналыстағы ескі ақша белгілерін 1923 ж. 1 қаңтарына дейін кассаларда кабылдады.
Екінші рет деноминациялау барысында 1923 жылғы үлгідегі 1 рубль 1922 жылы 100 рубльге немесе бұрынгы кеңестік ақша белгілерінің бір миллионына теңесті.
Деноминациялар ақшаны есепке алуды оңайлатты, ақша айналысын бір қалыпқа келтіру жөніндегі ұмтылыстарды куәландырды. Әйтсе де рубльді тұрақтандыру мүмкін болмады.

1.2 1993жылғы Ақша реформасының түрлері.
Ақша реформасы екі кезеңде жүргізілді. 1922 ж. 25 шілде және 11 қазанда Кеңхалком декретімен Мембанкке 1, 2, 3, 5, 10, 25 және 50 червонец тұрғысындағы банктік билеттерді шығару туралы құқық берілді. Бір червонец соғысқа дейінгі алтын монетадағы (7,74234 г алтын) 10 рубльге теңесті. Мембанк червонецтерді кәсіпорындарда вексельдік және тауармен қамтамасыз етілген қарыздар беру арқылы шығарып отырды. Бұл тауар айналысының қажеттілігімен байланысты червонецтерді шығаруға мүмкіндік берді.
Червонецтерді эмиссиялаудың несиелік сипаты олардың қарызды өтеу барысында банкке қайтарылуына қызмет етті. Вексельдер мен тауарлы-материалдық бағалылықтардан басқа да червонецтер эмиссия сомасынан 25% алтынмен және шетел валютасымен қамтамасыз етілді. Банктік билеттер алтынға айырбасталмады, бірақ банк червонецтердің алтын рубльдегі бағамының сақталуын бақылап отырды. Кеңес мемлекетінің барлық тарихында червонец жалғыз ғана тұрақты валюта болып табылды.
Сауда-саттықтың және банктік несиелердің ұлғаюына қарай червонецтер де айналыста қолданыла бастады. Олар айналыстағы барлық ақша массасынын нақты құнының 1.04.1923 ж. - 15%, 1.07.1923 ж. - 37%, және 1.10.1923 ж. -74% құрады. Кәсіпорындар арасындағы барлық ақшалай есеп айырысулар, мемлекеттің кірістері мен шығыстары және баска да төлемдер червонецтермен бейнелене бастады.
Червонецтер ірі ақша болғандықтан да олар көбіне көтерме шаруашылық айналымына қызмет етті. КеңестІк ақша белгілері өздерінің ұсақ құндылығына қарамай, олар ұсақ бөлшек сауда және базар айналымында қызмет ете берді. Шын мәнісінде елде екі валютаның қосарлы айналысынының жүйесі қалыптасты: Мембанктің несиелеу барысында шығарған червонецтері және Халыкаралық қаржы комитетінің бюджет тапшылығын жабу мақсатында шығарған кеңес акшасының белғілері.
Екі валютаның қосарлы айналысы - халық пен елдің экономика жағдайына катты есер етті. Жалақы червонец түрінде есептелгенімен кеңестік ақшалық белгілерінде берілді. Шаруалар өздерінің өнімдерін кұнсыз кеңестік ақша белгілеріне сатқылары келмеді.
1.05.24 жылы айналыстағы ақша массасы астрономиялық санға - 762,3 квадрильон рубльге (квадрильон - бұл 15 нолі бар ақша бірлігі) жетті. Бұл ақша массасының нақты құны (червонецтегі) 15,2 млн рубльді құрады.
Кеңестік ақша бірліктерінің құнсыздану қарқыны орташа және ұсақ купюрадағы ақшалардың жетіспеушілігіне әкеліп соқты. Сөйтіп, ұсақ ақшалар ретінде әр түрлі ақшалар, әсіресе тұрақты валюталарда бейнеленген сурогатгарды шығарды

1.3. .Реформа жүргізудің шетелдік тәжірибесі.
Тауар шаруашылығының кеңеюі, шаруашылық байланыстардың интернационалдануы, дүниежүзілік нарықтың пайда болуы дүниежүзілік ақшалар қызметінің пайа болуына себеп болды. Дүниежүзілік ақшалар интернационалдық құн өлшемі, халықаралық төлем және сатып алу құралы ретінде қызмет етеді.
Бұл қызметті бастапқыда толық бағалы ақшалар (алтын), ал кейіннен нағыз ақшалар (шетел валютасы) атқарды. 1867 жылы Париж келісімі дүниежүзілік ақша кызметін алтынға балап бекітті.
Егер де елдің ішінде ақша ұлттык ақша бірліктері формасьшда қызмет етіп жүрер болса, ал одан тысқары жерде К. Маркстің айтуынша: "ақшалар өзінің ұлттық киімдерін шешіп, бастапқы кымбат бағалы металл формасын киеді"1, яғни жалпыға бірдей эквивалент формасына өтеді.
Бірақ алтын айналысы тұсында да ағымдық халықаралық есеп айырысуларға алдыңғы елдердің ұлттық валюталары қызмет етті. 1913 ж. халықаралық есеп айырысулардың 80%-зы ағылшын фунт стерлингінде бейнеленген аударым вексельдер көмегімен жүзеге асырылды, ал алтын халықаралық есеп айырысулардың қалдығын жабуға ғана қызмет етті.
