Тарих | Алдыңғы Азиядағы мамлюктер
Мазмұны
Кіріспе.......................................................................................................................3
І тарау. Алдыңғы Азиядағы мамлюктер
1.1. Мамлюктердің шығу тарихы.............................................................................5
1.2. Египет мамлюткері..............................................................................................7
ІІ тарау.
2.1. Бейбарыс сұлтандығы және оның сыртқы жағдайы...................................16
Қорытынды.................................................................................................................21
Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................................................23
Сілтеме........................................................................................................................24
1.1. Мысырдағы мамлюткердің шығу тарихы
Ортағасырлық барлық тарихшылар мәмлүктердің отандары "Қара теңізден Хазар теңізі арқылы Түркістанға созылған" Қыпшақ жері деп көрсетеді. Тарихшы Әл-Қалқашанди "Қысы қатты, жазы ыстық, суы аз, жайылымдары жұта" жерлерде тұрып жатқан түркілер күн көру үшін өздерінің балаларын, ұл болсын, қыз болсын құлдыққа сатады- деп жазады. Тарихтан Қырым жағалауларында орналасқан қалалар, оның ішінде Азов теңізінің жағасында орналасқан Каффа қаласының түркі тектес құлдар сатылатын орталықтар ретінде аты шыққандығы белгілі.
Жалпы құл базарларында сатылатын әр түрлі ұлттардың өкілдерімен салыстырғанда түркі, оның ішінде, қыпшақтарға сұраныс көп болған, сондықтан олардың құны да басқалармен салыстырғанда жоғары болған. Мысалы, үш құл сатып алуға болатын ақшаға екі қыпшақ алуға ғана жететін. Оның себебі - қыпшақтар ат құлағында ойнаған шабандоз құралайды көзге атқан мерген, шебер найзагер, екі-үш күн тамақ ішпесе де сыр бермейітін ыстыққа да суыққа төзімді және басқа да көшпенділерге түн қасиеттері бойына сіңірген басқа ұлт өкілдерімен салыстырғанда әскери қызметке дайын жауынгерлер болатын. Оның үстіне түркі ұлтының төңірегінде айтылатын әр түрлі аңыз әңімелер де баршылық.
Ибн Йиас араб тарихшысы әл-Басриға сілтеме жасай отырып түркі халқы туралы" Түркілер Нұх пайғамбардың баласы Яфеттен тарайды. Яфет түркілердің атасы. Яжуз мне Мажуздер түркілердің көкесінің балалары. Түркілер түркі деп аталу себебі, Ескендір Зұлқарнайын яжуз мен мажуздерден қамал соққан кезде, олардың ішінен бір тайпа құрылыс кезінде болмайды. Олар құрылыс туралы ештеңе білмегендіктен қамалдың сыртында қалып қалады. (Арабша "түрік" қалдырылды деген мағынаны білдіріледі.) Сыртта қалғандықтан олар "түркі" деп аталды. Түркілер сол ұмыт қалған тайпаның нәсілінен дейді.
Отырықшы мәдениет үшін Ұлы Далада ат үстінде өмір сүрген денелері жүйрік атпен бітісіп кеткен мәңгі кентаврлар, жолындағылардың бәрін күл-талқан ететін яжуз мен мажуздер, болып көрінетін.
Жалпы алғанда, түркілердің бөтен жерлерге келген себебі басқаша да айтылады. Бейбарыс ад-Дауадар "Түркілер әлі де өз Отандарында тұрып жатқан болатын. Дурут (Төрт) тайпасының Кутун (Көтен) ұлы Манғуш деген бір адамы аңға шыққанда Тоқсаба тайпасының Ақ Кубук (Ақкөбік) деген кісісімен кездесіп қалады. Екеуінің арасында ескі жаулық бар болатын. Ақкөбік оны тұтқынға алып өлтіреді. Баласының хабары кешіккен соң Манғұштың әкесі Жаланғар деген кісіні жұмсайды. Ол Манғұштың қаза тапқанын айтып келеді. Дуруттар кек қайтаруға атқа қонады. Тоқсабалықтарға қарсы шыңады. Екі тайпа арасында болңан шайқаста Ақкөбік жараланып, тоқсабалықтар жеңіледі де, інісін Жошы ханға көмек сұрауға жолдайды. Дурут тайпасынан көрген қорлығын айтып, бұл тайпаны ауыздықтайтын бұл жерде ешкім жоқ, екендігін айтады. Елдің түбіне алауыздық жетксен Жошыхан әскерлері қыпшақ ауылдарын шауып, көп адамдарды өлтіріп, бір бөлігін тұтқынға алады. Құл сатумен айналысатын саудагерлер оларды әр түрлі елдерге, оның ішінде Мысырға жеткізеді".
Христиан және жебірей құл саудагерлері өздерінің тірі тауарларын Мысырға негізінен кемелермен, Жерорта теңізі арқылы Мысырдың Дмият және Александрия порттары арқылы теңіз жолымен жеткізетін болса, мұсылман саудагерлер Кіші Азия арқылы құрлық жолымен өтетін болған. Бейбарыс та әуелі Шамның Алпі қаласына, одан соң Мысырға құрлық жолымен қазіргі Түркияның жеріндегі Сивас қаласында болған құл базары арқылы өтксн.
Тарихшылар мәмлүк әкелуші саудагерлерді сұлтандар қабылдайтынын, олар оған жалғыз мәмүк әкелсе де оның құнынын үстіне тиесілі сияпатын алатынын, басқа да сый-сияпат көрсететінін атап өтеді. Әрине, мәмлүк сұлтандары өз ұлтының аяқ-қолы балғадай, тепсе темір үзетін жігіттерін молынан әкелуге мүдделі болатын. Олар, сонымсн қатар, базарларға келіп түсіп жатқан түркі қыздарын да қалдырмай сатып алып отырған. Сұлтан осы -ған арнайы қаржы бөліп, өз мәмлүктерінің қатарын толтыруға ерекше мән беретін. Мысалы, Бейбарыстың құл базарларынан өзінің отандастарын сатып алып отырғандығы және ол үшін мемлекет қазынасынан ардайым арнайы қаржы бөліп отырғаны белгілі. Осы орайда келесі бір әңгіме айтылады. Бірде, бір саудагер Бейбарыс түркі ұл-қыздарын сатып алуға бөлген үлкен қаржымен қашып кетеді. Тарихшының өз ойы бойынша сұлтанға қашқын "түркі елінің бір шеті Қарақорымда" қоныстанғандығы туралы хабар жетеді. Бейбарыс Мөңкс Темір ханға хат жазып, саудагерді бұғаулатып Мысырға алдыртады.
Осы заманғы Каир бір Фустатта орналасқан атақты құл базараларына келіп түскен сымбатты жігіттер мен талшыбықтай бұралған кыздар ашық базарға шығарылмайтын. Жақсы құлдар кеңес дәуірі кезіндегі импорт тауралары секілді жасырын сатылып кететін болған. Сол кездің түсінігі бойынша оларды ашық сату олардың намысын қорлау деп саналған. Оның себебі көрікті қыздар мен жігіттер негізінен сұлтан мен ірі әмірлердің иеліктеріне көшетіндіктен деп болжалдауға болады. Ол заманда кім құл мен көнің көңіліне қарасын.
1.2. Египет мамлюткері
Аббас әулетінен шыққан Бағдат халифасы әл-Муғтасам (833- 842) Мәуренахр өзеннің ар жағындағы жерлерден - Самарқан, Ферғана, Шаш құл базараларынан әкелген түркілерден арнайы әскери топ құрған алғашқы билеуші саналады. Араб тарихшыларының көрсетуі бойынша, Сейхун (Сырдария) өзенінің ар жағындағы жерлерден әкелінген мәмлүктердің саны бірнеше түрілерге жеткен.. Бағдатшылықтар көшелерінде салт атты мәмлүктер тұрғын халықты аттың сауырына алып, қысым көрсетеді. Олар үшін қисық-қисық Бағдат көшелері тарлық етеді. Түркілер мен тұрғын халық арасында жаулық етек ала бастайды, сондықтан халифа жаңа қала соғып, сол жерге түркі мәмлүктерді орналастырады. Қаланың атын Самара деп атайды. Арабша "сарра ман раа"-деген сөз тіркесінің, ауызекі тілде қысқарған түрі. Қазақша "көрген адам қуанған" деп аударылады. Түркі мәмлүктерінің саптама етіктерінің табаны тиген, адам көрсе қуанатың көркем қаланың Шығыршық мұнарасы осы күндерге дейін жеткен.
Сонымен, “Қос қылыш бір қынға сыймайды” деп қазақтың дана сөзінде айтылғандай, араб халифасының түркі жауынгерлеріне арқа сүйеуі сол кезде үкімет пен әскер басшылығындағы арабтар мен парсылар арасындағы ашық та жасырын бәсеке себеп болады. Алайда, арабтың менмендігі мен парсының билік құмарлығынан таза, жастай әкелініп арнайы әскери тәрбиеден өткен түркі мәмлүктердің халифаттың саяси өміріндегі орындары күннен-күнге күшейіп, көп ұзамай мемлекетті басқару ісіне араласа бастайды. 861 жылы халифа әл-Мутауккилдің өлімінен соң, халифаттағы билік олардың қолына біржолата көшеді. Абу Шаманың айтуы бойынша "халифалар олардың қолында тұтқын секілді болатын. Олар оны қажет деп тапса тақта қалдыратын, қажет деп таппаса тақтан ,түсіретін немесе өлтіретін"
Қорыта айтқанда, түркі мемлекеті дүниеге келмей тұрып-ақ бұл аймақта мәмлүктер кеңінен белгілі болған. VІІ-ғасырда араб қолбасшысы Қутайба ибн Муслимнің Түркістанның оңтүстігіндегі жерлерді, арабша Мәуренахрды - Джейхун және Сейхун өзендерінің қауызындағы жерлерді жаулап алған заманына түркі құлдары мұсылман билеушілерінің сарайларының маңында пайда бола бастайды. Тарихшылардың көрсетуі бойынша түркілер "сенімділігіне, батырлығына, тұрқының әдемілігіне" қарай үлкен сұранысқа ие болған. Бағдатта мәмлүктердің билік басына келуіне жол ашқан алғышарттар шамамен 300 жылдан соң Мысырда да қалыптасады. Алайда, бұл аралықтың өзінде осы аймақтағы ірілі-ұсақты саяси мәселелер түркілердің қатысуынсыз шешілмейтін.
Мысырда мәмлүктер өздерінің мемлекеттерін құрмастан көп бұрын пайда болған. Мысыр ол кезде араб халифатының бір бөлігі болатын. Жақия ибн Дәуіт деген түркі мәмлүк Мысырды 778-780 жылдары халифаның уәлиі ретінде билеген. Ол туралы халифа Аби Жағфар ол-Мансұр "Бұл адам МЕНЕН қорқады, бірақ Алладан қорықпайды" деп айтқан екен. Тарихшы әл-Кинди өзінің шығармаларында халифа әл-Мустағсамның өзінің сенімді адамдарының бірі Қайдар деген түркіге Мысырдағы араб әскер басыларын орнынан түсіріп, сол жерде тәртіп орнатуды жүктейді. Қайдар халифаның бұйрығын бұлжытпай орындап, жиналған бес жүздей адамнан тұратын топты шашыратып, басшыларын тұтқынға алғанын жазады. Сол кезден бастап Мысырды түркілер билей бастайды. Осы жерлерде орналасқан әскерлер түркілерден құралып, уәлилер солардың қатарынан сайланатын дәстүр қалыптасады. (2)
ІХ-Х-ғасырларда өмір сүрген Тулун мемлекеті де түркі мемлекеті болатын. Тулун Бұқара әмірі 850 жылы Бағдат халифасы Мамунға сыйға тартқан түркі мәмлүктредің бірі еді. Ол өзінің ерекше қабілеттерінің арқасында халифаны күзететін топтың басшылығына дейін көтеріледі. Баласы Ахмад ибн Тулунның 868 жылы Мысырға уәли болып тағайындалуына көмектеседі. Тәрбиемен келді ме, әлде қанмен келді ме Йбн Тулун түркілерді көптеп сатып алып, мемлекетті баскару ісіндс соларға арқа сүйейді. Іштей орталықтан іргесін аулақ салып, оңаша билік құруға бел байлаған Ибн Тулун әскер жасақтау ісінс ерекше мән береді. Араб тарихшылары Ибн Тулунның, әскеріндегі түркі мәмлүктерінің саны 24 мың, зәңгілер 40 мың, ал бастары азат жалдамалы араб әскерінің саны 7 мың болған деп көрсетеді. Ал Ибн Йиас болса Ибн Тулун әскеріндегі тек дилим-дердің саны 24 мың болған деп көрсетеді.
Тулун мемлекетінің ізінше дүниеге келген, 968-1171 жылдар арасында билік құрған түркі Ихшидтер әулеті де өз әскерінде 8 мың түркі мәмлүк болған. Олар сұлтанның жеке күзет қызметін атқаратын болған. Сұлтан ұйқыға кеткенде оны әр түні мың мәмлүк кірпік қақпай күзетеді екен.
Көріп отырғанымыздай, түркі мәмлүктер Мысырда қыпшақтардан көп бұрын белгілі болған. Ашығын айтқанда, түркі құлдарының есік алды қызметшілері болып жүріп, қалайша мемлекеттік мансаптарға иелене алғандығын 1058 жылы қайтыс болған Ибн Хасул өзінің "Китаб тафдил ал-ахрак ала саир ал-аджиад" ("Түркілердің басқа ұлт жауынгерлерінен-артықшылығы туралы кітабы") атты шығарамасында жан-жақты негіздеп береді. Осы тарихшының сөзіне қарағанда ислам әлеміне соғыс тұтқындары немесе құл ретінде сатылып келген түркілер "Ішер аста, киер киімде, мінер атында иесімен тең болмаса ырза болмайтын. Басқа сатылып алынған құлдар мен тұтқынға түскендер секілді жер сыпыру, жылқы күту және т.б. сол секілді өздері істеуге ұят санаған жұмыстарды мүлдем істемейтін болған. Ал, бас бостандығын алған түркілер әскери қызметке алынған соң әскер басы, топ басы, басқа да әмір беретін, басқаратын жұмыстарға ұмтылатын болған, басқа істерге риза болмайтын"- деп көрсетеді. Түркілер мұсылман қоғамында ешқашан өздерінің қасиеттерінен төмен жұмысқа не іске бармағандықтан олардың тектілігі, мықтылығы туралы аңыз-әңгімелер тарап, олардың ерекше болмысы төңірегінде түсінік қалыптасады. Аббасид халифалары кезінде түркілер, өздернің санының аздығына көбінесе құл ретінде әкелгендіктеріне қарамастан мұсылман қоғамындағы маңызды ұлттардың қатарына жататын дәрежеге жетеді. Сондықтан түркілерден құралған әскерлер мен олардан тұ-ратын әскерлер халифаттың иерархиясында өздеріне лайық берік орын алады. Халифа оларды әр түрлі ұлттардан құралған араб империясының түрлі ықлымдарындағы тәуелсіздік бағыттағы қозғалыстарды басуда да қолданады. Осыған байланысты олардың мемлекетті басқару ісіндегі рөлдері артып, олардың катарынан уәзірілер, уәлилер және тағы басқа да жоғары лауазым иелері шыға бастайды. Сол себепті, кез келген империялар секілді Халифат та ыдырағанда одан бөлініп шыққан әмірліктердің басында негізінен түркілер тұрады. Түркі билеушілердің иеліктеріндегі және басқа да түркі емес иеліктердегі де әскерлер негізінен түркілерден тұратын болады. Бұл жерде, түркілер Үндістанда моғолдар империясы деген кеңес историографиясына енген Темір әулеттерінің мемлекетінен үш жүз жыл бұрын түркілер Дели маңында өздерінің мемлекеттерін құрғанын айта кеткен жөн.
Сонымен, Тулун мен Ихшид әулеттерінен соң Мысырда билікке келген Фатима бибінің әулетінің тұсында да түркі мәмлүктер халифаның ерекше сеніміне кірген топ болып қала береді. Мысалы, Банжутегін деген түркі Мысырдағы әскердің қолбасшысы, кейін Шам иеліктерінің уәлиі болады.
Фатима әулеттерінің билігі кезінде бір уағыз айтушының айтқан сөзі тарихи шығармалар бетінде жазылып, бізге жеткен. Онда ол "Мәмлүктер тастан қашалған емес, ағаштан жасалған емес. Олардың иелерінен алты талап бар. Олар мәмлүктеріне жеткілікті ішіп-жем, жөнді лыпа беріп, күші жетпейтін жұмысты жүктемеуі, тәрбилеу үшін қажет болмаса ұрмауы, арам іске итермелемеуі және намаз оқуына кедергі жасамауы керек. Ал мәмлүк болса иесінің айтқанын орындауға, қиянат жасамауға иесінің қайғы-қуанышына ортақтасуға, иесі үшін аянбауға, өнері мен қабілетін жасырмауға міндетті. Сонымен қатар, мәмлүк иесінің айтқандарына қарсы келмей тілін алуға, оның дүнйе-мүлкін, қаржысын иесінің келісімінсіз иеленбеуге міндетті"-деп көрсетеді. Көріп отырғанымыздай, иесі мен мәмлүк арасындағы қарым-қатынастар шариғат арқылы реттеліп отырған немесе иесі де құл да баратын мешітте олардың ара-қатынасына қатысты діни-моральдық .....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: курстык Алдыңғы Азиядағы мамлюктер жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Тарих курстық жұмыстар, Алдыңғы Азиядағы мамлюктер