Бреттон-Вудстағы (1944 ж) мемлекетаралық келісімге келу, доллар мен фунт стерлингке резервтік валюталар мәртебесін бердІ. Кейіннен дүниежүзілік ақшалардың жаңа формалары: СДР - арнайы қарыз алу кұқығы; ЭКЮ - еуропалык есепке алу бірлігі пайда болды. Ал 1999 ж. 1 қаңтарынан бастап Еуропаға ынтымақтастық елдердің ортақ ақша бірлігі "еуро" айналысқа шықты.
Демек, дүниежүзілік ақшалардың дамуы үлттық ақшалардың металл ақшадан несиелік акшаға өту жолын кеш те болса қайталауда.
Қазірғі уақытта дүниежүзілік несиелік ақшалардың жобалары жасалуда, бірақ одан әлі нәтиже жоқ. Енгізілген шарты есептесу бірліктерінің (СДР, ЭКЮ) өзіндік меншікті құндары жок, сондыктан да олар толыққанды түрде дүниежүзілік ақшаның қызметін атқара алмайды. Бұл қызметті тек қана алтын нарығындағы операциялар арқылы алтын атқарады.
2. Қазақстан Республикасында 1993 жылғы ақша реформасының экономикалық мазмұны мен нәтижелері.
2.1 Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгенің енгізілуі және тұрақтылығы.
Бір адамның ауыстыратын ақшасының ең жоғары мөлшері 1000 рубльден аспады. Ал зейнеткерлерге 200 рубльден аспайтын мөлшерде айырбастауға рұқсат етілді. Белгіленген лимитен жоғары сомада ақшасы бар адамдарға табыс көздері туралы декларациямен арнайы комиссияға бару керек болды.
1991 ж 23 қаңтардан бастап бір уақытта салымдарды беруге де шек қою енгізілді. Салымдарды тек қана жинақ банктері арқылы тұрғылықты жеріне байланысты айына 500 рубльден аспайтын сомада бере отырып, ол туралы төл-кұжаттарына белгі қойылды.
"Павловск" реформасы нәтижесінде айналыстан 8 млрд рубль алынып тасталып, оның иелік ету заңдылығы дәлелденбеген болатын.
Бірақ бұл шара рубльдің сатып алу қабілетінің ұлғаюына әсер етпеді.
Бағаның жіберілуі ақшалардың ұстамсыз өсуінде байқалды.
Қайта құру жағдайында өндірістің құлдырауымен бірге айналыстағы ақша массасының өсуі қатар жүрді. Тауарлар мен азық-түліктер көбіне шетелден сатып алынды. Бұл үшін қажетті валютадағы 1,63 млрд доллар сомасын алтынды сатудан тусірді: 1989 ж. - 300 т., 1990 ж. - 234 т.
1990 ж. нақты ақшаның эмиссиясы 25 млрд рубль құрады, бұл 1981-1985 жж. қоса алғандағыдан біршама үлкен. Қыруар ақша массасы бос тұтыну нарығына сай келмеді.
1991 ж. қаңтарда "1961 жылғы 50 және 100 рубльдік үлгідегі ақша бірліктерін КСРО Мембанкінде төлем ретінде қабылдауды және олардың айырбастау тәртібін тоқтату мен азаматтардьң салымдарынан қолма-қол ақша беруді шектеу туралы" Президенттің Жарлығы мен КСРО Министрлер Кабинетінің қаулысы кабылданды. Айналысқа 1991 жылы шығарылған жаңа купюралар енгізІлді. Жеке тұлғаларға ескі ақшаны жаңа ақшаға айырбастауына не бары үш күн берілді.
КСРО ыдыраған соң кеңес валютасы - рубль бірінші кезеңде, ТМД-ға кірмейтін елдерді қоса алғанда, тәуелсіз мемлекеттер аумағында айналыста жүре берді. Әр түрлі себептерге байланысты, ең бастысы, жаңа мемлекеттердің саяси тәуелсіздікке ұмтылысы, сондай-ақ тез қалыптасып үлгерген заңдармен экономиканың социалистік директивті үлгісінен нарыққа өтуі мүмкін еместігіне байланысты біртұтас валютаны сақтау аумағы сәтсіз үзілді.
КСРО ыдырағын соң ақшаны дезинтеграциялау процесі өте күрделі жүргізіліп және бұрынғы кеңес мемлекеттерінің меншікті ұлттық валюталарын енгізілумен аяқталды.
КСРО республикаларының егемендігі жариялағаннан кейін барлық 15 ұлттык банктер бір-біріне тәуелсіз түрде орталық банктер ролін атқара бастады. Мұндай салдардың біріне несиелік экспанциялау жатгы. Мысалы, Украина ¥лтгык банкі 1992 ж. маусымда несие беру көмегімен кәсіпорындардың міндеттемелері бойынша өзара есеп айырысуды өткізді. Бұл мысалды ТМД елдердің көптеген орталық банктері қайталады. Ресей қолма-қол рубльді шығаруда монокомитетке айналғанымен де кейбір КРСО-ның бұрынғы республикалары өздерінің ішкі тұтыну нарығын басқа республикалардың сатып алушыларынан "қорғау" максатында өздерінің валюталарын айналысқа шығаруға тырысты. Мұндай жағдайлар, Украинада, Литва, Латвияда және Әзірбайжанда болды.
1992 ж. шілде айында Орталык; банктердің корреспондентік шоттарындағы ақша каражаттар көлемінде және Ресей мен бұрынғы кеңес мемлекеттері арасындағы ..........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру